Жұма, 19 Маусым 2020 10:32

Ілім ізденгенге іркіліс жоқ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу және білім беру ұйымдарында білім алушылар мен тәрбиенушілердің, педагогтер денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында барлық орта білім беру ұйымдарында қашықтан оқыту жоғары дәрежеде ұйымдастырылған.

Айталық, қазір аудандағы білім ошақтарында «Әдістермен бөлісейік» жобасы жасалып, ағылшын тілі және жаратылыстану-математика бағыты пән мұғалімдерімен тәжірибе алмасты. Жоба аясында ұстаздар «Telegram», «Classroom» «WhatsАpp» парақшалары арқылы онлайн сабақтар өткізді. Әлеуметтік желідегі «ZOOM» платформасы арқылы облыстық, аудандық вебинарлар ұйымдастырылып, кері байланыс орнатылды. Мәселен, Рахат №1 орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі А.Қыдырбаев, Қорам орта мектебінің мұғалімі Қ.Койайдаров аудан көлемінде «Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру және басқару тетіктері» тақырыбында вебинар өткізіп, пікір алмасты.

2020 жылдың 22 мамырында облыстық «Қашықтықтан оқытуда оқу тапсырмаларын орындау жолдары мен мүмкіндіктері» вебинарда ауданымыздың химия пәні мұғалімдері Нуртай Ерназар мен Азатқызы Динара, В.Терешкова атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Татьяна Зайтова «Ағылшын тіліндегі тоқсандық жиынтық бағалау мен бөлім бойынша жиынтық бағалауды «Google» формада ұйымдастыру және тиімді жақтары» атты вебинар өткізді. Бұл вебинарға Іле,Жамбыл,Кербұлақ ауданда-рының әдіскерлері мен мұғалім-дері қатысып, өте жақсы бағаланды.

Облыстық қашықтықтан «Заманауи сабақ – педагогтың кәсіби өсуінің көрсеткіші» атты үздік бейне-сабақтар фестивалі өтті. Осы бейне-сабақ фестивалінен Д.Қонаев атындағы орта мектебінің ағылшын пәні мұғалімі Федина Тамара Константиновна ІІІ дәрежелі диплом, В.Терешкова атындағы орта мектебінің химия пәні мұғалімі Баймолдаева Эльвира Баймолдақызы Алғыс хатқа ие болды.

З.ТУЛЬТАЕВА,

аудандық білім бөлімінің әдіскері

Сәрсенбі, 17 Маусым 2020 16:56

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Еңбекшіқазақ ауданында маусым айының 15-18 күндері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдың алу мақсатында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ» республикалық акциясы өткізілуде.

Акцияның басты мақсаты - тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жою, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа бейім адамдармен жеке профилактикалық жұмыс жүргізуге бағытталған жүйені қалыптастыру.

Акция барысында Еңбекшіқазақ АПБ ЖПҚБ Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция капитаны Райгуль Рашидқызы Тюлюбекова тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

****

С 15 по 18 июня текущего года, на территорий Енбекшиказахского района проводиться республиканская акция «Нет насилию в семье» с целью профилактике бытового насилия.

Главной целью акции является предупреждения и ликвидация бытового насилия, формирование системы направленные на проведения индивидуальной профилактической работы с лицами, склонных к насилию в отношении женщин.

В ходе акции старшим инспектором по защите прав женщин ОМПС УП Енбекшиказахского района капитаном полиции Тюлюбековой Райгуль Рашидовной жителям района в целях недопущения семейно-бытовых отношений были розданы информационные листовки и проведена разъяснительная беседа с о профилактике насилия.

Жақында NurOtan партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, партия филиалының кеңесшісі Бағдат Рахимов, партия филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Асыл Байтулақов аудандық жер қатынастары бөлімінің бас маманы Азим Халилов, ауылшаруашылығы бөлімінің бас маманы Құралай Керімқұлова ауданымызға қарасты ауылдық округтердегі жайылымдық жерлерді анықтау және мемлекет есебіне қайтару мақсатында арнайы рейд жүргізді.

Бүгінгі  таңда ауыл тұрғындары төрт түлікті өргізетін жайылымдық жерлердің басым бөлігі жеке шаруа қожалықтарының меншігінде. Аталған мәселе ауданда ғана емес, мемлекетіміздің күн тәртібінде тұр. Еліміз ауылшаруашылығы саласына баса назар аударатындығын ескерсек, ауданымыздың малды ауылдарында аталған мәселе өзекті. Жайылымдық болып саналатын жер көлемі аудандық жер қатынастары бөлімінің мәліметінше 33 473,0 гектарды құрайды.

Азим Халиловтың айтуынша, қазіргі күнде ауылдық округтер маңындағы жайылымдық жерлер анықталу үстінде. Анықталған жер телімдерінің алдағы уақытта құжаттарын рәсімдеу үшін мемлекет есебінен қаржы бөлінетін болады. Содан кейін жайылымдық жерлер болып есептелетін жер телімдері толыққанды ауыл тұрғындарының малдарын өргізу үшін бекітіліп беріледі.

Аудандық  ауылшаруашылығы бөлімінің мәліметінше жеке сектор және шаруа қожалықтарында 95 түйе, 20574 жылқы, 324 660 қой, 92 757 ірі-қара тіркелгенін және ұдайы мал басының өсіп отырғандығын ескерсек, алдағы уақытта жайылымдық жер мәселесі NurOtan партиясының қадағалауымен шешімін таппақ.

 

Әділет САРЫБАЙ

Сәрсенбі, 17 Маусым 2020 09:29

СOVID-19: жаңа антирекорд

Өткен тәулікте Қазақстанда 1033 адамнан коронавирус анықталып, 7 адам қайтыс болды.

Вирусты жұқтырғандардың 350-інде індет белгілері анықталса, қалған 683-і тасымалдаушы ретінде тіркелген. Яғни еш симптомсыз.

3 маусымнан бері коронавирус жұқтырғандарға ауру белгісінің бар-жоғына қарай екі бөлек есеп жүргізіп жатқаны белгілі.

Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 21 717-ке жетті. Емделіп шыққаны – 9647,  қайтыс болғаны – 88.

Жұма, 12 Маусым 2020 10:23

Дайындық пысықталды

Елімізге ентігіп келген індеттің беті қайтса да, лебі есіп тұр. Әр салада салқыны сезіліп, күрескен сайын егесіп тұр. Содан болар, көрінбейтін жаумен айқаста түрлі тәсілдерді түгендеп жатырмыз. Тәсіл дегеннен шығады, биылғы түлектер білімін сынайтын сәттің өтуі де бөлекше, тәртібі де ерекше. Ол туралы ҰБТ өткізу жөніндегі комиссия отырысында айтылды. Аудан әкімінің бірінші орынбасары Айбек Бидаев жүргізген жиында тест өткізудің дайындық жайы пысықталып, жауапты органдарға нақты тапсырмалар берілді.

Қауіпті кесел дәстүрлі өмір сүру ережелерімізге де қол салды. Яки, биыл жылдағыдай түлектерімізбен бірге ата-аналары сабылып келіп, сағынып төрт сағат далада күтпейді. Алайда, үйінде отырып, ұялы телефоны арқылы онлайн бақылай алады. Айтпақшы, биыл түлектер тест тапсыруға онлайн өтініш берді. Енді түрлі (өз орнына басқа адамды кіргізу) құйтырқы әрекеттерге жол жоқ. Сол секілді арнайы шпаргалка немесе телефонмен ұсталған мектеп бітіруші лезде аудиториядан шығарылады. Тіпті, аудиторияға кірерде тексерістен қалта телефон анықталса, сынақ алаңына жіберілмейді.

Астын сызып айтатын жәйт, аудиторияларда толыққанды бейне-бақылаулар орнатылған. Тест біткесін, бейнежазба министрлікке жолданып, тексеріледі. Сол сәтте түлектің қандай да бір теріс іс-қимылдары (шпаргалка, телефон пайдалану) байқалса, балы да жойылып, осыған дейін мемлекет грантын жеңіп алған болса, грантынан да айырылады. Қуантарлығы, сынақ алаңында калькулятор пайдалануға рұқсат берілді.

Ескеретін жайт, педагогика саласына барғысы келетін түлектердің шектік балы 70-тен асуы тиіс. Сәйкесінше, осы бағытта мемлекет грантын иеленген түлектің шәкіртақысы екі есеге өсіп отыр.

Санитарлық талап қатал. Түлектер аудиторияға енбей тұрып, бес кезеңнен өтеді: кіргеннен арка арқылы сырт киімі залалсыздандырылады, арнайы кілемшеге аяқтарын толық сүртеді, дене қызуы тексеріліп, қолдарын антисептикпен жуады. Содан жаңа бетперде мен қолғап тегін беріледі.

Бәрін айт та бірін айт, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандары бойынша 2089 бала жылдағыдай үш емес, алты айналым бойынша 21-26 маусым аралығында тест тапсырады.

Отырыс барысында түлектерді тасымалдаудағы қауіпсіздіктер, аудиториялардың залалсыздандырылуы және басқа да мәселелер пысықталып, нақты тапсырма берілді аудан әкімінің бірінші орынбасары А.Бидаев тарапынан. 

 

Қ.ЖҰМАҒОЖА

Халқымыз адам туған күннен бастап, шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, тілашар, сүндет той, жасқа келу, қыз ұзату, үйлену тойы т.б. өткізу, жаназа шығару, бақилыққа жөнелту, еске алу әрқайсының өзіне тән жөн-жоралғыларды сақтап, қоғамдық даму жолдары ерекшелігіне қарамай, қаймағы бұзылмаған салт-дәстүрін қатаң жалғастыруда. Бүгінде қалың мал, әмеңгерлік т.б. дәстүрлер күн тәртібінен шыққан. Үкі тағу, келін түсіру, қыз  ұзату, беташар, өлі-тірі, дорба, ана сүті, шапан ауысу – екі жақты сыйлау, құйрық бауыр, бас, жамбас, төс ұсыну, бата беру, жар-жар, беташар, тойбастар еш өзгеріссіз, отқа май құю, есіктөр, келін қолынан шай ішу болып жалғасын табуда. Жеті атаға дейін туысына үйленбеу қағидаты сақталып, жастар танысып, кейін құдалық, жөн-жоралғы жасалып, келін ата-енеге көп тәуелді емес, тең дәрежеде, үлкендер тіршіліктеріне қолқабыс беріп, бұрынғы талаптар мүлде өзгерген уақыт. Этнолық дәстүр өзгеріссіз орындалуда.

Той мақсаты – ұлттық игі дәстүр мен мінезді қатаң сақтау, кейінгі ұрпаққа көмектесу, ғибрат болар салт-дәстүрімізді кеңінен қолдау. Барыңды үнемді пайдаланып, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу, шынайы мәдениеттің белгісі – ұстамдылық, қарапайымдық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді. Кейінгі кезде той түрі көбейді, қаймағы бұзылмаған салт-дәстүр деңгейі құлдырап, жалған намыс пен дарақылық басым.

Тойға келген халық демалып, қуанышты отыруы, жарасымды әзіл сөздер мен тамаша әндерді естіп, той иесімен бірге қуанышқа бөленуі керек. Бірақ қазіргі өткізіп жүрген тойда көбіне шаршап, даңғаза әуендерді естіп, құлақсарсылып, көптен көрмеген сыйласыңмен бір-екі сөз алмасу, пікірлесу түгілі, амандық-саулық сұрасу да қиын. Жаппай даңғазалықты, күпінуді, жапа-тармағай дүние шашуды, жартылай жалаңаш билейтіндер, шетелдік әуендерге көңіл көтеруді, ішімдік ішуге салынуды дертке айналдырған тойларды көргеніңде қатты ренжисің. Бұл – ұлттық тәрбие, рәсім, байырғы ата-баба дәстүріне деген ынтызарлық пен ықыластың тапшылығы. Бүгінде тойға кешігіп келу әбден үйреншікті жағдайға айналып, тойдан береке кетіп, қазақты әбден шаршатып, қажытуда. Той өткізу әркімнің шама-шарқына қарамастан, өзара бәсекелестікке айналып, атақ-даңқ қуалау пиғылмен өткізілуде.

Ұлттық тәрбиенің, салт-сананың түп-тамыры ең бірінші өз шаңырағыңдағы, әулеттегі, ауылдағы ұлттық экономикалық болмыста екенін ескеріп жатқан ешкім жоқ. Өз қуанышын өзгеден асыра тойлағанды әдетке айналдырғандар азаймай, шетелден әнші, биші шақыру көбеюде.Тойда тұрпайы дүние өте көп.Тойды қарызға өткізу, қарыздың соңы қайғы-мұң, пұшайман болып, бармақ тістеуге ұласатыны жасырын емес. Өкінішке қарай, жаңа өмір бастаған жас жұбайлардың қадамы қарызға толып, жас отаудың қарызбен тігілетіні көпшілікке ой салмай тұр. Бір күндік атап өтуде даурықпа, даңғой, даңғазалыққа жол бермей, ұлт құндылығын, ысыраптың обал екендігін ұғынып, сауапты іс жасау әлдеқайда дұрыс. Той саны артқасын, сапасы кемиді де, жай ғана отырыс деңгейіне құлдырап, кемшін түскен және шектен шыққан тұстарын өзгертуге мән берілмеуде.

Даңғырлаған музыка, көзбояушылық, бос сөз, жөнсіз мақтау, қазақтың тойы тәрбиелік мәнінен айырылып, бақталастық пен бәсекелестіктің, ысырапшылдық пен астамшылықтың алаңына айналды. Дәстүр мен дарақылықты шатастырып алғандар, ысырапшылдыққа жол беретіндер көп. Тек қана мол дастарқан жайып, жақсы асаба жалдап, сол арада тілек тілеумен екі жас бақытты болмайды. Қуаныштарын тойлап жатқан адамға, әулетінің абыройын асқақтатып, екі жасты қанаттандырып демеу көрсету, қазақылықтың иісі аңқыған, ауылдың алты ауызы, халық әндерін орындап, ұлттық ойындар көрсетіп, қуанышты бөлісу тойдың басты мақсаты болуы тиіс.

Қазақтың ұлттық құндылықтарының бірі ретінде той сипатын мүлде өзгерту – бүгінгі күн талабы. Той мән-мағыналы өтсе, қабырғалы ұлттық мәдениет бейнесін көрсететін шара. Ұлттық әдет-ғұрыптың көрінісі қалаған деңгейге жеттік. «Мерекесі көп елдің берекесі болмайды». Бесік той, кіндік кесу, ат қою, тұсау кесу, сүндетке отырғызу, қыз ұзату, беташарды өткізуді үйде жақын туыстар 10-15 адаммен қара шаңырақтың дәулетін асқақтатуға тырысқан абзал. Сонымен қатар, соғым басы, шеке, омыртқа, ауызашар мен  дұға-құдайы тамақта ақ дастарханды айдалаға, әлдекімнің мейрамханасына апарып жайғанымыз дұрыс па? Қара шаңырақтың қадірі қайда? Ақ дастарханға берілетін бата, оқылатын құран, тілеген тілек қайда қалады? Шаңырақтың киесі, босағаның беріктігі осындайдан ыдырай бастайтын секілді. Кейінгіге үлгі ретінде тамырын тереңге жайып, көгеріп, көктесін десек, осындай дәстүрді көріп өскен бала мен қыз қара шаңырақтың, ата-дәстүрдің қадірін түсініп, елдің иесі, жердің киесі барына сеніп, елдің елдігін сақтай ала ма? Салт-дәстүрің, ұлттық киім, үйің тұрғанда неге өзгеге қызығамыз?Мейрамхана мен кафе, сұлулық салоны, көлікті жалға алу, әнші-биші, той киім-кешек дүкендері қазақы салт-дәстүрден ажыратып келе жатыр.

Қазақ халқының ұлттық ұғымымен ұштасқан ислам діні еш уақытта дәстүрді теріске шығарған емес. Бақилық болған адамды құрметтеп шығарып салу, жаназасын өткізу – халық міндетіне айналып, дәстүрге енген шара. Жаназадан кейін жерлеу, жетісі, қырқы, жылын атап өту – адамды құрметтеу, ағайын-туыс болып қайғы бөлісу жолы. «Өлім – бардың малын шашады, жоқтың артын ашады» – дейді халқымыз. Адамның жамбасы жерге тимей жатып, қаралы үйде қонақасы берілуі дәстүрдің бұрмаланғанын көрсетеді. Қазақ қонақасын алыстан ат терлетіп жаназаға қатысуға, топырақ салуға келген қайтыс болған адамның жақын туыс-жекжаттарға берген. «Адамды баршылық та, таршылық та сынайды» – дейді. Тойды, қайтыс болған адамның жылын беру, еске алу, ас беруді де шатастырған заманға тап болдық. Қайтыс болған адамның жылын атап өту – ол жылы. Ол – 12 ай. Қайтыс болған адамға 6 ай толса болды, жылын өткізу деген пайда болды. Бұл дұрыс емес. Ас – қоғамға еңбегі сіңген, беделі бар атақты және 90 жас, 100-ге келген адамдарға ғана берілген. Аста шешілуі күрделі мәселелер, көптің қатысуымен қаралып, шешімін тауып отырған. Ас беру – ас иелері мен рулық-қасиеттеріне ғана сын емес, асқа шақырылған қонақтар үшін де үлкен мәртебе және белгілі бір міндеттемелер де жүктелген. Әр рудың тұтастық негізін байқатады.

Бүгінде қайғымен байланысты жайылатын дастарханға шектеу қойған дұрыс. Жаназа мен тойды ажырату қиын болып барады. Жаназа, басқа да құдайы тамақтарды жаппай даңғазалықты, күпінуді, жапа-тармағай дүние шашуды, шама-шарқына қарамастан өзара бәсекелестікке айналып, атақ-даңқ қуалау пиғылмен өткізу, дастархан басында асты жиналысқа айналдыру белең алған. Қолында жоғы жалған намысқа тырысып, күнбе-күн өз дастарханында балалары мүлде көрмеген тағамның түрлерін қарызға батып алып өткізуде. Өлім-жітім болған кезде адамның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына байланысты алалау, жаназаға, жерлеу рәсіміне қатыспау дертке айналуда.

Әрбір тойды жалтақтамай, ешкімнің көңіліне қарамай уақытында бастау, тост айтуды тоқтату, тамақ ысырабына жол бермеу, дастарханға арақ-шарапты мүлде жолатпау, тойда тек қазақтың ұлттық музыкасын пайдалану, үлкен адамдардың өзара әңгімелесетіндей, сұхбаттасатындай мүмкіндіктер туғызу, музыка дауысын орташа ғана қоюды, жұрттың қалауы тойды қазақыландыру арқылы құндылықтарды қайтаруды, қазіргі жастардың бақытты болуы, ұлтын сүюі, отаншыл болуы үшін де біз жиі өтетін тойларға қойылар талапты күшейтуіміз керек. Ол үшін әрбір ата-ана тойды ықшамдау мәселесі, қуанышқа тағылымы мол ретті той жасап, халықтың алғысына бөленгені дұрыс. Жинақы өтетін тойға ұлттық рең беруде жұрттың мәдениеті де айқындала түседі.

Біз, Еңбекшіқазақ ауданының ардагерлері, тұмаудың сovid-19 түрінің өте қауіптілігін ескеріп, қоғамның басты байлығы адам денсаулығы екенін барлық елді мекен тұрғындарына ескертуді жөн көріп, жалпы сақтық шараларын бұлжытпай орындап, салт-дәстүрлер мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау мәселелеріне көңіл бөліп, той, жаназа т.б. іс-шараларды алдағы 3 жыл көлемінде 10-15 адам жиналып, тек үйлену тойы мен ас беру рәсімдеріне барлық санэпидемиялық шараларды ескеріп туған-туысқандармен 30-40 адам көлемінде ғана үй төңірегінде өткізуді ұсынамыз.

Еңбекшіқазақ ауданының ардагерлері:

Т.Ұзақов,

А.Тойжанов,

А.Байтулақов,

С.Спатаев,

О.Абибов, 

Е.Апеков,

Ә.Жәпеков,

А.Мұқажанов,

А.Мұқатжанов,

Н.Мұхаметқалиев,

А.Орынбетова,

С.Тажиев,

Т.Тұяқов

Қазақ топырағында, Отырар қаласында 870 жылы дүниеге келген Әбу Насыр әл-Фараби – тарихымыздағы ұлы тұлғалардың бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы. Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» атанған, батыс пен шығысты білімімен бас идірген ұлы бабамыздың биыл 1150 жылдық мерейтойы.

Білімін бүкіл әлем мойындаған Әбу Насыр әл-Фараби жайында тарих парақтарында қандай пікірлер қалған? Топтастырып, ұсынып отырмыз.

 

Бүкіл мұсылман шығысының аса ұлы ойшылы әл-Фараби өзінен бұрынғылар тек шет пұшпақтап айналысқан көп мәселелер бойынша аса зор жұмыс тындырды. Бұл кемеңгер адам  грек философиясының ең терең қырларына дейін бойлап, байыбына жетті. Сондықтан да шығыста философияны ғылыми зерттеуді шын мәнінде бастаушы кім дегенде, басқа емес, тек соның есімі аталуы керек.

А.Мюлер,

немістің шығысзерттеушісі

 ***

Әл-Фараби Аристотельдің "Физикасын" қырық рет, "Риторикасын"

екі жүз рет, "Жан туралы" кітабын жүз рет оқыған екен.

Неткен таңғаларлық еңбек!

Г.Гегель,

немістің ұлы философы

 ***

Исламда Әбу Насырға тең түсер адам туған жоқ. Оның ілімін қастерлегендер «Екінші ұстаз» деп дәріптеді. Дүниеде төрт ғажап адам болған. Олар: Аристотель мен Александр Афродезейский және Әбу Насыр мен Әли ибн Сина.

Захир ад-Дин әл Байһақи,

араб тарихшысы

 ***

...Ал Әбу ше?

Кеңге жайды ол қанатын.

Әбуіміз – әрі ғалым, әрі ақын,

Әбуіміз – біздің ұлы бабамыз

Әбу Насыр әл-Фараби болатын.

Мұхтар Шаханов,

Қазақстанның Халық жазушысы

 ***

Барлық ғылымдар саласында әл-Фараби – «Екінші ұстаз». Ал музыка саласын алар болсақ, әл-Фараби бір өзі ғана – бас король. Басқаша айтқанда, музыка саласында әл-Фарабиге үлгі боларлық, бірінші ұстаз боларлық адам болмаған.

Г.Фармер,

араб музыкасының жалпы тарихын жазған белгілі ғалым

Сәбидің  бұл өмірдегі ең жақын адамы – ана. Тоғыз ай тоғыз күн жүрегінің астында ұрық болып жаралғаннан жарық дүниеге  келгенге дейін, ана сүтінен нәр алып, апыл-тапыл аяғын басқаннан кәмелетке келгенге дейін де ана жүрегі бала деп соғады. Көзі тірісінде ана  ешуақыт  баласын назардан тыс қалдырмаған.

Бірақ, бұл өмірде не болмай жатыр. Ойнап жүріп от басқан бойжеткендермен қатар әлі ана сүті аузында кеппеген жасөспірімдер жүкті болып, өмірге жасырын әкелген шақалағын қоқыс контейнерге, жол жиегіне лақтырған сұмдықтар да болып жатқаны  бүгінгі өмір шындығы.

Бірақ бүгінгі мақалада айтпағымыз сәбиге деген екі түрлі көзқарас, екі түрлі тағдыр талқысы туралы. Карантин кезіндегі шектеулерге қарамастан аудан әкімінің  бірінші орынбасары Айбек Бидаев басқарып, өткізілген «Кәмелетке толмағандар  ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі  комиссияның  екі-үш  отырысында  қатарынан қаралған  ауданымыздың бір ауылының тұрғыны Е. ныспылы азаматшаның кезінде анасы уақытша қалдырып кеткен А. есімді баланы қорғаншылыққа  алу туралы өтінішін қарау мәселесі талқыланған болатын.

Жазылып отырған мақалада өмірде болып жатқан оқиғаны, оған қатысушы кейіпкерлерді, мекен-жайы мен аты-жөндерін тікелей атамай тек басқы әріптерімен  ғана көрсетуімнің  себебін оқырман түсінер деп сенемін.  Өйткені А. есімді баланы бағып-қағып өсірген Е. ныспылы анада еш кінә жоқ. Өз балаларымен қатар  кемшілік көрсетпей бағып-қағып, өсіріп отырған  екен. Тек  ол баланы  құжаттандыру бүгінгі күннің талабы:  денсаулық сақтау, білім беру салаларын ғана атап өтсек болғаны –  құжатсыз ешқандай  қызмет көрсетілмейтіні  белгілі.

Заң талабы бойынша  баланы қорғаншылыққа алу үшін оның анасының, иә әкесінің әрі кетсе атасы иә әжесінің, яғни сәбидің ең  жақын туысқанының келісімі керек.

Сәбидің туған анасы  әртүрлі себептермен оның ішінде отбасын құруға  талпыныс та болу керек, баламен де, оны бағып отырған отбасымен де байланыс-ты үзіп алған екен.

Мемлекетіміздің кәмелетке толмағандар құқықтарын қорғау заңына сүйене отырып аудандық комиссия төрағасы А.Бидаев білім бөлімі мен оның жауапты қызметкерлері, ювеналдық полиция баланың анасын да, анасының  анасын да тауып комиссияның  кезекті  отырысында үш жақтың да уәждерін тыңдап,  баланы  анасына қайтару керек деген шешім қабылдады. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған  қазақпыз деп, мемлекеттің, яғни жасөспірімдер құқығын қорғау  комиссиясының құзырындағы егер бала қараусыз қалатын болса мемлекет баланы өз қарауына Заң негізінде алуға құқылы деген комиссия төрағасы Айбек Бидаевтың сөзімен аяқтауға болар  еді. Бірақ  мақаланың басында аталған  Е. ныспылы азаматшаның, оның жұбайының  адамгершілік қасиеттерін ерекше айтып өту керек.

Анасы баға тұруға қалдырып кеткен баланы жатсынбай, өгейсінбей өз балаларынан кем қылмай  өсіру үлкен жүректі, адамгершілікті талап етеді. Баланы туған анасына  қайтаруға келісім бере тұрып (Заң талабымен) Е. қылмастық көз жасын да жасыра алмады.

Әлбетте жас сәбиге де бауыр басқан отбасын, тай-құлындай  тебісіп өскен балалардан бөлініп, туған да болса өз анасына, жаңа ортаға бейімделіп кету оңай емес.

Тек сол сәбиді бағып-қаққан отбасы мен туған анасының  арасындағы, адами қатынас үзілмесе екен деп тілейік.

 

Х.Қасымұлы

Дүйсенбі, 08 Маусым 2020 12:38

Борьба с браконьерством

Охрана природы - общее дело и мы все в ответе за настоящее и будущее природы. Ведь природа богата разнообразием, растительного и животного мира.

Таким образом инспекторская служба Алматинской территориальной инспекции лесного хозяйства и животного мира проводят плановые и не плановые рейды по территории Алматинской области. Одной из задач для природоохранных инспекторов разъяснительная работа среди населения по всей области. Это является одним из важных средств профилактики и успешной борьбы с нарушителями. Необходимо пропагандировать бережное отношение к природе родного края, рассказывать о редких и находящихся под угрозой исчезновения видах животных. Таким образом мы сможем передать следующему поколению природу в первозданном виде и все накопленные знания по ее охране. Вся наша работа направлена на то, чтобы донести до каждого жителя основную мысль – мы все в ответе за сохранение окружающей среды.

Браконьеры охотятся без лицензий, без охотничьих билетов с применением оружий охоты. Они охотятся на животных занесенных в Красную книгу, так же они в сроки запрещенные для отстрела животных.

 

Абильдаев К.,

главный специалист Алматинской

областной территориальной инспекции

лесного хозяйства и животного мира.

Дүйсенбі, 08 Маусым 2020 10:40

Мақсат – ұрпаққа сапалы білім беру

Білім – үздіксіз ізденген, кедергісіз алға ұмтылған жанға ғана иіледі. Оған елімізде орын алған төтенше жағдай дәлел. Қанша тосқауыл болса да, ілімге ұмтылған ұстаздар үшін «Өрлеу» құшағын айқара ашты. ҚР білім және ғылым министрлігі біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы «Өрлеу» АҚ Алматы облысы бойынша филиалы «Шағын жинақталған мектептерде біріктірілген сынып-комплектілерінде пәндерді оқыту әдістемесі» тақырыбында мектеп мұғалімдеріне арналған біліктілік арттыру курсын онлайн ұйымдастырып, кәсіби дамуымызға септігін тигізді.

Курс жетекшісі Білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор Меруерт Бисенбаева өз дәрісін  білім беру мазмұнын жаңарту, білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және Қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған жүйеден бастады. Жетекші өз жұмысын, педагогтардың кәсібилігін дамытуға қажеттілігін қалыптастыру, педагогикалық қызметті оның ізгіліктік бағытталуының жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін шеберлік деңгейін жетілдіруге бағыттады.

«Білімді болу деген сөздің мағынасы – белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу», – деген Әл-Фарабидің сөзіне жүгінетін болсақ, ел ертеңі білімді ұрпақпен ғана өлшенбек.

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Курс барысында аталған білім беру бағдарламасы туралы түсінгенім мен ұғынғаным мол.

Курс тыңдаушылары орта білім беру жүйесіндегі нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен ұстанымдары, орта білім білім беру жүйесі педагогтердің қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілермен танысудан басталды.

Осындай қиын сәтте бізге оңтайлы жағдай жасап, облысымыздың түрлі шалғай ауылдарының мұғалімдерінің басын қосып, қашықтан курс ұйымдастырып отырған институт ұжымына және курс жетекшісі PhD доктор Бисенбаева Меруерт Кенжеғұлқызына алғыс айтамыз! Еңбектеріңіз жемісті, шығармашылықтарыңыз жоғары болып, өрлей беріңіздер дейміз!

Гулноз ШАНАЗАРОВА,

Райымбек  атындағы орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 30, 2024

ПАРИЖСКОЕ СОГЛАШЕНИЕ И ПАРНИКОВЫЕ…

Изменение климата является одной из самых серьёзных угроз современности, и углеродные…
Қырқ 30, 2024

️ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІМЕН…

Халықтық штаб мүшелері Б.Рахимов, Т.Ұзақов этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесулері…
Қырқ 30, 2024

Бүгін Халықтық штаб өкілдері…

Ондағы мақсат – 6 қазанда өтетін атом электр стансасын салу бойынша референдумға қатысып,…
Қырқ 30, 2024

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,…
Қырқ 30, 2024

Жас ақындар мен жазушылар арасында…

ЕРЕЖЕСІ1. Жалпы ережелер 1. «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы (бұдан әрі –…
Қырқ 30, 2024

АЭС салудың халықаралық тәжірибесі

Атом электр станцияларын (АЭС) салу және пайдалану – әлемдегі көптеген елдер үшін энергия…
Қырқ 30, 2024

Безопасность АЭС для Балхаша: мнение…

С ростом потребности в устойчивых источниках энергии Казахстан всерьез рассматривает…
Қырқ 30, 2024

Хайрушев: Если мы откажемся от АЭС,…

Вопрос строительства атомной электростанции в Казахстане поднимается с самого момента…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет