Жұма, 09 Маусым 2023 20:10

Газет – халық қызметшісі

Кезінде Алаштың ардақтысы, қазақтың қамын ойлаған қайраткер Ахмет Байтұрсынұлы: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп нақты бағасын беріп, оның қоғамдағы қажеттілігін  айтып кетті. Қазақ тіліндегі тұңғыш басылымдар – «Түркістан уәлаяты» газеті 1870-1882, ал «Дала уәлаяты» газеті 1888-1902 жылдар аралығында шықса, ХХ ғасырдың басында қазақ зиялыларының ұлттық мүддені көздеп, бұқаралық сананы оятуға ұмтылған «Қазақ газеті» 1906 жылы, «Серке» 1907 жылы басылымдарын шығаруды қолға алған. Осы басылымдар 9 облыс пен бір губернияға бөлінген Қазақ елінің түпкір-түпкіріндегі жаздыртып алатын, 5 миллионға жуық халықтың көпшілігі білетін беделге ие болған.

Қазіргі кезде республикалық, облыстық, аудандық, қалалық газеттер болып көптеген басылымдар шығуда. «Мың жерден тәуелсіз газет болсын, ол ең алдымен, қоғамды дамытуға, елге қызмет етуі қажет. Бақай есепті газеттің ғұмыры қысқа», – деп Медет Қайырғали айтпақшы, халықтың көзі, құлағы, тілі болатын, қызмет көрсететін, білім тарататын, жоқтаушысы болатын газеттің ғұмыры ұзақ болмақ. Сондай басылымдардың бірі – аудандық «Еңбекшіқазақ» газеті, жүз жылға жуық халықтың қажетіне жарап келеді. Дей тұрғанмен, биылғы таралым 3 мың данадан әрең асты. Оған себеп, басылымға немқұрайлықпен қарау, «тТеледидардан, әлеуметтік желілерден керегімді тауып аламын» деген сияқты жеңіл ойлау басым.

Рас, ғаламтордан қажетті ақпаратыңды тауып алғаныңмен, қатаң бақылауы жоқ, бейресми әрі жалған ақпараттардың күн санап артуына байланысты, жел сөздерге сеніп, қате пікірге адамның көзқарасын өзгертетіні мәлім. Өйткені, әлеуметтік желілерді қарапайым адамдармен қатар,  қара ниетті бұзақылар, алаяқтар және басқа адамдар еркін қолданады. Ғаламтордағы жат ағымдар сайты, экстремистік ұйымдар мен суицидпен аяқтайтын «ойындар» артып, талайларды тура жолдан тайдырып, арты өкінішке, тіпті қайғылы оқиғаға әкеліп жатқан мысалдарды көптеп кездестіруге болады. Сонымен қатар, телефонға не теледидарға телміруден көру қабілеті нашарлап, өзіне тәуелділікке апарып соқтырып жатқаны да шындық.

Республикалық, облыстық, басқа басылымдарды айтпағанда, аудандық газет – өз аумағының айнасы емес пе?! Аудан жаңалықтары, әкімнің жұмыс есебі, түрлі тұрғындар тіршілігіне қажетті мақалалар мен ақпараттар жарияланып тұрады. ҚХКО, әлеуметтік сала, басқа да мекемелер жергілікті тұрғындар назарына арналған хабарламалары, сатып алу-сату, басқа да жарнамалар мен хабарландырулар, еске алулар мен құттықтаулар тұрақты шығарылады. Мұғалімдер мен медицина қызметкерлерінің мақалаларына да орын беріліп келеді. Осындай өздеріне керекті дүниеден мәлімет ала алмаған тұрғындар редакцияға жүгініп, қажетті ақпарат сұрайтындардың легі толастамайды. Мысалы, мұрагерлік алушылар газетке жариялауға береді де, «нотариус сол газетті сұрап жатыр» деп бізге жүгінеді. Тіпті, «хабарландыруға берген ақысын төледім ғой» деп келетіндер де бар. Хабарландыру, басқа да жарнамаларға  төленген ақы басқа, газетке жазылу бір басқа екенін ажырата алмайтындар да баршылық. Аудандық «Еңбекшіқазаққа» жазылу бір жылға көп болса 5-6 мың теңге тұрады. Міне, енді жыл соңына дейін жазылу бағасы 3000 теңгеге де жетпейді.

Аудандық газетке жазылу маусымында ауданның, ауылдың ақсақалдар алқалары, жігітбасылары атсалысып, насихат жүргізгендері абзал. Бұрынғыдай қол боста газет оқып, рухани тыныстап отыратын қарияларымыз бен жастарымыз қайда? Білімімізді арттырып, бірлігімізді, біліктілігімізді танытайық осындайда, құрметті оқырман!    

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 3164 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет