В период пандемии COVID-2019  профсоюзами уделяется особое внимание к социальному положению работников,  находящихся в группе повышенного риска. В нее, кроме медиков, входят работники сферы образования. О мерах по поддержке здоровья, повышения правовых знаний и социальной защите учителей говорит председатель филиала Енбекшиказахского районного комитета общественного объединения «Локальный профессиональный союз работников образовательных организаций Алматинской области» Серик НАДЫРБАЕВ:

– Для того, чтобы плодотворно проводить профсоюзную работу, считаю, что каждый председатель профсоюзного комитета должен  знать основные нормативные акты, необходимые для защиты членов профсоюза: Закон «Об образовании в РК», Трудовой Кодекс Республики Казахстан, правила аттестации и исчисления стажа педагогических работников, правила исчисления заработной платы, разбираться в системе оплаты труда и доплатах работникам образования. С этой целью филиалом Енбекшиказахского района ОО "Локальный профессиональный союз работников образовательных организаций Алматинской области" проводятся обучающие  семинары по правильному пониманию законов и правил. По Енбекшиказахскому району на данный период действует 129 коллективных договоров, все они прошли государственную регистрацию в областном департаменте труда и социальной защиты населения. Вышеуказанные договора являются дополнительной гарантией социально-экономической защиты членов нашего профсоюза. С января по декабрь 2020 года к нам поступило девять письменных обращений от учителей района по защите их прав. Помимо письменных заявлений ежедневно поступают звонки по различным вопросам Трудового Кодекса РК. Наша организация, рассматривая такие сигналы,  устраняет правонарушения. В связи с открытием новых детских садов возникает множество проблем в вопросах оплаты  в случае замены временно отсутствующего работника,  многие детские сады просили дать разъяснение.

Наш филиал принимает самое активное участие в проведениях всевозможных конкурсов и мероприятий по линии районного отдела образования. Мы являемся членами жюри, которые определяют призеров и победителей этих конкурсов. По итогам  готовим грамоты, призы и ценные подарки. Помимо этого, мы являемся инициаторами проведения различных спортивных соревнований, способствуя здоровому образу жизни. Подобные мероприятия сплачивают педагогический коллектив района.  

Среди педагогов немало людей, которые обладают талантом в области музыкального творчества. Для них ежегодно в районе проводится смотр художественной самодеятельности Из-за неблагополучной эпидобстановки в текущем году Республиканский комитет вынужден отменить большинство традиционных массовых мероприятий. Но, несмотря на это, в онлайн режиме состоялся конкурс в честь 175-летия Абая Кунанбайулы на тему «Абай – дара, Абай дана». Победителям вручили дипломы и денежные призы.

Такие знаки внимания очень радуют наших педагогов, они видят, что их труд не забыт и о них помнят. За  2020 год членам профсоюза была оказана благотворительная помощь сумму  6 млн 620 тыс. тенге, в том числе  переболевшим коронавирусом. В этом году мы приобрели 182 льготные путевки в санатории для укрепления здоровья учителей. Учительский труд является очень тяжелым, требует большого здоровья и терпения, поэтому забота со стороны профсоюза должна быть постоянной. Мы требуем от председателей профкомов школ проявлять внимание к дням рождения, юбилеям преподавателей. В таких случаях профсоюз готовит грамоты и благодарственные письма.

Немаловажным фактором в нашей работе является прозрачность, поэтому при завершении календарного года я делаю полный отчет о  работе профсоюза перед председателями первичных профсоюзных комитетов.

 

И.ВИКТОРОВ

Елбасының бастамасын қуаттап құрылған «Жас Ұлан» ұйымы балаларға жаңа ой қосып, өзекті мәселелерді қозғап, жаңа серпін береді. Осы уақытқа дейін балалар әлемінде талай игілікті істер атқарған жасұландықтар талай жетістікке жетеді десек, артық болмас.
Жақында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай оқушыларды республикалық бірыңғай «Жас ұлан» және «Жас Қыран» балалар және жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өтті. «Жас Ұлан» ұйымына қабылданушы оқушыларға төсбелгілері мен галстуктарын табыстады. Жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, рухы өр, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін бірыңғай «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» қатарына мектебімізден 4-5 сынып оқушылары қабылданды. Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатқаны мәлім. Осы бағытта, «Жас ұлан» ұйымының оқушылары өмірге белсене араласа отырып, ғылымның қарқынды дамуына ілесуі, ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып меңгеруі, өмірде қолдана алуы қажет. Сонымен қатар «Жас ұлан» ұйымының оқушылары мектеп қабырғасында жүріп-ақ, әлемдік құрылым қалыптасуының негізгі ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-тәсілдерін, Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм, танымның заңдылықтарын игереді.



Жадыра РЕИМОВА,
№1 Рахат орта мектебінің
педагог-ұйымдастырушы

Дүйсенбі, 15 Ақпан 2021 09:35

Вебинар өткізу – заман талабы

Қазіргі қиын сәтте сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда мұғалімнің атқарар рөлі орасан. Француз педагогі Жубердің «Оқыту деген – екі есе оқу» деген сөзін еске алар болсақ, педагог өз кәсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік және шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіруге міндетті. Әлеуметтік белсенділігі дамыған оқушылар мен жас мамандарды қалыптастыруда білім беру мекемелеріндегі мұғалімдердің ерен еңбегі мен игі ісінің алатын орны зор.

Мұғалімнің негізгі міндеті – қазіргі кездегі жаңа оқыту мен тәрбиелеу технологияларын меңгеріп, өз кәсібін әрі қарай дамыту. Онлайн оқуда мектепке бармаймыз деп шектеліп қалмай, дамыған әр түрлі интернет ресурстарының көмегімен түрлі іс-шараларды өткізу бүгінде Н.Островский атындағы орта мектептің дәстүріне айналды. Осы уақытқа дейін қашықтықтан оқыту кезінде синхронды сабақтан бөлек, әр сенбі сайын түрлі іс-шаралар мен вебинарлар пән бірлестіктері мен оқушылар арасында өткізіліп келеді. Соның бірі – мектептің «Асыл мұра» бірлестігі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары қазақ поэзиясының падишасы, ақын әрі қоғам қайраткері, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың дүниеге келгеніне 80 жыл толуына байланысты сыныптан тыс өткізген іс-шарасы. Оған қатысқан 5-11 сынып оқушылары онлайн форматта ақынның шығармашылығынан өлеңдерін жатқа оқып, ақынға өз жырларын арнады. Сонымен қатар, «Словесник» бірлестігі орыс тілі мен әдебиеті пәні ұстаздары орыс ақыны А.С.Пушкиннің өлеңдерінен «Пушкинские чтения» тақырыбында шығармашылық іс-шараны өткізді. Оқушылардың білім-білік дағдыларын шыңдап, әріптестерімен тәжірибе алмасып өткізіп жүрген вебинарлардың берер пайдасы зор.
Мектептегі атқарылып отырған көптеген іс-шаралар қазіргі кезде бір жүйеге қойылған. Оған дәлел, күні кеше аудан көлемінде аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен, аудандағы 84 мектептің қатысуымен өткізілген семинарда Н.Островский атындағы мектеп әкімшілігі өз іс-тәжірибелерімен, жұмыс жүргізу жүйесімен бөлісті. Жиында көрсетілген жұмыстарды әріптестеріміз аудан мектептеріне үлгі боларлықтай, жоғары деңгейде өтті деп бағалады. Ахмет Байтұрсынов «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» демекші, басшымыздың бағыт-бағдар беріп, әкімшіліктің жоғары ұйымдастырушылық қабілеттері мен мұғалімдердің талмай ізденулерінің арқасында әлі талай жақсы нәтижелерге жетеміз деп сенеміз.

Майгүл ӘСЕТҚЫЗЫ,
Н.Островский атындағы орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Бейсенбі, 28 Қаңтар 2021 14:16

Жыр жұлдызы жүректерге нұр шашар

 

...Ал екінші бақытым – тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім…

Мұқағали Мақатаев.

Жыр жұлдызы Мұқағали Мақатаев қысқа ғұмырында сан ұрпақққа рухани мұра болатын көптеген өлеңдер мен  дастандарды  жазды. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Сазгер Нұрғиса Тілендиев ақынның жауһар туындыларына  «құлақтан кіріп, бойды алатын», ғажайып әндер жазды. «Бозарып  атқан ақ таңда,  бозарып тұрып ақпанда, есіңе мені алғайсың...» – деп жырлаған ақиық ақының өмірі есігін ашқанына биыл  90 жыл толды. Жақында Түрген ауылдық округі әкімдігі мен  мәдениет үйінің ұйымдастыруымен ақиық ақынның 90 жылдығына арналаған «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш өтті. Аталған кешке М.Ломоносов атындағы  орта мектептің  оқушылары белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсақ,  5 «Ә» сынып оқушысы Нұрбану Бурибай II орынды иеленсе, 5 «Ә» сынып оқушысы Назерке Сейпіл мен 5 «Б» сынып оқушысы Кирилл Попов жүлделі III орынды қанжығаларына байлады. Әдеби кеште «Сарыжайлау», «Кел, еркем, Алатауыңа» сынды бірқатар туындылар орындалды. Кешке қатысушылар ұлы ақының ғажап әлеміне сапар шегіп қайтты.

 

Айнаш  ЖАНАТОВА,

М.Ломоносов атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Дүйсенбі, 25 Қаңтар 2021 17:01

Ұлы даланың данышпаны – әл-Фараби

Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға,  – деп М. Шаханов ағамыз жырлағандай, өз алдына үлкен мақсат қоя білген, соған жету үшін талпынған және сол жолда тер төгіп, еңбек еткен адам ең ғұлама саналмақ. Осы орайда мен Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз туралы айтқым келеді. Ол  даналығымен жастайынан зерек, алғыр, сөзге шешен болып, тапқырлығымен көзге түседі. Отырар қаласының бай кітапханасын аралап, ғұламалардың ондағы еңбегімен толықтай танысады. Бағдадқа барар алдында Шаш, Бұқар қалаларында білімін жетілдіреді. Жас кезінен араб, парсы, грек т.б тілдерді толық меңгерген, сонымен қатар білімге құштарлығының арқасында жетпіске жуық тіл білген деседі.
Әбу Насыр бабамыз әнді жанындай жақсы көретін болған. Өзі де музыкаға біртабан жақын болып өсуінің арқасында ол ән айтқанда хан да, сұлтан да тамсанып, таңқалып тыңдайтын еді. Өзінің шеберлігі арқасында ол өзіне домбыра жасап алған. «Жігітке жеті өнер де аз» демекші, сегіз қырлы, бір сырлы, өнерлі, жан-жақты талант иесі.
«Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні ғаріп» деген емес пе дана халқымыз. Әл-Фараби бабамыздың ғылымға қосқан үлесі, бүкіл әлемді шарлап, ғылым мен білімнің құпия сырларын жетік меңгергені  – кейінгі ұрпаққа өшпес өнеге, өлмес мұра, ең құнды асыл қазына. Біздің Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернаты және Қызылқазақ бастауыш мектебінде Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына орай көптеген іс-шаралар өткізілді. Атап айтсам, сынып жетекшісы ретінде оқушыларыммен «Әлемнің екінші ұстазы» тақырыбына сынып сағатын өткіздім. Сонымен қатар оқушыларға арнайы дайындаған бейнеролик ұсынылды. Мектептерде оқыту үдерісінде, пәндерді оқытуда ұлы ғалымның тұжырымдамаларын ұлттық құндылықтар ретінде тақырыптармен тиімді байланыстырған дұрыс. Әр түрлі тақырыпта мазмұнды іс-шараларды белсенділікпен ұйымдастырып, жоғары деңгейде өтуіне атсалысып отырмын.


Аяулым МУРУНБАЕВА,
Ыбырай Алтынсарин атындағы

орта мектеп жанындағы интернатының мұғалімі 

Бейсенбі, 21 Қаңтар 2021 14:33

Тәні саудың жаны сау

Спорттың адам өміріндегі орны ерекше екендігі  баршамызға мәлім. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шымыр болады. “Тәні саудың – жаны сау” – дегендей  спорттың қай түрімен айналысса да дені сау болмақ.
Салауатты өмір салты дегеніміз – адамның тұрмыстағы күнделікті қалыптасқан дағдысы мен әдеті бойынша еңбек ету, бос уақытын дұрыс пайдалана білуі  болғандықтан Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылы М.Ломоносов орта мектебінде оқушылардың салауатты өмірге деген ықылас жігерін қалыптастыру мақсатында “Тәні саудың – жаны сау” спорттық іс-шара аясында айлық өтті. Айлық қашықтықтан "Біздің жеңімпаздарымыз, біздің мақтанышымыз!" тақырыбында сынып сағаттарымен ашылды. Оқушылар белсенділік танытып, әйгілі спортшыларымызды үлгі тұтатынын білдіріп, ал кері байланыс ретінде «Болашақ спортшы болғым келеді» тақырыбында 5-11 сыныптар арасында оқушылар  эссе арқылы өз ойларын жеткізді.
Тыныс алу жаттығулары – ауамен емделуді дұрыс пайдалана білу, тыныс алу мүшелерінің жұмысын жақсарту мақсатында оқушыларға  "Тыныс алу гимнастикасы" көрсетілді. Осындай  жаттығулар  оқушылардың спортпен шұғылдануға қызығушылықтарын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға, өмірде дұрыс таңдау жасауларына тигізер септігі мол. 
Ендеше, Абай атамыз айтпақшы, «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» дегендей, еңбексіз, белсенді дене қозғалысынсыз мықты денсаулық, бақытты өмір жоқ.

 

Айнаш Жанатова,

қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Ломоносов мектебі

 

"Табиғаттың мүмкіндігі шектеулі деп есептемейік! Адамның өнері арқылы бұл мүмкіндіктің шектеусіз сипатқа ие болуы да ықтимал" деп Ж.Ламетри айтқандай, қазіргі таңда барлық әлемде жеке қажеттілікті түзету, педагогикалық қолдау мен бейімдеу баланы емес, балалардың білімге деген сұраныстары мен жеке ерекшеліктеріне ортаның, отбасының белсенді қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын, барлығы бір мүддеде қызмет атқаратын инклюзивті білім беру көзделді.

Соның нәтижесінде №1 Рахат орта мектебінде 2020-2021 оқу жылында «Инклюзивті білім беру» кабинеті ашылды. Білім беру кабинеті арнайы жабдықтармен қамтамасыз етілген. Оқушылармен арнайы дефектолог маман жұмыс жасайды. Инклюзивті біліім беру кабинетінің ашылу мақсаты: ең алдымен балалардың өз-өзіне сенімін арттыру;дені сау балалармен өзін тең ұстау; қоршаған ортаға бейімдеу; толық білім алуды ұйымдастырумен ғана шектелмейді. Сонымен қатар балалардың тілдік мүкістігінің кемшіліктерін жою мақсатында артикуляциялық жаттығулар жүргізіледі.
Инклюзивті оқыту балалар дискриминациясын жою, баршаға тең дәрежеде қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ету, ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай тудыру идеясы негізінде жүзеге асырылады. Инклюзивті білім беру – барлық білім алушы жастардың жалпы және кәсіби орта, жоғары білім беру үдерісіне енуі, әлеуметтік бейімделуіне мүмкіндік береді. Сонымен қоса, бұл білім беру үдерісінде балалар жасына, жынысына, этникалық, діни өзгешелігіне қарамастан баланың жеке қажеттілігіне коррекциялық-педагогикалық, отбасылық, әлеуметтік қолдау көрсетіліп, белсенді отбасының ықпалын қамтамасыз етіледі. Сөз соңында айтарымыз «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, білім беру саласы мен отбасылық күшті біріктіре отырып атқарған жұмысымыз алға өрлей беретініне сенемін.


Нурия ЖОЛАХАНОВА,

№1 Рахат орта мектебінің дефектологі

Сәрсенбі, 06 Қаңтар 2021 12:09

Логопедтің ата-аналарға кеңесі

Қазіргі қоғамда тілі мүкіс не уақытынан кеш шыққан балалар саны көп. Бала денсаулығына ана құрсағында жатқан кезден бастап көңіл бөлген абзал. Себебі, бала ағзасында пайда болатын аурулардың көпшілігі құрсақта жатқанда дамиды. Баланың сөйлеу қабілетінде болатын ақаулар сол кезден басталуы ықтимал. Тіл кемістігіндегі кей себептердің алдын алу мүмкін емес болғанымен, көп жағдайда бала тілінің уақытында шығуы тікелей ата-анаға байланысты.

Ата-аналардың бала тілін қызық көріп, олардың қате дыбыстаған сөздерін қайталауы дұрыс емес. Керісінше, бала ата-анасының сөйлегеніне қарап, сөзін түзеуі үшін әке-шеше әр сөзді анық дыбыстап айтуы қажет. Бала кішкене кезінен бастап өзге адамдардың қимылдарын қайталайтын қабілетке ие болса, оның ішінде артикуляциялық қимылдар да бар. Яғни, бала өзіне қарап сөйлеген адамның дыбыстау мүшелерінің қимылын да қайталайды деген сөз. Сол үшін баламен әңгімелескенде, оған қарата сөз айтқанда, әрбір қимыл-әрекетке мұқият болған жөн. 
Баланың сөйлеу қабілеті дұрыс жетілуі үшін келесідей кеңестерге көңіл бөлген жөн:
1. Баланың сөйлеуі айналадағы адамдардың сөзіне еліктеу арқылы дамиды. Осыған байланысты, бала қоршаған ортада грамматикалық түрде дұрыс құрылған сөйлемді естігені дұрыс.
2. Бала сөзінің алғашқы үлгісі – туыстарының сөзі. Ата-аналар балалары үшін ана тілінің алғашқы ұстаздары болып табылады. Отбасы - бұл бірінші мектеп.
3. Ата-ананың көмегінсіз балаға дұрыс сөйлеуді үйрену қиын. Баламен сөйлесіңіз, дауыспен сөйлеп, дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға тырысыңыз, бұл балаға дұрыс сөйлеуге көмектеседі.
4. Баланың дұрыс айтылмаған сөзіне еліктемеңіз, балаңызды жалған ойдан шығарылған сөздерге үйретпеңіз. Балаңызбен ням-ням (тамақтану), мяу(мысық) және т.б. осы сияқты алмастырылған сөздермен сөйлеспеңіз, әдеттегі сөздермен сөйлесіңіз. Әйтпесе, сіз баланың дұрыс сөйлеуін тежейсіз.
5. Бала сөйлегенде, қарапайым сөздермен, қысқа сөйлемдермен сөйлесіп, сөздер мен сөйлемдер арасындағы үзілістерді байқап көріңіз, сонда балаңыз сіздің сөйлеген сөзіңізге еліктейді, дұрыс сөйлеуді үйренеді.
6. Балаңыздың былдырлап сөйлей бастағанына және алғашқы сөздерді айта бастауына назар аударыңыз. Егер баланың сөйлеу дамуы тежелсе, мамандарға жүгініңіз.
7. Балаларға дұрыс сөйлеу дағдыларын үйретіп, балаға жылдам сөйлеуге жол бермеңіз. Асықпай, анық, дұрыс сөйлеу баланың дұрыс сөйлеуіне ықпал етеді.
8. Баланы сөйлеу материалымен жүктемеңіз. Оқу кезінде балаға сөздер мен сөз тіркестерінің мәнін түсіндіріңіз. Оқуға арналған әдебиеттерді таңдағанда, балаңыздың жасын және оның қабылдау мен эмоционалды жағдайын ескеріңіз.


М.А БЕКЕЖАН,

Абыхан Жексембеков атындағы
орта мектептің педагог-логопеді

Сүннеттердің ішіндегі ең нәзігі – сыйлық жасау дәстүрі. Бұл адамдардың арасында достық пен сүйіспеншілікті нығайтады. Әбу Һүрәйра (р.а) «Бір-біріңе сыйлық жасаңдар, бір-біріңді жақсы көретін боласыңдар» деген хадис жеткізген.
Жаңа жыл мерекесіне орай көру қабілеті бұзылған балаларға арналған Есік қаласындағы облыстық арнайы мектеп-интернатында «Қуан, сәби!» атты акция ұйымдастырылды. Қазіргі елімізде жүріп жатқан індетке байланысты, санитарлық талаптарды сақтай отырып, акцияға мектеп-интернат тәрбиешілері белсенді қатысты. Акция барысында үлкен кәсіпкерлер мен демеушілер көмегі арқылы барлық жүз жетпіс балаға сыйлықтар дайындалды. Жақын арада тұратын балаларға автобус бөлініп, ал алыстағыларға пошта арқылы жіберілді. Сыйлаған заттың қымбат-арзандығына қарамастан, шын көңілмен қабыл алу да пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннеті екен.
Оқушыларымызды қуанту – біз үшін қуаныш. Бұл игі іске атсалысқан барлық кәсіпкерлерге, демеушілерге, тәрбиешілерге өз алғысымды айта отырып, келешекте бұдан да үлкен іс-шара, акцияларды ұйымдастыруға шақырамын.


Г.Ш.ЕЛЕМБАКИЕВА, 
педогог-тәрбиеші

Отан деген ұғымның кішкентай ғана моделі, үлгісі саналатын "отбасы" ұғымы – қазақ қоғамында тәрбиенің негізгі қайнар көзі. Яғни ұлттық тәрбиенің негізгі бастауы. Отбасы – әрбір адам баласының өсіп-өніп, тәй-тәй басып, қанатын кеңге жайып ұшып шығатын алтын ұясы.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші, отбасында алған тәрбие – әр баланың болашағының негізі, әрі іргетасы. Елбасы өз сөзінде «Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» дейді. Отбасында мейірім мен сыйластық, адалдық пен сенім сияқты құндылықтарды көріп өскен бала Отан алдында да абыройлы азамат атана алмақ. Тұрақты, дамыған мемлекеттің негізгі даму көрсеткіші жоғарыда айтылған ізгі отбасы үлгісінен көрінеді.
Осы орайда отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Отбасы - бақыт мекені» атты апталықта түрлі іс-шаралар өткізілді. Атап айтар болсақ, «Ата-ананы құрметтеу – әрбір адамның қасиетті борышы», «Семьи большие и маленькие» атты тәрбие сағаттары, «Берік отбасы – адамның сенімді тірегі», «Все начинается с семьи» тақырыптарында эссе жұмыстары, «Отбасы гигиенасы» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн лекциялар оқылды.
Қорытындылай келе, бұл іс-шаралардың негізгі мақсаты, мектеп оқушыларының бойына ұлттық тәрбиенің негізі – отбасы деп аталатын қасиетті ұғымды сіңіру, ата-анаға, отбасы мүшелеріне деген сыйластықты қалыптастыру.


Ұлан КУЛЬБАЕВ,
Ы.Алтынсарин орта мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі оынбасары

Соңғы жаңалықтар

Шіл 04, 2025

Saqtan: молодежь Алматинской области…

Қонаев - Илийский-Карасайский районы - масштабная антинаркотическая акция, направленная…
Шіл 03, 2025

«Жіті ішек жұқпалары, алдын алу мен…

Жіті ішек жұқпалары – дегеніміз бұл бактериялар, вирустар, қарапайымдылар тудыратын және…
Шіл 03, 2025

Эхинококкоз және оның алдын алу…

 Эхинококкоз – созылмалы ағымымен, ағзаның аллергиясымен және бауырдың, өкпенің және…
Шіл 03, 2025

Хиджама жасатуға жүгінетіндерге…

Хиджама — бұл ағзадан лас қанды шығару арқылы емдейтін дәстүрлі емес емдеу әдісі. Бұл…
Шіл 03, 2025

На Капчагайском водохранилище…

5–6 июля на Капчагайском водохранилище состоится международный заплыв OCEANMAN-2025 —…
Шіл 03, 2025

ХАБАРЛАНДЫРУ «ҮЛГІЛІ АУЫЛ»…

Алматы облысының тұрғындары мен ауылдық округ әкімдіктерінің назарына! Қазақстан…
Шіл 03, 2025

«ŪMTYLYS» байқауы

«ŪMTYLYS» байқауы – жастар үшін жаңа серпінАлматы облысында алғаш рет жастармен жұмыс…
Маус 30, 2025

Тазалық тәртіптен басталады

Табиғат – Жаратушының ең көркем жаратылыстарының бірі. Адам күнделікті күйбең тіршіліктен…
Маус 26, 2025

Начало было в 30-х продолжение в…

Если театр начинается с вешалки, завод с проходной, то газета – с людей и событий,…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет