1. Әлемдегі ең ірі материк-Еуразия (54 млн км²)
2. Әлемдегі ең үлкен шөл-Сахара (7 млн км²)
3. Әлемдегі ең ірі дүние бөлік-Азия (44 млн км²)
4. Әлемдегі халық ең тығыз қоныстанған континент-Еуропа (700 млн)
5. Әлемдегі ең суық жер-Антарктида (83°С)
6. Әлемдегі ең биік тау-Гималай (Джомолунга, 8848 м)
7. Әлемдегі ең ұзын тау-Анд (9000 км)
8. АҚШ-тағы ең биік сарқырама-Йосемитск (739 м)
9. Солтүстік Америкадағы ең ыстық жер-Ажал алқабы (57°С)
10. Солт. Америкадағы ең үлкен ел-Канада (9млн 970 мың км²)
11. Солт. Америкадағы ең үлкен көл-Жоғарғы көл (82103 км²)
12. Әлемдегі ең үлкен көл-Каспий (390 мың км²)
13. Әлемдегі ең терең көл-Байкал (1620 м)
14. Әлемдегі теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан жер-Гхор ойысы (403 м)
15. Әлемдегі ең үлкен түбек-Арабия (3 млн км²)
16. Солт. жарты шардағы ең суық жер-Оймякон (-71°С)
17. Әлемдегі жауын-шашынның ең көп түсетін жері-Черапунджи (жылына 12000мм)
18. Әлемдегі ең ұзын әрі енді тау жүйесі-Кордилера (ұзындығы 9000 км, енді бөлігі 1600 км)
19. Әлемдегі ең үлкен арал-Гренландия (2 млн 176 мың км²)
20. Әлемдегі ең ұзын жер асты үңгірі–Флинт-Мамонт (500 км)
21. Әлемдегі ең үлкен тау мұздығы-Хабборт (145 км)
22. Әлемдегі ең биік ағаш-Секвойя (100 м)
23. Солтүстік Америкадағы теңіз деңгеңінен ең биік орналасқан нүктесі-Мак-Кенли шыңы (6193 м)
24. Солтүстік Америкадағы ең ыстық жер-Өлім аңғары (+57°C)
25. Солтүстік Америкадағы теңіз деңгеңінен ең төмен орналасқан нүктесі-Өлім аңғары (86 м төмен)
26. Әлемдегі ең суы мол өзен-Амазонка (6400 км)
27. Әлемдегі ең биік сарқырама-Анхель (1054 м)
28. Әлемдегі ең ылғалды ж/е ең жасыл материк-Оңтүстік Америка
29. Әлемдегі ең ірі эстуарийлық өзен сағасы–Ла-Плата (ені 220 км)
30. Оңт. Америкадағы теңіз деңгеңінен ең төмен орналасқан нүктесі-Валдес түбегі (-40 м)
31. Оңт.Америкадағы теңіз деңгеңінен ең биік орналасқан нүктесі-Аконкагуа (6960 м)
32. Жер шарындағы ең жоғарғы температура-Африкада тіркелген (+58°C)
33. Құрлықтағы ең ірі жануар-Африка пілі (7,5 тонна)
34. Африкадағы ең ірі көл-Виктория (68 мың км²)
35. Африкадағы ең терең көл-Танганьика (1470 м)
36. Африкадағы ең ірі сарқырама-Тугела (933 м)
37. Әлемдегі ең аласа материк-Аустралия (биіктігі 215 м)
38. Әлемдегі ең құрғақ материк-Аустралия (2/3 бөлігі шөлден тұрады)
39. Аустралияның теңіз деңгеңінен ең төмен орналасқан нүктесі-Эйр көлі (-16 м)
40. Аустралияның теңіз деңгеңінен ең биік орналасқан нүктесі-Косцюшко (2228 м)
41. Әлемдегі ең терең мұхит-Тынық мұхиты (11022 м)
42. Әлемдегі ең ірі мұхит-Тынық мұхиты (179 млн км²)
43. Әлемдегі ең ыстық планета-Шолпан (462°C)
44. Әлемдегі ең суық планета-Плутон (-235°C)
45. Әлемдегі ең жылдам планета-Меркурий (172 мың км/сағ)
46. Әлемдегі ең тығыз планета-Жер (судан 5 есе тығызырақ)
47. Әлемдегі ең үлкен жанартау-Гавайядағы Мауна-Лао (ені10 км, тереңдігі180 км)
48. Әлемдегі ең биік сөнбеген жанартау–Охос-дель-Саладо (Оңт. Америкада, 6887 м)
49. Әлемдегі ең кішкентай құс-Колибри (5 см)
50. Әлемдегі ең жылдам қозғалатын құс-Ителгі (200 км/с)
51. Әлемдегі ең күшті циклон-1991ж, Бангладештегі циклон (138 мың адам қаза тапты)
52. Әлемдегі ең дүлей су тасқыны-1888ж, Аустралиядағы Жаңа Оңт. Уэльс (биіктігі 1500 м)
53. Әлемдегі ең үлкен бұршақ-1970 ж, Канзасқа жауған (шеңбері 44,5 см, салмағы 1кг)
54. Әлемдегі ең қатты бұршақ жауу-1888 жылы Үндістанда (246 адамның өмірін қиған)
55. Әлемдегі ең ірі жапырақ-Рафия пальмасы (20 м)
56. Әлемдегі ең ірі тұқым-Кокос пальмасы (20 кг)
57. Әлемдегі ең ежелгі өсімдік-Каучик ағашы, антарктикалық қына (12 мың жыл)
58. Әлемдегі ең ауыр жыртқыш-Касатка (салмағы 9000 кг, ұзындығы 9 м)
59. Әлемдегі ең ұзын құрт-Солт. теңіз немертині (55 м)
60. Әлемдегі ең үлкен өрмекші-Құс жейтін өрмекші (228 см)
61. Әлемдегі ең үлкен шаян-Өрмекші-шаян (ені 2 м)
62. Әлемдегі ең ауыр жәндік–Голиаф-қоңыз (70-100 г)
63. Әлемдегі ең биік сүтқоректі-Керік (6 м)
64. Әлемдегі ең үлкен тропикалық орман-Оңт. Америкада орналасқан (6 млн км )
65. Әлемдегі жерінің аумағы жағынан ең үлкен ел-Ресей
67. Әлемдегі ең ұзын ел-Чили (4300 км)
68. Әлемдегі ең құрғақ жер-Атакама шөлі (жылына 1 тамшы жаңбыр жаумайды)
69. Әлемдегі ең ауыр жылан-Анаконда (200 кг)
70. Әлемдегі ең жылдам ұшатын бунақденелілер-Инеліктер (9км/сағ)
71. Әлемдегі ең биік шөп-Бамбук (25 м)
72. Әлемдегі ең тез өсетін шөп-Бамбук (күніне 1м өседі)
73. Әлемдегі ең қауіпті саңырауқұлақ-Боз арамқұлақ
74. Әлемдегі ең ежелгі, тірі ағаш-Қылқанды қарағайлар (5000 жыл бойы тіршілік етіп келеді)
75. Құрлықтағы ең жылдам жануар-Қабылан (100 км/сағ)
76. Әлемдегі ең ұзын бұғаз-Мозамбик (1670 км)
77. Әлемдегі ең ұзын тұщы көл-Танганьика (1470 м)
78. Әлемдегі ең ір құс-Африка түйеқұсы
79. Әлемдегі ең ескі тау-Орал таулары (ұзындығы 2,5 мың км)
80. Әлемдегі ең кіші мұхит-Солтүстік Мұзды мұхит
81. Әлемдегі ең терең бұғаз-Дрейк бұғазы (5248 м)
82. Әлемдегі ең жылы қуатты ағыс-Гольфстрим
83. Әлемдегі ең суық қуатты ағыс-Батыс желдер ағысы
84. Әлемдегі ең ірі сарқырама-Игуасу (ені 270 м, биіктігі 72 м)
85. Әлемдегі теңіз дейгейінен ең төмен орналасқан нүктесі-Өлі теңіз 
86. Әлемдегі ең тұзды теңіз-Қызыл теңіз
87. Әлемдегі ең үлкен және ең терең каньон-Колорадо
88. Солтүстік Американың суы ең мол өзені-Миссисипи (3268 мың км²)
89. Әлемдегі ең ірі және тұңғыш ашылған ұлттық парк-Йеллоустан 
90. Батыс жарты шардың ең биік шыңы-Аконкагуа (6960 м) 
91. Оңтүстік Америкадағы ең ірі аралы-Отты Жер (18 мың км²)
92. Әлемдегі ең ірі ойпат-Амазонка
93. Әлемдегі ең биік таулы астана – Ла-Пас (3630 м)
94. Әлемдегі ең ірі маржандық құрылым-Үлкен Тосқауыл
95. Аустралияның суы ең мол өзені-Муррей (1057 мың км )
96. Аустралияның ең ірі көлі-Эйр
97. Антарктида материгінің ең биік нүктесі-Винсон (5140 м)
98. Антарктида материгінің ең төмен нүктесі-Бентли ойысы (-2555)
99. Әлемдегі ең ірі сейсмикалық белдеулер-Альпі-Гималай, Тынық мұхиты
100. Әлемдегі ең биік толысу толқыны-Фанди шығанағында тіркелген (18 м) әлем

Дереккөзі: surak.szh.kz

Жұма, 30 Қазан 2020 15:56

«Бұрымды қыз» байқауы өтті

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын...

 – деп, Абай атамыз жырлағандай, қыз бұрымы қашан да сұлулықтың символы мен әсемдік белгісі ретінде сипатталып келген. Бұл күнде халқымыздың дәстүрінің бір бөлшегі болған бұрымды қыздар арамызда жоқ емес. Десе де, жаһандану заманында әртүрлі бағытқа еліктеудің әсерінен шашты жинақы ұстап, күтім жасап өсіруге мән бермейміз.

Қыз баланың биязылығы мен сымбатының көрінісі болған қолаң шашты, бұрымды қыздарымызды тәрбиелілікке,инабаттылыққа баулу мақсатында төтенше жағдайға байланысты 5-11 сынып қыздары арасында онлайн форматта «Бұрымды қыз» байқауы өтті. Сайыстың аты айтып тұрғандай, қатысушылар өзін таныстыру, шаш ұзындығы, күтімі, сәнді өрімдер, видеороликтер бойынша жарысты. Қыздардың шаш ұзындығы 55 см-ден 111 см-ге дейін жетті. Соның ішінде 11 «А» сынып оқушысы Ниязбек Айсұлудың шашының ұзындығы 111 см және 11 «Ә» сынып оқушысы Стамова Айнур 109 сантиметрге жетіп, бас жүлдеге ие болды. І орын Тоқтасын Аружан, Вали Аяжан 90 см. ІІ орын Тынышбаева Томирис 79 см, ІІІ орын Совет Ақбілек 70 см. ие болды. Ал Серік Меруерт, Алжамақат Алтынай, Амангелді Анель, Сағатбек Аяла, Ерханова Асыл қыздарымыз әр түрлі номинацияға иеленді. Бұрымы ұзын қыздарымыз бағалы сыйлықтар, мақтау қағаздарымен марапатталды. Болашақта қазақ қыздарының бойында инабаттылық, киім киісі, жүріс-тұрысы ,шаш күтімі мен ұзын шашқа, соның ішінде бұрымға деген көзқарастарына бағыт-бағдар беру – біздің міндетіміз деп ойлаймын.

 

Н.Джилгельдиева,

«О.Жандосов атындағы орта мектеп» КММ

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

Бүгінгі таңда жастарымыздың жат ағымға бой алдыруы – қоғамның, мемлекеттің ең өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Қоғамда ел арасына іріткі салып, қатыгездік пен келіспеушілікті туғызатын әр түрлі діни экстремистік топтар бар. Мектеп қабырғасында білім алып жүрген өскелең ұрпаққа олардың кері әсері тимеуі үшін оқушылардың діни экстремизм турасында сауатын арттыру маңызды.

Осындай  мақсатпен Түрген ауылында орналасқан М.Ломоносов атындағы орта мектеп оқушыларына қашықтан «Достық» бейнебаяны көрсетілді. Балалар фильмнен алған әсерлерімен бөлісіп, достық, дос болу, шынайы дос жайлы өз ойларын ортаға салды. Шынайы достың жолдасына қас қылмайтынын, күмәнді іске бас сұқпайтынын түсінді.

А. С. Жанатова,

Ломоносов орта мектебі

Жұма, 30 Қазан 2020 11:33

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Тәуелсіз қоғамның басты байлығы – адам және оның босандығы. Бұл туралы еліміздегі ең маңызды құжат – Конституцияда да жазылған. Дегенмен, әлсіздерге күш көрсету мен отбасындағы зорлық-зомбылықтың бар екені де рас. Осыған байланысты «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында дөңгелек үстел өткіздік.

1-11сынып ата-аналары арасында қашықтан ZOOM бағдарламасымен өткен бұл жиынға Райымбек батыр атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Эльдар Ерболов, мектеп инспекторы, ювеналды полиция тобының капитаны Айгерім Акимжанова қатысты. Бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу туралы сөз қозғаған спикерлер: «Отбасындағы ата-ананың мінез-құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. Баланың бүгін көріп-білгені – оның болашағының негізі, ертеңге күнге алған бағыт-бағдары», – дей келе бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі жайында сөз қозғады.  Мақсатымыз «Ата-аналарға зорлық-зомбылықтың адам жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлық-зомбылыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін жеткізу» болды.

Г.Ахметжанова,

Райымбек батыр атындағы орта мектеп психологі

XXI ғасыр – технологияның дамуы мен ақпарат-тандыру ғасыры. Заман талабына сай әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, педагогикалық технологияларды  күнделікті сабақтарына пайдаланса, әр сабағы тиімді де  нәтижелі болмақ. Сондықтан, қазіргі білім беру жүйесінің ең негізгі мақсаты – болашақ ұрпақты бәсекеге қабілетті тұлға етіп  дайындау. Мектеп осы жаңашылдықты енгізетін негізгі орта. Ал мұғалім – оның жүрегі.

Биылғы оқу жылының білім саласында түрлі өзгерістердің болуымен ерекшеленуде. Атап айтсақ, еліміздегі  төтенше жағдайға байланыс-ты  білім беру қашықтан жүзеге асырылуда. Осы орайда, ұстаздардың білімін жетілдірілуі де онлай жүзеге асуда. Жақында «Өрлеу» БАҰО АҚ Алматы қаласы бойынша филиалы ПҚБАИ Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде «География» және «Жаратылыстану» пәні бойынша ZOOM бағдарламасымен қашықтан 2 апталық сабақ оқыдық. Курсты тренер Лаззат Адыбаева жүргізді. Лаззат Дүнгенбайқызы өзінің терең білімі мен оқу-әдістемелік шеберлігін ұштастыра отырып, курсқа қатысқан мұғалімдерге бағдарлама аясында жан-жақты талдап, түсіндірді. Курс барысында жаңартылған білім мазмұны негізінде оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, СМАРТ форматта қысқамерзімді жоспар жасауды үйрендік. Курстың ең басты ерекшелігі – бұрынғы білімнің жаңа біліммен  ұштастыра  берілуі. Тәжірибесі мол тренеріміздің арқасында теориялық білімімізді практикалық тұрғыда жүзеге асыра алдық. Бірге қатысқан әріптестеріміздің іс-тәжірибелерімен танысып, ой-пікірлерімізді талқылап, сабақ берудің  жаңа тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалануды үйрендік.

Бегзат ДИГАЙ,

Д.Қонаев атындағы орта  мектептің

география пәнінің мұғалімі

Сейсенбі, 27 Қазан 2020 16:30

День опекуна

29 октября в Республики Казахстан отмечается День Опекуна. Это сравнительно молодой праздник, который является своеобразным выражением благодарности людям и семьям, принявшим на воспитание чужого ребенка, нуждающегося в тепле, заботе и любви.
Цель данного мероприятия - популяризация альтернативных форм устройства детей в семью (опека, патронат, усыновление) и выражение благодарности семьям, принявшим на воспитание в свою семью ребенка, тем людям, для которых чужих детей и чужой беды не бывает. Стало доброй традицией говорить слова благодарности тем людям, которые стали родителями для детей - сирот. Они стали их семьей.
В КГУ «СШ имени Ломоносова» есть ученики, которые по тем или иным причинам остались без попечения родителей, но не попали в детский дом, а были взяты под опеку. У нас в школе четверо опекунов, в большинстве своём это бабушки, тёти и дяди деток, оставшихся без попечения родителей. Четверо добрых сердец, четверо неравнодушных людей. Сегодняшний праздник мы проводим именно для них, — пояснила социальный педагог Кырбасова А.А.. В рамках мероприятия с опекунами был проведен круглый стол на тему: "Семья, проблемы, поиски, решения" в онлайн режиме, цель, которой изучить точки зрения опекунов по решению проблемных ситуаций, связанных с воспитанием детей в опекунской семье.
В конце мероприятия каждый опекун был посещен по месту жительства, где им были вручены благодарственные письма за хорошее воспитание детей, а так же вручены продуктовые корзины и подарки.

А.А. Кырбасова,

социальный педагог

сш. имени М.Ломоносова

Дүйсенбі, 26 Қазан 2020 16:37

Жапырақтар неге сарғаяды?

Өсімдік жапырақтарының жасыл болуының себебі, оның құрамында өсімдік жасушасына тән пигмент — хлорофилл бар. Пигмент деп — түскен сәулені өзіне сіңіретін бояғыш затты атаймыз. Хлорофилл күн сәулесін сіңіріп, одан алған энергияны қоректік заттарды синтездеу үшін пайдаланады.

Күзде өсімдік жапырақтары өзінің жарқын жасыл түсін жоғалтады. Мысалы, теректің жапырақтары алтын түске өзгерсе, үйеңкі ағашы қызыл түске бояла түседі. Жапырақтардың құрамында химиялық құбылыс пайда болады, яғни хлорофил өзгеріске ұшырайды. Күз келісімен өсімдіктер қысқа дайындығын бастайды. Қоректік заттар жапырақтардан бұтаққа, діңі мен тамырына баяу жылжиды да, қатал суыққа төтеп бере алатындай қор жинайды. Көктемнің келуімен өсімдіктер жаңа жасыл жапырақтардың пайда болуы үшін қорда жинақталған энергияны пайдаланады.

Су, қоректік заттар мен жапырақтар

Қоректік заттардың энергиясы таусылған кезде хлорофилл синтезі де тоқтайды. Жапырақта қалған хлорофилл шетінен ыдырай бастайды. Сосын басқа түсті пигментер түзіледі. Кейбір өсімдіктердің жапырағында сары немесе қызғылт-сары пигменттер бар. Бұл пигменттердің басым бөлігі сәбізге қызғылт-сары түс беретін — каротиннен тұрады. Мәселен, қайың мен жаңғақтың жапырақтары хлорофиллдің ыдаруы салдарынан ашық-сары түске, ал басқа ағаштардың жапырақтары қызыл түстің әр алуан реңктеріне боялады.

Кейбір жапырақтардың қызыл, күңгірт-қызыл, күлгін реңктері антоцианин пигментінің түзілуінен пайда болады. Бұл пигмент қызыл орамжапырақта, раушан мен қазтамақ гүлдерінде кездеседі. Күзде суық ауа-райының әсерінен жапырақтарда химиялық реакция пайда болады да хлорофиллді қызғылт-сарыға бояйды. Антоцианның каротин мен басқа сары түсті пигменттерден бір айырмашылығы — ол жасыл жапырақтарда мүлде кездеспейді. Ол жапырақтарда тек суықтың әсерінен пайда болады. Күзгі жапырақтардың түсі адамдардың шашының түсі іспеттес, әр түрдің өзінің генетикасына байланысты түсі болады. Ал түсінің ашық немесе көмескі болуы ауа-райына тікелей байланысты.

Жапырақтар қашан ең қанық түстерге енеді?

Күз мезгілінде, дала ұзақ уақыт құрғақ әрі суық болғанда жапырақтардың түсі жарқын, қанық болады (0-ден 7 0С – антоцианиннің түзілуіне өте қолайлы температура). Күзде Вермонт штаты сияқты жерлерде жапырақтардың ең керемет түстерін бақылауға болады. Ал, мысалы, климаты жаңбырлы, ауа-райы үнемі бұлтты Ұлыбританияда жапырақтар коңыр, күңгірт-сары болып келеді.

Жапырақтармен бірге өсімдіктер керемет түстерін де жоғалтады. Жапырақтар бұталарға ерекше шыбығымен жалғасып тұрады. Қыс түскенде  шыбықтың жасушаларының арасындағы байланыс ыдырайды. Осыдан кейін жапырақ пен бұтаның арасын жапыраққа су мен қоректік заттарды жеткізіп отыратын жіңішке талшық қана жалғайтын болады. Әлсіз самалдың өзі немесе жаңбыр тамшысы бұл байланысты оңай үзе алады. Жерге түскен жапырақтар түрлі-түсті қалың кілемшеге ұқсап, күзге сұлу көрініс сыйлайды.

Өсімдіктер де борсық, тиіндер секілді, қысқа қор жинап, оны сабақтарына, тамырына, бұтақтарына сақтайды.

Су бармаған соң жапырақтар құрғап, кебеді де ағаштардан үзіліп түседі. Ауада желмен қалықтап, жол жиектеріне төселе кетеді. Сары және қызыл жапырақтар жерге түскеннен кейін де түсін біраз апта бойы сақтай алады. Бірақ, уақыт өте пигменттер ыдырай бастайды. Жалғыз  танин пигменті ғана қалады (иә-иә, шайға түс беретін де осы пигмент).

Дереккөз

Алматы облысы бойынша "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесі "IQ DODA" зияткерлік ойынын ұйымдастырды, доданың ақтық кезеңі жуырда "Журналистер үйінде" өтті. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Ойынның форматы қарапайым және сонымен бірге қызықты болды - қатысушылар логика, тапқырлық және білімді қолдана отырып, командалық ойлау арқылы әр түрлі санаттағы қызықты сұрақтарға жауап берді.

"Зияткерлік ойын қазақ және орыс тілдерінде өткізілді. "IQ ДОДА" ойынындағы барлық сұрақтар дүниетанымға, логикаға, тез тапқырлыққа қатысты алынды. Ойын жеті кезеңнен тұрды.Сұрақтар үлкен экранда 30-60 секундта көрсетіліп, жетекші оқыды. Содан кейін, сайыстың барлық жеті сұрағын жариялағаннан кейін, олар тез қатарынан және кідіріссіз қайта оқылады, артынша кері санақ 100 секундты бастайды. 100 секунд өткеннен кейін жауап берілген парақшалар тапсырылады", - деп бөлісті жоба ұйымдастырушысы Ерасыл Толымбекұлы.

Айта кету керек, Алматы облысының барлық аудандары мен қалаларынан 600-ден астам адам қатысты. Финалға 7 команда өтті.

1 орынды Ақсу ауданынан келген "эрудиттер" командасы иеленсе, ІІ орынды "СЕРЕЖА, жарайсың!" Талдықорған қаласынан, ал ІІІ орынды Панфилов ауданынан "PRYMERIZ" иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, "IQ DODA" зияткерлік ойыны Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қазіргі заманның жаңа шарттарына сәйкес халықтың барлық жіктерінің өкілдерін Елбасы идеяларының, зияткерлік дамудың айналасына біріктіру мақсатында ұйымдастырылды.

Сәрсенбі, 21 Қазан 2020 19:50

Жәндіктер жайлы қызықты дерек

- Әлемде аралардың 20 мыңға жуық түрі бар. 500 гр бал жинау үшін аралар 2 миллионнан аса гүлден нектар жинайды.

- Әлемде құмырсқаның 8800-ге жуық түрі бар, сондай-ақ құмырсқалар - ешқашан ұйықтамайтын жәндіктер.

- Құмырсқа 2 апта бойы су астында өмір сүре алады. Сондай-ақ өз денесінен 50 есе ауыр салмақты көтере алады.

- Тарақанның ұрғашысы жылына 2 миллион жұмыртқа жұмыртқалайды. Тарақан 9 күн бойы өзінің басынсыз өмір сүре алады.

- Әлемде өрмекшінің 35 мың түрі бар.

- Қоңыздардың 400 мың түрі бар.

- Шыбынның жылдамдығы сағатына 8 км-ді құрайды.

- Шегірткелер өз денесінен 40 есеге дейін ұзаққа секіре алады. Қара шегірткенің құлақтары алдыңғы аяқтарында орналасқан.

- Шегірткенің қаны ақ болады.

- Ірі теңіз шаяндарының қаны көк болады.

- Көбелектер аяқтарымен дәм сезеді.

- Бүргелер өз денесінен 100 есе ұзын жерге секіре алады.

- Дәуіт - басын бұра алатын жалғыз жәндік. Аталық дәуіт аналық дәуітті 11-12 шақырымнан сезе алады.

- Масалардың еркегі өсімдіктердің суымен, ұрғашылары қанмен қоректенеді.

Осы жылдан бастап колледж оқытушылары біліктілік санаттарын көтеріп, біліктілік санаты берілгеннен кейін лауазымдық жалақысының 30-дан 50 пайызына дейін қосымша ақы алатын болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов техникалық және кәсіптік білім берудің 80 жылдығына арналған іс-шара барысында мәлімдеді.

Ведомство басшысының айтуынша, бұған дейін біліктілік санаттары үшін қосымша төлемдерді тек мектеп мұғалімдері алған болатын. «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануымен колледж педагогтері дебіліктілік санаты берілгеннен кейін ай сайын қосымша ақы алатын болады.

«Мемлекет басшысының қолдауымен 2020 жылдың қаңтар айынан бастап колледж педагогтерінің жалақысы артты, алдағы жылдары да арта түспек. Біліктілік санаты үшін педагогтерге қосымша ақы төлеу мәселесі көп жылдар бойы көтерілген болатын. Егер мектептерде мұғалімдер біліктілік санаттары үшін қосымша ақы алса, колледждерде мұндай үрдіс болған жоқ. Енді колледж педагогтері де ай сайын лауазымдық жалақысының 30-дан 50 пайызына дейін қосымша ақы алатын болады. Өз кезегінде колледж директорлары мен директор орынбасарларыныңатқарған жұмысының тиімділігіне байланысты өз жалақысының 100 пайызына дейін қосымша ақы алу мүмкіндігі бар. Бұл әріптестеріміздің жұмысқа деген ынта-жігерлері мен жұмыстың тиімділігін арттыра түспек»,– деп атап өтті министр.

Колледждерді сұранысқа ие 100 мамандық бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу мақсатында «Жас маман»республикалық жобасы іске асырылып жатқаны белгілі. Министрдің айтуынша, аталған бағдарлама шеңберінде қазақстандық колледждерге техникалық құрал-жабдықтар сатып алып қана қоймай, білім беру бағдарламаларын да жаңарту жоспарланған.

«Жас маман» бағдарламасы – Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан теңдессіз бағдарлама екенін айта кеткен жөн. Бағдарлама еліміздің 180 колледжінде жүзеге асырыла бастады. Осы ретте тек техникалық құрал-жабдық сатып алу ғана емес, сонымен қатар білім беру бағдарламаларын жаңарту да жоспарланған", – деді ведомство басшысы.

Министр өз сөзінде ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары тобының бастамасымен ТжКББ жүйесін дамыту үшін нормалар енгізілген Заң жобасы қаралып жатқанына тоқталып өтті. Атап айтсақ, мамандарды даярлау барысында еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің сұраныстарын ескеру үшін колледждерге академиялық еркіндік беру бойынша.

«Ақша студентпен бірге жүреді» принципі бойынша қабылдау тетігін енгізу колледждің бәсекеге қабілеттілігін және колледждер арасындағы бәсекелестікті арттыруға мүмкіндік береді. Егер қазір өңірлік білім басқармалары конкурс өткізіп, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша колледждерге қанша орын берілетінін анықтаса, болашақта бұл шешімді студенттердің өздері қабылдайтын болады. Студенттер қай колледждің бәсекеге қабілетті және жақсы білім беретінін өздері таңдайды",– деді Білім және ғылым министрі.

Өз кезегінде «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Әділет Барменқұлов колледж педагогтеріне жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті. Осылайша, "Үздік педагог" республикалық конкурсына қатысқан педагогтердің әрқайсысы корпорация тарапынан 200 мың теңге көлемінде сыйақымен марапатталды.

Сондай-ақ Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, меценат Бекзат Алтынбеков өз сөзінде «ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» байқауының жеңімпаздарын 100 мың теңгеге дейінгі ақшалай сыйлықтармен және "WorldSkills" әлемдік чемпионатының жеңімпазын бір миллион теңге көлеміндегі сыйақымен марапаттауға дайын екенін жеткізді. Еліміздегі колледждердің үздік педагогтерінеқазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағымен сауықтыруға арналған 17 жолдама берілгенін де айта кеткен жөн.

ҚР БҒМ баспасөзқызметі

Соңғы жаңалықтар

Шіл 04, 2025

Saqtan: молодежь Алматинской области…

Қонаев - Илийский-Карасайский районы - масштабная антинаркотическая акция, направленная…
Шіл 03, 2025

«Жіті ішек жұқпалары, алдын алу мен…

Жіті ішек жұқпалары – дегеніміз бұл бактериялар, вирустар, қарапайымдылар тудыратын және…
Шіл 03, 2025

Эхинококкоз және оның алдын алу…

 Эхинококкоз – созылмалы ағымымен, ағзаның аллергиясымен және бауырдың, өкпенің және…
Шіл 03, 2025

Хиджама жасатуға жүгінетіндерге…

Хиджама — бұл ағзадан лас қанды шығару арқылы емдейтін дәстүрлі емес емдеу әдісі. Бұл…
Шіл 03, 2025

На Капчагайском водохранилище…

5–6 июля на Капчагайском водохранилище состоится международный заплыв OCEANMAN-2025 —…
Шіл 03, 2025

ХАБАРЛАНДЫРУ «ҮЛГІЛІ АУЫЛ»…

Алматы облысының тұрғындары мен ауылдық округ әкімдіктерінің назарына! Қазақстан…
Шіл 03, 2025

«ŪMTYLYS» байқауы

«ŪMTYLYS» байқауы – жастар үшін жаңа серпінАлматы облысында алғаш рет жастармен жұмыс…
Маус 30, 2025

Тазалық тәртіптен басталады

Табиғат – Жаратушының ең көркем жаратылыстарының бірі. Адам күнделікті күйбең тіршіліктен…
Маус 26, 2025

Начало было в 30-х продолжение в…

Если театр начинается с вешалки, завод с проходной, то газета – с людей и событий,…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет