Алматы полициясы «Сергек» камерасына тіркелген құқықбұзушылықтарға төленетін айыппұл қайда кетіп жатқанын айтты. 

«Былтырдан бері «Сергек» жүйесін тестілеуден өткізіп келеміз. Бұл кешенді біз қала тұрғындарының сұранысына қарай апат көп болатын жерлерде орнаттық. Бұл жүйе ең алдымен жол апатының санын азайту үшін, содан соң жол апатына байланысты қылмыстарды ашу үшін орнатылды», - деді қалалық Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұраталиев.

Оның айтуынша, «Сергек» камерасына түскен құқықбұзушылықтарға салынатын айыппұлдардың барлығы қала бюджетіне түседі. «Бірнеше күн бойы маған осындай сауалдар келіп жатыр. Сергек тіркеген қаражаттың барлығы қайда кетеді деген. Барлық әкімшілік айыппұлдар 1 теңгесіне дейін мемлекеттік бюджетке түседі», - деді ол.

Алматыда 1 қаңтарда «Сергек» жүйесінің 400 камерасы бірден іске қосылған болатын. 10 күн ішінде камералар 2,5 мың жол ережесін бұзу дерегін тіркеді. Алматылықтар 42 млн төлейді.

Дереккөз:https://www.inform.kz

Биыл Қазақстан жолдардың жай-күйін бағалауға арналған еуропалық бағдарлама - EuroRAP-ты іске қоспақ.

Бұл шараны ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Дүниежүзілік Банкпен бірлесіп жүзеге асырмақ, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

ДДСҰ есебі бойынша Қазақстандағы жол-көлік апаттарынан болатын өлім-жітім көрсеткіші 100 мың көлік құралына шаққанда 71,8 адамды құрайды. Елімізде EuroRAP жүйесін енгізу автомобиль жолдарындағы қауіпсіздік деңгейін көтеруге мүмкіндік беріп, ЖКО санының азаюына ықпал етпек.

Жолдардың жай-күйін бағалауға арналған еуропалық бағдарламада жолдарды егжей-тегжейлі зерттеу және мәліметтерді жинау үшін арнайы құрылғылармен жабдықталған көліктік құралдар, бағдарламалық қамтамасыз ету қондырғылары мен біліктілік курстарынан өткен мамандар жұмыс істейді.

Бағдарламада жолда болатын 50-ден астам түрлі факторға ерекше көңіл бөлінген. Тексеру шараларының нәтижесінде алынған мәліметтер EuroRAP-тың ұпайын бағалау және қауіпсіз жолдарға құйылатын инвестициялар жоспарын нығайта түседі.

Тұтастай алғанда, 2020 жылдан бастап жол қозғалысы қауіпсіздігін көтеру бағытында бюджетті егжей-тегжейлі әзірлеумен қоса, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 5 мыңнан астам және қалалардағы көшелердің 1000 шақырымында EuroRAP жол инфрақұрылымы қауіпсіздігін талдау шаралары жүргізіледі деп жоспарлануда.

Бұдан бөлек, «EuroRAP-тың ұлттық платформасының жетекші білімі» базалық құжаттары әзірленіп, EuroRAP жүйесін ұлттық заңнамаға енгізу жөніндегі егжей-тегжейлі ұсыныстар дайындалады деп жоспарланған.

Жолдардың жай-күйін бағалауға арналған еуропалық бағдарламаны енгізуде Swedish National Road Consulting AB (SweRoad) швед компаниясы кеңесші болмақ. Ассоциациядағы субконсультант - QAZAQ Research Institute for Road Traffic Safety (Швеция/Қазақстан).

Айта кетейік, Қазақстанда Жол қауіпсіздігін бағалаудың халықаралық бағдарламасының – IRAP құралы «Орталық – Оңтүстік» және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәліздерін жобалау кезеңінде қолданылған болатын. Осылайша, 2017 жылы ұзындығы 297 шақырымды құрайтын «Балқаш – Бурылбайтал» жол учаскесін, «Алматы – РФ шекарасы (Екатеринбургқа)» жолын реконструкциялау жобалары IRAP бағалауынан өтті.


Дереккөз: https://www.inform.kz

Жұма, 10 Қаңтар 2020 09:31

Тест. Сіздегі қорқыныш

Адам бойындағы қорқыныш пен үрей көп нәрседен хабар береді және көп нәрсеге әсерін тигізіп, себепші де болады. Өйткені сол қорқынышта сіздің ішкі жан дүниеңіз, бойыңыздағы кейбір мінез-құлқыңыздың өзегі, іс-әрекетіңіздің астары, кешегі өткен күніңіз ғана емес, бүгініңіз бен болашағыңыз жатыр. Сондықтан қорқыныштан арылудың маңызы мол.

Сізге беріліп отырған тест бойыңыздағы қорқынышты анықтайды.

 

Қай сурет сіз үшін ең қорқыныштысы? Соны таңдап, төменде берілген жауабын оқыңыз.

 

Тест жауабы

1.     Мұзды үңгір

Сіз жан жайлылығын іздейсіз. Өмірде ешкімге керексіз болып, жалғыз қалудан қорқасыз. Бір жағынан, бұл суретті таңдаған жандар өздерін іштей дұрыс жол таңдаған, өз орнында отырғандай сезінеді. Сондай-ақ мұзды үңгір үрейлендірсе, сіз махаббатқа, сүйіспеншілік пен қамқорлыққа зәрусіз.

 

 

2) Жерасты жолы

Таңдауыңыз осы суретке түссе, сіз өз ойыңызды ашық айтудан қорқасыз. Ойыңызды айту ғана емес, сезіміңізді білдіру де сіз үшін тым қиынға соғады. Адамдарға сене бермейсіз. Бар эмоцияңызды ішіңізде ұстауды жөн санайсыз. Бұлай істеуге болмайды. Ашылыңыз. Эмоцияны сыртқа шығарыңыз. Ойыңызды ашық айтыңыз. Сонда өмір сүру жеңілдей түседі.

 

 

3) Иесіз қалған ғимарат

Бұл суретке қарағаннан денеңіз түршікті ме? Демек, сіз мықты, әрі ақылды жансыз. Сондай-ақ осы суретті таңдау мінездің тұйықтығынан хабар береді. Кей кездері сіз айналаңыздан оқшауланып, тіпті жаныңызға жақындарыңызды да жуытпайсыз. Сіз – тым талапшыл жансыз.

 

 

4) Ескі ағаш үй 

Егер мына құлағалы тұрған ескі үй үрейлендірсе, бұл – жақсылықтың белгісі. Өйткені қазіргі уақытта бойыңызды махаббат деген ұлы сезім толықтырып тұр. Және сіз өзіңіздегі осынау керемет сезіммен елмен бөліскіңіз келеді. Жақындарыңыз үшін кез келген күшті көтеруге дайынсыз. Десе де, қаржы мәселесі сізді уайымдатады. Ал бұл уайымнан арылу үшін алдымен ойыңызды өзгертуге тырысыңыз.

 

 

 

5) Құдық 

Құдыққа құлап кетуден қорқасыз ба? Сіз – өзіңізге сенімді жансыз. Тар қапаста, оқшауланып қалудан, біреуге тәуелді болып, бостандығыңыздан айырылудан қорқасыз. Сізге көтеріңкі көңіл күй, қуаныш, жағымды әсерлерге бөлейтін оқиғалар жетіспейді. Қазіргі өміріңізге көңіліңіз толмай, қандай да бір жайсыздық күйінде жүрсіз. Бұл күйден шығыңыз. Жаңаша, өз қалауыңызша өмір сүруге талыпыныңыз.

 

 

 

6) Ін

Сіз белгісіздіктен қорқасыз. Әлі де өзіңізді, қалауыңыздың не екенін, өмірдегі мақсат-мұратыңыздың қандай екенін, тіпті өмірдің мәні неде екенін іздеп жүрген жансыз. Сіз кез келген жайтты сараптап, саралап, өзіңіздің ойыңызды үнемі «ақтарып» жүргенді жақсы көресіз.

 

 

7) Жертөле

Жертөленің баспалдағынан қорқып кеттіңіз бе? Демек, сіз соңғы уақытта жиі қиындыққа тап болып, жолыңыз болмай жүр. Келеңсіз жайттарға жиі ұрынып, күйзеліске түскен болуыңыз да бек мүмкін. Мұндағы баспалдақ өмірден кету мағынасындағы ойға жетелесе, сарғайған жапырақтар өмір алмасуын білдіреді. Бұл сіздің ойыңыз әлі де өткен күнде екенін көрсетеді. Өткен күннің мәселелері мен уайым-қайғысы соңыңыздан қалмайтындай көрінеді. Ал шын мәнісінде, оның бәрін кешегі күнге қалдырып кетпей, көтеріп жүрген өзіңіз. Сондықтан өткен күнді, ондағы өкпе-ренішті жіберіңіз, жағымды ойлармен, позитивпен өмір сүріңіз.

 

 

 

8) Түрменің есігі 

Түрме тек қамау емес. Бостандықтан айырылу ғана емес. Ол – басқа өмір. Сіз үйренген, қалыпты жағдайдан мүлде бөлек. Егер таңдауыңыз осы суретке түссе, сіз өте еңбекқор, алғаныңыздан қайтпайтын, қайтпас жансыз. Сіздің басқан әр қадамыңыз өз мақсаттарыңызға апара жатыр. Дегенмен, ішкі жан дүниеңіз тыныштықты, демалыс пен жайлылықты аңсайды. Аздап демалғаныңыз жөн. Өзіңізді аяңыз.

 

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен еліміздің жастарын қолдау үшін қолға алынған республикалық «Үздік студент» жобасы аясында шығарылатын «Қазақстанның 100 үздік көшбасшы студенті» атты талантты студенттердің кітап жинағының алғашқы шығарылымына құжаттарды қабылдау басталды деген хабарландыруды ести сала, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Қарақатова жобаға қатысуға ниет білдірді. Қаракемер кәсіптік колледж ішінде іріктеу өткізіліп, арнайы тігінші мамандығының 3 курс студенті Гүлнұр Дүмшебаева мен жоба жетекшісі Гүлмерей Мұратқызы, электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электромонтер мамандығының 3 курс студенті Арман Тухтамишов пен жоба жетекшісі Нәсіп Калиханова, автокөлікті жөндеу слесарі мамандығының 2 курс студенті Жәнібек Тұрап пен жоба жетекшісі Камила Өмірбаевалардың жобалары байқауға жіберілген. 

«Қазақстанның 100 үздік көшбасшы студенті» атты жобасы – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады» делінген.   ҚР БҒМ Мемлекет тарихы институты және «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы бірігіп, «Жастар –  еліміздің болашағы» атты халықаралық форумға қатысуға, «XXI ғасыр көшбасшысы – үздік студент» атты халықаралық байқауының салтанатты марапаттау рәсіміне Нұр-Сұлтан қаласына  жолдама алдық. Колледж директоры М.Исаков және колледж ұжымының қолдауымен студенттерімізді Нұр-Сұлтан қаласына аттанды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың марапаттауына ие болған студенттеріміз І дәрежелі  ДИПЛОМ «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен  «XXI ғасыр көшбасшысы» атты халықаралық үздік студенттер байқауының жеңім-паздары атанып, халықаралық «XXI ғасыр көшбасшысы» атты байқауының материалдар жинағына еніп, «XXI ғасыр көшбасшысы» атты медалімен марапатталып, қоржындарын толтырып қайтты. Бұл біздің колледжіміз үшін үлкен жетістік! 

Нәсіп Қалиханова

В канун Нового года в актовом зале Есикского гуманитарно-экономического колледжа состоялась встреча руководства района, республиканской, областной и районных организаций ветеранов с аксакалами, молодыми госслужащими, предпринимателями, студентами колледжей г.Есика и района. Аким района Бинали Ыскак представил участникам встречи  почетных гостей – первого заместителя республиканского общественного объединения «Организация ветеранов» Омирзака Озганбаева и председателя областного совета ветеранов Ермека Келемсеита, подчеркнув значение основной темы – укрепления преемственности поколений, поставленной во главе угла в программе «Рухани жаңғыру». Данное мероприятие прошло в рамках  поездки Омирзака Озганбаева в региональные организации ветеранов, в числе которых  был и совет ветеранов Енбекшиказахского района.

Омирзак Озганбаев, видный  общественный и политический деятель Казахстана, депутат Сената Парламента Республики Казахстан первого созыва, кандидат педагогических наук, доктор исторических наук, автор 30 книг и 200 научных статей,  посвятил свой доклад усилению воспитательной, просветительской и идеологической работы с молодежью, которую должно взять на себя старшее поколение.

С  точки зрения историка и педагога Омирзак Озганбаевич говорил о необходимости заполнения «белых пятен» в тысячелетней биографии Казахской степи, формируя в сознании молодого поколения гордость за славное прошлое и чувство ответственности за строительство возрожденного независимого государства. Полученный доступ  ко многим, в том числе зарубежным источникам, выявил, что история государственности Казахстана начинается с эпохи скифов и саков и достигает корнями, первого тысячелетия до нашей эры. Изучение письменных источников и археологические раскопки  доказывают что на территории современного Казахстана еще до образования Казахского ханства было 12 тюркских и прототюркских государств, причем с развитой городской культурой, тесно связанной с номадической цивилизацией. Эта уникальная структура общественно-государственного развития, синтез номадизма и градостроительства, не имеет аналогов в мировой истории. Археологические исследования на юге Казахстана обнаружили следы множества городских поселений разных эпох. Типичный пример – Есикская долина, место сакских курганов и поселений, где был найден Алтын Адам.  Изучение нашей истории -  один из главных методов формирования  патриотической позиции  граждан суверенного государства.

 Омирзак Озганбаев также рассказывал об опыте воспитания патриотизма в других странах, в частности,  в Японии, где он преподавал в  вузах шести крупнейших городов. В условиях многовековой изоляции японцы сумели создать неповторимую культуру, которую тщательно хранят и оберегают в эпоху информационно-технотронного бума. Казахстанцам сейчас открыт свободный вход в мировое сообщество, имеется возможность изучать в других странах методы гражданского управления, внедрять новые технологии, вести экономический и культурный обмен. Можно брать все лучшее, ведущее к росту конкурентоспособности, экономического прагматизма, улучшению социальных условий, не забывая при том, что  у нас есть собственная, казахстанская модель цивилизационного развития, в которой  неизменно должен присутствовать принцип преемственности поколений, сохранения и укрепления традиций Великой Степи.

Омирзак Озганбаев подарил акиму района Бинали Ыскаку  свою новую книгу «Бата дарып,  бақ қонсын». В ответ Бинали Абдыкапасович, секретарь районного маслихата Бекет Ахметов надели на уважаемого аксакала почетный шапан. В неформальной беседе Омирзак Озганбаев ответил на вопросы  из зала о мерах социальной защиты  ветеранов, принимаемых республиканским объединением.  

Затем Омирзак Озганбаев и Ермек Келемсеит   посетили совет ветеранов Енбекшиказахского района, где его председатель Тлеулес Узаков  познакомил гостей с деятельностью ветеранской организации за минувший год.

И.ВИКТОРОВ

Жұма, 10 Қаңтар 2020 08:37

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР 10 қаңтар

1924 жылы «Тілші» газетінде Ілияс Жансүгіровтің «Кеңседе жергілікті тілді жүргізу керек» деген мақаласы жарық көрді. Онда күні бүгінге дейін өзекті мәселе болып отырған қазақ тілінің тағдыры сөз болды.

1934 жылы қазақ әдебиеті мен өнеріне арналған «Қазақ әдебиеті» апталық газеті шыға бастады. Алғашқы редакторы – Бейімбет Майлин. Газет 1940-1954 жылдары тоқтап, 1955 жылдың қаңтарынан қайта шыға бастады. «Қазақ әдебиеті» - ұлтымыздың рухани айнасы, еліміздің әдеби һәм мәдени өмірін жан-жақты қамтитын басылым.

1992 жылы Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісінде Республикалық гвардияны құру туралы шешім қабылданды.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Ішкі әскерлері туралы» Жарлығы шықты. Осыған орай, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін, қоғамдық қауіпсіздікті, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мақсатында республика аумағында орналасқан Ішкі әскерлердің құрамалары мен бөлімдерінен қоғамдық тәртіпті сақтауға және қылмысқа қарсы күресуге, еңбекпен түзеу мекемелері мен мемлекеттік маңызы бар нысандарды күзетуге, күзетпен жүретін адамдарды алып жүретін, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін және мемлекеттік тәуелсіздігін қорғауға арналған Қазақстан Республикасының Ішкі әскерлері құрылды. 2014 жылы 21 сәуірде ҚР Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы болып қайта құрылды.

1997 жылы Бішкек қаласында Нұрсұлтан Назарбаев, Асқар Ақаев және Ислам Каримов Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттері арасындағы Мәңгілік достық туралы шартқа қол қойды.

1999 жылы Қазақстанда алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенттігіне балама сайлау өтіп, онда сайлаушылардың 79,78 % дауысын жинаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қайта сайланды.

2010 жылы Қарағандыда Станиславский атындағы орыс драма театрының алдында орыстың ұлы режиссері Константин Сергеевич Станиславскийге ТМД аумағындағы тұңғыш ескерткіш орнатылды.

2011 жылы Қазақстан делегациясы 7-ші қысқы Азия ойындары алауын тұтандыру рәсімі өткен Кувейтке аттанды. Олимпиада алауы тұтандырылатын ел ретінде Кувейттің таңдалуы тегін емес. Азия Олимпиада Кеңесінің, (ағыл. Olympic Council of Asia, OCA) штаб-пәтері осы жерде орналасқан.

2011 жылы Өзбекстанда мәнерлеп сырғанау мен фристайл спортына арналған «7-Қысқы Азиада ойындары. Астана-Алматы» атты арнайы екі жаңа пошта маркасы айналымға енгізілді. Мәнерлеп сырғанауға арналған пошта маркасында мұздағы мәнерлеп билеу көрінісі бейнеленген, марканың оң жақтағы жоғарғы бұрышында Астана мен Алматыда өткен 7-Қысқы Азия ойындарының эмблемасы ресми түрде бекітіліп, өзбек тілінде латын қаріпімен «7-Qishki osiyo o'yinlari (Astana-Alma-Ata)» деген мәтін жазылған. Арнайы шығарылымдағы «Фристайл» екінші пошталық маркасында осы спорт түрінің үзінді бейнесі салынған, ал марканың оң жақтағы жоғарғы бұрышында 7-Қысқы Азиа ойындарының эмблемасы мен «7-Qishki osiyo o'yinlari (Astana-Alma-Ata)» деген жазу бар.

2014 жылы Қазақстанда күш қолдануға қарсы Ұлттық алдын алу тетігінің үйлестіруші кеңесі құрылды. Аталлмыш құрылымның жұмысын қамтамасыз ету Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жүктелді.

2017 жылы Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде «Шиеленістердің алдын алу және бейбітшілікті сақтау» тақырыбындағы ашық пікірталасқа қатысты. Нью-Йорк қаласында өткен шара аясында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қауіпсіз, әділ және гүлденген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайтуға қазақстандық тұжырымдамалық көзқарас» атты саяси жолдауын таныстырды.

2017 жылы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі Қайрат Омаров БҰҰ Бас хатшысына сенім грамоталарын тапсырды. Салтанатты рәсімнен кейін өткен сұхбатта Қ. Омаров пен А. Гутерриш Қазақстан мен БҰҰ арасындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға сенім білдірді.

2019 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне «Ұлттық» мәртебесі берілді. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті – елдегі жетекші оқу орындарының бірі. Ол – қыздар қауымы арасындағы мұғалімдерді даярлайтын республикадағы жалғыз университет. Оқу ордасы бүгінде жоғары білікті педагог кадрларды даярлайтын негізгі орталықтардың біріне айналды. Қазіргі уақытта Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті бакалавриат бойынша - 42, магистратурада - 23, PhD докторантура бойынша - 4 мамандық оқытылады.

Дереккөз: https://www.inform.kz 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты көлемді мақаласынан кейін туындаған алғашқы ой тек тақырыбының өзі бұл жариялымның мазмұнын меңзеп, бағыт-бағдарын анықтап тұрғанын көреміз. Өмір деген - ескінің тозып, жаңаның озып тұрған үздіксіз үдеріс, тоқтаусыз қозғалыс екенін ескере отырып, сол ескіде де есті дүниелер бар екенін ұмытпауымыз керек-ақ! Ғасырдан астам бұрын хакім Абай қазағын қатты сынай тұрып, үлкен жанашырлықпен «Ғылым таппай мақтанба» деп білімге, оқуға, озық ойға, саналы өмірге жетеледі емес пе?!

         Бүгінгі күнге арнап айтқандай, «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге» деген Абай сөздері. Прагматизм деген бір кезеңдегі ұстанымды желеулетіп, жалаулатып, пайдаға көп назар аударып, қоғамдвқ моральді белінен басып кеткен де азаматтар кездесіп жатқаны шындық.

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап», – деді ұлы ақын Абай. Бүгінгі күннің ең басты ұраны десек, жаңылмаспыз. «Жоқ, жоқ» дей берсең, жоқ көбейе береді деген еді дана бабаларымыз. Сол «жоқтарды» айта бермей, «бар» қылатын жол іздеуді меңзеді қазақтың ұлы ақыны.

Абайды оқи отырып, ұлы ғұламаның, ағартушы ақынымыздың терең ойлы шығармаларын зерттеп, зерделеп қана қоймай, бүгінгі қым-қуыт заманымызда басшылыққа ала отырып, өмірімізде пайдалана білуге шақырады мақаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Хайролла Ахметжанов,

Қазақстанның Құрметті журналисі

Бейсенбі, 09 Қаңтар 2020 11:14

Тұрғындар тілегін тыңдады

6 қаңтарда ауданымызға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева іс-сапармен келіп, Шелектегі бірқатар нысандарды аралады. Мәжілісменді аудан әкімі Бинәлі Ысқақ бастап жүрді. Аудан әкімінің бірінші орынбасары Айбек Бидаев, «NurOtan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев та кездесулерге қатысты.

Зағипа Яхьянқызы алдымен облыстық мамандандырылған сәбилер үйіне ат басын бұрып, ондағы жұмыстардың жай-күйімен танысты. Бүгінде онда небәрі 9 бала тәрбиеленеді. Әлбетте, балбөбектерге мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдай көңілден шығады. Бұл турасында кеңінен әңгіме құрған халық қалаулысы күрделі жөндеу жүріп жатқан Шелектегі орталық аурухананың да құрылыс жұмыстарын көзімен көрді. Құрылыс сапасын жіті бақылауда ұстауды тапсырды. Бұл турасында: – Аурухана алаңын абаттандыруға қаражаттың бөлінуін жылдамдату керек. Сонымен қатар аурухананың материалдық базасын жаңартуға қаражаттың бөлінуіне барынша қолұшын беремін – деді З.Балиева.

Кейіннен Шелектің орталық базарына арнайы барып, ондағы тұрғындармен жүздесті. Медициналық сақтандыруға уақытылы қаражаттың құйылып отыруын ескертті. – Өздеріңіз білесіздер, қазір күн санап өзгерістер орын алуда. Соның бірі – медициналық сақтандыру. Бұл дегеніміз – ертеңгі Сіздердің денсаулықтарыңыздың кепілі. Ал оны уақытылы құймасаңыздар, емделуге мүмкіндіктеріңіз болмайды, – дей келе ондағы қараша халық сұрақтарына жауап берді.

Ауданда жаңа ғимарат салуды арман еткен 17 мектеп бар. Соның бірі – Сарыбұлақ орта мектебі. 1937 жылы салынған бұл типтік емес білім ошағына жаңа ғимарат керек-ақ. Арнайы барып зерделеген Зағипа Яхьянқызы бұл мәселені жіті бақылап, барынша қолдау көрсететінін жеткізді.

 

Кезекті 57-сессия күн тәртібінде бір ғана мәселе қаралды: 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет. Бюджет жобасымен аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Бағлан Мушаева таныстырды. Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттарымен қатар аудан әкімі Бинәлі Ысқақ қатысып отырды.

Биылға жалпы сомасы 36 млрд 272 млн 958 мың теңге қарастырылған. Оның 25 млрд 16 млн 779 мың теңгесі білім саласына жұмсалмақ. Айрықша атап өтерлігі, ұстаздардың біліктілігіне сай еңбекақыларын өсіруге 2 млрд 129 млн 183 мың теңге, бұдан бөлек магистрлік дәрежесі бар ұстаздар жалақысын көтеруге 38 млн 113 мың теңге қарастырылып отыр. Сол секілді «Балапан» бағдарламасы шеңберінде ашылған балабақшаларды қолдауға да 2 млрд 921 млн 52 мың теңге бөлінді. В.Терешкова атындағы, Ж.Қайыпов атындағы орта мектеп жанынан жапсаржайлар салуға, Шелектегі Абай атындағы, Ащысайдағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепттерді күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге, И.Саттаров атындағы орта мектептің бос тұрған ғимаратын күрделі жөндеуден өткізіп, балабақша жасауға қаражаттар да қарастырылды. Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Х.Бижанов атындағы орта мектепті күрделі жөндеуге 501 млн 999 мың теңге қарастырылды.

Жайдары жаңалықтардың  ендігісі – Қызылшарықтағы электр энергия желілерін күрделі жөндеуге 292 млн 022 мың теңге, Ащысайдағы су құбырларын жөндеуге 30 млн 683 мың теңге, Есік қаласында 60 пәтерлі жалдамалы үй салуға 165 млн 276 мың теңге, аз қамтылған отбасыларға жалдамалы қосымша 60 пәтерлі үй салуға 122 млн 796 мың теңге, Шелектің кәріз жүйесін жөндеуге 216 млн 672 мың теңге бөлінді. Бұдан өзге де әртүрлі салаларда бірқатар жақсы жаңалықтар орын алмақ. Осынау бюджетті аудандық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады.

Әлбетте, бұл ауқымды жұмыстардың әліппесі ғана. Себебі, жыл ішінде бюджетті толықтырулар да болады. Ендеше, жаңа жыл жақсы жаңалықтарға толы болсын демекпіз.

 

Қайнар ЖҰМАҒОЖА

Мәслихаттың 25 жылдығына орай салтанатты жиын өтті аудан әкімдігінің мәжіліс залында. Оған аудан басшысы Бинәлі Ысқақ бастаған мемлекеттік қызметшілер, аудандық мәслихат депутаттары мен алғашқы шақырылымдарында депутат болған еңбек ардагерлері қатысты. Жиынды аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов ашып, жүргізіп отырды.

Ашылуында алғаш сөз ал-ған аудан басшысы Бинәлі Әбдіқапас-ұлы мәслихаттың қоғамдағы рөлін айшықтап айтты. – 1994 жылы 7 наурызда Қазақстан Республикасының бірінші шақыры-лым депутат-тарының сайлауы болды. Содан бері халық пен билік арасын жалғап, елдік мүддені мүлт жібермей қорғап жүрген мәслихат депутаттары ширек ғасыр ішінде «халық қалаулысы» деген мәртебелі атаққа ие болды.Мәслихаттар – жергілікті тұрғындар ойын, қалауын білдіруші әрі өз құзіреті шегінде жеке әрекет етуші мемлекеттік орган болып танылды. Қазіргі таңда ауданымызда 23 мәслихат депутатынан келіп түскен сауалдардың бірде-бірі қағаз астында қалған жоқ. Бәрі де шешімін тапты, күрделі мәселелер күн тәртібінде тұр, – дей келе барша халық қалаулыларын мәслихаттың 25 жылдығымен құттықтады. Барша депутаттарға мерейтойлық медальдарды кеуделеріне тағып, әр деңгейлі Құрмет грамоталарын табыс етті.

Алдыңғы шақы-рылымдарда аудандық, облыстық мәслихат депутаты болған Хайролла Ахметжанов мінберге көтеріліп барша әріптестерін ме-рейлі мерекелерімен құттықтады: – Қазір жылдар өткен сайын халықтың тұр-мыс-тіршілігі түзеліп келеді. Осы арқылы еліміздің гүлдену жолына қадам басқанын көре аламыз. Осынау мәртебелі мандатты кеудемізге тағып жүрген кездері сайлаушылар арасында жеке бас мәселесі көп айтылатын. Қазір мүлдем басқа, округ деңгейіндегі келелі мәселелер көтеріледі. Жуырда ғана Есік қаласының маңайындағы ауылдардан телефон арқылы да, хат арқылы да алғыстар келіп түсті. Бәрінің мәтіні бір: көптен күткен ауыз су мәселесі жолға қойылды дейді. Бұл ретте әрине халық қалаулылары мен жергілікті атқарушы биліктің арасындағы тығыз байланыс нәтижесінде шешілген түйін. Сондықтан осындай елдің алғысын арқалауды жазсын сіздерге, – деді.

Салтанатты жиын соңында барша депутаттар мен аудан басшысы  естелік суретке түсті.

Өз тілшіміз

Соңғы жаңалықтар

Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

ЖИЗНЬ, ПОСВЯЩЕННАЯ РОДИНЕ

«Родина у нас одна» – такая обыденная, не требующая доказательств аксиома… Но так ли она…
Мам 04, 2024

Әскерилер қаржылық сауаттылығын…

«AMANAT» партиясы бір жыл бұрын «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосқан болатын. Жобаның…
Мам 04, 2024

Тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы жұмыс сапары аясында аудан…
Мам 04, 2024

Бір шаңырақ астында

Ынтымақтастық пен бірлік – мемлекеттің даму кепілі. 130-дан астам этносты бір мақсатқа…
Мам 04, 2024

Келелі кездесу Шелекте

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев іссапармен…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет