Сәрсенбі, 06 Қазан 2021 11:03

Сәлемші болсаң, төрге шық

Сәлемші болсаң, төрге шық Сурет интернеттен алынды

Ауылдың шетіне жолдың шаңын шығара үш камаз келіп, тоқтай қалды. Алдыңғы автокөліктен түскен Бауыржан өзінен кейінгі тоқтаған камаздың шопырына:

– Дүкеннен консерві, шұжық, сыр мен кефир, нан алып кел. Барар жер әлі алыс, осы ауылда қонып, таңсәріден жолға шығамыз, – деп бұйырды.

– Бауыр аға, қит етсе, мені жұмсайсыз, бізбен бірге рейске шығып жүргеніне жыл болып қалды және менен он жас кіші Шалабекті неге жүгіртпейсіз? – деп кейіп қалды Жолдыбай.

– Әй, сен де ... Өзіңше болып үлкейіп қалыпсың ғой, – деп Шалабекті шақырды қасына:

– Мына дүкенге бар да, тағам, сусын сатып алып, әнебір шоқ ағаштың түбіне дастархан жай. Тамақтанып, дем аламыз.

– Понял, Бауыржан аға. Перекусить надо. Қарын ашқанский, қатын қашқанский, – деп Шалабек те әзілдеген болып дүкенге беттеді.

Бауыржан мен Жолдыбай камазбен бірге ала жүретін төсеніштерін көк шөптің үстіне төсеп, ас ішуге қамданып, ыдыс-аяқ, қасық-пышақ дайындай бастады.

Ұзақ жолдан шаршаған Бауыржан жол азығы келгенше қисая тұрайын деп, көзі ілініп кеткенін де байқамады. Селк етіп оянып кеткен ол Шалабектің әлі де келмегенін көріп: «Он минуттік жерге бір сағат жүргені несі?» – деп дүкенге өзі  бет қойды. Ауылдың аралас тауар сататын дүкенінің азық-түлік жағында екі дүкенші біріне-бірі ақша, тауар өткізіп жатыр. Ал Шалабек екеуінің алдында жалбарынып тұр:

 – Ну, ағашка, что вам стоит, дайте банку тушенки, палку колбасы, хлеба, лимонада, минералки, – деп ыңыранып тұр орысшалап.

Бұл ауданда ондаған ғана орыс отбасылары бар екенін, олардың өзі балаларын қазақ мектептерінде оқытатынын, басқару жүйесі іс-қағаздарын тек қазақша жүргізетінін жақсы білетін Бауыржан дүкендегі жағдайды бірден түсініп, оң қолын жүрек тұсына қойып:

– Ассалаумағалейкум, ағалар! Ауыл-аймақ аман ба? Үй-іші, бала-шаға, мал-жан аман ба? Мынау менің серіктесім екі тілді араластырып, қойыртпақтап миларыңды ашытып тұр екен, келесі кездескенде таза қазақша сөйлейтін етіп тәрбиелеп әкелемін, – деп бастырмалата жөнелді Бауыржан.

– Ау, жарқыным, жүзің жылы, сәлемің түзу азамат екенсің, қай баласың? Көзің көкшіл болғанымен, бет-бейнең қазақтыкі екен, – деп екі дүкеншінің үлкені сәлемін алуға оң қолын созды.

– Әкем – қазақ, шешем – белорус. Соғыста жараланып, өмір мен өлімнің арасында фашистер мен кеңес армиясы окоптарының ортасында қансырап жатқан жиырмадағы жас солдатты он сегіздегі санитар қыз түн қараңғысында сүйреп алып шыққан екен. Сол соғыстағы солдат – бүгінгі менің әкем, санитар қыз мұсылмандықты қабылдап, тұрмысқа шыққан – шешем. Көзімнің көгі – анамнан, бет-тұрпатым – әкемнен.

– Ой, айналайын, өзің жөн білетін жігіт екенсің. Консерві мен лимонад ішіп, камаздың кабинасында түнегенше, үйге жүріңдер, шай да, май да, ет те, басқасы да табылады, – деп дүкенін жауып, жол бастады.

Көп жыл бастықтардың шопыры болған, ел көрген қазақи дәстүрді білетін Бауыржан екі серігін алып, ол үйдің бала-шағасына Қызылордадан әкеле жатқан қауын-қарбызын көтеріп, дүкеншінің үйінде қуырдақ жеп, шай ішіп, жайлы төсекте тынығып, таңсәріден теріскейге бет қойды.

Жолға шығар алдында Жолдыбай мен Шалабекті камаздың алдына тұрғызып қойып «тәрбие сағатын» өткізді:

– Сендер алдымен қазақша сәлемдесуді үйреніңдер. Шалабек, екі дүкенші де түк естімегендей, көрмегендей болғаны – жапандағы жалғыз қазақ ауылына «здрасти» деп кіргеніңе жауап бермегені-ақ айтып тұр сен туралы қандай пікірде болғанын. Орысшаң мықты, ал ана тілің жоқ десе де болады. Қауын-қарбыз әкелуге келесі рейске шыққанша қазақша сәлеміңді түзеп, ең болмаса «нан сұрап жейтіндей» тұрмыстық деңгейде қазақша сөйле.

Ал «Дүкенші туысыңыз ба еді? Үйіне апарып қонақ қылып, қондырғанын айтамын» деген сөзіңе жауабым – ежелден бабаларымыз жолаушыны жат көрмей, құдайы қонақ деп қабылдаған. Алыстағы қазақ ауылы осы дәстүрді сақтаған. Әрине, сәлемі түзу жолаушыны. Сен секілді сәлем бере білмейтіндерді емес.

Шалабек ана тілін аз уақытта игеріп кетпегенмен сауда орындары, асхана, басқа да қоғамдық, қызметтік мекемелерде қазақша ғана сөйлеп қасқайып тұрып алатын болды.

Қ.ҚАСЫМҰЛЫ.

Оқылды 6979 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 21, 2025

Қазақстан энергетикасының даму…

Астана, 2025 жылғы 5 мамыр – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан…
Мам 20, 2025

Алматы облысында оқушылардың 92…

Алматы облысында 17 917 түлек үшін қоңырау соңғы рет соғылады. Олар үлкен өмірге қанат…
Мам 20, 2025

18 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙЛЕР КҮНІ

Бүгін – адамзат өркениетінің тарихы мен мәдениетін, рухани байлығын жинақтап, келер…
Мам 20, 2025

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай…

2025 жылдың 15 мамырында Шелек ауылындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт…
Мам 20, 2025

Абайлаңыз, листериоз!

Листериоз - адам мен жануарларға ортақ, аса қауіпті жұқпалы ауру. Қоздырғышы спора…
Мам 20, 2025

Метрология – сенім құралы:…

Бүгін Метрлік конвенцияға қол қойылғанына 150 жыл толды.Метрлік конвенция – жаһандық…
Мам 20, 2025

ӘРТҮРЛІ ЖАРАҚАТТАРМЕН 240 МЫҢ…

Жыл сайын 20 мамырда әлемнің травматолог-дәрігерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап…
Мам 20, 2025

Көлік министрлігі жазғы маусымда…

Жазда ел тұрғындары Алакөлге ұшақпен, пойызбен немесе автокөлікпен жете алады. Теміржол…
Мам 20, 2025

Қазақстанның энергия теңгеріміндегі…

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК)…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет