Бейсенбі, 06 Ақпан 2025 15:19

Дерматомикоздың алдын алу шаралары

Дерматомикоз – микроскопиялық саңырауқұлақтар тудыратын, адам мен жануарларға ортақ,  жұқпалы тері ауруы.

    Жұқпа көзі – науқас адаммен немесе жануармен (үй және ауылшаруашылық малдар) тікелей байланыста болған кезде, сондай-ақ науқас адамның заттарын (киім, бас киім, тарақ, қайшы, орамал, төсек-орын) пайдаланған кезде жұғады

       Аурудың алғашқы белгілері көбінесе денеде, бас терісінде және тырнақтарда пайда болады. Біртіндеп қызарған дақтардың пайда болуынан басталып,  кейін көптеген ошақтарға өтеді.  Жиі жағдайда қабыну белгілері терінің ашық жерелерінде, бастың шаш өсетін бөлігінде, сыртқы жыныс органдарында, өкше терісінде дамиды. Тері мен бастың трихофетиясы көбіне балалар мен жасөспірімдерде байқалады.  

        Аурудың алғашқы белгілері науқаспен (қолданған затымен) немесе жануармен қарым қатынастан кейінгі бір апта ішінде дами бастайды.

   Дерматомикоздың негізгі белгілері:

 - теріде гиперемиялық (қызарған) аймақтардың пайда болуы;

 - аяқ-қолдың тырнақ пластиналарындағы патологиялық өзгерістер;

- теріде қызыл дақтардың, қабыршақтардың пайда болуы;

- терідегі көпіршіктердің пайда болуы;

- дененің қышуы және қызуы.

      Дерматомикоздың алдын алу мен сақтық шараларына:

- жеке бас гигиена ережелерін сақтау, отбасының әрбір мүшесінде жеке гигиена заттарының болуы;

- қоғамдық (монша, жағажай т.б.) орындарда жалаң аяқ жүрмеу;

- қоғамдық орындарға барғаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;

- бөтен адамдардың бас, аяқ және іш киімдерін кимеу, сүлгісін пайдаланбау;

- киімдеріңіз бен аяқ киімдеріңізді таза ұстау;

- табиғи матадан тігілген киімдерді кию;

- бөтен адамдардың маникюрге арналған заттарын, тарағын, шаш қыстырғыштарын пайдаланбау;

- аулаңыздағы үй және ауылшаруашылық жануарлардың денсаулығын үнемі қадағалап, саңырауқұлақтық зақымдануға қарап -тексеріп отыру.

      Дерматомикоздың алғашқы белгілері пайда болған кезде тез арада дәрігер      дерматологқа көрініп, тек тағайындалған емді алып, өз бетіңізше ем жасамау керек.

 

  

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

басшысының орынбасары Д.Бақберген  

Оқылды 1825 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет