Сенбі, 27 Тамыз 2022 14:44

Тағылым мен мен тәрбиенің тал бесігі

Табиғат – адамзаттың баға жетпес байлығы. Сылдырлап аққан мөлдір бұлақ, тасыған өзен, төбесі көк тіреген асқар таулар, оның баурайын мекен еткен аң-құстар – барлығы бізге берген Тәңір сыйы. Оны күтіп-баптау, қорғап, қастерлеу – біздің міндетіміз. Осы байлықты бағалауға, экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізуге, экологиялық білім мен тәрбие беру жолында еңбек етіп жүрген Есік қаласындағы облыстық балалар мен жасөспірімдердің туристік және экскурсия орталығы балаларды табиғатты аялауға баулып, туған жердің табиғатын танытуда. Биылығы балалар жылына орай аталған  орталықта көптеген иігі шаралар ұйымдастырылуда.

Орталық ұжымы ауданымыздың мектептерінде туристік-өлкетану және экологиялық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асырады. Орталық жұмысының басты мақсаты – балалар мен жас жеткіншектерді қоршаған табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу, экологиялық мәдениет дағдыларын қалыптастыру. Орталықта туризм, өлкетану, экологиялық бағыттар бойынша 11 түрлі үйірме сабақтары жүргізіледі.

– Біздің көптеген жобаларымызда балалар мен жасөспірімдерді табиғатты қорғау ісіне тарту жолын қарастырамыз. Мұндағы мақсат – табиғат экожүйелерін сақтауға бағытталған қоғамдық маңызы бар істерге балалар мен жасөспірімдерді тарту, халыққа экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізу. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қатысушылар мен үйірме жетекшілері арасында экологиялық басылымдарға деген сұраныс артады, ол өз кезегінде экологиялық мәдениетті қалыптастырады. Үйірме барысында экологиялық ойындар мен викториналар, флэш-моб және басқа да шаралар ұйымдастырылады. Аталған шаралардың барлығы балалар мен жасөспірімдердің назарын аумақтарды көгалдандыру және абаттандыру мәселелеріне, тұрғылықты жері бойынша экологиялық қауіпсіздікті сақтауға аударады, қосымша білім беру үдерісіне ғылыми-зерттеу және практикалық жұмыстарды енгізу арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктері артады. Бізде жорықтар жиі болады. Оқушылармен жасалатын мұндай танымдық шаралар негізінен демалыс уақытына жүзеге асырылады. Жаз мезгілінде орталық жанынан «Алтын адам» туристік-экологиялық лагері ұйымдастырылады. Бағдарламаға сай экологиялық турнирлер, экологиялық-биологиялық мазмұндағы зияткерлік ойындар өткізіледі. Есік көлі, Түрген шатқалына экскурсия ұйымдастыру барысында Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің келісімімен экологиялық жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар, флораны, фаунаны, өлкенің табиғи ерекшеліктерін, су айдындарының экологиялық жағдайын, олардың жағалауларын, жағалау өсімдіктерін зерттеу бойынша «Казачка» шатқалына экологиялық жорық ұйымдастырылады. Пандемия салдарынан көптеген ауқымды жобаларымыз үзліс тапты. Ал қазір қайтадан жанданып келеді, – дейді орталық  директоры Мұрат Ақаев.

Биыл балаларды қорғау күніне орай облыстық балалар мен жасөспірімдердің туристік және экскурсия орталығы аудандық білім бөлімі және  Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркімен бірілесіп «Өлкенің гүл жайнаған балғандары» атты туристік шара ұйымдастырған. Сонымен бірге, «Тарихы терең, табиғаты көркем – туған өлкем!» атты жоба аясында аудан мектептерінен жетім, жартылай жетім, көпбалалы отбасы, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларынан 315 бала қамтылып, Есік – Жаркент бағыты бойынша саяхат жасалыпты. Саяхат барысында оқушылар өлкедегі бір шегесіз салынған «Жаркент» сәулет-өнер мешіт мұражайымен, 800 жылдық тарихы бар «Киелі ағаш» тарихи орнымен танысып қайтқан. Сондай-ақ жақында «Жетісу жауһарлары» жобасы аясында Жетісу облысындағы М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану музейіне, І.Жансүгіров атындағы музейге, Қонаев – Алматы күре жолы бойындағы «Ретро автокөліктер» мұражайына саяхат жасалыпты. Орталық директоры Мұрат Ақаевтың сөзінше, алда облыстағы аудандармен бірлесетін ауқымды жобалар қолға алынбақ.

Бүгінде орталыққа келіп, жаздық лагерде демалуға қызығушылық танытатындыр көп көрінеді. Дегенмен, орталық  жұмысына тыңнан серпін беруге кедергі  болатын жайттар да жоқ емес. Әңгіме барысында Мұрат Тілепбердіұлы  бірқатар  мәселелердің барын жасырмады. Оның ішінде өз ауданымыздың «Іле-Алатау» Ұлттық паркіне қарасты экологиялық пост аумағына өту ақылы болу себебінен, туған өлкеміздің қойнауында танымдық экскурсиялық жорықтар жасап, тау-тасқа өрмелеп, практикалық сабақтар өтуге мүмкіндік жоқ. Екіншіден, туризм орталығының материалдық базасы төмен. Орталықтағы демалыс орындары ескірген, орталықта балаларды тасымалдайтын автокөлік те жоқ. Үшіншіден, В.Терешкова атындағы орта мектебінің спорт залына орнатылған орталықтың теңгерімінде тұрған жартасқа өрмелеу (скаладром) құрылғысын орталық оқушылары үшін пайдаланып, оқытуға мүмкіндік жоқ. Себебі, спорт зал үнемі мектеп оқушыларынан босамайды. Дегенмен, алдағы уақытта оңаша отау құрған облысымыздағы  жалғыз балалар мен жасөспірімдердің туристік және экскурсия орталығының  жағдайы жақсарады деген үміттеміз.

Ерзат АСЫЛ.

Оқылды 4301 рет

Кескіндер галлереясы

Соңғы жаңалықтар

Там 21, 2025

Қатерлі қарудың қасіреті

Кеңестер одағынан қалған Семей ядролық полигоны қазақ халқының маңдайына біткен сорының…
Там 21, 2025

Ұлт рухының ұлағатты шамшырағы

«Оян, қазақ!» деп ұйқыдан оятқан тұлғалар тарихта сирек. Бірақ тарих – жүрекке жүк артқан…
Там 21, 2025

Алау мінез Алханбек

«Еңбекшіқазақ» аудандық газетінің «атасы» – «Үлгілі колхоздың» 1953-1957 жылдардағы…
Там 21, 2025

Алматы облысында 1 қыркүйекте…

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мыңға артық. Алғаш рет мектеп табалдырығын 30 мыңнан…
Там 21, 2025

Ауданымыз газет атымен аталған

«Ұрыстан кейін шаршап, қалжыраған солдаттар дем алмастан қала ішінде жарылған бомба мен…
Там 21, 2025

Бүгінгі жас - жарқын болашақтың…

Әр заманда өз елінің болашағы үшін қызмет ететін ұлы ақын Абайдай, «Оян, қазақ» деп…
Там 21, 2025

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика…
Там 21, 2025

Еңбекшіқазақ ауданында отбасы…

Еңбекшіқазақ ауданында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында “Отбасылық және гендерлік…
Там 20, 2025

Нитраты көп көкөністерден сақтаныңыз!

Еліміздің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметімен сатылымдағы (дүкен сөрелері,…

Күнтiзбе

« Тамыз 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет