Бейсенбі, 10 Шілде 2025 11:03

Дизентерияның алдын алу шаралары

       Дизентерия — негізінен Shigella spp. туыстығына жататын бактериялар қоздыратын, ішек инфекцияларының бірі, ол негізінен лас су немесе жуылмаған тағам арқылы адам ағзасына түсетін дизентерия таяқшасы арқылы таралады. Бұл ауру асқазан-ішек жолдарын зақымдап, іш өту, қызу көтерілу, іштің ауыруы сияқты белгілермен көрінеді. Ауру фекальды-оральды механизм арқылы таралады және көбіне санитарлық-гигиеналық талаптардың бұзылуы салдарынан пайда болады.

      Дизентерия қоздырғыштары — Shigella dysenteriae, S. flexneri, S. boydii, S. sonnei. Инфекция көзі — науқас адам немесе бактерия тасымалдаушы. Жұғу жолдары: тұрмыстық қатынас (лас қол, тұрмыстық заттар), алиментарлық жол (жуылмаған көкөніс-жемістер, термиялық өңделмеген тағамдар), су арқылы (ластанған ашық су көздері).

      Алдын алу шаралары:

      Дизентерияның профилактикасы кешенді түрде жүргізілуі тиіс және келесі бағыттарды қамтиды:

  1. Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау:

       Қоғамдық тамақтану орындары мен мектеп, балабақша асханаларында санитарлық бақылауды күшейту;

       Қолды сабынмен мұқият жуу (әсіресе дәретханадан соң және тамақ ішер алдында).

  1. Сапалы ауызсумен қамтамасыз ету:

       Орталықтандырылған су жүйелерін санитарлық талаптарға сәйкес ұстау;

       Ауыз суды қайнатып немесе сүзгіден өткізіп пайдалану.

  1. Тағам қауіпсіздігі:

        Тағам өнімдерін сақтау мен тасымалдауда санитарлық талаптарды сақтау;

        Термиялық өңдеуден өткізілмеген тағамды қолданбау;

        Жеміс-жидектер мен көкөністерді ағынды суда жуу.

  1. Ауру ошағында эпидемияға қарсы шаралар:

       Науқасты оқшаулау, бактериологиялық тексеру жүргізу;

      Дезинфекциялық шараларды (жедел және қорытынды дезинфекция) ұйымдастыру;

      Байланыста болған адамдарға медициналық бақылау орнату.

  1. Халықты санитарлық ағарту:

       Гигиена негіздері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары;

       Балалар мен жасөспірімдер арасында профилактикалық оқытулар ұйымдастыру.

       Уақытылы алдын алу және санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтау арқылы аурудың таралуын болдырмауға болады. Ерте диагностика мен адекватты емдеу асқынулардың алдын алып, науқастың сауығуын тездетеді.

        Ауру белгілері байқалса, өздігінен емделмей, дәрігерге көріну қажет. Ерте ем қабылдау асқынудың алдын алады.

 

Еңбекшіқазақ аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы М.Азербаев

Оқылды 649 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет