Дүйсенбі, 02 Қыркүйек 2019 10:39

Жас талант Аяланың шығармашылығынан

Бастауышпен қоштасу

Біз мектеп табалдырығын аттағалы да зулап төрт жыл өте шығыпты. Ең алғаш мектепке келгенім, өз сыныбыма қалай кіргенім, қымсына келіп партаға қалай отырғаным, бəрі көрген түстей есімде. Апайымыз бізге өзін таныстырып жатып, əрқайсымызға ойлы көзбен қарағаны да есімнен кетпейді.

Балалықтың қызығымен шуласып жүріп төрт жылдың қалай өтіп кеткенін де байқамай қалыппыз.  Енді,  міне ересектер қатарына да ілініп қалдық. Мектебімізге, сынып жетекшімізге алғысымыз шексіз. Мұғалімнің зор еңбегінің арқасында əріп танып, өз бетімізше едәуір шығарма жаза алатындай дәрежеге жеттік. Бұдан былай сабағымызды жақсы оқып, мектебімізді үздік бітіруге барынша аянбай кірісетін боламыз. Болашақта білікті маман болып, еліміздің бақытты келешегі үшін өз үлесімізді қоссақ дейміз.

***

Азаттық рухы – «Алтын адам»

Сонау өткен замандардан

Атам қазақ болғалы,

Толы небір шежіреге

Туған жердің қойнауы.

 

Өтті бастан аласапыран

Талай қанды шайқастар,

Құрбан болған талай батыр,

Жауды көрсе ойқастар.

 

Небір əділ билер өткен,

Қара қылды қақ жарған.

Небір дүлдүл шешендерде

Қысылғанда топ жарған.

 

Көк тіреген тауларындай

Арманы да тым асқақ

Қайыспаған жүрсе дағы,

Қар жамылып, мұз жастап.

 

Жері қандай шексіз болса,

Пейілі де ақ жарқын.

Қандай нəубет болса дағы

Қорғай білген өз халқын.

 

Тойын тойлап, жырын жырлап, 

Бастырмаған кеудесін.

Сақтық үшін сыртқы жаудан

Босатпаған кермесін.

 

Бар əлемге мəшһүр болған,

Қазағымның ерлігі.

Тәуелсіздік алғанымыз,

Қайсар мінез өрлігі.

 

Тарихымыз бастау алған,

Сонау көне заманнан.

Соған дәлел "Алтын адам"

Жаһанға аты таралған.

Тапқан кезде біздің жерден,

Алғаш алтын адамды.

Елең етіп, қызықтырған,

Дүр сілкінтіп ғаламды. 

 

Бұл қазақтың тарихына,

Тартқан сыйы дәуірдің.

Көзайымы - мақтанышы,

Барлық қазақ бауырдың.

 

Ашылмаған жұмбағы көп

Ғасырлардан сыр тартқын.

" Алтын адам" асыл мұра

Мақтанышы ұрпақтың!.

 

Əйел ме ?Ол ер адам ба?

Жас па? Əлде егде ме?

Қайдан келген? Қай ғасырда?

Елге сіңген кезбе ме?

 

Патша ма? Қас батыр ма?

Елі үшін баз кешкен,

Ділмар ма, əлде би-болыс па?

Əділ шешім нақ кескен. 

 

Осы жағын дəл анықтау,

Ғылымға зор, қайыр сын.

Ақ-қарасын түйіндеуін

Тек мамандар айырсын.

 

Тәуелсіздік мерейіміз,

Мәңгі бақтың қонғаны.

Шаттығымыз, бақ күніміз,

Артып орта толғаны.

 

Ырыс-нəсіп тасый берсін,

Байлығымыз сарқылмай. 

Əр күніміз берекелі, 

Жарқырасын алтындай!

***

Анашым

Асыл анам қорғаушым да тірегім,

Пəк көңілмен мақтан етіп жүремін

Əрбір ісің маған үлгі өнеге,

Сен бар жерде еркін ойнап, күлемін.

 

Өзің баптап балапандай түледім,

Тек сенімен бақытты өмір сүремін

Мейіріммен еркелетсең шаттанам

Лүпіл қағып балалық жас жүрегім.

 

Күндей шалқып, шұғылаңды төге бер,

Жан анашым саған жан жоқ теңелер

Сенің жайлы құшағыңды аялы

Жаным гүлдеп рахатқа бөленер.   

 

Жүре берші жабырқамай күлімдеп,

Бар тіршілік ана алдында жүгінбек

Бақыттымын, алаңсызбын, еркінмін!

Өзің барда еркелетер күнім деп.

 

Тынбай алға бастап өмір желісі,

Ақыл, сана, ұшқыр ойдың кеніші

Менің əрбір жетістігім өзге емес,

Анам сенің еңбегіңнің жемісі!

Алтын ұя мектебім

Мектебім əлпештеген, аялаған,   

Өнері мен білімін аямаған.

Төрт жыл бойы балалық еркелікпен,

Мейірімді құшағыңды саялағам.

 

Білімнің өр жолында қанат қағып,

Аянбай құштарлықпен талаптанып. 

Алтын ұя мектебім құшағыңнан,

Ұшармыз қарлығаштай қанаттанып.

 

Аяла АБДРАХМАНОВА.

Шелек ауылы,

№1 орта мектебінің

7 «Ә» сынып оқушысы.

Дүйсенбі, 02 Қыркүйек 2019 10:37

Ата Заң – наследие предков

Правовые уложения и нормы  казахского народа имеют давнюю историю. На протяжении веков в самосознании многих поколений под влиянием военного и кочевого быта складывалась система родоплеменной и военной организации, которую возглавлял хан.

Правитель выполнял роль мудрого главы государства,  благодетеля и защитника своего народа, должен был уметь искусно сочетать милосердие,  справедливость и наказание. Хан и его военно-аристократическое окружение –  один полюс политического союза, а другим полюсом был народ, который должен был подчиняться воле хана и cоблюдать  законы, нормы, традиции, установленные в государстве. Взаимоотношения между людьми общины, племени, рода носили обязательный характер для всех – быть отзывчивыми, добрыми, справедливыми, человечными и терпимыми. Эти императивы были жизненным кредо для Великой степи. Право основывалось на морали и соблюдение этических норм было обязательным.

Эта идея наиболее четко нашла свое отражение в труде мыслителя ХI века  Жусупа Баласагуни (Юсуфа Баласагунского) «Кутадгу билик» или  «Құтты білік» («Благодатное знание»). Трактат «Кутадгу билик» написан на тюркском языке и представляет собой правовую энциклопедию тех времен. Философ и правовед Жусуп Баласагуни, живший в эпоху Караханидов, указывал на необходимость Основного закона, как идеала единства. Этот закон должен быть понятным и доступным каждому – от хана до простолюдина.

Большое место в сочинении Жусупа Баласагуни отводится вопросам управления государством, общественным нормам и законам. Основу государства, по его мнению, составляет союз народа, богатства и армии.

Наставления мыслителя посвящены любому представителю сословий – от ремесленника до правителя, который должен знать  нравственные  добродетели и пороки, влияющие на поведение граждан.

История права независимого Казахстана берет начало в ХV веке, когда на территории юга Казахстана образовалось Казахское ханство. Постепенно в  его состав вошли территории трех казахских жузов и начался процесс консолидации казахских родов в единую государственную и этническую общность.

В  степном праве ханского периода известно три законодательных памятника: «Касым ханның қасқа жолы» («Светлый путь Касым хана»), «Есім ханның ескі жолы» («Древняя дорога хана Есима») и  «Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» («Семь уложений Тауке-хана»). 

 В казахском обществе того времени основной формой права являлся правовой или санкционированный обычай.  Основным юридическим актом, где были сосредоточены правовые обычаи, являлся «Жеті Жарғы» хана Тауке (1680-1718), сына Жангир-хана. Впервые ханом Тауке был утвержден писаный свод законов Казахской степи. В составлении «Жеті Жарғы»  участвовали представители всех трех казахских жузов и его правовые нормы действовали в пределах всего Казахского ханства. В «Жеті Жарғы» вошли постановления, вызванные потребностями политической и социальной жизни казахского общества ХVII века. Он включал в себя   земельный, семейно-брачный, военный, уголовный законы, положение о судебном процессе, закон о кунах, закон о вдовах и регламентировал все стороны социально-экономической и политической  жизни Казахского ханства. Кроме «Жеті Жарғы» продолжал использоваться в качестве источника права и «Кодекс Касыма».

Важное место в правовой системе занимал суд биев, как предводителей родов и племен. В казахском праве  существовал целый пласт принципов и норм, которые прочно вошли в правосознание народа и содержание его  менталитета. Еще в конце XVII века Аз Тауке, Толе би, Казбек би, Айтеке би создали  устный кодекс судебной власти.

Положения съездов биев «Ереже» и «Билер сөзi» содержали сведения о практике суда биев – судебном преценденте. Судопроизводство было основано на традиционном праве – адате и мусульманском праве – шариате. Особо сложные дела рассматривались съездом биев. В разбирательстве некоторых дел принимали участие султаны и хан.

В период первой российской революции 1905-1907 годов начало формироваться движение  лидеров будущей партии «Алаш» по восстановлению национальной государственности. Носителями идеи национального освобождения, пробуждения национального самосознания казахского народа выступала национальная демократическая интеллигенция во главе с Алиханом Букейхановым, а так же с его сподвижниками, которые составляли основу алашского движения (А. Байтурсынов, М. Дулатов, А. Ермеков, Ж. и Х. Досмухамедовы, Ж. Аркаев и многие другие). В июне 1911 года был разработан проект Конституции будущей автономной республики под названием «Устав страны Казахов». Документ появился на свет в результате совместной работы  выдающихся казахских деятелей Алихана Букейхана и Барлыбека Сырттанулы.

С приходом революции в России в 1917 году начинается очередной период борьбы за возвращение казахской государственности. В июле 1917 года в Оренбурге состоялся первый Всеказахский съезд, на котором рассматривались вопросы государственного управления: всеобщего избирательного права, свободы слова, печати, союзов, неприкосновенности личности, изменения аграрной политики в пользу казахов. Было принято решение об организации национальной партии, 5 октября 1917 года она получила название «Алаш». Представители либерально-демократического течения казахской интеллигенции А.Букейханов, А.Байтурсынов, М.Дулатов выдвинули идею формирования национально-территориальной автономии. В декабре 1917 г. ІІ Общеказахстанский съезд в Оренбурге постановил: образовать территориально-национальную автономию Алаш Орда, в которую вошли территории с господствующим населением коренного происхождения, с единой культурой, историей и  языком.

Постановлением ІІІ Всеказахского курултая была образована Автономия Алаш под эгидой Алаш Орды –  высшего государственного исполнительного органа Автономии.  Временный Всеказахский совет Автономии был сформирован  как правительство. Этот период является началом новейшей истории казахского народа и его государства. Хотя декабрю 1919 г. Алаш-Орда с приходом советской власти была упразднена, но  сохранение исторических казахских областей продолжалось и при советском режиме.

26 августа 1920 года Автономная парламентская республика Алаш была преобразована в Казахскую (Киргизскую) Автономную Советскую Социалистическую Республику. Казахская АССР и образованная в 1936 году  Казахская ССР современными правоведами рассматриваются как   правопреемники Автономии Алаш, которая объединила казахские земли, а в 1991 году объявила о своей независимости.

Воля казахского народа к независимости, поддержанная всеми народами Казахстана, выражена еще в  «Декларации о государственном суверенитете», провозглашенной 25 октября 1990 года. Эта воля окончательно была утверждена первым правовым документом новорожденного  государства –  Конституционным законом “О государственной незвисимости Республики Казахстан”,  принятом Верховным Советом РК 16 декабря 1991 года. В тот знаменательный день наша древняя страна вступила в современный  исторический этап на пути возвращенного суверенитета.

 

Подготовил

И.ТУРАНИН.

Дүйсенбі, 02 Қыркүйек 2019 10:31

Байлық – еңбекте

Адамды адам еткен – еңбек. Иә, Жер әлемдегі барша адамзатты бір-бірінен ерекшелеп, екшеп тұрған да осы еңбек пен білім. Сондықтан, кез-келген уақытта нағыз еңбек адамы жоғары бағалана бермек. Бұл  турасында Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық еңбегінде жан-жақты айтып өткен болатын.

Бүгінгі таңда елімізде екі қолына бір күрек ұстағысы келген адамға барлық жағдай жасалған. Жеке бизнесін ашқысы келгендерге мемлекеттен көмектер, құжат мәселесінің оңтайлануы, қайта оқыту және жеңілдетулген несие мен субсидиялар. Қысқасы, еңбек етем деушілерге барлық жол ашық. Бірақ, қазіргі қоғамда нағыз еңбеккерлердің мәртебесі төмен, оларға тиісті құрмет көрсетілмейді. Бүгінде жарты ғасырлап өзінің сүйікті ісімен айналысып, кәсібінің нағыз маманы болған азаматтарға өз дәрежесінде құрмет көрсетіле бермейді. Соның салдары болар, жастардың басым көпшілігі жаны қалаған жұмыспен емес, табысы мол мамандықпен айналысады. Бұл мәселені Елбасының аталмыш еңбегі жарияланғаннан кейін белгілі ақын Аманхан Әлім көтерген еді: «Еңбек адамы бір кездері, яғни, Кеңестер кезеңінде ең жоғарғы тап дейміз бе, топ дейміз бе, әлде бір ұжымның жиынтығы дейміз бе, қалай дегенде де, ең бас-ты назардағы адамдар болған. Еңбек адамы өзіміздің Ыбырайым Жақаевтан бастап, кешегі Жазылбек Қуанышбаев, Кәмшат Дөненбаеваның Кеңес кезеңінде еңбектерінің көрінуі. Олардың еңбектерінің бағаланғандығы. «Социалистік Еңбек ері» деген атақты бір рет қана алып қоймай, оның екеуін, үшеуін қатар алып жатуы, сол еңбек адамдарының қадір-қасиетінің мықты екендігін көрсеткен еді. Қазір шынымды айтайын, еңбек адамдары солай бағаланып жатыр дегенге, онша сене қоймаймын да. Және керемет құрметтеліп жатыр дегенді де көрген жоқпын» – деген ақын еңбек майталмандарына деген құрметті жоғалтып алғандығымызды айт-қан еді. Сол кездегі «Айқын» газетінің бас редакторы, қазіргі ҚР Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп те еңбекті бағалау керек деген еді. Оның сөзінше, өз саласында үлкен жетістікке жеткен кез-келген білікті маман олимпиада чемпионынан еш кем емес. Сондықтан, жыл сайын аталған азаматтар іріктеліп, оларға да үлкен құрмет көрсетілу керек. Елбасының да мақсаты осы еді, жалпыға ортақ еңбек қоғамын құрып, әлеуметтік ортадағы еңбек адамының мәртебесін арттыру. Бұл тұста елімізде еңбек ерлеріне құрмет көрсетілмейді деген сөз қисынсыз әрине. Тәуелсіз Қазақстанда «Еңбек ері» деген атақ бар. Алайда, сол мәртебеге ие болған адамдарды көпшілікке үлгі етіп көрсету жағы ақсап тұр. Осыған ұқсас «100 жаңа есім» жобасының да аты басқа болғанымен, мақсаты бір.

Кеңес заманында ауданымыздан жүздеген «Социалистік еңбек ерлері» шыққан. Негізінен ауыл шаруашылығы бағытында дамыған алып ауданның майталмандары аталған салада үздіктердің қатарынан көрінген. Бүгінгі таңда да аудан экономикасының негізгі тірегі – ауыл шаруашылығы. Тиісінше, бұл салада үлкен жетістіктерге жетіп, қазіргі жастарға өнеге болатын азаматтар жетерлік. Осындай жандардың бірі Талғат Алдажаров Бартоғай ауылдық округінде шаруасын дөңгелетуде.

Талғат Алдажаров

Өзі І топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат болса да, шексіз мүмкіндігі бар қаншама жанға үлгі бола алады. Талғат Алдажаров 2006 жылы «Саин» шаруа қожалығын құрып, ауыл шаруашылығымен айналыса бастаған. Бүгінде қожалық 325 гектар жерді игеріп, 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. 200 гектарға майбұршақ сеуіп, 100 гектарына жүгері өсіруде. Қалған 25 гектарында алма бағы жайқалып тұр. Сонымен қатар, сыйымдылығы 2 мың тонна болатын дән сақтау қоймасын салған. Округ әкімі Талғат Өмірбековтің айтуынша, ол округтегі түрлі қайырымдылық шараларына белсене атсалысып, мұқтаж жандарға әрдайым қол ұшын созып отырады. Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына үлес қосқан Талғат Саинұлының ерен еңбегі еленіп, аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталған.

Бұл – тек бір мысал ғана. Аудан аумағында мыңдаған шәкірт тәрбиелеп, қанаттандырған ұлағатты ұстаздар бар. Жүздеген адамның өміріне араша түсіп, саулықтың сақшысы болып жүрген ақ халатты абзал жандар жеткілікті. Өңіріміздің дамуына аянбай үлес қосқан тәжірибелі мемлекеттік қызметкерлер де жоқ емес. Осылардың барлығы Кеңес үкіметі тұсындағы «Социалистік Еңбек ерлерінің» заманауи нұсқалары десек артық айтқандық емес.

«Біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. Қазақстаннан тыс жерде жұмақ жоқ. Еш жерде, әлемнің ешбір елінде бәріне бірден ие болу мүмкін емес. Туған Қазақстанда еңбек етіп, өз әлеуеттерін жүзеге асырулары қажет. Ол үшін мемлекет барлық жағдайлар жасауда одан әрі де жасай беретін болады. Қазақстандық жастардың кең көлемін техникалық және кәсіптік білім алуға және индус-трияландыру бағдарламасына қатысуға ынталандыру мен тартудың шараларын әзірлеу маңызды» – деген Елбасы Н.Назарбаев еліміздегі жастардың сапалы білім алып, тұрақты жұмысқа орналасуына толыққанды жағдай жасады. Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құрды. Қазір «алма піс, аузыма түс» деп, біреуге қол жаятын заман емес. Сондықтан, жастарды еңбекқорлыққа, адалдыққа қарай жетелеп, мемлекет берген зор мүмкіндікті оңтайлы пайдалану керек. 

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Дүйсенбі, 02 Қыркүйек 2019 10:14

Келешекке – кемел біліммен

Кешегі Шортанбай айтқан «Зар заман, зар заман, зарлап өткен бір заман» келмеске кетті. Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, баһадүр бабаларымыз бағындырды жер мен көкті, ерлігіне әлем бас иіп, атан түйе шөкті. Бұл өткеннің өрнегі. Ендігі заман білімнің бәсекесі. Ақылы жеткенге қолы, көзі шалғанға жолы түссін десеңіз, сананы сілку ләзім...

Хош, сонымен «Келешекке – кемел біліммен» тақырыбында өткен биылғы  дәстүрлі тамыз кеңесі    цифрлы технологиялардың тоғысқан орнына айналған іспетті. Аудандық мәдениет үйіне кіре-берістен ұзын-сонар заманауи үлгідегі көрме қойылған. Әрбірі өз алдына бір материал боларлық дүниені таныстырды аудан әкімі Бинәлі Ысқаққа. Бәр-бәрі небәрі бір жылда жеткен жетістіктер. ІТ технологиялар арқылы қол жеткізілген роботтардың өзі түрлі тәсілдерді көрсетіп жатыр көпшілікке. Көресің, мектеп оқушыларының осындай тың дүниелерге түрен салғанына риза боласың. Мұның бәрі тәуелсіздіктің тартуы, Елбасы жүргізген сарабдал саясаттың көрінісі. Сонымен аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаев көрмелерді толық аралады. Педагогтар қауымы осындай мүмкіндіктер туғызып отырған аудан басшысына алғыстарын да жаудырып жатты. Не керек, «Білім саласы бір жылдың ішінде біраз биікке көтеріліпті. Осындай заманауи технологияларды ойлап тауып жатқан жастарды үздіксіз қолдау керек. Оларға барлық жағдай жасау – мына біздің мойнымызда» деп оң көзқарас білдірді Бинәлі Әбдіқапасұлы.

Елордада өткен дәстүрлі тамыз конференциясына Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуының өзі ұлағат иелерінің мәртебесін еселеп арттырғаны ақиқат. Онда Президент алда атқарылар жұмыстарды бағамдап берді. Сол секілді тамыз конференциясында алғаш мінберге көтерілген аудандық білім бөлімінің басшысы Бәтес Аманова өткенді таразылап, болашаққа жоба-жоспарды жүйелеп жеткізді.

Тәрбие бастауы – балабақша. Бұл тұрғыда ауданда мектепке дейінгі тәрбиемен 99,1               пайыз бүлдіршіндер қамтылған. Демек, 100 балабақшаның 72-сі мемлекеттік-жекеменшік әріп-тестік жетістігі. Әйткенмен, онда да біраз түйткілдер тұрғандығын ашық айтты бөлім басшысы: – Бұл балабақшалардың дені Есік қа-ласында және қала маңайындағы ауылдық жерлерде ашылуда. Әлеуметтік жағдайларға байланысты балабақша ашу ісіндегі дисбалансжұмыспен қамту және миграцияға байланысты сақталмай отыр. Әлеуметтік жағдайларды шешу мақсатында барлық балабақшаларға көпбалалы және аз қамтылған отбасы балалары үшін ата-ана жарнасын жергілікті бюджет есебінен төлеу құжаттар дайындалуда. Сонымен қатар,жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында  стандарттық білім беру деңгейі ақсап тұр десем артық айтқандық болмас. Кейбір балабақшаларда бала аман, қарны тоқ болса деген тоқмейілсу баршылық. Кейде жекеменшік балабақша ашу – сапалы білім мен тәрбие  көзі ме, әлде бизнес көзі ме? деген ой туады. Сондықтан жекеменшік балабақша меңгерушілерінен «жауырдан жаба тоқуды» қойып, баланың қалыптасуына негіз болатын оқыту мен тәрбиеге басты назар аударуларын талап етемін.

Көрмеде көрсетілгендей, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру де толық автоматтандырылған. Осы арқылы ата-ана өтініштерін электронды жолдау арқылы оның жолдамасын өзі алуға құқылы. Бұдан өзге ерекше қамқорлықты қажет ететін бүлдіршіндер үшін де инклюзивті білім беру топтары ашылуда.

Бәтес Аманова білім бөлімінің бір жылдық жұмыс нәтижесімен таныстыруда

Жаңа оқу жылының басты жаңалықтарының бірі – 10 сынып оқушылары жаңа типтік оқу бағдарламасымен тәлім алады. Сол секілді 12 жылдық білім беру бойынша 5-5-2 модуліне көшу де басталды. Яғни, 0-5 бастауыш, 6-10 орта білім және 11-12 сыныптар профильдік білім беру. Демек, соңғы екі жылда түлектер арнайы кәсіптік білім алып шығуға дағдыланады. Осыған сәйкес балалар енді 6 сыныптан білім алуға міндетті.

Жаңа оқу жылының тағы бір жаңалығы – «Жеңіл портфель» жобасының іске асуы. Енді оқушылар кітаптарын мектеп қабырғасында қалдырып, үйде электронды кітап нұсқасымен тапсырма орындауға құқылы. Әлбетте, бұл ата-ананың қалауымен жүзеге асады. «Бизнес және кәсіпкерлік негіздері», «Графика және дизайн», «Алғашқы әскери технологиялық дайындық» пәндерінің енгізілуі де осы оқу жылының жаңалығы.

Оқу – аса күрделі құбылыс. Ол үшін тынбай іздену, тыңғылықты үйрену қажет. Бұл ретте барлық үміт – Ұстаз мойнындағы міндетте. Осындай міндет межесінен көрінген білім ордалары да айшықтап аталды:

– Бәсекеге қабілетті, заман көшінен қалмайтын Рахат №1, Шелек №1, И.Шор-манов атындағы, Абылай хан атындағы, Әл-Фараби атындағы,  Т.Қабылов атын-дағы, Көктөбе, Бөлек батыр атындағы, В.Терешкова атындағы, Қ.Орынбетов атын-дағы, Д.Қонаев атындағы, Т.Рысқұлов атындағы, Х.Бижа-нов атындағы орта мектептері мен «Байтерек», «Айжан», «Айгөлек», «Келешек», «Үміт», «Болашақ-2007», «Алтын-ай» балабақшаларының ұстаздары шеберліктерін шыңдап, түрлі облыстық, республикалық байқауларда жүлделі орындарды иеленуде.

Мұғалімдердің шығармашылық деңгейін көтеретін байқаулардан әр жыл сайын қатысып жүлделі орындарды иелену  көрсеткіші артуда.

Облыстық білім басқарма-сының тарапынан өтетін «Жыл-дың үздік ауыл мектебі-2019» байқауына қатысқан Шелек №1 орта мектебінің ұжымы І орын, облыстық «Жылдың үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауында Шелек №1 орта мектебінің мұғалімі ІІ орын, «Жылдың үздік балабақшасы» байқауында «Бәйтерек» балабақшасы 1- орын иеленді.

Осындай ұстаздардан тәлім-тәрбие алған оқушыларымыз да  өз білімдерін, қабілеттерін облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми жобаларда сынға салып, жетістіктерге қол жеткізуде. Атап айтар болсам, ғылым негіздері бойынша пән олимпиадасында – 50 оқушымыз, облыстық  «Дарын» ғылыми жобасынан – 20 оқушымыз, облыстық «Зерде» шығармашылық байқауынан 7 оқушы жүлделі, республикалық олимпиададан 0 – 6, халықаралық олимпиададан 2 оқушымыз жүлделі  орынға ие болды, – деді Бәтес Маратқызы.

Білім сапасы да көңіл қуантарлық. Үлгерім – 100 пайыз, сапа – 64,7 пайыз.. өткен жылмен салыстырғанда (63,2 пайыз) 1,5 пайызға өскен. Биылғы жылы  1711 түлек орта мектепті бітірді.  Оның 106-сы «Алтын  белгі», 111-і «Үздік  аттестат»  иегерлері. Түлектеріміздің 52 пайызы жоғарғы, арнаулы орта оқу орындарына грантқа түскен.

Әйткенмен бұ-ған да сын көзбен қараған Бәтес Аманова: – Алайда, сапа емес, санды қуып кеткен жоқпыз ба деген сауал көкейіңде тұрады. Қойған бағаларымыз қан-шалықты шынайы? Біз балалары-мыздың білім мен дағдысын ұштау арқылы білікті-ліктерін дамыту барысында шынайылықты естен шығар-мағанымыз абзал. Оқушылардың үлге-рімі – білім беру жүйесі жұмысының басты көрсеткіші.  Мектептегі  оқушылардың функционалдық сауаттылығының көрсеткіші 9 сынып оқушыларымен өткізілетін оқу жетістіктерін сырттай бағалау рәсіміне 9 мектеп қатысты.ОЖСБ қорытындысы бойынша орта буындағы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерінің дәлірек айтсам, функционалдық сауаттылық көрсет-кіштің төмендігі байқалады. Бұл дегеніміз – оқу жүйесінің тиімсіз ұйымдастырылуы, негізгі пәндердің сапасыз берілуінен болып отыр. Осы орайда  білім мекеме басшыларына мектепішілік бақылау мен басшылықты ұйым-дастырудың формасын өзгерту қажеттігін талап етемін. Сонымен қатар білім бөлімі тарапынанда білім мекемелерінде жүргізілетін бақылау тәсілдері өзгертіліп, тексеру әдістемелік көмек көрсетумен ұштастырып жүргі-зілетін болады, – деп ашып айтты. Жарыссөзге шыққандар істелген істің нәижесін көріп, марқайды. Ұсыныс-пікірлерін ортаға тілектерін жаудырды.

Б.ЫСҚАҚ жас мамандармен

Қазіргі таңда аудан бойынша білім саласына қарастырылған бюджет тағы да үш млрд теңгеге артып, 16 млрд теңгеге жеткен. Сәйкесінше,  бес жыл ішінде 9 жаңа мектеп, 2 балабақша, екі мектепке қосымша 300 орындық жапсаржайлар салынып, 12 білім ордасы күрделі жөндеуден өткен. Осынау ауқымды жұмыстарға жұмсалған қаржы көлемі 15 млрд теңге. Осы жылдың өзінде А.Байтұрсынов атындағы орта мектебіне 499 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізілуде.  Ж.Қайыпов атындағы, И.Шорма-нов атындағы, Екпінді, Төле би атындағы, Сарыбұлақ, Ақтоған, Қайрат, Казатком, Өрнек, Базаргелді мектептерінің бүгінгі таңда хәлі мүшкіл. Аталған оқу ошақтарына жаңа ғимарат салу жұмыстары 2020-2021 жылдары жүзеге асады деген жоспар бар. Осы турасында кеңінен әңгімелеген аудан басшысы:

Қазақстан Республикасы  білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында шағын жи-нақты мектептерді дамыту проблемасы басым бағыттардың бірі болып белгіленіп, ерекше көңіл бөлінген.  Ауданымызда 9 шағын жинақталған мектеп бар. Бұл мектептерде кадр тапшылығы өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан аудандық білім бөліміне  «Мобильді мұғалім» жобасын тәжірибеге енгізуді ұсынамын.

Білім саласын сапалы  материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету – білім саласын өркендетудің маңызды факторының бірі.

Аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасы мемлекет қолдауының  арқасында жылдан-жылға  нығаюда.

Оқушылар туындысы

Биылғы жылы осы мақсатқа 274 млн 869 мың млн теңге бөлініп, ел игілігіне жаратылды. Мектебі жоқ 9 елді мекеннен оқушылар тасымалдап оқытылады. 84 мектептің 65-де (77,3%) ыстық тамақ ұйымдастырылған. Барлық мектептерде әлеуметтік қорғал-маған және аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар 100% тегін ыстық тамақпен қамтылған. Асханасы жоқ 9 мектепте буфеттік тамақтандыру ұйымдастырылған. Осы жылы 3179 көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың 1-4 сынып балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 71 млн. теңге қаржы бөлінді.

Жаһандық білім кеңістігіне кіру үшін маңызды тағы бір шара – цифрлық сандық жүйеге ену. Бұл бағытта да атқарған шараларымыз баршылық. Bilimland.kz сандық ресурсы 13 (16%) мектепке қолжетімді.

Кең жолақты интернетке 84 (100%) мектеп, «Күнделік» жүйесіне 80 (96%) мектеп қосылған.

«Мектепке электронды жазылу» жобасына ауданымыздағы 84 мектеп қосылды. Бұл шараға да қомақты қаржы бөлініп, игерілді.

Бүгінгі күні ауданымызда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға 41 арнайы маман (логопед, дефектолог) түзету сабақтарын жүргізуде. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды инклюзивтік біліммен қамту балабақшаларда – 4, мектептерде – 41 пайыз.Біз алдағы уақытта  арнайы мамандар штатын бөлу арқылы инклюзивтік біліммен қамту көрсеткішін арттыру және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жан-жақты қолдау көрсету жұмыстарын жалғастыратын боламыз.

Елбасы ұсынған «Ел үміті» атты екінші бастамасы жас таланттар мен көшбасшыларды қолдауға, оның ішінде  кіші қалалар мен ауыл балаларының әлеуетін ашуға арналып отыр. Қазіргі уақытта осы екі бастаманы жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Залдан көрініс

Осыған орай, Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі басшысы (Б.М.Амановаға), аудандық аурухананың бас дәрігері (Ж.Әбеуоваға), экономика және бюджеттік жоспарлау бөлім басшысы (Б.Мушаеваға), жастар ресурстык орталығының жетекшісі (А.Ілебаевқа) Елбасы ұсынған «Ел үміті» және «Қамқорлық» бастамаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырамын.

Екінші,біз бірлесе күресіп, жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерін сіңіру бағытында аянбай еңбек етуіміз керек. Білім, ішкі саясат, жастар, полиция басқармасы, Есік қаласы және ауылдық округ әкімдеріне               жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың, суицидке бару-дың алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуді талап етемін, – деді.

Конференция қорытынды-сында аудан, облыс әкімдерінің Алғыс хат, Құрмет грамоталары, білім басқармасы мен аталмыш бөлім дипломдары таныстырылды. Айшықты айтарымыз, В.Терешкова атындағы мектеп директоры Әлия Жарықбасова «Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгіні» кеудесіне тақса, Рахат №1 орта мектеп директоры Бибігүл Букаева «Қазақстанның білім беру ісінің үздігі» атанды.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Бейсенбі, 29 Тамыз 2019 15:15

Цифрлы болашаққа жасалған қадам

Ғылыми жаңалық пен технологияны өндіріспен байланыс-тыруды тапсырған Тұңғыш Президентіміз индустриалды-инновациялық дамуды көздеген еді. Кәсіпкерлік, өндіріс пен ауылшаруашылығы саласына инновацияны енгізу үшін алдымен білікті мамандар, заман талабына сай ІТ технология бойынша білім алған жастар қажет. «Тәрбиені тал бесіктен» бастау керектігін ескерген ел үкіметі орта мектептерде тегін ІТ сыныптары мен робототехника кабинеттерін ашып, болашақтың мамандарын мектептен бастап даярлауға кірісті.

«Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D принтинг онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты – деген еді Елбасы Жолдауында. Расында, дамыған елдегідей біздегі барлық салаларды толықтай цифрландырып, көлеңкелі экономиканы түбегейлі жою үшін сол саланы жетік меңгерген маман әзірлеуіміз қажет. Осы орайда, «Nur Otan» партиясының бастамасымен Қазақстанның түпкір-түпкірінде ІТ сыныптары ашылып, балаларға заман талабына сай білім беру қолға алынған болатын. Аталған жақсылықтар ауданымызды да айналып өтпеді. 2018 жылы облыстық мәслихат депутаты Жангелді Осанның демеушілігімен №1 Шелек орта мектебінде ІТ және робототехника сыныбы ашылып, шелектік оқушылардың төбесі көкке жеткен еді. Жалпы құны 5,5 млн теңге болатын ІТ сыныбында балалардың ақыл-ойын дамытуға арналған түрлі құрастырғыш роботтар мен компьютерлер орналасқан. Қазіргі кезде оқушылар қарапайым үлгідегі роботтарды құрастыруды, роботтарды басқару бағдарламасын және 3D принтинг құрылғысы арқылы макеттерді құрастырып, құжаттарды цифрландыру жұмысын үйренген. «Робототехника негіздері» атты  авторлық бағдарлама бойынша 5-6 сыныптар арасында таңдау сабақтары жүргізіледі. Балаларға білікті де білімді мамандар сабақ беріп, талаптарын шыңдауда. Оқытушылары Эльмира Уркумбаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген облыстық «Үздік қосымша білім беру педагогы-2018» байқауына қатысып алғыс хатпен марапатталған. Сонымен қатар, облыстық «Үздік информатика пәнінің мұғалімі» сырттай байқауында «Робототехника» таңдау сабағынан панорамалық сабақ көрсетіп, ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.

Саяжай маңындаңы №1 Рахат орта мектебіндегі заманауи үлгіде жабдықталған ІТ және робототехника сыныбы биылғы жылдың наурыз айында ашылды. Бұл сыныпты жабдықтап, арнайы компьютерлік бағдарламаларды орнату үшін бюджеттен 9,5 млн теңге   жұмсалған.

Мектептегі робототехника үйірмесін информатика пәні мұғалімдері Нұрлан Изимбетов пен Еркінай Исаханова жүргізеді. Қазіргі таңда аталған үйірмеге 60 оқушы қатысады. Болашақта олардың санын 2 есеге арттыру көзделуде.

Бүгінгі күні оқушылар түр-лі жобаларды жоспарлап, оны дамытуды, роботтарды құрастыруды, «ARDUINO», «Stem» ойын комплексін әзірлеуді, 3D объектлерін модельдеуді, Anime Studio бағдарламаларымен жұмыс жасауды меңгерген. Нәтижесінде,  5,6 сынып  оқушылары Сарбиназ Жарылқасын,  Дәулет Махамбетияр, Малика Болат, Әлібек Омарғазы 3D қаламмен жұмыс жасау, 3D модельдеу бойынша өздерінің алғашқы жобалық жұмыстарын «Балапан» республикалық телеарнасының «Ай балапан» бағдарламасында қорғаған. Аталған үйірмедегі  оқушылар қарапайым үлгідегі роботтарды,  роботтарды басқару бағдарламасын меңгеріп, 3D принтинг құрылғысы арқылы макеттер құрастырып, құжаттарды цифрландыру жұмысымен айналысуда.

Келер күндердің көкжиегін тек білім, жарқын жаңалық қана нұрландыра  алмақ. Сондай жаңалықтардың бірі, «Алғашқы әскери және техно-логиялық дайындық» пәніне «Әскери роботты техника негіздері» бөлімінің енгізілуі. Пәннің базалық мазмұнында IT-технологияны пайдалану қарастырылған. Білім  алушылар роботтарға арналған тапсырмалар,  роботтардың атқара алатын қызметтері, жекелеген тактикалық міндеттерді шешу: жергілікті жерлерді бағдарлау, роботтардың қиын жағдайларда қызмет ету бағдарламаларын толық  меңгеретін болады.

Ауданымыздағы білім беру ісіне енгізілген инновациялық жаңалықтар бүгінде оқушылар-дың білімін арттырып,     заманауи технологияларды меңгеруге септігін тигізуде. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының берген мәліметіне сүйенсек, жағымды жаңалықтар мұнымен толастаған жоқ. Жыл соңына дейін тағы  екі ІТ және робототехника сыныбын ашу жоспарланып отыр. Ол үшін бюджеттен 19 млн теңге бөлінген. Жыл соңына дейін 2 мектептің оқушылары заман талабына сай жасақталған ІТ сыныбына кірмек.

Сәт сайын ақпараттық технология жетіліп, цифрлық жүйе қарыштап дамыған сайын бұл саладағы бәсекелестік те арта түспек. Ал, жақын келешекте ІТ мамандардың көмегінсіз бірде-бір жұмыстың тындырылмасы сөзсіз.  Ашылғанына жылдың көлемі болса да, жас робототехник мамандардың жетістіктері жетерлік. Бірі робот құрастырса, енді бірі түрлі анимациялық бағдарламалармен жұмыс жасайды, 3D қаламмен суреттер салады. Демек, болашаққа салған инвестиция сенімді ақтап, цифрлы келешектің іргетасы қалануда.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Сейсенбі, 27 Тамыз 2019 11:11

Жарнама тәртібін білесіз бе?

Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңның 21-бабы, «Жарнама» туралы Заңның 6-бабына сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпарат тілін реттеу – аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басты назарында болып отыр.

Заңның негізгі мақсаты – жөнсіз жарнамаға жол бермеу мақсатында түсіндірме жұмысын жүргізу. Жарнама мазмұнының бір тілден екінші тілге аудармасында оның негізгі мағынасын бұрмаланбауын және тілдік талаптарды сақтау әр кәсіпкердің парызы екендігін назарларына салу болып табылады.

Қазіргі  уақытта  қайда қарамасаң да, қызылды-жасылды сыртқы жарнамаларға көз сүрінеді. Әсіресе, көпшілік жиі жүретін базарлардың, сауда орындарының маңындағы көрінген жерде заң талаптарын сақтамай ілінген жарнамаларды жиі кездестіруге болады.

"Сұлулық салонының сәнін мемлекеттік тілдегі нұсқасы келтірмей қала ма?" - деп сауал қояды аудандық мәдениет және тілдер бөлімінің бас маманы Ақмарал Қанапина.

Жарнама дегеніміз – жеке немесе заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгілеріне, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға арналған және оларды өткізуге ықпал ететін кез келген нысанда, кез келген құралдардың көмегімен таратылатын жәнеорналастырылатын ақпарат.

Біріншіден, жарнама дәйекті әрі түсінікті болуы тиіс. Екіншіден, жарнама мемлекеттік және орыс тілдеріндетаратылады. Ал оның мазмұны бір тілден екінші тілге аударылғанда негізгі мағынасынан ауытқымауы тиіс.

Алайда, «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының талаптары қаламыздағы, ауылдық округтердегі орталық көшелерде орналасқан қоғамдық тамақтану және сауда орындары мен жарнамалық нысандарда сақталмай отырғандығы байқалуда.

Еңбекшіқазақ ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі аталған тақырып бойынша жоспарға сәйкес жыл бойында жұмыс жасап келеді.

Сондай-ақ, қалалық және ауылдық округтерде орналасқан мемлекеттік мекемелер мен сауда орталықтарын аралау жұмыстарына мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ономастика саласына жауапты маманы Ақмарал Қанапина «Еңбекшіқазақ» газетінің тілшілеріменсауда орындарының иелері мен қызметкерлеріне Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заң талаптарын түсіндіружұмыстарын жүргізді.

Атқарылған жұмыстың нәтижесіне мысал келтірер болсақ, түсіндірме жұмысы Есік қаласы, Бәйтерек, Ават, Балтабай, Бәйдібек би ауылдық округтерінде жүргізілді. 160 нысантексеріліп, 72 қате анықталды. Анықталған қателердің кейбірі дереу түзетілді. 

Атап айтсақ, Есік қаласының орталық көшесінде орналасқан сауда орталығының  Мясоет атауы бойынша нысан иесіне заң талаптары негізінде түсіндірме жұмысы жүргізіліп, алынып тасталды.

Сауатсыз жазылған жарнама алынып тасталған сәттен.

Сондай - ақ, «Алма сауда үйі» деген сөзде «уйі» деп жазылып кеткен, сауда үйіне қарама қарсы «Мы открылись! Хоз.товары оптом и в розницу», «Школьная одежда», «Элитная разливная парфюмерия», «Платина: мужские, женские аксессуары, широкий ассортимент, бижутерия, браслеты, сережки» деп тұрса, өрт сөндіру пунктінің қарама-қарсысында «Центр по подготовке к ЕНТ» деп бақырайтып жазып қойса, дәл қасында «Репетиторский центр для учащихся всех возрастов на основе системы развивающего обучения подготовка поступления в вузы» деп жазылып тұр. Бұл ғана емес, Халыққа қызмет көрсететін мекеменің қарсы алдында «Агенство по недвижимости», «Все виды страхования» деп тағы жазылып тұр.

"Халыққа қызмет көрсету орталығы" атауы қысқарған түрде "Халыққа қызмет қөрсету орталығы" болып жазылған.

Балтабай ауылдық округі, Бәйдібек би ауылдық округтеріндегі орталық жол бойында орналасқан жарнама тілдеріндегі заң бұзушылықтар да кездеседі. Атап айтса, Бәйдібек би ауылындағы күре жолдан Түрген ауылына бұрылар тұста «СТО точная компьютерная ТЖО», «Аргонная сварка» деп іліп қойған.

Бұдан бөлек, Есік қаласы бойынша көлік жөндеу, дүкен атауларында дақателер түзетіліп, жұмыстар атқарылды әлі де жүргізіліп жатыр. Бәйтерек ауылдық округі бойынша1 қате, Балтабай ауылдық округі бойынша 7 қате, Бәйдібек би ауылдық округі бойынша5 қате түзетілді.

Жыл сайын «Ең үздік жарнама ілуші»номенациясы бойынша мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен марапаттау рәсімі өткізіліп отырылады. Мысалы,2018 жылы «Солнечный» сауда үйінің, «Астана» сауда үйінің және «Техноплас» пластикалық өнімдер сататын құрылыс дүкенінің директорлары марапатталды.

Ресми тілді білмейтін азаматтар қоқыс тастай беруі керек пе сонда?

Тілдік сауаттылықты сақтау мақсатында түсіндіру жұмысынан бөлек, жеке кәсіп иелеріне мәтіннің сауатты жазылуы бойынша арнайы парақшалар да таратылды. Жеке кәсіп нысан иелері жарнама мәтінін сауатты жазу мақсатында мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне келіп,кеңес алып отырады.

Қорыта айтқанда, жарнама беру – жауапты іс. Оған немқұрайды қарауға болмайды. Сондықтан да жарнама мәселесіне мемлекеттік және атқарушы органдар тарапынан бекерден-бекер жете назар аударылып отырған жоқ. Олай болса, жарнаманы жанға жайлы етіп, бояуы көзге қанық, түсінікті насихат құралына айналдыру сала мамандарының ғана емес, жарнама берушілердің де парызы болуы тиіс. Жалт еткен жарнама өзінің дизайнымен, көркемдік ерекшелігімен ғана емес, мағыналы мәтінімен де халықты еліктіре алуы қажет.

Жарнама – көпшілікті тәрбиелейтін тәрбие құралы деп қарағанда ғана тілдің туын асқақтата аламыз.

 

Салтанат БЕСПАЕВА

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту 

бөлімінің басшысы

Жұма, 23 Тамыз 2019 09:45

Орақтұмсық сиреп барады

Орақтұмсық – сирек кездесетін Қазақстанның қызыл кітабына енген құстардың бірі. Орталық Тянь-Шань тауының биік жерлерінде мекен етеді. Іле Алатауы Алматы мемлекеттік табиғи қорығында өте аз ғана мөлшерде кездеседі, тіпті, болашақта жойылу қауіпі бар. Орақтұмсықтың тағы да мекен ететін жері Есік көлі маңындағы Есік өзенінің жағалауындағы тік жартасты шатқалдары. Бұл өте нәзік құс. Азаю себебінің негізгі факторы – қазіргі  экологияның әсері. Атмосфераның жылдан-жылға ластануы, шудың көбею салдары. Орақтұмсық тыныштықты жақсы көретін құс, ұя салып жұмыртқа басатын жері тік жартастың қауіп тудырмайтын жасырын жерінде болады. Негізгі қорегі су маңайындағы ұсақ жәндіктер және ылғалды жерде өсетін шөптесін өсімдіктер. Осы құстардың сақталуы үшін оған барынша жағдай жасау – біздің бүгінгі мақсатымыз. Ол үшін мүмкіндігінше тыныштықты қамтамасыз ету маңызды.

Қанат Мустафаев,

Алматы мемлекеттік-табиғи қорығының Есік бөлімшесінің инспекторы.

Жұма, 23 Тамыз 2019 09:34

Жас келсе, іске

Осылай деген дана қазақ қай заманда болмасын жастарға зор үміт артып, игі істің бастауы ретінде қараған. Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай күшті қанатты жастарға сенім артқан Мағжан Жұмабаев та жаңашылдық пен адалдықтың негізі – жастар екендігін айтқан. Үш жүздің басын қосып, күллі қазақ халқын біріктірген Абылай хан: «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенген заманда қапы қалып жүрмелік» – деген сөзінің өзі қазіргі заман жастарын білімге жетелеп тұрғандай. Қысқасы, жастар – қоғамның қозғаушы күші, елдің болашағы. Сондықтан, олардың білімді, білікті, адал әрі жауапты болуы – бүгінгі қазақ елі үшін аса маңызды. Осыны меңзеген Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Осы орайда, түрлі бағытта еңбек етіп жүрген жас майталмандарды сөзге тартқан болатынбыз. Жас мамандар өз саласындағы жетістіктерімен бөлісіп, кем-кетікке тоқталды.

 

Ұлан ОРАЗБАЙҰЛЫ, жас әнші, композитор:

«Не ексек, соны орамыз»

Елбасы Н.Назарбаев былтырғы жылғы Қазақстан халқына арнаған Жол-дауында 2019 жылды – Жастар жылы деп жария-лап, жастардың қазіргі қоғамдағы рөлі басым екендігін айқындап берді.  Тұңғыш Президентіміздің бұл ұсынысы жастарға зор мүмкіндік беріп, өзімізді дәлелдеуге жол ашты. Өйткені, бүгінгі бала – ертеңгі дана және дара тұлға.

Жастар – қоғамның негізгі қозғаушы күші. Оларға қолдау көрсетіп, жағдай жасау – болашаққа құйылған инвестиция. Ол үшін, менің ойымша, жастардың құқықтары қорғалып, мемлекет тарапынан әлеуметтік, білім деңгейінің, денсаулығының жақсаруына көңіл бөлінсе.

Қазіргі таңда мен Қырбалтабай мәдениет үйінде көркемдік жетекші болып жұмыс жасаймын. Менің ойым-ша, бүгінгі таңда ауылдағы жастарды тәрбиелеп, өнерін шыңдайтын ол мәдениет үйлері. Ауылдағы өнер ордасы өнерлі жастардың дамуына үлкен үлес қосуда. Қырбалтабай мәдениет үйіндегі 7 үйірмеге 80 адам қатысады. Шәкірттеріміз әрбір өткізілген мәдени іс-шаралардың бәрін ұйымдастыруға атсалысып, өздерінің өнерімен тұрғындарды тамсандырып жүр. Сонымен қатар, түрлі деңгейдегі байқауларда бақ сынап, жүлдегер атануда. Аудандық облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болуда.

Бүгінгі күні ауылға жағдай жасалып, көңіл бөлінуде. Әсіресе, мәдениет саласы ешқашан назардан тыс қалған емес. Қырбалтабай ауылында «Ауылым алтын бесігім» атты концерт өтті. Әр ауылдың тарихы таңбаланған мәдени мұраларын танытып, ұлттар мен ұлыстардың ынтымақ-келісімдерін көрсете білуіне кеңінен жол ашты дәстүрлі шара. Қырбалтабай ауылдық округі осы күнге дейінгі жеткен жетістіктерін саралап, мерекелік шара аясында облыстан, ауданнан келген қонақтар мен ауыл тұрғындарына көрме ұсынды. Демек, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, төл тарихымызды таразылап, дәстүрлі дала мәдениетін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шара ауыл мәдентетінің дамуына аса көңіл бөлгендіктің көрінісі болды.

Мен қазіргі таңда мәдениет саласында еңбек етіп,  қазақ өнеріне тамшыдай болса да өз үлесімді қосып келемін. Осы уақытқа дейін 10 шақты ән жазып, композиторлықпен айналысудамын. Ұлы Абай «Жақсы әнді тыңдасаң ой көзіңмен, өмір сәуле көрсетер судай тұнық...» – деп айтқандай, жаңа көзқараста өзімнің авторлық әндерім арқылы жастарға заман талабына сай құндылық сыйлауға тырысудамын. «Ғылыммен айналысамын деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік жігері – зор, тілек-мақасты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жәй ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек» – деген әл-Фарабидің сөзіне сүйенсек қазіргі таңда адамды жақсылыққа шақыру мақсатында еңбек етіп жүрген небір композитор, ақын, әншілер аз емес. Абайдың «Әннің де естісі бар, есері бар, тыңдаушының құлағын кесері бар...» немесе: «Құр айқай бақырған, құлаққа ән бе екен?», – деген өлең жолдарының қазіргі арзан, тез құлаққа жатталатын, мәні жоқ, мағынасы, ұйқасы жоқ әндердің бар екені айқын. Жас ақындар көненің көзін көрмей, қазақ ауыз әдебиетін, қазақ композиторларын зерттемей, ізденбегендіктен арзан туындылар халыққа ұсынылуда. Небір қалтасы қалың, бірақ музыкалық білімі жоқ қаншама азаматтар әнші атанып, жұлдыз болып жүр. Адамға туа біткен талант қана жеткіліксіз, үздіксіз алған білім мен тәжірибе ғана нағыз талантты шыңдап, өнерін өрге сүйрейді.

Бүгінгі күні қазақ өнеріне үлкен көңіл бөлініп, осы саладағы мәселелер шешіліп келе жатқандай. Жақында ғана тағайындалған ҚР Мәдениет және спорт министрі фонограммамен ән салып, өзін де, халықты да алдап жүрген «әншісымақтарға» тосқауыл болатын заң жобасын қабылдау керектігін ұсынған болатын. Бұл қазіргі қоғамға, әсіресе, жас-тар тәрбиесіне септігін тигізері сөзсіз. Егер осы заң қабылданып, көркемдік кеңес құрылса, жоғарыда атағанымыздай есер ән жастардың санасын уламас еді.

Қазіргідей, батыс стиліндегі ән шырқап, кәріс жігіттеріндей боянып, ер жігітке тән емес киімдермен киелі сахнаны ғана емес, жастарымыздың миын улап жүргендерге балаларымыз көп еліктейді. «Не ексең, соны орасың» – деген сөз бекер айтылмаса керек. Қазақ халқы ертеден елдің болашағын ұстар балаларға, оның тәрбиесіне үлкен көңіл бөлген. Ертеңгі күні қазақтың құндылығынан алыстаған бала, елдің патриоты болады дегенге сену қиын. Сондықтан, әр нәрсені талғаммен таңдап, жастарымызды дұрыс бағытта тәрбиелей білейік.

 

Марлен МҰРАТОВ, жас мемлекеттік қызметкер:

«Ел мүддесі жолындағы адал еңбек»

Адал ең-бек, жауап-кершілік, тазалық пен ұқыптылық, сыпайылық пен біліктілік, бұл – бүгінгі таңдағы мемлекеттік қызметшінің бет-бейнесі. Осындай қасиеттерді бойына жинаған адам ғана өзін толыққанды мемлекеттік қызметші деп санап, халыққа қызмет ете алады.

Бүгінде жастарымыздың басым көпшілігі мемлекеттік қызмет саласына ұмтылып, еліміздің дамуы жолында еңбек етуге талпынуда. Ол үшін, жас маманнан мемлекеттік қызмет – ең әуелі үлкен жауапкершілік, біліктілік пен үнемі шыңдалуды талап етеді.

Адам жеке тұлға ретінде өзін-өзі тұрақты жетілдіріп, алға ұмтылып отыруы қажет. Бұл ретте, қай салада еңбек етсек те, кейін соңында өзіміз ұялмайтындай, үлгі боларлық іс қалдырғанымыз жөн. Қазақта жиі айтылатын «наныңды адал тауып жеу» қағидасы осыған саяды.

Елімізде мемлекеттік қызмет саласына, әсіресе, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына қатты көңіл бөлінеді. Өйткені, егеменді еліміз ТМД аумағында алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қызмет туралы заңнама қабылдап, қызметтік мансап жүйесін енгізді, әкімшілік және саяси мемлекеттік қызметшілердің кадрлық резервін құрды. Қазақстанда бұрынғы кеңестік кеңістікте алғаш рет мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу енгізілуі, мемлекеттік лауазымдардың саяси және әкімшілік болып бөлініп, мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіру жөніндегі шаралар іске асырылды. Соның нәтижесінде, 2000 жылдардың басында-ақ Дүниежүзілік банк Қазақстанды ТМД және Шығыс Еуропа елдері арасында мемлекеттік қызмет саласындағы реформалардың көшбасшысы деп таныды. Тұңғыш Президентіміздің тапсырмасымен бір жүйеге келтіріліп, бір арнаға тоғыстырылған мемлекеттік қызмет саласының қызметкерлері әлі күнге ел мүддесі үшін еңбек етуде.

Мен мемлекеттік қызметке келмей тұрып, мемлекеттік қызметшілердің қызметін жиі сынайтынмын. Конструктивті сын бар жерде ілгерілеу, даму бар екенін жоққа шығармаймын. Бірақ мемлекеттік қызметке келіп, өзім сынап жүрген салаларда теориялық емес, практикалық мәселемен айналысу біраз мәселеге жаңаша қырдан қарау мүмкіндігін сыйлады. Пайдалы ойды, саналы сынды лайықты іспен ұштай білу – іскерліктің бір сипаты. «Ұлтқа қызмет ету – мінезден» деп ұлыла-рымыз айт-қандай,ел мүддесінің үдесінен шығуды ал-дымызға миссия ретінде қоя алсақ, әркім өзі қызмет етіп жүрген салада үздік, білікті маман болса, елдің де келешегі кемел болмақ. Бұл туралы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің этикалық кодексінде белгіленген: «Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қойылады» – делінген. Жас мемлекеттік қызметкер ретінде өзіме артылатын жүк пен жауапкершіліктің жоғары екенін білемін. Осыған орай, бойымдағы бар білімім мен тәжірибемді  пайдалана отырып, өз міндетімді адал, абыроймен атқаруға тырысамын. Себебі, Елбасы Н.Назарбаев 2019 жыл – «Жастар жылы» екендігін мәлімдеді, соның аясында ел болашағы – жастарды қолдау және олардың жан-жақты дамуына жағдай жасауымыз қажет. Өз елімнің гүлдену жолында қызмет ету мен үшін үлкен мақтаныш және абырой деп білемін. Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, билік пен қарапайым халық арасын жалғайтын алтын көпірге айналуы тиісті.

2011 жылы 21 шілдеде Елбасы-ның Жарлығымен Қазақстан Республи-касының мемлекеттік қызметі жаңа моделінің Тұжырымдамасы қабылданды. Аталмыш құжатта мемлекеттік қызметтің жаңа моделін қалыптастырудың негізгі бағыттарын айқындап, оны рәсімдеуге және әрі қарай дамытуға бағытталған нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге негіз болды.

Бүгінде мемлекеттік саладағы мамандардың білім-біліктілігінен бұрын, адамгершілік асыл қасиет пен ананың сүтімен келетін тәлім-тәрбиені де талап етілетіндігі анық. Менің ойымша, мемлекеттік қызметші тек білімді ғана емес, жоғары моральдық жауапкершілік пен өз ісіне деген әділдік, адалдық, адамгершілік қасиеттері қағидаларды қатаң ұстанғанда ғана елдің ертеңі нұрлы болады.

 

Әлішер СЕЙТЕН, жас кәсіпкер, омарташы:

«Мақсатым – араның отандық жүйесін шығару»

Еліміз Тәуелсіздік алғалы бар-лық салалар дамудың са-ра жолына түсті. Түрлі жаңалықтар ашылып, жаңа техно-логиялар енгізілуде. Алайда, бал арасын өсіру Қазақстанда әлі күнге ескі әдіспен жүзеге асуда. Бал өндірумен айналысатын омарташылар болғанымен, аралар селекциясы тұралап қалған. Мен осы саланы қолға алып, еліміздегі бал арасының жаңа тізбегін шығаруды жоспарлап отырмын.

Омарташы – жаңашылдық пен ізденісті, еңбекті қажет ететін сала. Мен бұған Польша мемлекетінде білім алып жүргенде көз жеткіздім. Мектепті бітіріп, поляктардың еліне агробизнес саласы бойынша білім алуға аттандым. Түскен университетімде аталған мамандыққа студенттер жетіспегендіктен, омарташы мамандығына түстім. Айна-ламдағы студенттердің барлығы атақты омарташылардың балалары және осы салаға қызығып келгендіктен сабақты түсіну оларға қиынға соқпады. Алғашқы жылдары қиындықтар болғанын жасырмаймын. Алайда, кейіннен, қызығу-шылығым оянып, өндірістік тәжірибенің арқасында біршама нәрсені ойға түйдім. Атақты польшалық омарташылардан тәжірибе алып, осы саланың нағыз биззес екендігіне көз жеткіздім. Студент кезімнен бал арасымен айналыстым. 2 курсты бітіріп,  Қазақстанға аналық араларды Польшадан әкеле бастадым. Жаз мезгілінде араларды өзім қарап, басқа уақыттарда көрші омарташыға тапсырып қойдым.

Польша мемлекетінде араны күтіп-бағу мен маркетинг дұрыс жолға қойылған. Ал еліміздегі омарташылық әлдеқайда артта қалған, әлі күнге ескі әдіспен жұмыс жүргізіледі. Қазіргі уақытта шет елдерде аралардың селекциясы үлкен сұранысқа ие. Себебі, жергілікті климатқа араларды төзімді етіп шығару керек. Мен осы бағытты польшалық Мария Гимбала атты селекционерден үйреніп, тәжірибе жинадым. Ол бүкіл Еуропаны аналық аралармен қаматамасыз етіп отыр. Өкінішке орай, Қазақстанда араның селекциясымен айналысатындар мүлдем жоқ десе де болады. Шымкент қаласында бір азамат селекциямен айналысуды жақында ғана қолға алды. Мен де осы бағытты ұстанып, аралардың селекциясын дамыту мақсатында сертификат алдым. Алайда, жер мәселесі үлкен қиындық туғызып отыр. Оқуымды аяқтап келген жылы Қазақстан ауылдық округінің әкімдігіне барып, жер сұраған едім. Бүгінгі таңда маған таулы аймақтан 30 гектарға жуық жер қажет. Ал қалған құрылғыларды Польшадан өз қаражатыма алып келемін.

«Аралардың селекциясы бізге не үшін қажет, олардың барлығы бірдей емес пе?» деген сұрақтарды жиі естимін. Бірақ, жан-жануардың тұқымы секілді, аралар да әтрүрлі болады және өздеріне тән қасиеттері бар. Айталық, «орталық еуропалық» аралар бір жерден бал немесе гүл тапса, сол жерге бара береді. Яғни, басқа бағытқа бұрылмайды, ізденбейді. Ал «кавказдық» аралар бал таппаса, бір-бірінен ұрлай бастайды. Өзімнің ұстап отырған «австриялық карника» аралары өте жуас болады, жергілікті аралар секілді көп шақпайды. Австриялықтар таулы жерде орналасқандықтан ауданымызбен климаты ұқсас. Сондықтан, аралар табиғатымызға тез үйреніп алады. Сонымен қатар, олар ерте көктемде жұмысын бастап кетеді. Сәйкесінше, маусымда бал мол болады. Және де ең маңыздысы, күн ыстық кезінде «австриялық карникалар» «украиналық карпаткалар» секілді омартаны тастап, қашып кетпейді. Осының барлығын зерттей келе, ара тұқымының қазақстандық жүйесін шығаруға бел будым. Жоғарыда аталған аралардың жақсы қасиеттерін қосып, климатымызға сәйкестендіріп будандастырсақ, мол өнім алатындығымызға күмән жоқ. Біздің округте барлығы жоңышқа отырғызады. Оның гүліне көптеген аралардың тілі жетпейді. Ал ең тиімді «австриялық карниканы»  тілі ұзын кавказдық арамен будандастырсақ жоңышқаның өзінен бал өндіретін күнге жетер едік.

Қазірдің өзінде менде 65-70 омарта бар. Және оларды көшіретін павильон жұмыс жасайды. Аралардың барлығы Польшадан жеткізілген «австриялық карника» тұқымы.

Қазақстанда қазір араның селекциясымен айналысатын азаматтарға үлкен көмек беріледі мемлекет тарапынан. Қайтарымсыз субсидия ретінде 15 млн теңгеге дейін алуға болады. Ал селекционер атану үшін кемінде 20 гектар  таулы аймақтан жер болуы керек. Ол жерге гүлдердің 7-ден көп түрін отырғызу міндетті және ең бастысы – селекциялық омарта.

Жергілікті әкімдік жоғарыда аталған жер мәселесінде қол ұшын берсе, келер жылдан бастап елімізде тұралап қалған аралардың селекиясын дамытуға өз үлесімді қосар едім.

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Ел мен елдің арасын туыстық қарым-қатынаспен жалғайтын қыз балаға артылар жауапкершілік қашанда ауыр болған. Ол – өскенде елінің көркі, ұзатылғанда – барған жерінің берекесі, ұрпақ өрбіткенде – ең асыл жан АНА. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кімде-кім үш қыз өсіріп, оларға жақсы тәрбие берсе, жақсылық жасаса, Алла ол кісіні жәннатына кіргізеді», – дейді. «Дүниеге қыз келген уақытта, Алла ол жерге періштелерін жіберіп, сәлемін айтып: «Мына үйдің тұрғындары, сендерге сәлем болсын», - дейді. Періштелер қанаттарымен жаңа туылған қызды қорғаштап: «Қандай әлсіз, қорғансыз еді, әлсіз денеден шықты. Егер әкесі оны тәрбиелеп өсірсе, қияметке дейін оған Алланың жәрдемі болады» делінген аяттарда. Жалпы, қыз баланың қазақ халқының өміріндегі алар орны биік, маңызы жоғары, тәрбиесі – талдан да нәзік...

Осының бәрін терең ойлап, алыстан зерделеген бабаларымыз «қызға қырық үйден тыю, қала берді қара күңнен тыю» деген. Сөйтіп, қыздың тәлім-тәрбиесіне ерекше мән беріп, салмақты міндет жүктеген. Қызды тыйып ұстау – тірсектен қағып, еңсесін езу емес, қырық үйден, тіпті, қара күңнен де бір абзал өнеге үйреніп, ұлағатты сөз естіп, оңды талғам көрсін дегені. Қыз баланың ақылды да инабатты, өнерлі де өнегелі болып толысуына ата-анамен бірге ағайын-туған, ауыл-аймағы да жауапты екенін меңзейді. Қызды тектеп ұстауды көздейді. Тыю деген, міне, осылардан құралған. Оң жақтағы кезде жүз жігіттің арманы болса да, қызға бір азаматтың адал жан-жары болу – парыз екенін санасына сіңірген. Ата-бабаларымыздың салып берген сара жолынан жаңылып, адасып жүрген бүгінгі кейбір қыздарды көріп, естігенде жан-дүниең еріксіз езіледі.

Дамыған ғасырдың білімді, бірақ тәрбиесіз қыздары қазақ атына дақ түсіруде бүгінде. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деп Әбу Насыр әл-Фарабидің айтқанына сөз жүзінде емес, іс жүзінде куә болып жүрміз, өкінішке орай. Жыл сайын шетелде білім алып жатқан қаракөз қыздарымыздың ішінде жат құшағында кеткендер саны артқанымен қоймай, бірі қылмысқа барса, бірі азаматтық некеде тұрып, балалы болуда, енді бірі, тіпті, сол «күйеуінің» қолынан қаза тауып, келеңсіздікке ұшырап жатқанын жиі естіп жүрміз. Мәселен, осыдан біршама жыл бұрын жерлесіміз Әсел Әбдіғаппарова азаматтық некедегі күйеуі америкалық жігітпен бірге жазықсыз жанды жер жастандырған болатын. Тіпті, ол «күйеуінің» қылығына қарсы тұрудың орнына бірлесе отырып, мәйітті көмуге де көмектескен екен. Сол себепті де Әселге Америка заңы бойынша өлім жазасы кесілген еді. Бірақ бұған еліміздің Сыртқы істер министрлігі араласқандықтан, өлім жазасының орнына қырық жылға бас бостандығынан айырылады. Кейін анықталғандай, халықаралық білім бағдарламасы бойынша АҚШ-та оқу үшін Әсел емес, оның інісі Әсет емтихан тапсырыпты. Белгілі бір себептерге орай, Америкаға Әсел аттанады. Бірақ, ол ата-ананың сенімін ақтай алмай, туған-туысы мен қазақ жұртын әлем алдында ұятқа қалдырды.

Ал, Австралияда білім алып жатқан 22 жастағы Сағынай Батырханованың тағдыры да талай жанның жанын түршіктірді. «Болашақ»  бағдарламасы  бойынша Австралиядағы «Гриффит» университетінің бірінші курсында оқыған Сағынай Батырханованы азаматтық некеде тұрып жатқан күйеуі «пышақтап өлтірді» деген суық хабар ел ішін жайлап кеткен еді. Ал біздің «күйеу баламыз» өзінің кінәсін мойындаған болатын. Бұл хабардың артынша-ақ ғаламтор беттерінде Малайзияда оқитын бір қазақ қызының некесіз бала туып, сәбиді қоқыс жәшігіне лақтырғаны өріп жүрді. «Көкек ананың» қылмысы әшкереленіп, ол құқық қорғау қызметкерлерінің құрығына ілін-ген болатын. Осылайша, бар-жиған тергенін қалтасына салып беріп, шетелге қыздарын оқуға жіберген ата-ананың арманының күлі көкке ұшып, үміті өшті.

Осы тұста жазушы Зейнеп Ахметованың: «Бүгінгі қыз бала – ертеңгі біреудің оң жағын қызартып, отау тігетін келіні. Одан кейін ақ жаулықты ана болады. Әрі қарай бір әулеттің ұрпағын тәрбиелейтін әже міндеті мойнында. Қыздары тексіз елдің іргесінен ырыс кетеді. Біз ел боламыз десек, қазақтың қазақтық қасиетін сақтаймыз десек, ең алдымен қыздарымызға жақсы тәрбие беруіміз керек» дегені ойға оралады. Жақсы тәрбиені беретін кім? Ол – Ана. Ол – Әке. Ол – ата мен әже. Ол – қоршаған ортасы. Осы төртеуі түгел болғанда, төбеміздегі қара бұлт сейілетініне сенім мол.

 

Алмагүл НҰҒМАН.

Алма сақтайтын тоңазытқыш-қойма жалға беріледі. Байланыс тел.. 8 707 296 72 63


Сдается в аренду холодильник для фруктов. Тел. для справок: 8 707 296 72 63

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет