Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Қазақстанда саламатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.
Пандемия кезіндегі зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында М.Ломоносов атындағы орта мектебінде онлайн режимде «Қыз бала. Қоғам. Отбасы» апталығы өтуде. Іс-шара аясында «Бақытты балалық шақ» сурет салу мен «Біз және мода» бейнебаян байқаулары, «Өзгеге жақсылық тілей отырып, өзіңе бақыт сыйлаймын» тақырыбында әдеп сабағы өткізілді.
Аталған апталықтың барлық мазмұны әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт — қыздарға берілетін тәлім мен тәрбие арқылы өлшенетіндігі,«қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылатын анықтмалардың сыр-сипатына бағытталды. Шара барысында нәзік жандылардың құқығын қорғау мен өмірін аялау мәселесі де көптің талқысына салынды.
Айнаш ЖАНАТОВА,
М.Ломоносов атындағы орта мектептің мұғалімі
Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады. Соның бірі-өнер.Осы өнер арқылы өмірдің кең тынысы, тіршілік құбылыстары, адамның әр түрлі сезімі бейнеленеді. Әрбір адамның құдай берген өнері немесе дарыны болады. Міне, сондай өнерлі, дарынды ұстаз Балтабай орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Әділжан Әкімжан.
Өнерлі жан өзіне ғана емес, өзінің білім алушыларына да бақыт сыйлай алады. Жоғарыда айтылған мәліметтерге негіз ретінде Әкімжанның шәкірттерінің бірнеше байқауларда қол жеткізген жетістіктерін айтуға болады. Елімізде болып жатқан қиыншылықтарға қарамай, қашықтықтан байқауларға қатыстырып, шәкірттерінің өнерге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Ұстаз – ұлы тұлға» Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы онлайн өнер байқауында шәкірттері жүлделі орындарға ие болды. Әзілұлы Ақеділ - бас жүлде, Нұрболқызы Элмира – 1-орын, Қадыр Тамара – 1-орын, Оңалқызы Жұпар - 1-орын, Мұхтар Еркеназ – 2-орындарға ие болды. Осы кезге дейін көптеген шәкірттері де біршама жетістіктерге қол жеткізген. Ал өзінің жетістіктері қаншама:I, II , III, IV Республикалық «Ұлы дала ұрпағы» байқауларынан шәкірттерін ынталандырып, таланты мен білімін жетілдіруге атсалысқаны үшін сертификат, алғыс хат, диплом, құрмет громатасы мен төс белгісімен марапатталған.
Б. Момышұлы айтқандай «Өнер адамның рухани азығы, ол халықтың бүгіні мен келешегі, арманы мен қиялы, жалпы болмысы». Өз жолында өз орнын таба алған ұстаз.
Бағиля ТОҚҚОЖАҚЫЗЫ,
Балтабай орта мектебі, Көркем еңбек, музыка пән бірлестігінің жетекшісі
«Жетімді жылатпа, жесірді қаңғытпа» дейді ата-бабамыз. Өзгенікі деп өзектен теппей, қамқорсыз қалған баланы бауырына басып, отауын тігіп, еншісін беруді парыз санайтын ұлттың ұрпағымыз. Қанға сіңген бұл қасиеттің қадірін жастарға түсіндірудің орны бөлек.
Осы орайда «Қамқоршы күнін» атап өту елімізде дәстүрге айналды. Бұл игі істің басты мақсаты – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан қамқоршыларды қолдау, өздерінің отбасыларына балаларды алуға ниет білдіретін азаматтардың санын көбейту бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Мереке қарсаңында Абыхан Жексембеков атындағы орта мектептің әкімшілігі тағдырдың тауқыметін арқалап, сәби шағынан ата-анасыз қалған балаларды бауырына басып, мейірімділік танытып отырған мейірімді жандарды құттықтап, сый-сияпат жасады. олардың үйлеріне арнайы барып, балаларға жасап отырған қамқорлығын ерекше атап, алғысын айтқан мектеп директоры Гүлбахыт Қасымжанова Мамир Мустафаев пен Тоқта Еримбетоваға Алғыс хат тапсырды.
Алақан жылуын, мейірімділікті аңсаған әрбір жанның жүрегіне жылулық ұялатып, бақыт сыйлап отырған барша азаматтарға алғыс білдіреміз. Болашағымыз жарқын, ұрпағымыз бақытты болсын десек, бір-бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямайық, ағайын!
А.Қуатбаева,
А.Жексембеков атындағы орта мектептің
әлеуметтік педагогі
В рамках программы «Дорожная карта занятости», в Енбекшиказахском районе ведется капитальный и текущий ремонт 47 объектов образования. На сегодняшний день завершается ремонт двух средних школ «Аймен» на 420 мест и сш. имени Жандосова на 600 мест обучения.
О том, какая работа проведена в рамках государственной программы, на выездном брифинге «JETISÝ MEDIA» проинформировал аким Енбекшиказахского района Куанышбек Кашкимбаев.
По словам главы района, из заявленных 109 проектов по программе «ДКЗ», 80 уже построены и готовы к эксплуатации. Общая стоимость проектов составила 8 млрд. 972 млн. тенге.
«По районному бюджету проходит 7,1 млрд тенге, 1,8 выделены из областного бюджета. Большой упор сделан на объекты образования и дорожной инфраструктуры. Средняя школа «Аймен» прошла полную реконструкцию, на ее ремонт было выделено 437 млн. тенге. А в школе имени Жандосова реконструировали кровлю, за 68 млн.тенге. До конца года планируем сдать все объекты по дорожной карте занятости в народное пользование, кроме двух переходящих на следующий год», - отметил Куанышбек Кашкимбаев.
Следует отметить,что в районе выполнены все работы по строительству автодорог, они будут открыты уже к концу ноября.
Подчеркнул глава района также, что самый крупный проект, завершение которого планируется в 2022 году, реализован уже на 60% процентов.
«Енбекшиказахский групповой водовод – это 40 км централизованной системы водопровода. Он обеспечит водой 105 тысяч жителей района или 9 населенных пунктов, в том числе город Иссык. Мы выполнили план по созданию рабочих мест. В районе на сегодняшний день, через центр занятости создано порядка 880 мест. По завершению всех вижов работ, будет создано 250 постоянных рабочих мест», - подытожил аким Енбекшиказахского района Куанышбек Кашкимбаев.
29 қазан – Қамқоршылар күніне орай, әрі «Мейірімділік», «Ашық жүрек» қайырымдылық акциялары шеңберінде мектебімізде «Қамқорлығыңызға мың алғыс» тақырыбында үлкен іс-шара өтті.
Мақсатымыз – қайрымдылық, жақсылық жасау дәстүрлері жайында оқушыларға түсінік беру, оларды халқымыздың қайрымдылық дәстүрін жалғастыруға бағыттау. Сондай-ақ аз қамтылған және көпбалалы отбасыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, үйден оқитын балаларға көмек көрсету. Қамқорсыз қалған балаларды тәрбиелеп,бауырына басып отырған қамқоршыларды төл мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар табысталды. Денсаулығына байланысты үйде отырып оқитын оқушыларымыз да сырт қалмады. «Ашық жүрек» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі балалармен әңгіме жүргізіп, ой-тілектерімен таныстық. Сондай-ақ мектеп қабырғасында ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға қатыстырып, оларға сыйлық берілді.
Адам өмірі екі нәрсемен қартаймайды, біріншісі – қайырымды ісі, екішісі – жүректен шыққан жылы сөзі. Әрқашанда бір-бірімізге жылы сөз айтып, бір-бірімізге қайрымды болайық.
Н. Джилгельдиева,
О.Жандосов атындағы орта мектеп директорының
тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары
Сенат депутаттары контингенті 181-ден 600 адамға дейінгі, бір сыныптағы балалардың саны 15 оқушыдан аспайтын ауылдық жерлерде орналасқан мектептердің жұмысын кезең-кезеңімен қайта бастауға қатысты депутаттық сауал жолдаған еді. Осыған байланысты ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді. ІІ тоқсанда контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептер дәстүрлі оқыту форматына көшірілетінін айтты.
«Үкімет мектеп оқушыларын қашықтан оқытуға көшіру туралы шешімді факторлар кешенін, оның ішінде мектеп оқушылары арасында COVID-19-дың таралуының эпидемиологиялық тәуекелдерін, бастауыш сынып оқушыларының қашықтықтан оқытуға бейімділігін, мектептердің шамадан тыс тығыздалуын қоса алғанда, материалдық-техникалық жарақтандырылуын ескере отырып қабылдады. Мектептерде балалар арасында сырқаттанушылықтың алдын алуына бағытталған негізгі шаралар сыныпта және мектепте көп жиналуға жол бермеу, оқу және үзілістер кезінде қашықтықты сақтау мүмкіндігі, мектепте маска режимін және эпидемияға қарсы қатаң шараларды сақтау болып саналады. Бұл ретте, оқушылардың, әсіресе орта және жоғары сынып оқушыларының мектепте көрсетілген талаптарды сақтауын қамтамасыз ету айтарлықтай күрделі. Бұдан басқа, карантин режимінің белгіленген талаптары сақталмаған кезде жабық үй-жайларда балалардың көп шоғырлануы аурудың таралу қаупін тудырады», - дейді Үкімет басшысының орынбасары депуттарға қайтарған жауабында.
Сонымен қатар ол бастауыш сынып оқушылары ата-аналарының өтініштері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, кезекші сыныпта білім алып жатқанына назар аудартады. Бұл ретте сыныпты 15 баладан кіші топтарға бөлу, ауысымдар мен кіші ауысымдардың санын ұлғайту, кабинеттік жүйені алып тастау, әр түрлі уақыттағы үзілістер, біржақты қозғалыс жүйесі, кіреберісте күнделікті температураны өлшеу, сыныптағы балалардың жай-күйін бақылау, желдету, кварцтау, үй-жайларды ылғалды жинау, медициналық кабинеттер мен изоляторлардың үздіксіз жұмыс істеуі, мектепте қатаң маска режимі қамтамасыз етілген.
«Бұдан басқа, жіті респираторлық инфекциялардың күтілетін ағымдық жағдайында ұйымдастырылған жабық ұжымдарды қалыптастыру коронавирустық инфекцияның берілу тәуекелін едәуір арттыратынын атап айту керек, бұл инфекцияның білім алушылар, педагогтар мен ата-аналар арасында тез таралуына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі барлық мектептерді штаттық оқыту форматына көшіруді ерте деп санайды. Бүгінгі күні бірқатар шет елдерде (Германияда, Ресейде, Англияда, Польшада, Францияда, АҚШ-та, Оңтүстік Кореяда, Үндістанда) күндізгі оқу кезінде коронавирустың тез таралуына байланысты мектептер карантинге жабылуда», - дейді ол.
Үкімет басшысы орынбасарының дерегінше, осы жылғы 25 қазанда елімізде оқушылар арасында COVID-19 ауруының 298 жағдайы тіркелді. Оның 127-сі офлайн режимде және 171-і қашықтан оқыған.
«ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2020 жылғы 26 қазанда 2020-2021 оқу жылының екінші тоқсанынан бастап контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерді дәстүрлі оқыту форматына көшіру, ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқытуға рұқсат ету туралы шешім қабылдады. Білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ету, қашықтықтан оқыту кезеңінде балалардың біліміндегі ықтимал олқылықтардың орнын толтыру мақсатында Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп негізгі пәндер бойынша білім қималарын диагностикалау, балалардың оқу жетістіктерін ата-аналарға түсіндіру, артта қалған оқушылар үшін жеке консультациялар, каникулдық мектептер және ата-аналар мен балалардың қалауы бойынша консультациялық онкүндіктер өткізу бойынша жұмыс жүргізуде», - дейді Ералы Тоғжанов.
Премьер-Министр орынбасары еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі халық арасында, оның ішінде мектеп оқушылары мен білім беру ұйымдарының персоналы арасындағы сырқаттанушылыққа күнделікті талдау жүргізетіндігін, мектептердің карантин режимінде жұмыс істеуге дайындығын бағалайтындығын атап өтеді.
«Осының бәрін ескере отырып, ДСМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қаулыға контингенті 300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерді дәстүрлі оқыту форматына көшіру, 1-5 сыныптардың кезекші сыныптарында (ата-аналардың өтініші бойынша), халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін (2020-2021 оқу жылының екінші тоқсанынан бастап) оқытуға рұқсат ету бөлігінде өзгеріс енгізеді», - дейді Үкімет басшысының орынбасары.
«Әліппені» енгізу 2021-2022 жылға жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлім етті.
«Әліппенің» оқу бағдарламасына қатысты оқулықтар әзірлеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстың соңы ретінде 2021 жылдың қаңтар айынан бастап оқулықтар апробацияға енгізілетін болады. Ол үшін Білім және ғылым министрлігі апробация өткізетін пилоттық мектептердің тізбесін бекітті», – деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде.
Осы бекіткен тізбеге байланысты барлық мектепте «Әліппе» бағдарламасы зерделенеді. «Одан кейін оқулық даярлаудың барлық кезеңдеріне байланысты толық талдау жасау жұмысы жүрігізіледі. Сараптамадан өткен оқулықтар жаңа оқу жылында енгізіледі. Жалпы, «Әліппені» енгізу 2021-2022 жылға жоспарланған», – деді Шолпан Каринова. Оның айтуынша, «Әліппе» Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде дайындалады.
ХХІ ғасырдағы адамдар дүкендердегі азық-түліктерге дағдыланған, табиғат аясында оардың көпшілігін танымауы мүмкін. Қарапайым азықтардың дүкен сөрелеріне келместен алдынғы көріністерін ұсынамыз.
Күріш 10-12 °C температурада тікелей судан өніп өседі.
Әлем халқының жартысы осы өсімдікпен тамақтанады.
Жабайы күрішті есепке алмағанда, әлемде күріштің 7 мыңнан астам сұрыптары бар.
© VidaHawaii / Shutterstock © zhao jiankang / Shutterstock © Swapan Photography / Shutterstock
Күнжіттің тағы бір атауы — сезам.
«Әли Баба және қырық қарақшы» ертегісінде «Сим-сим, ашыл!» деген сиқырлы сөзде күнжіт туралы айтылған. Ертегінің авторы үңгірдің ашылу дыбысын піскен күнжіт тұқымы қауашағының жарылғандағы дыбысына теңеуге тырысты деген нұсқа бар.
© RAMLAN BIN ABDUL JALIL / Shutterstock © nnattalli / Shutterstock © DW art / Shutterstock
Какао ағашының жылдық түсімінен (шамамен 30 жеміс) әрқайсысы 100 г болатын 4 шоколад дайындауға болады.
Какао ағашы егілгеннен кейін 3-4 жылдан кейін ғана жеміс бере бастайды.
Үгітілген какао-атбас бұршақтарынан, какао майы және қанттан үйде шоколад жасауға болады.
© nnattalli / Shutterstock © Denys Dolnikov / Shutterstock
Көптеген Еуропа елдерінде және АҚШ-да қарақұмықты дүкендерден табу мүмкін емес. Оны түрік дәні деп атайды, көбінесе жануарларды қоректендіреді.
ТМД елдерінде, Польшада, Қытайда, Кореяда, Жапонияда және Үндістанда қарақұмық — танымал өнім. Сонымен қатар қарақұмық өте пайдалы.
© pokku / Shutterstock © epsylon_lyrae / Shutterstock
Алғаш рет брокколи туралы атақты Рим ғалымы Гай Плиний Секунд I ғасырда жазған. Ол бұл көкөністі «берекелі өсімдік» деп атады.
Брокколидің құрамында адамға қажетті барлық дәрумендер бар, холестеринді төмендетеді, сұлулық кепілі және тіпті қатерлі ісік ауруынан қорғайды.
Бұл қырыққабат Қытайда көп өсіріледі.
© Davis Dorss / Shutterstock © tirtaperwitasari / Shutterstock
Ваниль — орхидеяның бір түрі. Осыған байланысты оны өсіру қиын.
Бұл әлемдегі ең қымбат дәмдеуіштердің бірі.
XIV ғасырда ацтектер ваниль шыбықтарын ақша ретінде қолданған.
Ваниллин — бұл синтетикалық ванильді алмастырғыш, оның ванильге ешқандай қатысы жоқ.
Ванильдің иісі бақыт гормоны деп аталатын серотониннің пайда болуына ықпал етеді.
© xander / Shutterstock © Poring Studio / Shutterstock
Зімбір жад пен зейінді жақсартуға көмектеседі. Себебі ол мидың қан айналымын жақсартады, қан тамырларын нығайтады және қысымды төмендетеді.
Бұл тамырды ұзақ уақытқа мұздатуға болады, мұздатылғанда ол өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтпайды.
© D. Gordon E. Robertson / Wikipedia © Sibusky / Shutterstock
Зығыр тұқымдарын кез-келген тағамда қолдануға болады, әсіресе ботқа мен салаттарда.
Бактериялар зығырмен жанасудан өледі, сондықтан оны табиғи антисептик деп атайды.
Зығырдан жасалған төсек жаймасында ұйықтау иммуноглобулин А деңгейін жоғарылатады.
Агар-агар
© Eric Guinther / Wikipedia © CityMama / Wikipedia
Агар-агар — желатинді алмастырғыш өсімдік.
Ол қызыл және қоңыр балдырлардан алынады.
Огонори — агар жасау үшін қолданылатын ең көп таралған қызыл балдырлар.
© Philippe 1 bo / Shutterstock.com © Gts / Shutterstock.com © Philippe 1 bo / Shutterstock.com
Запырангүл (шафран) — әлемдегі ең қымбат дәмдеуіш.
1 кг запырангүл (шафран) алу үшін 100 000 - 300 000 гүл жинау керек.
Запырангүл керемет консервант. Запырангүл қосылып дайындалған тағамдарды ұзақ уақыт тоңазытқышта сақтамауға болады.
Теріден жасалған құлаққап
15 жастағы америкалық Честер Гринвуд 1873 жылы суықта қолдануға болатын құлаққап ойлап тапты. Әжесі бұл құлаққаптың сыртын кәмшат терісінен, ішкі жағын барқыттан тігіп берді. 1877 жылдың 13 наурызында Честер өз өнертабысын патенттеу мүмкіндігіне ие болды. Ол өмірінің соңына дейін құлақты сыртқы шудан, суықтан қорғайтын жаңа заттар шығарумен айналысты. 1977 жылдан бастап Мэн штатында өнертапқыштың құрметіне «Честер Гринвуд» (21 желтоқсан) күні атап өтіледі.
Қалың қарда жүруге арналған көлік
Канадалық Жозеф-Арман Бомбардье 15 жасында, яғни 1922 жылы бір аптаның ішінде ескі «Форд» автокөлігінің бөліктерінен қалың қарда жүруге арналған көлік жасап
шығарды. Құрылғы шамамен бір миль жерді жүріп өткен. Ағасы Леопольд табанына байланған екі арқан арқылы құрылғыны жүргізсе, Жозеф-Арманның өзі қолдан отын салып отырды. Кейін өнертапқыш басқа техникаларды жасаумен айналысып, тек 1957 жылы ғана баяғы қарда жүретін көлігіне оралды. Көлікті «Ski-Doo» деп атап, бірнеше данасын шығарды. Қазір бұл көлік қарда жүретін көліктердің ішіндегі ең
танымалы болып саналады.
Жемісті мұз
Жемісті мұзды (таяқшадағы мұздатылған шырын, сусын) ең алғаш 1905 жылы 11 жасар америкалық Фрэнк Эпперсон ойлап тапқан. Ол өз өнімін кинотеатрдың жанында тұрып
сатумен айналысқан. Бірақ өсе келе балмұздақтан гөрі жылжымайтын мүлікті сатуды дұрыс деп ойласа керек. Фрэнк 20 жылдан кейін ғана ойлап тапқан өніміне патент алып, сериялы өндіріске кірісті. АҚШ-тағы дағдарыс кезінде екінші адаммен бөлісіп жеуге арналып, балмұздақ екі таяқшамен шығарылды.
Брайль қарпі
Көзі көрмейтін жандардың оқи алу мүмкіндігіне жол ашқан рельеф жолды жазуды 1824 жылы 15 жастағы француз Луи Брайль ойлап тапқан. Ол әкесінің шеберханасында
етік тігуге арналған бізбен көзін жарақаттап алған соң, 3 жасында көру мүмкіндігінен айырылған еді. Осы қаріппен басылған алғашқы кітап «Франция тарихы» 1837 жылы
жарыққа шықты.
Ермексаз
Ермексазды ойлап табуға «Kutol» компаниясының қожайыны Клео Маквикердің немересі себепкер болған. «Kutol» Америкада тұсқағазды көмір шаңынан тазарту материалын шығарған. Маквикердің немересі осы жабысқақ, созылмалы өніммен ойнағанды, одан түрлі фигуралар жасағанды ұнатқан. Оның құрамынан химиялық бөліктері алынып тасталып, түрлі түсті бояу қосылып, бүгінде мектептерде көркем еңбек сабақтарында қолданылатын ермексаз пайда болды.
Батут
1930 жылы гимнастика мектебінде оқитын 16 жастағы Джордж Ниссен алғашқы батутын жасап шығарды. Ол бұл құралды акробаттық жаттығуларына қажет болады деп ойлады. Кейінірек жазғы балалар лагерінде көңіл көтеру құралы ретінде пайдаланған. Өнертапқыш бұл өнімін «трамплин» (испан. trampoline) деп атап, оны халықаралық спорт түріне айналдырды.
Мұсылмандар жайлы біржақты пікірлер мен жақтырмаушылық қарым-қатынасқа қарамастан, олар әлемге көп нәрсе берді. Бүгінде кофе ішіп отырғанымыз және мейрамханада үш түрлі тағамнан түскі ас ішіп, кейін ғана чек арқылы төлем жасайтынымыз дәл осы мұсылмандардың арқасы. Өнертапқыш ислам әлемі бізге тағы не сыйлады?
1. "Кофе"
Аңызға сәйкес, араб Халид оңтүстік Эфиопия аймағындағы Қаффада қойларын бағып жүріп, қойларының нақты бір жидектерді жегенде белсенді болып кететінін байқаған. Соларды жинап алып, Халид алғашқы кофені қайнатады.
Дәндерді сыртқа шығару жайлы ақпараттар кофені Эфиопиядан Йеменге экспорттауға қатысты болды. 15 ғасырдың өзінде оны Меккеге және Түркияға апарған, сол жақтан кофе 1645 жылы Венецияға жеткен. Англияға дәндерді түрік Паскуа Роси (Pasqua Rosee) 1650 жылы әкелген және лондондық Ломбард көшесінде алғашқы кофейняны ашады. «Кофе» сөзінің жолы біршама ұзын: арабша “qahwa” түрікше “kahve”-ге айналды. Итальяндықтар оны “caff?” деп қабылдап, ағылшындарда “coffee” сөзі пайда болды, ал орысша — “кофе” болды.
2. "Камера"
Ежелгі гректер көздердің жарық бөлетініне және адамдар сол арқылы көре алатынына сенген. Шын мәнінде, жарықтың көзге түсетіні жайлы 10 ғасырда өмір сүрген мұсылман математик, астроном және физик Ибн әл-Хайсам (Ibn al-Haitham) айтқан. Қақпақ саңылаулары арқылы жарықтың енуін бақылаған ол, саңылау кіші болған сайын сурет барынша жақсы көрінетінін байқаған, осылайша алғашқы обскур-камерасын ойлап тапты (“qamara” арабшадан аударғанда “қараңғы немесе бөлек бөлме” дегенді білдіреді). Сонымен қатар әл-Хайсам бірінші болып физиканы философия ғылымынан тәжірибеге ауыстырған деп есептеледі.
3. "Шахматтар"
Шахматты сонау ежелгі үнділер ойнаған, бірақ ойын бүгінгі біз білетін ойыннан әлдеқайда өзгеше болған. Заманауи нұсқасы Парсыда пайда болып, сол жақтан Еуропаның батысына таралған: 10 ғасырда Испанияға ойын маврлармен келген.
4. "Парашют"
Ағайынды Райттарға дейін мыңдаған жылдар бұрын ұшатын аппарат ойлап табу идеясы мұсылман ақыны, астроном және инженері Аббас ибн Фирнастың (Abbas ibn Firnas) басына келеді. 852 жылы ол мешіттің төбесінен еркін желбірейтін плащқа ағаш тақтайшаларды жабыстырып секіреді. Фирнас құс сияқты қалықтап ұшамын деп ойлағанымен бұл ойы іске аспайды. Плащ ғалымның құлауын біршама баяулатқаны болмаса, толыққанды парашюттің міндетін атқара алмады. Осылайша ғалым кішкене қорқыныш пен болмашы жарақатпен құтылды. 70 жасында аппаратын жетілдірген Фирнас бұл жолы таудан секіруді жөн көреді. Ол ауада 10 минут қалықтап тұрады, бірақ нәтижесінде сәтсіз құлап, бақилық болады: бар мәселе аппаратқа құйрық жасамауында еді.
5. "Сабын мен су сабын"
Күнделікті жуыну – исламның басты шарттарының бірі. Сондықтан болар мұсылмандар сабынды барынша жетілдіруге тырысты. Сабынға ұқсас жуу құралдары ежелгі мысырлықтарда, римдіктерде болғаны мәлім, бірақ дәл арабтар өсімдік майларын натрий гидроксиді және иістендіргіш заттармен араластыруды ойлап тапқан. Брайтонда бір мұсылман монша ашып, осылайша Англияда 1759 жылы сусабын пайда болды.
6. "Заманауи химия"
Жабир ибн Хайян (Jabir ibn Hayyan) – алхимияны химияға айналдырған ғалым. 9 ғасырда ол заманауи ғылымда әлі күнге дейін пайдаланылып келе жатқан процесстерді ашты: дистилдендіру, кристаллизациялау, еріту, рафинадтау, тотықтандыру, буландыру және фильтрлеу. Хайян күкірт қышқылы мен азот қышқылын ашты, және айыру аппаратын ойлап тапты. Соның арқасында әлемде алкогольдік ішімдіктер мен иіссуларға пайдаланылатын иістендіргіштер пайда болды.
7. "Иінді білік"
Ротациялық қимыл-қозғалысты сызықтыққа ауыстыратын құрылғы иінді білік деп аталады. Оны мұсылман инженері әл-Джазари (al-Jazari) ойлап тапты. Бұл механиканың ең маңызды өнертабыстарының бірі болып саналады. Бастапқыда суландыруда пайдаланылған бұл құрылғы бүгінде заманауи көліктердің негізгі жасаушы бөлігі саналады. Инженердің кітабынан оның вентильдер мен клапандарды ойлап тапқаны немесе жетілдіргені анық байқалады, алғаш болып механикалық сағатты жасаған. Әл -Джазариді робототехниканың әкесі деуге болады. Кодталатын құлып та оның өнертабысы.
8. "Сүйір арка"
Сүйір арка –еуропа готикалық соборларына тән сипат, бірақ мұндай аркалар идеясы мұсылман архитектурасынан алынған. Ол римдіктер мен нормандар пайдаланатын жарты шеңбер аркадан мықтырақ болған, және сәйкесінше, одан да биік, құрылысы күрделі ғимараттар салуға мүмкіндік берген. Сонымен қатар еуропалықтар мұсылмандардан ойлы-қырлы күмбездер мен дөңгелек терезе-розеткалар құрылысының идеясын алған. Еуропалық қамалдар атыс ойығымен, жақтауларымен, барбакан және төртбұрыш мұнараларымен мұсылман қамалдарына ұқсап қалды. Мысалы, Генрих V қамалының архитекторы мұсылман болған.
9. "Хирургиялық құралдар"
Скальпельдерді қосқанда, медициналық аралар, қысқаштар, жіңішке қайшылар, жалпы көптеген заманауи хирургиялық құралдар мұсылман хирург әз-Захрави (al-Zahrawi) ойлап тапқан қалпын әлі күнге дейін сақтауда. Сонымен қатар ол ішкі тігіске пайдаланылатын кетгут ағзада табиғи түрде сорылып кететінін және медициналық капсулаларда пайдалануға болатынын байқаған. 13 ғасырда, Уильям Гарвейге (William Harvey) дейін 300 жыл бұрын, мұсылман дәрігері Ибн Нафис (Ibn Nafis) қан айналу процесін сипаттап берген. Мұсылман дәрігерлері анестетиктер мен катарактаны экстракциялауға арналған қуыс инені ойлап тапқан.
10. "Жел диірмені"
Жел диірменін арабтар 634 жылы ойлап тапқан және жүгеріні ұнтақтау мен сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланған. Араб шөлдерінде жалғыз қуат көзі айлар бойы бір бағытта соғып тұратын жел болатын, және сол қайнаркөздің бар күшін пайдаланатын. Жел диірмендерінде матамен және пальма жапырақтарымен жабылған 6 немесе 12 қанат болатын. Еуропада алғашқы жел диірмендері тек 500 жылдан кейін пайда болды.
11. "Екпе"
Екпе жасату жайлы идеяны алғаш болып ұсынған Дженнер де, Пастер де емес, мұсылмандар. Еуропаға бұл техника Түркиядан 1724 жылы келген, осылайша Стамбұлда осы процедураға ағылшын елшісінің әйелі назар аударады. Түркияда балаларға шешекке қарсы екпені еуропалықтардан 50 жыл бұрын жасайтын болған.
12. "Автоқалам"
Алғашқы автоқаламды сұлтан үшін 953 жылы ойлап тапқан: басшы оның киімі мен қолын ластамайтын қалам талап еткен. Ол кездері сияның қаламұшына бару жүйесі дәл қазіргідей еді.
13. "Белгілеу жүйесі"
Әлемде қолданылып жүрген белгілеу жүйесі Үндістаннан шыққан болар, бірақ сандар пішіні – арабтікі, және ең алғаш жазба түрде мұсылман математиктері әл-Хоризми (al-Khwarizmi) мен әл-Киндидің (al-Kindi) жұмыстарында 825 жылы жарыққа шықты. «Алгебра» сөзінің түп атасыаль- Хоризмидің “Al-Jabr wa-al-Muqabilah” кітабының атауынан шыққан, сонымен қатар онда жазылған қағидаттар әлі күнге дейін пайдаланылып келеді. Алгоритмдер мен тригонометрияның кейбір теорияларымен қоса мұсылман математиктері жұмысының нәтижелері Еуропаға 300 жылдан кейін жетті. Әл -Кинди ашқан жиілік анализ заманауи криптографияның дамуына негіз болды.
14. "Үш тағамнан тұратын түскі ас"
Үш тағамнан тұратын түскі ас – сорпа, одан кейін желінетін ет немесе балық, оның артынан берілетін жемістер мен жаңғақтар концепциясын 9 ғасырда Кордобадан Иракқа әкелген Әли ибн Нафи (Ali ibn Nafi) болатын. Ол сонымен қатар тұрмыста хрусталь стақандарды пайдалануды енгізді (оны аталып өткен Аббас ибн Фирнас ойлап тапқан).
15. "Кілемдер"
Кілем ортағасырлық мұсылмандарда үйдің ажырамас бөлігі саналатын. Тоқымашылық техникасы жақсы дамыған еді, әрдайым жаңа бояулар пайда болып тұратын, тоқымашылардың өнері де соңғы орында емес етін. Еуропада еденді тоқыма төсенішпен жапқан, алайда үй жинаған кезде астына қоқым жиналып қала беретін. Сол себепті араб және парсы кілемдері әлі күнге дейін үлкен сұраныста.
16. "Чек"
Мұсылмандар болмаса чек дегеннің не екенін білмей өтетін едік. «Чек» сөзінің өзі арабтың «Саққ» сөзінен шыққан. Оның мағынасы тауарды жеткізген уақытта міндетті түрде төлеймін деген қолжазба. Чекке деген сұраныс ақшаны алыс қашықтыққа алып жүру қауіпті болғаннан туған. 9 ғасырдың өзінде мұсылман кәсіпкерлері бағдад банкілеріне жазылған чектерді Қытайда ақшаға ауыстырып ала алған.
17. "Жер – дөңгелек"
9 ғасырда көптеген мұсылман ғалымдары Жердің дөңгелек формада екеніне сенімді болған. Астроном Ибн Хазмның (IbnHazm) пікірі бойынша, «Күннің Жердің нақты бір нүктесіне әрқашан тік орналасуы»бұған дәлел бола алады. Бұл Галилей жаңалық ашқанға дейін 500 жыл бұрын айтылған. Мұсылман астрономдарының есептеуі нақты болғаны сонша, олар экватордың ұзындығын 40253,4 километр деп есептеп, 200 км-ге ғана қателесті.
18. "Торпедалар мен ракеталар"
Қытайлар селитрадан дәрі жасап, отшашу үшін пайдаланғанымен, арабтар оны калий селитрасымен тазалап әскери мақсатта қолдануды ойлап тапты. Мұсылмандар осы қарумен кресшілерді қорқыта алды. 15 ғасырға дейін олар «өздігімен қозғалатын және жанатын жұмыртқа» деп атаған ракеталарын, торпедоны және өздігімен қозғалатын ұшында садағы бар алмұрт тәріздес бомбаны жасап шығарды. Соңғысын олар жау кемелерін жару үшін пайдаланды.
19. "Бақтар"
Ортағасарлық Еуропада бақша болғанымен, арабтар бақты демалыс және тәфәккүр үшін қарастырды. Алғашқы корольдік бақтар 11 ғасырда мұсылмандық Испанияда пайда болды. Қалампыр мен қызғалдақтардың отаны да мұсылман елдері.