Дүйсенбі, 23 Қыркүйек 2019 09:23

Терең тамырлы тұлға

Қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Бейімбет Майлиннің 125 жылдығын аудандық кітап-хана ұжымы атап өтті жақында. Сауатсыздықты толық жою ұранын алға тартқан Б.Майлин халқының көзін ашып, көкірегін ояту жолында аянбай еңбектенген қайраткерлердің бірегейі еке-нін бүгінгі сауатты халық біледі. Оның қаламынан туындаған «Байдың қызы», «Маржан», «Кемпірдің ертегі-сі», «Мырқымбай» сияқты шығармалары оқушыларды еңбекке, білімге, әділдікке шақырып қана қоймай, өмірлік сабақ та бола алады.

«Бейімбет – терең тамырлы тұлға» тақырыбымен аталған тұлғатану кешінде Р.Тоқатаев атындағы орта мектептің оқушылары ақын шығармашылығына бойлап, мән-мағынасына үңілді. Ашаршылық жылдарынан көрініс берген кішігірім қойылымдары қонақтардың көңілінен шығып, қошеметке бөленді. Жүргізуші әрі кітапхана қызметкері Г.Саурықова жазушының өмірбаянымен толыққанды таныстырып, Б.Майлинге қатысты тарихи бейне көрсетілді. Артынша жазушы кітаптарынан құрастырылған көрме таныстырылып, кітапхана директоры Гүлнәр Жандосова талапты да өнерлі оқушыларға Алғыс хаттар табыстады.

Алмагүл НҰҒМАН.

УВАЖАЕМЫЕ ГРАЖДАНЕ!

В социальных сетях признанной судом запрещенной и экстремисткой организацией «Демократический выбор Казахстана» (ДВК) распространяются призывы к проведению и участию в незаконных протестных акциях 21 сентября 2019 года.
Деструктивные силы вводят в заблуждение население относительно мер социальной поддержки, межгосударственных отношений, тем самым побуждают к массовым беспорядкам, создают угрозу общественной безопасности, пытаясь разжечь социальную и национальную рознь.
Такие действия прямо запрещены законом, поэтому правоохранительные органы в установленном законом порядке будут реагировать и принимать строгие меры к нарушителям.
В целях предупреждения правонарушений и готовящихся противоправных деяний, обеспечения общественной безопасности и защиты прав граждан обращаем внимание на то, что Уголовным кодексом предусмотрена ответственность:
- за возбуждение социальной, национальной, религиозной розни, а равно изготовление, распространение материалов, их пропагандирующих – статья 174 (до 20 лет лишения свободы, если повлекли тяжкие последствия);
- за причинение существенного вреда правам и законным интересам граждан, организаций или государства - статья 400 (штраф до 200 МРП либо арест до 50 суток);
Статьей 488 Кодекса об административных правонарушениях также установлена ответственность за нарушение порядка организации и проведении мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций (при отягчающих обстоятельствах - штраф до 50 МРП, арест до 15 суток).
Уважаемые граждане, Генеральная прокуратура разъясняет, что любое участие и финансирование деятельности экстремистской организации повлечет уголовную ответственность в соответствии со статьями 182, 258 и 405 Уголовного кодекса:
- участие в деятельности экстремистской организации – статья 405
(до 2 лет лишения свободы);
- создание, руководство экстремистской группой или участие в ее деятельности – статья 158 (до 17 лет лишения свободы с конфискацией имущества);
- финансирование террористической или экстремистской деятельности и иное пособничество терроризму либо экстремизму – статья 258 (до 12 лет с конфискацией имущества).
При этом под участием понимается не только организация и проведение незаконных акций, но и агитация, пропаганда идей запрещенной организации, изготовление, выпуск, тиражирование и распространение любыми средствами публикаций, листовок, постов, комментариев и иных информационных материалов.
Под финансированием понимается предоставление и сбор денег или иного имущества, дарение, мена, пожертвование, спонсорская и благотворительная помощь, оказание информационных и иного рода услуг.
Вместе с тем, в соответствии с действующим законодательством лица, добровольно прекратившие участие в деятельности экстремистской группы, освобождаются от уголовной ответственности.
С учетом изложенного, Генеральная прокуратура призывает граждан неукоснительно соблюдать закон, не поддаваться на провокации и воздержаться от участия в незаконных акциях и деятельности организаций, запрещенных на территории нашей страны.

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Әлеуметтік желілерде тыйым салынған және сотпен экстремисттік деп танылған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» ұйыммен 2019 жылғы
21 қыркүйекте заңсыз наразылық акцияларын өткізуге және оған қатысуға шақыру таратылуда.
Деструктивті күштер әлеуметтік қолдау шаралары, мемлекетаралық қатынастар туралы жалған ақпарат тарата отырып, халықты адастырып тәртіпсіздіктерді, әлеуметтік және ұлттық араздықты тудыру арқылы қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіреді.
Мұндай әрекеттерге заңмен тыйым салынған, сондықтан құқық қорғау органдары заң бұзушыларға заңмен белгіленген тәртіпте ден қойып, қатаң шаралар қолданатын болады.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңсыз әрекеттерге жол бермеу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында Қылмыстық кодексте жауаптылық қарастырылғанына назар аударамыз:
- 174-бапта әлеуметтік, ұлттық, діни араздықты қоздырғаны үшін, сондай-ақ оларды насихаттайтын материалдарды дайындағаны, таратқаны үшін (егер олар ауыр зардаптарға әкеп соқса, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру мүмкін);
400-бапта азаматтардың, ұйымдардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіргені үшін (200 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 50 күнге дейін қамауға алу);
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабында бейбіт жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған (ауырлататын жағдайларда - 50 АЕК айыппұл, 15 күнге дейін қамауға алу қаралған).
Құрметті азаматтар, Бас прокуратура сонымен бірге экстремистік ұйымның қызметіне қатысу және қаржыландыру Қылмыстық кодекстің 182, 258 және 405-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратынын түсіндіреді:
- 405-бапта экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін (2 жылға дейін бас бостандығынан айыру);
- 158-бапта экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның қызметіне қатысу үшін (мүлкін тәркілеумен 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру);
- 258-бапта террористік немесе экстремистік әрекетке дем берушілік және терроризм мен экстремизмнің басқа да жолдарын қаржыландыру үшін (мүлкі тәркіленіп 12 жылға дейін).
Сонымен қатар, қатысу дегеніміз тек заңсыз әрекеттерді ұйымдастыру және жүргізу ғана емес, сонымен бірге тыйым салынған ұйым идеяларын үгіттеу, насихаттау, жариялау, буклеттер, посттар, пікірлер және басқа да ақпараттық материалдарды даярлау, шығару және тарату болып табылады.
Қаржыландыру дегеніміз - ақшаны немесе басқа мүлікті беру, жинау, сыйлық жасау, ауыстыру, демеушілік, қайырымдылық көмек, ақпарат және басқа да қызметтер көрсету саналады.
Сонымен бірге, қолданыстағы заңнамаға сәйкес экстремистік топтың қызметіне қатысуды ерікті түрде тоқтататын адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, Бас прокуратура азаматтарды заңдарды қатаң сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және елімізде тыйым салынған ұйымдардың заңсыз әрекеттері мен қызметіне қатыспауға шақырады.

Жұма, 20 Қыркүйек 2019 14:25

Рейд жүргізілуде

Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет жә-не тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Жаңашар ауылдық округінде «Тіл тазалығын             сақтайық!» акциясы өтті.

Жаңашар ауылдық округі бойынша халыққа қызмет көрсету мекемелері мен қоғамдық орындарда тіл нормаларының Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарына сәйкес рәсім-делуі, олардың сауатты жазылуы қадағаланды. Аталған шара аясында округ бойынша 13 нысанның маңдайша атаулары мен жарнамаларында сәйкессіздіктер анықталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді және ескерту қағаздары берілді.

 

 А.Бугенбаева,

Жаңашар ауылдық округінің

жетекші маманы.

Отбасы – жарастық орнаған кішкентай Отан. Бұлай дейтініміз, сыйластығы асқан, берекесі тасқан әулеттің шаңырағында шаттық әні шарықтайды. Осындай мерекелі де берекелі ошақтан Отан құралады. Бұл қоғам шындығы. Міне, осынау қасиетті құндылықтарды жас отбасыларға насихаттау, саламатты өмір салтын ұстануға, қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын ұғындыру мақсатында аудандық жас отбасылар байқауы өтті жақында. «Толағай» деп айдар таққан байқауға аудан бойынша 8 жас жанұялар қатысты. Аудандық ішкі саясат бөлімінің және «Алтын адам» туризм орталығының қолдауымен, «Мәңгілік Ел тұғыры» қоғамдық қоры мен аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен байқау өзіндік тартысқа толы болды.

Ашылу салтанатында туризм орталығының директоры Мұрат Ақаев, жастар ресурстық орталығының жетекшісі Айбек Ілебаев сөз сөйледі. Отбасылық береке-бірлікті сақтау, жас ұрпаққа дұрыс тәрбие беру – бұл Отанының өркендеуіне қосар әр әулеттің зор үлесі екенін айтты.

Байқау үш кезеңнен тұрды. Алғашқысы – әр отбасының таныстыруы, екінші – спорттық сайыс, ал үшінші кезең – білім бәсекесі.

Қызы мен анасы, ұлы мен әкесі өзара байланыс орнатып, сол арқылы бірлік бесігінде тербелген жас отбасылар әр кезеңде әлінше шапты. Әйткенмен, жарыс бар жерде жеңіс бар. Қорытынды сөз сөйлеген «Еңбекшіқазақ» газеті редакторы-ның орынбасары, «Мәңгілік Ел тұ-ғыры» қоғамдық қорының төрағасы Қайнар Жұмағожа:

– «Отан – отбасынан бас-талады» дейді халықта. Расымен, ертеңгі елінің елеулі, халқы-ның қалаулы азаматтары мен азаматшаларының бәрі бір-бір отбасында тәрбие-ленуде. «Әке көрген оқ жонар» демекші, ұлдарымыз әкелерінен, аталарынан үлгі алып үкілеген үміттерін ақтап жатса, қызғалдақтай қыздарымыз «шешесінен көріп, тон пішсе» – бұл тек бір отбасының ғана емес, бүкіл бір мемлекеттің мерейі емес пе?!  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өзі жастарға, жас отбасыларға ерекше көңіл бөліп, олардың қолайлы жағдайда өмір сүруі үшін барлық мүмкіндіктерді жасап жатыр. Саламатты өмір салтын ұстанған ата-ана ұрпағын да дені сау, жаман әдеттен аулақ етіп тәрбиелейді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген даналық осындайда айтылса керек. Сондықтан, отбасылық тәрбиеде бәрі сөзбен емес, іспен дәлелденуі ләзім, – деп ой түйді.

Сонымен, кезек марапаттау сәтіне келді. Нәтижесінде, Балтабай округінен келген Сыдықовтар отбасы жүлделі үшінші орын еншілеп, арнайы диплом мен DVD аппаратын алса, екінші орын және оған тігілген музыкалық аппарат шелектік Серікбаевтар отбасының қанжығасына байланды. Есік қаласынан қа-тысқан отбасы жеңімпаз деп танылды. Өздерін «Алтын адам» деп таныстырған отбасына арнайы диплом мен түрлі-түсті теледидар табыс-талды ұйымдастырушылар тарапынан. Енді бірінші орын иегері облыстық жас отбасылар байқауында аудан намысын арқалайтын болады.

 

А.НҰҒМАН.

Сәрсенбі, 18 Қыркүйек 2019 14:38

Қоғамдық дертпен бірге күресейік!

Қазіргі жағдайда кез келген мемлекеттік орган қоғам тарапынан нақты және пәрменді қолдау арқылы ғана табысқа жете алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылды, атап айтқанда, халықтың белсенді қатысуымен ғана жүзеге асыруға болады.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «1424» Call-орталығы азаматтарға тегін ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді. Операторлар агенттіктің қызметі туралы сұрақтарға жауап береді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен оның қызметкерлерінің жұмысына шағымдар, ұсыныстар мен пікірлерді қабылдайды. Орталық сыбайлас жемқорлық фактілері, оның ішінде жасалған немесе дайындалып жатқан құқық бұзушылықтар жөнінде, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы телефон хабарламаларына тәулік бойы ден қояды. Егер бұрын қылмыстық істер бақылау-қадағалау органдары тарапынан жедел әзірлемелер мен құжаттық тексеру материалдары негізінде қозғалса, бүгінгі таңда агенттіктің, сондай-ақ бей-жай емес азаматтардың хабарламаларына да сүйеніп отыр.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдік туралы қоңырау түскен кезде оператор абонентті агенттіктің кезекші офицерімен дереу қосады, ол хабарламаны тіркейді және жедел ден қою шараларын қабылдайды. Осылайша, әрбір хабарлама уақтылы тексеріледі. Жеткілікті негіздер болған жағдайда сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталады.

Биылғы жылы агенттіктің «1424» Call-орталығына заңсыз іс-әрекеттер және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасады деген күдік бойынша 378 қоңырау тіркелген. Бұл туралы брифинг барысында агенттіктің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров айтты:

– Call-орталығына келіп түскен хабарламалардың басым бөлігі Ішкі істер органдары қызметкерлерінің (181), жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің (88), білім беру (45), денсаулық сақтау (28), жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау (20) саласындағы қызметкерлердің пара алу фактісі. Call-орталық арқылы келіп түскен хабарламалардың нәтижелері бойынша тіркелген қылмыстық істердің саны ұлғаюда – деді аға тергеуші.

Ресми мәліметке сүйенсек, хабарламалар негізінде өткен жылдың ішінде 32 іс тіркелсе, ағымдағы жылдың 7 айында 31 іс тіркелді.

Сall-орталыққа азаматтардың келіп түскен хабарламалары бойынша пара алу кезінде 15 адам ұсталды. Олардың арасында құқық қорғау органдарының, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың және білім беру саласының қызметкерлері бар. 5 адам сотталды. Мысалы, Қарағанды облысында ағымдағы жылдың 16 мамырында Қарағанды қаласы полиция басқармасының қызметкері Н.Халенге алынған пара сомасының (70 мың теңге) 30 еселенген мөлшеріндегі (2 млн. 100 мың теңге) айыппұл түрінде үкім шықты. Алматы облысында ағымдағы жылдың 17 сәуірінде Талдықорған қаласы полиция басқармасының анықтаушысы Б.Ержановқа 10 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін сотпен 25 еселік айыппұл салынды, яғни 250 мың теңге мемлекетке қайтарады. Батыс Қазақстан облысында АШМ Орман шаруашылығы комитетінің «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Батыс аймақтық филиалы басшысының м.а. Қ.Әлімқұлов өзінің қарамағындағы қызметкерден жұмыстан босатпағаны және одан әрі қызмет бабында қамқорлық жасағаны үшін 50 мың теңге сомасында пара алған, ағымдағы жылдың 15 шілдесінде сот 10 есе мөлшерде, яғни 500 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Кеше ғана Павлодар облысында Call-орталыққа түскен хабарлама бойынша түзеу мекемелерінің бірінің екі қызметкері қолға түсті. Олар сотталушыдан есірткі затын анықтау фактісін жасырғаны үшін 50 мың теңге көлемінде пара алған.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдескен адамдарға, егер кінәлі адамға қатысты әкімшілік жаза қолдану туралы сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген болса, біржолғы ақшалай сыйақы төленеді. Айталық, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК; сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК; сыбайлас жемқорлық қылмыстары бойынша орташа ауырлықтағы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК; ауыр санаттағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК; аса ауыр санаттағы сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.

Мысалы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің call-орталығына полиция қызметкерінің пара алу фактісі туралы хабарлаған Т. азаматы 70 АЕК (176750 теңге) көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталды. Биылғы жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған 116 азамат қаржылай сыйақыға ие болды. Оның ішінде, call-орталық арқылы 17,7 млн.теңге.

Сонымен қатар, агенттік ағымдағы жылдың 20 мамырында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесте берген Мемлекет басшысының тапсырмалары бойынша заңнамалық бастамалар шеңберінде халықаралық тәжірибені ескере отырып, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарламалары үшін азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесін енгізу мәселесін пысықтауда.

Пара немесе залал сомасы 2,5 млн.теңгеден асатын қылмыстар бойынша сот үкімімен белгіленген пара немесе келтірілген залал сомасының 10%-ын, бірақ шекті деңгейден аспайтын көлемде (мысалы, 10 млн. теңге) белгілеу ұсынылады.

 

Мемлекеттік қызмет

істері және сыбайлас

жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы

облыстық департаменті.

Сәрсенбі, 18 Қыркүйек 2019 14:37

На пенсию… по СМС

Государственная корпорация «Правительство для граждан» запустила пилотный проект по оформлению выхода на пенсию через «электронное правительство». Приказ о запуске совместного проекта был подписан между Министерством цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК и Министерством труда и социальной защиты населения РК.

Многие услуги переходят в электронный формат, сокращается время их получения. Дошла очередь и до электронного оформления пенсий. В скором времени в Казахстане лица, достигшие пенсионноговозраста, смогут делать это с помощью СМС-сообщения.

Если раньше будущим пенсионерам необходимо было в обязательном порядке посещать ЦОН для оформления услуг по назначению пенсионных выплат по возрасту, государственной базовой пенсионной выплаты и пенсионных выплат из единого накопительного пенсионного фонда, то сейчас за 10 дней до достижения пенсионного возраста потенциальному пенсионеру будет приходить СМС с предложением оформить услугу проактивным способом. При согласии будущему пенсионеру необходимо просто ввести слово «да» и отправить ответное СМС.

Стоит отметить, для того, чтобы оформить услугу проактивно, гражданину необходимо заранее предоставить сведения о своей трудовой деятельности в отдел кадров по месту работы для внесения их в Единую систему учета трудовых договоров (ЕСУТД).

На первом этапе проект реализуется среди работников госкорпорации «Правительство для граждан».

По результатам пилотного проекта будет рассмотрена возможность его распространения на другие организации и учреждения. Дальнейшая реализация программы «Цифровой Казахстан» позволит еще более расширить доступ граждан к цифровым сервисам.

 

Центр обслуживания

населения района.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың қолдауымен 2005 жылдан бері республика көлемінде жүзеге асырылып келе жатқан «Жасыл ел» бағдарламасы жыл сайын дәстүрлі түрде біздің ауданда да қарқынды дамуда. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі жұмыссыз жастарды мезгілдік жұмыспен қамти отырып, жастар арасындағы жұмыссыздықты жою. Сонымен қатар, жасақшылар арасында әлеуметтік жағдайы төмен, жетім немесе жартылай жетім және мүгедек жастарды да жұмысқа жұмылдыру.

Ауданымызда маусым айында бас-тау алған «Жасыл ел» жұмысы маусым, шілдеде Рахат, Түрген, Тескенсу, Балтабай ауылдық округтері бойынша жалпы 35 жасақшы жұмыспен қамтылса, тамыз айында Малыбай, Асы, Қаракемер ауылдық округтерінен 20 жас жасақшы атанып, үстіміздегі айдың яғни қыркүйек айында облыстық «Жасыл ел» штабының  өтініміне сәйкес, Асы ауылдық округі бойынша 10 жас жұмыспен қамтылады. Қыркүйек айының жасақшылары өз жұмыстарына кірісіп те кетті. «Жасыл ел» жасақшыларының атсалысуымен әр түрлі бағыттарда іс-шаралар ұйымдастырылып, аталған ауылдық округтердегі жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушылардың бас-тамасымен эстафеталық видео-фото жарыстар да өткізілді. Сондай-ақ, «Таза өзен», «Таза ауыл», «Бұлақ көрсең, көзін аш», «Жастар тазалық үшін!», «Тазалық бізден басталады» атты бірқатар тазалық акциялары арқасында ауылдардағы көше бойлары мен ескерткіштер маңайы, мәдениет үйлері мен мектеп, балабақша аулаларының тазаланып, үлкен жол жиегіндегі ағаштар мен теректер әктеліп, сырланды. «Жасыл ел» жасақшылары тек қана тазалық жұмыстарымен ғана емес, «Ардагерлерді ардақтайық!» ат-ты ҰОС және тыл ардагерлері мен жалғызбасты қарт кісілерге үй шаруашылығында көмектесу мақсатында қамқорлық-қайырымдылық шараларын да өткізді. Алда жасақшылармен атқарар жұмыстар толағай. Әрбір ауданның жасы «Жасыл ел»  бағдарламасы арқылы жасақшы атанып, өзінің туған ауылының көркейіп, гүлденуіне үлесін қоса алады.

 

 

Айжан Әбіт,

Еңбекшіқазақ ауданының жастар

ресурстық орталығының маманы.

Дүйсенбі, 16 Қыркүйек 2019 15:29

Мақсат – өлке тарихын түгендеу

«Музейге сый» науқанының басты мақсаты – ата-бабамыздан бізге жеткен тарихи мұраларды музей қорына жинақтау әрі оларды келер ұрпаққа аман жеткізу. Осындай мақсатпен басталған науқанға қолдау көрсетіп, қолда бар ескі жәдігерлерді музей қорын толықтыру үшін сыйға тартқан жомарт жандар арамыздан бой көрсетіп жатқаны қуантады. Солардың бірі – ауданның құрметті азаматы Е.Сұлтанғазиев Шелек тарихи-өлкетану музейінің қорына ескі кітаптар мен басқа да қымбат бағалы жәдігерлерді сыйға тартты.

Аталған шараға Шелек ауылдық округінің әкімі Е.Есенханов, ақсақалдар кеңе-сінің төрағасы Ж.Сыдықбаев арнайы қатысып, аталған жобаның ел тарихын түгендеуге үлкен мүмкіндік беретінін әрі болашақ ұрпақ үшін жасалып жатқан баға жетпес жақсылық екенін тілге тиек етті. Шелек тарихи-өлкетану музейінің директоры Е.Дәркембаев Елеусіз Сұлтанғазиев мырза мен келген қонақтарға алғыс білдіріп, болашақта бұл науқанның жалғасын табатынын айтты. Сонымен қатар, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.Қайыпбаева өз сыныбын музей экспонаттарымен таныстырды. Келешекте мұндай шаралардың өлке тарихын түгендеуге септігін тигізері сөзсіз.

 

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.

Дүйсенбі, 16 Қыркүйек 2019 15:19

Мұқтаж жандарға ғана беріледі

Еліміздегі тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар мен көпбалалы жанұяларға берілетін атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеуге бірнеше өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Есік қаласының әкімдігінде өткен жиын барысында айтылды.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қалдыгүл Айсина, жұмыспен қамту орталығының директоры Берік Иманбаев, округ әкімдері, орынбасарлары мен мамандары қатысқан шара барысында атаулы әлеуметтік көмек алушылар жайында сөз қозғалды. Құжаттарды рәсімдеудегі өзгерістерге тоқталған Қалдыгүл Айсина негізгі мәселелерге тоқталды:

– ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Бұйырығына 26 тамызда өзгерістер енгізілді. Бұдан былай басқа ауданда тіркелген азамат атаулы әлеуметтік көмекке құжат өткізу үшін 6 ай ауданымызда уақытша тіркеуде тұруы міндетті. Сонымен қатар, АӘК алушылар мекен-жайы немесе жұмыс орны секілді әлеуметтік көмекке әсер етуші факторларды ауыстырған жағдайда, 10 күннің ішінде құзырлы органға ескертуі тиіс. Бұл АӘК-тің көлемін қайта есептеу үшін қажет – деді. Яғни, бұрындары азаматтарымыз бүгін уақытша тіркеуге тұрып, келесі күні құжаттарын өткізе беретін. Ендігі кемінде ауданымызда жарты жыл уақытша тіркеуде тұруға міндеттеледі. Сондай-ақ, бұрындары атаулы әлеуметтік көмек айдың соңында берілсе, жаңа өзгерістер бойынша, әр айдың 10-на дейін берілетін болады. Яғни, қыркүйек айының ақшасы қазанның 10-шы жұлдызына дейін есеп-шотқа түседі. Осылайша, заңсыз әлеуметтік көмек алушыларға тосқауыл қойылады.

Қалдыгүл Оспанәліқызы атаулы көмек алушылардың табысы туралы жаға ұстатарлық цифрларды мысалға келтірді. Сөзіне сүйенсек, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, алайда, табысы төмен деп есептелген 31 отбасының 6 айдағы кірісі 1,5 млн теңгден басталады. Ең жоғарғысы 18 млн теңге. Мұндай ақпараттарды құзырлы орган мемлекеттік кірістер басқармасынан алған. Қазіргі таңда 31 отбасының тізімі жасалып, тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, соңғы айда 1500-ге жуық отбасы мемлекеттен берілетін көмекті ала алмады. Себебі, аудан бойынша 403 отбасына атаулы әлеуметтік көмек көрсетілу тоқтатылды. Ал 314 жанұяныкі қайта есептелуде. Әлеуметтік көмек алатын 716 адамдікі уақытша тоқтатылған. Осы бойынша учаскелік комиссия төрағаларына қайта тексеру актісін жасау тапсырылды. Оған қоса, ауданда 100 шаршы метрден асатын баспанада тұрып, мемлекеттен көмек алып жатқандар да бар. Ол да қайта тексеріледі.

Соңғы кездері жағдайы жақсы отбасылар да табысын жасырып, мемлекетке қол жайып отыр. Бұл турасында округ әкімдері айтып қалды. Айталық, бірнеше гектар алма бағы бар азамат, жеке кәсіпкерлік арқылы табысын 42 500 теңге деп көрсеткен. Тіпті, әйелі студент полиция қызметкері өзін бала күтімінде деп көрсетіп, құжаттарын өткізген. Тексерсе, еш жерден табысы шықпайды. Себебі, полиция қызметкерлері айлығының 10 пайызын зейнетақы қорына аудармайды. Қалдыгүл Оспанәліқызы мұндай сәтте жұмыс орнына арнайы сұраныс хат жіберіп, анықтау керектігін айтты.

Жиын соңында осы күнге дейін атаулы көмекті заңсыз алып келген отбасыларына әкімдік тарапынан қаржыны қайтару туралы ескерту жасалатындығы айтылды. Олай болмаған жағдайда, мемлекет сот арқылы өндіріп алады.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет