Мен, Қасымшалов Дулат Сарсенбекұлы, 1990 жылы 12 наурызда Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында дүниеге келдім. 2011 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдадым. Еңбек жолымды 2015 жылы Ақши ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші маманның міндетін атқарушы болып бастадым. Кейіннен Бәйтерек, Ават ауылдық округтерінің әкімдіктерінде бас маман, Еңбекшіқазақ аудандық персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінде бас маман қызметтерін атқардым. 2020 жылы Бәйтерек ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалдым. 2021 жылдан ағымдағы жылдың қаңтарына дейін Еңбекшіқазақ аудандық ұйымдастыру бөлімінің басшысы қызметінде болдым. Бүгінгі таңда аудан әкімінің бас инспекторымын.
Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары!
Малыбай ауылдық округінің барлық профильдік бағыттары бойынша әлеуметтік экономикалық дамуы, гүлденуі және де ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру мақсатында, жерлестерімнің алдында олардың бүгінгі жағдайы мен болашағына өзімнің зор жауапкершілігімді терең сезіне отырып, төмендегі сайлау алдындағы бағдарламамды ұсынамын.
Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:
– Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға ықпал ету үшін мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс жасап, шағын және орта бизнесті одан ары дамытуға атсалысуды басшылыққа алуды;
– Ауылдық округтегі елді мекендерді көріктендіру мен абаттандыруды одан ары жалғастыруды және тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету, көшелерді жарықтандыру, кішігірім архитектуралық нысандар мен қоршауларды, спорт алаңдарын жайластыру, жолдарды жөндеу, жеке үй телімдерін салу үшін жер учаскелерін бөлу және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүзеге асыру, шаруа қожалықтарын және жеке қосалқы шаруашылықтарды дамытуды;
– Саламатты өмір салтын насихаттауда ауылдағы жастар саясатының тиімді моделі – ауылдық округтегі елді мекендер бойынша өркендетудің құралы – мәдени демалыс орындарының халыққа қызмет көрсету жұмыстарын жандандыруды;
– Ауылдық округ жастарын патриоттық рухта тәрбиелеуге, діни көзқарастарына дұрыс бағыт-бағдар беруге, теріс ағымдар мен нашақорлыққа салынбауына және мектепте білім алу сапасына ерекше көңіл бөле отырып, заманауи технологиялармен жабдықтауға, әскери-патриоттық клуб ашуға ықпал жасауды;
– Қоғамдық тәртіптің сақталуына және сыбайлас жемқорлықпен күресуде қай салада болмасын жемқорлық әрекеттерге жол бермеу, адамдарда жемқорлық әрекеттерге төзбестік ахуал қалыптастыру, ұрлыққа қарсы құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмысты күшейтуді;
– Көпұлтты округ аумағындағы саяси тұрақтылық пен этносаралық татулықты сақтауды, ардагерлер мен қарттарға, аз қамтылған отбасыларға жағдай жасауды, олардың арыз-шағымдары мен талап-тілектерін құзіретті органдармен әділ шешуді қатаң бақылауға алуды және дәрігерлік қызмет көрсету сапасын арттыруды;
– Қоғамдық кеңестің, ауыл ақсақалда-рының ой-пікірлерімен санасып, тиянақты түрде аудан басшылығымен бірлесе шешім қабылдауын басшылыққа алатын боламын.
Осы бағдарламамды жүзеге асыру барысында іс-әрекеттерімді Қазақстанның – 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясында көрсетілген мақсаттар мен тапсырмаларға бағыттаймын.
Малыбай ауылдық округінің әр саладағы мүмкіндіктерін ескерсек, бағдарламамда көзделген міндеттердің, аудан басшылығының қолдауымен және округ әкімі аппараты мемлекеттік қызметкерлердің халыққа адал қызмет көрсетуінің нәтижесінде орындалатынына сенімдімін. Ол үшін барлық күш-жігерімді, білімім мен тәжірибемді жұмсаймын.
Мен Әлімжан Жасұлан Сәбитұлы, 1992 жылы 8 шілдеде Райымбек ауданында дүниеге келдім. 2014 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін құқық және экономика негіздері мамандығы бойынша тәмамдадым.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолымды 2014 жылы Көктөбе ауылдық округі әкімі аппаратында жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушыдан бастадым. 2015 жылдан 2023 жылға дейін аталған округте бас маман болдым. Қазіргі таңда Рахат ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман қызметін атқарудамын.
Құрметті Малыбай ауылдық округінің тұрғындары!
«Әкім бол, халқыңа жақын бол» деген халық даналығы бекер айтылмаса керек. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын қабылдап, қарапайым халықты мемлекеттік басқару ісіне тарту қажеттігін айтты. Осы орайда, мемлекеттік қызметтегі тәжірибеме сүйене отырып, Малыбай ауылындағы өзекті мәселелерді жергілікті қауымдастықпен бірлесе отырып шешуге бар күшімді саламын.
Президент ұстанған қоғамдық татулықпен тұрақтылықты көздеген саяси бағыт Жаңа Қазақстанның дамудың даңғыл жолына түсіп, экономикасы қарқынды дамыған елге айналуға өз септігін тигізеді деген ұстанымдамын.
Менің бағдарламамның барлық тармақтары Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамаға, және де бюджеттің нақты қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келеді.
Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:
– Округте әлеуметтік, білім, денсаулық сақтау, мәдени салаларының және әлеуметтік өмірдің сапалы жақсаруына бағытталған Малыбай ауылдық округінің барлық тұрғындары мен мемлекеттік билік органдарының тығыз, заң нормаларына сәйкес, үйлесімді қызмет етуін қамтамасыз ету;
– Округтің жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді әрі сапалы қызметімен округ өміріне маңызды мәселелерін белгілеу мен шешуге жергілікті қоғамдастықты тарту;
– Ауылдық округтің экономикалық әлеуетін белсенді дамыту, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мен халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін қолайлы жағдайларды жасау. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын дамыту бойынша жұмысты жандандыру;
– «Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» және шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларының тиімділігін арттыру, оларға азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерін көптеп тарта отырып, бизнестің қоғамға адал қызмет етуіне жағдай жасау;
– Жұмыспен қамту деңгейін арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашуға жәрдемдесу, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларының іске асуын қамтамасыз ету. Жастарды жұмысқа орналастыру мәселесін шешу бойынша жұмысты жандандыру;
– Көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға мүмкіндігінше әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету.
– Ауылдық округтің санитарлық тазалығын, абаттандыру мен көгалдандыруын, ауылдардың ішкі автомобиль жолдарын уақытылы әрі сапалы жөндеуді, оларды тиісті жағдайда ұстауды, ауылдық округтің ауылдарын көше жарықтандырумен қамтылуын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруды қамтамасыз ету;
– Халықтың мәдени шараларға көптеп қатысуын қамтамасыз ету, жастардың бос уақытын тиімді өткізу үшін мәдени шараларды ұйымдастыру, тұрғындар және жастар арасында бұқаралақ спорт пен саламатты өмір салтын дамыту;
– Қоғамдық қауіпсіздік пен құқық тәртібін қамтамасыз ету, ауылдық округте құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыстар жүргізу, округ тұрғындарының құқықтық мәдениетін арттыруға жәрдемдемдесу.
Менің Малыбай ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде ұсынып отырған сайлау алды бағдарламам сіздермен бірлесе округ өміріндегі маңызды мәселерді шешуге мүмкіндік беретініне сенімім мол.
Құрметті Малыбай ауылдық округінің сайлаушылары!
Мен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы 1982 жылдың 7 мамырында Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында дүниеге келдім. 1988-1999 жылдар арасында М.Мәметова атындағы орта мектебін бітіріп, 2001-2005 жылдар аралығында Алматы қаласындағы «Дарын» Әлеуметтік гуманитарлық институтын тәмамдап, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алдым.
2005-2007 жылдары аралығында Шелек ауылындағы Т.Кенжебаев атындағы орта мектепте мұғалім, 2007-2008 жылдары М.Мәметова атындағы орта мектепте мұғалім, 2008-2010 жылдары «Малыбай селолық округі әкімінің аппараты» ММ-де жетекші маман, бас маман, 2010-2011 жылдары «Шелек селолық округі әкімінің аппараты» ММ-де жетекші маман, 2011-2013 жылдары Шелек тарихи-өлкетану музейінің директоры, 2013-2014 жылдары «Бартоғай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де бас маман болып жұмыс істеп, 2014 жылы Шелек ауылдық округі әкімінің орынбасары болып тағайындалдым. Қазіргі уақытта Шелек ауылдық округі әкімінің орынбасары болып қызмет атақарамын. Алдағы уақытта ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып ауылдың бүгінгі күн тәртібіндегі мәселелерін шешуге барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, жұмыс жасаймын. Мен болашақта ауылымыздың көркеюіне және халықтың әлеуметтік өмірін жақсарту үшін атсалысамын. Маған дауыс беріңіз, жоғарыда баяндалған сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімді саламын!
Мені ауылдық округ əкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:
– Қазақстан Республикасының заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекет органдарының нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын жүзеге асыру үшін қызмет жасаймын;
– Малыбай ауылдық округінің көркеюіне, халықтың әл-ауқатын көтеру бағытында жұмыс жасап, әлеуметтік мәселелерді үнемі назарда ұстаймын;
– Ауыл шаруашылық жерлерді (егістік, шабындық, жайылым т.б) ұтымды пайдалануды, иесі бар, игерілмей жатқан жерлермен, бос иесіз жерлерді игеріп айналымға қосуды ұйымдастырамын;
– Егістіктер мен бау-бақшаларға суды үнемдеп суару технологияларын іске асыруды қолға аламын;
– Ауыл тұрғындарының сапалы ауызсумен қамтылуына;
– Ауыл тұрғындарының бағымындағы мал тұқымдарын асылдандыру жұмыстарын жандандыруға;
– Малыбай ауылдық округінің көшелерін жөндеуден өткізу мен көпірлер салуға, түнгі жарықтандыруға;
– Электр желілері мен бағаналарын ауыстыру жұмыстарына;
– Ауылымызды абаттандыру жұмыстарын жандандыруға;
– Малыбай орта мектебін күрделі жөндеуден өткізуге, шағын спорт кешенінің, жергілікті әкімшілік ғимаратының, ветеринарлық және полиция пунктерінің салынуына;
– «Көктерекке» елді мекен мәртебесін алуға;
– Жастардың тұрақты жұмысқа орналасуы мен мемлекеттік бағдарламаға белсенді қатысуын қамтамасыз етуге;
– Жастарға жол ашамыз! Жастар – ел болашағы! Біз халқымыздың бай, рухани адами құндылықтарын өскелең ұрпаққа табыстауымыз керек! Бұл дамып келе жатқан әрбір қоғамның миссиясы! Сол себепті Жастар саясатын қауқарлы жүзеге асыруға;
– Ауыл тұрғындарын еңбекпен қамтудың негізгі бір діңгегі – шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға және сол арқылы жаңа жұмыс орындарының ашылуына, жұмыссыздықты жоюға атсалысып, кәсіпкерлікті дамытуға;
– Еліміздегі саяси тұрақтылықтың, ұлтаралық және дін аралық келісімнің нығаюына;
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденитті қалыптастыруға;
– Халықтың құқықтық жəне қаржылық сауаттылығын арттыруға;
– Тұрғындардың бұқаралық спортпен айналысуына жағдай жасау мақсатында округ аймағынан жасанды спорт алаңдарын салуға, сонымен қатар спорттық-бұқаралық іс шаралар мен жарыстар өткізуге бар күш-жігерімді жұмсаймын.
Мен əрқашан байланыстамын!
Тел / WhatsApp: + 7 771 445 09 82
Құрметпен, Бектасов Мәди Мәдиярұлы
Вольфрам входит в первую десятку редких металлов, незаменимых в современном промышленном производстве. В Шелекском регионе Енбекшиказахского района находится Богутинское месторождение вольфрамовых руд, впервые исследованное еще в 1941 году.
Его подтвержденные запасы составляют порядка 120 млн тонн. Но только в наши дни, в 2021-м году, после детальной геологоразведки и разработки
инновационных технологий промышленной добычи и переработки вольфрамовой руды, началась реализация масштабного проекта, который включает в себя строительство горнодобывающего комплекса по
добыче 3,3 млн тонн вольфрамовой руды в год и
производству 65-процентного концентрата
триоксида вольфрама с дальнейшим переделом в
паравольфрамат аммония.
С просьбой подробней рассказать о предстоящем вводе в эксплуатацию крупнейшего промышленного предприятиЯ Енбекшиказахского района – горно-обогатительного комплекса на Богутинском месторождении, редакция обратилась к вице-президенту корпорации «Jiaxin International Resources Investment Co Ltd»,
исполнительному директору ТОО «Жетісу Вольфрамы» Назару Терлыге. – Назар Александрович, значимой составной в содержании инвестпортфеля области является проект добычи и переработки вольфрамовой руды на месторождении Богуты в Шелекском регионе Енбекшиказахского района.
– Право недропользования по контракту передано ТОО «Жетісу Вольфрамы». Это стопроцентно казахстанская горнодобывающая компания в сфере твердых полезных ископаемых. Партнером и инвестором проекта освоения Богутинского месторождения выступает компания Jiaxin International Resources Investment Co Ltd (Китай). Стратегическим инвестором и партнером является всемирно известная корпорация Jiangxi Copper Company.
Инвестор является недропользователем-держателем контракта на добычу вольфрамовых руд на Богутинском месторождении в Алматинской области и входит в перечень 45-и казахстанско-китайских проектов индустриально-инвестиционного сотрудничества.
Строительство горно-обогатительного комплекса (ГОК) и его инфраструктуры планируется завершить в 2024 году. Инвестору удалось привлечь банковское финансирование для целостной реализации проекта от China Merchants Bank, которое способно полностью удовлетворить потребность в финансировании строительства ГОК.
Хочется отметить, что горно-обогатительный комплекс по добыче и переработке вольфрамовой руды является первым и единственным крупным инвестиционным проектом в горнодобывающем секторе Алматинской области в части комплексной переработки минерального сырья.
– Сейчас во многих отраслях промышленности наблюдается стагнация, сокращение производства. Что позволяет надеяться на динамичное освоение месторождения Богуты?
– В условиях рецессии, нестабильности и неопределенности как в отношении мировых бизнес-трендов, так и финансовых рынков, включая горнодобывающий сектор, большинство проектов либо становятся банкротами, либо не способны найти надлежащее финансирование с соответствующим техническим и экспертным оснащением. При наличии благоприятной инвестиционной среды в нашей стране и комплексном механизме по защите иностранных инвестиций, созданным Правительством Казахстана, нам удалось выстроить необходимый мощный ресурсный фундамент, с уверенностью позволяющий эффективно и профессионально продвигаться в комплексной реализации проекта. В полной мере разрешены вопросы финансирования и наличия стратегических партнеров. По итогам ввода в эксплуатацию всех объектов ГОК и выхода предприятия на проектную мощность, как по добыче вольфрамовой руды, так и по ее переработке, планируется создать около 1000 рабочих мест для граждан Казахстана. На сегодняшний день вложен колоссальный объем усилий и средств. Отмечу, что подобные случаи успешного начала реализации крупного стратегического инвестиционного проекта мирового масштаба являются единичными в мире.
– Когда началось строительство ГОКа? На какой оно стадии сейчас?
– В 2018-2020 г.г. деятельность ТОО «Жетісу Вольфрамы» находилась на стадии проектирования, инжиниринга горнодобывающего комплекса и согласования проектных документов с РГП «Госэкспертиза». Были привлечены как зарубежные, так и казахстанские наиболее авторитетные и крупные научно-исследовательские и опытно-конструкторские институты. Строительство ГОК стартовало в 2021 году, однако активная стадия строительно-монтажных работ началась в 2022 году после оценки инвестором всех рисков и перспектив освоения Богутинского месторождения. На текущий момент в рамках операций по недропользованию Инвестор производит вскрышные, горноподготовительные работы. Планируемый выход на проектную мощность намечен на 2025-й год.
– Что непосредственно представляет собой горнодобывающий комплекс ТОО «Жетісу Вольфрамы»? Из каких звеньев производства он состоит?
– Основной технологический процесс ГОК включает: добычу руды открытым способом; транспортировку добытой руды самосвалами до роторной дробилки крупного дробления. Двухступенчатый процесс обработки представляет собой замкнутый цикл дробления и сортировки.Продукт размером менее 300 мм отправляется на рудный склад обогатительной фабрики по ленточному конвейеру протяженностью около 2 км.
Со склада дробленая руда ленточным транспортёром отправляется к 2-м системам измельчения и классификации, состоящим из шаровых мельниц и 6-и циклонов для проведения операций по измельчению. Вольфрамовый концентрат первого этапа обогащения с содержанием оксида вольфрама около 4,85 % в дальнейшем проходит этапы сгущения, перемешивания и нагревания. После получения концентрата с содержанием оксида вольфрама около 65%, данный концентрат проходит ещё один этап сгущения, обработку фильтр-прессом, сушку, равномерно перемешивается и упаковывается в конечный продукт.
По итогам завершения строительства ГОКа планируется дополнительно наладить переработку 65-процентного концентрата вольфрама в паравольфрамат аммония. Именно паравольфрамат является исходным материалом для производства изделий, содержащих вольфрам.
– Рынками сбыта станут Европа, КНР и СНГ?
– Рынком сбыта является весь мир, ведь без вольфрама невозможно развитие отрасли металлургии в мировом масштабе. Вольфрам используется в производстве абразивного и режущего инструмента, твердых покрытий, высокопрочных, жаростойких и быстрорежущих сталей и сплавов, суперсплавов, а также ламп накаливания с вольфрамовой нитью.
– Какие инновационные технологии промышленной добычи и переработки вольфрамовой руды применяются?
– Содержание полезного компонента (вольфрама) в местной руде предельно низкое, вследствие чего технологический процесс переработки является крайне трудоемким. Казахстанским проектным институтом «ВНИИцветмет» и проектным институтом Enfi Engineering Corporation (ЭНФИ) была проделана колоссальная работа по учету всех факторов экологичного и высокотехнологичного производства. Весь цикл, от добычи руды до выпуска конечной продукции, спланирован при минимальном воздействии на окружающую среду.
– Заключаете ли вы меморандумы о сотрудничестве с местными органами исполнительной власти, госучреждениями по обеспечению занятости местных кадров, инвестициям в социальную сферу, в экологическую безопасность?
– На текущий момент заключены Меморандумы о взаимопонимании и сотрудничестве с нашим профильным Министерством промышленности и строительства РК, акиматом Алматинской области и акиматом Енбекшиказахского района, а также Меморандум о сотрудничестве между АО «Институт металлургии и переработки полезных ископаемых» Satbayev University (Сатпаев Университет), Китайской ассоциацией зарубежного развития, «Технической корпорацией БГРИММ» и ТОО «Жетісу Вольфрамы».
– Налажено ли ТОО «Жетісу Вольфрамы» сотрудничество с предприятиями, субъектами бизнеса нашего района?
– После ввода ГОК в эксплуатацию инвестор намерен активно рассматривать сотрудничество с местными предприятиями для оказания различных видов услуг (общепит, пошив спецодежды, транспортное обеспечение и т.д.).
– Как идет привлечение жителей из близлежащих сельских округов к строительству ГОКа, сколько создано постоянных рабочих мест на его производстве?
– К строительству ГОКа генеральным подрядчиком China Civil Engineering Construction Corporation (Китайская гражданская инженерно-строительная корпорация) привлечены местные рабочие кадры. Также Инвестор ведет кадровую политику по набору и обучению будущих работников ГОК из числа жителей Енбекшиказахского района, в частности Согетинского сельского округа.
– Где и как идет обучение рабочих горным специальностям? Сотрудничает ли ТОО «Жетісу Вольфрамы» с районным центром занятости в вопросах набора и направления специалис-тов в учебные заведения Казахстана?
– На данный момент Инвестор совместно с районным центром занятости занимается подбором квалифицированных рабочих и сотрудников для комплектации штата в период запуска ГОК и выхода на производственную мощность. Дополнительно на базе Satbayev University обучаются 20 высококвалифицированных специалистов инженерно-технического состава ГОК.
– Какие требования предъявляются для приема на работу?
– Требования к работникам и средняя заработная плата регламентируются согласно рыночным условиям труда в горнодобывающей сфере Республики Казахстан. Значительное внимание уделяется обеспечению условий труда, безопасности ведения горных работ, безопасности жизнедеятельности при эксплуатации производственного объекта.
– Будет ли построен для работников комплекса отдельный жилой поселок со всей необходимой инфраструктурой?
– На данный момент на базе Богутинского ГОК строится высококлассный вахтовый поселок со всеми условиями для проживания рабочих и инженерно – технического состава компании. Важно максимально обеспечить социально-бытовой комфорт наших работников, от которых напрямую будет зависеть производительность труда и качество продукции.
– Какие принимаются меры по экологической безопасности производства и оптимальной эксплуатации природных ресурсов?
– Мы придерживаемся политики максимального использования наилучших мировых природоохранных практик. Наряду с тем, что производство относится к «зеленому» классу и по своей сути не является вредным или опасным, предусмотрены все природоохранные мероприятия по защите местной экологической обстановки. В процессе добычи руды планируется внедрить систему предконцентрации, что позволит использовать природные ресурсы еще более бережно.Использование ядовитых реагентов исключено. Весь цикл производства замкнутого типа. Твердые отходы: порода, не содержащая полезного компонента (вскрыша), извлеченная из карьера, вывозится карьерными самосвалами в специальное место для хранения (отвал вскрышных пород).Пульпа (хвосты) с обогатительной фабрики по пульпопроводу транспортируется в хвостохранилище полусухого типа. Технологией предусмотрено специализированное очистное сооружение для очистки возвратной воды из хвосто-хранилища. Вся очищенная вода будет возвращена в технологический процесс для повторного использования без каких-либо внешних сбросов.
– Район Богутинского месторождения входит в зону 8-9 балльной сейсмичности. Какое воздействие на окружающую среду может оказать потенциальная авария на хвостохранилище Богутинского комплекса? Не приведёт ли возможная авария к попаданию вредных стоков в р.Шарын и в р.Или? Что делается для снижения рисков?
– В период проектирования данному вопросу уделено особое внимание. В техническом задании Инвестор обязал проектную группу максимально предусмотреть весь спектр антисейсмических мероприятий.
– Источником водоснабжения ГОК служит р.Шарын, протекающая по территории Шарынского национального парка. Не приведёт ли забор воды для разработки месторождения «Богуты» к деградации природных объектов, сельскохозяйственных угодий?
– На обогатительной фабрике ГОКа объем потребления воды для технических нужд составит всего 0,59% от общего среднегодового расхода реки Шарын. Данный объём является крайне низким и абсолютно незначительным в масштабе общего водопользования, что подтверждает наиболее рациональные проектные решения.
Вместе с тем вынужден отметить, что объективно существует проблема потерь воды вследствие изношенной системы орошения сельхозугодий в регионе в целом. В этой связи, согласно Концепции управления водными ресурсами РК, очевидна целесообразность модернизации системы орошения и ирригации, что позволит в значительной степени сохранить и оптимизировать водные ресурсы и удовлетворить нужды всех водопользователей.
– Не несет ли опасности для населенных пунктов производственная деятельность ГОКа? Придерживается ли ТОО «Жетісу Вольфрамы» соблюдения принципа социальной ответственности бизнеса?
– Инвестор с уверенностью заявляет, что какой-либо опасности и угрозы для населенных пунктов нет. Более того, вблизи ГОК отсутствуют населенные пункты. Ближайший населенный пункт расположен в 45 километрах, второй населенный пункт находится в практически в 70 километрах. Более того, строительство и открытие Богутинского ГОКа послужит дальнейшему привлечению инновационных технологий в горнодобывающий сектор Казахстана, а местному сообществу принесет огромную пользу в плане инвестиций в социально-экономическое развитие сельских округов. К примеру, нами принято решение совместно с акиматом области внести значительный вклад в оказание помощи пострадавшим вследствие весенних паводков. Также мы взяли под личный патронаж школу и детский сад в селе Нура и оказываем на постоянной основе надлежащую поддержку этим учреждениям.
Открытие производственных мощностей ГОКа гарантирует занятость местного населения. Наши ежегодные отчисления в бюджет Алматинской области также будут способствовать улучшению инфраструктуры Енбекшиказахского района, росту его социально-экономическогоблагополучия.
Вел интервью
И.ТУРАНИН.
Акцию «Таза Қазақстан» школа имени Толе би проводит с начала апреля. Учащиеся 5-11 классов и преподаватели школы провели озеленение пришкольной территории, вместе с жителями села занимались очисткой улиц и арыков с.Толе би. Мероприятия по защите экологии, водных ресурсов, соблюдению санитарных норм входят в постоянную программу экологического просвещения наших учащихся, формированию чувства ответственности за здоровую природную среду, экологически безопасную инфраструктуру населенных пунктов. В плане учебно-воспитательной и внешкольной работы этим факторам уделено особое внимание.
Тургенский филиал Иле-Алатауского ГНПП такие акции с участием школ Тургенского сельского округа, колледжей Енбекшиказахского района проводит ежегодно. Весной 2024 года мы привлекли к проведению акции «Таза Қазақстан» преподавателей и студентов Каракемерского профессионально-технического колледжа. Была проведена саночистка визит-центра «Алтын Адам» в Тургенском ущелье, высажены саженцы краснокнижных пород дикорастущиъх деревьев и кустарников.
Силами коллектива Тургенского филиала были заложены плантации таких саженцев, установлены кормушки для птиц. 2024-й год в РК объявлен годом совы-сплюшки – исчезающего вида сов. Сотрудники нашего филиала принимают все меры для создания условий сохранения и размножения совы-сплюшки на территории Иле-Алатауского ГНПП. Кроме того, в школах Тургенского округа были прочитаны познавательные лекции об охраняемых видах растений, таких как подснежники и тюльпаны, о бережном отношении к флоре и фауне Иле-Алатауского государственного национального природного парка, о влиянии антропогенного фактора на дикую природу.
В конце мая – начале июня с участием школ Енбекшиказахского района на территории Тургенского филиала мы планируем провести «Марш парков» в рамках международного Марша в защиту окружающей среды.
Облыстағы аталған бағыт аясында Жамбыл ауданындағы «Жамбыл Жабаев» мұражайы, «Таңбалы» қорық-музейі, Талғар ауданындағы «Талғар Қалашығы» және «Жаңа» репрессия құрбандарын еске алу мұражайы, Ұйғыр ауданындағы «Шарын» ұлттық табиғи паркі аумағында, Қарасай ауданындағы Қарасай батыр ескерткіші, Іле ауданындағы Өтеген батыр ескерткіші аумағында іс-шаралар өткізілді. Жалпы іс-шараға 800-ге жуық адам қатысты.
Аталған акция «Тамғалы тас» тарихи-мәдени ескерткішінің аумағында басталды. Будда мен Бұрхановтың жартастарда табылған керемет әдемі бейнелері көптеген туристерді тартуда. Жартастағы суреттер 14-16 ғасырларға жататын тибет жазуларымен бірге жазылған. Таңбалы-Тас трактатындағы суреттер, ашық аспан астындағы буддистердің ғибадатханасын бейнелейді.
- «Еліміздің көптеген өңірлері үшін қиын кезеңде, біз су тасқынынан зардап шекпеген өңірлердің тұрғындары жұмылып, үйлерімізді, аулаларымызды, көшелеріміз бен елді мекендерімізді ретке келтіруіміз керек. Елді мекендердің көшелерін тазарту, ағаш отырғызу және аумақтарды абаттандыру акциясын бастаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осылай деді. Акцияның негізгі бағыты – «Киелі мекен» жобасы. Оның аясында бір аптаның көлемінде тарихи-мәдени ескерткiштердi абаттандыру жұмыстарын атқару көзделген. Бұл апталық Алматы облысынан бастау алып отыр. Себебі Алатау өңірінің тарихы бай әрі терең. Облыс аумағында 1200-ге жуық тарихи және мәдениет ескерткіштері болса, оның 961-і археологиялық ескерткіштер болып табылады. Талғар (Талхиз), Қарамерген қалашықтары және «Таңбалы» қорық-музейі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енген. Бүгін біз бірнеше ғасырдың белгісі бар Таңбалы тас шатқалына келіп, аумағын тазалауды қолға алып отырмыз. Осы игі іске атсалысқан барша жандарға алғысымды білдіремін», – деді Марат Сұлтанғазиев.
Өңірдегі 70-тен астам тарихи-мәдени нысандар бір мезгілде ретке келтірілді. Бұл акцияға облыстың барлық тұрғындары белсене қатысуда.
Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуірде республика бойынша «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы басталды, ол 11 мамырға дейін жалғасады. Акция бес аптаға созылады, олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналады.
Алматы облысында су тасқыны болған өңірлерге көмек жинау қызу жүріп жатыр. Игі бастамаға облыстық «AMANAT» партиясының мүшелері қосылып, су тасқынынан зиян шеккендерге алғашқылардың бірі болып көмек қолын созып, гуманитарлық көмек жіберді.
– Бірнеше өңірді су алып жатқандығы баршамыздың қабырғамызды қайыстырып отыр. Еліміз үшін, халқымыз үшін қолдан келген көмекті жасаймыз. Зардап шеккен аймақ-тардағы әріптестерімізбен хабарласып, құрал-жабдықтар керек екенін сұрадық. Олардың бірінші сұранысы – резеңке аяқ киім. Партияластар мен депутаттық фракция мүшелері 1 мыңнан аса резеңке етік жинап, алғашқы көмек легін бастады», – деді «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Аслан Кубентаев.
Айта кету керек, табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген волонтерлер мен облыс тұрғындары үшін «Алатау жастары» КММ облыстық волонтерлік штабы сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында өңір тұрғындары халыққа қажетті заттарды алып келіп, өткізе алады. Қабылдау пункті Қонаев қаласындағы Центральная көшесіндегі 19 үйде орналасқан.
Мәди САЙДІЛДИН.
«AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.
Есік қаласындағы Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің істері және олардың құқығын қорғау» атты семинар-тренинг өтті. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары Ертай Нұрмаханов, облыс бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкілдер Айгүл Есімбекқызы мен комиссия хатшысы Айғана Асанқызы және психолог-педагог ғалымдар қатысты.
Жасөспірімдердің құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы Айғана Асанқызы жиналған қауымға бала тәрбиесін жүргізу, олармен қалай қарым-қатынас жасау қажеттігін түсіндірді.
– Жас буынды экологиялық мәдениетке тәрбилеп, көзқарасы мен санасын жетілдіру алдыңғы буынның парызы. Мәселен, 2023 жылы жасөспірімдер арасында 112 қылмыс жасалып, жас бұзақы-лардың достарын қорлау, бопсалау және ұрып-соғу фактілері тіркелген. Кәмелет жасқа толмаған қыздарға көрсетілген зорлық-зомбылық бойынша қылмыстық істер қозғалды. Мемлекеттік органдар тарапынан құқық қорғау жұмыстары жүргізіліп жатса да, балалардың зардап шегу деректері арта түскені ақиқат. Егер бала тәрбиесіне уақыт таба алмасақ, оларды мықты тұлға ретінде дамыта алмасақ, біздің бүгінгі жеткен жетістіктеріміз түкке де тұрмайды. Сондықтан кез келген ата-ана негізгі міндеттерін айқындап, бірінші кезекте бала тәрбиесіне баса назар аударуы тиіс. Балаға жақсы әдет, жеке қасиет бірден келмейді, ол ата-ананың жүйелі де жан-кешті еңбегін талап етеді, – деді Айғана Асанқызы.
Жиын барысында өткен жылдың ортасында іске қосылған «Ата-аналар университеті» бағдарламасы таныстырылды. Электронды жобада аналар мен әкелер сынақ тапсырып, бала тәрбиесіне байланысты бейнесабақтарды тауып, кәсіби психологтардан кеңес ала алады. Мұндай онлайн университет бұрын болмаған және сайт арқылы барлық ата-ана бала тәрбиесі жайлы сырттай оқытудан өте алатындығы айтылды. Психолог мамандар жиналған қауымға арнайы тренингтерді өткізіп, әртүрлі сұрақтар қойып, баланың психологиясымен қалай жұмыс жасау керек екенін түсіндірді. Ата-аналар бала тәрбиелеу жолында жіберетін қателіктерін аңғарып, іс-шараны ұйымдастыру-шыларға алғыс білдірді.
Айерке
МЕРЕКЕҚЫЗЫ.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы азаматтар арасында, оның ішінде қоғам қайраткерлері, пікір көшбасшылары мен өңірдің үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері арасында кең қолдауға ие болды және барлығы белсене қатысуда. Жергілікті тұрғындар акцияның барлық қатысушыларының іс-әрекеттерін үйлестіру үшін аудандық және ауылдық деңгейде қоғамдық штабтар құрды.
Ірі кәсіпорындар мен ұйымдардағы үйлестірушілер жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп санитарлық тазалау және көгалдандыру жоспарларын әзірлейді. Келесі айда айналаны тазарту, шамамен 15 мың ағаш көшеттерін отырғызу, сондай-ақ жасыл желектерді күту және басқа да іс-шаралар жоспарланған. Осы мақсатта 450 арнайы техника жұмылдырылды.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде елді мекендерді, мәдени-тарихи орындарды, сондай-ақ су айдындары мен өзендердің аумақтарын санитарлық тазарту бойынша 500-ден астам іс-шара өткізу көзделіп отыр.
Айта кетейік, арықтарды тазарту басым міндет болып табылады. Табиғатты күтуге 700 мыңнан астам адам қатысады. Жалғызбасты және қарт адамдарға көмек көрсетуге ерекше назар аударылады.
Еріктілер қазірдің өзінде үйлер мен аудандарды тазарту және тәртіпті қалпына келтіру жұмыстарын бастады.
Қоршаған ортамыздың тазалығын сақтау – мемлекеттің ғана емес әрбір азаматтың парызы. Осы орайда демалыс күні жалпыаудандық сенбілік өткізілді.
Көлемді шараға аудан әкімі Талғат Байеділов те қатысып, тазалық акциясына 9 317 адам, 68 техника жұмылдырылды. 710 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылып, жалпы көлемі 613,5 гектар жер күл-қоқыстан тазартылды. 22 гектар жер теліміне 1 000-нан астам ағаш көшеттері отырғызылды.
Айта кетейік, наурыз айынынан басталған санитарлық тазарту жұмыстарында 27 мың адам қатысып, облыстық, республикалық, аудандық маңызы бар 382 көше, ондағы 11 668 аула, арық жүйелерінің 356 шақырымы, автокөлік жолдары жағалауларының 448 шақырымы тазаланды. Сондай-ақ 4 094 түрлі көшеттер отырғызылды.
Өз тілшіміз
Денсаулық – бірінші байлық. Сондықтан саламатты өмір салтын ұстанып, деннің сау болуына мән беру аса маңызды. Алайда, бүгінгі жастар арасындағы аурудың көбеюі маңызды мәселеге айналып барады. Бұның себебі көп. Көшеде саудаланатын неше түрлі фастфудтар, майлылығы жоғары тағамдар – аурулардың негізгі себептері. Әсіресе, энергетикалық сусындарды бүгінде жастар, мектеп оқушылары көптеп тұтынады.
Жалпы, энергетикалық сусындар – адамға күні бойы қуатты әрі сергек болуға кө-мектеседі деген ұғым бар. Сусындардың құрамын бел-сенділік деңгейі мен зейінді арттыру және жақсартуға көмектесетін кофеин, таурин, гуарана және басқа да түрлі ынталандырушы ингредиенттер құрайды. Бірақ, жоғарыда аталған сусынның құрамындағы заттар адам ағзасына өте зиян, яғни, энергетикалық сусындар денсаулыққа айтарлықтай теріс әсер етуі әбден мүмкін.
Бүгінде көшедегі жастардың қолынан «Gorilla», «Red Bull», «Dizzy» сусындарын көру қалыпты жағдайға айналып барады. Осыдан он шақты жыл бұрын қазақ қоғамы үшін таңсық болған бұл сусындарсыз жас-тар бір күнін елестете алмайды. Тұтыну себебі де айқын, сусын сергітеді, ұйқыны ашады, ағзаға қуат береді. Бірақ, мынаны естен шығармағанымыз абзал, энергетикалық сусындарда кофеин көп, бұл өз кезегінде жүйке ауруына, ұйқысыздыққа, жүрек проблемаларына және қан қысымының жоғарылауына, тәуелділікке әкелуі мүмкін.Сондай-ақ энергетикалық сусындарда кофеин мен басқа да стимуляторлардың ащы дәмін жасыру үшін көп мөлшерде қант болады. Ал қантты шамадан тыс тұтыну денсаулыққа зиян екенін екінің бірі біле бермесі анық. Қантты көп тұтыну семіздік, қант диабеті және тіс жегісі сияқты ауруларға әкеледі. Мұны дәрігерлер де растап отыр.
«Сергектік сыйлайтын сусындарды жиі пайдалана-тын мектеп жасындағы балалардың бауыры 35 жас-тағы маскүнемдікіндей болып тұрады. Сондықтан бұл улағыш сұйықтықты ішкен жасөспірімдер түрлі ауруларға шалдыққыш келеді. Жүрек дертіне, жүйке жүйесі, асқазан, бауыр, тіпті қатерлі ісікке ұласады. Сондықтан балалар мен жүкті әйелдерге және қарт адамдар мен гипертониясы бар жандарға бұл сусынды ішуге болмайды. Сонымен қатар, энергетикалық сусындар ағзаны күш-қуатпен қамтамасыз етеді деген жаңсақ сенім қалыптасқан. Сусында ондай қасиет жоқ, ол – тек энергия қоздырушысы. Яғни, біз өз бойымыздағы қорымызды пайдаланамыз, қысқаша айтқанда, энергияны өзімізден қарызға ала тұрамыз. Алайда ерте ме, кеш пе бұл қарызды шаршағандық, ұйқысыздық, ашушаңдық түріндегі пайызбен қайтаруға тура келеді. Бір сөзбен айтқанда, ағзадағы өмір бойына жететін күш-қуатты тез арада сыртқа айдап шығаруға бағытталған сусын оны сарқа тауысып, әлсіздікке ұшыратып, адамды тез қартайтады» – дейді дәрігерлер.
Тіпті бұл сусын адам өліміне әкеп соқтырған жағдай-лар да тіркелген. Сондықтан, дамыған мемлекеттерде энер-гетикалық сусындармен күрес күшейтілген. Адам өліміне әкеліп соқтырған алғашқы дерек 2009 жылы тіркелген. Пенза қаласының студенті осы сусындарды шектен тыс пайдалану-дың салдарынан көз жұмған. Осыдан кейін Франция мен Германия елдерінде бұл сусындарды өндіруге тыйым салған.
Энергетикалық суындар-ды шамадан тыс тұтыну қайғылы жағдайға әкелмесе де, денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді. Сусындар бас ауруы, алаңдаушылық, ашуланшақтық, тіпті үрей шабуылдары сияқты жағымсыз жанама әсер беруі мүмкін. Сондай-ақ асқазанның бұзылуы, шамадан тыс терлеу және қолдың дірілдеуі – сусынның салдары.
Жасыратыны жоқ, сусынды бір ішкен адам қайта құмартып тұрады. Оның себебі, сусынның құрамындағы кофеин. Түссіз және ақ түсті келетін ащы кристалдар психикаға қатты әсер еткендіктен, сұйықтыққа тәуелділік туындатады. Сол себепті бір ішкен соң қайта-қайта өзіне баурап тұрады. Кофеиннің мөлшері неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым жүйке белсенді жұмыс істей бастайды.
Бұның орнына қарапайым су ішу – әлдеқайда пайдалы. Суды күнде мөлшермен тұтыну, тіпті, бірқатар аурулардың алдын алады. Оны ғалымдар дәлелдеген.
Қазақ халқы есте жоқ ескі заманнан табиғи өнімдерді пайдаланып, деннің саулығына аса мән берген. Сондықтан, ет жеп, қымыз ішіп, сүт өнімдерін тұтынған бабаларымыз ұлан-ғайыр атырапты ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен сыртқы жаулардан қорғап, бізге аманат етіп қалдырған. Ал көлемі жағынан әлемде 9 орынды алатын аумақты көздің қарашығындай сақтап отыру үшін ұлттың саулығын қамта-масыз ету аса маңызды. Ол үшін табиғи таза өнімдерді тұтынуымыз қажет. Бұл – мамандар кеңесі.
– Құрамындағы қанттың мөлшері шамадан тыс, түрлі бояулар, химикаттарға толы газбен жасалатын энергетикалық сусындарды ақсүйек адамдар ішпейді. Мен көпшілікке бие сүтін ішуді ұсынамын. Бие сүті адам ағзасының қуатын арттырады. Оның құрамында ағзаға зиянды өнімдер жоқ. Бие сүтін «Тәңір ұсынған сусын» деп айтар едім, – дейді «Тағамтану» академиясының президенті Төрегелді Шарманов. Рас, нағыз табиғи энергетикалық сусын ол – қымыз. Оны тек сусын ретінде ғана емес, туберкулез, обыр, тұмау сынды аурулардың емі ретінде тұтынуға болады. Тағы бір қызық жайт, ана сүтіндегі дәрумендер мен микроэлементтер қымыздың құрамында болатынын да ғалымдар дәлелдеген.
«Үйірілген сары алтындай
сары қымыз,
Ауруға – ем, сауға – қуат
дәрі қымыз.
Елімнің баяғыдай
сүйген асы,
Шығаршы тағы нең бар
кәрі қымыз», –
деп жыл алыбы Жамбыл Жабаев жырлағандай, ұлттық су-сынның адам денсаулығына пайдасын медицина мамандары дәлелдеген. Сондықтан, өзгенің қаңсығын таңсық қылмай, бабамыздан қалған ұлттық сусынды тұтынайық. Сонда ғана елдің ертеңі болған жастардың дені сау болып, саламатты Қазақстанның негізі қаланады.
Маржан БАЛАХАНОВА,
Абылай хан атындағы орта мектептің оқушысы.
Жуырда аудандық әкімдікте Алматы облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілі Эльбрус Сұлтанқұлов аудан тұрғындарымен кездесу өткізді.
Жиынға облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Қайрат Пилалов, облыстық сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары Қайрат Бейсембаев, аудандық әлеуметтік қорғау бөлімінің өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер және аудан тұрғындары қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Қуат Ақшабаев жиынды жүргізіп, Эльбрус Сұлтанқұлов адам құқықтарын қорғаудың маңыздылығына тоқталды.
– Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілінің лауазымы Қазақстан аумағында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қорғаудың қосымша кепілдіктерін қамтамасыз ету, сондай-ақ уәкiлдiң атына ауылдық жерлерде тұратын азаматтардың құқықтарын қорғаудағы қолжетімділігі мақсатында құрыл-ған. Адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру, өңірдегі азаматтардың құқықтары мен бостан-дықтарын ынталандыру және ілгерілету мақсатында мемлекеттік билік органдарына, құқық қорғау және сот органдарына жүгіну жөнінде кең өкілеттіктер берілген. Бүгінде Еліміздегі Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметін қамтамасыз ету үшін Адам құқық-тары жөніндегі орталық құрылды. Мемлекеттік мекеме болып табылатын бұл орталық уәкілдің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де заңда көзделген қызметін жүзеге асыруға жәрдемдеседі, – деді Эльбрус Сұлтанқұлұлы.
Жиынға қатысушылар әлеуметтік қолдаудың, азаматтардың мүліктік құқықтарын сот орындаушылары мен коллекторлардың әрекеттерінен қорғаудың проблемалық мәселелерін көтеріп, талқылады. Әсіресе саяжай тұрғындары ондағы коммуналдық тарифтердің заңсыз қымбаттауы мен өзге де өзекті мәселелерді жиі сөз етті. Сондай-ақ қатысушыларға қызықтырған сұрақтар бойынша жеке заңгерлік кеңес алу мүмкіндігі берілді. Сонымен қатар, Эльбрус Сұлтанқұлов азаматтарды өтініш бойынша жеке қабылдады.
Ринат НАРХАНОВ.
Ауданымыз жер көлемі мен ел көлемі бойынша алдыңғы қатарда екені белгілі. Соған сай атқаратын шаруалар мен алға қойған мақсаттар дамылсыз даму үстінде. Осы орайда жуырда аудан әкімінің халық алдындағы кезекті есебі Қаракемер мәдениет үйінде өткізілді. Жиынға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы қатысты.
Жиынды жүргізген аудандық мәслихат төрағасы Бекет Ахметов әуелі облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевке сөз ұсынды. Өз кезегінде облыс әкімі жаңадан әкім болып тағайындалған Талғат Байеділовті көпшілікке таныстырып, ауданымыздың жаңа әкіміне сәттілік тіледі. Жиынды баяндамасымен жалғастырған аудан әкімінің орынбасары Ертай Нұрмаханов аудан көле-мінде атқарған және атқаруға тиісті жұмыстарға толықтай тоқталды.
Атап айтсақ, өткен жылы аудан аумағында 195 млрд теңгеден астам ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілген. 86 400 гектар алқапқа дақыл себілген. Ал 2024 жылға ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 201 млрд теңгені құрайды деп жоспарлануда. Сонымен қоса, өткен жылы аудан ауыл шаруашылығына 2,7 млрд теңге инвестиция тартылып 8 жоба іске асырылыпты.
– Жалпы 2023 жылы ауданға 83,9 млрд теңге инвестиция тартылып, нақты индекс көлемі 125,8 пайызға жетті. Ағымдағы жылы тартылатын инвестиция көлемінің жоспары 102 млрд теңге. Өткен жылы ауданға 38,9 млрд теңге салық түсті, жоспар 99,9 пайызға орындалды. 2024 жылы бюджетке түсетін салық түсімдерін 50,3 млрд теңгеге жеткізуді болжап отырмыз, оның ішінде аудандық бюджетке 23,1 млрд теңге салық түсімі күтілуде. 2023 жылы жұмыс істеп тұрған шағын-орта бизнес субъектілерінің саны 2 892 бірлікке артып, 25 256-ға жетті, онда 40 415 адам жұмыспен қамтылды. 2023 жылы ауданда 3 992,5 млн теңгеге 61 жаңа шағын және орта бизнес нысандары ашылып, 286 адам жұмыспен қамтылды. Шағын, орта бизнестен 2023 жылы 12,2 млрд теңге салық түсіп, өсім 47,8 пайызға артты. Бұл жалпы салық көлемінің 31,3 пайызын құрады, – деген Ертай Нұрмаханов баяндамасында білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй, ауызсу, құрылыс, туризмнің дамуы және сол салалардағы шешімін күткен мәселелерді де қамтыды.
– Аудандағы 87 мектептің 66-сы типтік, 18 мектеп бейім-делген ғимаратта орналасқан, 25 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. 2023 жылы Есік қаласында 1500 орындық мектеп пайдалануға берілді. Одан бөлек 4 мектептің құрылысы жүргізілуде. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасының аясында 2023-2025 жылдары ауданда 10 мектеп бой көтереді.
– 2023 жылы 7 ауылда тұр-ғын үймен біріктірілген учаске-лік полиция пунктері қолданысқа берілді. Қаракемер ауылына және 14 елді-мекенде тұрғын үймен біріктірілген учаскелік полиция пунктері құрылысына жобалық құжаттамалары әзір-ленуде. 2024 жылға құрылыс жұмыстарының көлемін 49,7 млрд теңгеге, пайдалануға берілетін тұрғын үйдің ауданы 68,8 мың шаршы метрге жеткізу жоспарланды. Халықты сапалы ауызсумен толықтай қамтамасыз ету мәселесі ауданда басты назарда. 2023 жылы 7 ауылда сумен қамту жүйелерінің құрылысы жүргізіліп, құрылыс жұмыстары 2024 жылға ауыспалы. Одан бөлек 2024 жылы су құбырларын жаңғырту жұмыстарын жүргізуге жаңа 6 жобаға қаражат қарастырылды, – дейді аудан әкімінің орынбасары Ертай Нұрмаханов.
Өз кезегінде Ертай Сұлтан-әліұлы электр желілерін қалпы-на келтіру, газдандыру, интернет желісімен қамтамасыз ету, автомобиль жолдарын жөндеу, әлеуметтік қолдау, мәдениет және спорт саласында атқарылған жұмыстар мен қолға алынатын жобаларды да атап өтті.
Жиналысты қорытындылаған облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев ауданымыздың туристік әлеуеті жоғары екенін ескеріп, осы жолда көптеген жобалар мен нақты қадамдар жасалу қажет екенін айтты.
– Облыс бойынша жалпы сомасы 288 млрд теңгені құрайтын 1 033 мәселелер тізбесі әзірленді. Еңбекшіқазақ ауданы бойынша 255 пробле-малық сұрақ бар. Бүгінгі күні 31 мәселе шешілді, 131-і орындалу барысында. Бұл проб-лемалық мәселелер Жол картасына сәйкес кезең-кезеңмен шешімін табады – деді Марат Сұлтанғазиев.
Ринат НАРХАНОВ.