Дүйсенбі, 20 Қаңтар 2020 08:31

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

АТАУЛЫ КҮН

Әзербайжанда бүкілхалықтық аза тұту күні 1990 жылы 00 сағат 20 минутта КСРО-ның басқа өңірлерінен келген совет әскері Әзербайжан КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының келісімінсіз Баку қаласына баса-көктеп кіріп, КСРО және Әзербайжан КСР Конституцияларын, сондай-ақ республиканың егемендігі туралы Конституциялық заңды өрескел бұзды. Қарулы акция салдарынан жүзден астам бейбіт тұрғын, негізінен әзербайжандар қаза тапты. Қайғылы оқиғалардың себептері мен салдарын тексеру жөніндегі республикалық комиссияның деректеріне сәйкес, 131 адам қаза тауып, 744 адам жараланған. Сол күн «Қаралы қаңтар» деген атпен Әзербайжан тарихында қалды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1919 жылы қазіргі Алматыда Жетісу жыршы-ақындарының слеті өтті. Оған халық ақыны Жамбыл Жабаев та қатысты.

1932 жылы Қазақ Өлкелік Комитетінің ІІІ Пленумының Қаулысымен «Советская степь» газеті «Казахстанская правда» болып өзгерді.

1984 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен «Қазақ КСР-інің халық жазушысы» құрметті атағы бекітілді. Құрметті атақты алғашқылардың бірі болып Ғабит Мүсірепов, Дмитрий Снегин, Тұрсынхан Әбдірахманова иеленді. 1999 жылдан бастап «Қазақстанның халық жазушысы» атағын беру тоқтатылды.

1994 жылы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Галс» телехабар таратудың алғашқы ғарыштық қондырғысы ұшырылды.

1994 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстанның мамандандырылған коммерциялық жинақ банкі Халық банкі болып қайта құрылды.

1996 жылы Қазақстанның екі палаталы Парламенті – заңнамалық қызметтерді атқаратын Қазақстан Республикасының жоғары өкілетті органы өз жұмысын бастады

2009 жылы «Қазпошта» АҚ Екінші Ұлттық халық санағына арналған пошта конвертін айналымға шығарды. «Kazpost» таңбалы конвертте Екінші ұлттық халық санағының белгісі мен «Елтаңба» стандартты пошта маркасы басылған. Көлемі 220 х 110 мм-лік конверт - 1 миллион дана.

2010 жылы Ақордада ядролық қаруды таратпау жөнінде ҚР Президенті жанынан құрылған Комиссияның алғашқы отырысы өтті. Мәжіліс барысында ядролық қаруды таратпау, Қазақстанның осы саладағы халықаралық серіктестіктері мен Вашингтонда өтетін саммитке қатысатын Қазақстан делегациясының дайындығы талқыланды.

2010 жылы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Болат Сембиновтың басшылығымен қазақстандық делегацияның Брюссельге сапары барысында «НАТО+Қазақстан» форматында отырыс өтті, онда НАТО-мен Қазақстан әріптестігінің жеке іс-қимыл жоспарының (ӘЖІЖ) екінші циклі мақұлданып, қабылданды.

2012 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан сайланған, үш партия өкілдері енген V шақырылымдағы ҚР Парламентінің бірінші сессиясын ашты. 2012 жылдың 15 қаңтарында болған кезектен тыс сайлауда үш саяси партия: «Нұр Отан» ХДП, «Ақ жол» партиясы мен Қазақстанның ұлттық коммунистік партиясы жеткілікті дауыс жинап, Парламент Мәжілісіне өтті.

2015 жылы соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі, қаһармандығы мен қайсарлығы үшін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «1941 – 1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл» бірыңғай мерекелік медалі туралы» Жарлыққа қол қойды. 2016 жылы Алматыда Мұрат Мұтырғановтың цирк студиясы ашылды. ҚР Тұңғыш Президент Қорының арқасында аз қамтылған отбасылардың балалары цирк студиясында тегін білім алады.

2018 жылы Қазақстан Республикасы мен Франция Республикасы Абай мен Жюль Верннің құрметіне «Абай-Верн» стипендия бағдарламасын бекітті. Бұл бағдарламаны Франция үкіметі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен бірлесіп қаржыландыруда. Бағдарлама жыл сайын 100 стипендия тағайындайды.

2018 жылы әлемдегі ірі кітапханалардың бірі – Нью-Йорк кітапханасында Қазақ әдебиеті мен мәдениеті орталығының салтанатты ашылуы өтті.

2019 жылы Мәскеудегі Третьяков галереясында «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмінің арнайы көрсетілімі болды. Тарихи жобаның авторы - ҚР Президенті Н. Назарбаев. Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Centaurus Rustem Abdrashev production» ЖШС-ның қатысуымен түсірілген. Фильм сценарийін жазушы Смағұл Елубай Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының желісі бойынша дайындаған. «Алмас қылышты» түсіруге екі жыл уақыт кеткен.

2019 жылы Қазақстан алғаш рет Германияда өткен ауқымды халықаралық ауылшаруашылық көрмесіне қатысты. Оған әлемнің 65 елінен 1700 компания қатысты. Еліміз отандық 10 ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілердің өнімін таныстырды. Олар жақсы дайындықпен барып, Берлинде өнімнің түр-түрін көрсетті. Жент,құрт және халуадан бастап танымал қазақстандық шоколадқа дейін. Тәттіден бөлек түйе сүті мен балық әкелінді. Бірақ көпшілік бие сүтінен жасалған шоколадқа таңданды. Қант пен трансмай қосылмаған өнімді шетелдіктер бірегей деп танып, рахаттана дәмін татты.

Дереккөз: https://www.inform.kz/

Өткен жылы атқарылған жұмыстар аясында 2000-ға жуық борышкер жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Әділет вице-министрі Алмат Мадалиев мәлім етті.

«Жеке сот орындаушыларының рейтингі енгізілді. Енді азаматтар министрлік немесе Республикалық палата сайттарында ең тәжірибелі және білікті сот орындаушысын таңдай алады», - деп тоқталды вице-министр ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде. Оның сөзіне қарағанда, берешектерді төлеу бойынша сервис қамтамасыз ету шараларын, оның ішінде шетелге шығуға шектеуді автоматты түрде алып тастай отырып жұмыс істейді.

Сервисті іске қосқан сәттен бастап 108 мың борышкер жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам қарызын төледі. Бұл борышкердің сот орындаушысымен байланыс жасау қажеттігін жоққа шығара отырып, іс жүргізу шешімдерінің жеделдігін арттыруға мүмкіндік берді.

«Алимент өндіру бойынша жағдай айтарлықтай өзгерді. «Алимент өндіріп алудың тиімді жүйесін құру бойынша 30 қадам» іс-шаралар жоспары бекітілді және іске асырылуда. Министрлік әкімдермен және Республикалық палатамен бірлесіп алимент өндіру мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарды іске асыруда. Онда борышкерлерді жұмысқа орналастыру мәселелері қамтылған», - деді А. Мадалиев. Оның айтуынша, өткен жылы атқарылған жұмыстар аясында 2000-ға жуық борышкер жұмысқа орналастырылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде проблемалық алименттер санын азайтуға қол жеткізілді. Егер 2018 жылы олардың саны 25 мыңға жуық болса, 2019 жылдың қорытындысы бойынша 13 мыңға дейін азайды. «Әрине, мұндай құжаттардың орындалуы әлі де жоғары деңгейде емес және біз олардың орындалу сапасы мен уақтылығын бақылауды жалғастырамыз», - деді вице-министр.

Жұма, 17 Қаңтар 2020 14:15

Рухани кемелдену кілті

«Жаңғыру – өткеннен қол үзіп, тек жаңа құндылықтарға жол ашу деген сөз емес. Шын мәнінде бұл – ұлттық мұраларымызды бүгінгі оң үрдістермен үйлестіре дамытуды көздейтін құбылыс. Бұл ретте, біз Абайды айналып өте алмаймыз. Себебі, ұлы ойшыл осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырған» дейді Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында. Әлбетте, Абай – халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз, оның өлмес мұрасын алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту – біздің ғұмырлық парызымыз.

Шындығында, Абайдың туғанына 175 жыл уақыт өтсе де, оның еңбектері халық жадында сайрап, оған нұрлы өмірге жол көрсетіп тұр.

Абай есімі мәңгі ұмытылмайды. Абай ілімдері бір ғасырдан аса уақыт бойы өсіп-өніп, ұлттық әдебиетімізді, мәдениетімізді, бүкіл рухани өмірімізді көркейтуде. Абайдың тамаша  дәстүрлері қазір жаңа мазмұнға ие болып, кейінгі толқынға өнеге болып, ілгері дамытуы арқылы толысып келеді.

Қай халықтың болмасын мақтан тұтар асылдары мен ардақтылары аз болмаған. Қазақ халқының тарихында да ойшыл, кемеңгер ұлт мақтанышына айналған небір биік тұлғалар өткен. Сондай шоқтықты шоғырдың арасынан Абай есімі, Абай тұлғасы айрықша дараланып тұратыны анық. Көрнекті қазақ ақыны Мұзафар Әлімбаев: «Абайы бар елдің бақ-талайы бар, Абайсыз бізді өзгелер қалай ұғар?!» – деген сөзі-ақ халқымыздың маңдайындағы күні, таңдайындағы үні болған теңіздей терең данышпан бабамыздың керемет құдіретін жеткізіп тұрғандай. Біртуар қайталанбас тұлғаның ойға сыймас, қыр-сыры мол дүние. Абай – ұлттық мәдениетіміз бен тарихымыздағы ерекше, шын мәніндегі жаңашыл тұлға. Абай қамтымаған сала (тақырып)  жоқ сияқты. Поэзия, өнер, философия, дін, тарих, музыка, этика, педагогика т.б салалар. Абайды әлемге танытқан заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов: «Абай – дария. Мен одан шөмішпен қалқып алдым» – деген болатын әйгілі «Абай жолы» романының жазылуы  туралы. Сондай дариядан барынша сусындаған жастан болашақта үлкен үміт күтуге болады. Демек, жастарды тәрбиелейтін әрбір орындарда  ұлы ақын мұраларын оқып-үйреніп, оны басшылыққа алып отыру маңызды. Міне, осындай баға жетпес Абай мұрасын, Абай сөзін өрелі салт-санамызды қалыптастыруда, әсіресе, кітапханаларда, мектептерде, басқа да жерлерде маңызы зор.

«Көкірегі сезімді тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін» – деп Абай атамыз мақсат еткендей, «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында да биылғы жылға көпшіліктің оқуы үшін М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы түсіп отыр. Кітап – ұрпақтарға әсер етуші құдіретті құрал. Осы құралдың күші арқылы Абайдың әр жанрдағы шығармасы жастардың, жасөспірімдердің бойына ізгілік, адамгершілік, сұлулық сияқты асыл қасиеттерін қалыптастырады. Сондай-ақ бүгінгі қазақ кім? Мұны тану үшін кешегі қазақты білу шарт. «Тамыры жоқ ағаш, тарихы жоқ халық болмайды». Әуезов өзінің төрт томдық «Абай жолы» арқылы күллі әлемге, керек десеңіз тіпті, қазақтардың өзіне қазақ дегеннің кім екенін танытты.

Қорыта келе, Абайды тану арқылы біз өз болмысымызды танып, болашағымызды бағдарлаймыз. Бүгінде Абай есімі жеткілікті деңгейде ұлықталып жатыр. Бірақ оның шығармаларымен жаңғыру деңгейіне әлі жете қоймадық. Міне, осыны мақсат еткен Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы рухани кемелденуіміздің кілті болды.

ХХІ ғасырда кез келген қоғамның парқын, түптеп келгенде, адам сапасымен өлшеу үрдісі бірінші орынға шығып отыр. Бұл ретте Абай армандаған «Бүтін адам», Абай көксеген «Толық адам» тұжырымдамасы ең озық идея ретінде бүгінгі зерделі оқырманды да бей-жай қалдырмайды. Данагөй ақынның терең ойлары мен асыл сөздері, өлеңдері мен қара сөзері қай заманда болмасын жақұттай жарқырап, көкіректерге нұр болып құйыла берері хақ. Оның мұрасы жаңа ұрпақпен бірге жасай береді.

 

 

Г.САУРЫҚОВА,

 аудандық кітапхана қызметкері

Жұма, 17 Қаңтар 2020 14:12

Қоғамдағы заңның орны ерекше

Заң – адамзаттың өзара қатынасын реттейтін, түрлі қылмыстық әрекеттерді тізгіндейтін аса маңызды қағидаттар жинағы десек, елдің дамуы үшін де аталған заңның алар орны ерекше. Сол үшін жыл сайын заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп отырады. Кейбір баптар ескірсе,  кейбірі жетілдіруді қажет етеді.

Жақында ауданымызға ҚР Парламент Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Волков Владимир Васильевич арнайы іс-сапармен келді. Мақсаты – заңнамаға енген өзгерістер мен толықтыруларды жеткізу және ұсыныстарды тыңдау. Аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов бастаған топ алдымен аудандық прокуратураға ат басын бұрды.  Мұнда заңның негізгі функциялары мен оған енген өзгерістер сөз болды. Мысалға, биылғы жылдан бастап істің сотсыз шешілуін қамтамасыз ететін медиация яғни, екі жақтың өзара келісімі көп жағдайда қолданылмайды. Себебі, бұрын мал ұрлап ұсталған ұры мал иесіне құн төлеп жауапкершіліктен босатылып кететін. Сөйтіп, қайта барып ұрлық жасайтын. Ендігі, ұрлық жасап қолға түссе бірден жаза кесіледі. Сондай-ақ, кейбір заңдағы баптардың бір-біріне қайшы келетін тұстары да айтылды. Айталық, аудан аумағында жыныстық қатынасқа жастардың ерте жастан түсу фактілері көптеп тіркелген.

Халқымыз үшін «ар» мен «абырой» дейтін аса маңызды құндылықтардың белінен басып, бесіктен шықпай жатып бетімен кеткен жастар 14 пен 15 жас аралығында. Ал заң 16 жасқа толмаған тұлғаларға қарсы қандай да бір жыныстық іс-әрекеттерді қолдануға тиым салады. Бұл орайда кейбір өзге ұлт өкілдерінің қыз баласын 14-15 жасынан ұзатып жіберетін дәстүрі барын ескерсек,  заң мен салт бір-бірімен қабыспай тұр. Заң сақшылары заң шығару барысында халықтың салт-дәстүр ерекшеліктерін ескере жүрген абзал екендігін жеткізді. Сонымен қатар, өзара келісім арқылы жыныстық қатынасқа түскен жастардың жауапкершілік салмағын көбіне жігіт арқалап, сотты болып кете баратын тұстарын да сөз етті сақшылар. Осы жауапкершілікті екеу ара бөліп, жазаны қыз да тартатындай заң қабылдау қажеттігін жеткізді. Бұл орайда халқымыздың «құнажын көзін сүзбесе, буыршын жібін үзбейді» дейтін мақалы мәселенің маңызын ашып тұр. Сондай-ақ, аудан тұрғындарының басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысатындықтан, мал ұрлығы мәселесі де күн тәртібінен түспей тұр.  Мал құжаттарын түгендеп ұстауға салғырт қарайтын тұрғындар,  тексеріс барысында қолдағы малдың қайдан келгенін айтып бере алмайды. Бәйдібек би ауылында орналасқан мал базарына әр жексенбі аудан, тіпті, облысты қойып Шығыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан мал тасымалданады. Ондағы ірі-қара, ұсақ малдың ұрлық жолымен келмегенін анықтау мүмкін болмай отырғандығын жеткізді заң қызметкерлері. Бұл орайда аудан прокурорлары аудан әкімдігімен бірлесіп жасаған  мал ұрлығын тоқтатуға арналған пилоттық жоба ұсынды. Онда мал терісіне алты таңбалы сан соғу және мал иесінің таңбасын басу арқылы шығу тегін анықтау мүмкіндігі қарастырылған. Ол дегеніміз кәдуілгі көліктің шанағына соғылатын VIN-код  іспетті болмақ. Бұл арқылы біз көліктің қазіргі және бұрынғы иесін анықтай алатын болсақ, мал терісіне соғылған алты таңбалы сан және басылған таңба малдың тіпті сойылып кетсе де терісі арқылы тегін тексеруге мүмкіндік бермек. Осыдан кейін кезекті жиын аудандық полиция басқармасында өтті. Халық қалаулысын жеке құрамға Алматы облыстық полиция департаментінің міндетін атқарушы полиция полковнигі Жүнісбеков Серік таныстырды. Мұнда да заңға енген өзгерістер мен қылмыспен күрес мәселелері сөз болды. Тоқтала кететін жәйт, ендігі көліктерді себепсізден себепсіз тоқтатуға тиым салатын заң шығарылмақ. Бұл депутат сөзі. Өз кезегінде Серік Жүнісбеков  көлік тоқ-татылған жағдайда патрульдік полиция қызметкері қойған талаптарды орындамай, құжаттарын ұсынудан бас тартып, тіпті, балағаттап, ұялы телефонға түсіріп оны әлеуметтік желіге жүктеп жіберетін жү-генсіз жүргізушілерге қарсы жазалайтын заң қабылдауды ұсынды. Сондай-ақ, жолды белгіленбеген жерден кесіп өтетін жаяу жүргіншілерге де қатаң жаза қолдану жоспарлануда. Себебі, ол өз өмірін қатерге тігіп қана қоймай, сонымен қатар көлік жүргізушілерін де, жақындарын да ыңғайссыз жағдайға қалдыратындығын жеткізді. Келелі жиын соңында халық қалаулысы аудандық полиция басқармасының жеке құрамымен естелік ретінде суретке түсті. Іссапар ауданаралық көпсалалы ауруханада жалғасын тапты. Емхана меңгерушісі Абеуова Жамиля халық қалаулысын заманауи форматтағы халыққа қызмет көрсету сапасымен және жабдықтармен таныстырды. Емхана ішін емін-еркін аралап көрген сенат депутаты тұрғындар денсаулығы үшін күндіз-түні көз ілмейтін ақ халатты абзал жандарға қызмет сапасын әрмен қарай жақсарта беру жолында сәттілік тіледі.

 

Әділет САРЫБАЙ

Жұма, 17 Қаңтар 2020 13:57

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

Бүгін - Балалар өнертабысы немесе Өнертапқыш балалар күні

Бұл күн АҚШ-тың әйгілі өнертапқышы, мемлекет қайраткері, ғалым, журналист Бенджамин Франклиннің туған күніне орай таңдалған. Ол өзінің ең алғашқы өнертабысы - жүзуге арналған қол жарғақты 12 жасында ойлап тапқан екен.

1960 жылы қазақ тіліндегі республикалық «Білім және еңбек» ғылыми танымдық журналының алғашқы саны жарыққа шықты. Алғашқы редакторы – Камал Смайылов. 1989 жылдан «Зерде» деген атауымен шығып келеді. Журнал өз оқырмандарын, оның ішінде жастар мен жасөспірімдерді отандық және әлемдік ғылым мен білім саласындағы жаңалықтармен таныстырып келді. Қазақ басылымдарының ішінен алғаш рет әл-Фараби туралы мақала осы журналда жарияланды. Абылай хан мен Әбілхайыр ханның суреттері де тұңғыш рет осы журналда жарық көрді.

1992 жылы Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Заң қабылдады.

2006 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің 10 жылдық мерейтойына арналған пошта маркаларын «Қазпошта» АҚ айналымға шығарды. Пошта маркасында Парламенттің 10 жылдық мерейтойының ресми символикасы Қазақстанның туын бейнелейтін көгілдір түсте бейнеленген. Маркалардың номиналы - 50 теңге, тиражы - 50 мың дана. Суретшісі - Данияр Мұхамеджанов.

2010 жылы Астанада Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирилл жаңадан салынған Успен кафедралдық соборын дәріптеу рәсімін өткізді. Успен кафедралдық соборы Астанада Қасиетті Успения құдай-ананың құрметіне салынды. Бұл соңғы онжылдықтағы Орталық Азияда тұрғызылған алғашқы кафедралдық храм. Храмға бір мезгілде төрт мың адамға дейін сыяды.

2011 жылы Жуалы ауданындағы халық жазушысы, аңызға айналған қолбасшы-батыр Бауыржан Момышұлының мұражайына батырдың жеке заттары тапсырылды.

2012 жылы ҚР Ұлттық банкі Қазақстандағы VII қысқы Азия ойындарына арналған 2000 теңге номиналындағы банкноттарды айналымға енгізді.

2012 жылы Жамбылдық суретші Айдархан Сихаев Тараздағы ең биік мүсінді қашап жасады. Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың өшпес махаббатына арналған ескерткіштің биіктігі бес метрді құрайды, мүсін қола жалатылған бетоннан жасалды.

2014 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайында халыққа жыл сайынғы Жолдауын жариялап, онда «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру мәселелері айтылды.

2015 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Әлем университеттері консорциумының (WUC) толыққанды мүшесіне айналды. Әлем университеттері консорциумы ғаламның жетекші ЖОО-лары мен ғылым мен білім беру саласындағы халықаралық ұйымдарды біріктіреді. Айта кетерлігі, әр мемлекеттен тек бір ғана университет WUC мүшесі бола алады.

2017 жылы Bloomberg агенттігінің сарапшылары әлемдегі инновациялық экономикасы дамыған елдердің рейтингін жасады. Онда Қазақстан 45,56 тармақтық көрсеткішпен 48 орын алды. Айта кетерлігі, Қазақстан бұл рейтинг тізіміне енген Орталық Азиядағы жалғыз мемлекет болды.

2018 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған ресми сапарының аясында ғарыш саласында Жерді қашықтықтан зондтау бойынша ғарыш технологияларын қолдану және кеңістіктегі мәліметтер инфрақұрылымын дамыту саласында өзара тиімді ынтымақтастыққа бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойылды.

2019 жылы Түркістан облысының тарихи және қасиетті орындары туралы альбом-кітаптар жарыққа шықты. Авторлық ұжым Түркістан облысының тарихи-киелі орындары туралы ақпаратты жинақтап, қорытындылауды мақсат еткен. «Оңтүстіктің қасиетті орындары: аңыз-әпсаналар» кітабы оқырмандарға белгілі тарихи фактілер мен оқиғаларды кеңінен түсіндіретін ақпарат алуға мүмкіндік береді. Ұсынылған кітаптар жақсы суреттелген, кең ауқымды оқырмандар қауымына арналған және үш тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде шығарылған.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz

  Білімді жастың білігін арттыруға керегі - тәжірибе. Осы тұрғысында мемлекет жас түлектердің танымын кеңейтуге бағытталған кезекті бағдарламаны іске асырғанына 10 жылға жуық уақыт болды.  Ол-«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы. 

 Қазіргі таңда жұмыссыздықпен күрес жүргізу жаппай белең алуда. «Екі қолға - бір күрек» табылмаудың сыры жемқорлықта деседі.  Осыған орай, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) "Жетісу-адалдық алаңы" жобалық кеңсесімен бірлесе Алматы облысында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасын жүзеге асыру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізген.

Аталған зерттеу шараларының қорытындысымен «Jetisy Media» ақпараттық алаңында сала мамандары бөлісті. Ресми деректерге сәйкес, 2018 жылы Алматы облысында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының сомасы 459,3 млн. теңге болса, ал 2019 жылы бөлінген бюджет қаражатының сомасы 599,2 млн. теңгені құрады.

2019 жылы Алматы облысында «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша өткен 1875 адамның 159–ы мемлекеттік органдарға, басқа ұйымдарға  - 402 адам жұмысқа орналасты.

Яғни, 2019 жылы жастар тәжірибесінің қорытындысы бойынша 29.92% жұмысқа орналасты, ал 70.08% әлі де жұмыссыздар болып табылады.

 Басым көпшілігінің әдеттегідей жұмыссыз қалуын  «Жетісу-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Аманжол Тоқтарұлы былай түсіндірді.

 Оның сөзіне сенсек, жас маман жұмыспен қамту орталығына барып,  «жастар тәжірибесімен» жұмысқа тұруға келісім шарт жасағаннан кейін белгілі бір мекемеде 6 ай көлемінде қызмет атқарып, мерзімі жеткеннен соң ізім-ғайым жоғалып кететінге ұқсайды. Себебі, оның қайда кеткенін тәжірибеден өткізген мекеме басшылығы да,  жолдама берген жұмыспен қамту орталығының мамандарыда білмейді. Бұл бірінші себеп болса, екіншісі, бос орын болса да жарты жыл қызметтің табалдырығын тоздырған түлекті емес, сырттан келген адамға жұмыстың тізгінін ұстатуы. Ал, үшіншісі ол тәжірибеден өтуші жастың өзінің ерік-жігерінің, бәсекеге қабілеттігінің болмауы.

Аталған кемшіліктерді ретке келтірудің  бірнеше тәсілін Аманжол Жазықбаев атап өтті. Мәселен, жолдама бермей тұрып жас түлеке құзіреттілік тестін тапсыртқызып оның қай салаға икемділігі бар екенін анықтау қажет. Одан кейін  тәжірибеден өту мерзімін 12 айға дейін ұзарту керек. Содан соң  бос жұмыс орны болған жағдайда іс-тәжірибеден өткен маманды кандидат ретінде ұсынған жөн.  Және де заңға сәйкес 3-ші этаппен жұмысқа қабылдау керек. Міне сонда ғана барлығының оң шешімі табылатынға ұқсайды.

Басшы мырзаның сөзін мониторинг қорытындылары да дәлелдеп береді. Назар салатын болсақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг аясында Алматы облысының 200 түлегі жасырын әлеуметтік сауалнамаға қатысқан. Сауалнама көрсеткендей, «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша өткен 132 түлек тұрақты жұмыс таба алмай, олардың 32-і мемлекеттік қызметке орналасып, ал 36-ы кәсіпкерлік саласына кеткен.

Сауалнамаға қатысқан 86 түлек «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жұмыс мерзімі 6 ай өте қысқа екенін атап өткен.

Еңбек жолын жаңа бастаған маманға таптырмас мүмкіндік беретін бағдарлама төңірегіндегі бар шындық осындай. Қазақ «саусақ бірікпей, ине ілікпейді» деген. Баршаны толғандырған мәселенің түйінін тарқатуға қоғам болып ат салысқан дұрыс. Дарындылардың даралануына кезекті мәрте мүмкіндік беріп, бәз біреуге емес, қызметке ілінемін деп талмай еңбек еткендерге қолдау көрсету қажет.

Департамент Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции по Алматинской области совместно с проектным офисом «Жетісу-адалдық алаңы» провел антикоррупционный мониторинг сферы реализации молодежной практики в Алматинской области, результы которого были озвучены на брифинге на площадке КГУ «Jetisý media».

Как установил мониторинг, на сегодняшний день, государственные меры содействия занятости имеют упущения, что в свою очередь создают административные барьеры и коррупционные риски в данном направлении.

«Согласно пункту Правил организации и финансирования молодежной практики, участие выпускников в молодежной практике допускается один раз в двенадцатимесячный период и осуществляется в порядке очередности согласно дате регистрации в качестве безработных. Тогда как, на практике данная очередность ведется в бумажном виде, отсутствует единая база, к которой имели бы доступ все выпускники вузов. Кроме того, документы принимаются нарочно, что в свою очередь свидетельствует о «прямом контакте», который может привести к коррупционному факту. Выпускник, принятый на молодежную практику, может быть принят на постоянную работу до окончания срока заключенного трудового договора. Вместе с этим, отсутствуют основания для отказа в приеме документов, что в свою очередь также создает почву для возникновения коррупции. Продолжительность молодежной практики – до 6 месяцев. В данном случае, термин «до 6 месяцев» создает условия для коррупции, поскольку работодателю дается возможность поставить срок прохождения молодежной практики на свое усмотрение», - рассказал первый заместитель руководителя Департамента Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции по Алматинской области, Жандос Жумабаев.

Стоит отметить, что в рамках антикоррупционного мониторинга был проведен анонимный социологический опрос, охвативший 200 выпускников Алматинской области. Опрос показал, что 132 выпускника, проходившие молодежную практику на сегодняшний день так и не нашли постоянную работу, 32 из них устроились на государственную службу, а 36 ушли в сферу предпринимательства.

«98 опрошенных отметили, что их основная специализация не соответствует месту прохождения практики, то есть многие из них являясь дизайнерами, повар-кондитером, инженером, машинистом, связистом, дефектологом проходили молодежную практику в государственных учреждениях. 172 опрошенных выпускника отметили, что в период

прохождения молодежной практики конкретно по своей специализации не занимались, а выполняли иные работы (ксерокс, печатание текстов, подшивка документов). 86 опрошенных выпускников отметили, что срок прохождения молодежной практики, то есть 6 месяцев является слишком коротким. 45 опрошенных молодых специалиста отметили, что уже повторно по 2 разу проходят молодежную практику», - отметил руководитель проектного офиса «Жетісу-адалдық алаңы»,  Аманжол Жазыкбаев.

Департамент Агентства Республики Казахстан по противодействию коррупции (Антикоррупционная служба) по Алматинской области совместно с проектным офисом «Жетісу-адалдық алаңы» провел антикоррупционный мониторинг сферы реализации молодежной практики в Алматинской области.

Нужно отметить, что сегодня государство стремится упорядочить те меры, которые направлены на решение вопросов занятости молодежи. В стране действуют несколько программ, например, "Жасыл ел", Молодежная практика. Кроме этого, действуют Молодежные ресурсные центры, которые помогают молодым в поиске работы. Но, несмотря это, как показывает наш мониторинг, трудоустройство остается проблемой №1 для казахстанской молодежи.

Новые инициативы, которые озвучены Президентом, призваны заострить внимание госорганов к этой проблеме, а также повысить эффективность уже действующих программ.

Но, несмотря на это, к сожалению, сегодня государственные меры содействия занятости имеют систематические «промахи» и определенные упущения, что в свою очередь создают административные барьеры и коррупционные риски в данном направлении.

В число безработных попадают одни и те же люди, которые не могут трудоустроиться, в основном это молодые специалисты, не имеющие опыта работы.

Молодые специалисты не могут трудоустроиться, они вынуждены работать временно и после снова становиться безработными.

 

ПРОБЛЕМЫ ПРОХОЖДЕНИЯ МОЛОДЕЖНОЙ ПРАКТИКИ

Из года в год казахстанские выпускники вузов и колледжей сталкиваются с одной и той же проблемой - трудоустройство.

В свете этого проект «Молодежная практика» в рамках государственной программы «Дорожная карта» для них является возможностью, чтобы получить первичный трудовой опыт.

На «Молодежную практику» имеют право принимать организации различных форм собственности: и бюджетные, и коммерческие. Также предоставляется возможность по этой программе занятости переобучиться на более востребованную на рынке труда специальность или пройти переподготовку в рамках «Дорожной карты».

На сегодняшний день, в основном в деле занятости выпускников проявили активность именно государственные органы: акиматы, управления полиции, юстиции, налоговые управления, центры облуживания населения.

 

СТАТИСТИКА

Согласно статистическим данным в 2018 году сумма выделенных бюджетных средств на реализацию молодежной практики в Алматинской области составила 459, 3 млн., тогда как в 2019 году сумма выделенных бюджетных средств составила 599, 2 млн.

в 2019 году в Алматинской области из 1875 человек прошедших молодежную практику в государственные органы устроились 159 человек ( в которых они проходили практику), в иные организации (гос.органы, ИП,ТОО,КХ) трудоустроились – 402 человека.

 

АНОНИМНЫЙ СОЦИОЛОГИЧЕСКИЙ ОПРОС

В рамках антикоррупционного мониторинга был проведен анонимный социологический опрос, охвативший 200 выпускников (молодых специалистов) Алматинской области. Опрос показал, что 132 выпускника, проходившие молодежную практику на сегодняшний день так и не нашли постоянную работу, 32 из них устроились на государственную службу, а 36 ушли в сферу предпринимательства.

98 опрошенных отметили, что их основная специализация не соответствует месту прохождения практики, то есть многие из них являясь дизайнерами, повар-кондитером, инженером, машинистом, связистом, дефектологом проходили молодежную практику в государственных учреждениях.

172 опрошенных выпускника отметили, что в период прохождения молодежной практики конкретно по своей специализации не занимались, а выполняли иные работы (ксерокс, печатание текстов, подшивка документов).

86 опрошенных выпускников отметили, что срок прохождения молодежной практики, то есть 6 месяцев является слишком коротким.

 

Вместе с тем, в рамках опроса выпускники обозначили и свои предложения, так некоторые выпускники предложили, чтобы по итогам прохождения практики при наличии вакансии они имели первоочередное право на эту вакансию, некоторые же предложили, чтобы эту процедуру полностью автоматизировали.

В рамках опроса, выпускники обозначили и свои недовольства. По словам молодых специалистов, изначально при приеме документов и при выборе места, где будет проходиться молодежная практика выпускникам приходиться «упрашивать», чтобы включили в список и направили в тот или иной государственный орган.

В период прохождения самой молодежной практики, молодые специалисты по большей степени не набираются профессионального опыта,

так как ведут работу «курьера», «подай – принеси», работы по ксерокопированию и тд.

Кроме того, после окончания молодежной практики молодые специалисты должны предоставить в государственный орган справку, подтверждающий документ о трудоустройстве, независимо от того, это государственный орган или иные организации.

В данном случае, создается «мнимое» представление о реальном трудоустройстве молодых специалистов.

То есть на практике, это может выглядеть следующим образом: выпускник со специальностью «местное государственное управление» проходит молодежную практику в государственном органе, а после окончания вследствие временного рабочего места, уходит работать в частный сектор.

Или же, как установил мониторинг, выпускник с дипломом дизайнера проходит молодежную практику в сельском акимате одного из районов Алматинской области, а после окончания молодежной практики не может найти работу, поскольку профессия не востребована.

 

ВЫЯВЛЕННЫЕ НЕДОСТАТКИ И ПРОБЛЕМЫ В ДАННОЙ СФЕРЕ

Антикоррупционный мониторинг также выявил коррупционные риски в нормативных правовых актах, которые регулируют данную сферу.

На практике очередность на молодежную практику ведется в бумажном виде, отсутствует единая база, к которой имели бы доступ все выпускники вузов. Кроме того, документы принимаются нарочно, что в свою очередь свидетельствует о «прямом контакте», который может привести к коррупционному факту.

По инициативе работодателя выпускник, принятый на молодежную практику, может быть принят на постоянную работу до окончания срока заключенного трудового договора.

Вместе с этим, отсутствуют основания для отказа в приеме документов, что в свою очередь также создает почву для возникновения коррупции.

Согласно вышеуказанных Правил, на молодежную практику направляются безработные в возрасте не старше 29 лет в течение 3-х лет после завершения обучения.

Продолжительность молодежной практики – до 6 месяцев.

В данном случае, наличие термина «до 6 месяцев» создает условия для коррупции, поскольку работодателю дается возможность поставить срок прохождения молодежной практики на свое усмотрение.

Реализация программы «Молодежная практика» впервую очередь ставит перед собой цель, чтобы выпускник, только окончивший вуз на момент прохождения молодежной практики набрался впервую очередь практического опыта. Ведь по праву, это считается его первым официальным рабочим местом, где его должны обучить, где он должен укрепить свои

знания, полученные в вузе. Ведь, именно с этого момента складывается его представление, мнение и отношение к работе. Сегодняшние молодые специалисты – это завтрашние депутаты, министры, директора, учителя, врачи.

А на деле у нас выглядит другая картина, мы видим, что реализация этой программы отошла от качества и перешла к количеству, то есть сейчас просто идет гонка за показателями и цифрами, то есть, сколько молодежи проходит практику, а дальнейшая судьба и вопросы эффективности прохождения самой молодежной практики никто не задумывается.

 

По итогам проведенного мониторинга Проектный офис «Жетісу-адалдық алаңы» все предложения и рекомендации направит в Министерство труда и социальной защиты и населения РК, а также итоги мониторинга предоставит акиму Алматинской области.

Бейсенбі, 16 Қаңтар 2020 15:11

Келелі кездесулер

Жақында ауданымызға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, мемлекет және қоғам қайраткері Сауытбек Абдрахманов келіп, денсаулық сақтау, мәдениет және білім саласы қызметкерлерімен кездесті.

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен жиынға аудан басшысы Бинәлі Әбдіқапасұлы, облыстық Достық үйінің директоры Тәңірберген Қасымберкебаев, аудан әкімінің бірінші орынбасары Айбек Бидаев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, мектеп директорлары мен медицина қызметкерлері қатысты. Алғашқы болып сөз кезегін алған мәжілісмен жиылғандарды жаңа жылмен құттықтап, тарихи оқиғаларымен есте қалған ескі жылға тоқталып өтті.

– Өткен жыл мемлекетіміз үшін ерекше жыл болды. Елімізді осындай дәрежеге жеткізіп, дамуы жолында жетекші рөл атқарған Елбасы Н.Назарбаев өзінің өкілеттілігін тоқтатты. Осы тұста Нұрсұлтан Әбішұлының ұзақ жылдар бойы жүргізген жүйелі кадрлық саясаты өзінің жемісін беріп, Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы болып сайланды. Елбасы Қасым-Жомарт Кемелұлын Мәскеуде қызмет етіп жүрген жерінен елге алып келіп, сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындады. Кейіннен, министр болып, үкіметті де басқарды. Сенаттың төрағасы болып абыройлы еңбек етіп, өзінің дипломатиялық қабілетінің арқасында Біріккен Ұлттар ұйымы бас хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды. Әлемдік саясатта тәжірибе жинақтаған ол елге оралып, сенатқа төрағалық етті. Президенттің міндетін атқарып, сайлауда айқын басымдықпен жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Кемелұлы өткен жылда біршама игі істердің ұйытқысы бола білді – деген Сауытбек Абдрахманұлы қоғамдағы өзекті мәселелерді де тілге тиек етті.

Биылғы жылдың жағымды жа-ңалықтарының бірі – көпбалалы отба-сыларға төленетін жәрдемақы. Жыл басынан бері отбасының табысына қарамастан төрт немесе одан да көп балалары бар отбасыларға бала санына қарай 42 500 теңгеден  жоғары  жәрдемақы төленеді. Меніңше, бұл өте дұрыс шешім. Себебі, Түркістан облысында атаулы көмектің көлемі көбейтілген кезде облыс бойынша ажырасу көрсеткіші екі есеге өскен. Әрине, мұның барлығы мемлекеттен берілетін көмекке қол жеткізу үшін істеліп отыр. Адамдар атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін түрлі айла қолданып, табысын жасырды. Тіпті, сол үшін тұрақты жұмысынан шыққан азаматтар да жоқ емес. Алайда, осындай әрекеттердің басым бөлігі әшкере болды – деп, еңбектің наны тәтті екендігін жеткізді Сауытбек Абдрахманов.

Жиын барысында қоғамның өзекті мәселесі – латын әліпбиі де сөз болды. Мәжілісменнің айтуынша, латын әліпбиін зерттеп, жетілдіру Білім және ғылым министрлігі, оның ішінде, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл зерттеу институты тұрғанда Мәдениет және спорт министрлігіне берілген. Негізгі себеп, сол кездегі Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің қазақшаға шорқақтығы еді. Мұндағы фонетика, лексика, морфология сынды ғылыми мәселелер мәдениет пен спортты насихаттайтын мекемеге берілді. Осы күнге дейін үш нұсқасы ұсынылып, төртінші нұсқасы жасалу үстінде. Президенттің тапсырмасы бойынша, 2025 жылға дейін латын қарпіне ауысуымыз керек. Сондықтан ешқайда асығудың қажеті жоқ. Әлі де, әліпби бекітілген жоқ, жаңа нұсқа енгізілуі де ғажап емес. Осыны айтқан Сауытбек Абдрахманұлы латын әліпбиімен жазылған жер-су аттарының маңдайшалары әлі өзгертілуі мүмкін екендігін айтты.

Кездесу барысында ұлағат иелерінің де мәселесі көтерілді. Өткен жылдың тамыз кеңесінде Мемлекет басшысы ұстаздардың жалақысын алдағы төрт жылда екі есеге арттыруды тапсырған еді. Биыл жыл басынан ұлағат иелерінің айлығы 25 пайызға көтерілді.

Сауытбек Абдрахманов медицина саласында болып жатқан жаңалықтарға да тоқталып өтті. Жақында еліміз бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру іске қосылады. Қазіргі таңда Қарағанды облысында пилоттық жоба ретінде сынақтан өткізілуде. Сонымен қатар, көпшіліктің көкейінде жүрген вакцинация жайы да сөз болды. Сөзіне сүйенсек, былтырғы жылы екпе жасатудан бас тартатындар саны 2017 жылмен салыстырғанда 29,9 пайызға артқан. Ал оның 10 пайызы вакцинацияның сапасына сенімсіздік танытқан. Осыған орай, заңға өзгертулер енгізу көзделіп отыр. Заңдағы «балалар екпе алуға құқылы» деген тұсты «міндетті» деп ауыстыру мәселесі қарастырылуда.

Кездесу соңында аудан басшысы Бинәлі Әбдіқапасұлы ауданымыздағы білім мен денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталып, әлеуметтік мәселе оң шешімін тауып жатқандығын жеткізді. Қатысушылар сұрақтарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды.

Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесуде Сауытбек Абдрахманов ақын жерлесіміз жайлы естеліктерімен бөлісті. Қиын кезеңдерде Мәдениет министрінің орынбасары болған мәжілісмен сол тұста қиындықтарға төзіп, жалақы алмаса да мәдениетті сақтап қалған сала қызметкерлеріне алғысын жеткізді.

– Биылдан бастап ұстаздармен қатар мәдениет, театр саласы қызметкерлерінің жалақысы артады. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында үкіметке осындай тапсырма берген еді. Бұл біздің мәдениетімізге деген қамқорлық, сіздердің еңбектеріңіздің еленгені – деді.

Жиын соңында аудандық «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов Сауытбек Абдрахмановтың «Егемен Қазақстан» газетінде басшылық қызмет етіп жүрген кезеңінен сыр шертіп, ауданымызға алғаш рет ат басын бұрған әріптесіне алғысын жеткізді.

С.НҰРАДИН

Мемлекет басшысының Өкімімен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – «А» Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры болып тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды.

Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов 1967 жылы 7 қазанда Алматы қаласында дүниеге келді.

1991 жылы Алматы зооветеринар институтын бітірген.

2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің заң факультетін үздік тәмамдаған.

1985-1987 жылдары КСРО ҚК қатарында мерзімдік әскери қызметтен өтті.

1992 жылы ҚР Президенті Күзет қызметінің әскери қызметіне алынды. Қызметін ҚР Президенті жеке күзетінің әр түрлі офицерлік және басшылық лауазымдарында өткерген.

2006 жылы ҚР Президенті Күзет қызметі бастығының орынбасары –жеке күзет департаментінің бастығы болып тағайындалды.

2012 жылы ҚР Президенті Күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент қауіпсіздігі қызметінің бастығы лауазымына тағайындалған.

2013 жылы ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы болды.

2014 жылы Мемлекет басшысының өкіміне сәйкес ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды; Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – ҚР ҰҚК «А» арнайы қызметінің директоры (2014-2019).

2019 жылдың маусымынан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болды. 2-дәрежелі «Айбын» және «Андропов» ордендерімен, 11 медальмен марапатталған.



Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет