Сейсенбі, 17 Қараша 2020 14:43

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!

Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген Әбу Насыр Әл Фараби қай уақытта болсын бала тәрбиесі өте маңызды екенін айтқан. Ал бала тәрбиесінде тәрбиелілікке жетудің жолы – еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа, мейірімділікке үйрету.

Бақытты бала – бақытты отбасы – бақытты ел! Осы орайда «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық науқаны барысында Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернаты және Қызылқазақ бастауыш мектебі» КММ-де мектеп психологі Б.Кистауова мен әлеуметтік педагог А.Ерлан 10-11 сынып оқушыларымен онлайн форматта «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында конференция өткізді. Зорлық-зомбылықтың алдын-алу, зорлық-зомбылыққа жол бермеу, оқушылар арасында заң мен жеке бас құқықтарын түсіндіруді мақсат еткен конференцияда оқушылар өз ойларын еркін айтып, пікірлерімен бөлісті. Мектеп психологі оқушыларға өз құқықтарын қорғау туралы кеңестер берді. Кез келген адам өзін зорлықтан қорғап, өз құқығын қорғай алуы тиіс. Зорлық-зомбылықсыз әлемді құруға талпынудың маңызы сөз болды. Соңында М.Мақатаевтың «Әрдайым сақ болып, әрдайым өздеріңді қорғай біліңдер» деген сөзімен конференцияны аяқтады. Жоспар бойынша 9-11 сынып оқушыларының арасында «Біз өз проблемаларымыз туралы» тақырыбында онлайн эссе жазу байқауы өткізіліп жатыр.

Б.Кистауова,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп психологі 

Қырбалтабай ауылы

Сейсенбі, 17 Қараша 2020 14:39

Жас мамандар – болашақтың айнасы

Жастар – жаңалықтың жаршысы, жалынды өмірдің жыршысы. Өйткені олардың жүрегі өшпес үмітке, алаулаған арманға толы. Сондықтан да білікті жастардың білім беру саласында тер төгуінің маңызы зор.
Жастардың жасампаз ойы мен замануи технологияларды меңгере білген әмбебаптылығы жаңа оқу бағдарламасына тың серпін бере алады. Сондықтан Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектеп білім беру ісіне жас мамандарды тартуға басымдық беруде. Бүгінде аталған мектепке 12 жас маман жұмысқа келді. Қазір жас мамандарға мектептің 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспары құрылып, өз деңгейінде түйінді жұмыстар атқарлуда. Сонымен қоса, жас мамандарға білім мазмұнына сәйкес нормативтік құжаттар таныстырылып, күнделікті күнтізбелік тақырыптық және қысқа мерзімді жоспарларды дайындау жұмыстары үйретілді. Осыған дейін мектебімізде жас мамандардың тәжірибесін шыңдау мақсатында «Сандық білім беру мен қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы заманауи коммуникациялық технологиялар мен құралдар», «Қашықтықтан оқытудың тиімді тәсілдері», «Үштілділік – білім беру дамуының жаңаша беталысы» тақырыбында қашықтықтан дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Аталған шараларға жас мамандар белсене қатысып, өзой-пікірлерімен бөлісті.


Нұржамал Өмірзақова,

А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің

педагог-зерттеушісі

Сейсенбі, 17 Қараша 2020 09:42

«Адалдық сағатында» Ардақ Назаров

ҚР сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  «Адалдық сағатын» онлайн, Zoom арқылы аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, кәсіби спортшы Ардақ Назаровпен өткіздік. Бейне-дәрістің кейіпкері спорттағы өмірін 1991 жылы грек-рим күресі секциясына келгенен бастады.

А.Назаров спорт жолында грек-рим күресі, джиу-джитсу және панкратион бойынша аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда жеңімпаз болып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, көптеген спорттық жарыстардың тұғырында Қазақстанның туын көтеріп жүлдегер атанған.

Әңгіме барысында спортшы отбасы құндылығы, бірлік және өзара құрмет тақырыбындағы ойларымен бөлісіп, жастарды патриотизм мен парасаттылыққа шақырды. Ардақ Назаров: «Парасатты адам деп – кемеліне жеткен, ақылы толысқан, дұрыс шешім қабылдай білетін, рухани дамыған, даналықтың өнегесіне жеткен адамды айтамыз», – деп, балаларға өз ақыл-кеңесін айтты. Жастарды кітап оқуға, өздерін дамытуға, спортпен айналысуға шақырды.

 

       Р.Жолдасбаева,

«О.Жандосов атындағы орта мектеп» КММ

денешынықтыру пән мұғалімі

 

Сейсенбі, 17 Қараша 2020 09:39

Жігіт сұлтаны

Ата салтты, нағыз қазақ жігітінің бойындағы асыл қасиеттерді насихаттай отырып, елін-жерін сүйер патриот ұрпақ тәрбиелеуді мақсат етіп, О.Жандосов атындағы орта мектепте «Жігіт сұлтаны» байқауын өткіздік.

«Жігіт сұлтаны кім?» деген сұрақ туады. Ер азамат – қашанда қажыр-қайраттың, ерік-жігердің, ақыл-парасаттың иесі. Азамат тұлғасын  ажарландырып, айшықтай түсетін де – осы қасиеттер. «Биік таудың төбе құсап мүжілгені жаман, еркектің әйел құсап сызылғаны жаман» дегендей, ер адам жігерсіз болса, одан не қайыр? Қазіргі боз бала – ертеңгі отағасы, жанұясының тірегі. Әр ұлдың мойнында осындай жауапкершіліктің барын балаларға түсіндіруге талпынған байқауға 5-10 сынып оқушылары онлайн форматта қатысты.

Сайыстың аты  айтып тұрғандай, қатысушылар өзін таныстыру, қол өнері, кермеге тартылу, видеороликтер бойынша жарысты. Сараптай келе,  І орын 5 «Г» сынып оқушысы Вали Теміржанға, ІІ орын 5 «Ә» сынып оқушысы Бекәділ Бекзатқа, ІІІ орын 10 «А» сынып оқушысы Асқар Ақжолға бұйырды. Өзге қатысушылар да өнерлеріне қарай әр түрлі номинацияны иеленді. Сұлтан жігіттерімізді арнайы сыйлық пен  мақтау қағаздарымен марапаттадық. Болашақта ұлдарымыздың бойында түрлі жағдайдан қиындықсыз шыға білетін тапқыр, намысқой, қайтпас қайсар, Отанын, елін, жерін қорғай алатындай бағыт-бағдар беру – біздің міндетіміз.

 

     Н.Джилгельдиева,

 «О.Жандосов атындағы орта мектеп» КММ

       директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Жер тоңы ұйқыға қалқыған шақта шыбық қадап, тал отырғызу – сауапты іс. Өйткені жерге шаншылған әрбір тал күтімі жақсы болса, күні ертең жапырағы жазда сая, қыста қамсау болады. Әрі экологиялық ахуалды жақсартып, қоңыржай климат қалыптастыруға әсерін тигізеді.

Бұл бағытта Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылы, М.Ломоносов орта мектебінде ұзақ жылдан бері ағаш отырғызу, күтіп-баптау жұмысы тұрақты түрде атқарылып келеді. Қараша айында 5 бозаршамен 15 түп шырша отырғызылды. Оған қоса «Жүз гүл, жүз ағаш» акциясы аясында «Бегония» гүлін өсіруге айрықша назар аударуда. Қазіргі таңда мектебімізде жүз түп гүл құмырасына отырғызылды. Акция жүргізу барысында мектеп директоры Мусина Гулнар Байзуллақызының бастамасымен оқушылар құрамынан «Көгалдандыру жасағы» құрылып, жетекшісі ретінде химия пәнінің мұғалімі Шлыкова Марина Васильевна тағайындалды. Шараның басты мақсаты мектеп оқушыларын табиғатты аялауға шақыру, аймақты қалпына келтіру және сақтау, сондай-ақ мектеп ауласын бірлесіп көгалдандыру.

Табиғат – тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Табиғат, Жер-ана, Атамекен, Туған жер, ауылым, деген бір-бірімен тамырлас әрі тағдырлас. Туған жердің барлық табиғи қадір қасиеті тұла бойға тарайды.

 Қорыта келгенде «Бір тал кессең – он тал ек» демекші барлықтарыңызды көшеттерді отырғызуға атсалысуға шақырамыз.

 

А.Жанатова,

«М.Ломоносов орта мектебі»  КММ

Жұма, 13 Қараша 2020 16:27

Ұлттық валюта – теңге күні

Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлтық валютасы бар. Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы.
Төл мерекеге орай Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылы, М. Ломоносов орта мекбеінде 2020 жылдың 13 қараша күні қашықтықтан мектеп оқушыларына «Ұлттық валюта – теңге күні» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып сағатының мақсаты – Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып,сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту. Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу болды. Сынып сағатында оқушылар қызу дисскусияға түсіп, өз ойларын білдіріп жатты. Кері байланыс ретінде оқушылар Еліміздің Тәуелсіздігі мен ұлттық валюта – ажырамас ұғымдар екендігін тілге тиек етті.
Теңгеміздің орнықты болуы, сонымен қатар, қаржы саласының тұрақты болуы тәуелсіздігімізді арттыра түсетіні хақ. Біз әлі жас мемлекетпіз.Солай бола тұрса да біраз жақсылыққа куә болып үлгердік. Әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым» деп тілек айтпақпыз. Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін.

Айнаш Жанатова,

М.Ломоносов орта мектебі

Рахат ауылдық округі №1 орта мектебінде  оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын нығайту, білім және мәдениет деңгейін арттыру,  жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адал ұрпақ» ерікті оқушылар клубы құрылған. Бүгінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы рухани-адмгершілікке және азаматтық патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асырып, жастардың саяси-құқықтық білімін тереңдетуге ықпал етуде.

Бүгінде мектебіміздің тарих пәні мұғалімдері жетекшілік жасап оқушылармен бірлесе «Адалдық алаңы» жобасын іске асыруда. Жақында  жоба жоспарына сәйкес онлайн форматта «Адал ұрпақ – мәңгілік ел болашағы» тақырыбында жиын өткізілді. Онлайн жиында білім алушылар ой-пікірлерін ортаға сала отырып, талқылау, ұсыну, ойға ой қосу арқылы өзіндік таным  қалыптастырудың маңызы сараланды.

 Мадина ЕДІЛ,

директордың тәрбие

 ісі жөніндегі орынбасары

В средней школе имени А.Байтурсынова в октябре месяце 2020 года педагогами-психологами Мурадовой Д.Н. и Мухитовой Г.Б. для классных руководителей прошел семинар-тренинг через платформу ZOOM.

Целью тренинга было сплочение педагогического коллектива, развитие коммуникативных навыков, эмоциональной устойчивости, уверенности в себе, доброжелательного отношения друг к другу. В начале тренинга была создана коллаборативная ситуация: все улыбнулись и нарисовали свое настроение, после чего подарили друг другу комплименты. Практически все учителя были в позитивном настроении, высказали свои положительные эмоции по поводу рисунка и своего настроения. Далее был «Тест геометрических фигур», где учителям предлагалось выбрать одну геометрическую фигуру, после чего нами была дана интерпретация каждой фигуры. В упражнении «Корабль» предлагалось обратить внимание на рисунок корабля. Как известно, корабль- символ стремления к успеху.

В каждом море есть айсберг и ледяные глыбы, в нашем случае это трудности, возникающие в учебном процессе. Учителя нарисовали трудности, возникающие в учебном процессе, при оценивании, контроле поведения детей. В общем каждый классный руководитель справился с заданием и увидел то, где возникают трудности в учебном процессе. Следующим этапом была медитация «Встреча с ребенком внутри себя», учителя закрыли глаза и представили себя в уютном месте, затем предлагалось представить себя таким, какими были в детстве. В конце обсуждалось увиденное, учителя были в позитивном настроении, было приятно ощутить себя в детстве. В конце тренинга была зачитана небольшая притча о колодце. Цель семинара –тренинга достигнута, развиты коммуникативные навыки, эмоциональная устойчивость, уверенность в себе, доброжелательное отношение к друг другу. Психологи школы поставили себе задачу: усилить работу с классными руководителями, продолжать развивать умение работать в команде, повышать настрой на удачу и успех.

 

 Д.Мурадова,

сш им. А.Байтурсынова 

Жексенбі, 08 Қараша 2020 18:24

Талабы таудай

Қамқорсыз қалған сәбилерге қорған болуға, отбасы жылуын сыйлап, бала асырап алуға бағыт-бағдар беруді көздеп, жетімдер үйін азайту мақсатында облыстық білім басқармасы 2016 жылы «Балалар үйінсіз Жетісу» атты жобаны қолға алған болатын.

Бүгінде сол отбасылық балалар үйі кез келген білім мекемелерінің назарынан тыс қалған емес. Жақында Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп пен Қарағанды қаласындағы «Шахтер» футбол командасы бірілесіп, отбасылық балалар үйіне бағытталған фотбул ойынын өткізді. Есік қаласындағы Ломоносов көшесіндегі№ 66  үйдегі Ирина Ершова жетекшілік ететін отбасылық үлгідегі балалар үйіндегі балдырғандар кәсіби ойыншылармен бірге доп тепті. «Шахтер» футбол командысы ойыншылары балақайлардың шеберлігін шыңдауға көмектесетіндігін айтып, балаларды қуантты. Бүгінде өздеріне тисті қара шаңырақтың жылуын сезген балалар, армандарының асақ екендігін жасырмады. Тартысты футбол ойынын тамашалаған аудандық білім бөлімінің маманы Алмагүл Дүйсебекова отбасылық үлгідегі балалар үйіне арнайы келген ала доп шеберлері  мен ұстаздарға алғыс айтты. Тағдыры тәлкек болса да, талабы таудай балалардың қадамына нұр жауғай!

Айгүль КУНТУНОВА,

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің

әлеуметтік  педагогі

В СШ имени Д. Конаева с 12 по 24 октября состоялась декада методического объединения учителей начальных классов с русским языком обучения. В рамках декады проведен конкурс рисунков «В гостях у сказки».   Лучшее исполнение стихотворения Амельи Байрамовой (учитель И. Масягина), прозвучавшее на конкурсе чтецов «Золотая осень»,   отправлено на республиканский онлайн-конкурс. Ребята также приняли активное участие в конкурсе «Грамотейка». Победители и призеры конкурсов   награждены грамотами.

Учителями нашего МО также организованы уроки на платформе ZOOM. В период декады они приняли участие в республиканской рейтинговой (дистанционной) олимпиаде по педагогике и были удостоены дипломов: А. Ермуханбетова, И.Масягина, Л.Богатырева –  1 степени,  Е.Алексеева и Г.Технеряднева  – 2 степени.

Актуальным для всех педагогов стал онлайн-вебинар по теме «Коммуникативные навыки учителя». По итогам творческой декады созданы видеоролики, которые размещены в инстаграмме на странице нашей школы.

Хочется сказать спасибо моим за коллегам за  добросовестный труд в обучении и воспитании подрастающего поколения Республики Казахстан.                                             

    Ирина МАСЯГИНА,

руководитель  МО СШ имени Д.Конаева, с.Тургень

Соңғы жаңалықтар

Шіл 04, 2025

Saqtan: молодежь Алматинской области…

Қонаев - Илийский-Карасайский районы - масштабная антинаркотическая акция, направленная…
Шіл 03, 2025

«Жіті ішек жұқпалары, алдын алу мен…

Жіті ішек жұқпалары – дегеніміз бұл бактериялар, вирустар, қарапайымдылар тудыратын және…
Шіл 03, 2025

Эхинококкоз және оның алдын алу…

 Эхинококкоз – созылмалы ағымымен, ағзаның аллергиясымен және бауырдың, өкпенің және…
Шіл 03, 2025

Хиджама жасатуға жүгінетіндерге…

Хиджама — бұл ағзадан лас қанды шығару арқылы емдейтін дәстүрлі емес емдеу әдісі. Бұл…
Шіл 03, 2025

На Капчагайском водохранилище…

5–6 июля на Капчагайском водохранилище состоится международный заплыв OCEANMAN-2025 —…
Шіл 03, 2025

ХАБАРЛАНДЫРУ «ҮЛГІЛІ АУЫЛ»…

Алматы облысының тұрғындары мен ауылдық округ әкімдіктерінің назарына! Қазақстан…
Шіл 03, 2025

«ŪMTYLYS» байқауы

«ŪMTYLYS» байқауы – жастар үшін жаңа серпінАлматы облысында алғаш рет жастармен жұмыс…
Маус 30, 2025

Тазалық тәртіптен басталады

Табиғат – Жаратушының ең көркем жаратылыстарының бірі. Адам күнделікті күйбең тіршіліктен…
Маус 26, 2025

Начало было в 30-х продолжение в…

Если театр начинается с вешалки, завод с проходной, то газета – с людей и событий,…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет