Дүйсенбі, 18 Сәуір 2022 10:53

Ұлтының ұлы перзенті

12-сәуір – Ғылым күні мерекесі. Бұл дата қазақ ғылымының қара нары, қайталанбас қаһарман тұлғасы, Қаныш Сәтпаевтың туған күнінің құрметіне қойылғаны белгілі. Парасатты ғұмырын еліне, жеріне арнаған ғалымның ұлт болашағы үшін атқарған еңбегі ұшан-теңіз. Қазақтың бай жерінен қазба байлықтарын тауып, өндіріс орындарын ашқан, қазақтың тұңғыш академигі Қаныш Имантайұлының есімі ұмытылмасы сөзсіз, әр қазақтың ұмытуға хақы да жоқ. Соған сәйкес осы аптада Есік қаласындағы Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепте «Ұлтының ұлы перзенті» атты конференция өтті.

Конференцияны Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің түлектері, қазіргі уақытта ЕГЭК колледжінің тәлімгерлері қоңыр үнді домбыраларын қолға алып, «Ерке сылқым» күйімен бастады.

Жиында алғашқы болып сөз сөйлеген Қ.Сәтпаев атындағы мемориалды музейдің басшысы Өмір Тұяқбаев:

– Әйгілі ғылым өкілі көптеген геолог ғалымдарды тәрбиелеп шығарды. Сонымен қатар ғылымның барлық саласына еңбегін сіңірген. Атап айтсақ, қазақтың әдебиетіне, мәдениетіне, тарихына қомақты үлес қосқан қайраткер болды. Қазақтың Ұлытау деген өлкесі көптеген тарихи шайқастарға куә болған жер. Қаншама ғасырлар бұрын шайқасқа аттанып бара жатқан Әмір Темірден үлкен қашалған тас қалады. Сол тасты алғаш ғылымға таныстырған, тарихтың үлкен жәдігерін тапқан Қаныш Имантайұлы еді. Ғалымның тағы да бір ерекшелігі, қазақтың ғылыми тілін қалыптастыруға ерен еңбегін сіңірді. Танылмай жатқан және бір қыры, филология саласына да қолтаңбасын қалдырған алып бейнесі әлі де толық зерттелген жоқ. Сонымен қатар, Қаныш Сәтпаевтың геология саласында атқарған қызметтерін бір конференцияның ауқымына сыйғызу мүмкін емес. Бүгінгі конференцияның мәні мен мағынасы өте зор, біз Қ.Сәтпаевты білгенімізбен, тиісті дәрежеде әлі танып үлгерген жоқпыз. Осы жолда еңбек ету әрбір ғылым, тарих қызметкерлерінің басты борышы екенін естен шығармауымыз керек. Есік қаласындағы атамыздың атындағы білім ордасында Қ.Сәтпаевқа арналған музей ашылып жатқанынан хабардар болдық. Игі бастамаларыңыз бізді қатты қуантты, болашақта біздің тарапымыздан қол-дан келген көмектің бәрі көрсетілетін болады, – дей келе бүгінгі жиынды ұйымдастырған мектеп ди-ректорына және ұжымына зор алғыс білдірді.

Өз кезегінде сөз алған Қ.Сәтпаев атындағы мемориалды музейдің бөлім басшысы Бақытжамал Айтмұхамбетова мектеп оқушыларына риза-шылығын білдірді.

– Біздің мұражайға келген Қ.Сәтпаев атындағы орта мектебінің оқушыларына тәнті болдық. Себебі Қаныш Имантайұлының өмірбаянын, атқарған еңбектерін өте жақсы білетінін байқадық. Балалардың бойынан бұндай қызығушылықты, шоқтығы биік ғалымға деген құрметті көру – біз үшін үлкен бақыт. Алдағы уақыттарда осы мектеппен тығыз қарым-қатынаста боламыз, – деді.

ҚР мемлекеттік қызметінің үздігі, ҚР мәдениет қайраткері, Қ.Сәтпаев атындағы мұражайдың бөлім меңгерушісі Базарбай Алтаев та  Қаныш Имантайұлының сан қырлы қасиеттерін тілге тиек етті.

– Ғалым өмірінің 1 минутын да босқа өткізбеген дара тұлға, өздеріңіз секілді жастар атамызды үлгі тұтса өмір жолынан адаспасы анық, – дей отырып, Қаныш Сәтпаев туралы бейнефильмді көрермендер назарына ұсынды.

Жиын барысында Қ.Сатпаев атындағы мемориалдық мұражайы мен Қ.Сатпаев атындағы орта мектеп арасындағы екіжақты меморандумға салтанатты түрде қол қойылды.

Мектеп Директоры Бекнұр Мукашев ғалымның өмір жолы оқушылардың өмірден өз жолын табуға септігін тигізіп жатқанын мақтанышпен жеткізді:

 – Мектебімізге әйгілі ғалымның есімі берілгеніне биыл 22 жыл толып отыр. Білім ордамыздан озат оқушылардың көптеп шығуына Қаныш Сәтпаевтың өмір жолын дәріптеу үлкен әсерін тигізетінін аңғарамыз. Даңқты мұражаймен арамызға алтын көпір орнағанына өте қуаныштымыз. Игі бастамамыз болашақта өз жемісін береріне сенімдіміз, – деп алғысын жеткізді.

О.Жандосов атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі, педагог зерттеуші Ғалия Құланбаева, Қазақстан орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Орынбасар Оразов өз баяндамаларында араб тілінен аударғанда «Шексіз байлық иесі, ешкімге мұқтажсыз Алланың құлы» деген мағына беретін Ғабдулғани есімді ағамыз анасының еркелетуімен «Ғани-Ғаныш-Қанышқа» айналғанын тілге тиек етіп, Қ.Сәтпаевтың еңбектеріне кеңінен тоқталды.

Конференция соңында білім ошағындағы талантты шәкірттер Қ.Сәтпаевқа арналған өлеңдерін оқып, әуезді әндерін шырқады. Конференция толқыныс пен тебіреніске толы боп, айырықша әсермен өтті. Елі мен жерін кіршіксіз сүйе білген  қазақтың маңдайына біткен Қанышына елдің махаббаты ерекше екені байқалды.

Ринат ЖОЛДАСБАЙҰЛЫ.

Дүйсенбі, 04 Сәуір 2022 10:38

Дара жол

Ұзақ жол жүріп келе жатқан адам қиядан қиялап, ойдан ойыстап, өтіп келе жатып бір бекетке өкше тірегенде: «Артта қаншама із қалды, енді алдымда не көрмек бар?» - демей ме? Дәл осы сияқты кез-келген адамның белгілі бір уақытта осындай ой сезінетіні де бар. №1 Рахат орта мектебінің  кітапханасы Ұлыстың ұлы күні қарсаңында  «Дария кеуде тау мүсін, қарттарым аман-саумысың?» тақырыбында «Дара жол» ток-шоуының негізінде сыр-сұхбат кешін өткізді.

«Еңбекшіқазақ» қоғамдық-саяси апталығының бас редакторы, журналист Хайролла Ахметжанов пен ақын, Жазушылар одағының мүшесі Шаяхмет Құсайынұлының еңбек жолы мен шығармашылықтары «дара жолға» ұйытқы болды. Сонымен қатар, композитор, мәдениет қайраткері Мейрамбай Бектасов, мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Қадірхан Жұмабекова мен Түргенбай  Букаев  кеш қонақтары қатарын толықтырды.

Өлкеміздің өркендеуіне өмірлерін арнап келе жатқан дара тұлғаларымыздың өткен өмірлері көз алдымыздан бір сырғып өтті. Сара жолдарынан сыр шерткен қонақтарымыз  оқырман оқушыларымыздың сұрақтарына жауап беріп, өсиетті өнегелерімен сөз өрбітті. Кеш барысында Шаяхмет Құсайынұлының өлеңдерін 8 «а» сынып оқушысы С.Жарылқасын, 10 «а» сынып оқушысы Н.Ганибай оқып, ақынның сөзіне жазылған сазгер М.Бектасовтың «Құрдастар», «Алғашқы махаббат» әндері орындалды. Бұл  кеш мықты журналист, сырлы ақын, ардақты әке, шынайы дос Хайролла Қасымұлы мен  Шаяхмет Құсайынұлының «Дара жолы» болатын. Әр адамның өмірде өз жолы бар, оны дара ету әркімнің өз қолында!

Меруерт ЕРБОЛАТҚЫЗЫ,  кітапханашы.

Дүйсенбі, 04 Сәуір 2022 10:34

Язык – дверь в мир

В СШ имени Толе би состоялась декада методического объединения учителей русского языка и литературы.  Целью декады было привитие учащимся познавательных навыков в изучении русского языка через открытые уроки и внеклассную работу, расширение лингвистического кругозора, активизация мыслительной деятельности и повышение языковой культуры. Красивая речь, добрые слова делают человека духовно чище, обогащают его внутренний мир. Все мероприятия декады  направлены на то, чтобы дети познали  красоту русского языка и обогатили словарный запас.

В течение декады выпущены школьные газеты «В мире языков», «Познаем русский язык», «Путешествие в страну русского языка», проведены открытые уроки, интеллектуальные игры и конкурсы. Особый акцент сделан на знакомстве с традициями и культурой русского народа. Лучшие конкурсанты: Кувандик Аяжан – 5 «Ә», Горбенко Ангелина – 6 «Б», Кенжебай Инжу – 4 «А», Жомарт Малика – 4 «А», Лазгиев Рамазан – 5 «Б», Толыбай Аружан – 9 «А», Лазгиева Елдыз – 9 «Б», Олейник Александра – 9 «Б» награждены грамотами и призами. Учащиеся 9 «А» А.Толыба, М.Кыдыр, О.Ормангали приняли участие в международном конкурсе эссе «Язык – святая сила, расширяющая узкий мир человека до Все-ленной».

Для молодых учителей  прошел коучинг «Что такое читательская грамотность PISA?» и  круглый стол «Инновационные технологии как способ совершенствования читательской грамотности на уроках русского языка и литературы».

МО русского языка и литературы СШ имени Толе би, с.Толеби.

Сейсенбі, 29 Наурыз 2022 10:15

Наурыз – табиғаттың жаңғыруы

Қазақ халқы үшін, жалпы Наурызды тойлайтын барлық Шығыс халықтары үшін Ұлыстың Ұлы күні, яғни наурыздың 21-нен 22-не қараған түн де өзінше ерекше.Ұлыстың Ұлы күнінің ажырамас бір бөлігіндей әдемі салттарымыз бен әсем дәстүрлеріміз осы күні естен шығарылмайды.  Қазақ халқы Жаңа жылын Құдайға деген шексіз ырзалықпен, өлшеусіз үмітпен, келешекке деген зор махаббатпен қарсы алған. Жылдың бастауы болғаннан кейін әз Наурызға  ерекше мән беріп, құт-береке әкелетін мейрамды қарсы алуға ерте қамданған.

Еліміздегі карантиндік шектеу шаралары кезінде 2 жыл тойланбаған ұлттық мейрамды  биылғы барыс жылы Еңбекшіқазақ ауданы ерекше атап өтті. Жыл сайынғы дәстүрмен ауыл тұрғындары алаңға жиналып, ақ дастархандарын жайып, мерекелік концерт өткізіп жақсы көңіл – күйде бір серпілді.

Әз Наурыз осынысымен де ерекше, осынысымен де өміршең. Наурыз мейрамын Қазақстанда тұрып жатқан барша ұлт өкілдері асыға күтеді. Бұл – мызғымас достықтың айқын көрінісі. Ертеден – ақ  қазақ халқы, жалпы, түркі тілдес бауырлар қыстан аман-есен шығып, бойға қан, жанға жылу ұялататын Ұлыстың ұлы күнін осылай дүбірлетіп тойлап келеді.

Өзім жұмыс атқаратын Бәйдібек би ауылындағы Н.Островский атындағы орта мектепте жоспар бойынша көптеген іс – шаралар ұйымдастырылды. Ұстаздар қауымы ата – аналар, оқушылармен бірге салт – дәстүр, әдет – ғұрыптарды жас жеткіншектерге дәріптеп, мектеп қабырғасында ерекше мерекелік кештерді өткізді. 14 наурыздан басталған  «Ең сәнді қазақ киімі стиліндегі мұғалім» қазақ костюмдерін киіп келуден басталған шара сынып сағаттарымен қазақтың ұлттық ойындарын өткізумен ұласып, мәдениет үйінің алдында  Наурыз көже берумен аяқталды. Той-думанға ауданнан басшылар да келіп қатысты. Ауыл азаматтары, мектеп ұжымы, емхана ақ шаңқан киіз үй тігіп, құтты қонақтарын, зейнеткерлер қауымын ықыластарымен қуантып, төріне шығарды.

Бұл күні өнерлі балалар да ән-билерімен көктем мерекесін көріктендіре түсті. Елдегі бейбітшілікті айрықша бағалайтын қазақстандықтар Ұлыстың ұлы күнінде  бір-біріне тек жақсылық тілеп, мерекені есте қаларлықтай етіп атап өтті.

 

 

Майгүл Сатымбай,

Н.Островский атындағы орта мектептің

педагог- ұйымдастырушысы

 

 

Дүйсенбі, 28 Наурыз 2022 14:54

Ана – өмірдің гүлі

Дүниеде ең көп қолданылатын әрі кең таралған ғажап сөз – «ана». Бұл сөздің баланың жүрегінде алатын орны ерекше. Ана дегенде әрбір бүлдіршіннің жүрегі елжірей кетеді. Оның себебі, баланың анаға деген ыстық ықыласының ешқашан өшпеуінде. Дүниенің сәнін келтіретін, оны жарқын ете түсетін –  ардақты аналарымыз.

Қазақ халқы «Гүл өссе жердің көркі, қыз өссе елдің көркі» демеп пе еді?! Дәл осы мақалға сүйене отырып, қызғалдақтай құлпырған қыздарымызға одан әрі өркендеп,көркейе беріңіздер дейміз! Еліміздің болашағы алтындай осы жандарға байланысты. Олар қаһарман, батыл, ақылды да көрікті ұл-қыздарды жарық дүниеге әкеліп, өсіріп-жетілдіреді. Әрбір шырылдаған сәбидің ғұмыр есігін ашып беретін, оған өмір сыйлайтын – аналар. Олардың істеген ерлігі елге үлгі. Болашақ жас ұрпақты тәрбиелеп өсіру,бағып-қағу, дүниенің ақ-қарасын ажырату аналарымыздың борышы. Елге сіңірген әрбір еңбегі келешек ұрпаққа өшпес өнеге.

Адамдар – мейлі қай жасқа келсе де, әрқашан өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да бола алмайды! Осы орайда Ғабиден Қожахметтің өлең шумақтарымен аналарға деген ыстық ықыласымды білдіре кетсем:

Өмірден өссе, бөбек алар гүлін,

Шықса да, мейлі, шыңға олар бүгін

Әлі де еркелейді баяғыдай,

Тәңірден тілеп Ана амандығын.

Жанына ұл-қызыңның үңілесің,

Бәйек боп, болса нала, жүгіресің.

Әр жанның жүрегінде Ана деген –

Жазылып қалған мәңгі ұлы есім!

 

Гулназ Жолдасова,

Рахат орта мектебінің

 10 «Б» сынып оқушысы

Дүйсенбі, 28 Наурыз 2022 10:12

Наурыз мерекесі – ұлт мерекесі

«Наурыз» – парсы сөзі. Бұл қазақша айтқанда «жаңа күн» деген сөз. Қазақ халқы «Ұлыстың ұлы күні» деп аса қадірлейтін бұл күн, яғни 22 наурыз бүкіл Шығыс халықтарының ежелгі бас мерекесі. Наурыз – жаңа жыл тойы, көктем мерекесі, күн мен түннің теңелу сәті, халықтардың ынтымақ күні.

Бұл мерекені тойлайтын халықтар үшін аса зор салтанат, ұлы жиын. Орта Азия мен Қазақстан тұрғындары бұл күнді « Самарқанның көк тасы жібіген күн» деп те дәріптейді. Наурыз қазақта бірінші айдың аты. Наурыз күні халық таза киініп, бірін-бірі құттықтап, қуаныш дастарханын мол жаяды. «Ұлыс құтты болсын!», «Ақ мол болсын!», «Төрт түлік ақты болсын!» деген сияқты тілектер айтылады. Адамдар бір-бірінің қатесін кешіріп, оның аяғы ойын-сауық, ән-жырға жалғасады. Халықта бұл күнге лайық салт-дәстүрлер де бар. Олар «Наурыз тойы», «Наурыз жыры», «Наурыз көже», « Наурыз бата» деп аталады. Наурыз айының ажырамас белгісі ­– наурыз көже дайындау. Наурыз көже азықтың жеті түрінен жасалады. Қазақстанда жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Олар да наурыз мерекесін тойлайды.

Тәжіктер Наурызды достықтың кілті және тіршіліктің оянуы деп санайды. Оны «Хадир айиам», яғни «үлкен мереке» деп атайды. Наурыздан бір апта бұрын балалар көктемнің келе жатқанын «Гол гардани» рәсімін өлеңдетіп орындау арқылы білдіреді. Бұл рәсімде балалар таныстарының үйлеріне көктем гүлдерін апарып, үй иесі оларға сыйлық беріп, сый-сияпат көрсетеді. «Хане текани» - үй тазалау; арнайы тәтті-дәмді тағам әзірлеу; кең «Һафт син» дастарханының әртүрлі тағамдарын дайындау да Наурыздың дайындық жұмыстарының құрамына енеді. Сонымен қатар Тәжікстан халқы Жаңа жылдың алғашқы күндері қала алаңдары мен парктерінде әткеншек теуіп, жұмыртқа ойынын ұйымдастырып, күресіп, әтеш төбелестіріп шаттық пен қуанышқа бөленеді. Ал Ауғанстан халқы  наурызды  ұлықтау үшін үстеріне жаңа ақ түстен тігілген киім киеді. Олар дастархандарын тәтті-дәмді тағамдарға толтырып, «Һафт син» дастарханын жаяды. Қаланың сыртындағы арнайы алаңдардағы табиғат аясында көңіл көтеріп, шаттыққа бөленеді. Күрес, ән айту, халық билерін орындау, әтеш төбелестіру сияқты көңіл көтеретін шаралар осы күні орындалатын рәсімдердің қатарына жатады.

Әзірбайжан елі  наурыз мерекесін олар «Новруз-байрам» деп атайды. Наурыз мейрамын  көктемді тойлаудың ең ежелгі және құрметті мейрамы деп түсініп, оны табиғаттың жандануының белгісі деп те қабылдайды. Әзірбайжанда наурыз мерекесіне дайындық ерте басталады – үйлер көркейтіліп, ағаш отырғызылады, жаңа киім тігіледі, жұмыртқалар боялады, тәтті-дәмділер мен ұлттық тағамдар дайындалады. Әзірбайжанда Наурыз – отбасылық мейрам. Мейрам күні кешке барлығы отбасылық ошақ басында жиналады. Жаңа жыл бай және жемісті болу үшін үстелге көптеген әр түрлі тағамдар қойылады. Мейрам 3 күнге созылады және көпшіліктің серуенімен аяқталады. Адамдар ұлттық киімдерді киіп, халық әндері мен билерін орындайды, спорттың ұлттық түрлері бойынша жарыстар өткізіледі. Наурыз – ирандықтардың ежелгі мейрамы. Ирандық данышпан Омар Хаям өзінің «Наурызнама» атты кітабында наурыз күн тізбегінің негізін Жәмшид қалады деп, аты аңызға айналған осы қаһарманның ізін тарихи рауаяттарға түсіреді. Олар Наурызды көктемнің алғашқы күні деп біліп, оның келуін егжей-тегжейлі символикалық рәсіммен тойлайды. Осы көзқарас бойынша, табиғаттың өмірі ирандықтар үшін ерекше маңызға ие болған.

Түркияда «Султан Невруз», «Невруз Султан» деген атпен наурыз мерекесін айрықша атап өтеді. Наурыз күні таңертең ерте тұрып, жаңа киімдерін киеді. Зират басына барады. Әйелдер түрлі-түсті тағамдар пісіреді. Туыс-туғандар бір дастархан басына жиылып, ас ішеді. Ән айтып, би билеп көңіл көтереді. Ағашқа әткеншектер құрылып, балалар алтыбақан тебеді, «байрақ» жазуы бар батпырауықтар ұшырады. Сонымен қатар бұл мерекеде туыс-туған, ілік-шатыстар мен көршілер бір-бірінің үйіне барып, дәм татады. Әулеттің үлкендеріне барып бата алатын дәстүр де бар. Наурыз мейрамын оңтүстіктегі көршіміз Өзбекстан 21 наурызда тойлайды. Өзбектер наурызды қалай қарсы алса, келер жыл солай өтеді деп сенеді. Сол себепті бір-бірін кешіріп, жақындарына сыйлық ұсынып, қуанышқа бөленуді мақсат етеді.
Наурыз күні бұл елде қайнаған жәрмеңке болады. Жұрт ұлттық киімдерін киіп, ән айтып, биге басады. Әтеш төбелестіріп, ит таластырады, қошқар сүзістіріп, қызыққа батады. Кей өңірлерде бәйге, жорға салады.
Алуан түрлі тағам жасайтын өзбек әйелдері бұл күні «қазан толды» дайындап, наурыздың сыйлы асы-сумаляк жасайды. Бидай ұнынан жасалатын сумалякты бақытты өмірдің, молшылық пен жылылықтың тағамы деп ырымдап ішеді. Осылайша әр ұлтта наурыз мерекесін думандата тойлайды.

Наурыздың 22 күні Казатком негізгі орта мектебінде «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Наурызды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айнұр Орзимбетова ұйымдастырды. Іс-шараны Алива Гүлжан мен Ақалман Ерқасым жүргізді. Мерекелік думанымызды ашып беру үшін сөз кезегі мектебіміздің директоры Нургожаева Лаззат Нұрмұханқызына берілді. Әрі қарай Қыдыр ата ақ батасын беріп, мектеп оқушыларының дайындаған ән, билерімен  жалғасты. Қазақтың «Байғазы беру», « Құстұмсық жүзік», «Үкі тағу», «Қымыз мұрындық», «Тұсаукесер» сияқты дәстүрлерін қайта жаңғыртып көрсетті. Оқушылар  ұлттық  асық ату, қол күрестіру, арқан тарту сияқты ойындармен мерекені жалғастырды. Бұл біздің салт-дәстүріміздің жалғасып, жаңғырып жатқанының белгісі. Міне, осының бәрі «Наурыз» мерекесі қазақ халқында да ерекше аталып өтетіндігінің белгісі. Елімізде осындай мерекелер көп болсын. Ақ мол болсын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Елімізде ынтымақ, береке бірлік болсын!

 

 

Тоқтасын Төлеухан,

Казатком негізгі орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бейсенбі, 24 Наурыз 2022 10:31

Оқушылар қолөнершілермен кездесті

Қазақ халқын басқа халықтардан ерекше көрсететін қасиеті – мәдениеті мен өнері, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі. Осы құндылықтарды балалардың бойына сіңіріп, рухани азық беретін көркем еңбек сабағының мән-маңызы зор. Осы орайда Түрген ауылындағы Д.Қонаев атындағы орта мектебінің директоры Римма Ахметованың бастамасымен және көркем еңбек пәні мұғалімдерінің  ұйымдастыруымен көркем еңбек, музыка пән бірлестігінің онкүндігі аталып өтті.

«Өнерліге өріс кең» атты шығармашылық көрме жұмысы 5-9 сыныптар арасында, 3 «а» сыныбында А.Қалиеваның «Музыка және қозғалыс» тақырыбында ашық сабағы өткі-зілді. 2-6 сыныптар арасында «Әнші балапан» ән байқауы ұйымдастырылып, мұғалімдер арасында «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті. К.Ибраимова 5-8 сынып оқушыларына «Қалташа тігу» тақырыбында шеберлік сағатын көрсетті және 5 «ә» сыныбы «Тоқыма мозайка техникасында тігін бұйымдарының дизайны» атты ашық сабағында қолөнердің қыр-сырына қанықты. Сонымен қатар, Ж.Сарсембаевтың 5 «а» сыныбымен «Сымнан бұйымдарды безендіру», Г.Исмайлованың 2 «д» сыныбымен «Что такое силуэт?» тақырыбында өткізген ашық сабағы балалардың көңілінен шықты.

Онкүндік аясында мектеп оқушылары қолөнер шеберлері Дәулет Шоқпаров және Қырғауыл Кәкейқызымен кездесті. Шара барысында Дәулет Дәркембайұлы нақышына келтіріп өрнектеп жасаған өзінің қолөнер туындыларымен таныстырып, мектеп оқушыларына рухани тәлім-тәрбиелік мәні зор ойын айтты. Қолөнер шебері, ұлағатты ұстаз Қырғауыл Кәкейқызы өзінің тұрмысқа қажетті заттарын, киіз үй бұйымдарын таныстырып, шеберлік сыныбын көрсетті. Құрметті қонақтар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, ақыл-кеңестерін айтты.

Жеңіс САРСЕМБАЕВ,

Д.Қонаев атындағы орта мектебі көркем еңбек пәнінің мұғалімі.

Сейсенбі, 22 Наурыз 2022 14:12

Наурыз – начало года

Наурыз мейрамы – праздник весеннего обновления, является символом любви, плодородия и дружбы.

В СШ имени Хусаина Бижанова составлен план мероприятий, посвященный празднованию Наурыза с учетом рекомендаций районного отдела образования. Мероприятия  тщательно спланированы, продуманы и  интересно проводятся.

В канун Наурыза в школе состоялась  декада казахского языка и литературы. В библиотеке и в фойе школы для демонстрации традиций, быта казахского народа представлены книжные выставки «Национальные обычаи», тематические стенды «Халқын сүйген – салтын сүйер!», домашняя утварь,  музыкальные инструменты, само фойе школы оформлено в виде импровизированной юрты.

Познавательные сведния о весеннем новом годе вывешены на общешкольном информационном стенде, в классных уголках. Воспитательные часы по теме «Наурыз – начало нового года» состоялись в каждом классе, классные руководители и ученики  были одеты в национальные костюмы.

Для учащихся состоялись конкурсы  «Ең сауатты оқушы» в 5-9 классах, конкурс выразительного чтения стихов «Қош келдің, Наурыз!» в 1-4 классах, интеллектуальное шоу «Дарындылар додасы» в 5-8 классах. Все участники награждены грамотами и благодарственными письмами.

В школе также организованы акции милосердия, оказана помощь одиноким и пожилым людям. Мероприятия сопровождались играми, спортивными состязаниями, завершилось празднование яркой, оригинальной концертной программой «Қош келдің, Наурыз!».   

По старинной традиции до прихода Наурыза коллектив учеников и преподавателей  привел школьную территорию  в порядок, так как известно, что если Наурыз входит к хорошему хозяину, в чистый дом, то болезни, неудачи и невзгоды обходят его стороной.  

Ж.АБДЫКАДЫРОВА,

директор

СШ имени Х .Бижанова,  с.Шелек.

Соңғы жаңалықтар

Шіл 04, 2025

Saqtan: молодежь Алматинской области…

Қонаев - Илийский-Карасайский районы - масштабная антинаркотическая акция, направленная…
Шіл 03, 2025

«Жіті ішек жұқпалары, алдын алу мен…

Жіті ішек жұқпалары – дегеніміз бұл бактериялар, вирустар, қарапайымдылар тудыратын және…
Шіл 03, 2025

Эхинококкоз және оның алдын алу…

 Эхинококкоз – созылмалы ағымымен, ағзаның аллергиясымен және бауырдың, өкпенің және…
Шіл 03, 2025

Хиджама жасатуға жүгінетіндерге…

Хиджама — бұл ағзадан лас қанды шығару арқылы емдейтін дәстүрлі емес емдеу әдісі. Бұл…
Шіл 03, 2025

На Капчагайском водохранилище…

5–6 июля на Капчагайском водохранилище состоится международный заплыв OCEANMAN-2025 —…
Шіл 03, 2025

ХАБАРЛАНДЫРУ «ҮЛГІЛІ АУЫЛ»…

Алматы облысының тұрғындары мен ауылдық округ әкімдіктерінің назарына! Қазақстан…
Шіл 03, 2025

«ŪMTYLYS» байқауы

«ŪMTYLYS» байқауы – жастар үшін жаңа серпінАлматы облысында алғаш рет жастармен жұмыс…
Маус 30, 2025

Тазалық тәртіптен басталады

Табиғат – Жаратушының ең көркем жаратылыстарының бірі. Адам күнделікті күйбең тіршіліктен…
Маус 26, 2025

Начало было в 30-х продолжение в…

Если театр начинается с вешалки, завод с проходной, то газета – с людей и событий,…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет