Жұма, 01 Желтоқсан 2023 10:18

Ұлттық құндылықтар — тәрбиенің түп қазығы

Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін, адамзаттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу – өмір талабы. Өйткені, сонау ғасырлардан бүгінге жеткен ұлттық құндылықтарымыз  – еліміздің дамуы мен мәдениетінің айнасы. Демек, сан ғасырлық  тарихы бар рухани құндылықтарсыз ұлттың дамып, өркендеуі әсте мүмкін емес.

Әймен орта мектебінде ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу мақсатында «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» атты аудандық семинар өтті. Аталған шараға мектеп директорларының тәрбие ісі жөнінідегі орынбасарлары   қатысты.

Семинар мектеп оқушыларының әуелеген әнімен, күмбірлеген күйімен басталды. Шараның шаттығын асырып ақ шашу шашылды. Одан ары семинар «Ұлттық құндылықтарға арналған таныстырылымға ұласты. Ал таныстырылымда ұлттық ойындар, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлер, қазақтың музыкалық аспаптары, киелі сандар, ұлттық мереке мен мектеп оқушыларының назарына ұсынылған кітаптар көрсетілді. Әсіресе, «Үме», «Сырғалы», «Сірге мөлдірету», «Деңгене», «Бәсіре» сияқты ұлттық дәстүрлер көп көңілін аударды. Сонымен қоса, «Дауылпаз», «Тайтұяқ»  сынды музкалық аспаптардың маңыздылығы түсіндірілді.Қазақ үшін әр санның өзіндік қасиеті мен киесі, сыры мен жұмбағы, мән-маңызы болған. Халқымыз әр санның өзіне тән ерекшелігін саралап, жөнімен қолданған.  Таныстырылымда қасиетті сандар және олардың киесі туралы айтылды. Семинар қатысушыларына «Тәрбие негізі  ұлттық құндылықтарда» және «Шежіре – тарихи және рухани құндылық» тақырыбында коучинг ұйымдастырылды. Онда ар, ұят, талап ұғымда-рының тәрбиелік және философиялық  мәні кеңінен  талқыға салынды. Ал шежіре та-қырыбында жеті ата мен жеті ұрпақ және қазақтың өзге де туыстық байланыстары  тереңінен  сөз етілді.Семинар аясында  «Роль лошади  в траицонной культуре казахов», «Ғасырмен үндескен қобыз», «Ұлттық  құндылықтар – ел қазынасы», «Национальные ценности культуры казахсого народа» атты ашық тәрбие сағаттары өткізілді.

– Қазіргі ғаламдану кезеңінде ұлттық құндылықтарымызды сақтау мен өзінің бет-бейнесін, ізгі дәстүрлерін сақтау жолындағы күрес ұлттық сананы сақтау күресі екенін түсіну керек. Ұлттық тәрбие деп – жеке тұлғаның ұлттық сана-сезімі мен мінез-құлқының қалыптасуын, яғни ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айта-мыз. Біз ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығаруға күш саламыз. Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн. «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек», – деген екен. Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуге міндетті, – дейді  мектеп директоры Ақмарал Есенбаева. Семинар соңын қорытындылған аудандық білім бөлімінің әдіскері Зарима Әбілханқызы ұлттық тәрбиені мектеп жұмысының ажырамас бөлігі ретінде қарау керектігін айтты.                                                          

     Е.АСЫЛ.

Оқылды 2377 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жұлдыздар жауған жыл Қосалқы станция іске қосылды »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 20, 2026

2025 жылдың IV тоқсанында кірістері…

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша…
Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет