Бейсенбі, 10 Сәуір 2025 15:38

Безгектің сақтық шаралары

Безгек - паразитпен шақырылатын, науқас адамнан сау адамға маса шағу арқылы берілетін, адам өміріне қауіп төндіретін сырқат. Сондай ақ бұл ауру сау адамға безгек қоздырғышымен ластанған қан құйылғанда, науқастың қанымен қарым-қатынаста болғанда, анадан құрсақтағы сәбиге жұғады. Безгектің тасымалдаушысы «Anopheles» тобына жататын масалар. Масалар, ағысы баяу тоғандарда, су қоймаларында, батпақтарда, өзеннің ескі арналарында өсіп, көбейеді. Маса безгек жұқтырған науқас адамның қанымен бірге безгек паразиттерін сорып алып, әрі қарай сау адамды шағып, оның қанына сілекей арқылы безгек паразитін түсіреді.

        Безгек Азияның 100 ден астам елдерінде, Африкада, Оңтүстік Америкада, ТМД елдерінде – Тәжікстанда, Әзірбайжанда және Таяу Шығыста тропикалық және субтропикалық климаты бар жерлерде жиі кездеседі.

        Безгектің 4 түрі белгілі-үш күндік безгек, төрт күндік безгек, тропикалық және сопақша безгек (ауруды тудырған безгек қоздырғышының түріне байланысты). Ең қауіптісі-тропикалық безгек, ол дәрігерге кеш жүгінген кезде өте ауыр асқынуларға және тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Аурудың ең ауыр түрі тропикалық безгек, оның 40% жағдайы өлім-жітіммен аяқталады. 

        Инкубациялық кезең (тістеген сәттен бастап аурудың алғашқы белгілері басталғанға дейін) – орташа есеппен тропикалық безгек кезінде 7-ден 30 күнге дейін, басқа түрлерінде 14 айға дейін жетеді.

        Безгектің алдын-алу - казіргі уақытта безгекке қарсы вакцина жоқ. Алдын алудың негізгі шарасы-масалардың шағуынан қорғану. Безгектен қолайсыз елдерде болған кезде өзіңізді масалардың шағуынан қорғау. Үйдің жанында ашық, тоқтанды судың болмауын қадағалау, тұрғын бөлмелердің есік пен терезе саңылауларын москит торларымен жабу, теріні және киімді өңдейтін арнайы  москиттерді кетіретін (үркітетін) репелленттер мен  теріге жақпа майларды қолдануды.

     Шет елге шығатын тұлғалар, әсіресе безегек масалары тіршілік ететін елдерге баратындар мыналарды есте сақтау қажет:

      Тропикалық және субтропикалық климат елдеріне баратын әрбір адам безгек ауруының қаупі, безгекке қарсы препараттарды қабылдау қажеттілігі және осы препараттар тобына қарсы көрсетілімдердің болмауы туралы учаскелік дәрігермен кеңесуі керек. Препаратты таңдау қабылдаушы елге және осы аймақтағы безгектің басым түріне байланысты, дозаны дәрігер анықтайды.

          Алдын алу мақсатында эндемиялық аймаққа барған кезде безгекке қарсы препараттарды үнемі қабылдау қажет. Препараттарды қабылдауды "тропикке" барудан 1 апта бұрын бастау керек, Барлық болу кезеңін және оралғаннан кейін 3 апта бойы жалғастыру керек.

         Безгек ауруы кезінде дәрігердің барлық нұсқауларын орындау керек. Өзіңізді жақсы сезінгеннен кейін емдеуді бірден тоқтатуға болмайды. Безгекті дұрыс емдеу толық қалпына келтіруге әкеледі. Безгек бойынша қолайсыз елде болған кезде және елге оралғаннан кейін 3 жыл ішінде температураның кез келген көтерілуі кезінде дереу емдеу мекемесіне хабарласып, дәрігерге «тропикте» болғаныңызды хабарлап, безгекке тексерілу керек екенін есте ұстаған жөн.

     Ең маңыздысы – Сіз баратын елдегі жұқпалы сырқттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы білу.

 

Еңбекшіқазақ аудандық СЭББ

 басшысының орынбасары Д.Бақберген

Оқылды 501 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституция жобасы мемлекеттің…

2026 жылғы 7 ақпанда Алматы қаласында «Қазақстанның жаңа Конституциясы - қазақстандық…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет