«Кедейлік – асқынған ауру». Дәл осындай оймен тағылымды шараның шымылдығын түрді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева. Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өткен бұл кездесуді аудан әкімі Бинәлі Ысқақ кіріспе сөзімен ашты. Келелі кездесуге облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары мен округ әкімдері және тұрғындар қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе де маңызды: ауданда жұмыссыздық деңгейінің алдын алу, кәсіпкерлікті барынша жандандыру. Халық қалаулысы Зағипа Яхьянқызының айтуынша, әр отбасының кемінде бір мүшесі кәсіппен айналысуы тиіс. Ол үшін жылдың басынан мемлекет тарапынан қолдау екі есеге күшейді. Яғни, кәсіпкерлікті ашудағы шектеулер алынды,  мүмкіндіктер молайды.  Ол  турасында «Даму» шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Алматы облысы бойынша филиалы өкілдері де кеңінен әңгіме қозғады. Сонымен қатар Қазақстан ипотекалық компаниясы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өкілдері де арнайы келіп, үй кезегін жылдамдатудың тәсілдерін ұсынды. Ол үшін жинақ банкіне неғұрлым көп тұрғын қаржы салса, округке болсын көпқабатты үйлер тұрғызуға болатынын жеткізді. Ал Зағипа Балиева мемлекеттік «Нұрлы жер» бағдарламасының жай-жапсарын түсіндірді.

Жыл басынан бері жұртшылықтың жай-күйімен танысып, Алматы облысында іссапарда жүрген Парламент Сенатының депутаттары Аңсар Мұсаханов пен Нұрлан Қылышбаев осы аптада ауданымызға келіп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен танысты. Аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, әкімнің бірінші орынбасары Нұржан Құдайбергенов сенаторлармен бірге жүріп, алдымен аудандық ішкі істер басқармасына бас сұқты, жергілікті полиция қызметінің құрамымен кездесті.

Жұма, 06 Қаңтар 2017 14:25

Ерлік кездейсоқ болмайды

1986 жылдың 26 сәуірі түні Чернобыль атом электр станциясының 4-энергоблогында болған апат салдарынан радиоактивті қалдықтардан түзілген бұлт 7,1 млн. адам тұратын 155 мың шаршы шақырым аумақты жайлап, радиациялық ластануға алып келген-ді. Сол жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталды дегенмен, сол аумақты жайлаған қасірет кеселінен арыту, қоршаған ортаны тазарту жұмыстары, яғни апаттың залал-зардаптарын жою 2005 жылға дейін жалғасты.

Жұма, 06 Қаңтар 2017 14:20

Қазақ педагогтарының атасы

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық...

Қазақтың тұңғыш ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин ХІХ ғасырдың екінші жартысында жастарды оқу, білімге үндеп, жар салған осы өлеңі мектеп табалдырығын аттаған әр балаға таныс. Не бары 48 жыл өмір сүрген қазақ педагогтарының атасы ең алғаш Ұлы Дала елінде мектеп ашып, өзі айтқандай, «балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірісті».

Жұма, 06 Қаңтар 2017 14:01

Береке-бірліктің қайнар көзі

Отбасы – шағын мемлекет. Мемлекетті құраушы жанұялар отансүйгіш, белсенді болса, сәйкесінше, Отанымыздың келешегі де кемелденері ақиқат. Отбасындағы осындай құндылықтар ескеріліп, Президенттің арнайы Жарлығымен, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ұйымдастыруымен соңғы бірнеше жылда елімізде ұлттық «Мерейлі отбасы»  байқауы өткізілуде. Оған мүшелері еңбекте, спортта, шығармашылықта, ғылымда жетістікке жеткен отбасылар қатыстырылады. Байқауда өткен жылы, яғни, 2016 жылы ауданымыздан 18 жанұя бақ сынаған болатын. Аталған отбасылар жақында аудан әкімдігінде марапатталды.

Жұма, 06 Қаңтар 2017 13:58

Елочка, гори!

Новогодние праздники в районе «официально» начались 28 декабря. Именно в этот день городской акимат  организовал массовые общегородские гулянья. Главную елку района возле районного дома культуры в шесть часов вечера волшебной палочкой  зажег Аяз ата, которому  ассистировали Акшакар-Снегурочки. Были соблюдены все традиции. За исполнение стихов дедушка Аяз раздавал есикчанам сладкие подарки, а его внучки исполняли для них задорные песни. Посмотреть, как будет дан старт Новому году и повеселиться возле елочки, пришли и взрослые, и дети. А 31 декабря там же, на площади, состоялась молодежная дискотека и народное гулянье.

И.ВИКТОРОВ.  

Бейсенбі, 29 Желтоқсан 2016 12:31

Ұлттық ойыншық саналылыққа тәрбиелейді

Шелек ауылындағы Галина Лулудова басқарған «Гүлдер» балабақшасында  «Бал – бала» атты мектепке дейінгі кішкене жастағы балаларды ұлттық тәрбиелеу мен оқытуға арналған оқу-әдістемелік кеше-ні кеңінен жүргізіліп келеді. Балабақшадағы Гүлдана Нұрбайқызының  тәрбиесіндегі  «Балапан» тобының бүлдіршін-дері 2014 жылдан бері Қазақ-станның танымал әншісі Қыдырәлі Болмановтың идеясынан туындаған интерактивті  ойыншықтарын пайдалану арқылы тәрбиеленуде. Жақын-да  аудандық білім бөлімі, ауылдық әкімдік  өкілдерінің қатысуымен, ата-аналармен, тәрбиешілермен  Қыдырәлі Болманов балабақшаға арнайы келіп, кездесті. Жаңа үлгідегі ойыншықтармен жас жеткіншектер қызыға ойнап, саналылыққа, өсер елдің ұрпағы-на сай тәрбиеленіп, өсіп келе жатқанының куәсі болды ата-аналар.

Жастар – жарқын болашақ кепілі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Жолдауында: «Мен сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер» – деп, жастарға сенім білдірген болатын. Елбасының сенімі ақталып, бүгінгінің жастары тек білімге ұмтылып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Жақында Талдықорған қаласында облыс аумағындағы осындай белсенді жастардың басын қосқан жиын өтті.

Бейсенбі, 29 Желтоқсан 2016 12:19

Өлеңге әркімнің бар таласы

«Талпынған жетер мұратқа» демекші, сөз патшасы – өлең  жазу өнеріне талпынып, айтар ойын саралай білетін жас жеткіншектер баршылық екен. Асысаға ауылында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне, еркіндікті аңсаған қазақ жастарының басынған кеңестік биліктің жөнсіз қарсы бейбіт ереуілге шыққан оқиғаның орын алғанына 30 жыл толуына орай «Желтоқсан желі ызғарлы» атты аудандық жас ақындар мүшәйрасы өтті. Аудандық жастар ресурстық орталығы, «Жас Отан» Жас-тар Қанатының аудандық филиалы және Асы ауылдық округі әкімінің аппараты ұйымдастырған бұл байқауда Қаратұрық, Көктөбе, Қорам, Асы, Масақ, Бәйтерек, Тескенсу, Түрген, Шелек ауылдық округтерінің таланттары бәсекеге түсті.

Бейсенбі, 29 Желтоқсан 2016 12:13

Бүлдіршіндер тілегі орындалған күн

Бірге соғып бар әлемнің сағаттары,

Күтер бәрі таусылмай тағаттары.

Ғасырдың он жетінші жылы келді,

Құстай ұшып, қырау шалған қанаттары.

Иә, көзді ашып-жұмғанша елімізде жақсы-лығымен есте қалған мешін жылы аяқталып, жаңа тауық жылы босағаны аттағалы тұр. Ересектер мерекеге дайындық жасап, абыр-сабыр болып жүргенде, балалар аяз атадан сыйлық күтіп, тілек тілейді. Жақында бүлдіршіндердің арманын орындау мақсатында Бәйдібек би ауылдық мәдениет үйінде аудан әкімінің шыршасы өтті.

Бірі мультфильм кейіпкерінің кейпіне еніп, енді бірі қазақтың ұлттық киімдерін киген оқушылар жаңа жылды тағатсыздана күтіп, Аяз ата мен Ақшақарды сағынып қалғаны көрініп-ақ тұр. Жаңа жылға арналған тақпақтарын пысықтап, Аяз атадан сыйлық алуға асық.

Аудандағы әлеуметтік аз қамтылған отбасында тұратын оқушыларға арналған мерекелік шыршаның ашылу салтанатында оқушыларды жаңа жыл мерекесімен құттықтаған аудан басшысы Бинәлі Әбдіқапасұлы:

– Еліміздің келешегі кемел болсын десек, алдымен жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие беруіміз керек. Аталған қағида бүгінде Елбасы тапсырмалары мен Үкімет қабылдаған бағдарламалардың арқасында орындалып келеді. Ауданымыздың өзінде қазіргі уақытта білім көрсеткіші артуда. Сәйкесінше, материалдық-техникалық базамыз да заман талабына сай жаңаруда. Ауданымызда өткен оқу жылын 82 мектеп аяқтаса, жаңа оқу жылында оның саны 2 мектепке артты. Азат пен Бәйтерек ауылдарында су жаңа мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Есік қаласы мен Шелек ауылында 600 орындық оқу орнының құрылысы жүргізілуде. Келер жылы қыркүйекте пайдалануға берілуі тиіс. Құрметті оқушылар, бұның барлығы сендер үшін. Сендерге еш кедергісіз сапалы білім алуға жағдай жасау – біздің міндетіміз – дей келе балабақшалар мәселесін де сөз етті. Кейіннен, аудандағы барлық мектептерден келген оқушыларға сыйлықтарын үлестіріп, бірге естелік суретке түсті. Жаңа жылда армандаған сыйлықтарын қолдарына алған оқушылар Бинәлі Әбдіқапасұлына алғыстарын өлең жолдарымен жеткізді. «Улыбка» би ансамблі мен аудан әншілері мың бұралған би мен әуезді әннен шашу шашып, мерекелік кештің көркін қыздыра түсті. Иттермен, алып жыланмен өнер көрсеткен цирк қызметкерлеріне тәнті болған балғындар ерекше күйге бөленді. Концерттен соң Бинәлі Әбдіқапасұлы мен оқушылар жасыл шыршаның шамын жағып, жаңа жылдық әндер айтып, шыршаны айнала биледі. Сайқымазақпен бірге көңіл көтеріп, Аяз атадан тәтті сыйлықтар алды. 

Сардарбек НҰРАДИН.

 

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет