Сейсенбі, 31 Мамыр 2022 09:38

Алашордадағы жетісулық – Садық Аманжолов

1937-1939 жылдар аралығында қазақтың бас көтерер зиялысының көпшілігі қуғын-сүргін құрбанына айналды. Зерттеушілердің деректеріне сүйенсек, осы кезең аралығында Кеңес Одағының құрамында болған Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған және 25 мың адам ату жазасына кесілген. Төмендегі мақала қуғын-сүргін құрбаны болған жетісулық Садық Аманжолов жайлы болмақ. 

Қазақтың ардақты азаматы, «Алаш» партиясының мүшесі Садық Аманжолов 1885 жылы қазіргі Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаратұрық елді мекенінде дүниеге келген. Садық Аманжолов ауқатты отбасында туылып, балалық шағы туған ауылында өтеді. Әкесі Аюке баласынан үлкен үміт күтсе керек, оны жастайынан үлкен істерге дайындап, кесек мінез қалыптастыруына себепкер болады. Садық жастайынан білімге құштар болып өседі. Осыны ұққан әкесі оны 1898 жылы Верныйдағы ұлдар гимназиясына оқуға береді. Ол мектепті бітіргеннен кейін, өзінің білімін одан әрі ұштау үшін Қазандағы император университетінің заң факультетіне оқуға түседі. Университетті өте жақсы тамамдаған Садық Аманжолов 1917 жылға дейін Жетісу облысында заң орындарында қызмет атқарады. 1917 жылы Садық Аюкеұлы Үржар уезінде қазақ комитетінің төрағасы болады. Садық Аманжоловтың ұлт үшін күрескен өмірінде бұл кездің орны бөлек. Осы жұмыста жүріп ол Алаш зиялыларымен жақын танысып, ойы ұшталып, кемелдене түскен еді. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен съезде қазақ зиялыларының ұйғаруымен Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутат болып сайланады. Жетісу өңірінде Алаш ұйымдарының құрылуы мен оның қызметінің тыңғылықты жүруіне Садық Аюкеұлы бір кісідей тер төкті. Жан-жақты жетілген кемел азамат Алаш әскері қатарында қолына қару алып, майданға шықты. Кеңес әскерімен болған шайқаста Садық Аманжолов ауыр жарақат алып, жараланады. Кеңес үкіметі кезінде С.Аманжолов Қазақ автономиялық социалистік кеңестік республикасы заң халық комиссариатында қызмет етеді. Жасынан әлеуметтік қызметпен шұғылданған, кәсіби маман бұл жұмысты да тыңғылықты атқарды. Алайда туған халқының азаттығы үшін күрескен С.Аманжоловтың тағдыры 1930 жылдардың зобалаңы басталғанда тәлкекке түсті. Садық Аюкеұлы Қазақстаннан қуғындалды. Жан сауғалап Мәскеуге барды, алайда Ресей астанасы оған ұзақ мекен бола алмайтынын түсініп, Бішкекке, одан әрі Ташкентке кетті. Өзінің саналы ғұмырында қазақ халқы үшін, оның ұлттық мемлекеті – Алашорда үкіметі үшін елеулі еңбек етті. Садық Аманжолов 1941 жылы 5 желтоқсанда Ташкент қаласында 56 жасында өмірден өтті.

Саяси қуғын-сүргіннен жазықсыз жапа шеккен қайраткерлердің есімдерін еске алуды, олардың рухтарына құрмет көрсетуді естен шығармауымыз керек. Ұрпақ санасында өткен дәуір тарихын жаңғыртуды ұлт алдындағы азаматтық парызымыз деп білейік!

Жанар ҚАШАҒАНОВА,

Шелек тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі.

Оқылды 2750 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет