Бейсенбі, 10 Сәуір 2025 16:17

Фаст-фудтың зияны

      «Фаст - фуд» - термині ағылшын тілінен аударғанда «тез тағам» деген мағынаны білдіреді. Мұндай тағамдарды дайындауға аз уақыт жұмсалып, тез пайдаланылады және оған арнайы дастархан жайып, дайындауды қажет етпейді. Бұл тамақты үйде дайындауға мүмкіндігі болмағандарға және  уақытты үнемдеу жағынан тұтынушыға өте қолайлы. 1920 жылдары ең бірінші фаст-фуд тағамы Америкада дайындалып, кейіннен барлық елдерде кең қолданысқа ие болды. Қазіргі уақытта фаст-фуд тағамдарының алуан түрі бар, атап айтсақ хот-дог, шаурма, сэндвичтер, чебуректер, пицца, куырылған картоп, бургер, тәтті  газдалған сусындар  т.б.

     Фас-фудтың зияны денсаулыққа көптеген теріс әсерлерге әкелуі мүмкін.       

       Міне, оның кейбір әсерлері:

  1. Артық салмақ және семіздік: фаст-фуд тағамдары жоғары калориялы, майлы және құрамында қанттың мөлшері көп болады. Оларды жиі тұтыну артық салмаққа және семіздікке себеп болуы мүмкін.
  2. Жүрек-қан тамырлары аурулары: фаст-фуд тағамдарын дайындауға қолданылатын трансмайлар мен қаныққан майларды тұтыну жүрек аурулары мен инсульттің қаупін арттырады.
  3. Қан қысымының жоғарылауы: фаст-фуд тағамдарында тұз көп болады, ол қан қысымының көтерілуіне және гипертонияға себеп болуы мүмкін.
  4. Қант диабеті: қантты және өңделген көмірсуларды көп тұтыну инсулинге төзімділікке әкеліп, қант диабетінің даму қауіпін арттырады.
  5. Ас қорыту жүйесінің бұзылуы: фаст-фудтың құрамындағы майлар мен консерванттар ас қорыту жүйесін ауырлатады, бұл диспепсия (ас қорыту қыйындықтары) сияқты проблемаларға алып келуі мүмкін.
  6. Тері проблемалары: фаст-фудтағы майлар мен қант теріге әсер етіп, безеу мен басқа да тері ауруларына себеп болуы мүмкін.
  7. Қоректік заттардың тапшылығы: фаст-фуд құрамында ағзаға пайдалы витаминдер мен миниралдар аз, бұл денеге қажетті қоректік заттардың жетіспеуіне әкеледі.

    

      Фаст-фуд өнімдері кейде тағамнан  улануға әкелуі мүмкін. Мұндай жағдай тағамның дұрыс сақталмауы, дайындалмауы немесе өңделмеуі кезінде орын алуы мүмкін.  Мысалы:

  1. Фаст-фуд мейрамханаларында тағамдар көбіне ұзақ уақыт сақталады, ал олар дұрыс сақталмаған жағдайда бактериялар (мысалы, Salmonella, E.coli, Listeria) өсіп, азық-түліктің улануына себеп болуы мүмкін.
  2. Фаст –фуд мейрамханаларда ет және басқа өнімдерді пісіруге қысқа уақыт жұмсалады, тез дайындалады соның салдарынан өнім толық піспеуі (шала пісірілген) мүмкін, бұл бактериялардың немесе вирустардың тіршілігін сақтап қалуына мүмкіндік береді. Мысалы, толық пісірілмеген тауық еті немесе теңіз өнімдері улануға әкелуі мүмкін.
  3. Фаст-фуд мейрамханаларында (жиі жағдайда көше бойындағы дүңгіршектер) тағамдарды дайындау алаңы кішкентай, тығыз орналасқан жерде дайындалуы және барлық санитариялық нормалардың сақтауға мүмкіншіліктерінің болмауынан тағамдар арасындағы инфекцияның таралуына әкелуі мүмкін.
  4. Егер мейрамхана немесе дүкенде гигиеналық стандарттар дұрыс сақталмаса, тағамға бактериялар немесе басқа патогендер түсіп, улануға себеп болуы мүмкін.

      Фаст-фуд өнімдерін тұтынар алдында тағамның дайындалған орнының санитарлық-тазалық жағдайына, шикізат өнімдері мен дайын тағамның сақталуы, өнімдердің көршілестігі (мұздатқыш, тоңазытқыш, шикі және дайын тағамдарадың бөлек сақталуы т.б.), жарамдылық мерзіміне және дайындалу әдісіне, тағамды дайындаушы мен сатушының арнайы киіміне (алжапқыш, халат, қолғап т.б.)  назар аудару өте маңызды.

      

Еңбекшіқазақ аудандық

СЭББ басшысы М.Азербаев

Оқылды 468 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 28, 2026

Конституция – құқықтық кепіл және…

Ұсынылып отырған түзетулер Конституцияны тек құқықтық құжат қана емес, азаматтардың…
Қаң 28, 2026

Мемлекеттік басқарудың тиімділігі

Президенттің, Вице-Президенттің және Кұрұлтайдың өкілеттіктерін нақтылау мемлекеттік…
Қаң 28, 2026

Халық кеңесі және азаматтық қоғам

Халық кеңесінің құрылуы жаңа консультативтік орган ретінде халық мүддесін қорғайтын заң…
Қаң 28, 2026

Заң шығару процесін жаңарту

Кұрұлтай мен Парламенттің өкілеттіктерін жаңарту, заң шығару бастамасын кеңейту және…
Қаң 28, 2026

Сот билігінің тәуелсіздігі

Сот билігінің тәуелсіздігін күшейту, сот өндірісін әртараптандыру және адвокатураның…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет