Сәрсенбі, 08 Маусым 2022 22:26

Өзгерістерге батыл қадам

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа арнаған Жолдауында елімізде жаңадан үш облыс – Ұлытау, Абай, Жетісу облыстары құрылатынын айтты. Әрине, бұл жаңалықты жұртшылық өте жақсы қабылдады. Өйткені елдің әлеуметтік, экономикалық жағдайы тұрғысынан ғана емес, бұл шешім – тарихи, саяси, рухани жағынан да өте маңызды, әрі өте оңтайлы шешім. Мұны Қасым-Жомарт Кемелұлы да өз сөзінде айтып өтті.

Қай дәуір, қай замандарда да басты байлық – рухани байлық болып қала бермек. Осы орайда қазақ халқы – өте бай, тарихы тереңнен бастау алатын, мәдениеті мен өнері де өзгелерден оқ бойы озық, текті халық. Бұл – біздің мақтанышымыз, алдымыздағы бағдарымыз, әрі бетке ұстар беделіміз де. Сондықтан оны көзден таса, ұмыт қылмай, елге көрсете, таныта білуіміз маңызды. Бұны айтып отырған себебім, Мемлекет басшысының жаңа құрылатын үш облысқа – Ұлытау, Абай, Жетісу атауларын беруінде де үлкен мән-мағына бар. Мысалы, Ұлытаудың қазақ тарихындағы алар орны ерекше. Ұлытауды ұлтымыздың тарихи кіндігі дейміз. Өйткені Қазақ елінің шаңырағын көтерген алғашқы тарихи құрылтай болған қасиетті мекен, үш жүздің басын қосқан – Ұлытау. Қазақ халқының ұлы ғалымы Қаныш Сәтбаев: «Орыстарға Кремль қандай қадірменді болса, меніңше, Қазақ елі үшін Ұлытау да соншалықты қастерлі» деп Ұлытаудың тарихи мән-маңызын ерекше атап өткен. Осынау қасиетті мекеннің бар асылын абыроймен ардақтай білуіміз керек. Мұндағы мол қазына – тереңде жатқан тарихты паш етіп, онымен мақтана білуіміз керек. Мысалы, жарты әлемге әмірін жүргізген атақты Шыңғысханның ұлы Жошының ұлысы Ұлытауда болған, мазары да сонда. Шыңғысханға деген дүниежүзінің ерекше қызығушылығын ескерсек, Ұлытаудағы тарихи жәдігерлер де елдегі мәдениет пен туризмге, тиісінше, экономикаға да оң әсерін тигізе алатынын ойлау керек. Бұл – тек бір ғана мысал. Тиынның екі беті болатыны секілді, бұдан бөлек Тәуелсіз Қазақстан экономикасының қозғаушы күші болған Жезқазғанның қазіргі жағдайы да облысты екіге бөлу туралы осы бір оң шешімнің арқасында түзеледі деген сенім мол.

Ал екінші облыс – Абай облысы туралы айтар болсақ, жаңа облысты қазақ үшін дара тұлға ақын Абайдың атымен атау да – саяси, экономикалық  маңызды шешім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған» деп атап өтті өз сөзінде. Осы орайда бұл шешімнің халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруда өзіндік үлкен ролі болмақ.

Алматы облысына келер болсақ, Алматы сынды мегаполистің аумағына халықтың көптеп шоғырланғанын баршаңыз білесіздер. Осы орайда Алматы агломерациясына қатысты түйткілдер де тиісінше көп. Президент осы және басқа да мәселелерді ескере отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынды. Сондай-ақ ерекше атап өтерлігі – Мемлекет басшысының Қапшағай қаласына Дінмұхаммед Қонаев атын беруді ұсынуы. Халықтың көкейінде жүрген бұл мәселе де уақытылы жасалған оңды шешім болды.

4 мамыр күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы Жарлыққа қол қойып, бүгін бұл құжат заңды күшіне еніп отыр. Әрине, облысты екіге бөлу оңай шаруа емес. Дегенмен де, жоғарыда атап өткенімдей, бұл шешімнің оңды тұстарын, көп сұраққа жауап табар, көп мәселеге таптырмас шешім боларын ескерсек, облысты бөлуде кездесетін әкімшілік, құжат жағынан болсын, тағы басқа мәселелердің уақытша екеніне көз жеткізу қиын емес. Ал оны үлкен проблема санап, қорқып отыра берсек, баяғы жартас – сол жартас болып қала бермек. Сондықтан үлкен өзгерістерге батыл қадам жасау маңызды.

Ерік АБИТОВ,

«AMANAT» партиясының Алматы облыстық мәслихат депутаты

 

 

 

Оқылды 765 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 20, 2025

Тұрақтылықтың стратегиялық бағдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының…
Қар 19, 2025

Халықтың…

Қазіргі таңда халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету…
Қар 19, 2025

Электронды темекінің жасөспірімдер…

Электрондық темекі (вейп) қазіргі уақытта, әсіресе жасөспірімдер арасында үлкен…
Қар 19, 2025

Консервіленген өнімдерді қолданудағы…

Үй жағдайында дайындалған консервілер әсіресе саңырауқұлақ, көкөністер, сирек жағдайда…
Қар 19, 2025

Гендік модифицирленген өнімдердің…

Гендік модифицирленген өнімдер (әрі қарай - ГМӨ) – биотехнология әдістері арқылы геномына…
Қар 13, 2025

Қазақстан Республикасы …

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі…
Қар 13, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Қар 03, 2025

Листериоз –жұқпа көзі, сақтық…

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет