Дүйсенбі, 04 Қазан 2021 14:49

Бала жанының бағбаны болу - бір бақыт

Бала жанының бағбаны болу асқан жауапкершілік пен шыдамдылықты талап етеді. Осындай қасиеттер бойыңызда болмаса сіздің бала бағбаны болуыңыз неғайбыл. Қанша жерден оқып, білім алып, оқуыңызды «қызыл дипломға» бітірсеңіз де бала жанын түсінбесеңіз өз маманды-ғыңыздың хас шебері бола алмайсыз. Алдыңызға келген әр үйдің еркесі мен кенжесі не жалғызы сізге берілген аманат іспетті. Таңертең дені сау келген баланы ата-анасына сол күйде тапсыруға міндеттісің. Тек қана денсаулығына қарап қоймай, тәрбие-білімімен де айналысасың. Ерке, шолжаң немесе тіл алғыш, белсенді баланың тілін тауып, жүрегіне жақын болсаң, сенен асқан бақытты жан бола қоймас, сірә. Баламен бала болып ойнап, солардың көңілін өзіңе аударып, мейірімге бөлеу аса шеберлікті қажет етеді.

Мен өзім мектепке дейінгі тәрбие мамандығын еш қателеспей таңдадым. Оқушы кезімнен балаларды ойнатып, қарап, қамқор болуды ұнаттым. Тоғызыншы сыныпты аяқтап, педагогикалық колледжде осы мамандық бойынша төрт жыл білім алдым. Қасыма келген балаларды жинап алып олармен жеке-жеке сөйлесіп, бірге ойнап кететінмін. Сонда анам: «Біздің Мөлдір өзі бала сияқты. Өзі сол мамамдықты оқып жатқаннан болар» – дейтін.

Мен осы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін. Қиындығы мен қуанышы да қатар жүретін осынау мамандықта жұмыс жасап келе жатқаныма биыл сегіз жыл толады. Өз мамандығымды шексіз сүйемін. Іс тәжірибеден өтуге келген студент қыздар немесе жұмысқа енді ғана орналасқан қыздарды топқа жиырма минутқа жіберсең, «апай, бұл менің мамандығым емес екен» дегендерді жиі кездестіреміз. Оңай мамандық та, оңай жерден ақша табу да жоқ. Сол жас қыздарға айтарым: бала жанының бағбаны болу шынайы дайындықты, жүректілікті қатты талап етеді. Еш ойланбастан келсеңіз, кешірерсіз, бұл сіздің жолыңыз емес.

Баланы шынайы жақсы көру, мейірімге бөлеу, сол мейіріммен жаныңа рахат табу керемет бақыт екенін жеткізгім келеді. Баланы ұйқыға жатқызарда маңдайынан сипап, өлең немесе ертегі айтқан соң тұра сала «апай, сіз менің маңдайымнан сипап ұйықтаттыңыз ғой» – деп еңбегіңді біліп айтып жатса, сол періштенің көңілінен шыққандығың деп білемін. Осының өзі де бір бақыт емес пе?!

 

Мөлдір ДАУЛЕТБАЕВА,

Көктөбе ауылы, «Айгөлек» бөбекжай балабақшасының  қазақ тілі мұғалімі, тәрбиеші.

Оқылды 7393 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Кумирің кім, балақай? Сәлемші болсаң, төрге шық »

Соңғы жаңалықтар

Қаң 28, 2026

Сөз бостандығы және шығармашылық

Сөз және шығармашылық еркіндігін нығайту, сондай-ақ зияткерлік меншікті қорғау…
Қаң 28, 2026

Адам құқықтары мен дербес деректер

Жеке тұлғаның өмірі, ар-намысы және дербес деректерін қорғаудың Конституция деңгейінде…
Қаң 28, 2026

Преамбула мен ұлттық құндылықтар

Жаңа Преамбула мемлекеттің миссиясын, тарихи жады мен мәдени ерекшеліктерді нақты…
Қаң 28, 2026

Конституциялық реформаның жалпы мәні

Ұсынылып отырған конституциялық өзгерістер Қазақстанның құқықтық жүйесін жаңа деңгейге…
Қаң 28, 2026

«Сказке живой природы» – 20-лет

Частный детский зоопарк «Сказка живой природы», основанный в 2005 году…
Қаң 28, 2026

Саяси жаңғыру жолындағы жаңа қадамдар

Жуырда аудандық мәслихаттың мәжіліс залында «Жаңғыртудан тұрақтылыққа: Президент сөзінің…
Қаң 28, 2026

Әлеуметтік нысандарды Аралады

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауданынымызға жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандарды…
Қаң 27, 2026

Көңілді қыс

Қыстың ортасында тау бөктері ерекше бір тылсым күйге енеді. Ақ ұлпа қарға оранған асқар…
Қаң 26, 2026

Отбасындағы жылылық пен сыйластық –…

Ұлттық құрылтайдың V отырысы қоғамдағы отбасылық құндылықтарды, некенің беріктігін және…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет