Адамзат баласының сан мың жылдан бергі өркениетті өмірге деген талпынысын ұстазсыз елестету үмкін емес. Өйткені ол – ілім мен білімнің шам-шырағы. Атақты француз ойшылы Жан-Жак Руссо: «Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»деген екен. Міне, сондай өсер өркеннің бақытын аялаған ардақтыұстаз,білім беру ісінің үздігі, ҚР еңбегі сіңген мұғалім, іскер басшы Нұрхан Бектасова болатын. Жақында өзі ұзақ жыл басқарған Есік гуманитарлық-экономикалық колледжіндегі кабиенттердің біріне Нұрхан Сүттібайқызының есімі беріліп, ұстаз ұлағаты ұлықталды. Бұл айтулы шара ауданынмыздағы іргелі оқу ордасының құрылғанына 55 жыл толған тарихи датамен тұспа-тұс келіп отыр.
Кабинеттің ашылу салатанатына марқұмның көнекөз әріптестері мен туыстары және колледж оқытушылары қатысты. Аталған кабиенттің ашылуында Нұрхан Бектасовамен бірге тоқырау жылдарының қиындығын еңсерген әріптестері оның педагогтік, іскерлік және өзгеде сан қырлы адами қасиеттерін тілге тиек етті. Білікті басшымен бірге өткізген жылдарды сағына еске алды. Фиолсоф Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз болады. Олар: адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек» деген екен. Әріптестерінің айтуынша, осы ұлы қасиеттердің барлығы Нұрхан Бектасованың бойынан табылатын. Олардың сөзінше, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиын-қыстау кезеңдерде де қажырлы еңбегінің арқасында коллледждің тәжірибелі оқытушылары мен материалдық базасын сақтап, іргелі оқу орнын нарық заманының талаптарына бағыттаған да осы Нұрхан Сүттібайқызы болатын. Адам баласының ерен жетістікке жетуге деген ерік-жігерінің қалыптасуына оның өскен ортасы мен заманы әсер ететіні шындық. Нұрхан Бектасованың тіке туысы Рая Мұсақызының сөзінше болашақ ұстаз бала кезінен аумалы-төкпелі заман көрген үлкендерден тәлім алып, өзіндік өмірмектебінен өтіпті. Нұрхан Сүттібайқызы КСРО спорт шебері Станислав Тынысбековпен шаңырақ көтеріп, саналы ғұмыр кешіп, салиқалы ұрпақ қалды. Шараға қатысқан Сәуле Станиславқызы колледж ұжымына алғыс айтып, ағынан жарылды. Шараның қортынды сөзін сөйлеген колледж директоры Алмас Жылқыбаев басқосудың мән-маңы-зына тоқталды. Бұл ретте Алмас Ауесханұлы: «Нұрхан Сүттібайқыз – саналы ғұмырында парасат биігіне көтерілген тұлға. Ең басысты, Нұрхан Бектасова қай қызметте жүрседе жауапкершілікті терең сезіне білді. Артына қалдырған игілікті істерінің іздері Кеңес тұсында да, еліміз егемендігін алған жылдардан бергі кезеңдерде де дәл бүгінгідей сайрап жатыр деп нық сеніммен айта аламын. Оның айтқан ақылы, жол сілтеген жанашырлығы көпшіліктің жанына демеу болғаны сөзсіз. Елі үшін қыруар іс тындырған абзал анамыздың еңбегіне қатысты енді басталған мәңгілік ғұмыры туралы бүгінгі біз ғана емес, келер ұрпақ кесек ойлар айтатыны анық», – дейді.
Шара соңы Әбілахат Еспаевтың «Ұстазым» әнімен өз мәресіне жетті.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жанымда тұрар жаңғырып...
Осынау ән ұлағатты ұстаз Нұрхан Сүттібайқызының рухына бағыштал-ғандай күй кештік.
Ерзат АСЫЛ
Екінші жыл қатарынан Қазақстан Республикасының ауыл мектептеріндегі 5-6 сыныптың мыңдаған оқушысы еліміздің жетекші мектептерінде және тұңғыш Birge Oqý онлайн мектебінде білімін жалғастыруға мүмкіндік алды. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ алаңында өткен «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының басқарушы директоры Әнуар Жанғозиннің брифингінде белгілі болды. Ұйымдастырушылар – ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен Елбасы Академиясы.
Баспасөз конференциясында ауыл оқушыларына арналған 2021 жылғы «Мың бала» Ұлттық олимпиадасының нәтижелері жарияланды.
Өңірлер қимасында олимпиада жеңімпаздарының саны бойынша Алматы (201) және Түркістан (184) облыстары көш бастады. Ал ең жоғары балға Алматы, Маңғыстау және Павлодар облыстарының оқушылары иелік етті.
Биыл олимпиада алғаш рет онлайн форматта өтті. «Олимпиадаға 5-6 сыныптың 150 мыңға жуық оқушысы тіркелді. I кезеңге 96 мыңнан астам оқушы қатысты. Алғашқы кезеңнің нәтижесімен өңірлер бөлінісінде ең жоғары нәтиже көрсеткен 5000 финалист іріктелді. Олардың орташа балы 400 балдан 343 балды құрағанын атап өту керек. Бұл ауыл оқушыларының дағдыларының жоғары екенін көрсетеді», - деді «Елбасы Академиясы» КҚ басқарушы директоры Әнуар Жанғозин.
Естеріңізге салайық, «Мың бала» олимпиадасы ауылдық жерлердегі дарынды оқушылардың қабілетін дамытуға және қолдауға бағытталған. Олимпиада екі жыл ішінде ауыл мектептерінің 5-6 сыныптағы 400 мыңнан астам оқушысын қамтыды. Мақсаты – ауылдық және қалалық мектеп оқушыларының академиялық білімдері мен қабілеттерінің арасындағы алшақтықты азайту.
Олимпиада жеңімпаздары еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде: Республикалық физика-математика мектебінде, «Білім-Инновация» лицейлерінде, «Дарын» мамандандырылған мектептерінде және Елбасы Академиясының Вirge oqý онлайн мектебінде оқуға мүмкіндік алады.
«Елбасы Академиясы» КҚ баспасөз қызметі
Дүниежүзіндегі ең абыройлы, мәртебелі, мәңгі жас мамандықтың бірі – ұстаздық. Ұстаздық ету – жүрек қалауы, шәкіртке деген шексіз махаббат, өзіңді бір сәт ұмытып, бар өміріңді өзгенің бақытына арнау. Әр күніңді білім шамшырағын жағуға, санаңды сәулелендіруге, хақ жолында жүруге бағыттау.
«Суда жүзген кеменің ізі қалмайды,
Қалса да, лездік толқындар легі жалмайды,
Басылса егер тарих бетіне ізгі ізің,
Дауыл, толқын мәңгі өшіре алмайды,
Ізсіз қалу – адамзат үшін жан қайғы»,
– деп жырлаған қазақтай ұлы халықтың ұрпағын тәрбиелеп, артына сансыз шәкірт, мол дарын иелерін ерткен ұстаздардың жолы – ұлы жол. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, әркім жеке бастың қамымен кеткен бұл күнде бас шаруасын бала тәрбиесіне алмастырған ұстаз қауымын ұлықтау, сыйлау – әрбір өсер ұрпаққа бұлтартпас борыш болса керек. Жылы сөз арнап, ұлықтауға тұрарлық ұстаздың бірі де бірегейі, бар саналы ғұмырын білім саласына арнаған, мыңдаған шәкірттерге өмірлік бағыт-бағдар беріп, аналық мейірімін аямай төккен, аудан, облыс, республикаға аты белгілі қоғам қайраткері, Білім беру ісінің үздігі, ҚР еңбегі сіңген мұғалім, іскер басшы, құрметті ұстаз Бектасова Нұрхан Сүттібайқызы.
Нұрхан Сүттібайқызы Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақастек ауылында 1939 жылы 20 қаңтарда өмірге келген. Мектеп бітірген соң жоғарғы оқу орнын аяқтап, Талғар ауданында еңбек жолын бастаған. Білімді, іскер жас маманды екі жылдан кейін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, одан кейін Сәкен Сейфуллин атындағы №2 мектепке директор қызметіне тағайындады. Жауапкершілігі жоғары, талапшыл, білімді Нұрхан ұстаз аудандық депутаттар кеңесіне, одан кейін партия қызметіне шақырылған. Осы кезеңнен Нұрхан Сүттібайқызының қоғамдық және партия қызметіндегі өрлеу жолдары басталды. Ұқыпты, іскер жанды кім сыйламайды? Қызмет баспалдағымен тек қана жоғары көтеріле берген Нұрхан Сүттібайқызы 1975-1986 жылдары Еңбекшіқазақ ауданының партия комитетінің екінші хатшылық қызметін абыроймен атқарғаны әлі күнге ел есінде. 1986 жылы Нұрхан Сүттібайқызы аудандағы үлкен білім ордасы атанған Есік педагогикалық училищесінің директоры қызметіне ауысты. 18 жыл қатарынан білім мекенін басқарып, талай жетістіктерге қол жеткізе білді. «Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет» демекші, тоқырау жылдарындағы қиындықтарға мойынсынбай, бейнеті көп уақыт еншісінің сынағынан да сүрінбеді. Қиын-қыстау уақытта үлкен парасаттылық пен көрегенділік танытып, болашақ үшін дұрыс шешім қабылдап, оң қадамдар жасады. Оның барлығы бүгінгі болашақ қамы, колледжді, ұжымды сақтап қалып, жұмыспен қамтамасыз ету үшін жасалынған игі істер еді. Ол күндер де сарғайған парақтарша артта қалды.
Нұрхан апайдың бойында әйел адамға лайықты нәзіктікпен қатар ер азаматқа тән жақсы қасиеттері де болды. Керек кезде талапшыл, іскер, шығармашыл, атқарған ісіне үлкен жауапкершілік танытып жүріп, жас әріптестерін де соған үйретті. Нағыз ұстаз ретінде өнегелі тәрбиесімен, талғамды киім киісімен, биязы күлкісімен, салмақты, салиқалы мінезімен шәкірттеріне де, әріптестеріне де ғибрат беруші еді. Мәдениеті мен зиялылығы, парасаттылығы мен сабырлылығы – барлық ұжым үшін үлкен өмір мектебі болды.
Биыл Есік гуманитарлық-экономикалық колледжіне 55 жыл толады. «Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірттері» демекші, елу бес жылда колледж қабырғасынан жиырма мыңнан астам түлек түлеп, ел экономикасының дамуына үлестерін қосып жүр. Колледж биік белестерді бағындырып, жарқын жетістіктерге жетіп жатыр. Әрине, бұл жетістіктердің артында ұжымды басқарып отырған білікті де білімді басшылар тұр. Соның ішінде өз қолтаңбасын қалдырған, өзіндік сара жолы бар Нұрхан Сүттібайқызының еңбегі ерен. Өз ісіне берілгендік, шеберлік, адами қасиеттер тоғыса келіп, ұстаз мәртебесін құрайтыны сөзсіз. Біз үшін Сіздің мәртебеңіз әрқашан жоғары, Сіздің салған ізіңіз мәңгілік. Сізден тәлім алған шәкіртттер еліміздің Туын жоғары ұстаған мақтаулы мамандар. Сіздің жасаған істеріңіз бүгінгі Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің тарихында алтын әріптермен жазылады.
Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің ұжымы
Во время летней школы в средней школе им. А. Байтұрсынова был проведен "Квест" между 8 "А" и 8"Б" классами.
Квест – это совершенно новая форма обучающих и развлекательных программ, с помощью которой дети полностью погружаются в происходящее, получают заряд положительных эмоций и активно включаются в деятельность, ведь что может быть увлекательнее хорошей игры? Живой квест не только позволяет каждому участнику проявить свои знания, способности, но и способствует развитию коммуникационных взаимодействий между детьми, что стимулирует общение и служит хорошим способом сплотить играющих. Цель игры состоялась в том, чтобы сплотить классы, также., закрепить и повторить пройденный материал и устранить пробелы в знаниях по математике и физике.
М.ЖУМАБЕК, учитель математики;
К.НАСЫРОВА, учитель физики
А.Байтұрсынов атындағы орта мектептегі тарих пәні әдістеме бірлестігінің мұғалімдері «Жазғы мектеп» аясында түрлі іс-шараларды тұрақты өткізіп келеді.
Атап айтсақ, мектепішілік жоспар негізінде 3 маусым күні ҚР мемлекеттік рәміздер күні меркесіне орай «Еліміздің рәміздерін қастерлейік» тақырыбында 6-8 сынып оқушылары арасында дөңгелек үстел өткізілді. Онда тәуелсіздік нышаны – рәміздер жайлы кең ауқымда ақпарат беріліп, балалар өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ Google форматта 5-8 сынып оқушыларымен «Мен мемлекеттік рәміздерді білемін бе?» тақырыбында онлайн тест өткізілді. Тест қорытындысы оқушылардың еліміздің Туы мен Елтаңбасы және Әнұраны жайлы жан-жақты құлағдар екенін көрсетті.
Айгүл НҰРБАЕВА,
әдістеме бірлестігінің жетекшісі
Методическое объединение английского языка средней школы имени А.Байтурсынова, в составе руководителя МО Рысбековой К.М и учителей английского языка, Азизовой С.М., Канжигитовой А.М.Абаевой Г.Е., Аманжоловой М.М. в период с 26.05-19.06.2021 в школе организована работа в "Летней школы", где учителя английского языка активно работали по устранению пробелов в знаниях учащихся по английскому языку.
Каждый день проводились уроки в школе. Так же были проведены следующие мероприятия: круглый стол по теме: "Эффективные методы по устранению пробелов в знаниях английского языка у учащихся". Во время уроков в "Летней школе", учителя английского языка использовали методы и приёмы, такие как, ролевые игры и заучивание клеше, что эффективно влияет на развитие устной речи в английском языке.
Карина РЫСБЕКОВА,
учитель английского языка
Педагогический коллектив средней школы имени Садыра ,соблюдая все санитарные требования, в день защиты детей традиционно провел школьный праздник. В связи с распространением коронавируса в старших классах проводились классные часы в онлайн формате.
Школьный двор был украшен цветными шарами и флажками. На спортивной площадке состоялись конкурсы рисунков, стихов, рисунков на асфальте, спортивные соревнования. Под руководством акима Саймасайского сельского округа Р.Бакиева и директора школы К.Таирова, благодаря спонсорам школы по программе Международного дня защиты детей «Бақытты бала-бақытты ел» прошла акция «Мейрімділік – балаларға».
Спонсорами праздника выступили: ИП «Бахыт» (Л.Айтбакиева), ИП «Малика» (Б.Садыров), ИП «Гульназ» (Г.Садыкова), ИП «Дильшат» (С.Имиров), овощной магазин З.Бакиева, ИП «Қалайым Ана» (Н.Нуралиев), также З.Режапова, Д.Маметбакиев, Н.Шапошникова, Т.Калиева, Р.Кадырова,
В этот день детям раздавали сладости, напитки, фрукты, мороженое, игрушки. Не остались без внимания дети с ограниченными возможностями, а также учащиеся из многодетных и малообеспеченных семей. Для них развезли по домам подарки со сладостями.
Праздник прошел на высоком уровне. Родители оценили наши старания, выразили благодарность организаторам. Дети были в восторге от полученных эмоций.
Г.САПАРОВ,
заместитель директора СШ им.Садыра
по воспитательной работе
«Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек»
В.МАЯКОВСКИЙ.
Мектеп қабырғасында жүргенімде сабақты жақсы оқыдым, ондағы қоғамдық жұмыстарыға да белсене араластым. Сол кездерде ұстаз болуды армандайтынмын. Арманыма қол жеткіздім, қалаған оқу орнына түсіп, оны ойдағыдай аяқтап, қазір, міне, балабақшада қызмет етіп келе жатқаныма 11 жылдың жүзі болыпты.
Өз басым осы мамандығымды мақтан тұтамын. Балалармен жұмыс жасау – мен үшін үлкен бақыт. Өйткені мен олардың екінші анасымын десем де болады. «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында», – деп Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында өте орынды айтқан. Бала балалабақшаға келген күннен бастап тәрбиешінің назарында болады. Баланың жан дүниесін неғұрлым терең таныған сайын тәрбиеші оның тұлға ретінде жетілуіне септігін тигізе алады. Тәрбиеші жұмысының күрделі де қызықты екенін барлығымыз білеміз, әрине. Әрбір өткізген оқу-қызметі, тәрбие процесі баланың ақыл-ой парасатын дамыта білетіндей, баланың жас ерекшелігіне сай құрылса, баланың ынта – жігері артары сөзсіз. Өзімнің еңбек жолымда әрдайым балалардың тілін, ой-өрісін, сөз байлығын дамыту мақсатында ертегілерден қойылымдар ұйымдастыруға тырысамын. Себебі бала рөлде өзі ойнаса, сол кейіпкердің бойындағы барлық қасиет дағдыларын ой елегінен өткізіп саралайды. Ақылмен ойланады. Ол үшін тәрбиеші бойындағы асыл қасиет – ақыл-парасат болуы шарт. Баланың ішкі жан дүниесіне жол тартқан тәрбиеші ең нәзік те мөлдір, алайда, сонымен қоса, ең күрделі де жұмбақ әлемге енеді. Баланың жан дүниесін неғұрлым терең таныған сайын тәрбиеші оның тұлға ретінде жетілуіне септігін тигізе алады. Тәрбие процессі мен білім берудің берік дағдыларын қалыптастыру мақсатында ортаңғы топ тәрбиеленушілерін балабақша өміріне енгізудің өзі таңдаулы технология мен асқан шеберлікті талап етеді. Баланың «Мен бәрін де балабақшадан үйренемін» – деген үмітін анықтау ата-анасының, туған-туысының қатысуымен жүзеге асырылады. Мен ылғи да балалардың ата-аналарымен байланыста болып, оларды балабақшадағы түрлі шараларға белсенді қатыстырып отырдым.
«Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек» деп В.Маяковский дәл айтқан. Өйткені баланың мектепке дайындығын балабақшадағы әдіс-тәсілдерді ұштастыру арқылы жүзеге асыру – басты мақсатым. Осындай еңбектің жемісін көру үшін, тәрбиешілік жұмыс тәрбиешінің бойынан жігерлілік пен еңбекқорлықты қажет ететінін айқын аңғардым. Қайда да жігерлі еңбек етпей, айтарлықтай нәтижеге жету мүмкін емес. Ал тәрбиеші үшін бұл қасиеттердің түп негізі жауапкершілікте. Әрбір тәрбиеші алдындағы балалардың мінез-құлықтарын жатқа білуі керек. Олардың ата-анасымен қарым-қатынастары жақсы болса, тәрбиешіге маңыздысы осы дер едім! Өйткені тәрбиешінің жұмысын бағалайтын, бірден-бір адам – ата ана.
Тәрбиеленушілердің шығармашылы-ғын дамыта отырып, қазіргі заманғы педагогикалық теория мен практиканы басшылыққа алып, жұмыс жасаған қандай жақсы! Педагогикалық озық технологияларды оқу қызметі барысында жиі пайдаланып отырамын. Үнемі ізденісте жүремін.
Сәуір айында «Үздік тәрбиеші»» республикалық байқауына қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен мрапатталдым. Сонымен қатар тәрбиеленушілерімді де қашықтықтан өткізілетін республикалық деңгейдегі байқауларға жиі қатыстырып отырамын.
Алдағы уақытта көпеген жетістіктерге қол жеткізіп, өз мамандығымды абыроймен алып жүрсем деймін және барынша тырысамын. Мен мамандығымды құрметтеймін, сүйемін.
Гүлнар СҮЛЕЙМАНОВА,
«Шапағат» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі
Қазіргі таңда мектепішілік дебат технологиясын дамыту – өзекті мәселе. Себебі оқушылардың бойында саяси мәдениетті, өз әрекеті үшін және қоғам алдында жауапкершілікті, шығармашыл және сыни ойлау қабілетін қалыптастыру қажет. Осы мақсатта «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебінде қаңтар айынан бастап мектеп оқушыларымен дебаттық кездесулер өткізілуде. Жақында ZOOM платформасында «Жастарда патриоттық рух бар ма?» тақырыбында мектепшілік дебат турнирі өтті.
Турнирде 9-10 сынып оқушылары ой-пікірлерін ортаға салды. Бұл маңызды және қызықты тақырып қатысушылардың назарын аударды. Олар сұрақтарға белсенді жауап беріп, пікірталасқа қатысты өз идеяларын ұсынды. Дебатқа қатысушылар пікірсайыс барысында аргументтерді талқылауды ғана емес, сонымен бірге өмірдегі процесстерді сараптауды да меңгере түсті. Олар бұған өзекті тақырыптарды талқылай отырып, көз жеткізді. Дебат соңында Аяулым Баембетқызы спикерлерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді және пікірсайыс дағдыларын жетілдіру бойынша пайдалы кеңестер ұсынды.
Аяулым МУРУНБАЕВА,
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің
орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Бала – өмірдің мәні, адамның жаны. Сондықтан қазақ халқында балаға деген құрмет ерекше, оның тәрбиесіне баса назар аударылады. Себебі бүгінгі бала – ертеңгі ел тізгінін ұстар азамат. Осындай ел келешегін тәрбиелеуде балабақшалардың рөлі орасан зор.
6 жастағы Ердәулет Оралбай бүгінде Есік қаласындағы «Шапағат» бөбекжай балабақшасында тәрбиеленеді. Тәрбиешісі Айжан Бокаеваның айтуынша, Ердәулет балабақшадағы мерекелік шараларға белсене қатысып, өзінің талантымен талайды сүйсіндіріп жүр.
– Ердәулет бейнелеу өнеріне жақын. Осы бағыттағы бірнеше байқауларға қатысып, жүлделі орындар алды. Сонымен қатар, өлең оқуға, поэзияға бейім. Кейде мерекелік кештерде жаттаған өлеңін ұмытып қалған сәтте өзінің ойынан ұйқастырып, жалғастырып кетеді, – дейді Айжан Түргенбайқызы.
Балдырғанның қара өлеңге деген бейімдігі тегін емес. «Жігіттің жақсысы – нағашыдан» деп бекер айтылмаса керек. Кеген ауданында тұратын нағашы атасы Шеризат Мекебаев өмірін өлеңмен өрнектеген белгілі ақын.
«Атың жақсы болса,
Ер-жігіттің пырағы.
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы» – деген Төле би. Ата-анасының шырағы, мақтанышы болып жүрген Ердәулет «Жарқын болашақ» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының ұйымдастыруымен өткен «Жарық жұлдыз» байқауында үздік өнер көрсеткені үшін дипломмен марапатталған. Білімқұмар балаларға арналған «Үркер» зияткерлік марафонының жүлдегері. Сонымен қатар бүлдіршін балалар күніне орай ұйымдастырылған «Әрқашан күн сөнбесін» атты аудандық балалар шығармашылығының фестивалінде І орын иеленіп, білім бөлімі басшысының мадақтама қағазымен марапатталған.
Ердәулеттің бұдан бөлек жеткен жетістіктері жетерлік. Өнерлі де жігерлі балғын алдағы уақытта талай белестерді бағындырады деген сенімдеміз.
С.НҰРАДИН