Кубенбаева Айгүл Тұранқызы. Білімі жоғары, мамандығы педагог-психолог. Еңбек жолын 1986 жылы Шелек ауылы 6-шы балабақшадан бастаған. 1997 жылдан Абай атындағы орта мектеп жанындағы интернатқа тәрбиеші болып, 2006 жылдан бастап интернат меңгерушісі. Интернатта 120 бала жатып тәрбиеленуде. Мақсатымыз – осы балаларды адамгершілікке, имандылыққа және жан-жақты үйлесімді дамыған білімді тұлға тәрбиелеу. Балалар әр түрлі жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болуда. Мәдениет үйі және кітапхана ұжымымен бірлесіп жұмыстар атқарады. М.Мақатаевтың өлеңдерін жатқа айтудан жүлделі орындарға ие болған. Шелек орман шаруашылығында «Жас орманшылар» клубының мүшелері. Тәрбиеленушілер 100 пайыз спорт үйірмелеріне қатысады. Қыздарымыз би және қолөнер үйірмелеріне барады. Интернатта жоспар бойынша тәрбие сағаттары өткізіліп отырады. Ата-аналармен үнемі байланыста боламыз. Облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының алғыс хаттары, аудан әкімінің, аудандық білім бөлімі басшысының алғыс хаттарымен марапатталған.
С.БЕКҚОЖА, мектеп директоры.
Палтушева Мехриван Абдурашитқызы Розыбакиев атындағы орта мектепте биология пәнінің мұғалімі. Негізгі мақсаты – оқушылардың шы-ғармашылық қабілетін, танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру. Мектептегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған және мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда. Оқушылары С.Ашимбаева, Р.Жамалов, Н.Маметова республикалық және облыстық МАН ІІ және І жәрежелі дипломдарды жеңіп алған. М.Палтушева «Жас дарын» орталығының «Үздік ұстаз» төсбелгісінің иегері.
Ч.АЛИМОВА, мектеп басшысы.
Киселёва Любовь Николаевна окончила Ивановский государственный университет по специальности «Математика». Она 30 лет проработала в средней школе им.Ленина (ныне СШ им. К.Бижанова). Ее уроки отличались научностью, логической последовательностью и легкостью восприятия учебного материала. Применяла различные методы и приемы обучения, способствующие развитию функциональной грамотности ее учеников. Ее ученики участвовали в различных олимпиадах и конкурсах и занимали призовые места, победители предметных олимпиад, конкурсов научных проектов, предметных дистанционных олимпиад, Республиканской заочной школы «Дарын». Ученик 6 класса Радомир Батурбаев стал призером Республиканского конкурса «Мың бала» и был зачислен в интеллектуальную заочную школу «Инновация». Авторы программы элективного курса «Практикум по решению текстовых задач» (10-11 классы). Была награждена почетной грамотой областного департамента образования, грамотой районного отдела образования, грамотой МАН. Л.Киселева сейчас на заслуженным отдыхе.
Ж.АБДЫКАДЫРОВА, директор школы.
Анапияева Салтанат Абдилдақызы Шелек гимназиясының 28 жылдық еңбек өтілі бар жоғарғы санатты музыка пәнінің мұғалімі. Өзінің авторлық бағдарламасына сай «Домбыра», «Хор», «Вокал» үйірмелелерінде домбырада ойнайтын 100, басқа аспаптарда 10, хорда ән орындайтын 80, жеке және дуэт, вокалдық топта 40 оқушыға жетекшілік етеді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 100 оқушыдан құралған «Атамұра» оркестрінің шығармашылық жұмысын ұйымдастырып, гимназия басшысы Ардақ Қырықбай демеушілік жасап 10 домбыра сыйға тартқан. Ұстаздың оқушылары халықаралық, республикалық байқауларға қаты-сып, аудан мақтанышына айналып отыр.
К.ӘБДІҚАСОВА, директордың орынбасары.
«Развитие казахского языка является одним из ключевых приоритетов государственной политики… Казахский язык по праву становится языком образования и науки, культуры и делопроизводства… В соответствии с нашей Конституцией государственным языком является казахский…Каждый гражданин, связывающий свое будущее с нашей страной, должен приложить все усилия к изучению государственного языка. Это и есть одно из проявлений настоящего патриотизма».
Эти слова из Послания Президента РК Касым-Жомарта Токаева ставят перед казахстанской системой образования, в первую очередь всеобщего среднего, задачу полномерного обучения молодежи государственному языку. Президент говорит о том, что «системе обра-зования нужны мотивированные и квалифицированные педагоги», которые «должны быть носителями новых знаний, настоящими просветителями». В Казахстане внедряется новая система образования, в которой акцент делается на изучении государственного языка. На повестке дня – усиленное-изучение государственного языка в классах с русским языком обучения. Особая роль отводится учителям-языковедам, применяющим новаторские методики преподавания. Таким учителем является Гульбахыт ЖАНБЫРБАЕВА, педагог-иссле-дователь (зерттеуші) высшей квалификации. По окончании ЖенПИ в 2000 году Гульбахыт Икановна двадцать лет учительского стажа посвятила преподаванию государственного языка в школах родного села Тургень: вначале в СШ имени Д.Конаева, а затем уже 15-й год преподает в русских классах СШ имени М.Ломоносова. Ее ученики неоднократно побеждали на языковых конкурсах разного уровня. Один из ее учеников, ныне выпускник школы Руслан Смирнов был победителем районной и призером областной олимпиад. В 2021 году она готовит к участию в районной олимпиаде восьмиклассницу Милану Мусаеву. Мы попросили Гульбахыт Икановну высказать свое мнение о развитии преподавания государственного языка, о тех возможностях для его изучения, которые дает средняя школа, а также о перспективах для учащейся молодежи, освоившей государственный язык:
– С обретением государственного суверенитета национальная языковая стратегия открыла новые возможности для повсеместного применения казахского языка. Чтобы дети становились во взрослой жизни успешными, образованными людьми, они должны быть готовы добросовестно осваивать казахский язык. Этот фактор предъявляет к нам, учителям-языковедам, повышенные требования к его преподаванию, к методикам обучения, активному применению информационных технологий. Язык жив и интересен своим содержанием. Тогда он естественным образом востребован.
Будущее казахского языка определяется качеством контента, включающего культурные, технологические аспекты. Чтобы воспитать молодое поколение Казахстана, полностью говорящее на казахском языке, особое внимание следует уделить детской литературе, деловой литературе, электронным учебникам, онлайн-курсам. Во всем мире широко применяются методы онлайн-обучения, стремительно меняется образовательный процесс.
Такие масштабные проекты как «Рухани жаңғыру», включающие изучение государственного языка на современном уровне, меняют общественное сознание, создают предпосылки к максимальному внедрению казахского языка в сфере науки и образования. Для учащейся молодежи необходимо пере-водить на казахский язык научную литературу ведущих университетов, учебные пособия как по гуманитарным, так и по техническим, естественным наукам. Именно развитие науки и образования дают возможность расширять сферу применения казахского языка, повышать его привлекательность и конкурентоспособность. Новые программы обучения в школах основаны на развитии критического мышления, самостоятельной работе учеников. Задача учителя – оценка личных достижений учащихся, выявление их сильных и слабых сторон.
В обучении казахскому языку в русских классах мы используем технологии проблемного обучения, уровневой дифференциации, индивидуального обучения, самостоятельного мышления. В частности, в целях более быстрого усвоения новых слов, при создании перефразирования проводится уровневая дифференциация по технологии самостоятельного мышления, по мере овладения языком школьником в группе. С целью повышения интереса учащихся используем информационные технологии и технологии проблемного обучения. Используя принцип "от простого к сложному", мы связываем и последовательно используем языковые навыки произношения, письма, чтения, аудирования, чтобы ситуация с речью и письмом была правильной. Дирекция школы постоянно оказывает содействие учителям-языковедам, внедряющим инновационные методики преподавания казахского языка.
К сожалению, большой проблемой остается незнание государственного языка старшим русскоговорящим поколением. В семьях не говорят на казахском, что значительно влияет на повседневную практику применения казахского языка.
Для выпускников, поступающих в вузы, считаю необходимым обеспечить доступность учебников и научной литературы, переведенных в рамках проекта «Новое гуманитарное образование. 100 новых учебников на казахском языке». Не менее важно как можно шире представ-лять казахскую культуру и духовность на других языках. По поручению Главы государства Касым-Жомарта Кемелевича Токаева сборники произведений великого Абая в год 175-летия со дня рождения выдающегося поэта и мыслителя переведены и распространены на 10 языках мира.
Всемерная государственная поддержка системы образования дает возможность для всей молодежи страны освоить казахский язык.
Подготовил И.ВИКТОРОВ.
«Алты алаштың баласы бас қосса, төр – ұстаздікі» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, қазақ халқы ежелден ұлағат иелеріне бас иген. Қазіргі таңда да мұғалімдердің қоғамдағы орны ерек, оларға деген құрмет бөлек. Ұстаздар қауымының төл мерекесі қарсаңында Тескенсу ауылының тұрғыны, өзінің саналы ғұмырын шәкірттерге білім нәрін себуге арнаған Асқар Сейсенқұловтың шаңырағына барып, ардагер-ұстазбен тілдестік.
– 1957 жылы 1 наурызда осы Тескенсу ауылында дүние есігін аштым. Отбасы жағдайына байланысты 1 сыныптың табалдырығын 8 жасымда аттадым. Бала күнімде бір кісінің үйінде сырнай аспабының үнін естіп, қатты қызықтым. 6 сынып оқып жүргенімде сырнайда ойнай бастадым. Кейіннен, туысымыз біздің үйде тұрып, мектепте музыка пәнінен сабақ берді. Ол кісі талабымды шыңдауға көмектесті. Музыкаға деген қабілетімді байқаған әкем сырнай аспабын сатып алып берді – деп, музыка саласына қалай келгенін баяндап берді.
Ұлағат иесі мектепте оқып жүргенде-ақ, қолдан электр гитараларын жасап, ансамбль құрған. «Арай» ансамблі Шелек ауданы бойынша үлкен беделге ие болған.
Асқар Сәрсембайұлы мектепті бітірген соң, Алматыдағы консерваторияға құжат өткізеді. Алайда, ол кезде консерватория училищеден кейін ғана қабылдайды. Эстрада және цирк студиясына барған Асқар Сейсенқұловқа оқуға қабылданатындар үшін өткізілетін дайындықтың аяқталып, қабылдау басталып жатқандығын жеткізеді. Еңсесі түсіп, қайтуға бет алған оны дайындықсыз емтиханға кіргізіп жібереді. Өзінің тәңір берген музыкалық дарынының арқасында Бибігүл Төлегенова, Асқар Тоқпанов, Маңғытай Мыңжасаров, Ескендір Хасанғалиев сынды өнер майталмандары қабылдаған сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түседі.
1979 жылы оқуын аяқтап, Тескенсу ауылындағы мектепке музыка пәнінің оқытушысы болып жұмыс-қа орналасқан.
– Ол кездері педагогикалық білімің болмаса да мектепте жұмыс істеп, балаларға білім беруге рұқсат етілетін. Өзімнің алдымдағы тәжірибелі ұстаздардан сабақ жоспарын жасау және балалармен жұмыс істеуді үйрене жүріп, сабақ өтуге бейімделіп кеттім. Домбыра оркестрін құрып, оқушыларымды түрлі деңгейдегі жарыстарға қатыстырдым – дейді ардагер-ұстаз.
Құлақтан кіріп, бойды алған музыканы жанымен сүйетін Асқар Сейсенқұлов үлкен ұлының есімін атақты күйші Құрманғазының құрметіне қойған. Шығармашылық адамы болған соң қолға қалам алып, ойын өлеңмен өрнектеп жеткізетін ұлағат иесі қазақтың жыр-дастандарын сүйіп оқып, ортаншы ұлына жыл алыбы Жамбылдың пірі Сүйінбай есімін берген. Бұдан бөлек, Бақыт, Меруерт есімді қыздары мен Әсет есімді ұлы бар.
Асқар Сәрсембайұлының айтуынша, заман өзгерген сайын адам да соған қарай бейімделуі тиіс, әсіресе, ұстаздар қауымы. Әлемде ақпараттық технология дамып, елімізге компьютерлер келе бастағанда қамал алатын жастан асқан Асқар Сәрсембайұлы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеттің көр-кемсурет факультетіне оқуға түскен. Ел ағасы болған тұста қолына дипломын алып, компьютерді то-лықтай меңгерген. Осыдан кейін өзі еңбек етіп жүрген мектепте оқушыларға бейнелеу өнері мен сызу сабағынан білім берген.
Саналы ғұмырының 42 жылын шәкірт тәрбиелеуге арнаған Асқар Сейсенқұлов 2020 жылы құрметті зейнет дамылысына шығып, бүгінде округтегі жергілікті қауымдастыққа төрағалық етуде. Америкалық жазушы Э.Хаббард: «Өзінің шәкірттеріне еңбектен қуаныш табу қабілетін дарыта алатын мұғалім зор даңқа бөленуге тиіс» – деген. Бұл ретте ұлағат иесі шәкірттерімен ғылыми жоба дайындап, құрылыс пен ауыл шаруашылығы саласындағы бірнеше техниканы құрастырған. Бүгінде бұл еңбектері ауыл тұрғындарының кәдесіне жарап тұр.
Сөз соңында Асқар Сейсенқұлов қазіргі мектеп бағдарламасынан бейнелеу өнері мен сызу сабағы-ның алынып тасталғанына қатты қынжылатынын айтты:
– Бүгінде мектепте бейнелеу өнері сабағын көркем еңбекпен біріктіріп жіберді. Бұл жерде балалар бейнелеу өнеріне терең үңілмейді, жалпы-лама көркем еңбек сабағы өтіледі. Одан қалса, негізгі пәндердің қатарынан сызу сабағын алып тастап, таңдау пәні ретінде оқу-өндірістік комбинатында өтіледі. Бұл екі пән мектеп оқушылары үшін аса қажет – дейді Асқар Сейсенқұлов.
С.НҰРАДИН.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың:«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы», – дейтін дана толғамы бар. Демек мектеп пен ұстаз – ажырамас ұғым. Мектептің жаны болған талай талантты шәкірттерді тұғырынан түлетіп, олардың алдағы арайлы өміріне жол ашқан аяулы ұстаздардың бірі Әсем Шорманова. Мұғалімдер күніне орай білім беру саласында 30 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі педагогпен жүздесіп, әңгімелескен едік.
– Ұстаздық деген ұлы жолдағы алғашқы сапарыңыз тәуелсіздік жылдарымен тұспа-тұс келіпті. Ол кездің өзіндік қиындықтары болған шығар.
– 1986 жылы Алматыдағы қыздар педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына оқуға түстім. Ол қазақ жастарының еңсесі түскен елінің ертеңі үшін батыл күресе бастаған айтулы жылдар еді ғой. Сол себепті ол кездегі студенттер түрлі әлеуметтік оқиғаларға белсене қатысатын. Біздің жүрегімізде қазақ елі азат болса деген асқақ арман болды. 1991 жылы аталған оқу орнын тәмамдап, Есік қаласына жолдама алдым. Бұл тәңір бізге тәуелсіздікті нәсіп еткен жылдар еді. Егемендіктің сыйы ретінде Есікте қазақ мектебі бой көтеріпті, осылайша қазіргі Р.Тоқатаев атындағы мектепке жас маман болып орналастым. Ол кезде жалындап тұрған жас едік. Сондықтан сабақтан тыс уақытта да мектептің өзге де жұмыстарына белсене кірісіп кететінбіз. Қысқасы, жастықтың жалыны мен егемендіктің қадірі бізге кез-келген қиындықты еңсеретін күш берді.
– Жас ұрпақтың зердесін оятып, олардың жүрегіне жол тарту үшін ұстаз бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыз?
– Бізде көбінде тәртібі нашар не үлгерімі төмен оқушылар назардан тыс қала береді. Ал мен ондай балаларды үнемі сабақтан тыс шығармашылық үйірмелерге тартамын. Олар шығармашылық ортаға тез бейімделіп, өздерінің көкірек көзіндегі үміт отын жаға біледі, өздеріне деген сенім қалыптастырады. Бірде бір оқушыммен ғылыми жоба дайындап, обылыстық олимпиадаға қатысуға жолдама алдым. Оқушымның әкесінен олимпиадаға апару үшін рұқсат сұрағанымда: «Сол ғылыми жобаңның не керегі бар. Сенің әдебиетіңе түкіргенім бар», – деп төбемнен жай түсіргені есімде. Әкесінің қарсылығына қармастан ол оқушыны додаға қатыстырдым, ал шәкіртім сол сынақтан сүрінбей өтіп, жүлделі болды. Баланың әкесінің тағдырын қайталамағанына қуандым. Бізде баласының бағын байлайтын ата-аналар да жоқ емес. Мен көбіне көлемді әдеби шығармаларды сахналық қойылым ретінде оқушылардың санасына сіңіруге тырысамын. Эпостық жырлардағы бабаларымыздың дүние танымын жас ұрпаққа ұғындыруға барымды саламын. Олар әдеби шығамармалардың өзге қырларына бойлаған сайын жанар оты жайнап сала береді. Жалпы, ұстаз шәкірттің жан әлеміне терең үңілуі қажет.
– Бүгінде «Педагог мәртебесі туралы» заң қабыл-данды. Енді мұғалімдердің құқықтары заң аясында қорғалады деген сөз. Сіз қоғам ұстаздардың қадір-қасиетін жете түсініп келеді деп ойлайсыз ба?
– Әрине, «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Бірақ солай айтылғанмен ондағы құқықтық нормативтер шын мәнінде орындалып жатыр ма деген сұрақ туындайды. Өйткені, ұстаздар қоғамдық жұмыстарға жегілу мен қағазбастылықтан әлі арыла алмай келеді. Оның үстіне балаларына көңіл бөлмейтін ата-аналар да кездеседі. Тіпті оқушылар қандай бір қидындыққа тап болса, оны да ұстаздардан көретін жандар аз емес. Мұның барлығы ұстаздардың беделіне әсер ететіні сөзсіз.
– Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі елдің иесі. Сізді ұстаз ретінде оқушылардың қандай мәселелері толғандарады?
– Бір аңғарғаным, қазіргі балалар бүгін оқығанын ертең ұмытып қалады. Балалардың оқуына бей-жай қарайтын ата-аналар тағы бар. Сондай-ақ, балалардың өз ана тілін жетік білмейтіні қынжылтады. Өйткені, балалардың басым көпшілігі кітап оқымайды. Ал оны ата-ана қадағаламайды. Кітап оқымаған ұрпақтың көркемдік көкжиегі кеңіп, өзіндік дүние танымы қалыптаспайды. Оның үстіне біздің сан ғасырдан бері жинақтаған құндылықтармыз да сол кітаптарда жатыр емес пе?
– Мереке қарсаңында әріптестеріңізге айтар тілегіңіз болса.
– Оқу ордаларының жан жүрегі болған ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Олардың ел ертеңі үшін еткен еңбектері жана берсін деген ізгі тілек айтқым келеді.
Тілдескен Ерзат АСЫЛ.
«Асқан байлық не керек, денсаулығың болмаса» деген ойдың мағынасына мән берсек, денсаулықтың қадірін кей кезде кеш біліп, соның зардабын кеш сезінеміз.
Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Денсаулық апталығына орай М.Ломоносов атындағы орта мектебінде «Белсенді өмір – жүз жастық ғұмыр» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты: адам денсаулығының қымбаттылығын, басты байлық екенін оқушыларға ұғындыру. Іс-шара негізінде тәрбие сағаттары, спорттық ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Атишев Азамат өз баяндамасын оқи отырып, оқушыларға денсаулық зор байлық екендігін түсіндіріп, оқушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту бүгінгі мектептердің басты мақсаттарының бірі екендігін нақтылап айтты. 1-11 сыныптар аралығында «Дені саудың – жаны сау», «Денсаулық – зор байлық» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушыларға денсаулық туралы көптеген мәліметтер берілді,денсаулықты сақтау ережелері мен ауруды алдына алу бойынша білімдерін дамыту жұмыстары жүргізілді.
Әр адам салауатты өмір салтын ұстануымыз керек. Дені сау халық бай халық,халқының дені сау болып тұрса,мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз.
Әсем Нұрболат,
М.Ломоносов атындағы орта мектебінің ұстазы
Дәстүрлі форматта оқуға кіріскен оқушылардың денсаулығына қазіргі таңда бірінші мұғалім жауапты болып тұр. Білім министрлігі енгізген жаңа ережені орындауда ұстаздардың міндеті жоғары. Аудандағы білім мекемелеріндегі оқушылардың жай-күйімен танысып, қабылданған сақтық шараларының жүзеге асырылуы туралы баяндаймыз.
Жаңа оқу жылы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты біршама өзгерістермен басталғаны белгілі. Оған мұғалімдер мен оқушылар да үйреністі. Күнделікті мектепке «Ashyq» қосымшасы арқылы кіріп, бетперде тағып жүруі басты шарт. Оқушыларды кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтауын талап ету педагогтердің міндетіне жүктелсе, оны бұлжытпай орындау – оқушының міндеті.
Ауданымызда биылғы оқу жылында 57 080 оқушы білім алуда, оның ішінде мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер саны – 5380.
Барлық білім мекемелері санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес қажетті құралдармен қамтамасыз етілген. Балалардың көп шоғырлануын болдырмау үшін олардың қоңырау мен асханаға бару уақыты әр мектепте сабақ кестесімен оқыту ауысымына қарай белгіленген. Ауданда жаңа оқу жылы басталғалы коронавирус инфекциясы 6 ұстаздан анықталған. Ал 56 оқушы вирус жұқтырғаны белгілі болса, олармен білім беру ұйымдарында 536 оқушы қарым-қатынаста болған. Бұл туралы арнайы құзырлы орынға хабарланып, оқушылар мен мұғалімдер оқшауланған. Сол мектептерге толығымен дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, залалсыздандырылған.
«Мектепте 3 балам оқиды. Олардың қауіпсіздігін үнемі бақылап, санитарлық ережені сақтап жүруін ескертемін. 100 пайыз оқушылардың санитарлық шараларды орындап жүргеніне өз басым сенбеймін. Олардың арасында ойын баласы бар, аурудың не екенін ескермейтіні бар. Бұл тұста ата-аналар үйден баламызға бұл вирустың қауіптілігін түсіндіре беруіміз қажет. Қазақтың «сақтансаң, сақтаймын» дегені бекер емес. Тек кіші ұлым медициналық маска тағуға әрең үйренді. Балаларыма өзін де өзгені де қорғау керектігін қажетінше түсіндіріп жүрмін», – дейді ата-ана Қ.Дюсембиева.
Бұл тұста ұстаздардың да айтары бар. «Масканы мұғалімдер шешпейді. Алайда оқушылардың мұрыннан төмен түсіріп қоятын кездері болады. Бұндай жағдайда кезекші мұғалімдер әрдайым қадағалап ескертіп жүреді. Оқушылар белгіленген жерден кіріп-шығады. Ас ішуге әр сыныптың өзінің баратын уақыты бар. Бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болмайды» – дейді Көктөбе орта мектебінің ұстазы Айсұлу Алимбетова.
Дені сау ұрпақ – қоғамның қуатты күші. Балаларын сабаққа жіберіп, ауырмай келуін тілеп отыратын әрбір ата-анаға маман кеңесін ұсынамыз. «Вирустың бүгінде балалар арасында жиі кездесуі орын алуда. Сондықтан оны жұқтырмаудың қамын жасаған жөн. Ата-аналар, балаңыздың иммунитеті мықты болуы үшін алдымен дұрыс тамақтануына көңіл бөліңіз. Құрамы дәруменге бай тағамдар беріп, табиғи таза өнімдерді қолданыңыз. Жемістер мен көкөністерді пайдаланып, темір, фолий қышқылы, А, В6, С витаминдерін ішкізгеніңіз дұрыс болады. Еңбек жұмысын жасатыңыз. Үнемі қозғалыста жүріп, спортпен шұғылданғаны артық етпейді. Тамақтанар алдында қолын сабындап жууын тексеруді ұмытпаңыз», – дейді терапевт дәрігер Азамат Аубакиров.
Оқушылардың қауіпсіздігіне мектеп қабырғасында ғана емес, тасымалдайтын қоғамдық көлікте де баса назар аударылған. Тасымалдау кезінде автобус ішіне залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
Айта кетейік, 21 елді мекендегі 19 мектепке 3181 оқушыға тасымалдау жұмысы ұйымдастырылған. Аудан бойынша бастауыш, негізгі, орта білім беру мекемелерінің оқушыларын тасымалдау мақсатында бюджеттен 158 млн 132 мың теңге бөлінген. Облыстық білім басқармасы тарапынан өткізілген конкурс нәтижесінде тасымалдау жұмыстарын Есік пен Шелек өңірі бойынша «Ақжол Агротранс» пен «Шелек Тұлпар» ЖШС ұтып алған. Жалпы, автобустар саны – 32 болса, мектептердің балансындағы автобус саны – 16.
Перизат ӘБДІЛ-ӘШІМ.
Білім күні мерекесі – патриоттық және идеологиялық маңызы бар, жаңа оқу жылындағы бірінші тәрбиелік іс-шара. Бұл атаулы күн АбыханЖексембеков атындағы орта мектпте де өз дәрежесінде аталып өтті.
Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Осы қуанышпен бірге «Кел, балалар, оқылық» деп, қазақ балаларының сауатын ашқан, ғұмырын халық ағарту ісіне, мектеп ашып, кітап бастырып, бала оқытуға арнаған ұлт педагогі, қазақтың аса көрнекті ағартушысы, ақын, жазушы, этнограф, фольклоршы және қоғам қайраткері – Ыбырай Алтынсариннің туғанына биыл 180 жыл толады. Талантты ақын, терең ойшыл, қайраткер Ыбырай Алтынсаринді қазақ ұлттық педагогикасының іргесін қалаушы деп айтуға толық негіз бар.
Биылғы оқу жылында мектебіміздің табалдырығын 43 бүлдіршін алғаш аттады.
Жаңа оқу жылындағы алғашқы тәрбиелік іс-шарасы «Кел, балалар, оқылық» атты 1 сынып оқушыларына арналған салтанатты жиын және 2-11 сыныптар үшін «Тәуелсіздік жетістіктері» атты тәрбие сағаттары өтті. Биылғы оқу жылының ерекшеліктерінің бірі – А.Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» пәнінің қайтарылуы.1 сынып оқушыларының алғашқы кітабы «Әліппе» оқулығы салтанатты рәсімінде табысталды.
2021 жылдың 1 маусымы мен 31 тамыз аралығында жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы биыл «Балаларға қамқорлық» ұранымен өтуде. Осы акция аясында балалардың жарқын мерекесінде мектебіміздің тұрақты демеушілері «Трансавиа»әуе компаниясы ЖШС-ның өкілдері «Не берсең де, балаға бер, бала үшін жаса» деген халқымыздың игі дәстүрін жалғастырып, 15 оқушыға мектеп сөмкесі мен мектепке қажетті кеңсе тауарларын табыстап, балалардың көңілін көтерді.
Тұрақты демеушілерімізге алғысымызды білдіре отырып, жанашыр азаматтарды акцияға белсене қатысып, сауапты іске себепкер болуға шақырамыз.
А.Ахметова,
А.Жексембеков атындағы
орта мектептің
педагог-ұйымдастырушысы
Менің мамандығым – мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі. Бала кезімнен тәрбиеші болуды армандадым.Осы арман жетегінде Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие» бөлімін бітірдім.
Тәрбиеші мамандығын таңдаудағы себебім, ол – өте қызықты мамандық. Өйткені сені балалар жақсы көреді және сенен әрдайым қандай да бір жаңа нәрселер күтеді. Ал мен олармен бірге өмір сүремін, табыстарына олар мен бірге қуанамын. Мен жаһандану теңізіне желкенін жайған мемлекетіміздің ертеңгі алға бастайтын мықты ескегі болатын балабақша бүлдіршіндерін білім нәрімен сусындататын осынау абыройлы мамандығымды мақтан тұтамын. Біз мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілері, татулығы жарасқан байтақ мекеннің болашағы үшін қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да көмегімізді тигізіп жатырмыз деген мақтаныш кеудемді кернейді. Бала тәрбиесімен айналысатын әрбір педагогтің алға қойған мақсат-міндеті мен педагогикалық ұстанымы болуы керек. Менің өмірдегі ұстанымым – жүрек қалауымен таңдаған жұмысыма жауапкершілікпен қарау. Тәрбиеші болу жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі. Қазағымның болашағы, келешек келбеті мен тәрбиелеген бүлдіршіндердің тәрбиесінде, қосар үлесімде. Рухани адамдығымның өнегесі шексіз, тұлғаң асқақ, өн бойың тазалыққа тұнып тұрса, өмірден алар орның ерекше деп түсінемін.
Бүлдіршінді күлімдеп қарсы алып, бар өнеріңді үйретіп бақытты етсең, өз ұлтыңды, адамзат баласын бақытты ету жолында тер төккенің. Тәрбиенің тал бесігі – балабақшадағы тәрбиеленушімен өткізген әрбір сәтің қызықты. Баламен ойнасаң дүние сырының кілті іздемей-ақ табылады. Бала тәрбиесінде заманауи технологияларды қолдануда белсенділік пен шығармашылық ізденіс дамиды. Баланың білімге деген құлшынысын арттырасың. Дамыта оқыту, жеке бағдарлы оқыту, проблемалап оқыту, денсаулық сақтау технологиясымен жүргізер жұмысың баланы оқыту мен тәрбиелеудегі жүйелі атқарылатын жұмыс кешені. Тәрбиеленуші бүлдіршінді күннің шұғыласына, судың тұнығына, жаңбырдың мөлдір тамшысына, айдың нұрына, желдің самал лебіне, жайқалған әсем гүлдерге және кемпірқосақтың алуан-алуан түстеріне теңеймін. Жаһандану дәуірінде, жасампаз ғасырда балабақшадағы бүлдіршіннің ұстазы-тәрбиеші болғаныма мақтанамын.
Бұл сөздің астарында тәрбиеші мамандығының үлкен жауапкершілік иесі екендігі айқындап тұр.Бала тәрбиесі,оның ішіндегі балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу – үлкен мәртебе. М.Жұмабаев айтқандай. «Тәрбие – адам баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша азық беріп өсіру» деген екен. Сондықтан біз – балаларымыз-дың болашағына, тәрбиесіне жауапты жандармыз. Мен балабақшада үшінші жыл еңбек етудемін, бұл жұмыстан ешбір жалыққан емеспін. Өйткені менің бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын.Мектепке дейінгі ұйымдардағы жұмыстардың басты бағыты оқу тәрбие процесін жүйелі жоспарлау,жаңа инновациялық технологияларды ендіре отырып, балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру.Міне, осындай жұмыс жүйесі менің балабақшамда қалыптасқан. Сөзімді қорытындылай келе,тәрбиеші мамандығымды шексіз мақтан тұтатынымды және осы таңдаған жауапкершілігі мол қызмет жолында бар білімім мен тәжірибемді аямайтынымды, қалтықсыз еңбек ететінімді айтқым келеді.Мен үшін күнделікті балабақша балалардың алаңсыз күміс күлкісін,шаттыққа толы көңіл күйлерін көріп, балалармен бірге ойнап күлгеннің өзі бір бақыт деп білемін.
Малина РАҚЫЖАНОВА,
«Шапағат» балабақшасының тәрбиешісі
Кітап – рухани қазына,өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы. Біздің ата-бабамыз «Кітап – көп ақылдың құйылған көлі, кітап – білім бұлағы, кітап ғажап дос» – деп бекер айтпаған. Барлық білімді біз кітаптан аламыз, кітап біздің қайырылымдыққа, адалдыққа, әділеттілікке зұлымдықпен, күресе білуге үйретеді.
Жақында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен «Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ел» жобасы аясында Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің кітапханашылары Гүлзира Бидайбекова, Жадыра Саламатова «Кітапханаға кітап сыйла» акциясын ұйымдастырды. Әртүрлі тақырыптарда қызықты да, көркем әдеби қорын толықтыру, жастардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, ынталандыру, көркем әдеби кітап оқуға шақыру мақсатында ұйымдастырылған акция жыл бойы жалғаспақ. Аталған акцияға колледж оқытушылары, білімгерлері белсене қатысуда. Атап айтсақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушы Сандуғаш Баусариева Жақыпжан Нұрғожаевтың «Жүрегі оның жанартау» атты кітабын сыйға тартты. Кітапта Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармалары туралы ой-толғамдары және сұхбаттары жинақталған. Ал колледж коменданты Шырын Молдабаева Жанділдин Жұмабектің 2 томдық «Ғылым ғұмыр» кітабын, колледж хатшысы Назерке Борлыбекова жерлесіміз, қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Тұманбай Молдағалиевтың өлеңдер жинағының бес данасын сыйға тартты. Сыйға тартылған кітаптар өз оқырмандарын табады деген ойдамыз. Қорыта келе, «Кітап ақылына ақыл сұрамайтын – ең құнды қазына» деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшылы Әлішер Науаи. Кітап оқу – адамзат ойлап тапқан ең ғажайып құбылыстардың бірі. Рухани жан дүниеге демеу беріп, адамның адами қасиеттерін арттыратын да осы кітап.
Ж.САЛАМАТОВА,
Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің кітапханашысы