Бейсенбі, 28 Қазан 2021 16:00

Жарқын жүздесу

ӨНЕР АТАУЛЫНЫҢ ТАБИҒАТТАН ДАРИТЫНЫ, СОСЫН БАРЫП ТОПЫРАҚҚА ТАМЫР ТАРТАТЫНЫ – АҚИҚАТ.  АЛ ПОЭЗИЯ – ТІРШІЛІКТІҢ ТІЛІ, ЖАСЫЛ ҒАЛАМНЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫ ІСПЕТТІ. ӨЙТКЕНІ ОЛ КҮНДЕЙ НҰРЛЫ ҺӘМ ӨМІРДЕЙ СЫРЛЫ.  ЖАҚЫНДА Д.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ ЖАС ҰРПАҚТЫҢ САНАСЫНА ОЙ САЛАТЫН  САЛИҚАЛЫ КЕЗДЕСУДІҢ КУӘСІ БОЛЫП ҚАЙТҚАН  ЕДІК.

Орта мектепте  «Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып!» атты ақын, сазгер, ҚР білім беру ісінің үздігі Қамнұр Тәлімұлымен кездесу өтті. Аталған кездесуге Дәркембай Шоқпарұлы атындағы қолөнер мұражайының директоры, аудандық мәслихат депутаты Дәулет Шоқпаров, мектеп директоры Римма Ахметова және  мұғалімдер мен оқушылар қатысты. Кездесудің алғашқы сөзінде мектеп директоры Римма Ахметова жас ұрпақ үшін бұл рухани қауышудың терең мәні бар екендігін баяндады. Олар туған өлкеде қандай дарынды тұлғалардың өмір кешкені, ұлт руханиятында қандай із қалдырғанын ұғынудың жас ұрпақ үшін маңызды мәнге ие екенін айтты. Одан кейін сыр сұхбатқа ұласқан кездесуде Қамнұр Тәлімұлы ардақты ағасы Дәркембай ұста Шоқпарұлы мен қазақтың ғажап ақыны Тұманбай Молдағалиев туралы кеңінен сыр толғады.

– Дәркембай дегенді естісе дүйім қазақ дүлдүл ұста-зергерді есіне алып, елең етеді. «Жасындай от шашатын төсті құрып, жасымнан ұсталықты кәсіп еттім» деген шебер «балғаның төске тиген шыңылымен шынығып өскен» еді. Жұртының көне жәдігерлерін жинап, оны көзінің қарашығындай сақтап, бүгінге жеткізіп, қазақтың ұлттық қолөнерін қайта тірілткен Дәркембай Шоқпарұлы елінің құрметіне бөленген жан еді. Ол кісінің жеті қыры емес, жетпіс жеті қыры бар болатын.

Ол «ағаштан түйін түйген» зергер ғана  емес, сөздің де зергері еді. Өнертанушы, аспаптанушы кемері кең дарын иесі болатын, – деді ақын.Сонымен қоса кездесуде Қамнұр Тәлімұлы Дәркембай ұстаның адами болмысынан алуан сыр шертетін әңгімелердің тиегін ағытып, оның өлеңіне жазылған «Сағыныш» атты әнін орындады. Сондай-ақ Дәркембай Шоқпарұлы атындағы мұражай қызметкерлері әйгілі шебердің қолтаңбасы қалған зергерлік  бұйымдардан шағын көрме ұйымдастырды.

Кездесуде аса көрнекті ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның ха-лық жазушысы Тұманбай Молдағалиев туралы да сыр шертілді. Туған топырағын  өлмес  өлеңіне қосып, ел мен жерді сүюдің жарқын өнегесін көрсеткен қайталанбас ақынның шығармашылық жолы бүгінгі ұрпақ үшін ең қастерлі оқулық екендігі айтылды. Жас шәкірттермен болған жарқын жүздесуде Қамнұр Тәлімұлы өз шығрамашылығы туралы ой бөлісіп, оқушылар сұрағына жауап берді. Кездесуде «Асыл әжелер» тобы Т.Молдағалиевтің  өлеңіне жазылған Н.Тілендиевтің  атақты «Құстар әнін» шырқап, кештің көркін  қыздыра түсті. Ал 6 сынып оқушысы Қажымұқан Пердебай Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйін орындап, көптің ықыласына бөленді. Кездесуде жас шәкірттер Тұманбай өлеңдерін жатқа оқып, ақынның шығармашылық әлеміне сапар шекті. Сонымен бірге жоғары сынып оқушылары «Өнері елге аманат» атты талқы ұйымдастырып, Дәркембай Шоқпарұлының өмірі мен өнері жайлы ой толғады. Кездесу соңында  мектеп ұжымы атынан  Қамнұр Тәлімұлы мен Дәулет Дәркембайұлының иығына шапан жабылып, сый-сияпат көрсетілді. Бүгінде әкеден  қалған ұлы өнедің ізін жалғап келе жатқан Дәулет Дәркембайұлы әкесінің«Замана ағымы» атты кітабын мектеп кітапханасына тарту етті.

 

Е.АСЫЛ.

Оқылды 2663 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Бақ іздеген ауыл Жыр алыбы дәуір келбетін кестелейді »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет