Жұма, 19 Тамыз 2022 09:35

Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Әділжан СМАҒҰЛОВ: Құрылысты дамыту — әлеуметтік жағдайды көтерудің негізі

Адамзат өмірінің соңғы онжылдықтары экономика мен тұрмыста түрлі технологиялық үдерістердің күрт қаулап өсуімен ерекшеленеді екен. Солардың алдыңғы қатарында құрылыс саласы да бар. Кез келген мемлекеттің, қоғамның ілгері басуына оның құрылыс, сәулет саласына қарап баға беруге болады. Құрылыс саласы – қашан да  экономиканың негізгі іргетасы екені айқын. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Әділжан Смағұловпен тілдесіп, аталған салада атқарылып жатқан жұмыстар мен өзге де толғақты түйіндер аясында әңгімелескен едік.

 

– Әділжан Мұхаметжанұлы, ұзақ уақыттан бері ауданымыздың құрылыс саласын басқарып келесіз. Халыққа ең қажеттісі баспана екені баршамызға аян. Өңірімізде тұрғын үй алу үшін кезекке тұрған азаматтардың саны да аз емес. Осы орайда ауданымызда тұрғын үй салу жұмысы қаншалықты қарқынды жүріп жатыр?

– Әрине, өңіріміз республикадағы ең ірі аудандардың бірі саналады. Сол себепті, тұрғын үй алу үшін кезекке тұрған азаматтардың саны да күн санап артып келеді. Қалай десек те, азаматтар үшін баспана – басты мәселе. Осы тұрғыда ауданымыз бойынша құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Айталық, ауданда бүгінгі күні үш көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы аяқталды. Жалпы саны 180 пәтер. Абаттандыру жұмыстары жасалғаннан кейін тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға тапсырылады. Одан бөлек Есік қаласында жалпы құны 2 млрд теңге болатын 40 пәтерлі үш үйдің құрылысы басталды. Сонымен қоса, Есік қаласына 30 пәтерлі үш, 40 пәтерлі бір үй салу үшін, Шелек ауылына 60 пәтерлі екі үйдің жобалау-сметалық құжаттамалары мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, құрылысына қаражат бөлуге өтінім берілді.

– Азаматтарды баспанамен қамтуда жер теліміне инфрақұрылым жүргізу де үлкен рөл атқарады. Бұл бағыттағы жұмыстар қалай жүргізілуде? Жер кезегі жылжып жатыр ма?

– Оныңыз рас, жер алу үшін кезекке тұрған азаматтардың да қарасы қалың. Осы орайда, жер телімдеріне инфрақұрылым жүргізу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, Шелек ауылында 237 гектар жерге инженерлік-инфрақұрылым жұмыстары жүргізіліп жатыр, аталған аймақта 1700 жанұяға жеке үй салу үшін жер беріледі. Сонымен қатар, Ақши ауылындағы 90 гектар жерге инфрақрылым жасалып, кезекте тұрған 610 азаматқа жер учаскесі берілетін болады. Алға ауылында да 22 гектарға инфрақұрылым жасалуда. 

– Бүгінде ауданымызда 3 ауысыммен білім беретін оқу ордаларының саны артып келеді. Оның үстіне, күрделі жөндеуді күткен ескі мектеп-ер тағы бар. Көп көкейіндегі осы мәселелерді шешуге нақты қандай қадамдар жасалуда?

– Сіз сөз етіп отырған 3 ауысымды мектептер мен ескірген оқу ордаларының мәселесі кезең-кезеңімен оң шешімін тауып келеді. Айталық, Ташкенсаз ауылына Абдуллин атындағы мектепке қосымша 300 орындық мектептің құрылысы жүргізілуде. Сонымен бірге, Қазақстан ауылындағы Қайыпов атындағы мектепке 300 орындық қосымша ғимарат салынуда. Сонымен қоса, Есік қаласында 1500 орындық білім ошағының құрылыс жұмыстары да қарқынды жүргізіліп жатыр. Ал мектептерді күрделі жөндеу жұмыстарына келсек, алда Есік қаласындағы Абылай хан атындағы орта мектепке, Шелек ауылындағы Абай атындағы орта мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда мердігер мекемелер анықталуда. Сондай-ақ Есік қаласындағы Сәтпаев атындағы орта мектепке, Жаңашар ауылындағы Жансүгіров атындағы орта мектепке, Ащыбұлақ ауылындағы Бубенцов атындағы орта мектепке, Ащысай ауылындағы Уәлиханов атындағы орта мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасын табады.

– Ауылдағы жұртшылық мәдениет ошақтары мен дәрігерлік амбулаториялардың жоқтығын жиі айтады. Алда мәдениет үйі мен емханаларға  зәру  ауылдарда аталған әлеуметтік нысандар салына ма?

– Қазір Бәйтерек, Кызылшарық, Қайыпов ауылдарына жаңа мәдениет үйлерін салу үшін жобалау-сметалық құжаттары жасалуда. Сондай-ақ Қызылшарық ауылына 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория салуға жобалау-сметалық құжаттары әзірленді. Мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, құрылысына қаражат бөлуге өтінім берілді. Тескенсу ауылына 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория салу үшін жобалау-сметалық құжаттары жасалуда.

–  Жыл басында құрылыс пен сәулет және қала құрылысы бөлімдері біріктірілді. Бұл үдеріс жұмыс өнімділігіне қанашалықты әсер етті?

– Бөлімдердің біріккендігіне байланысты жұмыс көлемі көбейді, бүгінде мамандардың саны жетіспейді. Шын мәнінде, құрылыс пен сәулет және қала құрылысы бөлімдері өзіндік бағыттары бар екі түрлі сала болған. Бірақ бұл үдеріске де бейімделіп кетеміз деген ойдамын.

– Қазір жаңа салынған құрылыстардың сапасына көп сын айтылады. Сапаны қадағалау жағына да тоқталып кетсеңіз.

– Бағаның тұрақсыздығына байланысты құрылыс жұмыстарында сапасыздық байқалады, десек те құрылыс нысандарын мүмкіндігінше сапалы салынуын қадағалаймыз. Ол үшін аудан әкімдігі, бөлім қызметкерлері, «AMANAT» партиясынан құрылған арнайы комиссия мониторинг жұмыстарын жүргізіп, құрылыс барысы мен сапасын бақылауда ұстайды.

– Ұзақ жыл құрылыс саласында еңбек еттіңіз. Өзіңізді толғандаратын мәселелерді де айта кетсеңіз.

– Иә, отыз жылдан астам осы салада қызмет етіп келемін. Әрине, құрылыс саласында мені ойландыратын жайттар бар. Ең әуелі, отандық құрылыс өнеркәсібін дамыту қажет. Біз көптеген құрылыс материалдардын шетелдерден аламыз. Бұл сөз жоқ бағаға әсер етеді. Елімізде құрылысқа қажетті материалдарды өндіру саласы кенжелеп қалды. Қазір соның зардабын тартып отырмыз. Екінші, құрылысқа қатысты түрлі жобаларда 10 пайыздық жеңілдік жасау деген бар. Бұл тендерге қатысқан компаниялар жоба құнын 10 пайызға арзандата алады деген сөз. Енді жоба құнын 10 пайыз арзандатып, тендер ұтып, құрылыс жүргізген компаниялардан қалай сапа жағын талап етуге болады? Көптеген жаңа құрылыстардың сапасы сын көтермей жатқандығы да осыдан деп ойлаймын.

 – Әңгімеңізге көп рахмет! 

 Тілдескен Ерзат АСЫЛ.

Оқылды 1903 рет

Соңғы жаңалықтар

Маус 02, 2025

«SAQTAN» Жастарды сақтайық –…

Алматы облысында жастар арасында есірткіге тәуелділік, суицид, құмар ойындар сынды зиянды…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Абуханов Серік Егізбайұлы, 1985 жылы 28 маусымда Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ …

Мен Шынғожа Айбарұлы Тикельдиев, 1991 жылы 28 тамызда Еңбекшіқазақ ауданы Қазатком…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Умербеков Талғат Алтынбекұлы, 1965 жылы Шелек ауылында дүниеге келдім. 2007 жылы…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ САЙЛАУШЫЛАРЫ! Мен, Алдибеков Саят Болатбекұлы Алматы…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Сарғожанов Ринат Серікқанұлы, 1984 жылы 29 қазанда Есік қаласында туылдым. 2011 жылы…
Мам 29, 2025

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ…

Мен Елубай Еламан Рауанұлы, 1996 жылы 7 қаңтарда Еңбекшіқазақ ауданы Тескенсу ауылында…
Мам 28, 2025

Жіті енжар паралич (полиомиелит)

Жіті енжар паралич – адамның жүйке жүйесін зақымдайтын және сал ауруына әкелетін…
Мам 28, 2025

2025 жылы Қазақстанда ауыл…

2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында елімізде Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы…

Күнтiзбе

« Маусым 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет