Жыл санаудың өзіндік үлгісі қазақ халқында да бар. Қазақтар жылды мүшел арқылы санайды. Бір мүшелді он екі жыл құрайды. Әр жылға он екі аңның аты берілген. Олар: тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз. Ай аттары: наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қаңтар, ақпан. Әр жылдың наурыз айының 22 жұлдызы – қазақтар үшін жаңа жыл, жыл басы.
Осы кестені пайдаланып, қазақтар өзінің қай жылы туылғанын есептеген. Сонымен, мүшелдік жыл санау тышқаннан басталады. Әр жылдың атауына байланысты өз ерекшелігі болады. Соған қарап, ежелден қазақ халқы ауа райына қатысты құбылыстарды бақылап, қай жылда, қайсы айда, тіпті қай күндері ауа райы қандай болатынын анықтап отырған. Кейбір адамдар өткен мезгілдердегі өзгерістерді салыстыра есептей отырып, алдағы уақыттағы ауа райын болжай алған. Оларды «есепшілер» деп атаған. Ал кейбіреулер шоқжұлдыздарға қарап та күннің қашан жауатынын, желдің қайдан шығатынын, қысқасы, жылдың әр мезгіліндегі ауа райын алдын ала болжап отырып, дәл айтқан.
«Сен білесің бе?» энциклопедиясынан.
Өткен аптада Түрген ауылындағы Д.Қонаев атындағы орта мектепте аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ХХ ғасырдың заңғар тұлғасы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына арналған «Дана тұлға, дара тұлға – Дінмұхамед Қонаев. Бүгінгі күн – кешегі күннің шәкірті» атты жылдық шараны қортындылау концерті өтті.
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаев туралы оқушылардың танымдық өресін кеңейту, алып тұлғаның адамгершілік қасиетін құрметтеу мен өмірін өнеге тұтуды мақсат еткен шараға ауданымыздың және Алматы облысының Құрметті азаматы Елеусіз Сұлтанғазиев, Дінмұхамед Қонаев атындағы Халықаралық қордың төраға орынбасары Шатырхан Керінбеков, қордың қамқоршылық кеңесінің мүшелері Дәулет Жанботаев пен Қалдарбек Сраилов, Түрген ауылдық округінің әкімі Ержан Карибаев, ұстаздар қауымы мен мектеп оқушылары қатысты. Рухани шараның құттықтау сөзін сөйлеген округ әкімі Ержан Серікұлы айтулы тұлғаның мерейтойына жыл бойы жұмыла кіріскен мектеп ұжымына алғыс айтып, Дінмұхамед Ахметұлының ерен ел басқару жолы бүгінгі жас буынға саф алтынға бергісіз сабақ екендігін сөз етті. Ал ауданымыздың және Алматы облысының Құрметті азаматы Елеусіз Сұлтанғазиев дара тұлғаның өшпес ұлылығын тілге тиек етіп, оның ғибратты ғұмыры жайлы сыр шертті. Сонымен қоса, мәдени шараның маңыздылығына тоқталды. Қорытынды концертте мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Сейдімбетова мектеп қабырғасындағы «Қонаев айлығы» аясында өткен шаралар туралы айтып өтті. Өз сөзінде Алаштың ардақты ұлының 110 жылдығына орай мектепте түрлі спорттық додалар мен ғылыми конференциялар, кездесулер өткендігін жеткізді. Аталған шарада Дінмұхамед Қонаев атындағы Халықаралық қордың төраға орынбасары Шатырхан Керімбеков даңқты мемлекет және қоғам қайраткерінің 110 жылдығына белсене үн қосқан мектеп ұжымына алғыс білдірді. Сонымен қоса қордың атынан Алматы облысының Құрметті азаматы Елеусіз Сұлтанғазиевке, мектеп директоры Римма Ахметоваға, О.Жандосов атындағы орта мектептің директоры Айжан Жамешоваға, Гүлдан Актамкуловаға Дінмұхамед Қонаев атындағы Халықаралық қордың арнайы ордендерін табыстады. Ғасыр саңлағының рухына тағзым еткен өзге де ұстаздар мен мектеп оқушыларына Дінмұхамед Қонаев атындағы Халықаралық қордың медальдары мен арнайы Алғыс хаттары табыс етілді. Шарада Дінмұхамед Ахметұлының «30 дней в народном Китае» («Халықтық Қытайдағы 30 күн») атты кітабының нұсқасының тұсауы кесілді. Кітаптың қайталай басылым көруіне Дінмұхамед Қонаев атындағы Халықаралық қордың қамқоршылық кеңесінің мүшесі Қалдарбек Сраилов мұрындық болыпты. Бұл кітапта Д.А.Қонаевтың өткен ғасырдың елуінші жылдары Қытай Халық Республикасына барған сапары, осы сапардан алған әсерлері жазылған. Шараға қатысушылар ел есінде қалған ерен тұлға туралы ой толғап, әдемі әңгіме өрбітті. «Ширек ғасыр ел басқарған кемел адамның өткені мен артында қалған дара жолын өскелең ұрпақ білуі тиіс. Бүгін мәресіне жеткен шараның нысанаға алғаны да осы еді. «Біз біртуар перзент Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың мол мұрасын насихаттауға күш саламыз», – дейді мектеп директоры Римма Ахметова.
Е.АСЫЛ.
Толқын ауылы Толқын орта мектебінде Тәуелсіздік күніне орай «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбында желтоқсан оқиғасының куәгері Сейсебаева Нұргүл Сарыбайқызымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шара мақсаты – оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептері мен тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру, Отан-Ананы құрметтеу, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.
Кездесу шымылдығы мемлекеттік Гимнмен түріліп, Тәуелсіздік жолында қаза тапқан боздақтарымызды еске алу мақсатында 1 минут үнсіздік жарияланды. Іс-шараға мектептің тәрбие ісінің меңгерушісі Салима Алтынханова, АӘД пәнінің мұғалімі – Қанат Одаманов, кәсіподақ төрайымы – Гүлназ Ахамбаева және жас маман, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Динара Самылтырова қатысты.
Оқушылар көтерілістің шығу себептерін атап, оған қатысқан батыр ұл-қыздарымыз Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сабира Мұхамеджанованың өмір жолын баян етті. 8 сынып оқушылары Тәуелсіздікке байланысты жыр жолдарын мәнерлеп оқып, «Желтоқсан желі» әні хормен шырқалды. Сондай-ақ, оқушылардың қатысуымен «Қайраттың тұтқындалуы» туралы бейнекөрініс қойылды.
Кездесу қонағы, желтоқсан оқиғасының куәгері – Нұргүл Сарыбайқызына сөз берілді. Оқушылар болған оқиға жайлы сұрақтарын қойып, қанағатты жауап алды. Жас маман, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Динара Самылтырова Тәуелсіздікке арнап шығарған өлең жолдарын оқып, қатысушыларды тәнті етті.
Кеш соңында қонағымызға кітапханашы атынан сыйлық табысталып, оқушылар «Атамекен» әнін хормен орындады.
Сания САДУАҚАСОВА,
Толқын орта мектебінің кітапханашысы.
Тәуелсіздік жолы
Тәуелсіздік! Тәуелсіздік! Ғажап күн!
Ең керемет қуанышы қазақтың.
Қараңғы күн, суық түндер енді жоқ,
Тәуелсізсің, халқым менің, азатсың!
Келгені жоқ оңайлықпен халқымызға азаттық.
Осы жолда қанша батыр боздақтарды жоғалттық.
Жатты олар қар астында, мұз үстінде суықта,
Сыйлау үшін келер ұрпақ болашаққа ғажап күн...
Қанша ана, қанша бауыр күңіренді бұл күнде,
Ұл-қыздарын шаштан сүйреп, алып барған өлімге.
Ал олардың жазығы тек болашағы елінің,
Аспаны ашық, бұлтсыз күнді сыйлау болды жеріне.
Алып берді елімізге, жерімізге бостандық,
Бостандыққа жету үшін көрді елім қастандық.
Қазағыма керек болды өз ұлтының басшысы,
Жастар соны талап етіп, шықты алаңға бастаңғып.
Қалды олар халқымыздың жүрегінде мәңгілік
Есімдері тұрар біздің жадымызда жаңғырып.
Олар Ляззат, Ербол және Қайрат пенен Сабира,
Жыр шумағын жазып жүрген барлық ақын ән қылып.
Батыр деген елін, жерін қорғау үшін жаралған
Үлгі алар өздерінен келер ұрпақ, бар адам.
Біз бақытты еліміздің егеменді жастары
Өздеріңдей батырлардың ұрпағынан таралған.
Тәуелсіздік, егемендік бұл бүгінгі таң нұры
Толды міне, 31-жыл мерейтойың шарқ ұрды.
Егемендік алып берген сол кездегі батырлар
Өздеріңді еске аларда жанарымыз ащы жасқа малынды.
Қазақ елі, сақта енді, мына байтақ жеріңді,
Сақта және азаттықты алып берген еріңді.
Енді жаман күн тумасын халқымыздың басына
Уа,Жаратқан, сақта менің егеменді елімді!
Динара САМЫЛТЫРОВА.
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні, еліміздің ең басты мерекесі. 1991 жылы дәл осы күні көгімізде тәуелсізідік туы желбіреді. Содан бері 31 жыл уақыт өтті. Осы өшпес жылдар белесінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамыды. Саясаттағы сындарлы бағыт өз жемісін беруде. Береке-бірліктің арқасында әлем таныған іргелі мемлекетке айналдық. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. Дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем білді.
Тәуелсізідіктің төл баласы ретінде іргесі қаланған Алматы облысы, Еңбекшқазақ ауданы, Түрген ауылында Түрген қазақ орта мектебін айтуға болады. Тәуелсіздік таңы атқан тұста бой көтерген бұл мектептің ашылуына тікелей ұйытқы болған, даңқын асқақтатуға лайық, елге сыйлы, бүкіл ғұмырын елі мен жеріне арнаған асқақ тұлға, ел жанашыры – Абыхан Аманбайұлы Жексембеков.
«Атты, есімді біреу береді, ал тағдырыңды өзің жасайсың» дегендей, Абыхан Аманбайұлы қарқынды ісімен, халықты адал еңбегімен өз-өзін даралап, таныта білген тау тұлғалы азаматтардың бірі болды.
Әрбір мемлекеттің болашағы жастардың қолында. Болашақта ел тізгінін ұстайтын азаматтар – бүгінгі жастар. Расында, бүгінгі жас – ертеңгі елдің тірегі, келешектің келбеті емес пе? Абыхан атамыз да ел ертеңі бүгіннен басталатынын терең түсініп, «Бала – өмір жалғасы» деп біліп, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Егеменді еліміздің тірегі – білімді, тәрбиелі ұрпақ екендігін болжай білді. Мектептің ашылуына дәнекер болуының себебі де осы.
Абыхан Аманбайұлының тікелей қолдауымен ашылған Түрген қазақ орта мектебіне биыл 28 жыл толып отыр. Бүгінгі таңда Түрген қазақ орта мектебі ғасырға жуық тарихы бар мектептермен терезесі тең, оқу-тәрбие ісімен мақтана алатын оқу ордасына айналды. Тәуелсіздіктің бел баласы атанған Түрген қазақ орта мектебі қазіргі таңда Абыхан Аманбайұлы Жексембековтің есімімен мақтанышпен аталып келеді.
Мектебімізде жыл санап білім сапасы артып, оқушы саны қарқынды өсіп келеді. 600-ге жуық оқушыға алпысқа жуық ұстаз білім беруде. Білім ордасында дәріс беретін ұстаздардың қырыққа жуығы – бірінші дәрежелі және жоғары білікті маман, білім беру ісінің үздіктері. Әр шәкірттің Отанына, туған жеріне деген шынайы патриоттық сезімін қалыптастыру мақсатымен білім ордасында кітапхана жанында «Түргеннің тау тұлғалы түлегі» атты А.Жексембековтың өмір жолы айшықталған мұражай жұмыс істейді.
Абыхан Аманбайұлының бастауын бүгінгі күнге дейін әр түрлі іс-шаралар, кездесулер, апталықтар, онкүндіктер арқылы жалғасын тауып, білімді ұрпақты тәрбиелеуде мектеп ұжымы тынымсыз еңбек етуде.
Көк туымыз көк аспанда қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық!
А.АХМЕТОВА,
Түрген ауылы А.Жексембеков атындағы орта мектептің педагог-ұйымдастырушысы.
Казахстанцы стали активно осваивать рынок ценных бумаг. По данным АО «Центральный депозитарий ценных бумаг», количество брокерских счетов инвесторов по состоянию на 1 октября 2022 года превысило 573 тыс.
Прежде чем начать торговать ценными бумагами на фондовом рынке, нужно знать основные правила игры. Какие ошибки могут допустить начинающие инвесторы, расскажет Fingramota.kz.
1. Непродуманная стратегия
Одна из основных ошибок начинающих инвесторов – отсутствие четкой стратегии и цели инвестирования. Новички на фондовом рынке готовы рисковать по полной и стремятся получить все и сразу, часто покупают ценные бумаги с большой доходностью, без анализа всевозможных рисков. Следствием этого может быть то, что ценные бумаги для покупки будут выбираться быстро и только по уровню их доходности. В итоге инвестор рискует потерять все свои вложения.
Поэтому, если вы настроены на долгосрочное инвестирование и получение доходности по ценным бумагам, то первым делом разработайте определенную стратегию: какими активами вы будете торговать, как часто совершать операции и чем руководствоваться при принятии решений. Для начала вы можете использовать простые стратегии, а в последующем–комбинированные. Одна из самых простых – отталкиваться от срока и размера убытка. Допустим, если вы готовы расстаться с деньгами на год и потерять максимум 20%, то вы продаете актив либо через год, либо когда его цена выросла или упала на 20%. В своей инвестстратегии также нужно предусмотреть частоту дополнительных вложений и возможные расходы.
2. Ориентация на краткосрочные показатели
Из-за отсутствия грамотного анализа новичок может приобрести бумаги, ориентируясь лишь на их доходность за последний год или недели, месяцы. При этом он может сделать инвестиции под влиянием друга, знакомого, первого впечатления, эмоций и т.д. Поэтому существует риск купить ценные бумаги по высокой цене под впечатлением ее якобы большой прибыльности, но в итоге увидеть, что котировки бумаг вдруг стали стремительно падать. Испугавшись, начинающий инвестор старается спешно избавиться от актива и готов продать его даже себе в убыток. Паника приводит его к еще большим потерям.
Опытный инвестор старается все же выбирать более стабильные и менее волатильные акции. Чем меньше колебаний в цене, тем точнее прогнозирование, а значит, можно спать спокойно. Он понимает, что стратегия на быстрый результат часто убыточна, а самые успешные инвестиции — долгосрочные.
3. Безрисковый портфель
Другой крайностью новичка может быть излишняя консервативность, которая прослеживается в его инвестстратегии. И хотя порой это может быть вполне оправданно, особенно в начале игры на бирже, когда действительно нужно время, чтобы освоиться. Однако это может быть следствием нехватки знаний о более сбалансированном инвестиционном портфеле, в котором могут присутствовать бумаги как с низкой и стабильной доходностью, так и со средним риском в небольшой доле. Хотя свои финансовые цели инвесторы могут быстрее достичь через использование более доходных, однако и более рискованных инструментов.
4. Ставки на удачу
Постоянное тасование колоды из акций и других инвестиционных инструментов знатоки рынка считают неправильным. Такое поведение на фондовом рынке может привести к росту комиссионных и транзакционных издержек. Однако для того, чтобы купить по-настоящему стоящие ценные бумаги, нужно провести серьезный финансовый анализ компаний. Это не просто пару-тройку статей прочитать и сразу побежать к брокеру. При анализе нужно учитывать финансовые показатели не только самой компании, но и ситуацию на рынке и в мире, в отдельной сфере экономики, куда вы хотите вложиться, к примеру, нефтебизнес или транспортировка.
Важно также иметь критическое мышление, чтобы понять суть или уловить недосказанное при изучении бизнес-планов, годовых отчетов, стратегии развития компании-эмитента и красивых презентаций. Хороший анализ отнимает немало времени, но здесь есть и масса плюсов: можно обрести полезный навык анализа, чтобы лучше разбираться в рынках, а, значит, и стать успешным инвестором.
5. Одни и те же активы
К примеру, новички часто покупают акции только нефтяных и горнорудных компаний, но ведь никто не гарантирует, что в один день они не рухнут? Нужно рассмотреть для инвестирования разные финансовые инструменты как по видам активов, так и странам, валютам и другое.
Если вы вложите средства только в одну бумагу или в инструменты только из одного сектора, то при их падении вы можете потерять все. Тогда как при наличии диверсифицированного портфеля одна бумага при падении может привести к потере только 10% ваших вложений, зато другая поможет получить доход, к примеру, в 50%.
6. Расходная часть, включая комиссии
Комиссии даже в 2,5%, могут в итоге, к примеру, через 10-20 лет, составить, как минимум, половину или даже более вашего дохода на фондовом рынке за весь период.
К примеру, при инвестициях в 10 000 долларов США под среднегодовую доходность 10% годовых на 20 лет, с комиссией в 2,5%, комиссия«съест» около 60% доходности. Поэтому инвестор должен учитывать все комиссии за управление, ведение счета, а также ввод и вывод средств. Не говоря уже о других попутных расходах.
Следует отметить, что при покупке через брокера ценных бумаг казахстанских эмитентов на долгосрочный период (без цели их продажи в течение длительного времени), для того, чтобы регулярно не платить брокеру комиссию за ведение счета, на котором учитываются эти ценные бумаги в системе номинального держания брокера, есть возможность перевести их в АО «Центральный депозитарий ценных бумаг» для их учета на счете, открытом на имя данного клиента. Комиссия за ведение данного счета с физических лиц не взимается.
7. Существующие риски
Важно понимать, что риски есть в каждом вложении, и потому не стоит уповать только на положительный исход. Важно заранее задавать себе вопросы: что будет в случае негативного сценария, и какова его вероятность, сколько я могу потерять?
Одно из правил инвестора гласит, что вкладывать можно начинать лишь тогда, когда у вас есть финансовая подушка безопасности хотя бы на год, а это, как минимум, шесть и даже больше ваших официальных окладов. Только то, что выше этой суммы, можно попробовать вложить, однако и здесь нужен неспешный, грамотный подход.
8. Вера в идеальную стратегию
Якобы такая схема позволяет остаться в выигрыше даже тогда, когда все цены на рынке падают. Конечно, есть базовые стратегии, которые в прошлом показали неплохие результаты, как минимум, доходность среднего или даже выше среднего уровня. Однако никто вам не может дать гарантии, что именно эта схема будет всегда лучшей на десятилетия вперед.
В любом случае, есть рекомендации от опытных инвесторов, к которым стоит прислушиваться. К примеру, они советуют держать в высокорисковых активах не более 10% ваших вложений, а именно ровно столько, сколько вы готовы потерять. Если вы будете вкладывать в слишком рисковые инструменты до 80% денежных средств, то именно на столько может похудеть ваш кошелек.
9. Излишняя самоуверенность
Успешные сделки порождают ощущение, что вы, наконец, стали профессионалом и можете зарабатывать теперь больше других — поэтому не обязательно слушать посторонние мнения, тем более если эти люди, в отличие от вас, теряют деньги или зарабатывают меньше. Для инвестора это один из самых верных признаков его скорого падения.
Помните, фондовый рынок бывает очень волатильным, и поэтому чрезмерная уверенность может дорого вам обойтись. Всегда держите руку на пульсе и посвящайте свободное время изучению новостей, котировок и внешних факторов, влияющих на фондовый рынок.
Еще одной ошибкой является использование для инвестиций заемных средств, в том числе взятых у друзей/знакомых или же кредита, на первые операции. Мало того, что вы можете потерять эти деньги в результате неудачных инвестиций, так еще останетесь должны банку.
10. Доверчивость и неосторожность
Не спешите подписывать договор на ведение инвестиционной деятельности с вашими деньгами на фондовом рынке, не проверив у брокеров-дилеров и управляющих инвестиционным портфелем лицензию на осуществление деятельности на рынке ценных бумаг. Наличие лицензии можно посмотреть на интернет-ресурсе Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка www.gov.kz.
Не подписывайте договор с инвестиционным посредником, не изучив его. Лучше все документы, которые вы собираетесь подписывать, предварительно показать квалифицированному, опытному юристу и посоветоваться с экспертами рынка.
Перед тем, как начать инвестировать, ознакомьтесь со списком организаций, осуществляющих недобросовестную деятельность, на которых поступали жалобы граждан. Список постоянно обновляется и доступен по ссылке: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/318075?lang=ru.
Помните, что любая компания может закрыться по разным причинам. В конце концов, в стране и мире может случиться форс-мажор. Поэтому никто не может вам дать гарантий, что ваши вложения в те или иные активы будут успешны на долгосрочной основе.
Не забывайте, что инвестиции – это всегда риски. Однако при грамотном подходе и постоянном изучении рынка вы со временем научитесь их минимизировать. Поэтому читайте, развивайтесь, изучайте специализированную литературу, будьте осторожны и не верьте всем «экспертам» подряд, и самое главное – регулярно повышайте свою финансовую грамотность!
Подписывайтесь на Fingramota.kz в социальных сетях!
Қазақстандықтар бағалы қағаздар нарығын белсенді игере бастады. «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ деректері бойынша инвесторлардың брокерлік шоттарының саны 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 573 мыңнан асты.
Қор нарығында бағалы қағаздармен сауда жасамас бұрын, ойынның негізгі ережелерін білу керек. Жаңадан бастаушы инвесторлар қандай қателіктер жіберуі мүмкін екендігін Fingramota.kz-тен білейік.
1. Ойланбай жасалған стратегия
Жаңадан бастаушы инвесторлардың негізгі қателіктерінің бірі – инвестициялаудың нақты стратегиясы мен мақсатының болмауы. Қор нарығына жаңадан келгендер толық тәуекелге баруға дайын және бәрін бірден алуға тырысады, көбінесе кірістілігі жоғары бағалы қағаздарды мүмкін болатын барлық тәуекелдерді талдамай сатып алады. Мұның салдары сатып алуға арналған бағалы қағаздар тез және тек олардың кірістілік деңгейіне қарай таңдалуы мүмкін. Нәтижесінде инвестор барлық салымын жоғалтып алуы мүмкін.
Сондықтан, егер сіз ұзақ мерзімді инвестициялауға және бағалы қағаздар бойынша кіріс алуға дайын болсаңыз, онда бірінші кезекте белгілі бір стратегияны жасаңыз: сіз қандай активтермен сауда жасайсыз, операцияларды қаншалықты жиі жасайсыз және шешім қабылдау кезінде нені басшылыққа аласыз. Бастау үшін сіз қарапайым стратегияларды, содан кейін біріктірілген стратегияларды қолдана аласыз. Ең қарапайымдарының бірі – шығынның мерзімі мен мөлшеріне сүйену. Айталық, егер сіз бір жылға ақшамен бөлісуге және ең көбі 20% ғана жоғалтуға дайын болсаңыз, онда сіз активті бір жылдан кейін немесе оның бағасы 20%-ға көтерілгенде немесе төмендегенде сатасыз. Сіздің инвестициялық стратегияңызда сіз қосымша салымдардың жиілігін және мүмкін болатын шығыстарды қамтамасыз етуіңіз керек.
2. Қысқа мерзімді көрсеткіштерге бағдарлану
Сауатты талдаудың болмауына байланысты жаңадан бастаушы инвестор қағаздарды олардың өткен жылдағы немесе аптадағы, айлардағы кірістілігіне ғана назар аударады сатып ала алады. Бұл ретте ол инвестицияларды досының, танысының ықпалымен, алғашқы әсермен, эмоциямен және т.б. жасауы мүмкін. Сондықтан бағалы қағаздарды болжамды кірістілігі ықпалымен жоғары бағаға сатып алу, бірақ соңында қағаздардың бағалары кенеттен тез төмендей бастағанын көру қаупі бар. Қорқып, жаңадан бастаушы инвестор активтен асығыс құтылуға тырысады және оны тіпті өзіне шығын әкелетіндей болса да сатуға дайын. Дүрбелең оны одан да үлкен шығындарға әкеледі.
Тәжірибелі инвестор әлі де тұрақты және аз құбылмалы акцияларды таңдауға тырысады. Бағаның ауытқуы неғұрлым аз болса, болжау дәлірек болады, демек сіз тыныш ұйықтай аласыз. Ол тез нәтижеге жету стратегиясы көбінесе пайдасыз, ал ең сәтті инвестициялар ұзақ мерзімді екенін түсінеді.
3. Тәуекелсіз портфель
Жаңадан бастаушы инвестордың тағы бір шектен шығуы оның инвестициялық стратегиясында байқалатын шамадан тыс консервативтілік болуы мүмкін. Кейде бұл өте орынды болуы мүмкін, әсіресе игеруге уақыт қажет болған кезде биржадағы ойынның басында. Алайда бұл теңдестірілген инвестициялық портфель туралы білімнің жетіспеушілігінен туындауы мүмкін, онда төмен және тұрақты кірістілігі бар, сондай-ақ шағын үлестегі орташа тәуекелі бар қағаздар болуы мүмкін. Инвесторлар өздерінің қаржылық мақсаттарына неғұрлым тиімді, алайда тәуекелді құралдарды пайдалану арқылы тезірек қол жеткізе алады.
4. Бақ сынау
Нарық мамандары акциялар мен басқа инвестициялық құралдарды үнемі араластырып отыруды дұрыс емес деп санайды. Қор нарығындағы мұндай әрекет комиссиялық және транзакциялық шығындардың өсуіне алып келуі мүмкін. Алайда, шынайы құнды бағалы қағаздарды сатып алу үшін компанияларға мұқият қаржылық талдау жүргізу қажет. Бұл жай ғана бірнеше мақаланы оқып, бірден брокерге жүгіну емес. Талдау кезінде компанияның қаржылық көрсеткіштерін ғана емес, сонымен қатар нарықтағы және әлемдегі, мысалы, мұнай бизнесі немесе тасымалдау сияқты, қаражат салғыңыз келетін экономиканың жеке саласындағы жағдайын ескеру қажет.
Бизнес-жоспарларды, жылдық есептерді, эмитент-компанияның даму стратегиясын және көрнекі таныстыруларды зерттеу кезінде айтылмаған нәрсені түсіну немесе түсіну үшін сыни тұрғыдан ойлау маңызды. Жан-жақты талдау көп уақытты қажет етеді, бірақ мұның көптеген пайдалы тұстары да бар: сіз нарықты жақсы түсінуіңіз үшін талдай білуге дағдыланасыз, демек, табысты инвестор бола аласыз.
5. Сол бір активтер
Мысалы, жаңадан бастаған инвесторлар көбінесе тек мұнай және тау-кен компанияларының акцияларын сатып алады, бірақ олардың бір күнде құлдырауына ешкім кепілдік бермейді ғой? Инвестициялау үшін активтердің түрлері бойынша да, елдер, валюталар және басқалар бойынша да әр түрлі қаржы құралдарын қарастыру қажет.
Егер сіз тек бір қағазға немесе тек бір сектордағы құралдарға ақша салсаңыз, олар құлдыраған кезде бәрінен бірден айырылуыңыз мүмкін. Егер әртараптандырылған портфель болса, құлдырау кезінде бір қағаз сіздің салымдарыңыздың 10%-ын ғана жоғалтуға әкелсе, екіншісінен, мысалы 50% кіріс алуыңыз мүмкін.
6. Комиссияларды қоса алғанда, шығыс бөлігі
Комиссиялар тіпті 2,5% болғанда, 10-20 жылдан кейін бүкіл кезеңдегі қор нарығындағы кірісіңіздің кем дегенде жартысын немесе одан да көп бөлігін құрауы мүмкін.
Мысалы,2,5% комиссиямен 20 жылға жылдық 10% орташа жылдық кірістілікпен 10 000 АҚШ долларын инвестициялаған кезде, комиссия шамамен 60% кірісті «жейді». Сондықтан инвестор барлық басқару төлемдерін, шотты жүргізуді, сондай-ақ қаражатты салу мен шығаруды ескеруі керек. Басқа қосымша шығындар туралы айтпағанда.
Қазақстандық эмитенттердің бағалы қағаздарын брокер арқылы ұзақ мерзімді кезеңге сатып алу кезінде (оларды ұзақ уақыт бойы сату мақсатынсыз) брокердің номиналды ұстау жүйесінде осы бағалы қағаздар есепке алынатын шотты жүргізу үшін брокерге үнемі комиссия төлемеу үшін оларды осы клиенттің атына ашылған шотта есепке алу үшін «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-ға ауыстыру мүмкіндігі бар екенін атап өткен жөн. Осы шотты жүргізгені үшін жеке тұлғалардан комиссия алынбайды.
7. Бұрыннан бар тәуекелдер
Әрбір инвестицияда тәуекелдер бар екенін түсіну маңызды, сондықтан сіз тек оң нәтиже болатынына сенбеуіңіз керек. Өзіңізге алдын ала сұрақтар қою өте маңызды: теріс сценарий туындаған жағдайда не болады және оның ықтималдығы қандай, мен қанша ақша жоғалтуым мүмкін?
Инвестордың ережелерінің бірінде инвестицияны сізде кем дегенде бір жылға қаржылық қауіпсіздік жастығы болған кезде ғана бастауға болады, бұл сіздің ресми жалақыңыздың кем дегенде алты немесе одан да көп бөлігі.Тек осы сомадан жоғары соманы инвестициялауға болады, бірақ бұған сізге асықпай, сауатты түрде келген жөн.
8. Мінсіз стратегияға деген сенім
Мұндай схема нарықтағы барлық баға төмендеген уақыттың өзінде ұтылыста қалмауға көмектеседі-мыс. Әрине, бұрын жақсы нәтиже, кемінде орта немесе тіпті ортадан жоғары деңгейдегі кірістілікті көрсеткен базалық стратегиялар бар. Алайда, дәл осы схеманың алдағы бірнеше онжылдықта үздік схема болатынына сізге ешкім кепілдік бере алмайды.
Кез келген жағдайда тәжірибелі инвесторлардың тыңдауға тұрарлық ұсынымдары бар. Мысалы, олар сіздің салымдарыңыздың 10%-дан аспайтын үлесін, атап айтқанда сіз жоғалтып алуға дайын болатындай бөлігін жоғары тәуекелді активтерде ұстауға кеңес береді. Егер сіз 80%-ға дейінгі ақшалай қаражатты аса тәуекелді құралдарға салатын болсаңыз, сіздің әмияныңыз тура осындай деңгейге босап қалады.
9. Шамадан тыс сенімділік
Сәтті мәмілелерден кейін сіз өзіңізді ақырында өз ісіңіздің білікті маманы болғандай және енді басқалардан гөрі көбірек пайда таба алатындай сезінетін боласыз – сондықтан бөтен адамдардың пікірлерін тыңдау міндетті емес, оның үстіне бұл адамдар сізге қарағанда ақшасын жоғалтатын немесе сізге қарағанда аз табыс табатын жағдайда тіпті тыңдаудың қажеті жоқ. Инвестор үшін – бұл оның жақын уақытта құлдырайтынының ең сенімді белгілерінің бірі.
Есіңізде болсын, қор нарығы өте құбылмалы болып келеді, сол үшін шамадан тыс сенімділіктің теріс жағы болуы мүмкін. Үнемі барлығынан хабардар болуға тырысыңыз және бос уақытыңызды жаңалықтар, қор нарығына ықпал ететін баға белгілеу мен сыртқы факторларды зерделеуге арнаңыз.
Тағы бір қателік инвестициялар үшін алғашқы операцияларға қарыз қаражатын, оның ішінде достарыңыздан/таныстарыңыздан алған ақшаны немесе кредитті пайдалану болып табылады. Сәтсіз инвестициялардың салдарынан ақшаңызды жоғалтып алу қаупінен бөлек сіз банкке де қарыз болып қаласыз.
10. Сенгіштік және абайсыздық
Брокер-дилерлерде және инвестициялық портфельді басқарушыларда бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензияның бар-жоғын тексермейінше қор нарығында өз ақшаңызбен инвестициялық қызметті жүргізуге шартқа қол қоюға асықпаңыз. Лицензияның бар-жоғын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің www.gov.kzинтернет-ресурсында көруге болады.
Инвестициялық делдалды зерттемейінше онымен шарт жасасып, қол қоймаңыз. Дұрысы, қол қоятын құжаттардың барлығын білікті, тәжірибелі заңгерге алдын ала көрсетіп, нарық сарапшыларымен кеңесу қажет.
Инвестициялауды бастамас бұрын, азаматтардың шағымы келіп түскен жосықсыз қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізімімен танысып шығыңыз. Тізім үнемі жаңартылып отырады және оны мынадай: https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/318075?lang=ru сілтемесі арқылы көруге болады.
Кез келген ұйымның әртүрлі себептерге байланысты жабылуы мүмкін екенін ұмытпаңыз. Қалай болғанда да, сізге ешкім де қандай да бір активтерге салған ақшаңыздың ұзақ мерзімді негізде табысты болатынына кепілдік бере алмайды.
Инвестиция бұл – қашанда тәуекел екенін ұмытпаңыз. Алайда нарыққа қатысты сауатты тәсілді қолдану әрі оны үнемі зерттеу арқылы уақыт өте келе оларды барынша азайтуды үйренесіз. Сол үшін де оқыңыз, біліміңізді шыңдаңыз, арнайы әдебиеттен ізденіңіз, абай болыңыз әрі «сарапшылардың» бәріне қатар сене бермеңіз және ең бастысы, өз қаржылық сауаттылығыңызды үнемі арттырып отырыңыз!
Әлеуметтік желілерде Fingramota.kz-ке жазылуды ұмытпаңыз!
Техникалық және кәсіби білім беретін оқу орындары еңбек нарығының нақты сүранысына бейімделуі және еліміздің жаңа экономикалық бағдарының міндеттеріне сай болуы керек.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ.
ДУАЛЬДЫ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ – ТЕОРИЯНЫ ӨНДІРІСПЕН ҰШТАСТЫРЫП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ. ОЛ АЛҒАШ ГЕРМАНИЯДА НЕГІЗІ ҚАЛАНЫП, БҮГІНДЕ ДҮНИЕ ЖҮЗІЛІК ҚОЛДАНЫСҚА ИЕ БОЛДЫ. МҰНДАЙ ТӘСІЛМЕН ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТЫ – ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ (ТЖКБ) ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖҰМЫС БЕРУШІ ЖЕКЕ СЕКТОРДАҒЫ ӨНДІРІС, ШАРУАШЫЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРІМЕН СЕРІКТЕСТІК РЕТІНДЕ БІРЛЕСЕ ОТЫРЫП, НАРЫҚ ЗАМАНЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ТӨТЕП БЕРЕ АЛАТЫН, ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ МЕҢГЕРУГЕ ДАЙЫН ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАР ДАЯРЛАУ. СОНДЫҚТАН, ӘЛЕМДЕ ОҚЫТУДЫҢ ДУАЛЬДЫ ЖҮЙЕСІ – ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК МАМАНДАР ДАЯРЛАУДЫҢ ЕҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫНЫҢ БІРІ.
«Өмір үйретеді, еңбек ширатады» деген осы. Дуальды оқу жүйесінің тиімділігі сол – жас мамандардың теориялық білімін практикада ұштастырып, кәсіптің қыр-сырын меңгеріп, жұмысқа орналасу мәселесін оңтайластыру. Бұл оқу жүйесін осыдан бірнеше жыл бұрын қолға алған Шелек политехникалық колледжі бүгінгі таңда айтарлықтай нәтижелерге жетуде.
Осы оқу жүйесін одан әрі жетілдіріп, жұмысты жандандыру жолында жақында Шелек политехникалық колледжінде «Кадрлар даярлау сапасын арттырудағы жұмыс берушілермен тиімді әріптестікті дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оған «Relax», «Старый замок», «Айнұр», «XotPiont», «Азия-М», «Kofe-Time» кафелерінің, «ЮЗВ» кондитер цехының, «Имран», «Абдрашитов», «Андрей» ТҚО, «Белкин», «Камашев» ЖК, «Прогресс»» «Шелек» ШҚ және Шелек электр энергия мекемесінің басшылары, сонымен бірге «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Бақыткүл Дүйсебекова, аудан әкімдігі жұмыспен қамту орталығының маманы Мадина Ескелдиева, Шелек ауылдық округінің әкімі Сәкен Абдихалиев қатысты.
Жиында колледж директоры Қуат Дүйсебаев алғы сөз сөйлеп, білімгерлердің кәсіптік тәжірибеден өтуде жұмыспен қамтамасыз еткен өндіріс орындары басшылары мен кәсіпкерлерге ризашылығын білдіріп, оқу орынындағы жаңа жұмыс барысымен таныстырды.
«Жас маман» жобасына Алматы облысынан 12 кол-ледждің бірі болып Шелек политехникалық колледжі де енген. Колледждің тарихынан сөзін сабақтаған директор Қуат Құрманғалиұлы алдағы стратегиялық жоспарларымен де бөлісті. Оқу орнының ғимараты күрделі жөндеуден өткенін, «Жас маман» жобасы аясында атқарылған жұмыстардан да мәлімет берді. Жобада қарастырылған 276 млн теңгеге заманауи құрал-жабдықтар алыныпты. Колледж қызметкерлері осы жобалар бойынша жеткізуші кәсіпорын мамандарының көмегімен оқытылып, сертификаттарын алған. Осындай ізденістің нәтижесінде колледждің екі білімгері «Worl-Skilis» аймақтық чемпионатында екі құзіреттілік бойынша үшінші жүлделі орынға ие болған.
«Автокөліктерге қызмет көрсету, жөндеу, пайдалану» мамандығы бойынша құзіреттілік орталық ашқан. Білімгерлерден бөлек өндірістік оқыту шеберлері «WorldSkilis» чемпионаттарына қатысуға, «Еңбек» бағдарламасының ойдағыдай өтуіне септігін тигізуде. Заманауи жабдықтармен жаңаша оқытуда ілгерілеушілік, тәжірибелілік байқалады. «Platonus» бағдарламасымен де жұмыс істеуде. «Жетісу вольфрамы» ЖШС – колледждің қамқоршысы болуы да осы жаңаша оқыту жүйесінің жемісі. Міне, осындай басқа да көптеген игі жұмыстарды, ұтымды ұйымдастырудың нәтижесінде колледж рейтінгісі республика бойынша екінші орыннан көрінді. Еңбексүйгіш ұжымнан бақ кетпейтіні рас. «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірге жұмыс істеуді де жүзеге асырып, жас мамандарға жақсы жағдай жасау жолында жетістіктерге жетуде.
Дөңгелек үстелде негізгі баяндама жасаған колледж директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Серік Байсубанов биыл республикада алғаш рет «жұмыс берушілер күні» аталып өтіп жатқанына орай, бұл кездесудің маңызы зор екенін атап өтті. Қазіргі уақытта еңбек нарығының үнемі өзгермелі жағдайы мен технологияларына тез бейімделген жас мамандардың сұранысқа ие болатыны бесенеден белгілі. Осыған байланысты, оқу орындары жұмыс берушілермен бірігіп, тез өзгерген экономика мен еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес білім беру бағдарламаларының мазмұнын дербес реттеуге мүмкіндік алатынына тоқталды. «Жас маман» жобасы бойынша колледжде қолға алынған игі істерді баяндай келе, оны одан әрі нәтижелі, жемісті болдыру үшін әріптестіктің, қоян-қолтық бірлесе жұмыс жасаудың артықшылығын сөзіне арқау етті.
Биыл сұранысқа ие автоэлектрик біліктілігі бойынша ересектерге арналған мемлекеттік бағдарламамен колледжде қысқа мерзімді курста он бес тыңдаушы оқып, куәліктерін алған. Жаңа жабдықтарды пайдалану нәтижесінде биылғы оқу жылында бітірушілердің қорытынды аттестатциясы демонстрациялық емтихан түрінде өткен. Бағалау CIS электронды жүйе арқылы ұйымдастырылып, құзіреттілік паспорттар берілген. Баяндамада Қазақстан Республикасы ұлттық біліктілік жүйесін, кәсіптік стандарттарды дамытуға, техникалық және кәсіптік білім берудің дамуына жұмыс берушілерді тартуға, білім беру мазмұнын жақсарту арқылы мамандар мен оқытушылар құрамын даярлау деңгейін арттыруға бағытталған әлеуметтік әріптестік қағидаларына негізделген ТЖКБ беру әдісімен жұмыс істеудің жаңа моделі қалыптасқанын атап өтті.
Дөңгелек үстел «еркін микрофон» арқылы, өзара пікір алмасуға ауысты. Шелек ауылдық округінің әкімі Сәкен Дәулетханұлы Шелек өңірінде кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндіктің мол екенін, облыс әкімдігі Шелек аймағынан 244 гектер жер қарастырып, индустриалды аймақ ашқалы жатқанын, қазірдің өзінде онда өз бизнесін өркендетуге ниет білдіріп жатқандарын тілге тиек етті. Бұл аймақтың инфрақұрылымы жасалса, ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін, басқа да өнеркәсіп орындары ашылып, жұмысқа қамту мәселесі оң шешімін табатынын айтты. Сондай-ақ, жасыл электр энергиясы да осы өңірде қанатын кеңге жайып жатқанын, туризмді дамытуға да Батыс Қытай-Батыс Еуропа тас жолы мен Қорғас-Жетіген темір жолы бизнес ашуға да зор мүмкіндік барын айта келе, осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білуге үндеді. Ұлттық қолөнер кәсібінің де туристер үшін қажетті бизнес екеніне тоқталды. Колледж директоры Қуат Құрманғалиұлы бұрынғы қосалқы шаруашылыққа берілген жерлерді қайтарып алып жатқанын, ол жерге жас фермерлердің практикадан тәжірибе жинауда мол мүмкіндік болатынын, әрі өздерін азық-түлік дақылдарымен қамтамасыз етуге болатынын, сондай-ақ, алдағы уақытта ветеринарлық мамандық бойынша да кадрлар даярлау ойда барын айтып өтті.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Бақыткүл Дүйсебекова Шелек өңірі бойынша жастарға және көпбалалы отбасаларға жеңілдікпен несие алуға, грантқа қатысуға, бизнес ашуға болатын мүмкіндіктер барын айтып, оны қалай пайдалану жолын түсіндіріп, қажетті кеңес берді. Ал, аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Мадина Ескелдиева ұлттық бағдарламалар негізінде жас мамандар мен зейнет жасы алдында жұмыссыз жүрген азаматтарға жұмысқа орналасудың қандай мүмкіндіктері барын айтып берді. Сондай-ақ, жұмыс берушілер мен жас мамандарды жұмысқа тартудағы үкімет тағайындаған жеңілдіктерді пайдалануға болатын жолдарын түсіндірді. Жиын соңында жұмыс берушілерге, алғаш рет аталып өтіп отырған даталы күн құрметіне байланысты колледж директоры атынан мақтау қағаздарымен, ал «Старый замок» кафесінің басшысы Рушангул Лазгиева мен «Имран» техникалық қызмет көрсету орынының басшысы Амурхан Сейпатовқа Қазақстан Республикасының оқу ағарту министрі Асхат Аймағанбетовтың Құрмет грамотасы табыс етілді.
Жиыннан соң, қонақтар колледждің материалдық-техникалық базасымен, оның ішінде «Жас маман» жобасы аясында шеберханаларда орналастырылған қондырғылармен танысты. «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша TEHNO Vektor V 7204HA қондырғысында автомобиль дөңгелектерінің геометриясын орнату, Serdi SG 330 қондырғысында цилиндр блогының бастиегінің бетін тегістеу, Теориялық оқыту сабағында EXTLAB HTЦ-15 оқу-зертханалық стендісінде зертханалық жұмыс жүргізу, So3240 – IH оқу қозғалтқышында Navigator txts автосканерінде диагностикалық жұмыстарды орындау, SPT 1600 XL қондырғысында цилиндр блогы бас тиегінің сызаттары мен жарықшақтарын анықтау, Тм 7а шиномонтаждық жабдықта жұмыстарды орындау, Дөңгелектердің салмағын теңестіруді орындаудан шебер-сыныптар өткізілді. «Аспазшы» мамандығының білімгерлері суық тағам даярлау сабағына да қатысқан қонақтар бұл іс-шараға өз бағасын беріп, тарасты.
Дуальды оқыту жүйесі – заманауи технологияның еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауға мүмкіндік беріп, әрбір түлектің оқу орнын бітіріп шыққан соң жұмысқа орналасуына кепілдік беретін бірден-бір таптырмас жүйелердің бірі. Колледжде жастардың қалаған мамандығын игеру мүмкіндігіне ие болуы, заман талабына сай бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуы – колледждің техникалық және кәсіптік білім беру саласының ілгері басуы үшін жүзеге асырылып жатқан жұмыстарының нәтижесі.
Анарбек БЕРДІБАЕВ.
Көктөбе орта мектебінде заманымыздың заңғар ақыны, қазақ тілінің жанашыры, діл майданының сардары, қоғам қайраткері, «Қазақстанның Еңбек Ері» – Мұхтар Шахановпен шығармашылық кездесу өтті.
Аса көрнекті ақын Мұхтар Шахановтың 80 жылдығына арналған іс-шараға республикалық «Жалын» журналы редакторының орынбасары Сәуле Ахметова, аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов, ардагер ұстаз, ауданымыздың құрметті азаматы Айша Сүлейменова, мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымы қатысты. Кездесуде сөз алған ауданымыздың Құрметті азаматтары Хайролла Қасымұлы мен Айша Сүлейменова дара дарынның шығармашылығы туралы сөз қозғап, аса дарынды ақынның ұлттың әдебиеті мен өнері үшін қосқан үлесін, ел мүддесін қорғау жолындағы ерліктерін сөз етіп, арда ақынға ұзақ ғұмыр тіледі.
Мұхтар Шаханов жиырмадан астам шетелдік академиялар мен университеттердің Құрметті профессоры атанған танымал ағартушы. Сонымен қатар БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасы, Бүкілодақтық Лениндік комсомол және Қазақстан сыйлығының лауреаты болды. «Түркі әлемінің қызметі үшін», ЮНЕСКО-ның «Боорукер» клубының және басқа да көптеген халықаралық марапаттардың иегері атанды. «Қырғызстан Республикасының Халық ақыны» деген атаққа да ие болған Мұхтар Шахановтың шығармалары мен лирикалық әндері туған халқының жүрегіне мәңгілікке жол тартқаны ақиқат. Бүгінгі 80 жылдық мерейтой иесі жыр-шумақтарының туған жеріне, сүйікті еліне деген шексіз сүйіспеншілікпен сезімге толы болғандығы біздің де жұдырықтай жүрегімізді жігерлендіре түсті.
Ақиық ақын М.Шаханов рухани құндылықтар жайлы, ата дәстүр, ұлттық мүдде туралы, тіл туралы тебірене сөйледі. Мектеп оқушылары ақынның жалынды сөздерін көкейлеріне тоқып, отансүйгіштік қасиеттерін отты сөздерге жани түсті. Қоғамдағы әділетсіздіктер, желтоқсан оқиғасы туралы тарих қойнауынан сыр шертіп, қазақ тілі үшін күрескен әсерлі естеліктерімен бөлісті. Шындық үшін күрес жолындағы өзінің жариялаған ұстанымын баян етті.
Мектептің жиын залына жиналған оқушылар мен ұстаздар қауымы Мұхтар Шахановтың «Төрт ана», «Төлеген Айбергеновті еске алу», «Наурыз парасаты», «Тарысы бар аймақтың», «Жігіттің екі сипаты» сияқты жалынды өлеңдері мен «Отырар элегиясы» дастаны негізінде сахналық қойылым қойған жас таланттардың өнерін қызыға тамашалады. Найзағайдың жарқылындай рух пен сенімге толы Шаханов өлеңдерін мектеп оқушылары кезек-кезек оқумен болды. Мектептің өнерпаз ұстаздары «Ақ бантик», «Мен саған ғашық едім», «Өмір өзен», «Рух пен тіл» сияқты сезімге толы әндерін шырқап, көпшілік қошеметіне бөленді.
Жиын соңында сөз алған мектеп директоры Айжан Талқанбаева жылы лебіздерін білдіріп, естелік сыйлықтарын табыс етті.
Ұлт руханиятының сардары М.Шаханов: «Тәуелсіздік Туын жоғары ұстаңдар, әрдайым ұлттық мүдде биігінен көрініңдер, ұлтымызды рухани көтеретін іс жасаңдар, ақиқат жолынан айнымаңдар, шындық үшін күресіңдер, ана тілін аялаңдар, халықтық салт-дәстүрді бағалаңдар, жұлдыздарың биік болсын!» – дей келе жиналғандарға аталық ақ батасын ақтарыла берді. Ақынға деген құрмет, сүйіспеншілік ұрпақтан ұрпаққа осылай жалғаса беретіні анық. Сондықтан да аталған білім ордасындағы жас ұстаздар ақиық ақынның келген қадамын зор қуанышқа балап, бал бөбектерінің тұсауларын кестіртіп жатты.
Ұстаздармен болған қызу әңгімеде Мұхтар ағамыз өзімен дос болған ұлылар жайлы да сыр шертті. Әйгілі композитор жайлы көпшілікке беймәлім қызықты ақпараттарды ақын ағамыз жақсы біледі. Олар өнерде әріптес, өмірде нағыз досқа айналған. Сондай-ақ, ақын мен сазгердің шығармашалық тандемінен 16 ән жарыққа шығыпты. Мәселен, халық арасында кеңінен тараған «Ақ бантик», «Арыс жағасында», «Кешікпей келем деп ең...» сынды туындылар әлі күнге дейін өміршеңдігін жойған емес. Ал қос талантты табыстырған Шәмшінің әкесі екен.
«Шәмшінің әкесі Қалдаяқ деген кісі еді. Сол Қалдаяқ бір күні үйге келді де: «Бұдан былай «Мұхтар не айтса, соны орындаймын деп уәде бересің», – деді Шәмшіге. «Онда мен Мұхтардан 14 жас үлкен едім, енді мен Мұхтарды «Мұхтар аға» деп айтамын», – деді Шәмші. Сол өле-өлгенше мені «Мұхтар аға» деп атап кетті», – дейді Мұхтар Шаханов.
Алдаспан ақын рухани досы қырғыздың әйгілі жазушысы Шыңғыс Айтматовты да сағына еске алды. «Қырғыз еліндегі бірден бір досым, аға досым, сана биігінде жолыққан досым – Шыңғыс Айтматов. Екеуміз көп мәселенің басында бірге жүрдік, ақылдастық, сырластық. Достықты да жай мәселе деп есептемеймін. Бұл да екі парасатты, пайымды адамның сана биігінде жолығуы», – дейді ақын досы Ш.Айтматов жайлы.
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға, – деп өзі жырлағандай пайымы бөлек, парасаты биік ақынның жалын жыры жас ұрпақтың көкірегіне асқақ арман алауын жаққан кешке сүйініп қайттық.
Е.АСЫЛ.
Бүгінгі шынайы заманда әр баланың өз дарындылығын дамыту үшін көптеген мүмкіндіктер бар. Десек те, әркім өзінің даму жолын өз бетінше анықтай алмайды. Өмірге жолсерік бола отырып, бізде баланың әлеуетін ашуға, оның дарындылығын дамытуға ерекше мүмкіндік бар. Бұл – ұстаздың негізгі функцияларының бірі. Бізде балаға өмірден өз орнын табуға көмектесу мүмкіндігі бар. Әр бала өзінің қаншалықты дарынды екенін білуі керек.
Дарындылық әртүрлі салаларда көрінуі мүмкін: біреу нақты ғылым саласынан тапса, енді біреуі өнертапқыш болуы мүмкін. Қайназар ауылындағы Ш.Уалиханов атындағы орта мектепте аталған салалар бойынша дарынды балалар білім алады. Соның ішінде ерекше дарын иесі, 5 «в» сынып оқушысы Айкәусар Жанабаева – сурет өнерін жақсы меңгерген.
Сурет салу үшін белгілі бір сурет салу әдістерін игеріп, күш салу керек. Айкәусардың суреттерінен өмірлік мәнді көресің, шындықтың тамаша көшірмесін байқайсың. Ол қазақтың тұңғыш кәсіпқой суретшілерінің бірі – Ш.Уәлиханов атасындай туған жер көріністерін, ескерткіштерді қағаз бетіне түсіруді жалғастырғысы келеді. Қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Әбілхан Қастеев атасы сияқты халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелетін көркем туындыларды дүниеге әкелгісі келеді.
«Өнерлінің өрісі кең» демекші Айкәусардың алдынан кездесетін кез келген есіктің құлпы ашық болсын демекпін.
Айгүл КҮНТҮНОВА,
Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің мұғалімі.
Қазіргі уақытта әлемде орын алып жатқан төртінші өнеркәсіптік революция – қарқынды ақпарат ағыны мен жоғары технологиялық инновациялар өмірімізге сан қырлы жолмен ықпал етіп, осы өзгерістерге бейімделуді және жаңа шарттар жағдайында дами білуді талап етіп отыр. Осыдан ширек ғасыр бұрын атауы мен мазмұны көпшілікке бейтаныс болған цифрлық технологиялар бүгінде барлық салаға терең еніп, индивидтердің дағдыларын түрлендірді. Мемлекеттегі цифрландыру деңгейі мен азаматтарының мұндай технологиялар туралы сауаттылық көрсеткіші елдің әлемдік аренадағы бәсекелік қабілетін, халықтың әл‑ауқатын айқындайтын факторлардың қатарына енді. Осыған байланысты, цифрлық жүйе мен сауаттылықты дамыту барлық қоғам үшін өзекті мәселелердің біріне айналды.
Бүгінде адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады. Цифрландыру технологиялары дегеніміз – бұл бұрын-соңды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Қазіргі күні бұл технологиялар жасақталу үстінде. Цифрландыру тікелей бұрын қол жетімді болмаған жоғары оқу орындары мен мектептер үшін ашылатын Цифрлық технологияның оқу құралдарымен байланысты. Олардың ішінде онлайн оқу аса ерекшеленеді.
Білім беру үдерісін цифрландыру ісі ауданымызда да қарқынды қолға алынуда. Атап айтар болсақ, ауданның білім беру жүйесін цифрландыру мақсатында 81 мектеп онлайн жүйеде жұмыс атқарады. Ауданымыздағы мектептер арасында білім беру жүйесін цифрландыру ісінде Шелек ауылындағы гимназия белсенділік танытып келеді. Бүгінде аталған гимназияда робототехника кабинеті ашылған. Сонымен қоса, жас шәкірттерге IT курсы оқытылады. Сондай-ақ оқу ордасының электронды кітапханасы да өз оқырмандарына қуаныш сыйлап келеді.
Жаңа және тез өзгеріп отыратын мобильді технологиялардан қалмай қатар жүру, сондай-ақ инновациялық технологиялар ретінде кітаптарды насихаттауда белсенді түрде QR кодтар пайдалану қазіргі уақытта кең өріс алуда. QR коды – «жылдам жауап» дегенді білдіреді және ол штрих-кодтың бір түрі. 1994 жылы Жапонияда ойлап табылған. Осы жерден оның бүкіл әлем бойынша жорығы басталды.
Бүгінде гимназия кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қолға алынған «Bilimland» онлайн білім беру порталының «Қазақстанның ашық кітапханасы» цифрлық форматтағы кітаптар оқытылып келеді екен. «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша оқушылар «Bilimland» онлайн білім беру порталының «Қазақстанның ашық кітапханасы» стендінен ұялы телефон камерасы арқылы QR кодын сканерлеп, кітапты оқу немесе тыңдау арқылы таңдалған шығармалармен танысу мүмкіндігіне ие болады екен.
Кітапхана қызметкерлерінің сөзінше, сандық білім беру ресурстарын қолдану өзекті және тиімді болып табылатын келесі сала – бұл көпшілік жұмыс. Олардың айтуына қарағанда көпшілік кітапханалық іс-шараларын дайындау және өткізу үшін жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану оларды неғұрлым жарқын және қызықты етеді екен. Қазір гимназия қабырғасындағы жас шәкірттер QR кодты сканерлеу арқылы Қазақстанның көркем әдеби шығармаларымен бірге әлемнің классикалық әдебиетімен де таныса алады екен.
Шелек ауылындағы гимназияда робототехника және IТ кабинеті 2017-2018 оқу жылында демеушілер есебінен ашылыпты. Белгілі кәсіпкер Жангелді Осан мен Әмірлан Қырықбай демеушілік көрсеткен бұл игі бастамалар ауданымыздағы алғашқы робототехника кабинеті ретінде іске қосылған болатын.
Қазір гимназиядағы Эльмира Уркумбаева, мұнан өзге Рауан Болатбай, Айбота Қуанбек сынды жас мамандар да мектеп оқушыларына өз білгендерін талмай үйрету үстінде. Олардың сөзінше, робототехника сабағына қатысатын әрбір оқушыға толық жағдай жасалған, атап айтар болсақ, Lego Mindstorms Education жинағы, программа құруға арналған ноутбук және түрлі бағдарламалар бар.Робототехника кабинеті ашылғалы көптеген оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы арта түсіпті. Бүгінде робототехника және IТ курсын гимназияда 100-ге жуық оқушы оқу үстінде. Білікті мамандардан дәріс алған гимназия шәкірттері робототехника бойынша түрлі жарыстарға қатыса бастапты.
Олар аудандық, облыстық деңгейде өз жасаған жобаларын жарыстарға, түрлі аудандық семинарда көрсетіп, жүлделі орындарға ие болып, Алғыс хаттармен марапатталыпты. Айталық, осы оқу жылында облыстық байқауда Досымжан Әуесқан «Робототехника» номинациясы бойынша өз жобасын қорғап 1 орынды иеленсе, осы байқауда «Модельдеу және жобалау» номинациясы бойынша Ұлықбек Сұлтанбек жетекшісі Рауан Болатбаймен бірлесе отырып жобасын ұсынып 2 орын иегері, Әбіл Азамат «Робот жарысы» номинациясы бойынша жоба жетекшісі Айбота Қуанбекпен бірлесе отырып үздік үштікті түйіндепті. Робототехника курсын аяқтаған оқушылардың IТ саласына қызығушылықтары арта түсуде. Қазіргі таңда осы курсты аяқтаған оқушылар жоғарғы оқу орындарында IT маманы, информатика маманы, техникалық мамандық иелері атануда.
Осы гимазияда цифрлы технология жайлы жан-жақты ақпарат алған жас шәкірттер болашақта қандай мамандық иесі болуын өз бетінше таңдап, жаңа технологияларды толыққанды меңгеріп шығады. Оны меңгерген ұрпақ көштен қалмай, еліміздің көркеюіне үлес қосары сөзсіз.
Е.АСЫЛ.