Қасиетті қазақ жеріне Ұлыстың Ұлы күні – Әз Наурыз да сағындырып, сарғайтып жетті, міне! Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.
Біздіңқасиеттібілімордамыз «Шелек ауылындағы гимназиясында» да Әз Наурызды мерекелеу өзінше бір ерекшелікпен басталды. Наурыз айы – айлардың сұлтаны десек артық болмас. Себебі тіршіліктің жаңаруы да, көрісу, алғыс айту амалдары да, әлемге тіршілік нұрын сепкен - Ана атаулының мерекесі де осы айға тоғысқан. Осындай қасиетті айда гимназия директоры Қырықбай Ардақ Мұхаметжанқызының ұйымдастыруымен «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты. мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шараға ауданымызға белгілі азаматтар –Алматы облысының Құрметті азаматы, 2 мәрте Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты Өмірғали Кенжебек, спортшы, кикбокстен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азияның, Еуропаның 2 дүркін чемпионы Қайыпжанов Елмұрат Мұқашұлы, Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы «Жомарт жүрек» сыйлығының иегері, «Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы Осан Жангелді Көшімбайұлы, Шелек ауылдық округі әкімі Абдықалиев Сәкен Дәулетқанұлы қатысты.
Аталмыш іс-шарада гимназиямыздың өнерлі ұстаздары мен шәкірттері өздерінің өнерлерін ортаға салып, көрермендердің көңілінен шықты. Сонымен қатар, концерт барысында 100 домбырадан құрылған «Атамұра» ансамблінің сахна төрінде күмбірлеткен күйлері мерекенің сәнін аша түсті.
Ұстазды ұлықтау – ұлағатты іс. Ұлттың кемелді жолында бағдаршам болатын ұстаздар қауымын құрметтеу – міндет. Салтанатты шара барысында білім беру саласына еңбегі сіңген, кәсіби шеберлігімен дараланған ұлағатты ұстаздарға гимназия демеушісі Осан Жангелді мырза мұғалімдерді ынталандыру мақсатында бағалы сыйлықтарымен марапаттады. Сонымен бірге спорттық жабдықтар сыйға тартты. Мерекелік шара қонақтарға жаңа үлгідегі жабдықталған кабинеттерді таныстырумен жалғасты. Волейболдан шебер сыныбы тамашаланып, спорттық жарыс өтті.
«Көреген басшы елді өсіреді» демекші, гимназия директоры Ардақ Мұхаметжанқызыбілікті де білгірлігі, ұйымдастырушылық қабілеті, кісілік келбетімен әрдайым ұжымның көңілін таба біледі. Адами қасиетті өмірінің темірқазығындай берік ұстанып, қызметіне адал болу арқылы жарты ғұмырын ұжымының мүддесіне арнаған басшымызға осынау игі шара үшін алғысымыз шексіз. Үнемі бізге демеушілік көрсетіп, қолдап жүретін жомарт жандарға, бүгінгі қуанышты бөлісіп, ақжарма тілектерін білдірген қадірлі қонақтарға да айтар алғысымыз көп.
Наурыз – жаңару мен жасарудың басы. Наурыз – береке-бірліктің, теңдіктің, жақсы тілеудің, қайта түлеудің тойы. Ертеде бұл мейрам елдiң бiрлiгiн сақтап, туған-туысқанның басын қосып, бауырластыққа, татулыққа шақыратын. Ендеше, ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңитін кезеңі – Наурыз мейрамы құтты болсын!
Туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын!
Аида Ағыбаева,
«Шелек ауылындағы гимназия» КММ-сінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ұлттың кемеңгер ұстазы, Алаш ардақтысы – Ахмет Байтұрсынұлының «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр ұялата алады» деген сөзі бар еді. Осы сөздің аясында мұғалімге қойылатын үлкен талап пен шарттың бір белгісі бары баршаға аян. Шынтуайтына келгенде, әрбір педагог, ұстаз өзінің жанында нұр ұялатып, білім нәрін себелеп, ұстаздық және білімдік жолын жалғастырушы ізбасарын тәрбиелемесе, ұстаздық етуінің еңбегі бір тиын да шығар.
Осы ретте әрбір педагог шығармашылық және кәсіби білігімен дарынды, білікті, білімді шәкіртті жетелеуі шартты әрекет екенін ескеруіміз керек. Әлем әдебиетінде А.С. Пушкин: «Тіршіліктің маған берген жақұты: шағын дарын және достар бақыты» деп, шағын дарынның үлкен тұлға ретінде қалыптасудағы ролін айтқан еді. Әлбетте, кез келген кәсіп түрінде дарын да, білім де, еңбек те, шығармашылық, сәттілік – барлығы да керек.
Мектепте де осы бағытта әрбір ұстаз өзінің әрбір әрекетін, әдістемелік жұмысын дарынды шәкірт тәрбиелеуге бағыттайтыны рас. Осы бағытта біздің мектепте онкүндік өткен болатын. Бұл онкүндіктің басты өзектілігі ретінде келесі сұрақтар қойылды: «Үшінші мыңжылдықтың жастары қандай болмақ?». Иә, ғалымдардың айтуынша, адам бойындағы дарын басым келеді де, оны шығарып, тәрбиелеу мүмкіндігі мектеп шағында жүзеге асырылуы қажет екен. Аталмыш онкүндіктің мақсаты – пән мұғалімдерінің дарынды балалармен жүргізетін жұмыстарына қолдау көрсете отырып, мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін жоғарлату.
Онкүндігіміз «Дарынды дамыту – ұстаз парызы» тақырыбында менің мұғалімдерге өткізген коучинг сабағымнан бастау алды. Одан кейін Р.Қаталбаева 5-9 сынып оқушыларына «Қазақстандағы ең танымал әрі дарынды балалар кімдер?», «Қазақстаның атын шығарып жүрген талантты балалар» тақырыбында видеоролик көрсетіп, оқушылардың осы бағыттағы түсініктерін анықтап, біліктерін әрі қарай шыңдай түсті. Осы іс-шаралар кезінде 1-5 сынып оқушылары «Мектептегі бір мезет» атты тақырыпта эссе жазып, Ж.Қаталбаева әріптесіміз өзіндік түйінін жасады. Әлбетте, осы ретте әр баланың бойындағы бар шығармашылықты, дарынды өнер ретінде шығару және оны шыңдай түсу мақсатында қолданыстағы заттар мен дүниелерге екінші өмір сыйлау аясында «Шебер көп жерде, өнер көп» тақырыбында оқушылар арасында Б.Ракишева әріптесіміз сайыс өткізіп, өз тарапынан бірталай дарынды және өнерлі шәкірттерімізді анықтады. Дәл осындай бағытта 5-9 сыныптар арасында «Жас тілші», «Іздеген жетер мұртқа» атты іс-шараны Ш.Сагимбекова, сайыс-сабақ форматында «Дарындылар додасы» шарасын 8-9 сыныптар арасында Ж.Темиргалиева әріптестеріміз өткізіп, зияткерлік бойынша да талантты жастарымыздың жаңа буынын анықтай алғаны қуантуда. Аталмыш бағыттағы іс-шаралар бастауыш буында «Сапалы білім – болашық кепілі, «Математика –ғылымның жарық жұлдызы» тақырыбымен 2-3 сыныптарда А.Жангабылова сайыс-сабақ түрінде, А.Сабаншиева 1-4 сынып арасында «Рухани жаңғыру ұлт – болашағының жарқын кепілі», У.Ибрагимова 2-4 сыныптарға «Әр бала – бір жұлдыз, жарқырауына жәрдем бер» тақырыптарындағы іс-шаралармен толықтырды. Бастауыш пен орта буын жастарына аралас форматта Қ.Черкешбаева 4-6 сыныптарға «Есіңе мені алғайсың», Э.Молдахметова 2-9 сыныптарға «Дарынды балаларға тренинг», А.Жангабылова 5-6 сыныптарға «Менің өмірімде қолданатын мақал-мәтелдер», «Мақал – сөздің мәйегі», К.Килибаева мен К.Елубаевалар «Русская ярмарка» 5-9 сыныптарға, сонымен бірге 5-9 сыныптарға Н.Жүніс, К.Камаловалар «Ертегілер әлемі» тақырыптарында қызықты, танымды іс-шаралар топтамасын өткізіп, әрбір іс-шара соңында рефлексия жасалып, кері байланыс беріліп, мақсатқа жеткендігі айқын болды. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ретінде мен осы онкүндіктің түйінін – мұғалімдерден «Менің қиялымдағы дарынды оқушы» тақырыбында эссе түрінде пайымдауларын жинап, ортаға әріптестердің, педагогикалық ұжымның пікірін салып, онкүндіктің жалпы сипаттық мәнін ашып, түйінін құзырлы түрде жасадым.
Әр оқушы – бір Жұлдыз. Жарқырауына жәрдем беретін – мұғалімдер. Сондықтан әр ұстаз сол жұлдызды сөндіріп алмай, мәңгілік жағатын құдірет иесі болуы керек. Ол үшін оқытудың түрлі тиімді тәсілдерін меңгеріп, оны күнделікті сабақта қолдана білуі тиіс. Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана екенін, әрбір ұстаздың осы тараптағы дұрыс әдістемелік ұстанымын әрі қарай арттыру – жалпы ұстаздық парыз. Осы парызды өткеретін, орындайтын әріптестеріміз молынан болсын деп тілеймін.
Жанар Иманбаева,
директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепте «Таланттар жәрмеңкесі-2022» атты фестивалі биыл 7 рет аталып өтті. Мерекелік іс-шараға осы мектептің ұстаздары мен оқушылары, Ресейдің Алматы қаласындағы елшілігінен Татьяна Барышникова мен ғылыми жоба бөлімінің басшысы Тамара Зубкова, Талғар қаласының №8 мектеп оқушылары мен Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттері қатысты.
Фестиваль шымылдығы Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттерінен құрылған ұлт-аспаптар оркестірінің орындауындағы «Әлқисса» күйімен түрілді. Ары қарай мектеп директоры Бекнұр Мұқашев сөз алып, жәрмеңкеге қатысушы қонақтар мен мектеп оқушыларын фестивальдің ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Кеш мерекелік концертпен жалғасты.
Концерттік бағдарламадан кейін «Таланттар жәрмеңкесі-2022» атты фестиваль жалғасын тапты. Аталған фестивальде оқушылар «Жас ғалым», «Ғылыми жоба», «Жас ақын», «Жас суретші», «Жас тілші», «Спорт шебері», «Шебер қолдар», «Ғылым», «Жас актер», «Ән-вокал» «Дефиле шоу» «Домбырашылар», «Робототехника», «Мәнерлеп оқу» номинациялары бойынша сынға түсті. Шара соңында Татьяна Барышникова жас таланттар дайындауда жалықпай еңбек етіп жүрген ұстаздарға, мектеп директорына, ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, мектеп басшысын Алғыс хатпен, жас таланттарды дипломмен марапаттады.
– Мұндай жобалардың көптеп ұйымдастырылғаны бізді қуантады. Бүгінде жас таланттар өздерінің біліктілігін шыңдауға ұмтылады және осы жолда еңбек етеді. Осындай жобалар жастардың арманына қанат бітіріп, өзін жаңа қырынан көрсетуге мүмкіндік береді. Бүгінгі жоба арқылы өзіміз секілді жас талант иелерімен тәжірибе алмастық және көптеген көздің жауын алатын қолөнер туындыларымен таныстық. Алдағы уақытта бұл игі шара жүйелі жалғасын табарына сенім мол – дейді қатысушылар. Сонымен қатар, фестиваль қатысушылары ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.
А.КӘДІРБАЙҚЫЗЫ.
Жақында Сарыбұлақ орта мектебінде «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты қазақ тілі мен әдебиетінің апталығы өтті.
Апталық барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері Индира Шалабаева 9 сыныппен «Сабақтас құрмалас сөйлем», Жазира Шалабаева 5 сыныппен «Жол қозғалысы ережелері» және 8 сыныппен Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын, Әсел Бексай-нова 6 сыныппен «Сулы жер – нулы жер» атты жоспарлы түрде қойылған ашық сабақтарын өткізді. Сонымен қатар оқушылар сабақтан тыс уақытта да апталықтың іс-шараларына белсене атсалысты. Атап айтсақ, «Алтын сақа» интеллектуалды ойыны, «Бұлақ көрсең көзін аш» атты жас ақындар мүшайра-сы, «Тілден артық қазына жоқ» көркем сөз оқу байқауы, кітапханамен бірлескен «Әдебиет әлемі» викториналық кештері тартысты өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті апталығының қорытынды кеші «Жыр жүйрігі Мұқағали» атты әдеби-сазды кон-цертке ұласты. Кеште оқушылар ақиық ақынның өлеңдері мен поэзиясын оқып қана қоймай, ақынның сөзіне жазылған сазды әндерін шырқады. 8 сынып оқу-шылары Әмина Айтжан, Мейрамбек Көкенәлі, Перизат Жұмағали ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының желісінде қойылған көріністе рөлдерді шебер сомдап, көрерменнің ыстық ықы-ласына бөленді. Қарақат Бейбіт пен Құралай Тұрсын «Жоқ, дәрігер», «Шыда, шыда» өлеңдеріне шағын көрініс қойып, көрерменнің көзіне жас үйірілді. Апта-лық қортындысында, оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталып, апталыққа белсене қатысқандарға алғыс хаттар табыс етілді.
Әсел БЕКСАЙНОВА,
Сарыбұлақ орта мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Ақиық ақын М.Мақатевтың шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында Д.Қонаев атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен«Қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты апталық өтті.
Ең әуелі оқу ордасында «Сыршыл ақынның сырлы кітаптары» тақырыбын-дағы танымдық бұрышы ашылып, көрер-мен назарына ұсынылды.Сонымен қатар, апталық аясында мектеп кітапханашысы Б.Сақаева бастауыш сыныптар арасында «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр» атты мәнер-леп оқу сайысын өткізді. Рухани апталық «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды поэзия кешімен қорытындыланды Аталған шараға қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері және мектептің жас мамандары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Кеш барысында ақын өлеңдеріне жазылған әндер шырқалып, ақын жырларына арқау етіліген сахналық қойылымдар көрсетіліп, көрермен көңілін толқытты. Мектеп директоры Р.Ахметова апталық қорытындысына жоғары баға беріп, белсене қатысқандарды алғыс хаттармен марапаттады.
Жанар ЕСІРКЕГЕНОВА,
Д.Қонаев атындағы орта мектеп қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Қазақтың біртуар ақиық ақыны –Мұқағали Мақатаев Райымбек ауданы, Хантәңірі баурайындағы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Балалық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келіп, балалық шақтың бал дәуренін ауыр еңбекке алмастырды. Оны «Неңді сенің аңсаймын бала шағым» атты өлеңімен жеткізген еді. Әкесі Сүлеймен майданға кетіп, анасы Нағима мен әжесі Тиіннің қолында тәрбиеленді. Қарасаздың мектебін бітіріп, білім алып, жастайынан өнерге құштарлығы мен қайсарлығы, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі туған жері қасиетті Қарасаздың топырағынан шыңдалып шықты.
Жас ақынның «Қырман басында», «Қойшы бала Әкітай» сияқты алғашқы өлеңдері газет бетінде жарияланды. Аз ғұмырында көп еңбек жазған ақынның өмір жолы жеңіс пен жеңілістен тұрды. Ақиық ақын ұлттық рух, салт-дәстүр, дін мен тілді, сонымен қатар, ғаламның бар сұлулығын қасиетті қара өлеңмен жеткізе білді. Поэма, поэзия, драма саласында қалам тартты.
«Қазақтың күпі киген қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын» деп жырлаған ақынға халқы «Қазақтың ақиық ақыны» атағын берді. 1999 жылы М.Мақатаевтың 60 жылдық мерейтойында «Ғасыр ақыны» аталды.
Бір кем дүние. Көзінің тірісінде бізге жапқан өлеңмен өрнектелген шапанын өз иығына жаба алмадық. Бала жасымнан Мұқағали өлеңдерімен сусындап өсіп, өнерге, өлеңге деген құштарлығым артты. Ақынның туған күніне орай әр жыл сайын ұйымдастырылатын жыр мүшәйрасына қатысып, халықаралық, республикалық байқаулардан бас жүлдемен оралдым. Бұл жеңістер менің емес, ақиық ақынның өлеңдерінің құдіреті деп білемін. Мұқағали Мақатаевқа деген өзімнің бала көңілімді осы жыр шумағыммен жеткізгім келеді.
Өлең-жырың өлмейді ұлы ақын,
Ұрпағың бар ғасырларға жыр қылатын.
Қуат беріп, бойыма шабыт алам,
Өлеңіңмен рухты нәр аламын!
Димаш НҰРАХМЕТ, 7 сынып оқушысы.
*** *** ***
Әр өлеңі бір әлем, әр сөзінде бір арман... Жалынға толы жүрегі махаббат мекеніне айналған, нендей теңеу айтсақ та теңдессіз ақын, поэзияның мұзбалағы, әдемі әлемімен халқының жүрегіне ұя салған, ұлттық болмыстың, ана тілінің қамқоршысы әрі жанашыры болған Мұқағали Мақатаев қазақ халқымен мәңгі жасай бермек.
«Алматы облыстық «ТІЛ» оқу-әдістемелік орталығы» Еңбекшіқазақ аудандық филиалы және Шелек модельді ауылдық кітапханасының «Коворкинг» орталығымен бірге өткізген ашық шара этнос өкілдеріне ақын туралы арнайы ақпарат бере отырып, ұлты бөлек, ұғымы бір, мақсат-мүддесі ортақ Қазақстан халықтары арасындағы татулық пен достықтың бір белгісі екенін дәйекті дәлелдеді. Ақиық ақынның туған күні қарсаңында ұйымдастырылған әдеби шара оффлайн форматта, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізілді.
Шара мақсаты – артындағы ұрпағына салып кеткен соқпағы, сара жолымен алдағы армандарға апарар асқақ үні бар, ерекше болмысымен еліктірер Ұлы дала баласы, Ұлы дала данасы, Ұлы дала дарасы Мұқағали Мақатаевтың өмір жолын ой елегінен өткізе отырып, әр тың-даушы зердесіне тоқыту болған. Мақсат орындалды. Нәтиже алдағы уақыт еншісінде.
Елді елеңдетер басты мәселелердің бірі де бірегейі – ана тілінің жасампаздығы мен шұрайлылығы. М.Мақатаевтай ақиық ақын жырлаған әдемі тілімізді әбіржітпей, әспеттеп, шұбарламай, шырайландыра түссек келешегіміз кемел, болашағымыз жарқын болары сөзсіз.
Нұрсұлу РАХЫМБАЕВА, филиал меңгерушісі.
*** *** ***
Жақында Бортоғай ауылдық округіне қарасты М.Мақатаев атындағы орта мектебінде ақиық ақынның туылған күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді.
Қамшының сабындай қысқа ғұмырын шығармашылық жолына арнаған ақиық ақын артына қаншама өлмейтұғын туындыларын қалдырып кетті. Дарабоз тұлғаның мұрасы – болашақ жастарға үлгі, өсиет, қадірлеп қастерлейтін қазына.
Мерекелік кеш барысында оқушылар М.Мақатаевтың жауһар жырларын оқып, өлеңіне жазылған әсерлі әндерін шыр-қады. Концерттік бағдарлама соңында ауылдық округ әкімі Талғат Өмірбеков және мектеп директоры Айгүл Жарқынбекова қатысушы балалар мен көрермендерге өз алғыстарын білдірді.
Ф.АСАНОВА, Бартоғай ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы.
*** *** ***
Жақында Балтабай орта мектебінде мәңгі өлмес жырымен із қалдырған, қазақ поэзиясының Хантәңірі атанған Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай тіл мамандарының ұйымдастырумен қазақ тілі мен әдебиеті ассоциациясының апталығы өтті.
Апталық барысында «Қарасаз қара шалғын өлеңде өстім» тақырыбы бойынша ақынның өмірінен сыр шертіп, ақын туралы естеліктер оқылды. «М.Мақатаев – поэзия тұлпары» тақырыбында челлендж ұйымдастырылды. Сонымен қоса, өзге ұлттың балалары ақын сөзіне жазылған әндерді шырқады. Ал 5 сынып оқушылары М.Мақатаевтың туған жері, шығармашылығы бойынша суретшілер байқауын ұйымдастырды. Апталықтың қызықты да әсерлі өтуіне мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері М.Алимходжаева, А.Адилова, Г.Акбергенова, А.Ербекеева, Ж.Кадырова, З.Далдабаева, А.Асжанова, А.Омаржанова, И.Агыбаева. А.Алимбекова ерекше атсалысты. Сонымен қатар мектепте жүргізіліп жатқан «Оқуға құштар мектеп» жобасын қамти отырып, білім алушыларға М.Мақатаевтың шығармала-рын оқыту жолға қойылды. Білім алу-шылар кітапханада ақын өмірімен, шығармашылығымен кеңінен танысып, апталық жоспарына сәйкес іс-шараларды атқарды.
Ақмарал ОМАРЖАНОВА, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
*** *** ***
Т.Әубәкіров атындағы орта мектептің директоры Ғ.Молдабаеваның басшылығымен, Бәйдібек би ауылдық мәдениет үйінің директоры Рахат Алғожаның қолдауымен Қазақ поэзиясының мұзбалағы М.Мақатаевты еске алуға арналған «Бір өлеңі – бір әлем!» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Іс-шарада 5-7 сынып оқушылары «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан қойы-лым көрсетіп, көрермендердің жүрегін тербетіп, еріксіз көздеріне жас алдырды. Жас ақындарымыз Мұқағали өлеңдерін жатқа оқып, жас буынның Отанға, халқына, тіліне деген сүйіспеншіліктерін оятты. Осы әдеби-сазды кешті ұйымдастыруға атсалысқан қазақ тілі пән бірлестігі мен музыка пәнінің мұғалімі Айбану Қыдыққа жұртшылық ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.
И.ЖАНБУТАЕВА, қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
*** *** ***
Жақында Әймен орта мектебінде Мұқағали Мақатаевтың «Жырлайды жүрек» атты мектепішілік жыр байқауы өтті.
Мектебіміздің 45 шәкірті осы байқауға қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Өнер байқауына қатысқан барлық оқушыларға, жүлделі сыйлықтар мен, алғыс хаттар табысталды. Бас жүлдені бастауыш сынып оқушысы Айбар Айболат пен 5 сынып оқушысы Іңкәр Саматқызы жеңіп алды. 1, 2, 3, орын иегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталды. Мұзбалақ ақын шығар-машылығы мен өнерін паш еткен оқушы-ларға мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс айтылды. Жоғарғы деңгейде аталып өткен мерекелік шараны ұйымдастыруда ерекше атсалысқан оқушылар мен мектебіміздің әлеуметтік педагогі Айнұр Нақысбековаға көпшілік ризашылығын айтты.
Г.ДЖАНДАРОВА, мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары.
№1 Азат орта мектебінде«Фараби шәкірті» журналының бас редакторы Жанастан Кучуковамен кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты – ғылыммен шұғылданатын жастарға үлкен көмекші болатын «Фараби шәкірті» журналымен толыққанды танысу.
Кездесу барысында балалар әлемнің екінші ұстазы атанған ұлы тұлға әл-Фарабидің өмірімен танысып, ерең еңбектері жайында сөз қозғады. Оқушылар мен журнал редакторы өзара пікір алмасты. Құрметті қонақ қабілетті де ынталы, әдебиетке жақын, шығармашылықпен айналы-сатын оқушылардың өлең оқу шеберлігіне куә болды. Журналға жіберілетін мақалалар мен өлең, шығармалардың оқырман назарына ұсынылғанша қандай түзетулер мен сараптаулардан өтетінін түсіндік. Жанастан Тұрсынқызы болашақта өздерін тіл саласынан немесе журналистік бағыттан көргісі келетін жандарға кеңес берді.
– Мектебімізде өткізіліп жатқан әрбір шаралар мен жиындарға қарап дарынды да қабілетті оқушылардың сапалы білім нәрімен сусындап жатқанын сеземін. Ал олардың дамып, өркендеуіне, рухани көзқарастарын қалыптастырып, жаңа жетіс-тіктердің жаршысы болуына зор үлесін қосатын тұлғалармен жүргізілетін сырға толы сұхбаттар, жарқын жүздесулер деп ойлаймын, – деген мектеп кітапханашысы Ұлжан Уксихановна құрметті қонаққа алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
Дильназ МУХАММЕДОВА,
11 сынып оқушысы.
Қызылжар ауылындағы О.Жандосов атындағы орта мектепте «Өнерімді еліме арнаймын» деген тақырыпта елімізге белгілі айтыскер ақын, ҚР Журналистер одағының және Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйылығының иегері, ҚР мәдениет қайраткері Серік Қалиевпен кездесу өтті.
Кездесуге ауыл ақсақалдары мен ұстаздар қауымы, мектеп оқушылары қатысты. Сөз иесін ардақтаған жас түлектер өлең-жырдан өрім өрген айтыскер ақынға ерекше ықылас танытты. Жыр жүйрігінің шығармашылығына арналған кеште Серік Қалиевтің жүрекжарды өлеңдері оқылып, ақын сөздеріне жазылған әндер шырқалды. Шығармашылық иесінің өмірінен сыр шертетін түрлі естелік фотолар көрсетілді.
Кездесуде мектеп оқушылары Серік Қалиевтің туған жер мен ұлт рухын ту еткен өлеңдерін оқып, кешті әрлей түсті. Ал ақынға арнау өлең оқыған Гауһар Ардақ, Айбол Жұмағали, Шуақ Ерсін сынды дарынды балалардың жалыны мен арыны көп көңілін толқытты. Сегіз қырлы Серік Қалиев сұлу жырымен қоса, небір сазды сарындарды өмірге әкелгені тағы бар. Әсіресе, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Аңғал досым-ай» әні әуелегенде әр жүректі адамгершілік пен достықтың сыршыл сезімі билеп бара жатты. Сұрақ қойып, өлең оқыған балалардың белсенділігінен-ақ кездесу кешіне мектептің тиянақты дайындалғаны көрініп тұрды.
Сырлы сұхбатқа толы болған әсерлі кеште мектеп оқушылары ақын өмірі мен шығармашылығымен, адами болмысы мен рухани әлемімен жақын таныса алды. Өлең десе ішкен асын жерге қоятын оқушылар ақынның жүрегін жарып шыққан жырларын тыңдап, өлеңдерімен рухани сусындап қайтты. Кеш соңына дейін тапжылмай отырғандығынан-ақ тыңдармандардың қара өлеңге деген махаббатын аңғаруға болады.
Тамаша кештің соңында оқу ордасының құрметті ұстазы Ысқақ Салманов пен мектеп директоры Айжан Төлеуқызы ақын шығармашылығына табыс тілеп, тілектерін жаудырды. Сонымен қоса, сый-сияпаттарын тапсырып, құрмет көрсетті. Ақын Серік Қалиев өз кезегінде жиналған қауымға ризашылығын білдіріп,
Шомылып көңілдердің көктеміне,
Мен қайттым сапар шегіп өткеніме.
Көктөбенің ел-жұрты жайнай берісін,
Күн кешкен Алатаудың бөктерінде.
Шәкірттер азамат боп еңбек етсін,
Қазақтай бір туатын текті еліне, –
деп ақ тілегін қара өлеңмен жеткізді.
Е.АСЫЛ.
Жақында аудандық жастар ресурстық орталығы мен Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің ұйымдастыруымен 9-11 сыныптар арасында мамандық таңдау тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Отырысқа «Қазақ психологиялық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, арт терапевт, психолог-практик Жеңісгүл Хабаева, «ADM» өнер-спорт орталығының жетекшісі, жас кәсіпкер Мәди Оңласын, аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мәди Бердібаев, мобилограф Сартай Жұмабаев қатысты. Оқушыларға мамандық таңдаудың әдістері мен мамандыққа деген қызығушылықты арттыру мақсатында сөз қозғап, өз ойларын ортаға салып, ақыл-кеңестерімен бөлісті. Мамандық таңдауда қателеспеу қажеттігі айтылды.
Аружан ОРАЗОВА.
Мектептің тәрбие саласындағы дебат қозғалысы – нағыз пікірсайыс алаңы. Білім алушының бойына асыл қасиеттерді дарыту, өзіндік пікір білдіру мен оңтайлы шешім шығара білуі қоғамның өзекті мәселелерін танып-білуге себеп болады. Оны ерте жастан үйрену болашақ тұлға болып өсуіне ықпал етеді. Осыған орай, дебат қозғалысының жетекшілері, мен сынып жетекшілері бірігіп тәжірибемізді мектепішілік пікірсайыстарда, аудандық жарыс алаңдарында көрсетуге бел будық.
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында «Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбында өткен өңірлік сайыста оқушыларымыз Айгерім, Асылхан, Зейнаб Исрафил және Ақмаржан Омархан белсенділік танытып, келесі айналымға өтті. Дебатқа жаңартылған білім мазмұны бойынша эссе жазып үйренген оқушыларымыз енді жазбаша емес, ауызша өзіндік пікір білдіруде тапқырлық танытып, орамды сөз сөйлеу шеберліктерін көрсете білді. Бастама жаман емес. Болашақта осындай білімді, білгір балаларымызға септігін тигізіп жатқан дебат қозғалысының жұмысын ары қарай дамыту жүйелі жалғаса бермек.
Абдулжан АЗНАБАКИЕВ.
И.Саттаров атындағы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.