Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2019 11:00

Балдырғандардың бал мекені

Бүлдіршіннің тәрбиесінде балабақшаның алар орны ерекше. Осындай өнегелі тәлім ордасы – Есік қаласында орналасқан «Шапағат» бөбекжай балабақшасының 10 жылдық мерейтойы өтті жақында.  2009 жылы сол кездегі облыс әкімі Серік Үмбетовтың қатысуымен салтанатты түрде ашылған балабақша 100-ден аса балдырғанды қанаттандыруда. Жас ерекшелігіне байланысты ойын алаңдарымен қамтылып, 3 мезгіл тамақтандырылып, түрлі үйірмелер ұйымдастырылып, балапандардың жан-жақты болып өсуіне барлық жағдай жасалған.

Салтанатты шараға  Республикалық «Құрмет» қоғамдық бірлестігінің облысаралық арнайы уәкілі Нұржан Сейдуалы, Есік қаласы әкімінің орынбасары Досжан Сейдахметов, аудан балабақшаларының меңгерушілері мен тәрбиешілері қатысты. Өнерлі өрендер мерекеге орай әннен шашу шашып, мың бұрала билеп, көрерменнің қошеметіне бөленді. Шара соңында қызметкерлер арнайы төсбелгілермен, Құрмет грамоталарымен марапатталды.

 

Айкен МАСИМГАЗИЕВА,

балабақша әдіскері

Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2019 10:57

Сыбайластықпен күрес – жауапты міндет

«Дүние-байлық не керек, денсаулығың болмаса, төрелігің не керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бір болып отыр. Адалдықтың ақ туын желбіретуді мақсат тұтып жүрген аудан әкімі кітапханасының кітапханашысы Г.Саурықова мен Рахат №1 орта мектебі кітапханашысы Д.Жанабилованың, мектепішілік «Адал ұрпақ» клубының жетекшісі С.Армияұлының ұйымдастыруымен аталған тақырып аясында дөңгелек үстел өтті жақында.

Шараға мектептің қамқоршылық кеңесі төрайымы Қ.Жұмабекова, мектеп директоры Б.Букаева, директордың орынбасарлары М.Еділ мен Ш.Батырхан қатысты.  Жиын барысында оқушылар қоғамдық дерттің себебін анықтауға тырысып, онымен қалай күресу керек  екені жөнінде ойларын ортаға салды. Мектеп директоры Бибігүл Жұмаханқызы шара соңында:

       Адам бойындағы, адалдық, әділдік деген қасиеттерді балалардың бойына кішкентай кезінен бастап сіңірген дұрыс. «Отан – отбасынан басталады» деген бар, сол себепті алдымен үйдегі қарым-қатынас жақсы болса, адалдық, әділдік деген ұғымдарды ата-ана ісімен көрсететін болса, одан кейін араласатын ортасына мән берілуі тиіс. Өз өміріне, болашағына жауапкершілікпен қарайтын азамат ешқашан біреудің ала жібін аттамайды деп  ойлаймын. Бүгінгі шарамыздың да мақсаты сол – адал ұрпақты тәрбиелеп, бойына адамгершілік асыл қасиеттерді дарыту болып отыр, – деп қорытындылады.

Ж.ЫСҚАҚ

Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2019 10:53

Біз – үлкен отбасымыз

Еліміздің Тәуелсіздігінің 28 жылдығын тек сөзбен емес, нақты істерімен қарсы алып, жеткен жетістіктерді паш етумен қатар, болашақта атқарар ауқымды жұмыстарын анықтауға арналған іс-шараларды өткізушілер қатарында Есік кәсіптік-техникалық колледжі және шақырылған қонақ ретінде Есік оқу-өндірістік комбинаты болды.

«Біз тәуелсіз ел – үлкен отбасымыз» деген девизбен өткізілген іс-шараға Есік кәсіптік-техникалық колледждің білімгерлері алып жатқан мамандықтарына қарай өз қолдарымен өндірген көрме ұйымдастырыпты.

Есік кәсіптік-техникалық колледжінің мұғалімі Сәуле Мұқышева кіріспе сөзбен іс-шараны ашып, еліміздің Гимні ойналғаннан кейін желтоқсан құрбандарын бір минөттік үнсіздікпен еске алуды ұсынды.

Тәуелсіздік күніне арналған іс-шараның қонақтарымен таныстырып өтті модератор С.Мұқышева. Осы жолдар авторымен қатар этномәдени орталықтар жетекшілері, кәсіпкерлер палатасының, жұмыспен қамту орталығының, заң колледжінің, оқу-өндірістік комбинатының басшылары, өкілдері қатысып, тәлімгерлер бұйымдарының көрмесімен танысты, оқытушылар күшімен қойылған концертті қызықтады.

 

Х.Ахметжанов

Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2019 10:49

В зоопарке ждут весну

В частном детском зоопарке «Сказка живой природы», расположенном в с.Болек, еще до нового года  ждут...весну. И для этого есть все основания – уже в начале весны у зверей и птиц  появится потомство: дикобразята, волчата, филинята, фазанята. Такое событие произойдет впервые с 2005 года, когда зоопарк был основан капитан-лейтенантом ВМФ в отставке Андреем Шляховым.

Надо сказать, что появление зверят и птенцов запланировано как часть проекта по восполнению животного мира Жетісу, реализуемого Андреем Степановичем и его семьей – супругой Любовью Алексеевной и сыном Андреем  в партнерстве с зоопарком г.Алматы. По условиям проекта подросший молодняк будет выпускаться в горы  Заилийского Алатау. Ведь мало кто помнит, что, к примеру,   предгорье Заилийского Алатау  – естественная среда обитания дикобразов, которых практически уже невозможно встретить в дикой природе. 

С перспективой  разведения дикобразов в зоопарке уже построены две фермы, животные в зимних условиях чувствуют себя хорошо. Андрей Степанович рассказывает:

 – Мы также планируем открыть реабилитационный центр для детей-инвалидов, в котором они будут проходить зоотерапию, строим помещение для детского зоотеатра, конюшню для пони, новые клетки и вольеры. Все это предназначено для оздоровления и развлечения детей,  проведения учебных занятий по внешкольным программам.          Есикский зоопарк «Сказка живой природы» включен в   сборник Евро-Азиатской региональной асоциации зоопарков и аквариумов. Наши партнеры: Алматинский зоопарк, Иле-Алатауский ГНПП, Алматинский заповедник, питомник хищных птиц «Сункар», Московский, Карагандинский, Новосибирский  зоопарки. Биологическая коллекция «Сказки живой природы» Алматинским областным территориальным управлением лесного и охотничьего зозяйства внесена в реестр охраны животного мира. Для обучения, лекций и познавательных занятий используются научно-методические разработки Алматинского и Московского зоопарков. Мы также активно ведем озеленение, высаживаем на территории зоопарка  аллеи декоративных и плодовых деревьев, при содействии акимата Болекского сельского округа завезли 16 КамАЗов плодородной почвы.

Ежедневной работой, несмотря на  финансовые затруднения в строительстве и содержании зоопарка,  ведущихся  на собственные средства нашей семьи, мы стараемся, чтобы наше детско-юношеское учреждение имело право на существование и работало на благо общества, занималось  проведением  в жизнь государственных программ социального развития и природоохранной деятельности.

И.ВИКТОРОВ

Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2019 10:29

Тапсырмалардың орындалуы талқыланды

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Ә.Жөргенбаев  Еңбекшіқазақ ауданы бойынша партия филиалы және бастауыш партия ұйымдары  төрағаларымен кездесті. Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясын қайта жаңғырту шеңберінде Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың берген тапсырмаларының орындалу барысын, сондай-ақ, «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» бағдарламасы аясында алда атқарылатын жұмыстар  мен міндеттер  талқыланды. Кездесуде аудандық мәслихат хатшысы Б.Т.Ахметов және аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.С.Байғоджаев, облыстық филиал  төрағасының бірінші орынбасары Ж.Ә.Жөргенбаевқа ауданымыздағы бір-қатар шешімін күткен мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын енгізді.

Сонымен қатар «Бақытты отбасы» ұлттық жобасы аясында  Шелек ауылындағы облыстық мамандан-дырылған балалар үйінің бүлдіршіндеріне қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, облыстық мәслихат депутаты Қ.Сұлтанғазиев және аудандық мәслихат депутаты В.Крыловтың демеушілігімен  облыстық, аудандық партия филиалдары басшыларының қатысуымен, бүлдір-шіндерге жаңа жыл-дық сыйлықтар табысталды.

 

Құндыз Дарбаева,

аудандық партия филиалының консультанты

Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2019 10:26

Ат тұяғын тай басар

Алматы қаласы ішкі істер басқармасының құрамындағы Алмалы аудандық полиция бөлімінің қылмыстық істер іздестіру қызметінің басшысы Қанат Жақыпбаев жыл сайын халықаралық, әлемдік жекпе-жек спорт жарыстарына қатысып жүргенін және бірінші орынды үздіксіз алып жүргенін газетіміз жариялап тұрады.

Міне, енді Қанаттың туған інісі Сұлтан Қанет Евразиялық комбат джиу-джитсу федерациясының ұйымдастыруымен Алматыда өткізген халықаралық жарысында 70 килограмм салмақ дәрежесі бойынша бірінші орынды жеңіп алды.

Қазақ жастары жекпе-жек спорт түрлерінен, әсіресе бокс, ережесіз жекпе-жек, шығыс жекпе-жектерінен басқа елдер спортшыларынан оқ бойы озық тұр десек артық айтқандық емес. Соның бір дәлелі – көптеген әлемдік жарыстарда жеңімпаз атанып жүрген Қанат ағасынан қалыспай, өкшелей қуып келе жатқан Қанет Сұлтанның жетістіктері айғақ.

Осы хабарды – қуанышты ақпаратты, редакциямызға жеткізіп Сұлтанның жеңісімен марқайған жекпе-жек спорт шеберлерінің әкесі аудандық мәслихат депутаты Жақыпбаев Еркін Қанетұлының мақтанышы – бүкіл қазақ елінің мақтанышы. Жеңісті күндеріміз көп болсын!

 

Қ.Қасымұлы

Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2019 10:13

Балаларға базарлық

Әлемдегі барша балаға бақыт пен қуаныш сыйлайтын жаңа жыл мерекесі де босағамызды аттағалы тұр. Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылып, балғындардың көңіліне шуақ болып тарайды. Сондықтан осы мерекені бүлдіршіндер асыға күтіп, Аяз атадан жаңа жылдық сыйлықтарын күтеді. Биылғы жылы Аяз ата ауданымыздың оқушыларын Есік қаласындағы Райымбек батыр атындағы орта мектебінде өткен «Президент шыршасында» құттықтады.

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасында тәрбиеленетін, жетім және жартылай жетім, көпбалалы отбасынан шыққан балаларға арналған мерекелік шараға аудан басшысы Бинәлі Ысқақ, мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, әкімнің бірінші орынбасары Айбек Бидаев пен басқа да құрметті қонақтар арнайы қатысып, бүлдіршіндердің қуанышын бөлісті.

Мерекелік шыршаның шымылдығы «Салтанат» би ансамблінің «Снежная королева» биімен түрілді. Ортаға Аяз ата мен Ақшақар, түрлі ертегі кеййіпкерлері мен "жануарлар" келіп, кештің сәнін кіргізді. Ауданымыздың беделді әншісі Нұртас Қайратұлы «Жаңа жыл» әнін шырқап, көпшіліктің көңілін көтерді. Лэд-экран арқылы оқушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа жылдық құттықтауын тыңдады. Аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлы да балғындарға ақ тілегін жеткізді:

– Жаңа жылда барша бұлдіршіндерге бақыт пен қуаныш, сәтті оқу жылын тілеймін. Сендер әрдайым бақытты болуға лайықсыңдар. Бүгінде өздеріңе мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып, алаңсыз білім алуға жол ашылып жатыр. Сендердің негізгі міндеттерің – білім нәрімен сусындап, еліміздің дамуына үлес қосу. Ел болашағы сендердің қолдарыңда. Жаңа жылда тілеген арман-тілектерің орындалып, әрқашан биіктен көрініп, көк Туымызды желбіретіп жүре беріңдер – деді Бинәлі Ысқақ. Ауданымыздың әр мектебінен келген 84 оқушыға сый-сияпаттарын табыстады. Кейіннен, эстрада жұлдызы ән шырқап, жиылған көпшілік би билеп, көңіл көтерді. Сахналандырылған қойылым көрсетіліп, бүлдіршіндер ертегі-лер әлеміне сапар шекті. Жиылған балалар аудан басшысы бастаған қонақтармен естелік суретке түсіп, алғыстарын жеткізді.

С.НҰРАДИН

 

1931 жылы Қазақстанның жоғары әскери-оқу орны – Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі академиясы құрылды. Ол Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметіне, ҰҚК-нің басқа бөлімшелері мен органдарына офицерлер даярлайды.

1960 жылы Тың өлкесі (Целинный край) құрылды, оның құрамына Ақмола, Көкшетау (қазіргі Ақмола облысының және Солтүстік Қазақстан облысының бөлігі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары кірді. Әкімшілік орталығы - Целиноград қаласы (1961 жылға дейін - Ақмола). 1965 жылы 19 қазанда таратылды.

1980 жылы орыс-неміс жазушысы Александр Реймгеннің пьесасы желісі бойынша қазақтар мен немістердің өзара қарым-қатынасы туралы «Тұңғыштар» спектаклімен Республикалық неміс драма театры ашылды. Спектакльдің режиссері және труппаның алғашқы жетекшісі – Е.С. Аракелов.

1991 жылы Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады.

1995 жылы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды.

2009 жылы Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында жаңа редакциядағы «Корсар» балетінің премьерасы болды, оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тамашалады. «Корсар» балетінде К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының әртістері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлфайрус Құрманғожаева, халықаралық конкурстардың лауреаттары мен дипломанттары Жандос Әубәкіров, Рүстем Сейітбеков, Тайыр Ғатауов, Ғалия Мажағұлова, Елена Семенова, әртістер Жанәділ Бейсембиев пен Жанат Сәрсембаев ойнады.

2016 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясына ресми сапары аясында Санкт-Петербургте «Байқоңыр» кешеніндегі келешектегі ынтымақтастық тұжырымдамасына қол қойылды. Тұжырымдама Қазақстан мен Ресей президенттерінің «Байқоңыр» кешеніндегі ынтымақтастықтың перспективаларын пысықтау туралы уағдаластықтарына сәйкес әзірленді және 2050 жылға дейін есептелінген. Тұжырымдама жалға алу қатынастарын жалғастыру аясында Тараптардың бірлесіп Байқоңыр қаласының және ғарыш айлағының инфрақұрылымын дамыту (жетілдіру), инвестициялар тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, тұрғын үй салу, туризмді дамыту туралы уағдаластығын бекітеді. Бірақ бастысы - бұл ғарыш айлағының қолданыстағы инфрақұрылымының негізінде жаңа бірлескен ғарыштық жобаларды және ең алдымен «Бәйтерек» жобасын іске асыру.

2017 жылы Астанадағы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасына беларусь баспагері Франциск Скоринаның қолжазба басылымдар жинағы сыйға тартылды. Ағартушының дүние жүзі бойынша жиыны 520-ға жуық басылымы Ұлыбритания, Германия, Дания, Литва, Польша, Словения, Ресей, АҚШ және Украинаның кітапхана, музей мен мұрағаттарында жинақталған.

2018 жылы Қазақсатнның Қарулы Күштернің тарихында тұңғыш рет бітімгерлер қатарына әскери қызметкер әйел, майор Шолпан Тауышова қосылды. Бір жыл бойы 30 елдің әскери қызметкерлерімен бірге майор Шолпан Таушева Батыс Сахарадағы бітімгершілік миссиясына әскери бақылаушы ретінде қатысады.

2018 жылы Түркияның Болу қаласына түркі жұртына ортақ тұлға Көроғлының ескерткіші орнатылды. Қазақстандық мүсінші Мұрат Мансұровтың туындысы ескерткіштің атымен аттас халықаралық саябаққа қойылды. салмағы 500 тонна, биіктігі 70 метр болатын алып мүсін Түркияға бөлшектеліп жеткізілді. Жобаның аннотациясын белгілі ақын, жазушы Олжас Сүлейменов жазды. «Көроғлы» - XVII ғасырда Орта Азия мен Таяу Шығыста кең таралған түркі халықтарының фольклорлық-эпикалық ескерткіші.


Дереккөз: https://www.inform.kz/kz

Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2019 14:36

Қызыққа толы "Президент шыршасы"

        Жаңа жыл – ертегілер әлеміне елітіп әкететін ерекше мейрам. Әсіресе, балалар үшін сиқырға толы бұл мерекенің орны бөлек. Осыны ескерген ел ағалары жылда аудан, облыс, республика көлемінде балаларға арнап шырша тойын өткізіп келеді. Бұл дәстүрден жаңылмай, 25 желтоқсанда Райымбек батыр атындағы орта мектепте «Президент шыршасы» өтті.

          Шыршаға аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, мәслихат хатшысы  Бекет Ахметов, аудан әкімінің бірінші орынбасары Айбек Бидаев және аудандық басқарма, бөлім басшылары қатысып, балалалардың қуанышымен бөлісті. Аудан әкімі жиылған жұртты жаңа жылмен құттықтап, балаларға сыйлық таратты.

         Ал Аяз атаны тағатсыздана күткен балалар би билеп, ән салды. Жаттаған өлеңдерін айтып, өнерлерін көрсетті. Ертегілер елінен келген кейіпкерлер балалармен бірге түрлі ойындар ойнап, шат-шадыман қылды.

 

Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2019 09:37

Адал сезім

Бойында міні жоқ, періштедейін бір сұлу соңынан әлдебір жігіттің қалмай келе жатқанын байқайды. Бұрылып:

— Артымнан неге келе жатсың? – деп сұрайды. Жігіт:

— О, сүйкімді ару, сенің көз сүріндірер сұлулығың мені жіпсіз байлап, соңыңнан ертіп қойды. Мына халық мен туралы «музыкалық аспаптарда шебер ойнайтын, поэзия өнерін жетік меңгерген сылқым, әрі қыздардың жүрегін жаулаушы нағыз сері» деуші еді. Ал мен басқаға емес, тек саған бар махаббатымды сыйлағым келеді. Өйткені сен менің жүрегімді жаулап алдың! Жүрегім тек сен деп соғады, – дейді.

 Жігітке біраз уақыт үнсіз қарап тұрған сұлу:

— Сен қалай мені сүйіп қалдың? Менің сіңлім менен өткен сұлу, әрі тартымды. Әне, ол сенің соңыңнан келе жатыр, – дейді.

 Лезде тоқтай қалған жігіт артына бұрылып қарағанда жасы жетіп, белі бүкірейген, арқасына ескі жамылғы жапқан кәрі кемпірді көреді. Жігіт сұлу қызға қарай адымдай басып:

— Айтшы, сұлуым, мына сен сияқты періштенің ауызынан өтірік сөз қалай шықты? – деп сұрайды. Оған жымия қараған қыз:

— Досым-ау, маған сезіміңді білдіргенде сен де өтірік сөйледің ғой. «Жүрегім тек сен деп соғады» дей тұрып, басқа қызға басыңды бұрып қарауға қалай дәтің барды? – дейді.

 

Сезімдеріңізге адал болыңыздар!

Аударған: Құралай Мұратқызы

Шығыс тәмсілі

Дереккөз: pritchi.ru

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет