Инвестиции в будущее: 145 школьников получили награды за достижения на международных и республиканских олимпиадах.

13 июня текущего года в Доме культуры областного центра Алматинской области состоялось масштабное мероприятие – Форум достижений одаренных школьников, направленное на поддержку и поощрение талантливых детей. Завершение учебного года стало поводом для чествования 145 учащихся, прославивших наш регион на международных и республиканских олимпиадах.

Учебные заведения Илийского, Карасайского, Енбекшиказахского районов, лицей «Арыстан», частная школа «Дана» и областной лицей «Білім-инновация» имени Алханбека Малкеева принесли множество наград и достижений.


На мероприятии присутствовали преподаватели областного лицея «Білім-инновация» Тамара Ещанова и Аукенов Бекзат, учитель права школы №38 Илийского района Нарымова Лейла, учитель химии средней школы №1 Рахат Енбекшиказахского района Нуртай Ерназар.

«Высокие достижения в образовании – это результат особого отношения и поддержки президента Касым-Жомарта Кемелевича Токаева. Благодаря этому в нашей области системно развивается образование. В прошлом учебном году качество образования составило 67,2% (2023 год – 65,8%). Из 14 тыс. выпускников, окончивших школу в этом году, 1206 получили аттестаты с отличием, 946 детей стали обладателями знака «Алтын белгі», – отметил глава региона.

«Адамға ең бірінші білім емес тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы». Иә, әлемнің екінші ұстазы әл-Фарабидің нақыл сөзі қай заманда болмасын өзектілігін жоғалтпақ емес. Сондықтан баланың бойына тәрбие мен білімді қатар сіңіріп, жастайынан еңбекке баулу аса маңызды. Өткен аптада осы мақсатта Есік қаласындағы Райымбек батыр атындағы орта мектеп базасында «Білім беру мекемелері жанынан органикалық тыңайтқыштарды өңдеуде оқу-тәжірибелік алаңдар ашудың педагогикалық мүмкіндіктері» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға Алматы облысы білім басқармасының, аудан әкімдігінің, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессорлары, педагогика және ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаттары, Ұлттық құндылықтар академиясының академиктері, «Qazaverm» тұтынушылар кооперативі мен «QazAGO» ЖШС оқу орталығының өкілдері, білім мекемелерінің басшылары, кәсіпкерлер, ғалымдар мен ұстаздар қатысты. Жиынды Райымбек батыр атындағы орта мектептің директоры Салтанат Турикбаева жүргізді.

Конференцияны «Жас дарын» Алматы облыстық дарынды балалар мен талантты жас-тарды анықтау және қолдау ғылыми-практикалық орталығының «Педагогикалық шеберлік» бөлімінің басшысы Қымбат Сулейменова ашып, айтулы шараның өзектілігін атап көрсетіп, конференция жұмысына сәттілік тіледі.

 «Мектеп жанынан биогумус өндіруде оқу-тәжірибелік алаң ашудың болашағы» тақырыбында баяндама жасаған педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры Бауыржан Сайдахметов ұлттық тәрбие жөнінде сөз қозғады.

– Бүгінгі таңда біздің алдымызда тұрған үлкен міндет – ұлт болмысының қағидаттарын орнықтыру, ұлт сапасын арттыруға атсалысу. Ол үшін балаларымызды ерте жастан еңбекке араластыруымыз қажет. Қазіргі уақытта оқушылар мектепте тек білім алуы керек деген қағидамен өмір сүріп жатырмыз. Ал оларды еңбек етуге үйрету тасада қалды. Жасыратыны жоқ, балаларымыз өздері отырған орындықтарын көтермейді. Оны істейтін мектепте техникалық қызметкерлер бар. Ал білім ордасынан тыс қоғамдық жұмыстар туралы мүлдем сөз қозғамай-ақ қояйық. Біз – аграрлы елміз. Еңбек – жетістікке жетудің басты алғышарты. Сондықтан, білім, тәрбие және еңбекті ұштастыра білуіміз қажет – дейді Бауыржан Сайдахметов. Сонымен қатар, органикалық тыңайтқыштардың артықшылықтарына тоқталып, елімізді табиғи таза өнімнің Отанына айналдыру үшін қазіргі жастарға органикалық тыңайтқыштардың қыр-сырын үйрету керектігін айтты.

Қоғам және ғылым қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық құндылықтар Академиясы-ның академигі Қажымұқан Арынов әлемдегі биогумус индустриясының дамуына тоқталды.

– Әлем елдері химиялық қоспасыз, табиғи таза өнімдерді тұтынғанды құп көреді. Бұл өз кезегінде органикалық тыңайтқыштарға деген сұраныстың артуына жол ашады. Еуропа елдері органикалық тыңайтқыштарды мемле-кеттік деңгейде өндіруді тоқтатып, оны өндіру үшін жекелеген кәсіпкерлерге жағдай жасауда. Тіпті, азаматтар өз ауласында тыңайтқыш жасап, саудалай алады. Біз де осындай мүмкіндіктерге жол ашуымыз қажет. Ол үшін бүгінгі жастарды алдымен еңбекке баулу қажет. Өркениетті елдерде балаларды білім мен еңбекке қатар баулиды. Бір ғана мысал, менің Францияда тұратын немерелерім оқудан тыс уақытта ешкі фермасына барып жұмыс жасайды. Оларға Сексеката тұқымын қалай баптау керектігін үйретіп, жем-шөбін әзірлетіп, қора тазалатады. Бұдан жаман болып жатқан француздарды көрмедім – дейді профессор.

Конференция барысында Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті «Агрономия, селекция және биотехнология» кафедрасының профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Мұхит Бекбауов «Бактериалды тыңайтқыштарды пайдаланудың болашағы» тақырыбында, педагогика ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Мұхамедрахим Құрсабаев «Биогумус индустриясын дамытудағы Business-Model технологиялары туралы ақпарат» тақырыбында, «Қазақстан Республикасысы Ұлттық кооперативтер және экономикалық қоғамдастықтардың басқа да нысандары қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Қазыбек Шайх «Ауыл балаларының soft skills дамуы» тақырыбында, «QazAGO» ЖШС оқу орталығының директоры Гүлзира Асамұратова «Органикалық қалдықтарды өңдеу арқылы вермикомпост өндіру оқыту курсын ұйымдастыру технологиясы» тақырыбында баяндама жасады.

Сонымен қатар, «Ecobook» экология-лық жобасы аясында биогумус өндіру арқылы оқушыларды кәсіптік білімге ерте жастан тәрбиелеу» тақырыбында баяндама жасаған О.Жандосов атын-дағы орта мектеп директоры  Айжан Джамешева мектеп оқушыларының жеткен жетістіктеріне тоқталды. Сабақтан тыс уақытта органикалық тыңайтқыш өндірумен айналысатын оқушылар бүгінде жобаларын сәтті жүзеге асыруда. Сондай-ақ, конференцияға қатысу-шылар балалардың бастамаларына қолдау білдіріп, мамандар көмек көрсететін болды. Жиын барасында Алмалы ауылындағы И.Шорманов атындағы орта мектеп оқушылары да тыңайтқыш өндірумен айланысатынын ұстаздары мақтанышпен жеткізді.

Жарыссөзге шыққан Абай атындағы ҚазҰПУ Ардагерлер кеңесінің төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық құндылықтар академиясының академигі Берікжан Әлмұхамбетов балаларды ерте жастан еңбекке баулуды қолдайтынын жеткізіп, топыраққа тыңайтқыш, адамға тың айтқыш қажет екенін айтты. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ермек Жакеев, ардагер ұстаз, қоғам қайраткері. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы  Алматы облысы Аналар кеңесінің төрағасы, ҚР Білім беру ісінің үздігі Гүлнар Жошыбаева, Еңбекшіқазақ аудандық әдістемелік орталықтың бөлім басшысы Айжан Тортаева, «Qazverm» кооператив төрағасы Пернебек Тұлғанбаев осындай игі шаралардың оқушылар үшін берері мол екеніне тоқталып, конференцияда айтылған жобалар жүзеге асырылса деген ниетін білдірді.

Конференция соңында болашақтың тұтқасын ұстар жас буынға, яғни Райымбек батыр атындағы орта мектеп және О.Жандосов атындағы, И.Шорманов атындағы орта мектептердегі экоклубтарға аймақтандырылған қызыл шылаушындар табысталды.

Пленарлық бөлімнен соң мектеп жанындағы биогумус өңдеу оқу-тәжірибелік алаңының ашылу рәсімі өтті. Райымбек батыр атындағы орта мектептің экоклуб мүшелеріне «Qaz-AGO» ЖШС оқу орталығы табыстаған аймақтандырылған қызыл шылаушындар арнайы әзірленген алаңқайға жі-беріліп, оларды күту мен көбейтуге қатысты нұсқаулық берілді.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Тамыз кеңесіндегі сөзінде: «Еліміздің жастары өзін жеке тұлға ретінде дамытумен қатар мемлекеттің өркендеуіне зор үлес қосуы қажет. Бұл – қазіргі білім және тәрбие беру үдерісінің алдында тұрған маңызды міндет. Отандық білім саласы туған жеріңе, қоршаған ортаңа, өз тарихыңа құрметпен қарауға тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуі тиіс» – деген еді. Білім мекемелері жанынан жас ұрпақты ерте жастан еңбекке баулуда қаржылық сауаттылығын арттыру, экологиялық және экономикалық тәрбие беру арқылы органикалық тыңайтқыштарды өңдеуде оқу-тәжірибелік алаңдар ашудың педагогикалық мүмкіндіктерін айқындауды мақсат тұтқан республикалық ғылыми-практикалық конференция Президент сөзін пысықтады. Жиында балаға білім берумен қатар, оның бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, еңбекке баулу қажеттігі айтылды. Жиында талқыланған мәселелер мен ұсыныстар негізінде конференция қарары қабылданды.        

С.НҰРАДИН.

Екінші деңгейдегі банктердің деректері бойынша, 2022 жылы қарыздар бойынша алаяқтық операциялардың саны 4,2 есе артып, 8,1 млрд теңге сомасына 5,2 мың жалған кредитті құрады, депозиттер бойынша алаяқтық аударым операциялары 23,5%-ға ұлғайып,  5,3 млрд теңге сомасына 6,4 мың шот/салымдар бойынша орын алды.

Ең көп таралған тәсілдер: біліміне, жұмыс саласына және мәртебесіне қарамастан кез келген адам қол жеткізе алатын фишинг және вишинг. Бірақ көбінесе қаржылық алаяқтардың айла-тәсілдеріне аға буын – зейнеткерлер және жастар алданып жатады. Алаяқтар оларды алдау үшін ескі және жаңа алаяқтық әдістерін қолданады.

Олардың ең көп таралған схемаларын қарастырайық.

 Жалған кредитті  ресімдеу

Алаяқтық схемасы мынадай болады. Алаяқтар қарт адамдарға банктен секілді қоңырау шалып, кредит алуға өтініш берген-бермегенін нақтылайды. Егер бұл олар болмаса, онда алаяқтар олардың атынан кредит алуға тырысады және шұғыл шаралар қабылдау және олардың нұсқауларын орындау қажет. Ол үшін олар әлеуетті құрбандарға деректерін орнатуды және қорғауды қажет ететін қосымшаға сілтеме жібереді. Бағдарламаны жүктегеннен кейін телефонға SMS-хабарлама немесе электрондық пошта арқылы хабарлама келеді, содан кейін банктің жалған қызметкері кодты атауды сұрайды және, өкінішке орай, кредит беріп үлгерген, бірақ алаяқтар ақшаға қол жеткізе алмады деп хабарлайды. Бұдан кейін нұсқаулық бар: ақшаңызды қорғау үшін сізге бұл ақшаны алаяқ айтқан басқа шотқа аудару керек.

Алаяқтар әрқашан сенімді, мұқият тыңдайды, құрметпен сөйлеседі, егжей-тегжейлі түсіндіреді, сөзсіз сенім тудырады, көмектесуге дайын және осылайша егде жастағы адамдар туралы айтпағанның өзінде тіпті қаржылық сауатты адамды да адастыруы мүмкін. Алаяқтар  барлық қол жетімді әдістерді белсенді қолданады. Өз тәжірибелерінде олар психологиялық, эмоционалдық тәсілдерді, әлеуметтік инженерияны және IT технологияларды қолданады, олардың көмегімен олар азаматтардың конфиденциалды ақпараты мен дербес деректеріне қол жеткізе алады.

 

Құқық қорғау органдарынан секілді қоңыраулар

Алаяқтар өздерін заңға қызмет еткен адамдармыз деп таныстырады және сіздің танысыңыз, досыңыз немесе туысыңыз қиындыққа тап болғанын хабарлайды. Мысалы: ол адамды қағып кетті, ауруханада жатыр немесе ***бабы бойынша алаяқтық жасады деп айыпталуда. Қылмыс бәрібір қорқынышты болып көрінеді және оның салдары қайтымсыз. Мәселені шұғыл шешу қажет немесе істі ресми түрде ашады. Мәселені тез шешуге тырысатын адамдар кез келген соманы төлеуге дайын болады. Негізінен, мұндай алдаудың құрбандары жақын адамына көмектесу үшін бәрін жасауға дайын қарт адамдар. Қосымша стрестік фактор әдетте қоңырау шалушының қолжетімсіздігі болып табылады – алаяқтар мұны да біле алады.

 

Неліктен аға буын өкілдері олардың құрбанына айналады?

Егде жастағы адамдар алдау оңай, сенімділігіне байланысты оңай басқарылатын, жаңылыстыруға оңай адамдар санатына жатады. Олар заманауи технологияларды жақсы білмейді, олардың барлығы Интернеттегі немесе мобильді банкингтегі ақпаратты тексере алмайды, сондықтан зейнеткерлер көбінесе алаяқтардың қулықтарына тап болады. Төлем карталарын пайдалануға дағдыланбаған егде жастағы адамдар өздерінің жеке мәліметтерін алаяқтарға оңай бере алады.

Кеңес: ең алдымен, қарт адамдарға бірегей, ұзын құпиясөздерді ойлап табуға және жазуға көмектесу керек және оларды ешбір жағдайда бөлісуге болмайтынын түсіндіру керек. Ата-анаңызға, ата-әжелеріңізге, көршілеріңізге бұл конфиденциалды мәліметтер  тек алаяқтарға қажет екенін түсіндіріңіз. Бейтаныс адамдарға, тіпті олар өздерін банк қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері немесе мемлекеттік әлеуметтік қызметкерлер ретінде таныстырса да, оларға сөзсіз сенуге БОЛМАЙДЫ.

 

 ҰБТ-ны сәтті тапсыруға көмектесемін

Жыл сайын жаздың басында орта арнайы оқу орындары түлектерінің қызу кезеңі басталады: олар Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден (ҰБТ) өтеді. Түлектердің бірі өз қабілеттеріне сенімді, ал кейбіреулері мемлекеттік грант бойынша түсу үшін балл  жинай алатынына алаңдайды. Қалай болғанда да, бұл әр түлек үшін үлкен стресс және олар әртүрлі сайттарда сынақтан өтіп, өз күштерін белсенді түрде сынап көреді. Бұл, әрине, алаяқтарды айналып өтпеді. Олар әлеуметтік желілер арқылы берілген сілтемені басу арқылы алуға немесе сатып алуға болатын дұрыс жауаптарға сілтемелер таратады. Күдікті жастар әр түрлі вирустық қосымшаларды өз еркімен жүктеп, фишингтік сайттарға ауысады, осылайша өз аккаунттарына кіруге мүмкіндік береді. Әрі қарай, алаяқтар түлектердің әлеуметтік желілердегі аккаунттарын бұзады және олардың атынан достарына сондай зиянды сілтемелер жібереді.

 

Әскери комиссариаттан шұғыл шақыру немесе қоңырау шалу

Алаяқтар азаматтарды алдаудың жаңа әдісі ретінде әскери қызметке шақыруды қолдана бастады. Ең көп таралған әдіс – әлеуметтік желілер арқылы сізді әскери қызметке шақыратын хабарламалар жіберу, сілтемені басу арқылы толығырақ білуге болады. Жастар қосымша сілтемеге өтіп, алаяқтарға өздерінің гаджеттеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, телефон алаяқтары жастарға немесе олардың туыстарына қоңырау шалып, әсер етудің психологиялық әдістерін қолдана отырып, әскери қызметті кейінге қалдыру секілді себеппен белгілі бір соманы алдаа алады.

 

 

Жоғары кірісті инвестициялық жобаларға инвестиция салу

Интернет кеңістігінде «Егер сіз миллионер болмасаңыз, мен 1 000 000 теңге беремін» деген тартымды тақырыбы бар инвестициялық компаниялардың сайтына сілтеме белсенді түрде таратылуда. Алаяқтар азаматтардың ең көп санын тарту және олардың сеніміне ие болу үшін танымал блогерлер мен мемлекеттік мекемелердің жоғарғы басшыларының есімдері мен фотосуреттерін пайдаланады. Зиянкестер әлеуетті клиенттерге сызылған есептер мен графиктерді ұсына отырып, инвестициялық қызметті жүзеге асыру сияқты әрекет етеді.

Алаяқтар бұл әдісті ұзақ уақыт бойы қолданып келеді және оған кім сенеді деп ойлауға болады. Алайда, кері байланыс арналары арқылы Агенттікке жастар кредит ресімдеп, жалған инвестициялық компанияларға барлық қаражатты салғаны туралы хабарламалар келіп түседі. Мұның қалай аяқталғанын болжау қиын емес.

Неліктен жастар алаяқтардың құрбаны болады?

Қазіргі жастар виртуалды әлемде көбірек уақыт өткізеді, Интернет, әлеуметтік желілер және мессенджерлер арқылы байланысады және ақпарат алады. Көптеген жастар онда жарияланған барлық нәрсеге сөзсіз сенеді. Мұны зиянкестер шебер пайдаланады.

Кеңес: балаларға фишинг және вишинг сияқты алаяқтық түрлері туралы айтып беріңіз. Интернеттегі алаяқтар, балықшылар сияқты, маңызды конфиденциалды ақпаратты аңдып, әр түрлі сылтаулар ойлап тауып, жастардың назарын аударады. Болмаса, ақшаны түрлі жобаларға тиімді салу сылтауымен олардан ақша алады.

Жаңа жағдай бұрын орын алған, бірақ ұмытылған ескі жағдай болуы ықтимал! Алаяқтардың арандатуына қарсы тұрыңыз. Жақындарыңызға алаяқтықтың осы әдістері туралы айтып беріңіз!

Өзіңізге, жақындарыңызға қамқорлық жасаңыз және қаржылық сауаттылықты Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!

Участники судебного разбирательства и все находящиеся в здании суда обязаны соблюдать требования поведения в судах, регламентированных законодательными актами. Граждане, не явившиеся в судебное заседание вовремя и умышленно затягивающие рассмотрение дела, не подчиняясь распоряжениям председательствующего в судебном заседании, нарушают дисциплину, препятствуют проведению судебного заседания. 

Согласно Конституционному закону «О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан» проявление неуважения к суду или судье влечет установленную законом ответственность. Меры административной ответственности за проявление неуважения к суду содержатся в главе 33 Кодекса РК об административных правонарушениях (КоАП). Административные правонарушения, посягающие на институт государственной власти, предусмотрены статьей 653 КоАП РК.

Согласно части 1 статьи 653 КоАП проявлением неуважения к суду является:

 – неявка в суд без уважительных причин участников процесса и иных лиц по повестке, извещению, уведомлению или вызову в случаях, когда дальнейшее рассмотрение дела в их отсутствие не представляется суду возможным;

– неподчинение распоряжениям председательствующего в судебном заседании;

– нарушение установленных в суде правил;

– иные действия (бездействие), явно свидетельствующие о неуважении к суду или судье.

За это предусмотрена административная ответственность в виде: предупреждения; денежного штрафа; административного ареста.

В уголовном судопроизводстве ответственность за проявление неуважения к суду регламентирована ст. 346 УПК РК. Если в действиях нарушителя порядка в судебном заседании имеются признаки уголовного правонарушения, суд направляет материалы прокурору для решения вопроса о начале досудебного расследования. Это лицо может быть привлечено к уголовной ответственности согласно ч. 1 ст. 410 УК РК в виде штрафа; исправительных работ; привлечения к общественным работам на срок до 200 часов; ареста на срок до 50 суток.

За проявление неуважения к суду, выразившееся в оскорблении судьи или присяжного заседателя, предусмотрена уголовная ответственность по ч. 2 ст. 410 УК РК в виде: штрафа; исправительных работ; привлечения к общественным работам на срок до 200 часов; ареста на срок до 50 суток.

Об установлении факта проявления неуважения к суду непосредственно в судебном заседании судьей (составом суда) объявляется правонарушителю непосредственно в судебном заседании без удаления суда в совещательную комнату. Данный факт фиксируется в протоколе судебного заседания.

Об удалении из зала судебного заседания участника процесса и наложении денежного взыскания суд выносит постановление. Лица, присутствующие в зале судебного заседания, но не являющиеся участниками процесса, в случае нарушения ими порядка по распоряжению председательствующего удаляются из зала судебного заседания. Кроме того, на них судом может быть наложено денежное взыскание.

Н.КУРМАНТАЕВА,

главный специалист, секретарь судебного заседания районного суда.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын орындау аясында үш ауысымды және орын тапшылығын жою үшін Білім Министрлігі Алматы облысының 5 ауданында және Қонаев қаласында қуаттылығы 68 200 оқушы орны бар 63 жайлы мектеп нысандарының тізімін бекітті. Соңғы жеті жылда Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында үш мектеп салынды. Елді мекенде 1500 орындық тағы бір мектептің құрылысы аяқталуда. Қазір мектеп жанындағы аумақты ішкі безендіру және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Алматы облысының Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай және Жамбыл аудандарында да мектептер салу жоспарлануда. Жамбыл ауданы әкімінің айтуынша, аталған бағдарлама аясында тек Жамбыл ауданында сегіз мектеп салынады. Биыл үш оқу орнын салуға 6,3 млрд теңге бөлінді. Қалған бес мектепті келесі жылы салу жоспарлануда. Бүгінгі таңда техникалық құжаттама дайындалуда, жер учаскелерін бөлу мәселесі шешілуде. Халықтың белсенді өсуімен мектеп орындарының тапшылығы мәселесі әлі де өзекті болып отыр.  Бүгінгі таңда облыста 56 үш ауысымды мектеп бар.

Қарасай ауданында үш ауысымды мектептер мәселесін шешу үшін 20 мың оқушыға арналған 10 мектеп салынады.

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникация орталығында өткен брифингте Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов айтты. Брифингте баяндама жасаған әкім қазіргі таңда үш ауысымды мектептер аудандағы білім саласында ең өзекті мәселелердің бірі екенін, бүгінде оқушылар үш ауысымда оқитын мектептер саны 12-ден 11-ге азайғанын айтты.

«Бұл мәселені шешу мақсатында ауданда 5 жаңа мектеп және 3 мектепке жапсаржай құрылысы жүргізілуде, биыл ақпан айының басында Алмалыбақ орта мектеп-гимназиясының 600 орындық жапсаржайы салтанатты түрде қолданысқа беріліп, мектептегі орын тапшылығы мәспелесі шешімін тапты. Қалған мектептердің құрылысы жылдың соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі», – деді аудан әкімі.

«Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында осы жылдан бастап аудан бойынша 7 мектептің құрылысы басталады деп жоспарланған, қазіргі таңда құрылысқа қажетті жер телімдері рәсімделді, құрылыс жұмыстарына 12,8 млрд. теңге бөлінді. Атап айтқанда, Қаскелең қаласында, Алмалыбақ және Көкөзек ауылдарында 1500 орындық үш мектеп, Қошмамбет, Бұлақты, Долан және Елтай ауылдарында 1200 орындық мектептер салынбақ. 2025 жылы Кемертоған, Қырғауылды және Жандосов ауылдарында 1500 орындық мектептер салынады.

Жасұлан Естеновтің айтуынша, аталған жобалар іске асырылса, ауданда үш ауысымда оқитын мектеп болмайды.

Жексенбі, 28 Мамыр 2023 20:48

Жүрекке жол тартқан жыр

Р.Тоқатаев атындағы орта мектепте Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, аудармашы, «Серпер» сыйлығының лауреаты, «Мөлдір бұлақ» республикалық журналының бас редакторы Саят Қамшыгермен «Ақындығым бастау алған тұмаңнан» атты әдеби кездесу өтті. Іс-шараға аталған білім ордасының ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Мектеп кітапханашысы Саяш Садыкованың ұйымдастыруымен өткен шарада жас шәкірттер жазушыға сұрақтар қойып, онымен бірге «Тастамашы, ана!» повесін талқылады. Автор терең тебіреніп, сонымен бірге жас башқұрт жазушысы Айгиздің шеберлігіне таңданды. Қамшыгер бұл туындыны бірден қазақ тіліне аударуға ниет білдірді. «Тастамашы, ана!» – көптеген тілдерге аударылған, ең көп тиражды заманауи башқұрт кітабы. Кездесуде түрлі қызықты сұрақтар қойылды. Мысалы, «Әңгіме жазу кезінде сізде қандай қызықты жағдайлар болды?», «Егер сіз әңгімені жалғастырсаңыз, бұдан әрі не болар еді?», «Бұл жұмыста қандай қоғамдық мәселелер қозғалады?». Автор көптеген сұрақтарға толық жауап берді. Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Саят Қамшыгер балаларға белсенді қатысқаны мен қызықты сұрақтары үшін алғыс айтты және мектеп әкімшілігіне кездесуді ұйымдастырғаны үшін ризашылығын білдірді. Кездесу соңында автор қатысушылар мен қонақтарға тілек сөздер айтты. Кездесуде жүйелі сұрақтар қойған оқушыларға Саят Қамшыгердің кітаптары тарту етілді. Айта кетейік, Саят Қамшыгер – ҚР Ақпарат саласының үздігі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Алтын сақа» баспасының бас редакторы. «Менің алғашқы кітабым», «Менің сүйікті әліппем», «Менің алғашқы танымым», «Кім болам?», «Асыл мұра», «Үй жануарлары», «Жемістер», «Көкөністер», «Сандардың сыры», «Әріптер әлеміне саяхат» балалар әдеби кітаптары мен «Жүректегі ағыстар», «Сары гүл» жыр жинақтарының авторы.

Е.АСЫЛ.

 

 

Оқу жылының аяқталуына санаулы күндер қалды. Биыл Алматы облысында 12 мыңнан астам түлек мектеп қабырғасынан қанат қағады. Оның ішінде 696-ы Алтын белгіге, 1419-ы үздік аттестатқа үміткер.

Оқушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2-13 маусым аралығында өткізіледі. Бұл туралы баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасы басшысы Салтанат Беспаева мәлімдеді.
-​ Биыл 10 607 түлек ҰБТ-ға қатысуға ниет білдіріп отыр. Облыста 240 орындық тестілеуді өткізуге арналған 2 пункт жұмыс істейді. Олар Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандарында орналасқан. Жылдағы дәстүрге сай талапкерлерді тегін оқумен қамту жоспарда. Бұл үшін облыс әкімінің гранты бар. Ол 150 балаға бөлінеді. Грант тек бакалавр оқитын тәлімгерлерге ғана емес, интерн оқитын студенттерге бөлінетіндігі туралы хабардар етті. Сонымен қатар, биыл жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын ұйымдастыруға баса көңіл бөліп отырмыз, - деді брифингте сөз алған басқарма басшысы.
Айтуынша, 270 мыңнан астам бала сауықтырмен қамтылады. Қала сыртындағы 15 лагерьге 7 мыңға жуық жеткіншек жіберіледі. Бұл тұрғыда облыстық бюджеттен 518 млн теңгеден астам қаражат қарастырылып отыр. Демеушілер мен ата-аналар есебінен 10 000 оқушыға Шарын, Көлсай, Қайынды, Іле-Алатау Ұлттық табиғи парктеріне, «Алтын Адам», «Жамбыл», «Қонаев», «Таңбалы тас» аспан асты музейлеріне және т.б. көрікті орындарға экскурсиялар ұйымдастырылады.

Ежегодно существует практика поборов в школах на проведение последних звонков, выпускных вечеров и дорогостоящие подарки учителям и директорам школ.

Родители учеников не должны нести никаких дополнительных расходов. В Казахстане бесплатное среднее образование. Поборы категорически запрещены во всех школах. Несмотря на это, в Антикоррупционную службу по Алматинской области через Сall-центр 1424 поступило более 20 обращений по фактам поборов в школах. При этом, в ведомстве напомнили об ответственности за данные незаконные деяния.

В частности, для директоров школ предусмотрена административная и уголовная ответственность за получение незаконного материального вознаграждения и взятки. Мера ответственности за административное коррупционное правонарушение – штраф 600 МРП (ст. 677 КоАП РК), за уголовное – от штрафа в размере 20-кратной суммы взятки до лишения свободы на срок до 15 лет, с конфискацией имущества (ст. 366 УК РК).

Учителям также запрещается дарить подарки, стоимость которых превышает 10 МРП (ст. 509 ГК РК). В ином случае предусмотрена уголовная ответственность в виде штрафа до 2000 МРП (ст. 247 УК РК).

В этой связи, если Вам стало известно о фактах сбора денег с родителей или работников, а также другие коррупционные проявления, просим обратиться в Call-центр 1424. Все обращения граждан рассматриваются в обязательном порядке, будут приняты все необходимые меры.

Пресс-служба Департамента Антикоррупционной службы по Алматинской области.

Көктөбе орта мектебінде «Ұлтым бөлек болса да, жаным – қазақ» атты кездесу кеші өтті. Кеш қонағы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат орденінің» және «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері Осман Асылы Әлиқызы болды.

Қазақ руханиятын саф алтындай қастерлеген зерделі жанмен кездесуге Қазақстаның Мәдениет қайраткері Балтабай Ибраев, ардагер ұстаз Айша Рақышқызы, облыстық «Тіл» оқыту-әдістемелік орталығы аудандық филиалының оқытушысы Айжан Сыздықова, мектеп директоры Айжан Талқамбаева, ұстаздар қауымы мен білім ордасының оқушылары қатысты. Кездесуді тарих пәнінің мұғалімі Ғазиза Қырбасова жүргізіп, қонақтарға кезегімен сөз берді.

Ең әуелі, кеш барысында Асылы Осман өзінің қиындыққа толы бала күнгі естелігімен бөлісіп, оқушыларды ана тілімізді құрметтеуге шақырды. Ұстаз бен шәкірт арасындағы қарым-қатынастың ізгі жолын көрсетіп, адамдарды сыйластық пен ұлттық бірлікте болуға үндеді. Кеш барысында аталған мектептің өнерлі оқушылары ән айтып, жалынды жыр оқып, би билеп өз өнерлерін ортаға салды. Оқушылар құрметті қонаққа көкейіндегі сұрақтарын қойып, ашық-жарқын жүздесу болды. Асылы Әлиқызы өзінің «Білім әлемдік, тәрбие ұлттық болу керек» деген тұжырымды ойымен бөлісе отырып, тек қана оқушылар емес, ұстаздар қауымына да білім беруде, тәрбие жұмыстарында неге мән беру керек екенін айтты. Асылы Әлиқызы сол бір қиын-қыстау кезеңде өзінің мүшкіл жағдайына қарамай, өзге ұлтты бауырына басып, оларға кең пейіл көрсеткен қазақ халқына деген сүйіспеншілікке толы лебіздерін кеңінен толғады.

– Менің бар қазынам – қазақ тілі. Өйткені, басқа ұлттар қиын-қыстау кезеңдерде өздерін қолтықтарынан сүйеп, барын алдына тосқан, тарыққанда қолпаштаған қазаққа қарыздар. Сондай мейірімділіктің арқасында осы күнге жетіп отырмыз. Сондықтан да, өз басым өле-өлгенімше қазақтың маған жасаған жақсылығына қайтарымым ретінде оның тілін барынша қорғап өтемін. Қазақтың қанына біткен ерекше қасиеттің бірі – артта қалғанды ілгері сүйреп, құлап бара жатқанды сүйейді, сүрініп кетіп жығылсаң, қолтығыңнан демеп, орныңнан тұрғызады. Мақтанғаным емес, қазақтың сол адами қасиеті маған да дарыған. Өз басым қазақты болмысынан адал, арамдықтан ада, жаны да, қаны да таза, ешкімді бөліп-жармайтын, алысты жақындататын, аразды татуластыратын, баршаның баласын жат деп жатырқамай, бауырына басатын, данышпан Абайдың сөзімен айтсақ, толық адам деп санаймын. Бүгінгі ұрпақ кешегі бабалардың бойындағы керемет қасиетін  әсте ұмытпау керек, – деп ағынан жарылды ана тіліміздің жанашыры.

Тағылымды жүздесуде ардагер ұстаз Айша Рақышқызы кездесудің келелі мәніне тоқталып, жас ұрпақтың ұлттық құндылықты бойына сіңіріп, елі мен жерін сүйіп есеюдің маңыздылығын сөз етті. Ал Қазақстаның Мәдениет қайраткері Балтабай Ибраев ұлттық өнердің қадір-қасиетін айтып, оны өскелең ұрпақ көзінің қарашығындай аялау керектігін жеткізді, әрі үкілі домбырасын қолға алып, жиналған жұртқа жырдан шашу шашты. Соңында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман жас бөбектің тұсауын кесіп, аталған білім шаңырағының ұжымына ризашылығын білдірді. Ал мектеп директоры Айжан Талқамбаева қадірменді қонаққа қазақ жосынымен сый-сияпат көрсетті.

Е.АСЫЛ.

1 бет. Барлығы: 25

Соңғы жаңалықтар

Шіл 04, 2025

Saqtan: молодежь Алматинской области…

Қонаев - Илийский-Карасайский районы - масштабная антинаркотическая акция, направленная…
Шіл 03, 2025

«Жіті ішек жұқпалары, алдын алу мен…

Жіті ішек жұқпалары – дегеніміз бұл бактериялар, вирустар, қарапайымдылар тудыратын және…
Шіл 03, 2025

Эхинококкоз және оның алдын алу…

 Эхинококкоз – созылмалы ағымымен, ағзаның аллергиясымен және бауырдың, өкпенің және…
Шіл 03, 2025

Хиджама жасатуға жүгінетіндерге…

Хиджама — бұл ағзадан лас қанды шығару арқылы емдейтін дәстүрлі емес емдеу әдісі. Бұл…
Шіл 03, 2025

На Капчагайском водохранилище…

5–6 июля на Капчагайском водохранилище состоится международный заплыв OCEANMAN-2025 —…
Шіл 03, 2025

ХАБАРЛАНДЫРУ «ҮЛГІЛІ АУЫЛ»…

Алматы облысының тұрғындары мен ауылдық округ әкімдіктерінің назарына! Қазақстан…
Шіл 03, 2025

«ŪMTYLYS» байқауы

«ŪMTYLYS» байқауы – жастар үшін жаңа серпінАлматы облысында алғаш рет жастармен жұмыс…
Маус 30, 2025

Тазалық тәртіптен басталады

Табиғат – Жаратушының ең көркем жаратылыстарының бірі. Адам күнделікті күйбең тіршіліктен…
Маус 26, 2025

Начало было в 30-х продолжение в…

Если театр начинается с вешалки, завод с проходной, то газета – с людей и событий,…

Күнтiзбе

« Шілде 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет