В средней школе имени А.Байтурсынова с.Саймасай педагогами-психологами Д.Мурадовой и Г.Мухитовой для классных руководителей был проведен семинар-тренинг через платформу ZOOM.
Целью тренинга было сплочение педагогического коллектива, развитие коммуникативных навыков, эмоциональной устойчивости, уверенности в себе, создание доброжелательного отношения друг к другу.
В начале тренинга была создана коллаборативная ситуация: все улыбались, рисовали свое настроение, дарили друг другу комплименты. В «Тесте геометрических фигур» учителям предлагалось выбрать по одной геометрической фигуре, после чего нами была даны их интерпретации.
В упражнении «Корабль» предлагалось обратить внимание на рисунок корабля. Как известно, корабль- символ стремления к успеху. В море на его пути встречаются айсберги и ледяные глыбы – в нашем случае это трудности, возникающие в учебном процессе. Каждый классный руководитель справился с заданием и увидел, где появляются проблемы.
Следующим этапом была медитация «Встреча с ребенком внутри себя»: учителя закрыли глаза и представили себя в уютном месте. Затем предлагалось представить себя такими, какими они были в детстве. В завершение тренинга была зачитана небольшая притча о колодце.
Цель семинара-тренинга была достигнута. Психологи школы поставили себе дальнейшую задачу: усилить работу с классными руководителями, развивать у них умение работать в команде, повышать настроенность педколлектива на успех.
Д.МУРАДОВА, Г.МУХИТОВА,
педагоги-психологи СШ имени А.Байтурсынова
Келіп қалды 16 желтоқсан!
Мерекеге ұласады ел тосқан.
Тәуелсіздік – бабалардың арманы,
Елдікпенен еркіндікті аңсатқан.
Мен есейем елін сүйген ұлан боп,
Тәуелсіздік, самға көкте қырын боп!
Қарашадайдан жүрегімде жатталдың,
Қасиетті ұран боп.
Өмір солай еркіндікпен жалғаспақ,
«Отаным» деп той тойлайын, ән бастап.
Мен тілеймін азат елдің байрағы
Желбіресін көгімізде мәңгі асқақ.
Балзура Бекдаулетқызы,
5«А» сынып оқушысы
«Б.Майлин атындағы ОМ» КММ
Сынып жетекшісі:
Акыжанова Айжан Батырхановна
1 желтоқсан – тұңғыш Президент күніне орай М.Ломоносов орта мектебінде тәрбие сағаты өтті. Оқушыларды елі мен жерін сүйер патриот, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетер адамгершілігі мол азамат ретінде тәрбиелеуді мақсат еткен сабақтың өскелең ұрпаққа берері мол.
Тәрбие сағаты барысында еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып-білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат бере отырып, оқушы бойындағы болашаққа ұмтылыс пен ерік-жігерді, білімге деген құштарлық пен ынтаны оятуды көздедік.
Жоғары сыныптар арасында «Бір ел, бip тағдыр» тақырыбында мемлекеттік және орыс тілдерінде эссе байқауы өтті. Әлеуметтік желілерде «Бірлік туралы әндер» челленджі ұйымдастырылды. Балалар бұл шараларда ерекше белсенділік танытты. «Болашаққа бастар жол» деректі фильмі бойынша 5-11 сыныптар арасында викторина өткізілді. Жоғары сынып оқушылары арасында Елбасының рөлі» конференциясы қашықтан ұйымдастырылып, қатысушылар пікірлерімен алмасты. Ал бастауыш сынып оқушылары «Менің Қазақстаным!», «Менің Тұңғыш Президентім» тақырыбында сурет байқауында атсалысты. Үздіктер дипломдармен марапатталды.
А.Жанатова,
«М.Ломоносов орта мектебі» КММ
Ақын өзінің талантты шәкірттерін тәрбиелеп өсірді. Абайдың ізбасар шәкірттері Шәкәрім, Көкбай, Ақылбай, Кәкітай және Мағауия болды. Абай көзі тірісінде өзінің өлеңдерін жинаған емес. Олардың әрқайсысын бір жапырақ қағазға жазып, жастарға таратып бере берген.
Олар Абайдың өлеңдерін жаттап алып отырған. Сөйтіп Абай өлеңдері қазақ даласында ауыздан-ауызға таралып кете барды. Оның өлеңдерін қолдан-қолға көшіріп алды. Ондай қолжазба көшірмеге ие болу әрбір сауатты қазақ үшін зор ғанибет болатын. Кейінірек Абайдың туындыларын оның ұлы Тұрағүл жинастыра бастады. Абай өлеңдерінің ең алғашқы жинағы 1909 жылы ақын Кәкітайдың арқасында Қазан қаласында басылып шықты. Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жинауға және бастырып шығаруға көп күш-жігер жұмсап, игі ықпал еткен адал ақын Көкбай Жанатайұлы (1864—1927) болды. Ол өлеңдер белгілі қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханұлының редакциясымен басылып шықты.
Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы болып саналады. Қазақстанда ұлы Абайдың есімі көптеген елді мекендер мен көшелерге, Алматы Ұлттық университетіне, Алматы қаласындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына берілген. Ұлы ақынның құрметіне Қазақстан мен өзге де елдерде ескерткіштер орнатылған. Қазақстанның оқу орындарында Абай шығармашылығына арналған халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар жыл сайын өткізіліп тұрады.
Бағжан Саттарбай,
Б.Майлин атындағы мектептің
5«А» сынып оқушысы
Сынып жетекшісі:
Айжан АКЫЖАНОВА
Абай Кұнанбайұлы 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысындағы Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келіп, 1904 жылы дүниеден қайтқан. Абай – қазақ әдебиетіндегі қайталанбас зор тұлға, ақын, философ, ағартушы.
Абай өзінің балалық шағын әжесі мен анасының қасында өткізді. Абайдың бойында табылатын барлық жақсы қасиеттер мен өнерге деген құштарлық анасы мен әжесінің тәрбие өнегесінде жатыр. Ол ауыл молдасынан дәріс алып, сауатын ашқаннан кейін Семейге сауатын жетілдіру мақсатымен Ахмет Риза медресесінде оқыды. Абай медреседе оқып жүргенде Шығыстың поэзиясына қызығып, Шығыс ақындары сияқты өлең жазуға талпынды. Абай өнер мен білім жолындағы ізденісін өз бетімен үйреніп, дамытады. 80 жылдардың ортасында Абай ақындық жолға бет бұрды. Абай өлеңдерді үзбей жазуға тырысқан. Бірақ сол кездегі ел арасындағы тартыстар бірыңғай ақындықпен айналысуға мүмкіндік бермеген. Абай ақындық жолға бет бұрғанда өлең жолдарын білімге, өнер мен мәдениетке арнады. Ол 1885 жылы «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» – деген тұңғыш шығармасын жазған. Осы өлең тұңғыш шығармасы болуымен қатар, ақындық өнер жолындағы Абайдың ізденісін танытады. Бұл өлеңінде ақын ғылым мен білімді зерттей алмағанына өкініш білдіруімен бірге, болашақта жастар қапыда қалмай, өнер мен білімге ынталанып, еңбектенуіне жөн сілтейді.
Балым ҚУАНЫШБАЙ,
Б.Майлин атындағы мектептің
5«А» сынып оқушысы
Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты білім саласы қызметкерлерінің арасында аудандық өнер байқауы өтті. Байқауды «Алматы облысы білім беру мекемелер қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Еңбекшіқазақ аудандық комитеті филиалы мен аудандық білім бөлімінің әдіскерлері ұйымдастырды.
Қазақтың ұлы ақыны Абайдың өнегелі өмірі мен даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерінің құндылығын дарытуға ықпал ету және ақынның деректерін ізденіспен жинақтап жандандыруды мақсат еткен бұл шара карантин режиміне байланысты қашықтан өткізілді. Байқауға қатысуға ниет білдірген қырықтан аса білім саласы қызметкерлері zoom платформасының тікелей эфирінде бас қосты.
Қатысушылар «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Абайдың әндерін орындаса, «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясында ақын өлеңдерін жатқа оқыды. Сондай-ақ «Өлмейтұғын сөз иесі» номинациясында Абайдың қара сөздерін оқып, ақынның философиясына кеңірек тоқталды. Шара барысында әділқазылар алқасы – кәсіподақ төрағасы С.Надырбаев, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері Т. Нусупбаева, Ж. Есимбекова, А.Алботаев, музыканттар А.Саясат және Л.Дуненбаева сайыскерлерге лайықты бағасын беріп, үздіктерді анықтады.
Нәтижесінде, өзгеден оза шауып, жүлделі орындарға ие болған қатысушылар анықталды. Атап айтсақ, «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша 1-орынды Ломоносов орта мектебінің мұғалімі Тулеугизова Көркем, 2-орынды Келешек бөбекжай балабақшасының музыка жетекшісі Сенбай Садет, 3-орынды Қорам орта мектебінің мұғалімі Абдрашитов Айдын мен Малыбай орта мектебінің триосы М.Бакриева, С.Сарсембаева, Курмамбаева жеңіп алды. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша 1-орын Көктөбе орта мектебінің мұғалімі Шорманова Әсемге, 2-орын Шапағат бөбекжай балабақшасының қызметкері Мекебаева Балаусаға, 3-орын Рахат орта мектебінің мұғалімі Реимова Жадыра мен Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің мұғалімі Әбілхан Гүлзатқа берілді. «Өлмейтұғын сөз иесі» номинациясы бойынша 1-орын Балтабай орта мектебінің мұғалімі Рахимова Каринаға, 2-орын Нұршуақ бөбекжай балабақшасы қызметкері Шарипов Сағатбекке, 3-орын Баяндай негізгі орта мектебінің мұғалімі Айдар Табиғат және Масақ орта мектебінің мұғалімі Мансамова Гульбанумге берілді. Жеңімпаздар аудандық білім бөлімі мен кәсіподақтың атынан арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар байқауға атсалысқан барлық қатысушыларға белсенділігі үшін алғыс хат пен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Н.Алишев,
аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ маманы
Әкем салған сара жол
Алпыстан жасым асса да,
Әкешім естен кетпейді.
Бақилық болып кетсе де,
Ұстазымның қадірі өшпейді.
Таутүрген ауылының, Алатау тауының етегінде тігілген қазақ үйден жаңа туған нәрестенің дауысы естіледі...
Тәубә, тәубә қылдым! Жалғызымның оты жанып, ұрпағым жалғасты деген осы! Сақалын жуған жас тамшыларынан Жапар атаның қуаныш сезімдері сезіледі. Күбірлеген сөздері тау жаңғырығының соңына ұласты. Етегіне ораған немересінің құлағына есімің «Сәрсен, Сәрсен, Сәрсен!» деп үш рет айқайлады. Бұл 1922 жылдың көктемі еді...
Қуаныш көпке созылмады. Аяқасты келген аурудан әкесі Әбдіхалық дүние салып, «Ағасы өлсе, інісі мұра» демекші, қайныларына қоспақшы болған анасы Әлтай, құндақтаулы Сәрсенді мұздап қалмасын дегендей, қорадағы қойлардың арасына тастап төркініне қашып кетеді.
Ертемен келінін жоғалтып, немересін қойлардың арасында жылап жатқан жерінен тауып алған Жапар ата баласынан қалған жалғыз тұяғын бауырына салады. Өсіп қалған немересін мен өлсем күні не болады деп ойлады ма: «Сәрсен оқы, білім ал, ауданға бар, бара ғой» деп жалғыз аяқ жолға салып жібереді.
Еңірегенде етегі толып, күңіренгенде қара жер қайысып, 9-10 жасар бала Сәрсен ауылдан жеті шақырым Түрген ауылына келіп жетеді. 1932-33 жылғы ашаршылыққа тап келген баланы қайырымды кісілер балалар үйіне өткізеді.
Орыс тілін түсінбесе де Иван атты дос тауып, өмір мен білімге құштар Сәрсен орысша жылдам үйреніп, сабаққа алғыр болып өседі. Балалар үйінен қашып келіп, (Жапар атасы түсінен шықпай қояды) атасының құшағында жатқан Сәрсенді көршілері оятады. Құшағында қайтыс болған атасын бақилық сапарға аттандырған ол, балалар үйіне түпкілікті орнығады.
Ұлы Отан соғысы басталғанда, Есік қаласындағы мұғалімдер дайындайтын училищеге түскен 19 жасар бозбала шағы еді. Жетімдіктің тауқыметін тартқан Сәрсен өзі сұранып елін қорғауға аттанады. Үш рет жараланған майдангер 1945 жылғы 9 мамырда Мәскеу қызыл алаңында өткен «Жеңіс» шеруінде мотоциклмен жүріп өтеді. Кеудесіне көптеген медаль, ордендерді таққан жігіт аман-есен еліне оралады.
Училищедегі оқуын аяқтап, кіндік қаны тамған Таутүрген ауылындағы ең алғашқы мектептің іргетасын қалап, ашылуына ұйытқы болады. Абай атындағы қазақ ұлттық университетінің тіл, әдебиет факультетін аяқтап, ауыл мектебінде қарапайым мұғалімдіктен бастап, 25 жыл мектептің басшылық қызметін атқарады.
40 жыл мектепте ұстаздық еткен әкем Ұлы Отан соғысының ардагері, «ҚР халық ағарту ісінің озаты» төсбелгісімен марапатталып, «Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы» атағына ие болған жан. 27 жасынан бастап Түрген селолық округінде депутат боп сайланып, ауыл балаларының әсіресе, қойшылардың балаларын интернатқа орналастыру үшін қосқан үлесі мол.
Адамның үш ісі оның абыройын асырады: бірінші – қуаң далада қазылған құдық, екінші – өзенге салынған көпір және үшіншісі жол бойына егілген ағаш.
Сол секілді әкем тау бөктеріне «Алматының апортын» егуге әрі ауыл тұрғындарының ауыз су мәселесін шешуге атсалысып, ұстаздықты қатар алып жүрді.
Әкемнің жолын қуған маған: – Қызым, ең бірінші алдыңдағы балаларды жақсы көр, біліміңді жасартып, үнемі ізденіс үстінде бол! Өнерді бар қалпыңмен сүй, өнерді сүйген жан кешірімді болады, – деп өмірден түйгенін айтып отыратын.
Әкемнің халқына, дастарқанға берген батасы, салған суреттері мен суырып-салма ақындығы көпшіліктің көңілінен шығатын. Соның бірі «Таутүрген менің ауылым» тақырыбындағы төмендегі өлең жолдары:
Жерің жайлы, Таутүрген, таза ауаң,
Қоныс еткен ертеден ата-бабам.
Тамашалап өзіңе қызығады,
Басқа жақтан біздерге келген адам.
Тауларың бар тізілген – екі қаптал,
Кіре-беріс ауылға ашық қақпа.
Сарқырап таудан ағып Түрген жатыр,
Ақбасты Алатауым түстік жақта.
Тартылған Асы жаққа сан тарам жол,
Өтеді ойлы-қырлы белдерден ол.
Тамаша жайлау жақты көрем десең,
Ағайын, жолға шық та, жолаушы бол.
Шомылған мөлдір суға балаларым,
Гүлге қонып, бал жиған араларым.
Беткейі Алатаудың байлық толы.
Бөленген бау-бақшаға далаларым.
Ауылым келін алып, қыз ұзатқан,
Той жасап, ат шаптырып, көкпар тартқан,
Халқымның қалыптасқан дәстүрімен,
Ақынға той бастаған шапан жапқан.
Туған жерім – Таутүрген, өскен елім!
Бар байлығын табиғат берген тегін.
Шөбі шүйгін, суы бал, жемісі мол,
Дәмі кетпес аузыңнан теріп жегін!
Таутүрген – менің ауылым,
Ағайын, туған, бауырым!
«Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы», – демекші, білім нәрімен сусындатып, дәріс алған оқушылары жан-жақта әртүрлі мамандық иелері болып, бір-бір ауыл-аймақтың ақыл айтар ақсақалдары атанып, немере-шөбере сүйген жандар.Халқым деп өмір сүрген абыз ақсақал Сәрсен Әбдіхалықовты ел-жұрты жоғары бағалап, құрмет тұтады.
«Алтын кездік, қап түбінде жатпас» – деп халық даналығында айтқандай, ашаршылықты, алапат соғысты басынан кешірген, Тәуелсіздік тұғырының мықты болуына тілекші болған әкемді «Ұлы даланың ұстазы» деп зор мақтанышпен айта аламын.
Гүлнар Сәрсенқызы АНАРҚҰЛОВА,
Таутүрген орталау
мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Жақында Ақши ауылына қарасты «Үміт» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Гулбану Оспанбайқызының басшылығымен «Ақшиім – алтын бесігім» тақырыбында топ тәрбиешілері және бүлдіршіндер арасында қолөнер көрмесі өтті.
Аталған көрме бүлдіршіндеріміздің бойына туған жерге деген құрмет, Отанға деген сүйіспеншілік және патриоттық сезімдерін ояту. Сондай-ақ, шығармашылық шеберліктерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылды. Байқау соңында балалармен тәрбиешілерге жүлделі орындар беріліп, марапатталды.
Мадина АУЕЗХАНҚЫЗЫ,
балабақша психологі
Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады. Соның бірі – өнер. Осы өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның әр түрлі сезімі бейнеленеді. Әрбір адамның табиғат сыйлаған дарыны болады. Міне, сондай өнерлі, дарынды ұстаз – Балтабай орта мектебінің музыка пәні мұғалімі – Әділжан Әкімжанұлы.
Өнерлі жан өзіне ғана емес, өзінің білім алушыларына да бақыт сыйлай алады. Бүгінде Әжілжанның шәкірттерінің бірнеше байқауларда қол жеткізген жетістіктерін ауыз толтырып айтуға болады. Қазірде талғампаз ұстаз еліміз болып жатқан қиындықтарға қарамай, шәкірттерінің өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған түрлі байқауларға қатыстырып келеді. Жақында Әділжанның шәкірттері «Ұстаз – ұлы тұлға» республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы онлайн өнер байқауында түрлі номинациялар бойынша жүлделі орындарға ие болды. Айталық, Ақеділ Әзілұлы – бас жүлде, Элмира Нұрболқызы – 1 орын, Тамара Қадыр – 1 орын, Жұпар Оңалқызы – 1 орын, Еркеназ Мұхтар – 2 орындарға ие болды. Осы кезге дейін дарынды ұстаздың талантты шәкірттері көптеген жүлделерге қол жеткізді. Әділжан Әкімжанұлы да ерен еңбегі үшін сертификат, алғыс хат, диплом, құрмет громаталарымен марапатталған.
Б.Момышұлы айтқандай «Өнер адам-ның рухани азығы, ол халықтың бүгіні мен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы». Біз дарынды ұстаздың талай биіктерді бағындыратынына сенеміз.
Бағиля ТОҚҚОЖАҚЫЗЫ,
Балтабай орта мектебі, көркем еңбек, музыка пән бірлестігінің жетекшісі
С 1 июля 2020 года в Казахстане вступили в силу поправки в статью 89 Закона «О браке, супружестве и семье», которые обязали людей, претендующих на усыновление, проходить обучение в школе приемных родителей. До сих пор это было по желанию.
В Алматинской области 68 кандидатов уже успели пройти Школу и получили сертификаты. 80 человек ждут своей очереди в грядущем 2021 году. Об этом стало известно на брифинге на площадке «JETISÝ MEDIA».
«Чем ответственнее родитель, тем безопаснее жизнь ребенка.Обучится вшколе совершенно бесплатно, самое главное пройти психологическую подготовку и получить сертификат. Имея данный документ, каждый гражданин имеет право подать заявку на усыновление ребенка. На очереди на обучение стоят около 80 человек. Считаю, что это хороший показатель. Это значит, что наши дети в скором будущем обретут свои семьи, а в детских домах уменьшится количество сирот», - сказала заместитель руководителя управления образования Алматинской области Жаныл Сулейменова.