Сенбі, 22 Қазан 2022 11:30

Қызметіміз – ел тыныштығы

Биыл Қазақстан 13 жылдан кейін алғаш рет Республика күні мерекесін атап өтпек. Бұл күнді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қайтадан мемлекеттік мереке етіп бекітті. Айтулы мейрамның қарсаңында мемлекетіміздің тыныштығына сақшы болған әскери қызметшілеріміздің еңбегі зор екенін ескеріп, 6654 әскери бөлімінің командирі, полковник Жандос Қасымовпен сұхбат құрдық.

– Құрметті Жандос Жалғасбекұлы жастардың патриоттық сезімі бойынша қандай қызметтер атқарудасыздар?

– Сұрағыңыз орынды, әскери өмірдегі адамдар жастарға үлгі бола біліп, Отанға деген қызметті өткеру қажеттігін насихаттайтын негізгі сала ғой. Осы орайда біздің ұжымымыз Қаракемер, Түрген ауылдарындағы басқа да мектеп оқушыларымен, колледж студенттерімен тұрақты түрде кездесу өткізіп тұрады. Кездесуде әскери өмірдің тыныс-тіршілігімен таныстырып, әскери оқу жаттығулардың үлгісін көрсетеміз. Жасөспірімдермен сұхбаттасып, әрбір ер азамат әскер қатарына қосылып, Отан алдындағы борышын өтеу керектігін, еліміздің Туын қалай құрметтеу қажеттігін барынша түсіндіреміз.

Кездесуді ұйымдастыратын кезімізде оқушылар әскери формамен келулерін сұраймыз. Бұл жұмысымыз жақсы нәтижелерін беруде. Әскер туралы теріс ойда жүрген ұлдардың, көзқарастарының өзгергенін, кәмелеттік жасқа толғанда әскерге барғысы келетіндерін жиі байқаймыз.

– Ата-аналарды да, жастарды да алаңдататын мәселе әскерде әлімжеттік бар деп біледі. Бұл жәйт жөнінде оқырмандарға не айтасыз?

– Айтарым әскерден қорықпау керек. Әлімжеттік, ақша жинау секілді құқық бұзушылықтар жоқ деп сеніммен айта аламын. Борышын өтеп жүрген сарбаздар өзара сөзге келіспей, бір-біріне қол көтеріп, төбелесіп қалатын сәттер боп тұратынын жасыра алмаймыз. Алайда ондай жәйттардың да орын алмауы үшін барынша жұмысымызды жүргізіп келеміз. Қазіргі уақытта сарбаздардың киімі бүтін, тамағы тоқ, жатар жері жылы.

– Жас сарбаздарымыздың бойындағы патриоттық сезім жайлы, жалпы бұрынғы мен бүгінгі сарбаздарды салыстыратын болсақ қандай баға бересіз?

– Бұрынғымен салыстырсақ, бәрі болмаса да басым көпшілік жастарымыз әлсіз, қиындықтарға төзу қабілеттері төмен. Бұған ата-ана да, қоғам да кінәлі шығар. Ата-аналарға айтарым қазақ «Балаңды аясаң – аяма» – дейді. Баланың мықты болып жетілуіне күш салып, тәрбиеге көңіл бөлсе екен. Айтып өтетін негізгі мәселе әскер қатарына шақыртылушы 20 жастағы жігіттердің 90 пайызында кредит бар екеніне таң қаламын. Көпшілігі телефон, киім секілді нәрселер алу үшін, мақсатсыз банк алдында қарызға батқан.

– Өзіңіз басшылық етіп отырған 6654 әскери бөлімінің негізгі қызметтік бағытын атап өтсеңіз?

– Біздің бөлім Ұлттық Ұланның жас мамандарын дайындайтын еліміздегі бірегей орталық. Жедел батальонымыз да бар, бұл министрдің резервіне кіреді. Яғни, Қазақстанның кез-келген өңірінде төтенше жағдай орын алса, бірінші болып міндетін атқаруға біздің батальонымыз барады. Мәселен, қасіретті қаңтар оқиғасы орын алған кезде біздің әскерилеріміз алдыңғы шепте болды.

– Әрине, әскери адамдар үлкен жауапкершілікке ие әрі күрделі маман-дық екені анық. Сұрамағым мемлекет тарапынан әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайына қаншалықты көңіл бөлініп жатыр?

– 2023 жылдан бастап офицерлер мен келісім шарт бойынша қызметшілердің жалақысы 26 пайызға өсетін болады. Бұл жалақымыздың өсу жоспары бойынша 3-ші кезеңі болмақ. 20 жыл әскери қызметте болған жандарға үй, пәтер алуға, отбасындағы әр адам басына 6 млн теңге қаржы бөлінеді. 20 жыл еңбек өтілі жоқ әскерилерге пәтер ақысы үшін ай сайын адам басына 36 мың теңге төленуде.

– Биыл әскери бөлімдеріңіздің құрылғана 60 жыл болмақ, мерейтойға дайындық жүріп жатқан шығар?

– Әрине жылда 2-ші қарашада аталып өтетін мерекеміз, белгілі себептермен 12 қарашаға жоспарланып отыр. Жоғары деңгейде мерекелейтін боламыз.

Тілдескен Ринат НАРХАНОВ.

Оқылды 1714 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет