Бейсенбі, 05 Қыркүйек 2019 12:00

Ұстаз болу – қастерлі ұғым

Атақты ақынымыз әрі «Педагогика» кітабының авторы М.Жұмабаев «Алты алаштың баласы жиналса, төрдегі орын мұғалімдікі» деп ұстаздардың мәртебесін әйгілеп кеткен еді. Иә, ұстаз болу білімділік пен тәрбиелілікті, адамгершілік пен мейірімділікті, төзімділік пен туралықты, әділдік пен адалдықты, өзін-өзі күнде қамшылап отыратын талап пен жалықпай, талмай ізденгіштікті қажет ететін ерекше қастерлі ұғым. Ұстаз болу – өзгенің бақыты үшін өзіңнің алтын уақытың мен күш-жігеріңді сарп ету. Мұндағы ұстаз деген сөзді мектепте, колледждер мен университетте сабақ беретін жалпы мұғалімдермен шатыстра көрмеңіз. Өйткені, мұғалім болу – мамандық, ал ұстаз болу кез келгеннің қолы жетпес асқар шың секілді. Сол себепті сонау көне замандардан бері ұстаздардың қадірі мен қасиеті, абыройы мен беделі ешқашан төмендеген емес. Осындай ұстаз деген атқа лайықты жандардың бірі – Шелек ауылындағы Ы.Алтынсарин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлмира Қалитқызы Адамова.

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі Шелек ауылында ғана емес, жалпы аудан бойынша ең үздік әрі білім беру деңгейі өте жоғары мектеп. Мектеп шәкірттері жыл сайын өтетін білімділік пен өнер бәсекелерінде топ жарып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Ал бітіруші түлектерінің барлығы дерлік еліміз бен шетелдердегі танымал жоғары оқу орындарының студенттері атануда. Мектептің осындай ірі жетістіктерге жетуінің кілті ең алдымен өз ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын білімді ұстаздардың арқасы болса керек. Осындай білікті ұстаздардың басында Гүлмира ұстаз жүретіні анық.

Кейіпкеріміздің дайындаған талай шәкірті аудандық, облыстық, респуб-ликалық шығармашылық байқаулар мен педагогикалық оқулардан, мәнерлеп оқудан, эссе жазудан, ғылыми  жобалардан тағы басқа додаларда жүлделі орындар алып, мектебі мен ауданымыздың атын шығарып жүр. Олардың қатарында Назерке Ербосынова, Гүлдана Ералы, Темірлан Біржанұлы секілді талантты шәкірттері бар. Бұл жағынан тізе берсек тізіміміздің бірталай болатыны анық. Ең бастысы, оқушылардың жоғарғы оқу орнына түсуіне жолдама беретін ҰБТ пайда болғаннан бері бүгінге дейін Г.Адамованың тестке дайындаған шәкірттері жыл сайын 100% үлгерім көрсетіп, мектеп сапасын көтеруде. Және бұл дәстүрден ешқашан жаңылған емес.

Г.Адамова бүгінде талай жылғы еңбегі еленіп, төккен терінің қайтарымы мен жемісін көруде. Сондықтан жасаған істеріне орай марапаттар мен мақтаулардан кенде емес. Олардың бас-тылары 1999 жылы «ҚР Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, «ЮНЕСКО» (сыртқы істер министірлігінің) Шығармалар жарысында мақтау қағазымен, 2010 жылы ҚР «Білім және ғылым министрлігінің» алғыс хатымен, 2018 жылы «Қазақ елінің үздік ұстазы» төсбелгісімен марапатталған. Г.Адамованың ие болған аудандық, облыстық, республикалық марапаттарының қатары мұнымен аяқ-талмайды. Бізде оның бәрін тізіп жазуды қаламадық. Өйткені, газетіміздің алдағы сандарында Гүлмира Қалитқызы Адамова туралы толыққанды сұхбат-мақаламызды жариялайтын боламыз. Әрқашан ұстаз деген ұлы атқа дақ түсірмей, соған сай лайықты қызмет етіп жүрген апайымыздың қызметіне табыс, отбасына береке, басына бақыт тілейміз!

 

Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.

Сәрсенбі, 04 Қыркүйек 2019 09:40

Жасыл алаңда – ардагерлер

«Әуелгі байлық – денсаулық» дейді екен ғой бұрынғылар. Расында, ауру – атанды да шөктіреді. Ал оның алдын алу – салауатты өмір салтын ұстану.

Әлбетте, спортты серік, жақсылық жасауды көңіліне көрік еткен жанның көңілі жай. Мұндағы айтпағымыз, тас шайнаған шағында футбол алаңында қауышқан ардагерлер әлі де алаңнан ала допты ауыстырар емес.

Оған жуырда өткен турнирде көзіміз жетті.

Шағын футболдан Есік қаласының жоғарғы бетінде өткен аудандық турнирге төрт команда қатысты. Ұйытқы болған еңбек ардагері – Төлеген Иманбаев. Ұдайы спорт десе ішкен асын жерге қоятын Төлеген Шоманұлының бұл жолғы мақсаты тіптен бөлек. Ол турасында: – «Бала кезімізде тай-құлындай тебіскен, аяқ асын бөліскен, футбол алаңында талай мәрте бірге ойнаған азаматтар осында келді. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді» демей ме атам қазақ. Расында, байқасақ бәрі де тың. Бұл спортпен шұғылданғанның жемісі. Ала доп бәсекесінің әдіс-тәсілдерін толық пайдаланып жатыр. Міне, жас буын осы ісіміз арқылы татулықтың, бауырмалдықтың көрінісін көрсін, спортпен айналысудың пайдасын білсін деген ниет біздегі. «Ат тұяғын тай басар». Уақыт ырқымен көш керуен өзгереді. Сол сәтте соңымызда үлгі болар ұрпақ өссін деген мақсатымыз бар» дейді. Шынымен, алма-кезек ауысқан ала доп бәсекесі тартысты өтті. Арасында 67 жас-ты арқалаған Төлеген Жүнісов те жүр. – Спорт тек денсаулық кепілі емес, бейбітшілік елшісі. Біз осыны ұғынуымыз тиіс. Қазіргі буын сөзбен айтқанды емес, көзбен көргенді істейді. Сол себепті, спортқа деген риясыз құштарлығымыз әлі де таусылмағанын жастар көрсін, біріне бауыр, біріне дос болсын деген тілегіміз бар, – деп ақтарылды спорт ардагері. Кезектесіп ойнаған командалар жасыл алаңда барын салды. Әсіресе, екінші орынға таласқан Рахат округі мен Есік құрамасы үздіксіз шабуылмен жанкүйерлерінің делебесін қоз-дырды. Бастапқы айналымда 2-0 есебімен есіктіктер алға шықты. Командалық ойын үлгісін көрсеткен Рахат округі есепті теңестіріп те үлгерді. Не керек, 2-4 есебімен екінші орынға рахаттықтар жайғасты. Есік құрамасы үштікті тәмамдады. Ал жүзден жүйрік шыққан қаракемерлік спорт ардагерлері біріншілікке көтерілді. Сөйтіп, ауыспалы кубокты еншіледі. – Біз қанша ойынды көріп жүрміз. Бірақ бүгінгі ойын ерекше. Тамаша әсерде отырмыз. Жалпы, жаппай спортпен шұғылдану мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Ал оны тек сөзбен емес, іспен дәлелдеуміз қажет. Ұрпағың айнадағы – өзің. Біз бүгінгі буынға қандай тәрбие, үлгі көрсетсек, ол міндетті түрде жалғасады. Осыны ұмытпайық!– дейді аудандық мәслихат депутаты Сейтхан Қырқынбаев.

Турнир соңында жеңімпаздар арнайы медальдармен марапатталды. Үздік ойын үлгісін көрсеткен ойыншылар да номинацияларға ие болды. Сол секілді Көктөбе құрамасы да арнайы алғысқа бөленді.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Сәрсенбі, 04 Қыркүйек 2019 09:39

Семинар по устойчивому развитию

В 2017 году при поддержке Евросоюза в Енбекшиказахском районе  стартовал проект «Одақ», цель которого – повышение устойчивости социально-экономического развития фермерства, предпринимательства и улучшение материального положения социально уязвимых категорий населения сельских регионов. Партнерами «Одақ» являются  Агенство торгово-промышленной, сельскохозяйственной и ремесленной палаты г.Милана «Формапер», международная школа «КИП»  (Италия), акимат района, отдел внутренней политики  района, сельхозотдел района, ОО «Международная экологическая ассоциация женщин Востока» (МЭАЖВ), ОФ «Фермер Казахстана».

22 августа 2019 г. в малом конференц-зале районного акимата состоялся информационный семинар по повышению конкурентоспособности сельхозпродукции местных фермеров и их эффективному  сотрудничеству с провайдерами  (поставщиками) товаров и услуг, внедрению в фермерские хозяйства инновационных технологий.  Партнеры проекта «Одақ» пригласили на семинар фермеров и глав  крестьянских хозяйств, сельхозкооперативов, НПО, провайдеров и специалистов  аграрных НИИ. С вступительным словом к участникам семинара обратились  заместитель акима района Максат Бекетаев и президент Агросоюза РК Алик Сагиндыков. С ходом и результатами проекта на сегодняшний день присутствующих ознакомили президент ОО МЭАЖВ Рашида Рахманова, директор ОО «Фермер Казахстана» Владимир Левин. Главный специалист сельхозотдела района Талгат Алимгазиев разъяснил условия и порядок получения государственных субсидий сельхозпроизводителями. С презентациями провайдерских услуг выступили представители сельскохозяйственных сервисных компаний.

Основным вопросом семинара было обсуждение   конкурсной программы  «Одақ»  по реализации  инновационных бизнес-инициатив в сельском хозяйстве. Такими инициативами (бизнес-проектами) могут быть строительство теплиц и овощехранилищ, внедрение «зеленых» технологий и альтернативной энергетики, развитие системы агротуризма, маркетинга, переработки, технологии производства сельхозпродукции.

 

И.ВИКТОРОВ.

Сейсенбі, 03 Қыркүйек 2019 11:01

Телефонды таста, балам...

Кітапқұмар нағышыларымнан жұқты ма, білмеймін, әйтеуір, үшінші класқа көшкеннен бастап әкем марқұм әкелетін газет-журналдарды парақтап отыратын болдым. Алпысыншы жылдарға қарай «Жұлдыз», «Мәдениет және тұрмыс», «Қазақстан әйелдері» журналдары мен «Коммунизм таңы» («Жетісу»), «Коммунистік еңбек үшін!» (Еңбекшіқазақ»), «Пионер» газеттерін, қазақша күнтізбелерді қалдырмай оқитын болдым, қала берді огородтың аяғындағы колхоз кітапханасына жиі барғыштай бастадым. О кезде Қазаткомдағы үйлердің көбі, қойма-складтардың дені ағаштан қиылған, терезелері бір қабат, көздері кішкентай, бала сиярлықтай ғана.

Кітапханашы әлі тұрмысқа шықпаған Күлшахан әпкеміз, сары Серіктің тәтесі, Талдыбұлақтағы қазіргі қария, Тілеш жездеміздің кейінгі кемпірі. Бұ кісіде сап-сары, сары алтындай сызылып отырғаны. Шамасы ауылдағы мектептен соң істеп жүрген болар. Мен барсам болды қос бөлмедегі қаздай тізілген төрт-бес сөреге қарай сүңгітіп жібереді де, кітабын оқып отыра береді. Сөреден орын тимеген кітап атаулы бұрышта жатады. Отырам да суреттерін көрем, ол кезде кітап ішіндегі сурет біткен қолдан салынады ғой деймін, сол суреттері ұнаған көп кітаптың бірнешеуін таңдап алам да әпкемізге әкелем. Ол кісі де қарап жатпайды, жазады да бере салады. Содан қос бөлмелі қамыс үйдің қамыстан қалың етіп жапқан шатыры астында төбеден тізіліп тор дорбалардан сап-сары боп майы аққан апамның құрттарын көмейлете отырып оқуға кірісем, ежіктеп оқымаймын, көзбен оқимын және тез оқимын, бірақ түсініп оқымайтыным тағы бар.

Келе-келе төселіп, әжептәуір тез, әрі түсініп оқитын деңгейге жетіп қалдым-ау деймін, бастауыш класта жүріп-ақ «Робинзон Крузо», «16 жасар чемпион», «Мой помощник Карсыбек» (орысша), «Мұрат», «Батырлар жыры», мен Қазақ ертегілері, «Бұғауда», М.Әуезовтың пьесаларын т.т. Есімде қалмаған ондаған кітаптарды күндіз үй төбесінде, түнде дөңгелек жозы үстінде керосин шамның жарығымен оқи бастадым, бірін ұқтым, біріне тісім батпады, білерім – басқа балаларға қарағанда тәп-тәуір жатық жаза бастағаным...

Он жастамын, иә үшінші, не төртінші класс болар. Өйткені, апайымыз (біз о кезде «Тәтей» дейміз) Мұратбектің шешесі – Марияхан Демесінова анамыз.

Ойымда ешнәрсе жоқ. Солдаттай болып шікірейіп школьный формамды киіп, қойқайтып фуражкамды басыма қондырып мектепке келейін. Әдеттегі у-шу, үйреншікті абыр-дабыр, бес қыз, он екі ұл, біреуі 1948 жылғы, біреуі 49-50, енді біреулеріміз 50-51 жылғы туылған, соғыстан кейінгі «свежыйлармыз», екеуінен басқасында, әйтеуір, әке бар... Сайди, Керімбай мен Ұлтуған төменгі класта қалып қойған, біраз азайып қалыппыз. Қоңырау соғылып, класқа тәтейіміз, ол кісіге ілесе мектеп директоры Жылқыайдар Сайранов ағай кірді, екеуі де ашулы, екеуі де тым сұсты. «Отырыңдар!» – деді, – отырдық, – бірнеше фамилияны атап, тақта алдына шығарды, шықтық, ең кемі жеті-сегізіміз тұрмыз, ішінде үш Мұрат – Қалидың Мұраты, мен Нақатайдың Мұраты және Мұратбек тәтейіміздің ұлы.

– Қайсың ұрладың?- болды директордың алғашқы сұрағы. Өзі денелі, жалпақ кісі, ашудан қып-қызыл боп кеткен, – Қане, айтыңдар? Кім алды?

Кім алды, нені алды, түкке түсінбей көзіміз жыпылықтап біз тұрмыз. О заманда жалпы мұғалім атаулыдан қорқатын байғұстармыз, директор зіркілдегенде бұтымызға жіберіп қоя жаздап әрең тұрмыз.

– Сен алдың ба, сен алдың ба?-деп жағалай сұрап келе жатқан ағай менің тұсыма келгенде тоқтай қалды. Мол денесімен кластағы бойы ең аласа мені таптап кетердей төніп келді де қолындағы қара құлыппен басымнан періп кеп жіберді, жарға соғылған жарқанаттай жалп ете түстім. Көзімді ашсам жанымда доғдыр әкеміз Иван Васильевич Довганюк пен тәтейіміз тұр. Басым көтертпейді, солқылдап барады, пора-пора жас көзімде, қор-қорс етіп жылап мен жатырмын. «Нақатайчик, қалай голова болит?» дейді қолында біздей ұзын шприці бар Валя шешем, доғдыр әкейдің келіншегі. Со күні мен үшін сабақ болған жоқ, болған істі мен де әке-шешеме айтқам жоқ, келдім де кеспемді ішіп жатып қалдым.

Ертесіне мектепке келейін. Аздап жүрексінгенім болмаса басым басылған жағым да ауырмайды. Қоңырау соғылды. Тәтейіміз келді, ілесе директор енді. «Тұр Тойғанбаев!» – тұрдым,- «Кітаптар қайда?» кешегі жеген таяғым бар, қорыққанымнан үнім шықсайшы, түкке түсінбей көзім жыпылықтап жылауға шақ қалдым, жылайын десем «қатынсың» деп балалар мазақтайды, жыламайын десем мұрным қорсылдап барады, сөзге тәтейім араласты; – «Кітапханадан кітап ұрладың ба?» «Қандай кітап?» деп міңгірлеймін, «Ештеңе ұрлағам жоқ»,- «Ендеше кім ұрлады? Айт жаныңның барында!» – директор ағай төніп келеді, шыдамадым, жылап қоя бердім, «Білмеймін, мен ұрлағам жоқпын...»

Сол күннен бастап сабаққа келсем болды, мен бастаған бес-алты баланы «Кітаптарды тауып келіңдер!» – деп шығарып жіберетін болды. Сөйтсек, колхоздың кітапханасының бала ғана сиятындай көзін сындырып кірген біреу (лер) бірталай дүниені қолды қылған сияқты. Кітап қоры онсыз да 300-400 дана болатын «конторға» ұры түскен соң бәрі аянбай іздеуге кіріскен ғой, сұрастырған: «Оқушылардан кім кітап оқиды?» Әпкеміз айтқан: «Мұрат келгіштеп кітап алып жүреді». «Ә, онда, сол-ақ алған ғой». Бәрі осыған тоқтайды, осылай ұйғарады, мені әу бастан кінәлі етіп келген, директор ағайдың ә дегеннен мені ұрып жібергені де сондықтан екен.

Бірақ мен жаратылысымнан қорқақпын, ұрлық жасамақ түгілі, түнде дәретке шығуға қорқамын, онымды кім біліп, кім түсініп жатыр. «Осы кітап оқиды, осы ұрлады!» Аяқасты ұры боп қалдым, аяқасты бәрі менен жиіркеніп, жеріп кеткендей, үйдегілерге айтуға анамнан қорқам, ашуланса аямай ұрып тастайды, «өртеймін» деп от ала жүгіруі де мүмкін. Жүрегім жылап, ішім мұздап, елдің бәрін, әсіресе директор ағайды жау көре жүре сентябрь де (қазіргі қыркүйек) аяқталды. Ел жаппай огородтарын жинай бастаған. О тұста огородқа егілетіні тек – ақ жүгері, сары жүгеріні әлі Америкадан Хрущев әкем әкеле қоймаған. Жүгері әрі астық, әрі жем, сабағы малға шөп. Тартылған жүгерінің наны тым тәтті, үгіліп тұрады, талқаны тағы бар, көпшілік сонымен күн көреді десе де болғандай, ара-тұра бидай да тартылып қалады, ол тек күзге қарай, колхоздың қамбасы толып, өкіметтің араны тойып болғанда ғана берілетін бір-екі дағара (қолдан тігілетін 100 килолық) қап, оған себепші болары – сол өзіміз салатын ақ жүгері, қала берді асқабақ, оны да тек суға пісіріп береді, манты-санты жасау деген жоқ, сірә, аналарымыз ол жағын білмесе керек, оның үстіне сол дөңкиген асқабақтар, қазір ойласам азықтық тұқымдар болар...

Огород  орылып біте шу шықты. Оны жеткізгендер Бақберген мен Нұрмұқан: «Кітаптарды Болат ұрлапты, солардың огородынан апасы тауып алыпты!» Өсек сөз, рас боп шықты. Тоғызақ шалдың кемпірі қатал, немересі Болатты алдына сап айдап келді. Сірә, бұл  кісі атайдың кейінгі кемпірі ғой деймін, өйткені, Болатқа тым суық (жер хабар бермесін) кісі еді. Болат сабақтан жиі қашатын, онша сабақ оқымайтын. Алуға (шешеннің баласы) ілесіп жүретін, жасырып темекі шегетіні де бар-ды со кезде. Бірақ өте жақсы бала еді. Сөйтсек Алуға ілесіп кітапхананы тонаған батыр болып шықты. Алу жасынан бұзық, Атамқұлдан велосипед ұрлайды, оған кітаптың керегі шамалы, бәрін Болаттың огородына жүгерінің арасына жинап тастаған. Бөкең де кітап оқиды екен сөйтсек... Өзі мойындады, «махорка» (ұсақ темекі) ораған кітаптарының орнын толтырды, әйтседе соққыдан да, сотталудан аман қалды.

Сентябрь бойы сергелдеңге түсіп, жылаған мен, сентябрь бойы қуылған мен бұған қатты қуандым. Бірақ біраз кісілерге өкпелеп және колхоздың кітапханасына жоламай кеттім. Және менен ешкім кешірім де сұраған жоқ. Содан бері де 60 жыл атқан оқтай, аққан судай боп өте шығыпты. Десе де сол кітапқа деген әуесқойлығым, қызығушылығым нан тауып жеуіме себепші болғаны рас, әрі кітапқұмарлығым әлі басыла қойған жоқ, аптасына екі кітап ақтармасам көңілім көншімейтіндей болам да тұрам... Ал өкпем әлі тарқаған жоқ екі кісіге деген, әлі қара қазандай... Дәл қазіргі уақытта мұғалім оқушысын «Кітапты неге ұрладың?» деп жазықсыз ұрып жіберсе, не болар еді деп ара-тұра ойлап та қоям.

Қазір ғой ұл-қыз, тіпті ересектердің өзі де сирек оқиды-ау деймін. Бала түгілі, біз қатарлы шал-кемпірдің үңіліп отырғаны – телефон, тыңдайтыны – интернет өсек. Бұлай бола берсе, етекке түскен біз ғана емес, өсіріп отырған ұл-қыз, немерелер емес, күні ертең дүние есігін ашар қазақ ұрпақтың, таза ұрпақтың обалына қалатын шығармыз. Тарихта жақсылық та, жамандық та ауысып отыратын шығар, адам ғұмыры оған дәлел. Өйткені, тарих – адам, адамзаттың өмірінен тұрады емес пе? Ал құрып жатқан қоғамымыздың дамуы – әрбір қоғам мүшесінің тазалығына, жауапкершілігіне, ең бастысы – біліміне, ой-өрісіне байланысты екені даусыз аксиома. Ал бұл аталған қасиеттер оқумен келеді десек, оның көзі – кітап екені дау тудырмаса керек. Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқан мына жолдар осындайда ойға орала береді екен:

«Түйсік болып, қансақ білім нәріне,

Жетер қолың ой-тілектің бәріне»

Рас-ау, білімді болсаң (ал бұл дегеніміз, кітап оқу деп ұғу керек) жауапкершілікті сезінесің, оны сезсең, елдің қамын, бастың арын ойлаған азамат болып өсесің-ау, бұл және дәл қазіргі үлкен-кішімізге, әкім-қаралардың санасына жетіп жатса, жақсы-ақ болар еді. Мүмкін, сонда ғана пыш-пыш қысыр сөзден құтылып, өркениетті елдер қатарынан көрінер мемлекет, әділетті қоғам құрылатын шығар. Ләйім, ұрпағымыз, соған жетсін деп тілейік. Ал әзірше...

Телефонды таста, балам!

Кітап оқы...дегім келеді.

 

Мұрат Нақатаев, зейнеткер.

Кітап – білім бұлағы... – деген заманда өстік. Алған білімнің белгілі бір мөлшерін өміріміздің қилы жолдарында пайдаландық. Адами қасиеттерге кітап арқылы да тәрбиелендік. Бірақ, сол біздің ұрпақтың үлесіне тиген заманда кітап деген өте қат болатын. Әсіресе, қазақ әдебиеті аз басылып, кітапқұмар қауымға жетпей жататын дәуір еді ол.

Тұманбай ақын Молдағалиевтың алпысқа толған мерейтойының қарсаңында автограф қойдыру мақсатында ақынның кітаптарын іздедік. Ешбір кітап дүкендерінен таппай Есік қаласындағы бір дүкеннің қоймасының бір бұрышында шаң басып жатқан ақынның үш томдығының жүздеген томдарына тап болдық. Бұл деген Кеңес заманындағы кітапқа немқұрайлықпен қарау ғана емес, ұлттық әдебиеттің аяғына «тұсау» салып, «ұлы» деп аталған ұлттың шығармаларына жол ашу болғаны шындық.

Ал Тәуелсіздік туы тігіліп, өз саясатымызды, әдебиетімізді, мәдениетімізді қолымызға алған кезеңде өкінішке қарай сол кеңестік дәуірдің бір позитивті дәстүрін – кітапқұмарлықты ұстап қала алмадық. Оның бір себебі, өтпелі кезеңнің экономикалық қиындықтары болса, екінші, меніңше басты себебі –техникалық прогресстің жедел басып өмірге кіруі деп түсіну керек. Бар-жоғы бір-екі онжылдық ішінде ғаламтор бүкіл әлемдегі секілді елімізді өз торымен шырмап алды. Ал сол ғаламтор – интернетке үш-төрт жастағы сәбиден бастап, еңкейген қарияларға дейін кез-келген жерде кез-келген уақытта кіріп ақпарат ала да алады, алмаса да алады. Бүгінгі кезеңді қысқа да нұсқа хабар ақпараттар, қазіргі тілмен айтқанда посттар дәуірі деп атауға да болады. Жоғарыдағы менің әріптесім Мұрат Нақатаевтың кітап туралы басынан өткен оқиғалар мен пікірін қолдай отырып, телефонға, яғни гаджеттерге тосқауыл қоя алмайтынымызды мойындауымыз керек. Тек сол техпрогресс жаңалықтарын ақылмен қолдана отырып, өткен өміріміздегі рухани байланысымыз – кітапты да биікте ұстап, білімде әдебиет пен мәдениетте де орнын аласартпауға ден қоя білуіміз керек.

Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» шығармасында жаңа жаһандық үдерістер ешкімнен сұрамай-ақ бірден төрімізге озды. Сондықтан заманға сәйкес жаңғыра отырып, ұлттық құндылықтарамызды сақтау қажеттігін ескерткен болатын. Кітап – тек бір ұлттың ғана емес бүкіл адамзаттың мәдени байлығы.

Х.Ахметжанов

Сейсенбі, 03 Қыркүйек 2019 10:56

Алатау Аткинсон о своих предках

В рамках программной статьи Лидера нации «Рухани жаңғыру» в Талдыкоргане состоялась презентация книги британского писателя и исследователя Джона Масси Стюарта «Томас, Люси и Алатау: Приключения Аткинсонов в Сибири и казахской степи».

История повествует о путешествии известного архитектора,  путешественника, художника, первого британца, посетившего Казахстан -  Томаса Витлама Аткинсона и его семье.  Впервые Томас Аткинсон посетил Казахстан в 1844 году. Он совершил путешествие через Урал к Алтаю. В этом нелегком пути художника и исследователя сопровождала супруга Люси. Через год они достигли подножья Алатау. Именно в этой местности появился на свет их сын – Алатау Тамшыбулак Аткинсон, чьи потомки спустя полтора столетия решили посетить малую родину своего прадеда и земли, где путешествовали их знаменитые предки. Мальчика назвали в честь горной цепи Джунгарского Алатау и живительного источника Тамшыбулак, на территории которого Аткинсоны находились в период появления чада.

«Изучением путешествия Аткинсонов я занимался на протяжении 20 лет. В книге подробно описаны особенности культуры местного населения.  И представлены иллюстрации, большинство из которых были нарисованы вручную Томасом Аткинсоном. Томас рисовал красивые пейзажи и вел подробный дневник, в котором описывал быт и культуру местного народа. Это лишь первая часть книги, в планах выпустить вторую часть этой увлекательной истории», - рассказал    автор книги, Джон Масси Стюарт.

Интересный факт, потомка Алатау Тамшыбулак Аткинсона назвали в честь великого предка,  родившегося  в Казахстане.

К слову, книги были изданы в прошлом году в Великобритании.

Джон Масси Стюарт, писатель, лектор, фотограф, эколог. Он был одним из основателей Лондонской инициативы по охране окружающей среды в России, специальным советником Палаты общин по экологическим  исследованиям и делегатом на расширенном семинаре НАТО по экотуризму на озере Байкал в Сибири.

Встреча с жетысусцами и презентация книги прошла увлекательно и продуктивно. Аудитория и журналисты тепло встретили гостей. Автор рассказал о процессе создания книги и  о жизни путешественников.

Мероприятие состоялось при поддержке Управления внутренней политики Алматинской области.

«В рамках реализации программы «Рухани жаңгыру» в Жетысу  состоялась презентация книги британского писателя , написавшего книгу про путешествие Томаса Аткинсона и его жены Люси на территории Алматинской области. Книга была издана на собственные средства   Джона Масси Стюарта. Думаю, в последующем история будет вызывать большой интерес у молодежи и англоязычной публики.  Мы надеемся после презентации книги перевести ее на казахский и русский  языки. И пропагандировать внутренний туризм на мировой арене», – поделился руководитель управления внутренней политики Алматинской области Рустам Алпысбаев.

Автор приехал вместе со своей дочерью Джулией, которая является талантливым фотографом и видеографом. Стало известно, что гости пробудут в Жетысу три дня и посетят музеи и родник  Тамшыбулак в  поселке Капал.

Отметим, это уже вторая книга, написанная о путешественниках Аткинсонах.  Британский журналист Ник Филдинг в 2015 году выпустил книгу «На юг в Великую Степь: Путешествия Томаса и Люси Аткинсон в Восточный Казахстан».

 

Соб.инф.

Дүйсенбі, 02 Қыркүйек 2019 10:39

Жас талант Аяланың шығармашылығынан

Бастауышпен қоштасу

Біз мектеп табалдырығын аттағалы да зулап төрт жыл өте шығыпты. Ең алғаш мектепке келгенім, өз сыныбыма қалай кіргенім, қымсына келіп партаға қалай отырғаным, бəрі көрген түстей есімде. Апайымыз бізге өзін таныстырып жатып, əрқайсымызға ойлы көзбен қарағаны да есімнен кетпейді.

Балалықтың қызығымен шуласып жүріп төрт жылдың қалай өтіп кеткенін де байқамай қалыппыз.  Енді,  міне ересектер қатарына да ілініп қалдық. Мектебімізге, сынып жетекшімізге алғысымыз шексіз. Мұғалімнің зор еңбегінің арқасында əріп танып, өз бетімізше едәуір шығарма жаза алатындай дәрежеге жеттік. Бұдан былай сабағымызды жақсы оқып, мектебімізді үздік бітіруге барынша аянбай кірісетін боламыз. Болашақта білікті маман болып, еліміздің бақытты келешегі үшін өз үлесімізді қоссақ дейміз.

***

Азаттық рухы – «Алтын адам»

Сонау өткен замандардан

Атам қазақ болғалы,

Толы небір шежіреге

Туған жердің қойнауы.

 

Өтті бастан аласапыран

Талай қанды шайқастар,

Құрбан болған талай батыр,

Жауды көрсе ойқастар.

 

Небір əділ билер өткен,

Қара қылды қақ жарған.

Небір дүлдүл шешендерде

Қысылғанда топ жарған.

 

Көк тіреген тауларындай

Арманы да тым асқақ

Қайыспаған жүрсе дағы,

Қар жамылып, мұз жастап.

 

Жері қандай шексіз болса,

Пейілі де ақ жарқын.

Қандай нəубет болса дағы

Қорғай білген өз халқын.

 

Тойын тойлап, жырын жырлап, 

Бастырмаған кеудесін.

Сақтық үшін сыртқы жаудан

Босатпаған кермесін.

 

Бар əлемге мəшһүр болған,

Қазағымның ерлігі.

Тәуелсіздік алғанымыз,

Қайсар мінез өрлігі.

 

Тарихымыз бастау алған,

Сонау көне заманнан.

Соған дәлел "Алтын адам"

Жаһанға аты таралған.

Тапқан кезде біздің жерден,

Алғаш алтын адамды.

Елең етіп, қызықтырған,

Дүр сілкінтіп ғаламды. 

 

Бұл қазақтың тарихына,

Тартқан сыйы дәуірдің.

Көзайымы - мақтанышы,

Барлық қазақ бауырдың.

 

Ашылмаған жұмбағы көп

Ғасырлардан сыр тартқын.

" Алтын адам" асыл мұра

Мақтанышы ұрпақтың!.

 

Əйел ме ?Ол ер адам ба?

Жас па? Əлде егде ме?

Қайдан келген? Қай ғасырда?

Елге сіңген кезбе ме?

 

Патша ма? Қас батыр ма?

Елі үшін баз кешкен,

Ділмар ма, əлде би-болыс па?

Əділ шешім нақ кескен. 

 

Осы жағын дəл анықтау,

Ғылымға зор, қайыр сын.

Ақ-қарасын түйіндеуін

Тек мамандар айырсын.

 

Тәуелсіздік мерейіміз,

Мәңгі бақтың қонғаны.

Шаттығымыз, бақ күніміз,

Артып орта толғаны.

 

Ырыс-нəсіп тасый берсін,

Байлығымыз сарқылмай. 

Əр күніміз берекелі, 

Жарқырасын алтындай!

***

Анашым

Асыл анам қорғаушым да тірегім,

Пəк көңілмен мақтан етіп жүремін

Əрбір ісің маған үлгі өнеге,

Сен бар жерде еркін ойнап, күлемін.

 

Өзің баптап балапандай түледім,

Тек сенімен бақытты өмір сүремін

Мейіріммен еркелетсең шаттанам

Лүпіл қағып балалық жас жүрегім.

 

Күндей шалқып, шұғылаңды төге бер,

Жан анашым саған жан жоқ теңелер

Сенің жайлы құшағыңды аялы

Жаным гүлдеп рахатқа бөленер.   

 

Жүре берші жабырқамай күлімдеп,

Бар тіршілік ана алдында жүгінбек

Бақыттымын, алаңсызбын, еркінмін!

Өзің барда еркелетер күнім деп.

 

Тынбай алға бастап өмір желісі,

Ақыл, сана, ұшқыр ойдың кеніші

Менің əрбір жетістігім өзге емес,

Анам сенің еңбегіңнің жемісі!

Алтын ұя мектебім

Мектебім əлпештеген, аялаған,   

Өнері мен білімін аямаған.

Төрт жыл бойы балалық еркелікпен,

Мейірімді құшағыңды саялағам.

 

Білімнің өр жолында қанат қағып,

Аянбай құштарлықпен талаптанып. 

Алтын ұя мектебім құшағыңнан,

Ұшармыз қарлығаштай қанаттанып.

 

Аяла АБДРАХМАНОВА.

Шелек ауылы,

№1 орта мектебінің

7 «Ә» сынып оқушысы.

Дүйсенбі, 02 Қыркүйек 2019 10:37

Ата Заң – наследие предков

Правовые уложения и нормы  казахского народа имеют давнюю историю. На протяжении веков в самосознании многих поколений под влиянием военного и кочевого быта складывалась система родоплеменной и военной организации, которую возглавлял хан.

Правитель выполнял роль мудрого главы государства,  благодетеля и защитника своего народа, должен был уметь искусно сочетать милосердие,  справедливость и наказание. Хан и его военно-аристократическое окружение –  один полюс политического союза, а другим полюсом был народ, который должен был подчиняться воле хана и cоблюдать  законы, нормы, традиции, установленные в государстве. Взаимоотношения между людьми общины, племени, рода носили обязательный характер для всех – быть отзывчивыми, добрыми, справедливыми, человечными и терпимыми. Эти императивы были жизненным кредо для Великой степи. Право основывалось на морали и соблюдение этических норм было обязательным.

Эта идея наиболее четко нашла свое отражение в труде мыслителя ХI века  Жусупа Баласагуни (Юсуфа Баласагунского) «Кутадгу билик» или  «Құтты білік» («Благодатное знание»). Трактат «Кутадгу билик» написан на тюркском языке и представляет собой правовую энциклопедию тех времен. Философ и правовед Жусуп Баласагуни, живший в эпоху Караханидов, указывал на необходимость Основного закона, как идеала единства. Этот закон должен быть понятным и доступным каждому – от хана до простолюдина.

Большое место в сочинении Жусупа Баласагуни отводится вопросам управления государством, общественным нормам и законам. Основу государства, по его мнению, составляет союз народа, богатства и армии.

Наставления мыслителя посвящены любому представителю сословий – от ремесленника до правителя, который должен знать  нравственные  добродетели и пороки, влияющие на поведение граждан.

История права независимого Казахстана берет начало в ХV веке, когда на территории юга Казахстана образовалось Казахское ханство. Постепенно в  его состав вошли территории трех казахских жузов и начался процесс консолидации казахских родов в единую государственную и этническую общность.

В  степном праве ханского периода известно три законодательных памятника: «Касым ханның қасқа жолы» («Светлый путь Касым хана»), «Есім ханның ескі жолы» («Древняя дорога хана Есима») и  «Тәуке ханның «Жеті Жарғысы» («Семь уложений Тауке-хана»). 

 В казахском обществе того времени основной формой права являлся правовой или санкционированный обычай.  Основным юридическим актом, где были сосредоточены правовые обычаи, являлся «Жеті Жарғы» хана Тауке (1680-1718), сына Жангир-хана. Впервые ханом Тауке был утвержден писаный свод законов Казахской степи. В составлении «Жеті Жарғы»  участвовали представители всех трех казахских жузов и его правовые нормы действовали в пределах всего Казахского ханства. В «Жеті Жарғы» вошли постановления, вызванные потребностями политической и социальной жизни казахского общества ХVII века. Он включал в себя   земельный, семейно-брачный, военный, уголовный законы, положение о судебном процессе, закон о кунах, закон о вдовах и регламентировал все стороны социально-экономической и политической  жизни Казахского ханства. Кроме «Жеті Жарғы» продолжал использоваться в качестве источника права и «Кодекс Касыма».

Важное место в правовой системе занимал суд биев, как предводителей родов и племен. В казахском праве  существовал целый пласт принципов и норм, которые прочно вошли в правосознание народа и содержание его  менталитета. Еще в конце XVII века Аз Тауке, Толе би, Казбек би, Айтеке би создали  устный кодекс судебной власти.

Положения съездов биев «Ереже» и «Билер сөзi» содержали сведения о практике суда биев – судебном преценденте. Судопроизводство было основано на традиционном праве – адате и мусульманском праве – шариате. Особо сложные дела рассматривались съездом биев. В разбирательстве некоторых дел принимали участие султаны и хан.

В период первой российской революции 1905-1907 годов начало формироваться движение  лидеров будущей партии «Алаш» по восстановлению национальной государственности. Носителями идеи национального освобождения, пробуждения национального самосознания казахского народа выступала национальная демократическая интеллигенция во главе с Алиханом Букейхановым, а так же с его сподвижниками, которые составляли основу алашского движения (А. Байтурсынов, М. Дулатов, А. Ермеков, Ж. и Х. Досмухамедовы, Ж. Аркаев и многие другие). В июне 1911 года был разработан проект Конституции будущей автономной республики под названием «Устав страны Казахов». Документ появился на свет в результате совместной работы  выдающихся казахских деятелей Алихана Букейхана и Барлыбека Сырттанулы.

С приходом революции в России в 1917 году начинается очередной период борьбы за возвращение казахской государственности. В июле 1917 года в Оренбурге состоялся первый Всеказахский съезд, на котором рассматривались вопросы государственного управления: всеобщего избирательного права, свободы слова, печати, союзов, неприкосновенности личности, изменения аграрной политики в пользу казахов. Было принято решение об организации национальной партии, 5 октября 1917 года она получила название «Алаш». Представители либерально-демократического течения казахской интеллигенции А.Букейханов, А.Байтурсынов, М.Дулатов выдвинули идею формирования национально-территориальной автономии. В декабре 1917 г. ІІ Общеказахстанский съезд в Оренбурге постановил: образовать территориально-национальную автономию Алаш Орда, в которую вошли территории с господствующим населением коренного происхождения, с единой культурой, историей и  языком.

Постановлением ІІІ Всеказахского курултая была образована Автономия Алаш под эгидой Алаш Орды –  высшего государственного исполнительного органа Автономии.  Временный Всеказахский совет Автономии был сформирован  как правительство. Этот период является началом новейшей истории казахского народа и его государства. Хотя декабрю 1919 г. Алаш-Орда с приходом советской власти была упразднена, но  сохранение исторических казахских областей продолжалось и при советском режиме.

26 августа 1920 года Автономная парламентская республика Алаш была преобразована в Казахскую (Киргизскую) Автономную Советскую Социалистическую Республику. Казахская АССР и образованная в 1936 году  Казахская ССР современными правоведами рассматриваются как   правопреемники Автономии Алаш, которая объединила казахские земли, а в 1991 году объявила о своей независимости.

Воля казахского народа к независимости, поддержанная всеми народами Казахстана, выражена еще в  «Декларации о государственном суверенитете», провозглашенной 25 октября 1990 года. Эта воля окончательно была утверждена первым правовым документом новорожденного  государства –  Конституционным законом “О государственной незвисимости Республики Казахстан”,  принятом Верховным Советом РК 16 декабря 1991 года. В тот знаменательный день наша древняя страна вступила в современный  исторический этап на пути возвращенного суверенитета.

 

Подготовил

И.ТУРАНИН.

Дүйсенбі, 02 Қыркүйек 2019 10:31

Байлық – еңбекте

Адамды адам еткен – еңбек. Иә, Жер әлемдегі барша адамзатты бір-бірінен ерекшелеп, екшеп тұрған да осы еңбек пен білім. Сондықтан, кез-келген уақытта нағыз еңбек адамы жоғары бағалана бермек. Бұл  турасында Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық еңбегінде жан-жақты айтып өткен болатын.

Бүгінгі таңда елімізде екі қолына бір күрек ұстағысы келген адамға барлық жағдай жасалған. Жеке бизнесін ашқысы келгендерге мемлекеттен көмектер, құжат мәселесінің оңтайлануы, қайта оқыту және жеңілдетулген несие мен субсидиялар. Қысқасы, еңбек етем деушілерге барлық жол ашық. Бірақ, қазіргі қоғамда нағыз еңбеккерлердің мәртебесі төмен, оларға тиісті құрмет көрсетілмейді. Бүгінде жарты ғасырлап өзінің сүйікті ісімен айналысып, кәсібінің нағыз маманы болған азаматтарға өз дәрежесінде құрмет көрсетіле бермейді. Соның салдары болар, жастардың басым көпшілігі жаны қалаған жұмыспен емес, табысы мол мамандықпен айналысады. Бұл мәселені Елбасының аталмыш еңбегі жарияланғаннан кейін белгілі ақын Аманхан Әлім көтерген еді: «Еңбек адамы бір кездері, яғни, Кеңестер кезеңінде ең жоғарғы тап дейміз бе, топ дейміз бе, әлде бір ұжымның жиынтығы дейміз бе, қалай дегенде де, ең бас-ты назардағы адамдар болған. Еңбек адамы өзіміздің Ыбырайым Жақаевтан бастап, кешегі Жазылбек Қуанышбаев, Кәмшат Дөненбаеваның Кеңес кезеңінде еңбектерінің көрінуі. Олардың еңбектерінің бағаланғандығы. «Социалистік Еңбек ері» деген атақты бір рет қана алып қоймай, оның екеуін, үшеуін қатар алып жатуы, сол еңбек адамдарының қадір-қасиетінің мықты екендігін көрсеткен еді. Қазір шынымды айтайын, еңбек адамдары солай бағаланып жатыр дегенге, онша сене қоймаймын да. Және керемет құрметтеліп жатыр дегенді де көрген жоқпын» – деген ақын еңбек майталмандарына деген құрметті жоғалтып алғандығымызды айт-қан еді. Сол кездегі «Айқын» газетінің бас редакторы, қазіргі ҚР Парламент Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп те еңбекті бағалау керек деген еді. Оның сөзінше, өз саласында үлкен жетістікке жеткен кез-келген білікті маман олимпиада чемпионынан еш кем емес. Сондықтан, жыл сайын аталған азаматтар іріктеліп, оларға да үлкен құрмет көрсетілу керек. Елбасының да мақсаты осы еді, жалпыға ортақ еңбек қоғамын құрып, әлеуметтік ортадағы еңбек адамының мәртебесін арттыру. Бұл тұста елімізде еңбек ерлеріне құрмет көрсетілмейді деген сөз қисынсыз әрине. Тәуелсіз Қазақстанда «Еңбек ері» деген атақ бар. Алайда, сол мәртебеге ие болған адамдарды көпшілікке үлгі етіп көрсету жағы ақсап тұр. Осыған ұқсас «100 жаңа есім» жобасының да аты басқа болғанымен, мақсаты бір.

Кеңес заманында ауданымыздан жүздеген «Социалистік еңбек ерлері» шыққан. Негізінен ауыл шаруашылығы бағытында дамыған алып ауданның майталмандары аталған салада үздіктердің қатарынан көрінген. Бүгінгі таңда да аудан экономикасының негізгі тірегі – ауыл шаруашылығы. Тиісінше, бұл салада үлкен жетістіктерге жетіп, қазіргі жастарға өнеге болатын азаматтар жетерлік. Осындай жандардың бірі Талғат Алдажаров Бартоғай ауылдық округінде шаруасын дөңгелетуде.

Талғат Алдажаров

Өзі І топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат болса да, шексіз мүмкіндігі бар қаншама жанға үлгі бола алады. Талғат Алдажаров 2006 жылы «Саин» шаруа қожалығын құрып, ауыл шаруашылығымен айналыса бастаған. Бүгінде қожалық 325 гектар жерді игеріп, 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. 200 гектарға майбұршақ сеуіп, 100 гектарына жүгері өсіруде. Қалған 25 гектарында алма бағы жайқалып тұр. Сонымен қатар, сыйымдылығы 2 мың тонна болатын дән сақтау қоймасын салған. Округ әкімі Талғат Өмірбековтің айтуынша, ол округтегі түрлі қайырымдылық шараларына белсене атсалысып, мұқтаж жандарға әрдайым қол ұшын созып отырады. Агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына үлес қосқан Талғат Саинұлының ерен еңбегі еленіп, аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталған.

Бұл – тек бір мысал ғана. Аудан аумағында мыңдаған шәкірт тәрбиелеп, қанаттандырған ұлағатты ұстаздар бар. Жүздеген адамның өміріне араша түсіп, саулықтың сақшысы болып жүрген ақ халатты абзал жандар жеткілікті. Өңіріміздің дамуына аянбай үлес қосқан тәжірибелі мемлекеттік қызметкерлер де жоқ емес. Осылардың барлығы Кеңес үкіметі тұсындағы «Социалистік Еңбек ерлерінің» заманауи нұсқалары десек артық айтқандық емес.

«Біздің жастар елеспен өмір сүрмеуге тиіс. Қазақстаннан тыс жерде жұмақ жоқ. Еш жерде, әлемнің ешбір елінде бәріне бірден ие болу мүмкін емес. Туған Қазақстанда еңбек етіп, өз әлеуеттерін жүзеге асырулары қажет. Ол үшін мемлекет барлық жағдайлар жасауда одан әрі де жасай беретін болады. Қазақстандық жастардың кең көлемін техникалық және кәсіптік білім алуға және индус-трияландыру бағдарламасына қатысуға ынталандыру мен тартудың шараларын әзірлеу маңызды» – деген Елбасы Н.Назарбаев еліміздегі жастардың сапалы білім алып, тұрақты жұмысқа орналасуына толыққанды жағдай жасады. Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құрды. Қазір «алма піс, аузыма түс» деп, біреуге қол жаятын заман емес. Сондықтан, жастарды еңбекқорлыққа, адалдыққа қарай жетелеп, мемлекет берген зор мүмкіндікті оңтайлы пайдалану керек. 

 

Сардарбек НҰРАДИН.

Дүйсенбі, 02 Қыркүйек 2019 10:14

Келешекке – кемел біліммен

Кешегі Шортанбай айтқан «Зар заман, зар заман, зарлап өткен бір заман» келмеске кетті. Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, баһадүр бабаларымыз бағындырды жер мен көкті, ерлігіне әлем бас иіп, атан түйе шөкті. Бұл өткеннің өрнегі. Ендігі заман білімнің бәсекесі. Ақылы жеткенге қолы, көзі шалғанға жолы түссін десеңіз, сананы сілку ләзім...

Хош, сонымен «Келешекке – кемел біліммен» тақырыбында өткен биылғы  дәстүрлі тамыз кеңесі    цифрлы технологиялардың тоғысқан орнына айналған іспетті. Аудандық мәдениет үйіне кіре-берістен ұзын-сонар заманауи үлгідегі көрме қойылған. Әрбірі өз алдына бір материал боларлық дүниені таныстырды аудан әкімі Бинәлі Ысқаққа. Бәр-бәрі небәрі бір жылда жеткен жетістіктер. ІТ технологиялар арқылы қол жеткізілген роботтардың өзі түрлі тәсілдерді көрсетіп жатыр көпшілікке. Көресің, мектеп оқушыларының осындай тың дүниелерге түрен салғанына риза боласың. Мұның бәрі тәуелсіздіктің тартуы, Елбасы жүргізген сарабдал саясаттың көрінісі. Сонымен аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаев көрмелерді толық аралады. Педагогтар қауымы осындай мүмкіндіктер туғызып отырған аудан басшысына алғыстарын да жаудырып жатты. Не керек, «Білім саласы бір жылдың ішінде біраз биікке көтеріліпті. Осындай заманауи технологияларды ойлап тауып жатқан жастарды үздіксіз қолдау керек. Оларға барлық жағдай жасау – мына біздің мойнымызда» деп оң көзқарас білдірді Бинәлі Әбдіқапасұлы.

Елордада өткен дәстүрлі тамыз конференциясына Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуының өзі ұлағат иелерінің мәртебесін еселеп арттырғаны ақиқат. Онда Президент алда атқарылар жұмыстарды бағамдап берді. Сол секілді тамыз конференциясында алғаш мінберге көтерілген аудандық білім бөлімінің басшысы Бәтес Аманова өткенді таразылап, болашаққа жоба-жоспарды жүйелеп жеткізді.

Тәрбие бастауы – балабақша. Бұл тұрғыда ауданда мектепке дейінгі тәрбиемен 99,1               пайыз бүлдіршіндер қамтылған. Демек, 100 балабақшаның 72-сі мемлекеттік-жекеменшік әріп-тестік жетістігі. Әйткенмен, онда да біраз түйткілдер тұрғандығын ашық айтты бөлім басшысы: – Бұл балабақшалардың дені Есік қа-ласында және қала маңайындағы ауылдық жерлерде ашылуда. Әлеуметтік жағдайларға байланысты балабақша ашу ісіндегі дисбалансжұмыспен қамту және миграцияға байланысты сақталмай отыр. Әлеуметтік жағдайларды шешу мақсатында барлық балабақшаларға көпбалалы және аз қамтылған отбасы балалары үшін ата-ана жарнасын жергілікті бюджет есебінен төлеу құжаттар дайындалуда. Сонымен қатар,жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында  стандарттық білім беру деңгейі ақсап тұр десем артық айтқандық болмас. Кейбір балабақшаларда бала аман, қарны тоқ болса деген тоқмейілсу баршылық. Кейде жекеменшік балабақша ашу – сапалы білім мен тәрбие  көзі ме, әлде бизнес көзі ме? деген ой туады. Сондықтан жекеменшік балабақша меңгерушілерінен «жауырдан жаба тоқуды» қойып, баланың қалыптасуына негіз болатын оқыту мен тәрбиеге басты назар аударуларын талап етемін.

Көрмеде көрсетілгендей, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама беру де толық автоматтандырылған. Осы арқылы ата-ана өтініштерін электронды жолдау арқылы оның жолдамасын өзі алуға құқылы. Бұдан өзге ерекше қамқорлықты қажет ететін бүлдіршіндер үшін де инклюзивті білім беру топтары ашылуда.

Бәтес Аманова білім бөлімінің бір жылдық жұмыс нәтижесімен таныстыруда

Жаңа оқу жылының басты жаңалықтарының бірі – 10 сынып оқушылары жаңа типтік оқу бағдарламасымен тәлім алады. Сол секілді 12 жылдық білім беру бойынша 5-5-2 модуліне көшу де басталды. Яғни, 0-5 бастауыш, 6-10 орта білім және 11-12 сыныптар профильдік білім беру. Демек, соңғы екі жылда түлектер арнайы кәсіптік білім алып шығуға дағдыланады. Осыған сәйкес балалар енді 6 сыныптан білім алуға міндетті.

Жаңа оқу жылының тағы бір жаңалығы – «Жеңіл портфель» жобасының іске асуы. Енді оқушылар кітаптарын мектеп қабырғасында қалдырып, үйде электронды кітап нұсқасымен тапсырма орындауға құқылы. Әлбетте, бұл ата-ананың қалауымен жүзеге асады. «Бизнес және кәсіпкерлік негіздері», «Графика және дизайн», «Алғашқы әскери технологиялық дайындық» пәндерінің енгізілуі де осы оқу жылының жаңалығы.

Оқу – аса күрделі құбылыс. Ол үшін тынбай іздену, тыңғылықты үйрену қажет. Бұл ретте барлық үміт – Ұстаз мойнындағы міндетте. Осындай міндет межесінен көрінген білім ордалары да айшықтап аталды:

– Бәсекеге қабілетті, заман көшінен қалмайтын Рахат №1, Шелек №1, И.Шор-манов атындағы, Абылай хан атындағы, Әл-Фараби атындағы,  Т.Қабылов атын-дағы, Көктөбе, Бөлек батыр атындағы, В.Терешкова атындағы, Қ.Орынбетов атын-дағы, Д.Қонаев атындағы, Т.Рысқұлов атындағы, Х.Бижа-нов атындағы орта мектептері мен «Байтерек», «Айжан», «Айгөлек», «Келешек», «Үміт», «Болашақ-2007», «Алтын-ай» балабақшаларының ұстаздары шеберліктерін шыңдап, түрлі облыстық, республикалық байқауларда жүлделі орындарды иеленуде.

Мұғалімдердің шығармашылық деңгейін көтеретін байқаулардан әр жыл сайын қатысып жүлделі орындарды иелену  көрсеткіші артуда.

Облыстық білім басқарма-сының тарапынан өтетін «Жыл-дың үздік ауыл мектебі-2019» байқауына қатысқан Шелек №1 орта мектебінің ұжымы І орын, облыстық «Жылдың үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауында Шелек №1 орта мектебінің мұғалімі ІІ орын, «Жылдың үздік балабақшасы» байқауында «Бәйтерек» балабақшасы 1- орын иеленді.

Осындай ұстаздардан тәлім-тәрбие алған оқушыларымыз да  өз білімдерін, қабілеттерін облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми жобаларда сынға салып, жетістіктерге қол жеткізуде. Атап айтар болсам, ғылым негіздері бойынша пән олимпиадасында – 50 оқушымыз, облыстық  «Дарын» ғылыми жобасынан – 20 оқушымыз, облыстық «Зерде» шығармашылық байқауынан 7 оқушы жүлделі, республикалық олимпиададан 0 – 6, халықаралық олимпиададан 2 оқушымыз жүлделі  орынға ие болды, – деді Бәтес Маратқызы.

Білім сапасы да көңіл қуантарлық. Үлгерім – 100 пайыз, сапа – 64,7 пайыз.. өткен жылмен салыстырғанда (63,2 пайыз) 1,5 пайызға өскен. Биылғы жылы  1711 түлек орта мектепті бітірді.  Оның 106-сы «Алтын  белгі», 111-і «Үздік  аттестат»  иегерлері. Түлектеріміздің 52 пайызы жоғарғы, арнаулы орта оқу орындарына грантқа түскен.

Әйткенмен бұ-ған да сын көзбен қараған Бәтес Аманова: – Алайда, сапа емес, санды қуып кеткен жоқпыз ба деген сауал көкейіңде тұрады. Қойған бағаларымыз қан-шалықты шынайы? Біз балалары-мыздың білім мен дағдысын ұштау арқылы білікті-ліктерін дамыту барысында шынайылықты естен шығар-мағанымыз абзал. Оқушылардың үлге-рімі – білім беру жүйесі жұмысының басты көрсеткіші.  Мектептегі  оқушылардың функционалдық сауаттылығының көрсеткіші 9 сынып оқушыларымен өткізілетін оқу жетістіктерін сырттай бағалау рәсіміне 9 мектеп қатысты.ОЖСБ қорытындысы бойынша орта буындағы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерінің дәлірек айтсам, функционалдық сауаттылық көрсет-кіштің төмендігі байқалады. Бұл дегеніміз – оқу жүйесінің тиімсіз ұйымдастырылуы, негізгі пәндердің сапасыз берілуінен болып отыр. Осы орайда  білім мекеме басшыларына мектепішілік бақылау мен басшылықты ұйым-дастырудың формасын өзгерту қажеттігін талап етемін. Сонымен қатар білім бөлімі тарапынанда білім мекемелерінде жүргізілетін бақылау тәсілдері өзгертіліп, тексеру әдістемелік көмек көрсетумен ұштастырып жүргі-зілетін болады, – деп ашып айтты. Жарыссөзге шыққандар істелген істің нәижесін көріп, марқайды. Ұсыныс-пікірлерін ортаға тілектерін жаудырды.

Б.ЫСҚАҚ жас мамандармен

Қазіргі таңда аудан бойынша білім саласына қарастырылған бюджет тағы да үш млрд теңгеге артып, 16 млрд теңгеге жеткен. Сәйкесінше,  бес жыл ішінде 9 жаңа мектеп, 2 балабақша, екі мектепке қосымша 300 орындық жапсаржайлар салынып, 12 білім ордасы күрделі жөндеуден өткен. Осынау ауқымды жұмыстарға жұмсалған қаржы көлемі 15 млрд теңге. Осы жылдың өзінде А.Байтұрсынов атындағы орта мектебіне 499 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізілуде.  Ж.Қайыпов атындағы, И.Шорма-нов атындағы, Екпінді, Төле би атындағы, Сарыбұлақ, Ақтоған, Қайрат, Казатком, Өрнек, Базаргелді мектептерінің бүгінгі таңда хәлі мүшкіл. Аталған оқу ошақтарына жаңа ғимарат салу жұмыстары 2020-2021 жылдары жүзеге асады деген жоспар бар. Осы турасында кеңінен әңгімелеген аудан басшысы:

Қазақстан Республикасы  білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында шағын жи-нақты мектептерді дамыту проблемасы басым бағыттардың бірі болып белгіленіп, ерекше көңіл бөлінген.  Ауданымызда 9 шағын жинақталған мектеп бар. Бұл мектептерде кадр тапшылығы өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан аудандық білім бөліміне  «Мобильді мұғалім» жобасын тәжірибеге енгізуді ұсынамын.

Білім саласын сапалы  материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету – білім саласын өркендетудің маңызды факторының бірі.

Аудан мектептерінің материалдық-техникалық базасы мемлекет қолдауының  арқасында жылдан-жылға  нығаюда.

Оқушылар туындысы

Биылғы жылы осы мақсатқа 274 млн 869 мың млн теңге бөлініп, ел игілігіне жаратылды. Мектебі жоқ 9 елді мекеннен оқушылар тасымалдап оқытылады. 84 мектептің 65-де (77,3%) ыстық тамақ ұйымдастырылған. Барлық мектептерде әлеуметтік қорғал-маған және аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар 100% тегін ыстық тамақпен қамтылған. Асханасы жоқ 9 мектепте буфеттік тамақтандыру ұйымдастырылған. Осы жылы 3179 көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың 1-4 сынып балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 71 млн. теңге қаржы бөлінді.

Жаһандық білім кеңістігіне кіру үшін маңызды тағы бір шара – цифрлық сандық жүйеге ену. Бұл бағытта да атқарған шараларымыз баршылық. Bilimland.kz сандық ресурсы 13 (16%) мектепке қолжетімді.

Кең жолақты интернетке 84 (100%) мектеп, «Күнделік» жүйесіне 80 (96%) мектеп қосылған.

«Мектепке электронды жазылу» жобасына ауданымыздағы 84 мектеп қосылды. Бұл шараға да қомақты қаржы бөлініп, игерілді.

Бүгінгі күні ауданымызда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға 41 арнайы маман (логопед, дефектолог) түзету сабақтарын жүргізуде. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды инклюзивтік біліммен қамту балабақшаларда – 4, мектептерде – 41 пайыз.Біз алдағы уақытта  арнайы мамандар штатын бөлу арқылы инклюзивтік біліммен қамту көрсеткішін арттыру және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жан-жақты қолдау көрсету жұмыстарын жалғастыратын боламыз.

Елбасы ұсынған «Ел үміті» атты екінші бастамасы жас таланттар мен көшбасшыларды қолдауға, оның ішінде  кіші қалалар мен ауыл балаларының әлеуетін ашуға арналып отыр. Қазіргі уақытта осы екі бастаманы жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Залдан көрініс

Осыған орай, Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі басшысы (Б.М.Амановаға), аудандық аурухананың бас дәрігері (Ж.Әбеуоваға), экономика және бюджеттік жоспарлау бөлім басшысы (Б.Мушаеваға), жастар ресурстык орталығының жетекшісі (А.Ілебаевқа) Елбасы ұсынған «Ел үміті» және «Қамқорлық» бастамаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жандандыруды тапсырамын.

Екінші,біз бірлесе күресіп, жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерін сіңіру бағытында аянбай еңбек етуіміз керек. Білім, ішкі саясат, жастар, полиция басқармасы, Есік қаласы және ауылдық округ әкімдеріне               жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың, суицидке бару-дың алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуді талап етемін, – деді.

Конференция қорытынды-сында аудан, облыс әкімдерінің Алғыс хат, Құрмет грамоталары, білім басқармасы мен аталмыш бөлім дипломдары таныстырылды. Айшықты айтарымыз, В.Терешкова атындағы мектеп директоры Әлия Жарықбасова «Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгіні» кеудесіне тақса, Рахат №1 орта мектеп директоры Бибігүл Букаева «Қазақстанның білім беру ісінің үздігі» атанды.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет