Бейсенбі, 03 Сәуір 2025 12:29

Жаңару мен жасампаздықтың бастауы

Ауа райының тынысын тыңдап, жердің тамырын басып, табиғат-анамен тығыз байланысқан халқымыз Наурыз айын жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс-берекенің арқауы санаған. 33 жылда бір рет тоғысатын қасиетті  Рамазан айымен Әз-наурыз тойын – дін мен дәстүрді ұштастырған қос мерекені биыл шелектіктер қасиетті жұма күні зор қуанышпен қарсы алды.

«Әз болмай, мәз болмас, шағала келмей жаз болмас» деп ой түйген халқымыз әз амалда арқа-жарқа болып қауышып, ұлықты ұлдары бастаудың көзін ашып, қылықты қыздыры гүл теріп, асыл әжелер көпшілікке ақ құйып, абыз ақсақалдар қолын көтеріп, елдің ынтымақ бірлігін тілеп, батасын беріп,  халықтың басын қосқан Ұлыстың ұлы күнін ұлықтады.

Шелек әкімдігінің алдындағы орталық алаңға 15-ке жуық киіз үй және ұйғыр, орыс, кәріс этномәдени орталығының шатырлары тігілді.Әр отау қазандарын көтеріп, наурыз көжелерін пісіріп,төріне  түрлі тағамдары толы дастарқаннан құтты қонақтар дәм татты. Бәрі ұлттық киім киген, жүздері бал-бұл жайнап, қуаныштың  лебі еседі.

Мерекелік шара ақ пен қара киінген қыз-жігіттер күн мен түннің теңелгенін билеп білдірсе, әз әже елін барлық бәле-жаладан аластап, Қыдыр ата батасын беріп, жаңа жылдың жақсы болуына жол бастады.

Ауылға арнайы ат басын бұрған аудан әкімі Талғат Байеділов жиналған жұртты Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ауданда, Шелек ауылында атқарылып жатқан игі істерден құлағдар етті. Сонымен қатар аудан басшысы «Шелек су» шаруашылығының басшысы  Әсет Когуловқа су жаңа трактор сыйлап, кілтін салтанатты түрде табыс етті. Одан кейін Алматы облысының құрметті азаматы Елеусіз Сұлтанғазыұлы ақсақал жаңа жылдың жұртты жарылқауын тілеп, ақ батасын берді. Ал ардагер ұстаз Ұмсынай Әбілқайырова және Ә.Қайдар атындағы қазақ орта мектебінің жас ұстазы Ерасыл Орысбекұлы сөз сөйлеп, жүрекжарды жылы лебіздерін білдірді.

Елге танымал әнші Жолбарыс Сейфуллин бастап, Шелек өңірінің мәдениет үйлерінің күміс көмей  әншілері, әжелер ансамблі мен мектептердің өнерпаз оқушылары алуан-алуан әндерді асқақтата орындап, бишілер түрлі ұлттың билерін мың бұрала билеп, күмбірлеген күйлер көрерменнің көңілін көтерді.

Халықтық ата дәстүріміз де қайта жаңғырды. Баланы бесікке бөлеу, тұсау кесу сияқты ырымдармен қатар, жүн сабау, киіз басу, күбі пісу, тоқыма тоқу, жіп иіру, кесте тігу сияқты қолөнер де кеңінен көрініс тапты. Тарихи-өлкетану музей қызметкерлері көненің көздерінен қастерлеп сақталған тұрмыстық бұйымдардан көрме ұйымдастырды.

Ж.Үшкемпіров атындағы дене шы-нықтыру-сауықтыру кешені қызметкер-лерінің ұйымдастыруымен киіз үй тігіліп, әр ауданнан келген балуандар арасында қазақ күресінен жарыс өткізілді. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығып жүрген жас боксшылар, самбошылар, балуандар шеберлік жаттығуларын, жекпе-жек тәсілдерін көпшілік назарына ұсынса, нар жігіттер қой, кір тасын көтеруден, қол күрестен бәске түсті. Енді бір топ ойыншылар тоғызқұмалар, шахмат, тағы бір топ арқан тартып, енді бірі  асық ойындарының көрігін қыздырды.

Басталып Әз-Наурыз –

жылдың басы,

Наурыз той, ойын-сауық ықыласы.

Көже құйып, ұсынып тостағанын,

Жайылды мол дастарқан қонақасы, – дегендей, құтты қонақтар мен жұрт нау-рыз көжеден дәм татып, жақсылыққа жайылған жәрмеңкеден керек-жарағын алып, тарқасты.

 

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 334 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Абуханов Серік Егізбайұлы, 1985 жылы 28 маусымда Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ …

Мен Шынғожа Айбарұлы Тикельдиев, 1991 жылы 28 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Қазатком…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Умербеков Талғат Алтынбекұлы, 1965 жылы Шелек ауылында дүниеге келдім. 2007 жылы…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ САЙЛАУШЫЛАРЫ! Мен, Алдибеков Саят Болатбекұлы Алматы…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Сарғожанов Ринат Серікқанұлы, 1984 жылы 29 қазанда Есік қаласында туылдым. 2011 жылы…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Елубай Еламан Рауанұлы, 1996 жылы 7 қаңтарда Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылында…
Мам 28, 2025

Жіті енжар паралич (полиомиелит)

Жіті енжар паралич – адамның жүйке жүйесін зақымдайтын және сал ауруына әкелетін…
Мам 28, 2025

2025 жылы Қазақстанда ауыл…

2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы…
Мам 26, 2025

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Еңбекшіқазақ» газетінің (бұдан әрі газет) және mezet.kz желілік басылымының (интернет…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет