Сенбі, 14 Қыркүйек 2024 11:27

Қорықсаң кіріспе, кіріссең қорықпа

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында әлемде энергия тапшылығы жылдан жылға күшейіп бара жатқанын ескеріп, елімізде де бұл жетіспеушілік байқалуда екенін, экономикамызды дамытуға бұл жағдай қолбайлау болатынын да назарда ұстап, электр энергиясын өндіруге бағытталған атом стансасын салу қажеттілігі туындап отырғанын айтып өткен еді.

Сол Жолдауында Мемлекет басшысы бұл мәселені ел болып талқылап, байыпты да әділетті шешім қабылдау үшін референдум өткізілетінін жариялады. Бұл сұрақ бүкілхалықтық дауыс беру жолымен шешілетіндігінен мәселенің маңыздылығын байқауға болады. Расында да атом электр стансасын салуға үрке қарайтында адамдар бар екенін білеміз. Бірақ атом энергиясын пайдалану бағытында бір орында тұрып қалу болмағанын да ескеру керек екен. Өткен ғасырда болған АЭС авариялары алғашқы қадамдардың қателіктерінен, ол апатқа түскен АЭС тердің кемшіліктерін сараптап, келесі буын стансалардың қауіпсіздігі жоғары деңгейге жеткізілгенін де білуіміз керек. Ақпарат көздерінен алынған деректерге қарасақ бүгінгі күндері үшінші буын АЭС-тер қолданыста екен. Ал авария болған Чернобыль, Фукусима стансалары алғашқы буын құрылғылары болғаны белгілі. Ғылым мен техника бір орында тұрмайтыны ақиқат. Сондықтан энергия өндіретін стансалардың қатарында көмір отындарын пайдалану басым елімізде. Бұның қоршаған ортаны қорғауға кереғар келетіні, бұл отынның қоры шектеулі екенін де білеміз. Ал еліміз уранды өндіру, сату жағынан әлемде бірінші орында екенбіз. Неге сол сатып жатқан уран отынын барлық сақтықты сақтап, инженерлік жұмысшы кадрларды пайдаланып өз АЭС-ді салып энергия өндірмеске деген сауал тұр. Ол үшін әлемдегі АЭС тері бар елдердің жобаларының қауіпсізін таңдап іске кірісу бағытында жұмыс жүргізу қажет.

Сарапшылардың айтуынша АЭС салынып пайдалануға берілсе бұл стансаның әрбір жұмысшысының кемі он адамға жұмыс орнын қоса алып келетінінде, АЭС орналасқан өңірдің инфрақұрылымының – жолдары мен әлеуметтікэкономикалық нысандарының көбейетінін де жоққа шығара алмаймыз. Әрине АЭС салу жолында көпсалалы әріптестіктер, станса «отынын» дайындайтын, оның қалдықтарын зиянсыздайтын көптеген өз кәсіпорындарымыз болу керектігін, тағы да басқа ондаған мәселелерді шешу және атқару үкіметіміздің құзырында. Референдум нәтижесі АЭС салуға рұқсат алған жағдайда айтарымыз «қорықсаң кіріспе, кіріссең қорықпа» деген халық даналығы.

Х.АХМЕТЖАНОВ

Оқылды 327 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет