Дүйсенбі, 11 Сәуір 2022 15:36

Төртінші биліктің өз төрі болуы керек

«Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек. Бұл қағидат қазір кезкелген өркениетті ел үшін айрықша маңызды. Отандық ақпарат құралдарының Қазақстанда, өңірде және әлемде болып жатқан үдерістер туралы өз көзқарасы болуға тиіс.

Еліміздің ақпараттық қауіпсіздігі, тіпті идеологиялық дербестігі осыған тікелей байланысты».

Қ.К.ТОҚАЕВ.

«Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы»

атты Қазақстан халқына Жолдауынан.

БАҚ қызметкерлері – газет, радио, теледидар секілді ақпараттық саланың төңірегінде жүрген, сөз, қоғам және ар жауапкершілігін арқалаған мамандық иелері, яғни журналистер. Олар – өз оқырмандары мен көрермендерінің, тыңдаушыларының таңдаулысы болу үшін тынбай еңбектеніп, қоғамда болып жатқан жаңалықтардан құлақтандырып, айналамыздағы саяси-әлеуметтік мәселелерге назар аудартып, еліміздің  дамуына өзіндік үлесін қосып келе жатқан жандар.

Жураналистика – төртінші билік. Әрине, бұл атау демократиялы, санасы ояу, интеллектуалды қоғамда ғана мүмкін болатын нәрсе. Қоғамдағы кемшіліктер мен олқылықтарды сынай отырып, оның жақсыға қарай өзгеріп, алға қадам басуына әсер ете алатын бірден-бір ашық алаң болғаны абзал. Қоғамның идеологиялық саласында ғана емес, оның саяси билігі мен экономикалық реформаларына, елдің дамуы мен гүл-денуіне, көркеюі мен толысуына үн қосып, керек кезінде халықтың атынан құзырлы органдарға өз ықпалын жүргізе алатын орган екені аян. Алайда...

Қазіргі технологияның қарыштап дамыған нарық заманында газет-журналдар оқылмайтын қауіпті жағдайда – жар жағасында тұрғаны шын. Өйткені, әлеуметтік желілерде журналистика саласына блогерлер кедергісіз еніп, дерегі күмәнді, анық-қанығы зерттеліп, зерделенбеген, жылт еткен ақпараттар қаптап кетті. Тіпті блогерлердің жалаң, жеңіл-желпі жазған ақпараттарын қызыға оқитын аудитория пайда бола бастады. Осының салдарынан «Газеттің дәурені өтті» деген пікірлер айтылуда. Әлемде, елде болып жатқан жаңалықты газеттерден бұрын құлақтандыратын блогерлердің жазғанына көз жүгірту үрдіске айналып барады.

Шынын айту керек, блогер кез келген адам бола алады. Ал, журналист болу үшін білім алу, тәжірибе жинақтау керек. Журналист – ұдайы ізденіп жүретін мақсаткер, қолға алған жұмысына талапшыл, айтар ақпараттың анық-қанығын зерделеп, зерттеп, деректермен дәлелдеп, ойын оқырманына нақты  жеткізе алатын, шынайы шындықты жаза алатын, салмақты сын айта алатын, әр салалардан хабары бар, жан-жақты адам. Жаңа медия – заман талабы деген түсінік өмірімізге енгенмен, журналистік мамандықтан хабары жоқ блогер желідегі жеңіл-желпі жарияланымдарымен бәсекелес, баламалы ақпарат құралы бола алмайды.

«Журналистің жегені – жантақ, арқалағаны – алтын» деп бекер айтпаған. Өйткені, ауа, су, қуат көздері адамзат баласына қаншалықты маңызды болса, журналистің желмен жарысқан ақпараттық нарық – жаңалығы  соншалықты маңызды. Журналист басқа салалардағыдай белгілі бір уақытпен жұмыс жасамайды. Олар демалыс дегенмен санаспай қай жерде қандай жағдай болмасын ыстығына күйіп, суығына тоңып жүріп, оқиға ортасында болып қана қоймай, оны ертеңгі күні елге жеткізу үшін түн ұйқысын төрт бөліп толғанып, шығармашылықпен ізденіп жазады. Журналистер әрқашан алғы шепте жүреді. Мысалға, тәж тажал – ковид кезінде дәрігерлерге, уақыттан тыс істеген жұмысшы, құрылысшыларға қосымша ақы төленеді. Ал журналистер мардымсыз жалақысынан басқа ештеңе алмайды. Журналистерге баспана алу деген жоқ, жас кадрлар пәтер жалдап тұрады, не барып-келіп  жұмыс жасайды. Баспасөз күндері ғана әкімнің мақтау марапатына ие болмаса, басқа құрметтен жұрдай, бірен-саран танымалдары болмаса. Әлеуметтік жағдай қарастырылмаған. Бүгінгі «төртінші билік» иелері күнкөрістің құрбаны болып, тапсырыспен мақала жазуға, жалдамалы қаламгер атануда мына нарық экономикасының заманында.

Журналист ешкімнің сойылын соқпау керек. Барды бар, жоқты жоқ деп, нақты дерекке сүйеніп, түрлі жанрларда – ақпараттық-хроника, сұх-бат, аналитикалық корреспонденция, комментарий, мақала, очерк, фельетон, көркем публистикалық эссе, басқа да сыни мақалалар жазып, қоғамның дертін емдеуге өз септігін тигізу – борышы. Журналистке «жабық» тақырып болмауы керек. Әр салалық тақырыптарды жіліктеп жазатын еркіндік болғаны жөн. Сонда ғана демократия, төрелік ететін төртінші билік орнайды. Сенатор, білікті журналист, Нұртөре Жүсіп: «Журналистерге сот, прокуратура, ішкі істер, адвокат, нотариус сияқты нақты мәртебе беретін кез келді. Бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалынсыз қоғамды демократияландыру мүмкін емес. Сондықтан, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін арнайы әлеуметтік мәртебе арқылы қолдауды әрі қорғауды ұсынамыз. Бұл үшін «Журналист мәртебесі туралы» арнайы заң қабылдау қажет» деген ұсынысын, үкімет қажеті жоқ деп қабылдаған. Енді осы мәселені шешетін кез келді. Ел басшысы Қ.Тоқаев өзінің «Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында «Бүгін мен осы стратегиялық мақсатымызға жетуге мүмкіндік беретін бірқатар бастамаларды ұсына-мын», – деп, оның жетінші – «бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілетін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту» тарма-ғында: «Журналистер өз еліне және азаматтарына шынайы жанашыр болуға тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары бекерден бекер «төртінші билік» атанбаса керек... Тәуелсіз әрі жауапкершілігі жоғары бұқаралық ақпарат құралдары болмаса, қоғамды одан әрі демократияландыру мүмкін емес. Сондықтан мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұранысын және медиасаланың даму үрдісін ескере отырып, БАҚ туралы заңды қайта қарау керек» – деп атап өтті.

Ия, экономикалық нарық заманында беделі түсіп, әупірімдеп күн көріп жүрген журналистердің күні де оңынан туатын кез келді. Олай болса, төртінші биліктің өз төрі болуы керек.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 3362 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…
Сәу 19, 2024

Тазалық – ұлы істердің бастамасы

Елбасымыз Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014…
Сәу 18, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары! Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың…
Сәу 17, 2024

Горнодобывающий сектор – стимул для…

Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном…
Сәу 15, 2024

Зоя МАГАМАДОВА, заместитель…

Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет