Бейсенбі, 24 Желтоқсан 2020 09:44

Төсбелгімен марапатталды

Тәуелсіздік күніне орай «Алматы облысы білім беру мекемелер қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі үздік қызметкерлерді құттықтап, төсбелгімен марапаттады.

Еңбекшіқазақ аудандық комитеті филиалы төрағасы С.Д. Надырбаев Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі, кәсіподақ төрайымы Адильчинова Айжан Саинқызы мен Екпінді негізгі орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, кәсіподақ төрайымы Умурзакова Ольга Михаиловнаны «Алматы кәсіподақтар одағы» Кәсіподақтарының аймақтық бірлестігінің» атынан «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қайраткер» атағы төсбелгісімен марапаттады.

Н.Алишев,

кәсіподақ маманы

Сейсенбі, 22 Желтоқсан 2020 10:23

Мектеп – білім айдынындағы үлкен кеме

Мектепті білім айдынындағы үлкен кемеге теңегім келеді. Осы кемеде бала он бір жыл уақытын өткізеді. Бұл кемеде небір дарынды тұлғалар да, әлемді бас идірген ағаларымыз да, сіз де, біз де отырдық.
Мектеп, шәкірт. Осы екі сөзге жан бітіретін – ұстаз. «Мектеп – білім тірегі, ұстаз – оның жүрегі» деген нақылдың мәнін ұқтырғандай. Мен ұстазды ақылдың бейнесі деп білем. Ұстаз жылы сөзімен-ақ, айтқан ақылымен-ақ қаншама жанның жүрегінен орын алды. Бар білген-жиғанын шәкіртіне тосып беріп, шексіз қайырымдылық жасайды.
Ұстаз – басқа сала мамандықтарына қарағанда, ең қиын, ең ізгілікті мамандықтардың бірі. Себебі басты міндет, ең құнды әрі маңызды мәселе – еліміздің ертеңі болып саналатын жас ұрпаққа терең білім мен сапалы тәрбие беру. Бауыржан Момышұлының «Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» дегеніндей, ертеңгі ел тұтқасы болатын жас буынды тәрбиелеу міндеті бүгінгі ұстаздар қауымның мойнында. Мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Қиын да маңызды міндеттерді жүзеге асыра алатын, тек ұлағатты ұстаз. Осындай ауыр жүкті алып жүріп, шәкірттерімізді терең біліммен қаруландырып, үлкен өмірге дайындау тек білікті ұстаздарымыздың қолынан келмек. Бұл жолда тынымсыз еңбек етіп, толассыз ізденістен жалықпайтын жандар ғана жетістікке жете алады.Осы орайда, біздің Көктөбе орта мектебінде дәл осындай қабілет пен қасиеттерді бойына сіңіре білген ұстаздар жетерлік.

Өткен оқу жылдары мектеп ұжымы үшін жеңіс пен жетістіктерге толы жылдар болды. Себебі, мектебіміздің білікті ұстаздары еліміздің қиын қыстау кезінде де көптеген байқаулар мен конкурстарға, олимпиада, т.б сайыстарға қатынасып, ұжым абройын асқақтата білді. Мектеп басшысы Талқамбаева Айжан Жақыпбекқызы үнемі ұстаздарға «Ұлттық тәрбие – ел болашағының діңгегі» рухани сенімі мол ұрпақты тәрбиелеу келешектің бізге артқан міндеті екенін айтып, ұдайы ескертіп отырады. Мектеп – бұл тек білім беру ұйымы ғана емес, сонымен қатар мәдени орталық, онда қоғамдық өмірі қалыптасады, сонымен бірге «Оқушылардың бойында тәрбие кеңістігінде өмірге деген құнды көзқарас қалыптастырудың» жобасы мектептен бастау алатынын ұстаздар қауымына ескертеді. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»,- дейді дана халқымыз. Иә, "Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады" демекші, білікті басшы, шығармашыл тұлға, ұжым мақтанышы. Біздің сынып оқушыларының біраз жетістіктері бар. Атап өтсек М.Орақбай «Абай ұлы тұлға» атты Республикалық шығармашылық байқауына қатысып дипломмен марапатталды. А.Асқарқызы Республикалық конкурсқа қатысып «Менің сүйікті қалам»атты тақырыбында материал дайындаған үшін 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.Тұрғын .Ш «Абай салған дара жол» халықаралық өнер және білім байқауына қатысып бас жүлде иеленді. А.Аманбай, Ж.Ескермес, Б.Нұрғазы ADEBI.KZ жалпы республикалық байқауына қатысып, дипломдармен марапатталды.

Гүлшат АЙДАРБЕК,
Көктөбе орта мектебінің
ағылшын пәнінің мұғалімі

Елімізде төртінші жыл қатарынан жастар корпусын дамыту жобасы – «Zhasproject» жұмыс істеп келеді. Жоба мақсаты – осал топтағы жастардың әлеуметтік жобасына қайтарымсыз грант беріп, іске асыру барысында қолдау көрсету.

Биыл «Zhasproject» жобасы еліміздің екі өңірде іске асырылды. Олар: Қарағанды және Алматы облысы. Қазіргі таңда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында 65 781  жас бар. Жастар корпусын дамыту жобасынан 58 әлеуметтік жобаға жастарымыз қол жеткізді. Жобалар көбінесе наубайхана, сұлулық салондары, тігін шеберханалары саласында ашылды. Өзіміздің ауданның С.Мұрал, А.Оспанбаева, А.Мүнкебаев, Ж.Елеулова, Ә.Мағжан сынды жастары әрқайсысы 1 млн. теңге көлемінде грантқа ие болып, түрлі салада әлеуметтік жобасын жасап жүр.

Сая Мұрал, «Сұлулық территориясы» Нұр сұлу әлеуметтік жобасының лидері:

- Ауылымызда керемет салон ашылды. Ауыл тұрғындары енді шаш алдыру үшін орталыққа барып қиналмайтын болды. Алғашқы транш түскенде заттарымыз толық алынбады. Екінші транш түскен бетте толыққанды жұмысымызды бастай алдық. Ауылдағы ақсақалдар мен зейнеткерлер тегін қызметке дән ризашылығын білдірді. Үйде отырған аналарымыз тырнағын тегін боятып, шаштарын әрлете алды. Жобамызда алғашында адамдар аз еді. Уақыт өте келе айына 50-ден аса адамға шаштараз қызметін ұсынатын болдық. Болашақта жұмысымызды одан әрі жалғастырамыз деген ойдамын.

Гүлжайна Рахманова, «Кәсіби шаштараз оқыту орталығы» жобасының лидері:

- Жобамның негізгі мақсаты – жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін азайту. Осы бағытта менің жобам жүзеге асатын Есік қаласында қазіргі уақытта 169 жұмыссыз жас болса, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі 48 азамат бар.  Біздің жобамыздың ішінде арнайы оқыту курсынан өтіп, тиісті дипломын алған мастер Асылхан Мункебаев бар. Осы жігіттің көмегімен жоба аясында Есік қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға, көпбалалы отбасынан шыққан, толық емес және жұмыссыз жастарға, шартты жазасын өтеп келген азаматтарға шаш қиюдың қыр-сырын үйретті. Жоба аяқталғанға дейін қызметті толық үйретіп, тұрақты жұмыс табуына көмегімізді тигіземіз деп сенемін. 

Ә.Мағжан, әлеуметтік сұлулық салоны:

- Біздің жобамыз мүмкіндігі шектеулі, жартылай жетім және жұмыссыз жастарға сұлулық салонының қыр-сырын үйрету мақсатында ашылды. Біз тұратын Бөлек ауылында 1206 жас бар. Онын ішінде жұмыссыздар – 213, мүмкіндігі шектеулі жандар – 17, сонымен қатар жетім, 15жартылай жетім жас бар. Жобаны іске асыру барысында студенттер тегін бет әрлеуді, тырнақ, кірпік жалғауды, шаш әрлеуді, тағы басқа да сұлулық  салоны қызметтерін үйренді. Менің мақсатым – қолынан іс келетін әрбір азамат еңбекке араласып, болашақта өз кәсібін ашса деймін.

Салтанат ӘШІРБАЙ,

«Zhasproject» жобасының баспасөз хашысы

Жексенбі, 20 Желтоқсан 2020 14:48

Тәуелсіздік туын тіккен күн

Еліміздің тәуелсіздігі – ата-бабамыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Міне, ежелден еркіндік аңсаған азат халқымыз тәуелсіздіктің жиырма тоғыз жылдығына табалдырық аттады. Тәуелсіздік! Қасиетті де құдіретті осы бір ұғымның тереңіне зер салып, ой жіберейік.

Тәуелсіздік атты бұл тәтті сөздің тұңғиығында ата-бабамыздың ғасырлар бойғы асыл арманы, азаттық жолында құрбан болған талай-талай боздақтардың ұрпаққа қалдырған аманаты жатыр. Қазақ ұлтының бүгінге дейінгі қат-қабат тарихының басты мазмұны – азаттық үшін күрес. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. Қазақ халқы қиын-қыстау кезеңдерде салғырттыққа салынбай, елі үшін, елінің келешегі, бостандығы үшін бастарын бәйгеге тікті. Олардың арманы қазақ халқының азаттығы, тәуелсіздігі еді. Сол үшін қандай қауіп-қатер болса да, жасымады. Сөйтіп, жерімізді аман-есен қорғап, бізге аманат етіп тапсырды. Міне, бүгінгі таңда ата-бабаларымыз аңсаған бостандыққа қол жеткізіп, тәуелсіз ел атанғанымызға 29 жыл болды.

Мұхтар Шаханов:

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың, – деп жырлағандай,

еліміздің өрімдей ұл-қыздары 1986 жылы алаңға шықты. Тарихта алтын әріптермен жазылған Желтоқсан оқиғасы кеңестік империяның шаңырағын шайқалтты. Мұз құрсанған желтоқсан ызғарын еріткен жастық жалын иелері сол күні тәуелсіздік жолында мерт болған арыстарымыздың аңсаған арманын ту етіп, халқымыздың намысын кеудесін тосып қорғады. Тәуелсіздік деген қасиетті ұғым – тек қазақтарға ғана емес, қазақ жерін мекендеген, оған кіндік қаны тамып, бірге қайнап-бітіскен, туған топырағым деп егілген басқа ұлттар мен ұлыстардың да ортақ игілігі. Ғасырлар бойы аңсатып жеткен азаттықпен, тәуелсіздікпен келген халық рухының асқақтығы мәңгілік болғай! Көк туымыз көкте желбіреп, тұғырымыз биік болсын!

 

 Майгүл Сатымбай, 

Н.Островский атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Жексенбі, 20 Желтоқсан 2020 11:48

Тәуелсіздік — тұғырым

Тәуелсіз бейбіт елде күн кешіп жатқанымызға жиырма тоғыз жыл көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Ізінде сызы бар желтоқсанның ызғарлы да ызғырықты күнімен бірге келетін «Тәуелсіздік күні» мерекесін қашықтан атап өтуге мәжбүр болып отырмыз. Әрине, бұл өз денсауылығымыз бен амандығымыздың жолындағы мәжбүрлік.

Тәуелсіздік күнін әркім өз шама-шарқынша ұлықтап, кейінгі ұрпаққа бүгінгі күннің қадір-қасиетін бағалап, тарихымызда алтын әріптермен жазылуының сырын ұқтыруда. Осындай іс-шаралардың бірін Рахат №1 орта мектебінің кітапхана қызметкерлері де өткізуді жөн деп тапты. «Тәуелсіздік – тұғырың» атты кітап көрмесін жасап, оқырмандарға кеңінен насихаттау үшін онлайн форматта тәуелсіздік жолындағы күрестер жайлы, желтоқсан көтерілістеріне қатысты мағлұматтарды жіті таныстырды. Тәуелсіздігімізді өз өлеңіне арқау еткен ақындардың, шығармаларына тақырып еткен жазушылардың, басынан өткергенін баяндаған кейіпкерлердің  еңбектерімен таныстырып, шолу жасады.

Жанна БИЛОВА,

Рахат №1 орта мектеп кітапханашысы

Жексенбі, 20 Желтоқсан 2020 11:46

Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы

Биыл 2020 жылы дүниені дүр сілкіндірген  желтоқсан көтерілісіне 34 жыл болды. Ал егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 29 жыл толды. Осы 29 жыл ішінде нарықтың қиын өткелдерінен аман шығып, дамудың даңғыл жолына түстік.

Тәуелсіздік – ұлы ұғым. Қуана отырып мұңаятын, мұңая отырып қуанатын ұлы мейрам. Тәуелсіздік мейрамы қарсаңын-да  Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернат оқушыларына ҚР Тәуелсіздік мерекесіне орай  «Тәуелсіздік – елімнің еркін жолы», деген тақырыпта бейне фильмдер көрсетіліп, «Желтоқсанда үзілген жауқазын»1986 жылғы 16 желтоқсан оқиғасына арналған тақырыптық сұхбат өткізілді.  Сонымен қоса,  мектебіміздің тарих пән мұғалімі Д.Шоманова  «Тәуелсіздіктің 7 қыры» деген тақырыпта  8-9 сынып арасында ZOOM платформасы арқылы «Кім білігір» сайыс сабағын өткізді. Қашықтықтан ұйымдастырылған іс-шараларға мектебіміздің оқушылары белсене қатысты. Олар аталған шаралар аясында тәуелсіздіктің тарихына терең үңілді. Тәуелсіздік мерекесі – бүкіл қазақ халқы үшін, барша қазақстандықтар үшін ерекше  мереке. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

 

Жанар ДОСАНОВА

         қазақ тілі мұғалімі

Жексенбі, 20 Желтоқсан 2020 11:45

Тәуелзіздік – тұғырым

Тәуелсіздік – еліміздің басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жетгізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Еркіндікті бағалайтын мына дүниеде бұдан асқан асыл сөз бар ма екен?!

Бабаларымыз аңсаған бұл тәуелсіздіктің қадірін біз түсінуіміз қажет. Осы мақсатта Тәуелсіздік күні қарсаңында біздің Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатта онлайн түрінде «Ұмытылмас желтоқсан», «Атамекен – алтын бесігім», «Желтоқсан туралы өлеңдер» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Аталған тәрбие сағаттарында балалар патриоттық тақырыптағы әндерді  асқақтата шырқады. Тәуелсіздіктің тағылымы туралы тартымды эсселер жазды. Міне, солай жас ұрпақтың зердесіне тәуелсіздік ұғымы тіптен терең ұялай түсті.

А.РЫСБЕКОВА ,

Ы.Алтынсарин атындағы  орта мектеп-мектеп

жанындағы интернаттың тәрбиешісі

Елбасымыз Н.Назарбаев айтқан осынау сөзі – жанға жылу, жүрекке ерекше күш-қуат сыйлар сөз. Ал осы бір ұлы сөзге жан бітіріп келе жатқанымызға, міне, 29 жыл толды.

Тәуелсіздікке оңайшылықпен жеткен жоқпыз. Көзбен көрмегеніміз бен ұлылардың сөздерінен көңілге түйгеніміз осы. Ал осы бір оңайлықпен келмеген киелі ұғымды мәңгілікке сақтау ол мына біздің, жастардың қолында емес пе?

Біз үлкен жауапкершілік арқалап жүргенімізді ұмытпай, әрбір жан міндетін менталитетпен байланыстыра отырып, іс жасаса біз бабалар аманатын ардақтап, оны кейінгіге табыстай аламыз. Ал өзің иелік ете алмағанға балаң иелік ете алады деп ойлайсың ба? Алма ағашынан алысқа түспейді. Қысқасы, Тәуелсіздік күні  – той ойлайтын емес, нағыз ой ойлайтын күн. Бабалар аманатына адал болу – біздің басты парызымыз. Осыған орай Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебі бойынша Тәуелсіздік күніне орай жылдағы жоспар бойынша іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтсақ, сынып жетекшісі ретінде оқушылармен еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету  мақсатында  тәрбие сағатын өткіздім. Сонымен қатар оқушылар «Тәуелсіз ел ұрпақтары» атты челлендж ұйымдастырды.   

                  

Н.ҚЫСТАУОВА,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатының мұғалімі

Жексенбі, 20 Желтоқсан 2020 09:45

Орнықты қоғам отбасынан басталады

 

Бейбіт өмірде ғана береке бар. Сол себепті бабаларымыз  «Үй іші ала болса, кереге басы толған пәле болады», – деп тегін айтпаса керек. Өйткені орнықты қоғамның орнауы отбасынан басталады.

Жақында Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатта жас өркеннің жайқалып өсуіне дем беру және отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында онлайын форматта «Адамгершілік рухани байлық» атты эссе, «Отбасы – бақыт мекенім» атты сурет байқауы өткізілді. Аталған шараларға мектеп мұғалімдері мен ата-аналар белсене қатысты. Шаралар аясында  өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталуы жолында аянбай еңбек етудің маңыздылығы түсіндірілді. Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар ата-аналардың міндеті екені  айтылды. Сонымен бірге шара барысында ата-аналар мен отбасылық құндылықтырды қорғау және зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы ой бөлісті. Ал интернат оқушылары өз жүректеріндегі отбасы бақыты жайлы қалам тербеп, көркем сурет салды.

 

Р.АЙТЕСОВА

Ы.Алтынсарин атындағы

орта мектеп-мектеп жанындағы

интернат тәрбиешісі

Бейсенбі, 17 Желтоқсан 2020 11:51

Тәуелсіз елдің патриотымын

 

Мен – көгінде байрағы желбі-реген тәуелсіз Қазақстанның, ұлан байтақ жердің иесі, «қазақ» деген ұлы халық перзентімін. Қазақ  елінің халқы батыл әрі қайсар. Ата-бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуды армандады.

Тәуелсіздік – ата-бабамыз аң-саған, ұрпақтарының қолы жеткен құдыретті, баға жетпес қазынамыз. Менің Отаным әдемі және кең байтақ. Ата-бабамыз туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған, осы жерімізде біз бақытты өмір кешудеміз және бабаларымыздың еңбегін өшірмей, елімді әлемге таныта бергім келеді.Тәуелсіздік күні Қазақстанның барлық жерінде мереке болып өтеді. Дербес Қазақстанның ұрпағы деген сөзді естігенде мақтанышым тереңдей береді. Мен туған жеріміз Қазақстанға тағзым етіп, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымды мақтан етемін.Ата-бабамыздың өнегелі сөздерінен  тәрбие алып, бо-йыма жинап, мықты қазақ елінің қыраны боламын. Біз болашақта Тәуелсіз еліміздің сенімін ақтауымыз керек.Өйткені мен – тәуелсізбін, тәуелсіз елдің патриотымын!

Ельнара БОЛАТ,

Рахат ауылдық округі №1 орта мектебінің

3 «З» сынып оқушысы

Соңғы жаңалықтар

Шіл 04, 2025

Saqtan: молодежь Алматинской области…

Қонаев - Илийский-Карасайский районы - масштабная антинаркотическая акция, направленная…
Шіл 03, 2025

«Жіті ішек жұқпалары, алдын алу мен…

Жіті ішек жұқпалары – дегеніміз бұл бактериялар, вирустар, қарапайымдылар тудыратын және…
Шіл 03, 2025

Эхинококкоз және оның алдын алу…

 Эхинококкоз – созылмалы ағымымен, ағзаның аллергиясымен және бауырдың, өкпенің және…
Шіл 03, 2025

Хиджама жасатуға жүгінетіндерге…

Хиджама — бұл ағзадан лас қанды шығару арқылы емдейтін дәстүрлі емес емдеу әдісі. Бұл…
Шіл 03, 2025

На Капчагайском водохранилище…

5–6 июля на Капчагайском водохранилище состоится международный заплыв OCEANMAN-2025 —…
Шіл 03, 2025

ХАБАРЛАНДЫРУ «ҮЛГІЛІ АУЫЛ»…

Алматы облысының тұрғындары мен ауылдық округ әкімдіктерінің назарына! Қазақстан…
Шіл 03, 2025

«ŪMTYLYS» байқауы

«ŪMTYLYS» байқауы – жастар үшін жаңа серпінАлматы облысында алғаш рет жастармен жұмыс…
Маус 30, 2025

Тазалық тәртіптен басталады

Табиғат – Жаратушының ең көркем жаратылыстарының бірі. Адам күнделікті күйбең тіршіліктен…
Маус 26, 2025

Начало было в 30-х продолжение в…

Если театр начинается с вешалки, завод с проходной, то газета – с людей и событий,…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет