Дүйсенбі, 13 Ақпан 2023 15:43

Зердің жайын зергер білер

Ұста Дәркембай атындағы облыстық қолөнер мұражайында Халықаралық Зергерлер күніне арналған «Зергерлік өнері – ұрпаққа мұра» атты  көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ аталған  іс-шара аясында мектеп оқушыларының қатысуымен зергерлік бұйымдар жасау бойынша шеберлік сабақтар өтті.

Ұлтымыздың асыл өнерін ардақтаған көрмеге Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Әлия Жақыпбекова, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабеков, зергерлер, зиялы қауым өкілдері мен музей қызметкерлері және мектеп оқушылары қатысты. Бүгінде Ұста Дәркембай атындағы облыстық қолөнер мұражайының 6 көрме залында екі жарым мыңнан астам экспонат қойылған. Аталған көрмеге музей қорындағы жүздеген әшекейлер мен зергерлік бұйымдар, түрлі қолөнер туындыларынан құралған көптеген жәдігерлер қойылды. Қолөнер туындыларының жасалу жайын таныстырып, олар жайлы деректермен бөлісуге арналған жиында мұражай директоры Дәулет Шоқпаров көпшілікті айтулы шарамен құттықтады.

Зергерлік өнер қазақ халқының ұлттық мәдениеті тарихында ерекше орын алады. Онда халықтың дүниетанымы, талғамы, көркемдік және материалдық құндылықтарының деңгейі көрінеді. Көрмеде шеберлер түрлі зергерлік бұйымдардың жасалуы жайлы оқушылардың сауалдарына жауап берді. Ал Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Әлия Жақыпбекова биылдан бастап аймақ көлемінде ұлтымыздың қолөнерін ұлықтайтын жаңа жобалардың қолға алынатынын жеткізді.

– Биыл облысымызда республикалық қолөнершілер көрмесі өтеді. Ал келер жылы елімізде V дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді деп күтілуде. Осы ауқымды шаралардың барлығы еліміздегі қолөнер саласын тың белеске көтереді деп сенемін. Алдағы уақытта халқымыздың зергерлік өнеріне мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетілетін болады, – дейді  Әлия Жақыпбекова.

Зергерлердің сөзінше, сүйек пен ағаш ою, тері және қыш өнері секілді басқа да қолөнер бұйымдарынан гөрі алтын, күміс, қоладан жасалған заттарды ұзақ уақыт сақтауға болады. Сол себепті де біздер ерте заманнан бүгінге жеткен сандаған жәдігерге куә болып отырмыз. Зергерлік – атадан балаға немесе ұстаздан шәкіртке ауысып отыратын тылсым сыры бар, халықтың дәстүрлі дүниетанымымен, тарихи болмыс-бітімімен, салт-дәстүрімен байып отыратын қастерлі кәсіп.

Ата-бабаларымыздың зергерлік бұйымдар мен әшекейлерді қадірлеуі – үлкен дәстүр. Бүгінгі ұрпақ сол дәстүрді әрі қарай сабақтастырып, жалғастыруы тиіс. Бүгінгі көрмеде қойылған күмістен жасалған кісе белдік пен шолпының қолданылуының тәрбиесі қандай терең. Ал, жүзіктердің өзі түр-түрге бөлініп, құдағи атанған ананы немесе құда түсіп, атастырылған қыздың қолына қарап, әшекейлерінен аңғара білген. Аталған құндылықтарды жоймай, қайта жаңғыртуымыз керек. Дәркембай ағамыздың ойға алған істері орынды жалғасын табуына қашан да тілектеспіз, – дейді ақын Кәмнұр Тәлімұлы.

Шара соңында ұста Дәркембай Шоқпарұлының дарынды шәкірті Сайлау Ботабеков бастаған үздік зергерлерге арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. «Зердің жайын зергер білер, аңның жайын мерген білер» дегендей, қазақтың ұлттық қолөнерінің дәстүрлері уақыт ағысымен қайта жаңғырып, арадағы сабақтастықтың алтын арқауы үзілмесе екен деген тілектеміз.               

Ерзат АСЫЛ.

Оқылды 18189 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…
Желт 26, 2025

Он был духовным наставником сельчан

В текущем году в с.Ават происходили и радостные, и печальные события. Одно из наиболее…
Желт 26, 2025

Жазушы мұрасы – ұлт қазынасы

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық» үйінде Қазақстан Жазушылар одағы…
Желт 26, 2025

Дарынды оқушыларымыз жеңіс тұғырында

Қазақстанның дарынды оқушылары «UCMAS International Competition 2025 & World Cup…
Желт 26, 2025

Ұлы халықтың ұлы Абайы

Биыл қазақ елі данышпан, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын жоғары деңгейде атап…
Желт 26, 2025

Білім сапасы – ел болашағының кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде кез келген мемлекеттің дамуы ең алдымен білім сапасымен…
Желт 26, 2025

Ұлттық құндылықтар дәріптелді

Ішкі саясат бөлімінің бастамасымен жастар арасында патриоттық тәрбие мен отбасылық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет