Сәрсенбі, 13 Қазан 2021 14:13

Халық санағы – маңызды науқан

Болашаққа бағыт-бағдар жасап, ертеңгі ел экономикасы мен халықтың тұрмыс-тіршілігін бағамдап білу үшін де халық санағының орны бөлек. Сондықтан оның барынша жоғары дәрежеде өтіп, сауалнама сұрақтарына жауаптың шынайы берілуі маңызды. Осы орайда елімізде жасалып жатқан жұмыстар көп. Ауданда «Халық санағы-2021» қалай өтіп жатқанымен танысу үшін ТМД мемлекетаралық статистикалық комитетінің төрағасы Владимир Соколин, ҚР Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов, ҚР Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департамент басшысы Азат Хамитов пен орынбасары Динара Молдағұлова кеше ауданға арнайы келді.

Басқосу Т.Молдағалиев атындағы Мәдениет үйінде өтті. Өйткені мұнда Есік қаласы бойынша негізгі санақ бөлімі мен сервистік орталық орналасқан. Сервистік орталыққа санақтан онлайн өтуге мүмкіндігі жоқ жандар мен қарт кісілер келіп, арнай мамандардың көмегімен санақтан өтіп жатыр.

Ал осында орналасқан негізгі нұсқаушылық учаскесінде санақ жұмыстарының өз деңгейінде өтуіне жауапты 2 уәкілетті және өзге учаскелердегідей санақшыларға бағыт-бағдар беретін 5 нұсқаушы-бақылаушы отырады. Күнделікті санақшылардың жасаған жұмыстары осында зерделеніп, жинақталған ақпарат арнайы бағдарлама көмегімен республикалық базаға тіркеледі. Жалпы, Есік қаласы осы санақ кезінде 35 санақ учаскесіне бөлініп, оның әрқайсысына 7 санақшыдан жұмылдырылған. Ал ауданға келер болса, қазіргі күні үй-үйді аралап жүрген 316 санақшы бар. Олар аудан бойынша 46 нұсқаушылық учаскесіне біріктірілген екен.

«Халық санағы-2021» бойынша Еңбекшіқазақ ауданы бойынша атқарылып жатқан жұмыс барысымен аудандық статистика басқармасының басшысы Алуа Елеусізова жан-жақты таныстырып өтті. Аудан әкімінің орынбасары Алтай Досымов елімізде шаруашылық есеп кітаптарының электронды түрде жүргізілетінін, оның да санақ нәтижесінің мейлінше шынайы шығуына өз пайдасын тигізетінін жеткізді. Мұны жоғары бағалаған ТМД мемлекетаралық статистикалық комитетінің төрағасы санақшылармен сөйлесіп, санақ кезінде туындаған қиындықтар мен кедергілер туралы сұрады. Интервьюерлер тұрғындардың санақ сұрақтарына, әсіресе, дінге, жалақыға қатысты сұрақтар қойылғанда наразылық білдіретінін, кейбір тұрғындар есік ашпағандықтан немесе үйде болмағандықтан ол мекенжайға қайта баратындарын айтты. «Халықтың мұндай наразылығы әрдайым болған. Бұл таң қалатын жағдай емес. Санақшылар халыққа санақтың маңызын түсіндіріп, тек төзімділік таныту керек», – деп Владимир Соколин ақыл-кеңесімен бөлісті.

Басқосу дөңгелек үстелде жалғасып, ҚР Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Динара Молдағұлова «Халық санағы-2021» аясында Алматы облысы мен Еңбекшіқазақ ауданында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасады. Баяндама барысында барлық нұсқаушы-бақылаушылардың және санақшылардың жоспарға сай уақытылы жеке қауіпсіздіктері мен ақпарат қауіпсіздігі саясатына қатысты қажетті  оқыту семнарларынан өткенін мәлімдеді. Сондай-ақ санақ жұмыстарының тиімділігі үшін күнделікті орта есеппен қанша тұрғынның санақтан өтуі керектігін де есептеп қойған екен. Бұл есепке сай, Алматы облысында күнделікті 44 756 адам, ал ауданымызда кемі 6814 тұрғын санақтан өтуі керек екен. 12 қазандағы жағдай бойынша облыста 752 592 адам онлайн, ал 361 150 адам офлайн форматта санақтан өткен екен. Еңбекшіқазақ ауданы тұрғындарының 99 234-і онлайн, 55 487-сі офлайн санақтан өткен.

 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Оқылды 1005 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет