Сәрсенбі, 31 Мамыр 2023 10:51

Құрбандықтан құлшылық құтқарған

фото qamshy.kz

немесе ату жазасынан аман қалған азамат

КСРО – Қытай арасындағы жер дауы үшін болған қақтығыстың куәгері Құрамыс ақсақалмен әңгімелесіп отырып, сөзден сөз өрбіп, өзінің есімін кезінде «халық жауы» болған белсенді революционердің құрметімен Құрамыс аталғанын айтып қалды. Қызығушылығым ұстап, әрі қарай толық айтып беруіне қолқа салдым. Ақсақал әңгімесін әріден бастады. сонымен...

Құрамыстың әкесі Сәрсебай Қыбырайұлы 1898 жылы Бұғыты қыстауында дүниеге келіп, Қорам ауылындағы молдадан сауат ашқан, көзі ашық адам болған екен. 1916 жылғы Қарқара көтерілісі аталатын ұлт азаттық көтерілісіне қатысып, тұтқындалып, Орал қаласына жер аударылып кетеді.

Қарқара – Жетісу облысының Жаркент уезіне қарайтын жайлау және әйгілі халықаралық жәрмеңке орталығы болған, 16 болыстан тұратын албан тайпасының атақонысы еді. Оның 13-і Жаркент, ал үшеуі Верный уезіне қарады. «Нарынқол – Шарын» приставының бастығы Подворков болыс беделділерін шақырып алып, Патша жарлығымен Жетісудан 87 мың адам соғыс тылына қара жұмысқа алынатынын айтып, 19-31 жас аралығындағы жастарды жинап беруге бұйырды. Бұл жөнінде ақылдасып, жауап беруге келіскен қазақ белсенділері «Қабан Қарағай» жайлауында Құрман болысының беделді адамы Ұзақ Саурықовтың ауылында Құрман, Мерке, Шілік, Торы айғыр, Сарытоғай, Қоңырбөрік, Қожбанбет Бөгеті, Иванов, Алжан, Айт болыстарының басшылары бас қосып, майдан жұмысына адам бермейміз деп келіседі. Подворков орыс жасағын алып келіп, «Ереуілтөбеде» болғандарды түгелге жуық тұтқындап, түрмеге қамайды. Көтеріліс кезінде көптеген адамдар қаза табады. Міне, осы көтерілістің ортасында болған Сәрсебай ата солтүстік аймаққа – Оралға жер аударылып, 1921 жылы елге оралады.

Қазақстан 1920 жылдың екінші жартысы мен 1930 жылдары бұрын-соңды болмаған әлеуметтік сынақ жасаудың алып полигонына айналды. Бұл сынақта бірінші рет феодализмнен капиталистік қоғамға соқпай, социализмге өту әрекеті жүзеге асырылды. Осы сынақты жүргізудің мақсатында, саяси салада қазақ тілі мен тарихын жою, тәуелсіздігінен айыру, «Кіші Қазан» жоспарын жүзеге асыру, әлеуметтік-экономикалық салада Қазақстанда елдің шикізат базасы ретінде дамыту, отаршылықта ұстау, малдан айырып, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, ұлттық қатынастар саласында ассимиляция саясатын жүзеге асыру есебінен республиканың ұлттық болмысын әлсірету болды. Жалған «халық жауларымен» күрес концлагерлерінің құрылуына себеп болды, ашаршылықтан қырылуына, халықтың бетке ұстар қаймақтарын – белсенділерін атып, «тазартылды», тоталитарлық тәртіптің сан мыңдаған құрбандары құпия жерленді.

Ұжымдастыру кезінде қазіргі Малыбай ауылының маңындағы Қызылбұғытыдағы 18-ші ауылында ауылдық Кеңес төрағасы (ауылнай) болып қызмет атқарып жүргенде үш бауыры Қытай еліне қашып кеткенін сылтау етіп, оның үстіне көтеріліске қатысқаны, түрмеге қамалғаны, молда болғаны, белсенді болып, халықты ақ патшаға қарсы қойғаны ескеріліп, 1936 жылы тұтқындап, Сібірге Иркутск концлагеріне жер аударылады. Ол жерде ағаш өңдеу жұмысымен айналысып жүреді. Көрмеген қиындықтарды көреді. 1944 жылы әр ай сайын 10-15 адамды ату жазасына бұйырып отырған. Иркутск концлагерінің коменданты, қазақстандық, Балқаш өңірінің азаматы Григорий Чернов екен. Келесі ату жазасының тізіміне ілінген Сәрсебай коменданттан дәрет алып, намаз оқып алуға рұқсат етуін өтінеді. Рұқсат алған С.Қыбырайұлы казармаға намаз оқуға кеткенде, қара тізімге ілінген 15 адамды дереу алып кетіп, ату бұйрығы келеді. Сонда комендант: «Бір адам казармада, қазір келеді» дегеніне қарамай, «Мыналарды алып кетіңдер! Ол адамды келесі тізімге кіргіземіз!» – деп, тездетіп бұйрықты орындатады. Сөйтіп құрбандықтан құлшылық құтқарып қалады. Алайда, келесі айды қайғыра күтіп, іштей уайымдап, азып кетеді. Сол кезде Бас қолбасшы И.Сталиннің ату жазасын тоқтату туралы бұйрығы шығып, аман-есен елге оралады.

Концлагерде Сәрсебай ата Құрамыс деген революционермен бірге болады. Сонда Құрамыс: «Менің балаларым халық жауының ұрпағы деген жаман аттан, әрі қудалаудан құтылу үшін тектерін ауыстырды, тарихтан атым өшетін болды!» – деп қайғы жұтады екен. Сонда ауылға келген соң, жұбайы ұл босанып, оның атын іштей уәде берген Сәрсебай қария Құрамыс деп қойған. 1946 жылы түрмеден шығып келген соң, Қарқара жылқы заводында жылқы бағады. Екі қыз, төрт ұлды болады. 1961 жылдың аяғында қайтыс болады. Қазір Алматы қаласының маңында Құрамыс деген ауыл сол «халық жауы» аталған тұлғаның есімімен аталыпты. Әкесінің атын өшірмей, бұл игі істі жүзеге асырған кәсіпкер Құралай Құрамысқызы екен. Сәрсебай атамен концлагерде ақын бала Жамбылдың нағашы атасы Мөкен Досұлы да бірге болыпты. Ол: «Сенің әкеңнің тілеуімен біз тірі елге оралдық»,  деп айтып отырады екен.

Р.S. «Көңілі жұмсақ адамның күрмеуін тағдыр шешеді» деп Шәкәрім Құдайбердіұлы айтқандай, Сәрсебай атаның да тағдырының күрмеуін шешкен мінезінің жұмсақтығы, жуастығы, сабырлығы мен сауаттылығы болар, бәлкім. «Өлім – ойран, өмір – майдан» деген осы. Ия, ел тағдыры – өз тағдырың. Қаншама адам солақай саясаттың құрбаны болды. Ерлік тағдыр соққысынан да биік етеді. Саяси қуғын-сүргін – мыңдаған жазықсыз адамдардың қаны мен көз жасына суарылған тарихтың шерлі беттерінің бірі. Ал біздің борышымыз – осы қанқұйлы жылдардың оқиғасы, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпай, оларды мәңгі еске сақтау.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 6135 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Тарихтың ақтаңдақ беттері Таңбалы тарих »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет