Өткен аптада Бәйдібек би ауылының мәдениет үйінде Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының біріккен көшпелі отырысы өтті. Жиынға мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, тұрақты комиссия төрағалары, аудандық мәслихат депутаттары қатысып, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы, кәсіпкерлік бөлімдерінің есептері тыңдалды. Күн тәртібіне сәйкес алғашқы болып баяндама жасаған аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Миржан Азербаев санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бас-қармасының қызметінің негізгі бағыттары, 2021 жылдың есепті кезеңінде атқарған жұмыстары мен аудан аумағындағы эпидемиологиялық ахуалға тоқталып өтті. Басқарма басшысының сөзіне сәйкес 2021…