Сейсенбі, 01 Маусым 2021 09:15

Сегіз қырлы Айзере

Өнерімен сүйсіндіріп, тамаша талантымен көпті таң қалдырып жүрген бүлдіршіндеріміз – біздің мақтанышымыз. Осындай өнерлі де өнегелі балдырған Шелек ауылындағы «Бәйтерек» бөбекжай балабақшасында тәрбиеленеді.

Айзере Ергазиева мектепалды даярлық «Раушан» тобының тәрбиеленушісі. Айзере – көптеген халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық конкурстардың жүлдегері. Ұстаздарының айтынша, кішкентай өнер иесі жан-жақты. Хореография, көркем сөз, сурет байқауларында биіктерден көрінген.

Өскенде өз елінің дамуына үлес қосып, халқына қызмет етуді мақсат еткен Айзере «Өрлеу» порталы ұйымдастырған А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған республикалық «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты байқауда жүлделі І орынды иеленген. «Жеті Өнер» орталығының «Адамзат сақшылары» тақырыбындағы сурет салу байқауында І орын алып, ұстаздары мен ата-анасының үмітін ақтаған. Сонымен қатар, бүлдіршін заманауи технологияларды меңгеруге де қызығушылық танытуда. «Жас ғарышкер» робототехника конкурсында І орын алып, «Kazdidаc» орталығының дипломымен марапатталған.

Қобыз атасы Қорқыттың «Өнегелі болса бала көрікті» деген нақылы осындайда айтылса керек. Жетекшісі Айнұр Жанаева Айзеренің болашағынан үлкен үміт күтеді. Балабақша ұжымы да осындай балғындардың өнерін шыңдауда, шығармашылығын дамытуда бар күш-жігерін салуда.

Жас та болса, талай шыңдарды бағындырып, тек биіктерден көрініп жүрген Айзереге алдағы уақытта тек жеңісті күндер тілейміз.   

С.НҰРАДИН

Жұма, 28 Мамыр 2021 09:30

Туған жерге тосын сый

Асысаға ауылының ыстық топырағына аунап, самал желіне еркелеп өскен перзенттері туған жеріне үлкен тарту жасады. Туған елге тағзым етуді ойға алған Төлен Қабылов атындағы мектептің 2001 жылғы түлектері,  қоңырау даусын соңғы рет жиырма жыл бұрын естіген оқушылар алтын бесік – ауылдарына сыйлық жасады.

Мектеп түлектері 20 жылдыққа орай ауылдың кіреберісіне мекеннің аты жазылған арка орнатты. Алып арканың биіктігі 5,5 метр, ені 8,5 метр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, жұмысты сыныптың жиырма үш жігіті қолға алып, аз уақытта аяқтаған. Бірақ туған жерге деген сый мұнымен шектеліп қалмады. 1964 жылы туған аға буындар қырық жылдықтың құрметіне ауылдың кіреберісіне демалыс орындығын (беседка) орнатты.

Бұл дәстүр туған жерде тұңғыш рет бастау алды. Әдетте, түлектер өз парталарына жайғасып,  мектеп қабырғасындағы қызықтарды еске алумен шектелетін. Бұл жолы бәрі басқа.

– Жұмысқа өз үлесін қосқан жігіттердің барлығы – осы ауылдың түлегі. Біз 1976 жылы ЖОО-ны бітірдік. Арман қуып, қалада қаламыз деген ой болмапты. Ауылды көркейту, жандандыру мақсатымен, туған елге қызмет етеміз деп оралдық. Туған жеріміздің гүлденуіне, ауыл шаруашылығына араласып, тынбай еңбек еттік. Әлі де солай. Қазіргі жасалып жатқан игі істердің барлығы біздің ауыл азаматтарының еңбегі. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» дейді дана қаза. Сол бірлік пен ынтымақтастықтың, татулықтың нәтижесінде осындай ауқымды істерді қолға алып, ойдағыдай аяқтадық. Бұл ісіміз өскелең ұрпаққа ғана емес, ауыл жастарына да үлгі болатынына кәміл сенеміз. Тарихта есімдері алтын әріппен жазылатын ерен еңбек иелері көбейе берсін деп тілеймін, – деді ауылдың құрметті азаматы Серік Бокиев.

– Бұл – тұрғындар мен түлектердің кеудесінде мақтаныш сезімін оятатын игі бастама. Оны кеңінен насихаттауымыз  керек. Түлектердің әрекетіне куә болған ауыл жастары ұйымдасып, ауылдың көркеюіне, ұлғаюына, көшелердің жарықтануына, таза болуына, жасыл-желекті көбейтуге, көгалдандыруға үлес қосамыз деп ниеттеніп отыр. Сол жастардың бетін қақпай, белін буып, қолдау көрсетуіміз керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметке берген тапсырмалары да ауылды көркейтуге бағытталған. Қазақ «Бір тал кессең, он тал ек» демей ме? Онсызда табиғаты тамаша ауылға көрік беретін құрылыс жұмыстарын жүргізсек нұр үстіне нұр болар еді. Біздің де мектеп бітіргенімізге келесі жылы 40 жыл толады. Осы дәстүрді жоғалтпай, ары қарай жалғастыру, жастарға ғибрат-өнеге беру – біздің басты міндетіміз – деп түлектерге шексіз алғысын білдірді мектептің 1995-2007 жылдар аралығындағы директоры Ысқақ Салманов.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Үкіметке «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру бойынша ұсыныс əзірлеп, оны 2019-2021 жылдары 90 млрд теңге көлемінде қаржыландыруды қамтамасыз етуді тапсырған еді. Ел экономикасын дамытуға арналған бұл жобаның жоғары нәтиже көрсетіп жатқанын жақсы білеміз. «Адам баласы  – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Біз кез келген ұлттың түп-тамыры ауыл жұртында жататынын естен шығармауға тиіспіз», – деген Елбасы сөзінде үлкен мән-мағына жатыр. Себебі, ауыл түлесе,қазақ қоса түлейді. Алайда, мемлекеттің тарапынан қолдау күтпей, өз қаражаттарын жинап, берекелі бастамаларымен бөлісіп, оны жүзеге асырған мектеп түлектерінің бұл берекелі істері барша азаматтарға үлгі болмақ.

Ілия СҰЛТАН

Жұма, 21 Мамыр 2021 15:09

Оқуға құштар колледж

ҚР Президенті  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасымен «Оқуға құштар мектеп,оқуға құштар ел» жобасы аясында  Есік гуманитарлық-экономикалық  колледж  кітапханасы  жоспар бойынша әртүрлі  іс-шараларды қашықтан  өткізуде.

«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге», – деп Абай Құнанбаев  айтқандай, кітап – өмір ұстазы. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес. «Өзіңді өзің тану үшін кітап керек, өзгені тану үшінде кітап керек». Шынымен де, кітап – адам баласының сан ғасырлық  ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Кітап – алтын қазына. Кітаппен оқырмандарды қауыштыратын рухани орда – кітапхана. Ол оқырмандар үшін үлкен тәрбие мектебі, білімділік, байлық пен біліктіліктің киелі ордасы, ақпарат, насихат орталығы.

Колледжде білімгерлерді рухани-адамгершілік құндылықтар аясында тәрбиелеуге ерекше назар аударылады. Қазіргі таңда колледж кітапханасының кітап қоры 46754 кітапты құрайды. Оның ішінде оқулықтар 41752, электронды оқулықтар 321 дана. Кітапханашылар кітап қорын толықтыру мақсатында «Атамұра». «Мектеп», «Фолиант», «Алматы кітап», «Бөбек» баспаларына тапсырыс беріп, студенттердің білім көкжиегін кеңейтуге барынша күш салуда. Біздің кітапханамыздағы жалпы оқырмандар саны 1 414. Кітапхананың 70 орындық оқу залында ғаламторға қосылған 6 моноблок,10 ноутбук, А4 форматта түрлі-түсті принтер, видеопроектор, түптеу, ламинадтау, көшірме аппараттары бар. Кітапханада екі жоғары білімді кітапханашы жұмыс істейді.

«Оқуға құштар мектеп, оқуға құштар ел» жобасы аясында кітапханада қордың электронды базасын қалыптастыру, білімгерлердің кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында барлық оқырман пайдаланатын QR кодталған кітаптар  бар. Оқырмандарға қажетті оқулықтар электронды түрде колледж сайтында жүктелген.

«Кітап – білім бұлағы,білім – өмір шырағы»деген қазақ даналығы бекер айтылмаса керек. Еліміздің болашағы жарқын болу үшін,ең алдымен жастарымыз білімді, кемел мінезді, ойы, сөзі, ісі бір,бәсекеге қабілетті, рухани деңгейі жоғары, кәсіби маман болуы қажет. Ол үшін кітап оқу керек.

 

Г.БИДАЙБЕКОВА, Ж.САЛАМАТОВА,

Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің

кітапханашылары

Сәрсенбі, 19 Мамыр 2021 16:11

«Көктем аруы-2021» байқауы өтті

Жақында қазақ қызының бойындағы әдептілік, көріктілік, инабаттылық, кішіпейілділікті таныту және көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білу мен мейірімділкке тәрбиелеу мақсатында Казатком негізгі орта мектебінде «Көктем аруы-2021» байқауы өтті.
Қазақ поэзиясының пырағы Тұманбай Молдағалиевтің туған топырағында сұлулық сынының өтуіне тәрбие ісінің меңгерушісі М.Б.Ибраимовпен және қыздар ұйымының жетекшісі әрі мектеп психологі мұрындық болды. Байқауда мектебіміздің 4-5 сыныптарынан 8 қыз бақ сынады. Аталған сұлулық бәсекесінде қыздар өздерінің жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнерін, өз бойындағы өнерін, табиғи дарынын сынға салды. Дода қортындысына сай бас жүлдені алып, 5 сынып оқушысы Жанерке Жұматай  топ жарса, І орын 4 сынып оқушысы Медина Қалибекке, ІІ орын 5 сынып оқушысы Інжу Қаділбекке, ІІІ орын 5 сынып оқушысы Бағымай Дәуренқызына бұйырды. Сұлуық сайысына қатысқан өзге бақ сынаушылар да «Өнерлі қыз», «Ерке қыз», «Білімді қыз» сияқты номинацияларды иеленді.
Мектебімізде өтіп жатқан әрбір іс-шара бала тәрбиесіне, оның болашақта елін, жерін сүйетін нағыз патриот болып өсуіне көптен-көп септігін тигізері сөзсіз.


А.Калдыкабакова,
Казатком орта мектебінің
педагог-психологі

Сәрсенбі, 12 Мамыр 2021 12:10

Мектепте медиаорталық ашылды

Бүгінгі білім берудің басты нысаны – әлемдік білім кеңістігіне кіру. Алғы шарт – қазіргі қоғам сұранысына сай білікті де білімді азаматтарды  тәрбиелеу. Мұндай тұлға өз ұлтының және өзге ұлт өкілдерінің мәдени құндылықтарын қастерлейтін, саналы деңгейде пікірлесе алатын дәрежеде болуы керек.

Елімізді өркендету – қазіргі ұрпақтың қасиетті борышы. Мемлекетіміздің келешегі – жастар. Еліміздегі бастамалардың барлығы жас буынның жарқын болашағы үшін қолға алынды. Мемлекет басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Балалар үшін қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды» деген сөзін басшылыққа ала отырып, бүгінде Д.Қонаев атындағы орта мектепте мектеп директоры Римма Ахметованың бастамасымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Altyn   urpaq» медиаорталығы ашылды.

Медиаорталықтың мақсаты – оқушылардың коммуникативті іскерлігі мен  дағдыларын, АКТ құзыреттіліктерін қалыптастыра отырып, ой-өрісінің  дамуына  мүмкіндік беру, шығармашылық жұмысқа баулу.

Бала жастайынан бір нәрсеге қызықпаса, не шығармашылыққа, не спортқа, не қолөнерге, не техникаға бейім болмаса, оның болашағы күмән тудырады. Сондықтан балаларымыздың қызығушылығын оятуымыз керек. Оның түрлі жолы, механизмі бар. Соның бірі – баспасөз бен кітап.

Бүгінде мектеп ұжымы мен оқушылар «Altyn Urpaq» медиаорталығының YoutTube мектепішілік каналында «AQPARAT»,  «Syr-suhbat»,  «Sport  zhanalyktary», «Sen bilesin be?», «Ashyq microphone» бағдарламалары бойынша жұмыс істейді. Мектепішілік каналда қазіргі уақытта екі жүзден астам  оқырман бар. Болашақта YouTube желісінде тікелей эфирде республикалық  деңгейде конференция, вебинарлар және т.б.  іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз.

«AQPARAT» бағдарламасы апта сайынғы мектепішілік жаңалықтарды таратады. Бағдарламаның мақсаты – мектепішілік бақылау, жалпыға білім беру үрдісі, әдістемелік жұмыс, тәрбие ісі, педагог-ұйымдастырушылық, әлеуметтік жұмыстар, инклюзивті білім беру және мектеп тренерлері мен тәлімгерлер, мұғалімдер мен оқушылардың атқарған жұмыс барысымен таныстыру. Бағдарлама жүргізушісі – педагог-ұйымдастырушы, физика пәнінің жас мұғалімі Ботакөз Минажат.

«Syr-suhbat» бағдарламасының мақсаты – студия қонағын оқушыларға таныстыра отырып, оның бойындағы адами қасиеттерді, қонақтың білім-білігі мен өнерін, еңбек жолы мен өмірлік тәжірибесін оқушыларға үлгі-өнеге ету. «Syr-suhbat»-тың жас тілшісі – 2 «Г» сынып оқушысы  Кец Богдан. Бағдарламаның 1,2-шығарылымында директордың оқу-тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары Г.Актамкулова, көркем гимнастикадан халықаралық турнир жеңімпазы, спорт шебері 10 «Б» сынып оқушысы В.Преснова қонақта болды.

«Sport  zhanalyktary» бағдарламасының мақсаты – жас спортшыларды қолдау және жетістіктерін үлгі ету, оқушыларды саламатты өмір салтын ұстануға және ерік-жігерін, спортқа деген қызығушылықтарын оятуға бағытталған. Бағдарлама жүргізушісі дене шынықтыру пәнінің жас мұғалімі, республикалық  үстел теннисі турнирінің жүлдегері –Беглан Түгелбай.

«Sen bilesin be?»  танымдық бағдарламасы оқушылардың  өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, ғылыми жобалар мен зертханалық   жұмыспен айналысуға мүмкіндік береді. Жас ізденімпаз тілшілер – 10 «А» сынып оқушылары Лейла Ажмахан, Бекарыс Шерман, Дильназ Рахым және т.б..

Әлеуметтік-психологиялық әдіс негізінде құрылған «Ashyq microphone» бағдарламасының тілшісі – 11 «А» сынып оқушысы Айкерім Құттыби. Бағдарлама мақсаты – мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылардың белгілі  бір  тақырып төңірегінде ой-пікірімен бөлісіп, өз ұсыныстарын білдіру және кері байланыс жасау.

«Altyn Urpaq »  медиаорталығының  онлайн  ашылу салтанатына белгілі азаматтар қатысып, ақ тілек пен ізгі ниеттерін білдірді. Қазақстан  Республикасы Орталық сайлау комитетінің мүшесі, саяси ғылымдарының  докторы, профессор Венера Жексембекова, Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің басшысы Бәтес Аманова, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері  университетінің профессоры, саяси ғылымдарының докторы Толқын Әуелгазина, 31 арна тележүргізушісі Ерқанат Көпжасарұлы, Алматы облыстық Жетісу телеарнасының жаңалықтар бөлімінің тілшісі Құрманжан Қасымжанұлы, Еңбекшіқазақ аудандық  білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі маманы Алма Унакбаева, Түрген ауылдық округінің әкімі Ержан Карибаев, психология  ғылымдарының кандитаты, мектеп жанашыры, жеке кәсіпкер Абубекир Чикаев, «АХЫСКА» этно-мәдени орталығының төреғасы Нурмухамед Кулаев, Голландиядан  онлайн  тікелей байланысқа шыққан тілші, публицист Инна  Климова-Мербург пен өзге де қонақтар медиаорталықтың салтанатты ашылуымен құттықтап, ақжарма тілектерін айтты.

Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Олай болса, білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы. Ақпараттық білімнің, орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді ету және жаңа ақпараттық қоғамда ақпараттық технологияны пайдалану, ақпараттық мәдениетпен байланысын кеңейту мүмкіндіктері мол. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді.

«Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты.

Мен жастарға сенемін!» деп Алаштың  арысы, жақұт жырдың жүйрігі, ақын  Мағжан ақынымыз айтқандай, көздерінде от, сөздерінде жалыны  бар  жастарымыз көп болғай!

 

Ботакөз Минажатқызы,

Д.Қонаев атындағы орта мектептің

педагог-ұйымдастырушы

 

Бейсенбі, 06 Мамыр 2021 10:22

«Бәйтеректегі» дарынды бүлдіршін

Қазақ халқының нағыз азаматын тәрбиелеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп – ол балабақша. Балабақша келер ұрпақты еңбекке, өнер-білімге, елінің ар-намысын қорғауға және ізгі адамгершілік ниеттерге баулиды.

Шелек ауылындағы «Бәйтерек» бөбекжай балабақшасы балалардың шығармашылық қабілеттін, ақыл-ойын жетілдіруге, оларды ары қарай дамыту бойынша жан-жақты жағдай жасап келеді. Тәрбиеленушілердің  дарыны мен талантын, шығармашылық қабілеттерін анықтаудың жолдарын зерделеу барысында балабақшада жоғары дәрежелі педагогтар музыкалық, зияткерлік-шығармашылық, логикалық-психологиялық жағынан көп жұмыс жасайды. Мектепке дейінгі білім беру стандарты  бойынша пәндер тереңдетіліп оқытылады. «Үйренер нәрсең – білім мен мейірімділік» – деп, Жүсіп Баласағұн айтқандай, балабақша ұжымы әрбір күнін ізденіспен өткізеді.

Балабақша ұжымы жасаған осындай нәтижелі еңбек өз жемісін беруде. Балабақшада тәрбиеленетін дарынды балалардың бірі, конкурстық жүлделердің лауреаты  Милат Имран Рахматулин.  Милат 40-тан астам түрлі жанрдағы, хореография, сөз өнері, театр, аспаптық жанр сияқты байқауларға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. Сондай-ақ қазақ халқының ұлттық  салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптеу  мақсатында түрлі фото көрсетілімдерге қатысқан. Сонымен қатар, баланың бейнелеу өнеріне, музыкаға деген қызығушылығы жоғары және бояулармен, кескіндемемен жұмыс жасай алады, 5 түрлі музыкалық аспапта ойнайды. 

Милаттың осындай жеңіске жетуіне тәрбиешісі Динара Алдабекова мен музыка жетекшісі Гухарбуви Искакованың қосқан үлесі зор. Тәрбие беруде  жас та болса біршама жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Тәрбиешілер үнемі, шығармашылық ізденіс жолында. Балалардың жан-жақты дамып, үйлесімді тұлға болып шығуына жағдай жасауда.

Балабақшаның балаға беретін тәлім-тәрбиесінің қаншалықты мықты болуы, сол балабақшада қызмет ететін педагогикалық ұжымға, нақтырақ айтар болсақ, ұстазға байланысты. Тағы бір ерекше атап өтетін жағдай, Милат Имранның табиғи қабілеттерін дамытуда оның анасы Сәния Рахматулинаның еңбегі зор.

 

Ілия СҰЛТАН

Бүгінде  бәріміз қасиетті қазақ топырағында  бір шаңарақтың астында тату-тәтті өмір сүріп келеміз. 130-дан астам ұлт өкілдері бірге тұрып, бірге жасап, бір мақсатта жұмылып өмір сүргені Елбасымыздың сарабдал  саясатының  жемісі болса керек.

«Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген дана халқымыз. Ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластық бар жерде қашанда нәтижелі жұмыс болары белгілі. Бүгінде ұлттар тұтастығымен, халықтар достығының арқасында мемлекетіміз ілгері басып дамып келеді. Ырыс төгетін ынтымақтың кілті – ауызбіршілікте екені аян. Бүгінде  өз ауылымда бірнеше ұлт өкілдері тұрады. Біз оларды туғанымыздай көреміз. Тіпті, олар қазақ тілінде сөйлейді. Бір халық ретінде ұйымшыл болып, бір-бірімізге көмектесіп жүреміз.

 

 Айзере АМАНГЕЛДІ,

Нұрлы орта мектебінің  10 «А»

сынып оқушысы

Тәуелсіздік – ең алдымен ұлтымыздың бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың   бүлкіндей естіледі бізге.

Жақында Қазақстан Республикасы  тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп-мектеп жанындағы интернатымен және Қызылқазақ бастауыш мектебінде  5-10 сынып оқушылары арасында «Қазақстанның ғажайып жауһарлары» атты республикалық сурет байқауы өткізілді. Аталған байқауға  оқушылар белсене қатысты. Сондай-ақ көптеген оқушылардың туындылары «Дара бала», «Балалар әлемі» журналында жарық көрді. Сонымен қатар, «Тәуелсіз елдің асқақ рухы», «Ана тілім –айбыным», «Тілге құрмет – елге құрмет» тақырыптарында республикалық эссе  байқауы өткізілді. Бұл байқауға мектеп оқушылары А.Дәулет, С.Несіпхан, А.Орынбек қатысты. Үкілеген үміттеріміз қарымы мен дарынын көрсетуге күш салды.

Мектебімізде технология пән мұғалімі, желтоқсан оқиғасының қатысушысы Камшат Рахимова  жастарға  желтоқсан оқиғасының тарих тағылымында алар орнының ерекше екенін әрдайым айтып отырады.  Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс.Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн.

Жанар ДОСАНОВА,

қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Алматы облысында білім беру салаларында 34 мемлекеттік қызмет белгіленген. Оның 30-ы автоматтандырылған, 4-уі қағаз түрінде көрсетіледі. Бұл туралы облыстық білім басқармасымен өткен баспасөз-мәслихаты барысында белгілі болды.
Өткен жылы білім басқармасы және басқармаға қарасты облыстық мекемелер, аудандық, қалалық білім бөлімдері 170 306 мемлекеттік қызмет көрсетсе, аталған сала бойынша өңір тұрғындары жыл басынан 57 766 мемлекеттік қызмет түріне жүгінген.
Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес, бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталып, 1 тамызға дейін жалғасады.
«2020-2021 оқу жылында 1 сыныпқа 47 007 бала қабылданса, ағымдағы жылға 1 сыныпқа 49 000 жуық бала қабылдау жоспарланып отыр. Құжаттарды egov.kz арқылы және қағаз жүзінде беруге болады»,- дейді Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Сүлейменова.
Биыл білім беру саласына қатысты 9 мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыс әкімдігінің ведомстволық бағыныстағы мекемелерінің орталықтандырылған деректер базасы арқылы алуға да болады. Ол «е-zhetysu.kz» порталы деп аталады. Жүйеде 1328 мектепке дейінгі ұйым мен 721 мектеп тіркелген.
Осы уақыт аралығында бұл жүйенің көмегімен 69 774 бала жолдама алып, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып үлгерген.

 

А.Сабырова

Қазақ халқы ежелден қазақи, ұлттық мәртебесі жоғары, тәлім-тәрбие мен ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын мейрамдарды ежелден тойлап келеді. Жері жайсаң,шөбі шүйгін,ұлы дала құшағында тербетіле тойланатын мейрамдар саны жетерлік. Соның ішінде көктемнің алғашқы айында ырыс-береке шашылып, ән мен күй төгілетін «Наурыз» мейрамы әр қазақтың шаңырағында атап өтілетіні белгілі.
Наурыз мейрамы-сан ғасырдан бастау алып қалыптасқан,жыл басы ретінде тойланатын мейрам.Наурыз айының 22- ші жұлдызы күн мен түннің теңеліп, «Жуанның жіңішкеріп,жіңішкенің үзілер шағы» болып саналады. Мейрам күні барша жұрт бір-бірімен төс қағыстырып,жылы лебіздерін білдіріп ләжі болса барлық өкпе-реніштерін ұмытуы шарт.
Ұлыстың ұлы күнінде қазақ даласына 6-12 қанатты қазақ үйлерді тігіп,ақ сақалды қариялар мен ақ жаулықты әжелеріміздің ақ батасын аламыз.Сонымен қатар кең дала төсіне құрылған алтыбақанда тербеле ән шырқап,асыр сала қазақ халқының ұлттық ойындарын ойнап,тәтті тілеу көжеден дәм татып бір серігіп қаламыз.Ауылдан-ауылға мерекемен құттықтап мейман болып,кәделі асқа Наурыз бата беріп,қазан-қазан Наурыз көже ішіп жатқан халықты көргенде кеудемізді қуаныштың лебі шарпып өтетіні айдан анық. Атам қазақтың ежелгі тарихынан бері атап өтіліп келе жатқан мейрамды қазіргі жас ұрпақтың ұмытпай,елеп ескеріп жатқандығы үлкен мәртебе!
Қазақ халқының басы бір дастарханда жиылып,мейрамды тойлап жұдырықтай жұмылғаны ұлттың мәртебесін көтермесе,төмендетпесі сөссіз.Салт пен сананы,ұлт пен ұлысты біріктірген «Ұлыстың ұлы күні» баршамызға құтты болсын!



Мөлдір Сәрсен
Рахат орта мектебінің
10 «А» сынып оқушысы

Соңғы жаңалықтар

Шіл 04, 2025

Saqtan: молодежь Алматинской области…

Қонаев - Илийский-Карасайский районы - масштабная антинаркотическая акция, направленная…
Шіл 03, 2025

«Жіті ішек жұқпалары, алдын алу мен…

Жіті ішек жұқпалары – дегеніміз бұл бактериялар, вирустар, қарапайымдылар тудыратын және…
Шіл 03, 2025

Эхинококкоз және оның алдын алу…

 Эхинококкоз – созылмалы ағымымен, ағзаның аллергиясымен және бауырдың, өкпенің және…
Шіл 03, 2025

Хиджама жасатуға жүгінетіндерге…

Хиджама — бұл ағзадан лас қанды шығару арқылы емдейтін дәстүрлі емес емдеу әдісі. Бұл…
Шіл 03, 2025

На Капчагайском водохранилище…

5–6 июля на Капчагайском водохранилище состоится международный заплыв OCEANMAN-2025 —…
Шіл 03, 2025

ХАБАРЛАНДЫРУ «ҮЛГІЛІ АУЫЛ»…

Алматы облысының тұрғындары мен ауылдық округ әкімдіктерінің назарына! Қазақстан…
Шіл 03, 2025

«ŪMTYLYS» байқауы

«ŪMTYLYS» байқауы – жастар үшін жаңа серпінАлматы облысында алғаш рет жастармен жұмыс…
Маус 30, 2025

Тазалық тәртіптен басталады

Табиғат – Жаратушының ең көркем жаратылыстарының бірі. Адам күнделікті күйбең тіршіліктен…
Маус 26, 2025

Начало было в 30-х продолжение в…

Если театр начинается с вешалки, завод с проходной, то газета – с людей и событий,…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет