Бейсенбі, 10 Сәуір 2025 16:13

Кене энцефалитінің алдын алу

Кене энцефалиті – жедел вирусты ауру, бұл вирус адамның миын және жұлынын зақымдап, сал ауруына душар етеді, кейбір жағдайда өлiмге әкелуі мүмкiн.

       Кене энцефалиті вирусының тасымалдаушысы және негізгі көзі иксод кенесінің  «Ixodes persulcatus» түрі, олар түрлі табиғи–климаттық аймақтарда орналасқан: орманды, жайылымды, шалғынды жерлерде, қалалардың саябақтарында кездеседі.

      Вирустың адамға жұғуы үшін кененің шағуы міндеттеі емес, денеде өрмелеп жүрген жерінен оны ұстап алып сыққан кезде де жұғуы мүмкін.

      Ауру тасымалдаушы кенелер табиғатта сәуiр айынан қазан айына дейiн кездеседi, бiрақ ең қауiптi кезең – мамыр, маусым айлары. Өйткенi кененiң көбейетiн кезi – осы уақыт.  Кенелер әдетте шөптің басынан, ағаштың төмендегі бұтақтарына шығып,  сол жерде адамның денесіне жабысады, сол сияқты кене адамның үйіне шөп, ағаш бұталары мен гүл шоқтарымен, үй жануарлары мен ауылшаруашылық малдың үстіне iлесiп те келедi.

        Кененiң қауiптiлiгi сонда, олар адамның киiмiнiң астарына байқатпай кiрiп, денесiне қадалып,  қанын сорғанда адам мүлде ауру сезімінің болмай қалуында. Көп жағдайда адам денесіне жабысқан кененi келесi күнi немесе тiптi одан да кейiн байқайды. Көбіне кенелерді дененің жұмсақ жерлерінде, құлақтың артында, мойынға, бастың шашты бөлігінде, қолтықтың шаттың астына жабысады.  

        Кене энцефалитін шақыратын вирус кененің сілекейінде болатындықтан кене адамды шаққан кезде вирус адамға беріледі. Кене энцефалиті ауруын кененің шағуымен ғана емес,  үй жануарларының  (ешкі, қой т.б.) шикі сүтін қолдану барысында жұқтыру мүмкін.   

        Аурудың белгілері кене шағудан кейін (вирусты жұқтырудан кейін) орташа есеппен 1-2 аптадан кейiн немесе 30 күннен кейiн бiлiне бастайды.

       Аурудың белгiлерi: дене қызуының +39 С0 дейiн көтерiлуі, бастың қатты ауруы, жүрек айнып құсу, бұлшық еттердiң сыздап ауруы. Ауыр жағдайға өткенде дене бұлшық еттер салданып, мүгедектiкке әкелiп соғады.

        Кене энцефалитімен ауырған адам тасымалдаушы ретінде қауіпсіз, яғни вирус адамнан адамға жұқпайды.

        Кене энцефалитінің алдын алудың ең тиімдісі – ол вакцина қабылдау. Профилактикалық мақсатта вакцинаны қабылдау негізінде қазан - желтоқсан айлары арасында, ағзада иммунитет жетілу үшін, яғни эпидмерзімнің басталуынан бірнеше ай бұрын  жасалады.  Сонымен қатар жедел жасалынатын вакцина бар, ол бір айдан кейін ошаққа шығуға мүмкіндік алу үшін жасалынады.  

         Тағы бір сақтық шарасы - кене шағудың алдын алу. Күн жылынып, жер көгере бастағаннан қала тұрғындары мен туристтер, меймандар  тауға шығуға, көгалға демалуға және саяжайға ағыла бастайды. Таза ауада тынығушыларға,  саяжайда жұмыс жасаушыларға, малды күтiп, баптаушыларға,  жемiс-жидек терушiлерге кенелерден абай болуы қажет.   Табиғатқа серуендеуге шыққанда киімге жабысқан кене жақсы көріну үшін, ашық түсті киім киген жөн, шалбарыңыздың балағын шұлықтың (носки) iшiне, жейдеңiздi шалбардың iшiне салып және мiндеттi түрде кененiң бар-жоғын бiлу үшiн бiр-бiрiңiздi әрбір 15-20 минут мұқият тексерiңiздер.

      Кене шаққанын анықтаған жағдайда тез арада медициналық көмекке жүгініп, арнайы ем –кене энцефалитiне қарсы иммунолобулин алу қажет , ол  қауіпті аурудан сақтайды!                   

      Еңбекшіқазақ ауданының кене энцефалиті бойынша эндемиялық аумақ болып саналатын елді мекендерінде жыл сайын сәуір, маусым айларында иксод кенелеріне қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіледі.

       Өңдеу жұмыстарын ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ мен РМК Алматы қаласы бойынша дезинфекция орталығының арнайы дайындықтан өткен, маман-дезинфекторлармен, Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген дезинсекциялық құралдармен жүргізіледі.

     Кенеге қарсы өңдеу жұмыстарының оңтайлы нәтижесіне қол жеткізу мақсатында өңдеу 2 айналымда жүзеге асырылады. Атап айтсақ  1 ші тур сәуір айының 7-21 күндері аралығында жүргізілсе,  2 ші тур маусым айының 2-16 күндері аралығына жоспарланып отыр.

    Кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілетін аймақтарда (Есік қаласы, Өрікті, Рахат, Қайназар, Азат, Қызылжар, Төле би, Алмалы, Түрген, Қаракемер, Талдыбұлақ, Бәйдібек би ауылдары) арнайы ескертпе тақтайшалары орнатылады. Осы өңдеу жұмыстары жүргізілген жерлерге 3 күнге дейін адамдарға серуенге  шығуға, ауылшаруашылық жануарларды жайлымға 45 күнге дейін шығаруға тиым салынатындығын ескертеміз.        

 

 

 Еңбекшіқазақ аудандық

 СЭББ басшысы М.Азербаев

 

Оқылды 392 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет