Сейсенбі, 25 Қазан 2022 12:26

Тәуелсіздіктің тәуменді белесі

Менің журналистика саласында көптен жұмыс атқарып келе жатқан әріптесім: «Біздің мемлекет тәуелсіздікті басқа одақтас республикадан кеш алды», – деп қателесіп айтады, кейбір саясаткерлер: – Қазақ ССР-ы мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны басқалардан бұрын 1990 жылдың 25 қазан қабылдаған, – дейді.

Тарихи шындық. Декларация дегеніміз – саяси маңызы бар мәлімдеме. Кеңес одағының ыдырауы басталған кезеңде Кеңес Одағынан шығу үдерісінің бастама алуы Қазақ Советтік социалистік республикасы жоғарғы Советінің 1990 жылғы 25 қазанда қабылдаған Қазақ ССР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияда шегенделіп, шегеленді деп толығынан айтуға болады.

Декларацияның мәтіні барлық газеттерде, оның ішінде біздің аудандық газетте (ол кезде «Еңбек жалыны» деп аталатын еді) айшықталып жарияланған болатын. Бұдан бұрынғы 1986 жылғы қазақ жастарының Мәскеудегі СССР орталығының астамшылықпен бейтаныс Колбинді Қазақстан басшылығына тағайындалуына наразылығы Кеңес Одағының іргетасын айтарлықтай шайқалтқаны да тарихи ақиқат. Міне,  осындай алмағайып кезеңде Одақтық деңгейдегі баспасөз органдары басшыларының бір айлық курсына шақырылған болатынмын. 1990 жылғы наурыз айының соңы болу керек – бұрынғы одақ республикалары егемендігін алып шығып жатқан кезең еді.

Кезекті бір саяси ғылым докторының лекциясына екі жүзге тарта курс тыңдаушылары жиналып күтіп отырмыз. Ол саясаткер лекторымыз аудитория есігін ашарашпастан: «Бакуде әзірбайжандықтар Одақтан бөлініп шығамыз деп көтеріліп жатыр. Сексен алтыдағы Алматы көтерілісін танктермен жаншығандай етіп басу керек бакуліктерді», – деп екілене сөйлей кірді. Мен орнымнан қалай атып тұрғанымды білмей қалдым, ол мәскеулік саясаткерге айтар сөзім республикамыз қазан айында ел егемендігін жариялауға дайын екені жайында болатын. Бірақ менің алдымды ұмытпасам ақтөбелік, әлде оралдық екі редактор – әріптестерім орап кетті: «Не ошибайтесь, профессор, в Алма-Ате 1986 году казахская молодежь поднялась против произвола центра, поставившего руководителем Казахстана, никому неизвестного Колбина. Танками не давили, но подавили восстание с жестокостью». Өз қандастарынан бұндай қарсылық күтпеген профессор сөзін лекция тақырыбына бұра салды. Міне, бұл оқиға Одақтың ыдырап, жойылу жолындағы жан-тәсілім әрекетінің көрінісі болатын. Моральдік-саяси қысылтаяңда қол ұшын беріп қолдағаны үшін жерлес әріптестеріме алғыс айтып жатсам, олар: «Біз – қазақстандықтармыз ғой», – деп жауап қатқан еді.

Осы курстан оралып, жарты жылдан кейін 25 қазанда қабыланған Егемендік Декларациясын егжей-тегжейлі оқып қана қоймай, негізгі баптарын қағазға түсіріп конспектілеп те алған едім.

– Қазақ мемлекеті Одақпен ерікті түрде бірігеді және Одақтан еркін түрде шығу правосын (құқығын) өзінде сақтап қалады (!)

– Қазіргі шекарасындағы Қазақ ССР-ның территориясы бөлінбейді және оған қол сұғылмайды (!)

17 баптан тұратын Қазақ ССР-ның мемлекеттік егемендігі турады Декларациясы негізінде қабылданған Тәуелсіздігіміздің басты құжаттарының бірі болды, ел тарихында Республика күні болып белгіленді.

Хайролла АХМЕТЖАНОВ.

 

Оқылды 2920 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет