Сейсенбі, 26 Қазан 2021 17:06

Балалардың бал мекені

Достық ауылындағы Балдырған бөбекжай балабақшасының ашылғанына биыл 5 жыл. Осыған орай балабақша меңгерушісі мен ата-аналар комитетінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті.

Балалардың бал қылығын тамашалауға келген қонақтарға «Бәйтерек» және «Күншуақ» тобы өз өнерлерін көрсетті. Олар әр ұлт өкілдерінің әндері мен билерін орындады. Балабақша әдіскері, аудан және республикалық байқаулардың жеңімпазы Мереке Исабекова «Ана туралы әнді» нақышына келтіріп орындап, көптің көңілінен шықты.

«Балдырған» бөбекжай балабақшасының тәрбиешілері осы жылдар ішінде 150-ден астам түлекті ұядан ұшырған. Олар мектепте үздік оқып, биік белестерден көрініп жүр. Сонымен қатар балабақша тәрбиешілері Райхан Алимқұлова, Индира Алтынбекова, Рәнәгуль Искакова, Босталгуль Қадирова, Г.Токташева, Э.Мухатаева 5 жыл ішінде өздерінің ізденістерімен тынымсыз еңбектерінің арқасында түрлі деңгейдегі байқауларда биіктен көрініп жүр.

Кеш соңында балабақша меңгерушісі Құралай Каманова ұжымға, ата-аналарға ризашылығын білдіріп, ата-аналар комитетінің төрайымы Қазына Мамаева «Бәйтерек», «Күншуақ» топтары-ның тәрбиешілері Ә.Смағұлова И.Алтынбекова Р.Искакова және музыка пәнінің жетекшісі Т.Бертаеваға алғыс айтты. Кішкентай бүлдіршіндерге ізгі тілегін білдіріп, ақ батасын берді.

Ұлжалғас БҰРЫНБАЕВА

Сейсенбі, 19 Қазан 2021 15:54

От сердца к сердцу

Ежегодной доброй традицией стало участие спонсоров в республиканской благотворительной акции «Дорога в школу». В средней  школе имени Д.А.Конаева под руководством директора школы Риммы Ахметовой проведена благотворительная акция к новому 2021-2022 учебному году  под девизом «От сердца к сердцу  –  детям».

К началу занятий 7 детям-сиротам, 2 детям с особыми образовательными потребностями, 15 детям из малообеспеченных семей была оказана материальная помощь в виде учебных принадлежностей, рюкзаков,  школьной формы и теплых зимних вещей. Администрация школы выражает благодарность предпринимателям Равилю Рафикову, Светлане Чебан и Николаю Бойко, которые не равнодушны к нуждающимся ученикам.

Добрые дела не остаются незамеченными – они, как маяки, светят тем, кто ждет помощи. Уверены, что ваш пример, дорогие спонсоры, будет примером и для других благотворителей. Помогая, вы дарите не просто материальные ценности, а даете радость и надежду детям.

Пусть ваша доброта и щедрость возместятся сторицей. Желаем вам всяческих благ, здоровья, процветания и побольше душевного тепла на жизненном пути.        

           

Р.ДУРСУНОВА,

заместитель директора СШ имени Д.А.Конаева повоспитательной работе.

Шелек ауылындағы гимназия 2017 жылы ашылған жаңа білім ордасы. Мектебіміздің осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өте көп, алдымызда да биік белестерді еңсеру жолында толағай жұмыстар атқарылып келеді.   Қысқа мерзім ішінде орта мектеп гимназия статусын алды. Бұл – оңайлықпен келген жоқ әрі білім ордасының ұжымы үшін үлкен жетістік.

Білім ошағының осындай биік белестерді бағындыру жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұлағатты  ұстаз, білікті басшы Қырықбай Ардақ Мұхаметжанқызының гимназияның биіктен көрінуіне қосқан үлесі ұшан-теңіз. Ардақ Мұхаметжанқызы жас ұстаздарға жол сілтеп, дұрыс бағдар беретін тәжірибелі жетекші. Ол оқушылар мен ұстаздардың білімі, біліктілігіне ғана емес, олардың жүріс-тұрысы мен киім киісіне де қатаң талап қоя біледі. Ардақ Қырықбай үнемі ұлттық тәрбиені бәрінен жоғары қойып, «Ұлттық тәрбие – ел болашағының  діңгегі» екенін ескертіп отырады. Осы орайда,  рухани сенімі мол ұрпақты тәрбиелеу – келешектің бізге артқан міндеті екенін есте сақтау қажеттігін айтады.

«Қазақтың тағдыры, келешегі мол ел болуы да мектептің қандай негізге құрылуына тіреледі. Мектебімізді сау, берік һәм өз жанымызға қабысатын, үйлесетін негізге құра білсек, келешегімізге тайынбай серттесуге болады. Ал сондай негізге құра алмасақ, келешегіміз күңгірт» – деп ұлы педагог М.Жұмабаев айтқандай, біздің басшымыздың қолдауымен гимназия  ұстаздарының болашаққа басқан қадамы нық.

Оқушы мұғалімге қарап бой түзейді, тәрбие алады, ал біз басшымыздан үлгі аламыз. Ардақ Мұхаметжанқызы ұқыптылықты, жауапкершілікті, еңбекқорлықты, талапшылдықты сүйетінін біз жұмыс барысында сезінеміз әрі мақтан тұтамыз. Ол білікті басшы, ұлағатты ұстаз ғана емес, отбасында үлгілі ана, сүйікті жар, ағайын-туыс, ауыл тұрғындары арасында беделді, абыройлы тұлға.

Халқымыздың батыр ұлы, ақыл-ойдың таразышысы, жазушы Бауыржан Момышұлы:   «Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» – деген екен. Өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жаны-на нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек. Осы жолды берік ұстанып, ел болашағын тәрбиелеуде, білім беру ісіне жаңашылдықты енгізуде, ұстаздардың біліктілігін арттыруда, қоғамдық жұмыстарды белсене атқаруда Ардақ Мұхаметжанқызының әлі де талай белестерді бағындырарына сенім мол.

 

Аида АҒЫБАЕВА,

Шелек ауылындағы гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Дүйсенбі, 11 Қазан 2021 10:47

«Мектепке жол» жалғасып жатыр

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен дана халқымыз. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Осындай қайырымды істер Қырбалтабай ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп оқушыларына қуаныш сыйлады.

«Мектепке жол» акциясы аясында Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаты Бағдат Рахимов, Қырбалтабай ауылдық округінің әкім аппараты, қамқоршылық кеңес мүшесі Данияр Қасенов 7 оқушыны мектепке қажетті құралдарымен, сөмкелермен қамтамасыз етті. Ұстаздар мен ата-аналар қауымы жомарт жандарға алғысын білдірді. «Мектепке жол» акциясы әлі де жалғасуда.

 

А.ҚҰНАНБАЕВА,

әлеуметтік педагог.

Дүйсенбі, 11 Қазан 2021 10:45

Балаларға базарлық

Әр баланың жүрегіне қуаныш сыйлап, білімге деген ынтасын оятқан «Мектепке жол акциясы» Әймен орта мектебінде жалғасын тапты.

Мектеп директоры М.Жайлыбай, әлеуметтік педагог А.Нақысбекова   және ауыл жастарымен  ұстаздар қауымының  ұйымдастыруымен  оқушыларға киімдер, оқу құралдары табысталды.

Сонымен қатар, жаны жомарт, жүрегі нұрға толы ауылымыздың азаматтары мен мектеп ұстаздарының атсалысуымен аз қамтылған, көпбалалы отбасыларда тәрбиеленетін, жетім, жартылай жетім 50-ге жуық оқушыға көмек көрсетілді.

Қайырымдылыққа жаны жақын азаматтарымыз, ел болашағына алаңдайтын ауылымыздың жастары «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына белсене қатысып, көпшілікке үлгі боларлық іс атқарды. Сонымен қатар мектебіміздің бірқатар ұстаздар қауымы қайырымдылық пен адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етті. Осындай іс-шаралар мектебімізде  жыл сайын өткізіледі. Акция алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Айнұр НАКЫСБЕКОВА,

әлеуметтік педагог.

Дүйсенбі, 11 Қазан 2021 10:40

Қарттарым – асыл қазынам

ІЗГІЛІК ПЕН ІЗЕТТІЛІККЕ ТОЛЫ ҚАРТТАР КҮНІ МЕРЕКЕСІ ЕСІК ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ЛУИНА» БӨБЕКЖАЙ БАЛАБАҚШАСЫНДА АТАЛЫП ӨТТІ.

Балабақша ұжымы «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында тәрбие сағатын ұйымдастырып, балдырғандар өз өнерлерін ортаға салды. Өздерінің ата-әжелері жайлы әңгімелеп берді. Бүлдіршіндер ата-әжелеріне арнап өлең оқып, өз қолдарымен сыйлық жасады. Әсіресе, Назым Жұмабекова, Іңкәр Серік пен Үміт Серіктің орындауындағы «Менің әжем дара» әні мен «Достық» тобы тәрбиеленушілерінің «Қара жорға» биі, хордың орындауындағы «Ата-әжем» әні көпшілікті сүйсіндірді.

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты балабақшаға бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынған. Сондықтан ата мен әженің образына енген тәрбиешілер бүлдіршіндерге ертегі оқып, баталарын берді. Өз кезегінде балалар мен балабақша меңгерушісі Айжан Бекпаева сый-сияпаттарын ұсынды.

Фарида ЖАНАТОВА, тәрбиеші.

Сәрсенбі, 06 Қазан 2021 11:18

Тілдің дамуы – елдің дамуы

Бірлігі мен достығы жарасқан №1 Азат  орта мектебінде тілдер мерекесі жағары деңгейде аталып өтті . Мерекелік шара аясында  тәрбие, өнеге сағаттарымен қоса мемлекеттік тілдің өсіп-өркендеп нығаюына зор үлес қосу мақсатымыз, міндетіміз екендігін айшықтадық.

Дана халқымыз  «Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің» деп бекер айтпаса керек. Осы бір баба тағылымы негізінде «Тілім – тірегім, соғып тұрған жүрегім»  атты салтанатты ашылудан кейін «Ана тілім –  ата-бабам мұрасы» тақырыбында слайдпен қабырға газеттері шығарылды. «Ана тілім – айбыным» бөлімінде ақын-жазушылардың өлеңдері жатқа оқылды. «Үш тұғырлы тіл» бөлімінде орыс тілінің ұлтаралық тіл екені айтылып, А.Пушкин, С.Есениннің шығармалары оқылды. Ал «Жеті жұрттың тілін біл» бөлімінде ағылшын тілінде тақпақтар мен өлеңдер жарысы өтті.  Сондай-ақ «Тіл тағдыры – ел тағдыры»  тақырыбында жоғарғы сынып оқушылары шығарма жазды. Айтулы шараны  қорытындылаған мектеп директоры Шолпан Кошаханова  жарыстарға қатысқан балаларға алғыс білдірді.

Гүлмира КУСАИНОВА,

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Сейсенбі, 05 Қазан 2021 10:30

Жастар арасында дебат өтті

Жақында Есік  қаласындағы «Алтын ұрпақ» сауықтыру  орталығында «Әлеуметтік желінің жастар өміріндегі орны» атты тақырыпта студенттер арасында дебат өтті.

Дебатқа Қаракемер кәсіптік колледжінен «Жарқын  болашақ» командасы, Шелек медициналық  колледжінен «Жігер» командасы, Есік медициналық колледжінен «Парасат» командасы, Жетісу гуманитарлық-техникалық колледжінен «Дарын» және Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінен «Ақиқат» командалары қатысты. Тартысты өткен  додаға қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі, «Дебат» клубының жетекшісі Алмагүл Нұғман, салауатты өмір салтының дәрігері Арухан Нысанбаева, аудандық жастар ресурстық  орталығының маманы, аудандық  мәслихат депутаты Айжан Әбіт сынды әділқазылар төрелік етті. Сөз додасының нәтижесі бойынша бас жүлдені Есік гуманитарлық экономикалық  колледжінен «Ақиқат» командасы қанжығалады. 1-орынды Шелек медициналық колледжі, 2-орынды Жетісу гуманитарлық-техникалық колледжі, 3-орынды Есік медициналық колледжі мен Қаракемер кәсіптік колледжі иеленді.

Аружан ОРАЗОВА,

аудандық жастар ресурстық орталығының маманы

Сейсенбі, 05 Қазан 2021 10:07

Тәрбие балабақшадан басталады

Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетте тәрбиелеу – қазіргі замандағы өзекті мәселенің бірі. Біздің келешегіміз – жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік тақырыбы.

Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы – жақсы тәрбиеленген ұрпақ, ендеше жақсы тәрбие ең алдымен балабақшада басталады емес пе? Әр үйдің кішкентай бөбектері мектепке дейін ата-анасының тәрбиесімен қатар өнер-білімге  баулитын балабақшада өсіп, тәрбиеленетіні анық. Бүлдіршіндер үшін балабақшадағы тәрбие ата-ана берген тәлім-тәрбиені жалғастырып, жандандыратыны сөзсіз. Біз қанша дамып басқа өмір саласындағы жетістіктерге жетсек те, бала тәрбиесі бір сәт те назардан тыс қалмауы тиіс. Бала жас тал болса, ал ересектер оған бағбан болуы – ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан іс. Сәби жанын небір жақсылық нәрімен суару – оны өсіруші, тәрбиелеуші  тәрбиешінің міндеті. Бүлдіршіндердің сезімдері  өте нәзік, әсершіл келеді. Оларға айтқан, көрсеткен нәрселердің бәрі – шындық, сұлу, әсем, жарасымды болуы керек. Тәрбие – қалып тәрізді, егер қалып қисық, олпы-солпы болса, сол қалыпқа салынған зат та оңды болмайды. Бала тәрбиесі де дәл сол сияқты. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап рухани құндылықтар, мейірімділік, инабаттылық, сұлулық, жақсылық, еркіндік сияқты қасиеттерді қалыптастыру – тәрбиешінің міндеті. Сонда ғана бала бой көтеріп, бәйтерекке айналады.

Балабақша... Осы сөзді қайталап айтып көріңізші. Құлаққа қандай жағымды, анық, қарапайым естілетін сөз. Жасы үшке толар толмастан тілі былдырлап, томпаңдап келген баланы бауырына қысып, еркелету, ойнату қандай қызық! Әрбір сәбидің жүзін көргенде бақыттың базарында жүргендей күй кешесің.

Балабақшада балалар бірі тіл алғыш, бірі айтқанды істемейтін, бірі көңілшек, бірі ашық, жайдары болады. Яғни, аралас орта құралады. Міне,  осылардың әртүрлілігіне мән беріп, жалпы ортақ тәрбие – адамгершілік тәрбиесі беріледі. Әртүрлі ойындар, шүйіркелесу, достасу, бірге отыру, бірге тамақтану, бір-бірін құрметтеу, ұрмау, жылатпау, көмектесу сияқты жан-жақты тәрбие беру тәрбиешінің қатысуымен іске асады. Баланың ойын кезіндегі белсенділігі, өзара қатынастар жасауы оның дамуына ықпал етеді. Балабақша тәрбиешілерден, ата-аналардан шығармашылықты талап етеді. Біздің балабақшада балаларды ана тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, ағылшын тілін жетік білуге баулу, әдемі сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыруда көптеген оқу іс-әрекеті, тәрбие жұмыстары, мерекелік іс-шаралар, өнер, спорттық сайыстар өткізіледі. Бала тәрбиелеу – біздің өміріміздегі ең маңызды міндет. Біздің қызметіміз де, өміріміз де бала өмірімен өте тығыз байланысты.  Тәуелсіз еліміздің жас ұрпақтарын білімді, жан-жақты дамыған, дені сау, рухани бай, жерін, ата-анасын құрметтейтін саналы азамат болып өсуіне бойымыздағы бар асыл қасиеттерімізді, білімімізді аямайық!

Гүлмира   ХУДАЙБЕРГЕНОВА,

«Таңшолпан» бөбекжайының тәрбиешісі, Қазақстан ауылы.

Дүйсенбі, 04 Қазан 2021 14:53

«Жігерлі жастар» — мектепте

Біліммен «жүгірген» заманның жастары, әлбетте, жан-жақты болуы тиіс. Ең алдымен, ана тілін құрметтеп, ата-салтын дәріптеп, құндылықтарын құлдыратпағаны абзал. Тәрбиесін түгендеп барып білімін шыңдауды қолға алатын қазақтың ұрпағы – ешқашан жойылмақ емес. Дәл осы бағытта қарымды жұмыс істеп жатқан Рахат №1 орта мектебінің ұжымы әрдайым білім алушылармен тығыз байланыста.

Оған айқын дәлел - «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» жобасы аясында 9-11 сынып оқушылары арасында «Ұшқыр ой алаңы» мәдени білім беру жалпыұлттық дебаттық қозғалыс үйірмесінің құрылуы. Заман талабының сұранысына жауап беретін, адами құндылықты жанына серік еткен, айналасына сын көзбен қарап, қоғамдық өмірге белсене араласатын жастардың жаңа буынын қалыптастыруды мақсат еткен үйірмеге мектептегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері А.Алиханқызы мен Л.Толыбайқызы жетекшілік етуде. «Жігерлі жастар» дебат-клубының мүшелерімен алғашқы кездесу қыркүйектің жиырма төртінде орын алды. Ол жерде «Дебат дегеніміз не?», «Спикер деген кім?» деген сынды негізгі сауалдарға түсінік беріліп, алдағы ойындарға тақырыптар бөлініп, тапсырмалар үлестірілді. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жаңабай жаңа бастамаға сәттілік тіледі.

Алмагүл НҰҒМАН,

Рахат №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Соңғы жаңалықтар

Шіл 04, 2025

Saqtan: молодежь Алматинской области…

Қонаев - Илийский-Карасайский районы - масштабная антинаркотическая акция, направленная…
Шіл 03, 2025

«Жіті ішек жұқпалары, алдын алу мен…

Жіті ішек жұқпалары – дегеніміз бұл бактериялар, вирустар, қарапайымдылар тудыратын және…
Шіл 03, 2025

Эхинококкоз және оның алдын алу…

 Эхинококкоз – созылмалы ағымымен, ағзаның аллергиясымен және бауырдың, өкпенің және…
Шіл 03, 2025

Хиджама жасатуға жүгінетіндерге…

Хиджама — бұл ағзадан лас қанды шығару арқылы емдейтін дәстүрлі емес емдеу әдісі. Бұл…
Шіл 03, 2025

На Капчагайском водохранилище…

5–6 июля на Капчагайском водохранилище состоится международный заплыв OCEANMAN-2025 —…
Шіл 03, 2025

ХАБАРЛАНДЫРУ «ҮЛГІЛІ АУЫЛ»…

Алматы облысының тұрғындары мен ауылдық округ әкімдіктерінің назарына! Қазақстан…
Шіл 03, 2025

«ŪMTYLYS» байқауы

«ŪMTYLYS» байқауы – жастар үшін жаңа серпінАлматы облысында алғаш рет жастармен жұмыс…
Маус 30, 2025

Тазалық тәртіптен басталады

Табиғат – Жаратушының ең көркем жаратылыстарының бірі. Адам күнделікті күйбең тіршіліктен…
Маус 26, 2025

Начало было в 30-х продолжение в…

Если театр начинается с вешалки, завод с проходной, то газета – с людей и событий,…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет