Отан... Бұл сөздің ішінде қаншама сезім, қаншама адалдық, қаншама махаббат жатыр десеңші! Сол Отанға деген сезімдер мен махаббат, адалдық пен сенім  кейде әрбіріміздің жүрегімізді нұрға бөлеп, жанымызды жадырата түсетіндей көрінеді. Ал оның бәрі жалғыз Отанымыз Қазақстан Респуликасына деген асқақ сүйіспеншіліктен туындайтыны түсінікті. Өйткені ол бүгінде өз тәуелсіздігін алған дербес ел. Ал ол тәуелсіздік еліне жанашыр тұлғалардың әрі өз Отанының шын патриоттарының жасаған еңбектерінің жемісі екені хақ. Бірақ біздің еліміз қашанда осындай тәуелсіз әрі бейбіт болған емес. Әрине, өткен замандарда дәуірлеген империялар құрып, әлем тарихының көшбасшысы болғанымыз белгілі. Десе де, кез келген үстемдіктің мәңгі жалғаспайтыны тағы бар. Бізде бұрынғы қуатымыздан айырылып, өзге елдің үстемдігін мойындауымызға тура келді. Бірақ оның құны да соншалықты ауыр болды. Патшалық Ресей кезеңінде қаншама ұлтазаттық көтерілістеріміз қанға бөксе, бергі Қызыл империя тұсында алапат аштыққа да ұрындық, екіншідүниежүзілік соғыста да қырылдық. Есесіне, талай боздақтарымыз бен көшбасшыларымызды бодауына бердік. Одан бергі тарихымыз да ащы жас пен қызыл қан арқылы жазылыпты. Соның ішіндегі екі алапаттың қасіретті тарихымыз үшін орны бөлек. Біріншісінде қазақтың талай баласының алыстағы Ауғанда сүйегі қалса, кешегі Желтоқсанда жігіттеріміздің алды атылып, арты қуғын мен соққының зардабын тартып, қыздарымыз шашынан сүйреліп қорланғанын ұмыта қойғанымыз жоқ. Ұмытылуы да мүмкін емес. Өйткені ол халқымыздың басынан өткен нәубет. Ал кешегі тарих бүгінгіге сабақ болары ақиқат. Сондықтан өткен тарихымыздың қаралы беттерін бүгінгі ұрпаққа жеткізе білуіміз шарт. Осы бір ұлы міндетті арқалап, жас ұрпақ алдындағы миссиясын атқару мақсатында Шелек ауылындағы №1 мектепте үлкен іс-шара болып өткен болатын.

Қанмен жазылған қос тарих

Ауған соғысы – КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демократиялық үкіметті” қолдап, көршілес елдің социализм бағытымен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты. Бұл “қырғи қабақ соғыс” кезеңі өткеннен кейінгі уақытта да КСРО-ның өзге елдерді өз ықпалына қарату саясатының айқын көрінісі еді. Осылайша 1979 жылдың 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізген болатын. Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, 761 адам қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті. Аман оралғандардың ішінде мүгедектер де бар. Аталған соғыс туралы Н.Ә.Назарбаевтың: «Ауған соғысында қыруар қаржы шығындалды, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір Кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма? Бұл ұтылыс жоғарғы әскери команданың белгілі бір бөлігін мықтап ойлантты», – деген ойлы сөзі бар. Иә, Ауған соғысы аяқталып тарихтың қойнауына кетті. Бірақ балаларынан айырылып қан жылаған ананың зарлы дауысы мен соғысқа қатысып тірі қалған әрбір сарбаздың санасында «Ауған синдромы» деген қара дақ қалды. Әділетсіз соғысқа еріксіз қатысып қаза болғандардың рухы ұрпақтарының тәуелсіз елде өмір сүретініне риза болып жатқандай сезіледі.

Ауған соғысы КСРО-ның пиғылының қандай екенін көрсетсе, оның нағыз бет-бейнесін паш еткен Желтоқсан көтерілісі екені анық. Қазақ жастарының рухы мен қайсарлығын танытып, бар ғаламды батырлығына тәнті еткен, мызғымастай көрінген Қызыл империяның іргесін шайқалтқан бұл оқиғаны тебіренбей еске алу мүмкін емес. «Ұлтшыл» деп күстәланса да, «нашақор», «маскүнем» деп ғайбаттаса да, таяқпен ұрып, шашынан сүйресе де, итжеккенге айдап, оққа байласа да олардың өр рухын жасыту КСРО-ның да қолынан келмеді. Нәтижесінде, еліміз егемендік алып, жаңа ғасырдың есігін тәуелсіз мемлекет ретінде аттады.

Иә, екеуі де қасірет пен қайғыға толы тарих. Бірақ рух пен ерліктің, батырлық пен қайсарлықтың дастаны іспетті. Бүгінгі жастар үшін де үлгі мен өнеге болатын отансүйгіштік пен адалдықтың көрінісі. Сондықтан олардың ерлігі жүрегіміздің төрінен орын алап, санамыздың түпкірінде сақталатыны анық.

 

Ерлік пен тәрбиені егіз еткен шара

«Желтоқсан – тәуелсіздік бастауы» деген атаумен өткен шараға Ауған жерінде оқтың астында, оттың үстінде жүрген ардагерлер мен Желтоқсанның ызғарынан ықпай, мұзды жарып шыққан гүлдей асқақтық танытқан азаматтар қатысты. Қонақтардың қатарында Желтоқсан көтерілісіне қатысқан А.Байтуриев, А.Рузиев, Г.Әбженбаева, К.Абдикасова секілді аға-әпкелеріміз бен Ауған соғысының ардагері А.Исламов бар.

Ең алдымен сөз алған мектеп директоры А.М.Қырықбай келген қонақтарға алғысын айтып, жылы лебізін білдірді. «Ауған соғысы мен Желтоқсан көтерілісі еліміздің тарихындағы елеулі оқиғалар. Соғыс та, көтеріліс те қантөгіссіз, бейбіт түрде өтпейтіні айдан анық. Ал соны біле тұрып тәуекел ету ердің ғана қолынан келетін іс. Кез-келген көтеріліс болсын, соғыс болсын тек қасірет әкелетіні шындық. Ал оның белортасында жүріп қатысу, куәгері болу айтқанға ғана жеңіл. Кеудеңді оққа тосып, жаныңды бәске тігуге бару үшін Отанға деген шексіз сүйіспеншілігің мен халқыңа деген құрметің керек. Сондықтан сіздердің істеген істеріңіз бен орындаған миссияларыңыз біздің шәкірттер үшін өнеге. Сіздердей батыр аға-әпкелерінің сөзін тыңдап, көзін көру шәкірттер үшін де, біз үшін де мәртебе. Сіздерден тәлім алып, сіздерге ұқсауға тырысқан балалардан болашақта елім деген ер шығатыны ақиқат», – деп қонақтардың ерлігін жоғары бағалады.

А.М.Қырықбайдың басқаруындағы бұл мектептің іргетасы жақында қаланса да, барша республикаға танымал білім ордасына айналып үлгерді. Мұғалімдерінің біліктілігі мен оқушыларының білімі арқасында үлкен жетістіктерге жетіп отырған мектептің өнерлі шәкірттері де талай асуды бағындырып, өзгелерге таңдай қақтыруда. Әсіресе пән олимпиядалары мен өнер мүшәйраларында жеткен жетістіктері аз емес. Спорт саласындағы жүлделері де бір төбе. Арнайы құрылған жүз домбырадан тұратын домбырашылар тобы бар. Бұл да дәстүрлі өнерге деген құрметтен туындаса керек.

Шара барысында аталған өнерлі оқушылардың орындауында әуезді ән мен күмбірлеген күй орындалып тыңдаушылардың айызын қандырды. Мың бұралған бишілердің де өнері қонақтардың көңілінен шығып жатты. Сонымен бірге, оқушылардың Желтоқсан көтерілісінің батыры Қ.Рысқұлбековтың өмірінен алынған көрністері де олардың өткен тарихты қалай түйсініп, қандай үлгі алғанын көрсеткендей. Бүгінгі шағын көрініс ертеңгі үлкен идеологияның басқышы болатыны сөзсіз. Сондықтан біз де оған бей-жай қарай алмадық.

Оқушылардың қонақтарға қойған сұрақтары да біраз жайды аңғартқандай. «Адамның білімділігін  берген жауабынан емес, қойған сұрағына танисың» демекші олардың қойған сұрақтарынан тарихқа деген құрметі мен терең білімдерін байқадық. Тиісінше қойған сұрақтарына қонақтар тұшымды жауап беріп шараның маңызы мен мәнін асыра түсті. Әйтеуір өткен шара оқушылардың жүрегінде аз да болса Отанға деген сүйіспеншіліктің отын жаққаны ақиқат. Ерлік пен тәрбиені егіз өрген бұл шараның басты мақсаты да осы болғаны ақиқат.

 

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ

Дүйсенбі, 13 Қаңтар 2020 09:00

Доброта – лучший подарок

В предновогодние  дни доброта и милосердие востребованы как никогда. Ведь не у всех есть  возможность ощутить атмосферу общего веселья, поучаствовать в корпоративах, утренниках и елках, получить подарок … Особенно это касается детей, страдающих тяжелыми заболеваниями, жизнь которых протекает в стенах дома. Но, благодаря неравнодушным людям, они тоже получили возможность полноценно встретить  Новый год. Елку для   детей с ограниченными возможностями четвертый год подряд организуют предпринимательницы Донаханум Каримова, хозяйка кафе «Али баба» в г.Есике, и Динара Ганиева, хозяйка ресторана «Алатау холл» в с.Коктобе, приобретают для них подарки. В канун  2020 года по сложившейся традиции они пригласили сто маленьких пациентов КГУ «Кабинет психолого-педагогической коррекции №14» в г.Есике на утренник в ресторане «Алатау холл».

В теплом, просторном  зале детишек ждало новогоднее представление с участием сказочных персонажей, подготовленное волонтерами –  студентами Есикского гуманитарно-экономического колледжа. И, конечно же,  Аяз-ата и Акша кар каждому ребенку вручили кулек со «сладким» угощением.

Руководитель кабинета коррекции  Лаура Батубаева и  ее сотрудники  выражают искреннюю признательность Динаре Агапашаровне и Донаханум Шаисмаиловне,  волонтерам  ЕГЭК и преподавателям колледжа  Г.Бидибай, С.Мамешовой, А.Калиевой, педагогу-организатору С.Баусариевой за проявленные  душевность и отзывчивость, человеческое тепло, за щедрость и бескорыстный труд, чтобы  радость праздника посетила семьи таких детей.

 

И.ВИКТОРОВ

Дүйсенбі, 13 Қаңтар 2020 08:51

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1926 жылы Қошке (Қошмұхамбет) Кемеңгеровтің «Алтын сақина» пьесасымен қазақтың бірінші кәсіби ұлттық театры - Қазақ драма театрының (қазіргі М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры) ресми ашылу рәсімі өтті. Өнер ұжымы алғаш рет 1925 жылы Қызылорда қаласында ұйымдастырылған болатын. 1929 жылы театр труппасы Алматыға қоныс аударды. 1937 жылы академиялық мәртебесін алса, ал 1961 жылы қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің есімі берілді. Театр сахнасында халық шығармашылығының танымал шеберлері: Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, т.б. өнер көрсеткен. 1926-1932 жылдары театрға актер және режиссер Жұмат Шанин басшылық жасаған.

1934 жылы Алматыда Қазақ музыкалық драма театры (қазіргі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры) құрылды. Театр сахнасында ең бірінші Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан» спектаклі мен Бейімбет Майлиннің «Шұға» драмасы қойылды.

2004 жылы Қазақстан Республикасының рухани және білім беру салаларын дамыту, мәдени мұраларды пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қабылданды.

2006 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 1994 жылы Қазақстан ратификациялаған БҰҰ балалар құқығы туралы Конвенцияға сәйкес ҚР Білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау бойынша комитеті құрылды. Комитеттің басты міндеті - балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

2010 жылы Астанада қазақстандық үлесті дамыту мәселелері бойынша Сараптама кеңесінің І отырысы өтті.

2011 жылы Мәскеу қаласының Атаулы оқиғалар мен отандық тарих және мәдениет қайраткерлерінің есімін мәңгілік есте қалдыру жөніндегі комиссиясы Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің қазақтың мемлекеттік және саяси қайраткері Тұрар Рысқұловтың есімін мәңгілік есте қалдыру туралы ұсынысын қолдады. Комиссияның шешіміне сәйкес, мемориалдық тақта Мәскеуде Т.Рысқұлов 1931-1934 жылдары өмір сүрген Покровский бульвар, 14 мекенжайындағы үйге орнатылатын болады. Естелік тақтаны көркемдеуді және оны қаржыландыруды қазақстандық тарап өз мойнына алады.

2012 жылы Оралда ақын Қасым Аманжолов пен Абдолла Жұмағалиевтер тұрған, жұмыс істеген үйлерге орнатылған ескерткіш тақталардың ашылу рәсімі өтті.

2017 жылы Қазақстандық боксшы, әлемнің екі дүркін чемпионы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев 2017 жылы Алматыда өткен Дүниежүзілік қысқы Универсиада қонақтары мен еріктілері орналасатын Атлетика қалашығының әкімі болып тағайындалды.

2018 жылы Қазақстан Республикасы заңнамасын электронды нұсқада шоғырландыру мақсатында Бірыңғай құқықтық ақпарат жүйесі жасалды. Ол үшін Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкі мен «Әділет» жүйесі біріктірілді.

2019 жылы Қызылорда қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Әлихан Шәкіман 3D модельдеу арқылы жел генераторының бірегей түрін жасап шығарды. Ғылыми жұмыс бойынша оқушы екі жыл жұмыс істеген. Инженерлердің көмегімен идеяның түпнұсқасы шықты. Аталмыш жел генераторы экологиялық зиянсыз, бір жағынан шуды азайтса, екінші жағынан үнемді.


Дереккөз: https://www.inform.kz/kz

Қонаевтың нақылға айналған сөздері:

 

Бүгінгі күн – кешегі күннің шәкірті.

 ***

Жалада шындық болмайды.

 ***

Сатыға аяқ салмай жатып, баспалдақтан аттама.

 ***

Қанмен сіңгенді қасиеттемесең, қадірің болмайды.

 ***

Өмірдің екі тірегі: үйренуден жалықпау, үйретуден аянбау.

 ***

Ақиқаттан аттап кету – арға сын.

*** 

Орынды сын ойлантпай қоймайды.

 ***

Адамға жазаның ең үлкені – жұмыссыз қалдыру.

 ***

Адам айнасы – адам.

 ***

Тәуелсіздіктің жүгі ауыр.

 ***

Қараң қалған билік қайтып оңалмайды.

 ***

Бітімі қисық ағаштың көлеңкесі де өзіндей болады.

 ***

Адамдық қалыпты биік ұстау – кімге де болса үлкен сын. Адамгершілік деген асыл қасиетті аласартып алмасақ екен. Өмір өзегі осы, азаматтық жолы да осы. 

Президент Қазақстан халқына Жолдауында АӘК төлем механизмін әділ және жұмыс істеуге ынталандыратын етіп түзетуді, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына қосымша кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізуді тапсырған болатын.Мұндағы басты мақсат -  көмекке мұқтаж жандарға мемлекет тарапынан қолдау көрсету.

 Осыған сәйкес, үкімет  ең алдымен балалар мен көп балалы отбасыларға жәрдемдеседі. Ал еңбекке қабілетті азаматтар жұмыс істеуі керек, мемлекет жұмыс табуға немесе шағын бизнеспен айналысуға да септіктерін тигізуге дайын. Бүгінгі таңда облыста 43 мыңға жуық отбасыда 4 баладан  бар.

Осы сияқты көп балалы отбасыларға қолдау республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылар енгізу арқылы қамтамасыз етіледі. Бұл қаражат барлық үлкен отбасыларға (4 немесе одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар) олардың табысына қарамастан төленеді деп көрсетілген заңнамада.

Әлеуметтік көмектің  мөлшері бала санына байланысты әр балаға шаққанда 10-11 мың теңгеден және 2018 жылдан бастап тағайындалуы тоқтатылған ұқсас жәрдемақының мөлшерінен 4-7 еседей көп болады. Бүгінгі күнге дейін 43 441 отбасына мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды, 1 937 миллион теңге төленіп үлгерген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 1 жастан 6 жасқа дейінгі 31 644 баланы кепілдендірілген әлеуметтік пакетпен (бұдан әрі - ӨЖ) қамту жоспарланған, бұл мақсатта 3,7 млрд. теңге бөлінді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге дайындық бойынша облыста белсенді жұмыс жүргізілуде. Аймақтағы 2048,6 мың адамның 58% (1183,4 млн. Адам) жарналар төлеуден босатылды (азаматтардың 15 санаты). 81 медициналық қызмет көрсетуші медициналық ақпараттың 100% жүйесін енгізді, Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялау аяқталды.

Облыста медициналық ұйымдардағы барлық жұмыс орындары компьютерлік техникамен 100% қамтамасыз етілген. Аймақтың барлық медициналық ұйымдарының интернетке қол жетімділігі қамтамасыз етіліп, жұмысты 2020 жылдың 30 қаңтарына дейін аяқтау жоспарлануда.

Медициналық сақтандыру қорына 2020 жылға шамамен 108 млрд. теңге қарастырылған, бұл биылғы жылмен салыстырғанда 30 млрд теңгеге артық. Бұл сақтандырылған азаматтарға қымбат емтихандарды тапсыруға мүмкіндік береді, 18 жасқа дейінгі балалар міндетті мәлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті аясында дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі.

Медициналық ақпараттық жүйелер 81 ұйымда орнатылған, олардың 47-сі мемлекеттік, 34-і - жеке медициналық ұйымдар.

         2020 жылға қарай облыстағы медициналық ұйымдардың медициналық жабдықталуы 78% -ға жетті.

2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар мен аударымдар 11,2 млрд. теңгені құрады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің арқасында халықтың медициналық көмекке «қалталы» шығындары орта есеппен 1,3 есе азаяды деп күтілуде.

 

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзгеріс енген АӘК алудың шарттары мен өзіне тән міндеттері бар. Ол бекер емес. Атқарылатын жұмыстар мен қолға алынған бастамалар болашақтың тізгінін ұстар балғындардың келешегі үшін жасалынуда. ОСы ретте, АӘК-тің негізгі бағыттарына тоқатып өткен дұрыс. Сөз басында атап өткендей бөбектерге қалайша қайырымдылық жасалынбақ, оған қол жеткізудің негізгі  шарты қандай?

Сонымен іс-шаралар кешеніне төмендегідей 3 бағыт кіреді:

Біріншісі - көп балалы отбасыларды жеке санатқа шығару және оларға кепілдік берілген жәрдемақыны  беру болса, бұдан былай көп балалы отбасы немесе аз қамтылған отбасы деген атаулар алынып тасталынады. Сонымен қатар, бұл көп балалы аналардың, олардың қаржылық жағдайына және әлеуметтік жағдайына қарамастан, елдегі туу деңгейінің өсуіне ықпал етеді..

Сондықтан көп балалы отбасыларға республикалық бюджеттен мемлекеттік жәрдемақы енгізілді.

        

Жәрдемақы мөлшері балалар санына байланысты келесідей болады:

4 балаға - 42 496 теңге (16.03 АЕК);

5 балаға - 53127 теңге (20.04 АЕК);

6 балаға - 63 757 теңге (24.05 АЕК);

7 немесе одан көп балаға - 74 388 теңге (24.08 АЕК).

Екіншісі - аз қамтылған азаматтардың санаттарын қолдау және оларды жұмысқа орналастыруға ынталандыру.

АӘК-нің негізгі шарттарының бірі - еңбекке жарамды отбасы мүшелері жұмыс істеуі және отбасы үшін жауапкершілікті сезінуі керек.

 

Егер еңбекке қабілетті отбасы мүшесі ұсынылған жұмысқа орналасудан бас тартса, онда АӘК төлеу тек оған ғана емес  ғана емес, бүкіл отбасына тоқтайды.

         Үшіншіден, кепілдендірілген пакет барлық АӘК алушыларға, соның ішінде балаларына материалдық қолдау көрсетіледі.

Сонымен қатар, аз қамтылған отбасылар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізілді.

Пакетке мыналар кіреді:

- мектеп жасына дейінгі балалар үшін: балалар тағамы мен гигиеналық заттар (31644 бала).

- мектеп жасындағы балалар үшін - мектептердегі ыстық тамақ, мектеп киімдері мен керек-жарақтарын сатып алу, жол жүру шығындарын өтеу (52681 оқушы).

* 1 жастан 6 жасқа дейінгі мектепке дейінгі аз қамтылған балалар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакет аясында келесі тауарлар мен тауарлар ұсынылады:

- гигиена құралдары, тоқсанына 1 рет 1774 теңгеге (балалар тіс пастасы, тіс щеткасы, балаларға арналған гипоаллергенді крем, сусабын, кір сабын және кір жуғыш зат);

- балаларға тамақтанудың ғылыми негізделген физиологиялық нормаларына сәйкес айына 4710 теңге мөлшерінде анықталған азық-түлік жиынтығы.

 

Антикоррупционной службой по Алматинской области совместно с Департаментом полиции Алматинской области, управлением пассажирского транспорта и автомобильных дорог Алматинской области и представителями АО «Национальная компания «ҚазАвтоЖол», которые являются национальными операторами по управлению автомобильными дорогами в Республике Казахстан, а также представителями общественности, известными блогерами проведена диалоговая встреча в рамках проекта «Сапалыжол – Адалдық аланы» по вопросу зимнего содержания автодорог.

Также на встрече приняли участие представители подрядных организаций осуществляющих очистку автодорог республиканского и областного значения.

В ходе диологовой встречи обсуждены проблемные вопросы, продемонстрированы видеоматериалы и представлены видеофакты с мест проишествии.

В свою очередь, представители АО «Национальная компания «ҚазАвтоЖол» пояснили, что приобретено 10 единиц автомашин на базе «КамАз», «Foton» и 1 погрузчик. Вместе с тем, проводятся работы по очистке снега, расширение обочин, а также обеспечение противогололедных материалов.

Кроме того, предложено в ближайшее время провести совместные рейдовые выезды с участием общественности и блогеров по вопросу своевременности проведения снегоочистительных работ автодорог.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы полициясы «Сергек» камерасына тіркелген құқықбұзушылықтарға төленетін айыппұл қайда кетіп жатқанын айтты. 

«Былтырдан бері «Сергек» жүйесін тестілеуден өткізіп келеміз. Бұл кешенді біз қала тұрғындарының сұранысына қарай апат көп болатын жерлерде орнаттық. Бұл жүйе ең алдымен жол апатының санын азайту үшін, содан соң жол апатына байланысты қылмыстарды ашу үшін орнатылды», - деді қалалық Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.

Оның айтуынша, «Сергек» камерасына түскен құқықбұзушылықтарға салынатын айыппұлдардың барлығы қала бюджетіне түседі. «Бірнеше күн бойы маған осындай сауалдар келіп жатыр. Сергек тіркеген қаражаттың барлығы қайда кетеді деген. Барлық әкімшілік айыппұлдар 1 теңгесіне дейін мемлекеттік бюджетке түседі», - деді ол.

Алматыда 1 қаңтарда «Сергек» жүйесінің 400 камерасы бірден іске қосылған болатын. 10 күн ішінде камералар 2,5 мың жол ережесін бұзу дерегін тіркеді. Алматылықтар 42 млн төлейді.

Дереккөз:https://www.inform.kz

Биыл Қазақстан жолдардың жай-күйін бағалауға арналған еуропалық бағдарлама - EuroRAP-ты іске қоспақ.

Бұл шараны ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Дүниежүзілік Банкпен бірлесіп жүзеге асырмақ, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

ДДСҰ есебі бойынша Қазақстандағы жол-көлік апаттарынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 100 мың көлік құралына шаққанда 71,8 адамды құрайды. Елімізде EuroRAP жүйесін енгізу автомобиль жолдарындағы қауіпсіздік деңгейін көтеруге мүмкіндік беріп, ЖКО санының азаюына ықпал етпек.

Жолдардың жай-күйін бағалауға арналған еуропалық бағдарламада жолдарды егжей-тегжейлі зерттеу және мәліметтерді жинау үшін арнайы құрылғылармен жабдықталған көліктік құралдар, бағдарламалық қамтамасыз ету қондырғылары мен біліктілік курстарынан өткен мамандар жұмыс істейді.

Бағдарламада жолда болатын 50-ден астам түрлі факторға ерекше көңіл бөлінген. Тексеру шараларының нәтижесінде алынған мәліметтер EuroRAP-тың ұпайын бағалау және қауіпсіз жолдарға құйылатын инвестициялар жоспарын нығайта түседі.

Тұтастай алғанда, 2020 жылдан бастап жол қозғалысы қауіпсіздігін көтеру бағытында бюджетті егжей-тегжейлі әзірлеумен қоса, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 5 мыңнан астам және қалалардағы көшелердің 1000 шақырымында EuroRAP жол инфрақұрылымы қауіпсіздігін талдау шаралары жүргізіледі деп жоспарлануда.

Бұдан бөлек, «EuroRAP-тың ұлттық платформасының жетекші білімі» базалық құжаттары әзірленіп, EuroRAP жүйесін ұлттық заңнамаға енгізу жөніндегі егжей-тегжейлі ұсыныстар дайындалады деп жоспарланған.

Жолдардың жай-күйін бағалауға арналған еуропалық бағдарламаны енгізуде Swedish National Road Consulting AB (SweRoad) швед компаниясы кеңесші болмақ. Ассоциациядағы субконсультант - QAZAQ Research Institute for Road Traffic Safety (Швеция/Қазақстан).

Айта кетейік, Қазақстанда Жол қауіпсіздігін бағалаудың халықаралық бағдарламасының – IRAP құралы «Орталық – Оңтүстік» және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәліздерін жобалау кезеңінде қолданылған болатын. Осылайша, 2017 жылы ұзындығы 297 шақырымды құрайтын «Балқаш – Бурылбайтал» жол учаскесін, «Алматы – РФ шекарасы (Екатеринбургқа)» жолын реконструкциялау жобалары IRAP бағалауынан өтті.


Дереккөз: https://www.inform.kz

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет